Бизнес жоспар «Beauty plaza» сән салоны


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
« Beauty plaza»
сән салоны
Орындаған: Жубаева А. М
Тексерген: Муханалиева Р. Ж
Астана қаласы
2009 жыл
ЖОСПАР:
- Түйіндеме
- Кәсіпорынның сипаттамасы
- Өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет
- Маркетинг жоспар
- Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық жоспары
- Қаржы жоспары
- Заңды аспектілері
- Қосымшалар
Түйіндеме
Қазақстандағы нарықтық экономиканы зерттей келе әрбір сала бойынша өзіндік тұжырымдама, қорытынды жасауға болады. Маркетинг саласындағы тауар және қызмет аясы әлі де жоғарғы деңгейге жетпеген. Маркетинг жүйесінде қызмет етер алдында, адам өз мүмкіндіктерін, тұтынушы қажеттілігін, мінез-құлқын, тауарға немесе қызмет көрсету аясына деген қызығушылықты анықтап алуы керек.
Менің ойымша, қандай салада болмасын белгілі бір жетістіктерге жетуге болады, егер өз стратегияңды, мақсатыңды басынан белгілеп, анықтап алсан. Мұнда бизнес-жоспар белгілі бір рөл атқарады. Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, көп кәсіпкерлер осы жоспарлау жүйесі арқылы көп жетістікке жеткен. Өйткені бизнес-жоспар тиімді стратегия жасауға, капитал ресурстарын білікті пайдалануға, төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ біздің елдің кәсіпкерлері бизнес-жоспарды қолданылмайды. Кәсіпкерлер нарықтағы жағдай тез өзгереді, сондықтан оны жоспарлау қажет емес деп түсінеді. Бұл үлкен қателік болып есептеледі. Нарықты зерттеу кезінде қызмет көрсету аясы мені қызықтыратындығын байқадым. Сондықтан қызмет көрсету саласындағы өз мүмкіндіктерімді анықтауға тырыстым. Егер жоғарғы сапалы қызмет көрсете алатын, түтынушының қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын сән салонын ашсам, үлкен жетістіктерге жете алтыныма көз жеткіздім.
Мақсатым - нарықта ұзақ мерзім бойы сапалы қызмет көрсететін сән салонын ашу.
Басты капитал көзі - банктен алынған несие.
Сән салонының орналасатын жері - Республика даңғылында, 25 үйде, бірінші қабатта орналасқан 6 бөлмелі кеңсені сатып алып, салон деңгейіне жеткізуді дұрыс деп шештім. Бұл жер қаланың орталығы болып табылатындықтан, көліктің барлық түрі жүреді және тұтынушылардың кедергісіз келіп-кетуіне мүмкіндік бар. Сән салонының орналасқан жері көп жағдайда қызметке тікелей әсер етеді.
Сән салонынының аты - « Beauty » болады. Сән салонына бұл атты таңдаған себебім- «beauty» ағылшын тілінен аударғанда сұлу, сұлулық мағынасын білдіреді. Және де бұл сөз қысқа, әрі де көбіне түсінікті сөз деуге болады.
Қызмет жоспары
Жобаны іске асыру жоспары қарастырады:
- Салон ашу
- Жиһаз және техника сатып алу
- Дизайн қарастыру
- Тауарларды сатып алу
Мекеме басшысы - Жайкенов М. С, жоғары білімді, ұйымдастырушылық қабілеті бар, басшылық қызметте үлкен тәжиірибелі, еңбек ресурстарын тиімді пайдаланады.
Қаржыландыру
6 млн тг - Халық банкінен алынған несие, 5 жылға 6%-дан.
3 млн тг - меншікті капитал
1 млн тг - резервтік капитал; Карызды қайтару 4 жыл
Кәсіпорынның сипаттамасы
Сән салоны - клиенттерге тұтынушылық қызмет көрсететін маркетинг аясы.
Сән салонын ашудың басты мақсаты - табыс, пайда табу ғана емес, сондай-ақ тұтынушылардың сеніміне кіру, жоғарғы сапалы қызмет көрсету, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және қызмет көрсету саласында беделді орынға ие болу болып табылады.
Орналасқан жері: Астана қаласы, Республика даңғылы, 25 үй.
Бизнестің таралу ауқымы - Астана қаласының орталық аудандарында
« Beauty plaza » сән салоны туралы мәлімет: сән салоны 2008 жылдың 15 наурызында ашылған. Сән салоны 9 қабатты үйдің, 1-ші қабаттта, 6 бөлмелі кеңсесінде орналасқан. Салон жаңа стандарттарға сай технологиямен жабдықталған.
Сән салонының қызметі бойынша қаржылық-экономикалық көрсеткіштері: сән салонын ашуға қаражат банктен несие түрінде алынған.
РНН нөмірі: 002563042168
Жеке кәсіпкер куәлігі: D13475
Мақсаты: тұтынушылардың қызметін қанағаттандыру, сапалы қызмет көрсету.
Көзделген айлық табыс : 8 -10 млн тг, алдағы уақытта табыс көбейту көзделеді.
Қызметкерлер саны: 13
Салон қызмет көрсету саласына жатады. Сол себепті сапалы және тұтынушыларды қанағаттандыратын қызмет көрсетеді.
Сән салонның дамуы қаладағы мына мәселелерді шешеді:
- Сапалы қызмет көрсету;
- Сұранысқа не тауармен қамтамасыз ету;
- Қаладағы жаңа жұмыс орындарының болуы;
- Төмен бағалармен қуанту.
Серіктестік қарым-қатынастар:
- «Сән» салоны
- «Жасмин» салоны
- «Визаж» салоны
- «Әсем» салоны
- «Мерей» салоны
- «Адемі» салоны
Өндірілетін өнім көрсетілетін қызметтері
Жоғары сапалы қызмет көрсететін салонда және де қай сала болмасын әрдайым бәсекелестер болады. Бәсекелестік - бұл әр салада екі немесе бірнеше қызмет түрлерінің бір-біріне деген қызығушылығы. Бұл бір жағынан компанияның беделін көрсетеді.
Бәсекелес салонның оңды және осал тұстарын біліп алу қажет және біздің салонымыз бәсекелес салоннан артық тұру керек. Оған әрине жоғалы сапалы қызмет, арнайы жеңілдіктер, клиенттерге кеңес беру және оларды дұрыс күтіп алу да біршама көмегін көрсетеді.
Менің салонымда мынадай жеңілдіктер түрі бар:
- Зейнеткерлерге арналған
- 15 жасқа дейінгі балаларға
- студенттерге
- Күнделікті келетін клиенттерге арнайы дискоттық карталар беріледі.
Салонның клиенттері көп болу үшін арнайы жарнамалаймыз. Оларға:
- Газет- карточкалар болуы мүмкін.
Көрсетілетін қызмет түрлері :
- шаштараз қызметі: классикалық, креативтік шашқа, шашты жасанды өсіру, шашты бояу,
- үгітудің барлық түрлері;
- косметология қызметі:бетті тазарту, пилинг жасау, бетке үгіту жасау (классикалық, емдік)
- тұтынушы талабы бойынша тырнаққа әр түрлі деңгейде қызмет көрсету:тырнақты модельдеу, жасанды тырнақ өсіру, аквариумдық дизайн жүргізу;
- татуаж
- визаждық қызмет көрсету.
Қолда бар ресурстар:
Мамандырылған персонал - 13
Ғимарат - жалға алынды 80 кв. м
Оның ішінде: 1. директор бөлмесі - 20 кв. м
2. бухгалтер бөлмесі - 15 кв. м
3. администратор бөлмесі - 9 кв. м
4. әжетхана - 3 кв. м
5. зал - 33 кв. м
Электрқуат:
- су
- жылу
- канализация
- телефон
- интернет
- кабелдік теледидар
Маркетинг жоспар
ПРАЙС-ЛИСТ
Шаш алу
әйелдерге 900
ерлерге 700
Зейнеткерлерге 400
Студеттерге 500
Балаларға 400
Химия жасау шаштың ұзындығына байланысты. 2500 жоғары
Жасанды шаш өсіру 8500
Шаш бояу 1000
Маникюр 1100
Педикюр 2000
Тырнақ өсіру 4000-9000
Татуаж 1
Визаж 3000 жоғары
Косметологиялық қызмет талғамына байланысты 500-12000
« Beauty plaza » салоны Астана қаласында орналасқан.
Beauty plaza салоны бәсекелестік мекемелерден бірнеше артықшылығы бар:
- Ғимарат бірден көзге түседі
- Сапалы қызмет көрсету
- Орналасқан орны
- Аялдаманың жақын орналасуы
Бәсекелес сұлулық салондары.
Әр салонның өздеріне тән маркетингтік жүйеде бәсекелестері болады. Менің салонымда да бұл бәсекелестер бар. Менің салоным республика даңғылында орналасқандықтан бәсекелес салондар да сол жерде. Республика даңғылы қаланың орталығы және көп адам жүретін жер болып табылады.
Бәсекелес салонның бірі - “ Сән ” сұлулық салоны. Бұл салонның ашылғанына 5 жыл болды. Салонның өз тұрақты клиенттері бар. Және бұл ыңғайлы жерде орналасқан. Салон барлық қызмет түрлерімен айналысады және бағалары клиенттерге тиімді болып келеді. Бұл салонның кемшілігі клиенттің қалауын дұрыс қанағаттандыра алмайтындығында. Бұл салон нарықтық экономикада ұзақ уақыт жұмыс істегенімен оның кірісінен шығыстары көп. Оның бағалары тиімді болғанымен, олардың арендаға деген шығындары және қызметкерлерге жалақы кірісінен асады.
Екінші бәсекелес салон - “ Жасмин ” сұлулық салоны. Бұл жаңадан ашылған сұлулық салоны. Мұнда қолданылатын техникалары және жаңа үлгідегі қызмет түрлері көрсетіледі. Бұл салонның өзінің тұрақты клиенттері жоқ. Бағалары да көрсетілетін қызметтеріне сай жоғары. Клиент талғамына көрсетілетін қызметтері көп болғанымен орналасқан жері ыңғайсыз және бағалары тым жоғары.
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық жоспары
Сән салонының басшылығы - басқарушысы - Жайкенов М. С
Кадр саясаты және стратегиясы - қызметкерлердің салон дәрежесіне және статусына сай қызмет көрсету. Әр жұманың аяғында қызметкерлердің жиналысы өтеді. Онда жалақы туралы, клиенттерге көрсетілген қызмет және өзекті проблемалалар бойынша қорытынды жасалып отырады. Қызметкерлермен іскерлік этикет жөнінде әр түрлі іс-шаралар, тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Егер қызметкер өзін жақсы көрсетсе, жалақы сомасы көтеріледі. Қызметкерлер жұмысқа шыққан күнде тәжірибелік мерзімнен өтеді. Тәжірибелік мерзімнен кейін ғана маманды алу немесе жұмысқа алмау туралы шешім қабылданады.
Жақсы жұмыс үшін сыйақылар бөлінеді.
Ал тұрақты тұтынушыларға дисконттық жеңілдіктер көзделеді, егер салон әр ай сайын тұрақты пайда алып тұрса.
Қызметкерлер тізімі:
- директор
- бухгалтер
- администратор
- шаш маманы
- визаж маманы
- татуаж маманы
- үгіту маманы
- маникюр маманы
- күзетші
- тех. персонал
Қаржы жоспары
Адам
саны
Көзделген шығындар:
- сөрелер - 3 шт = 6*3=18 тг
- кассалық аппарат - 1 шт = 4*1 = 4 тг
- компьютер - 3 шт = 1*3=3 тг
- айналар - 4шт=6000*4=24 тг
- кресло - 20 шт=5000*20=1 тг
- шаштаразға және басқа мамандарға керекті заттар - 70 000 тг
- телефон - 3 шт=3*3=6 тг
- бір жылдық арендалық шығын - 2 млн. тг
- салық шығындары - 4
Барлығы: 699 млн. тг
Несиені жабу түрі мен мерзімі
1-12
ай
Коммуналдық қызмет шығыны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz