Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

Қорғауға жіберілді

« » 2015ж.

Қазақ әдебиетінің тарихы

және теориясы кафедрасының

меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор А. Б. Темірболат

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

050117 - «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша

Орындаған: 4 курс студенті Жұлдыз

Ғылыми жетекші:

ф. ғ., доцент Жүсіпова А.

Норма бақылаушы:

ф. ғ. д., доцент Дәрібаев С.

Алматы, 2015.

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау формалары

Дипломдық жұмыстың көлемі:

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Тірек сөздер: проза, әңгіме, психологизм

Жұмыстың құрлымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: ұсынылып отырған жұмыстың алдына қойған негізгі мақсаты -жалпы қазақ әңгімелерінің өткеніне шолу жасай отырып, қазіргі қазақ жазушыларының әңгімелеріне психологиялық талдау жасау. Яғни кейіпкердің жан дүниесі, психологиясы, монологы арқылы тұтас шығарманның берілуі ерекшелігі. Осы мақсатқа сай зерттеудің төмендегідей міндеттері айқындалады:

  • Қазақ әңгімелеріндегі психологизмнің қалыптасу, даму тарихы зертту;
  • Бүгінгі күнге дейінгі қазақ әңгімелеріндегі психологизмнің эволюциялық даму сатысын айқындау;
  • Қазіргі қазақ жазушыларының шығармаларындағы психологиялық әдіс-тәсілдерді зерттеу;
  • Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі психологиялық көркемдеу ерекшеліктерін ашу;
  • Әдебиеттегі психологизм бағытының қазіргі қазақ әңгімесін модернистік мағыт беруін айқындау;

ГЛОССАРИЙ

Әңгіме - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді.

Монолог - (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Монолог - сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т. б. ) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады. сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді.

Проза (лат. prōsa ) - әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман) . Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т. б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М. Сервантес, Д. Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.

Әдебиеттегі психологизм табиғаты - бүгінгі таңдағы әдебиеттану мен сында өте жиі сөз бола бастаған күрделі теориялық тәжірбиелік мәні мол мәселе. Әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету - суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. атау керек.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

І Қазақ әңгімесі және психологизм

ІІ Қазақ әңгімесі дамуының басты кезеңдері

ІІІ Қазіргі қазақ әңгімесіндегі кейіпкер психологиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады. Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.

Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды. Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.
Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан - жақты ашылады. Әңгіменің бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай - ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық - көркемдік орны сондай үлкен.

Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі - суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, ХХ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Міне осы бір сәттер бүкіл шығармаға нәр берді. Бүгінгі біздің зерттеу жұмысымыз да осы бір адамның жан дүниесін, эмоциясын, сезімін бүкіл шығармаға арқау еткен жазушылардың шеберлігін әр қырынан ашып көрсетумен өзектіленеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы қазақ әңгімелеріндегі психологизм турасында Б. Майтанов, Г. Пірәлиева, А. Ысмақова, А. Иезуитов, Қ. Ысқақов, Г. Орда, Қ. Әбдікова сынды ғалымдар арнаулы зерттеу еңбектер немесе зерттеу мақалалар жазып, бұл бағыттың қазақ әдебиетіндегі әсіресе қазақ әңгімелеріндегі орыны айықндап көрсеткен болатын.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазіргі қазақ әңгімелері

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. ұсынылып отырған жұмыстың алдына қойған негізгі мақсаты -жалпы қазақ әңгімелерінің өткеніне шолу жасай отырып, қазіргі қазақ жазушыларының әңгімелеріне психологиялық талдау жасау. Яғни кейіпкердің жан дүниесі, психологиясы, монологы арқылы тұтас шығарманның берілуі ерекшелігі. Осы мақсатқа сай зерттеудің төмендегідей міндеттері айқындалады:

  • Қазақ әңгімелеріндегі психологизмнің қалыптасу, даму тарихы зертту;
  • Бүгінгі күнге дейінгі қазақ әңгімелеріндегі психологизмнің эволюциялық даму сатысын айқындау;
  • Қазіргі қазақ жазушыларының шығармаларындағы психологиялық әдіс-тәсілдерді зерттеу;
  • Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі психологиялық көркемдеу ерекшеліктерін ашу;
  • Әдебиеттегі психологизм бағытының қазіргі қазақ әңгімесін модернистік мағыт беруін айқындау;

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысымызға ғалым Г. Пірәлиеваның «Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері», «Ішкі монолог», Б. Майтановтың «Қазақ романдары және психологиялық талдау» сынды еңбетері басты басты теориялық ұстаным ретінде алынса, сонымен қатар осы тақырыпта сөз қозғап жүрген Б. Балтабаева, Г. Орда, Б. Ысқақ, Әшірбекова сынды зерттеуші-ғалымдардың еңбетері мен әр кезеңде жарық көрген ғылыми мақалалары, ой-пікірлері зерттеу еңбегіміздің негізгі әдістемелік әрі ғылыми бағдары етіп алынды.

Зерттеудің әдісі. Зерттеуде қазақ әңгімелерінің мәтініне тарихи-типологиялық, құрлымдық, жүйелеу, салыстыру, салғастыру әдіс-тәсілдері қолданылып зерттелді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу нәтижесінде түйінделген теориялық тұжырымдар мен талдауларды жоғары оқу орындарында әдебиет тарихы мен теориясы мәселесін оқытуда пайдалануға болады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы.

І Қазақ әңгімесі және психологизм

Әдебиет - өзі өмір сүріп отырған қоғамнның, заманның жоғын жоқтап, өзі қызымет етіп отырған халқының өмірін сөзбен кестелейді. Әрине, ешқандай әдебиет, мәдениет, өнер томаға тұйық дамымайды. Өзінде барын өзгеге береді, өзгеден келген жаңалықты өз бойна сіңіреді. Керуен көшіп, заман ауысқан сайын әдебиеттің де қозғар тақырыбы жаңаланып отырады. Сол жаңа тақырыпқа құба-құп келетін жаңа жанр керек болады. Мұның жанды мысалы қазақ әдебиеті болмақ. Қазақтың ежелгі әдебиеті ауызша тарап, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткені белгілі. Қазақ қазақ болған ықылым замандардан бері жоғалмай жеткен әдебиет, ХІХ ғасырдың соңына келгенде жазба әдебитке ауыса бастады, заманның талабымен. Сонау Батыстан келген тың дүние жазба әдебиет керуенін де тоқтатып қойған жоқ қазақтың дарынды сөз зерігерлері. Өзінің ыңғайына келетін жазба әдебиеттің салаларын жерде жатқан көкпердай іліп алып, биік шыңына жеткізуге тырысып бақты. Нәтижеде жаман болған жоқ, осылайша ХХ ғасырда қазақтың прозасы ғарыштап дамып, мүйізі қарағайдай классик жазушыларымыздың шығармалары әлемге әйгілі болып жатты. Осылайша ХХ ғасыр қазақ прозасының алтын ғасырына айналды.

Бүгінгі біздің зерттеу жұмысымыздың басты нысанасы болып отырған, өркейген ұлттық әдебиетіміздің көрнекті саласы проза жанрының шағын түрі әңгіме кешеуілдеп дамығанмен, бүгінде уақыт талабына сай үн қосып келе жатқан келелі жанр қатарында. Әңгіме - очерк, публицистикадан кейінгі белсенді жанр. Ол әрқашан роман, поветь секілді күрделі туындыларға жол салады. Шағын жанрдың өткеніне ой жүгіртсек халқымыздың басынан кешкен не түрлі өзгерістердің хикаялары көрініс тауып отырған екен. Яғни кешегінің шежіресіндей әсер аламыз. Айтадық жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы шындықты Б. Майлин, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов секілді клласиктеріміздің әңгімелерінен танып білсек, сұрапыл соғыс кезеңінің оқиғаларын қырқыншы жылдардан бастапбүгінге дейінгі жазылыпкеле жатқан туындылар айғақ етеді. Әдебиетке елуінші, алпысыншы жалдары келіп қосылған жазушылар соғыс жылдарының ауыртпалығын көріп өскен жандар. Олардың шығармашылығындағы сол кезеңнің оқиғалары тарихи панораманың бөлшектері дерлік. Жалпы одақ көлемінде әңгіме жанрының жаңа серпілісі елуінші жылдардың бер жағында басталды. Біздің ұлттық әдебиетімізде елуінші жылдың екінші жартысы мен алпысыншы жылдардан бастап әңгіме жанры кең өріс алады. Осыған орай зерттеулер мен ғылыми еңбектер, моногафия, диссертациялардың шыға бастауы да заңды. Жанрдың табиғатына үңілу, пікір таластарда газет-журнал бетінен бүгінге дейін түспей келе жатыр.

Қазақ әдебиеті ауызша тараған әдебиет үлгілеріне бай болғанымен, жазба әдебиетте қалыптасқан дәстүрі үлі жоқ еді. Сондықтанда олар қазақ әдебиетінде алғашқы жазыла бастаған әңгіме, повесть, романдар шын мәніндегі прозалық көркем туынды дәрежесіне көтеріле алмады. Қазақтың төл әдебиеті әңгімеден мүлдем құр алақан деп те айта алмаймыз. Мысалы, Ы. Алтынсаринның қалдырған сүрлеуі мен өнегесі халқымыздың рухани байлығының таяз еместігін дәлелдеді. Әңгіменің бүгінгі табысын саралау үшін өткенге көз жүгіртсек әр уақыттың, әр кезеңнің тәжирбесімен қорланып, байып отырғанын айқын көреміз. Шын мәніндегі көркем әңгіменің өркендеп өріс алуы революциядан кейін екені бәрімізге белгілі. Мысалы, ХХ ғасырдың басында қазақтың классик жазушылар Б. Майлин, М. Әуезов, Ж. Аймаутовтың шығармалары әңгіме жанрының алғашқы сүрлеуін салды. Мұның ішінде М. Әуезовтың орны ерекше. Бейімбеттің сусындағаны негізінен ауыз әдебиеті болса, М. Әуезов қазақ ауыз әдебиетімен қоса орыс және әлем әдебиетін терең меңгере отырып, солардың озық дәстүрін қазақ әңшімесіне сәтті әкеле білді. Ал отызыншы жылдары әңгіме сынды шағын жанрға келіп қосылған Ғ. Мүсіреповтың ана туралы әңгімелер тізбегі қазақ әдебиетінде Горький дәстүрін енгізді. 30-40 жылдары Ғ. Мұстафин, Ғ. Сыланов, Ә. Әбішов әңгіме жанрында қалам тартса, 40-50 жылдары С. Бегалин, С. Омаров, М. Иманжановтар қосылды. 60 - жылдардан бастап бұл жанр көркейе түсті. Т. Жармағамбетов, Ш. Мұртаза, С. Мұратбеков, Ж. Молдағалиев, О. Бөкей, Қ. Жұмаділов, Т. Әбдік сынды жазушылар әдеби үрдісте жанр мен тақырыптың дамуына зор үлес қосты. Енді бүгінгі зерттеу тақырыбымыз болып отырған осы қазақ жазушыларының әңгімелеріндегі психологизм ойысалық.

Әдебиеттің даму биігі, әңгімедегі психологизм проблемасы бүгінгі күнде әдебиеттану ғылымының ең актуальды тақырыптарының біріне айналдырып отыр. Ұлы суреткер М. Әуезов айтқанындай нағыз көркем прозаға « . . . психология араласпаса өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы» екендігі күмәнсіз. [1, 129] .

Олай болса ең алдымен әдебиеттегі психологизм не дегенге жауап іздер болсақ, әдебиеттегі ұғым-түсініктер сөздігіне сүйенеріміз хақ. «Литературная энциклопедия терминов и понятий» атты сөздікте: «Әдебиеттегі психологизм-шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін, терең әрі детальді түрде бейнелеу», -делінген[2, 835] .

Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы ішкі ой-толғаныстары әрдайым өзгеріп, іс-әрекет, сезім қайшылықтарын тудыратын психологиялық құбылыстарды тереңдетіп, күрделендіре бейнелеу психологизмнің табиғатын айқындап берері хақ.

Белгілі әдебиеттанушы ф. ғ. д. Б. Майтанов: « . . . психологизм сөз өнерінің тектік белгісі . . . қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы. . », -дейді[3, 4] . Бұл пікір жоғарыдағы ғылыми сөздіктің анықтамасын толықтыра түседі. Көркем әдебиеттегі психологиялық талдау өнері өрісінде жинақталған арнаулы(специфических) бейнелеу құралдарының көмегімен кейіпкердің сезімін, ойын, толғанысын тереңдетіп, жан-жақты суреттеп, оны эстетикалық биік деңгейге көтеріп, көркемдік құндылыққа қол жеткізу болып табылады. [4, 3] .

Сондай-ақ бұл жерде анықтап алар жәйт-психологизм бірде категория, енді бірде тектік белгі, бірде көркемдік тәсіл, бірде құбылыс, енді бірде бағыт делініп жүр. Осылардың бәрінен шығар бір түйін-психологизмді көркем әдебиеттегі бірнеше бағыттар мен бейнелеу тәсілдерін құрайтын, әр түрлі ұғым-түсініктерді топтастыратын көркемдік жүйе ретінде қарастырған жөн секілді. Өйткені, жалпы адамның жан дүниесін бейнелеу бір ғана жанрдың (психологиялық прозаның) немесе бір ғана бағыттың (психологиялық талдау, модернизм, сана тасқыны, психологиялық мектеп т. б. ) үлесіндегі мәселе не міндет емес. Жалпы көркем әдебиеттегі кейіпкердің ішкі жан дүниесін тереңдей талдап, тану арқылы рухани құндылық деңгейіне қол жеткізетін психологиялық прозаға ғана тән көркемдік талап.

Психологизм екі түрге бөлінеді. Бірінші, кең мағынадағы психологизм (универсальное), бұл барлық әдеби шығармаға тән. Екінші, тар мағынадағы (узкое) психологизм, жеке адам тағдырына тереңірек үңіліп, рухани әлемді егжей-тегжейлі бейнелеуге ерекше көңіл бөледі. Белгілі әдебиетші ғалым Л. Гинзбург «О психологической прозе» атты монографиясында психологиялық романның көркемдік, стилдік, жанрлық ерекшелігіне теориялық тұрғыдан мінездеме беріп, оның табиғатын қысқаша былай тұжырымдайды: «Әдеби психологизм әдетте кейіпкердің іс-әрекеті оның ойымен сәйкес келе бермейтіндігімен ерекшеленеді. Ал, талдаудың мақсаты-логиканы іздеу мен байланыстың себебін анықтау. Психологиялық романның аналитикалық талдауға тәуелділігі бұрынғы біржақтылықтан гөрі көпқырлықты, қарама-қайшылықты, алуан түрлі сапалылықты талап етеді . . . »[5, 286] .

Ж. Аймауытовтың осы орайдағы ғылыми тұжырымы әлгі ойымызды толық аңғартады: «Жан мен тән дүниесіндегі әрбір құбылыста бір себеп болмақ. Жан дүниесіндегі себепті сананың ар жағындағы мұнартқан санасыздық дүниеден іздеу керек»[6, 239] .

Ессіздік (М. Жұмабаев) психикасын негізге ала отырып З. Фрейд жалпы адам психикасына, шығармашылық психологияға, көркем өнерге қатысты теориялық-психологиялық талдаудың үздік үлгісін танытты.

Сөз өнеріндегі психологиялық талдаудың тағы бір озық үлгісін ұсынған швейцариялық ойшыл, психолог ғалым К. Г. Юнг ұжымдық психологизмді жалпыадамдық сана астарынан, оның өзгертілмеген образды түрі-архетиптен іздеді. Осы ретте К. Г. Юнг: «адамды психология ғылымы мен көркем әдебиет екі түрлі бағытта және екі түрлі мақсатта зерттейтінін, әдеби шығармаға психологиялық әдістемемен келу бір басқа да әдеби көркемдік тұрғыдан талдау мүлдем өзге өрнекте өрістейтінін ескертеді»[7, 105] .

Олай болса көркем шығарманы әдеби тұрғыдан талдауды психология ғылымындағы адам психикасын зерттейтін психологиялық талдау тәсілімен шатастыруға болмайды. «Расында алғаш рет З. Фрейд ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен, бертін келе оның адам психикасын зерттейтін аумағы кеңейіп, өзге өнер салаларында, соның ішінде әдебиет әлемінде де көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастады. Әсіресе, психологиялық талдау тәсілі адамның ішкі жан дүниесін, адам психикасын жаңаша талдап, тереңдей зерттеуде таптырмас көркемдік бейнелеу болып табылады. Әрі бұл тәсіл көркем әдебиеттегі психологизмнің жан-жақты өркендеп, өсуіне, психологиялық прозаның философиялық, эстетикалық, көркемдік құндылықтарға қол жеткізуіне көп үлес қосты»[4, 6] .

Сонымен қатар психологизмнің өзіндік көркемдік әлемі, яғни поэтикасы бар. Ең біріншіден, «психологизмнің бейнелеу тәсіліне психологиялық талдау (психологический анализ) мен өз-өзін талдау (самоанализ) жатады. Психологиялық талдауда бейтарап, үшінші жақтан, баяндаушы әңгімелесе, өзін-өзі талдауда көбіне бірінші жақтан баяндалады. Десек те, психологизмнің ең алдыңғы қатарда тұратын тәсілі-ішкі монолог. Жалпы шынайы көркем туындыға тән өмірлік шындықты көркемдік тұрғыдан нанымдылықпен бейнелеп, тануда, шығарманың эстетикалық әлемін айқындауда әдеби психологизмнің атқарар рөлі зор»[4, 8] .

«Әдебиеттегі психологизм - динамикалық, аналитикалық және синкреттік болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұлардың бәрі көркем шығармаға тән тәсілдер»[4, 10] .

Ендігі кезекте психологизмнің зерттелу тарихына үңілер болсақ, адамзатқа тән психологиялық процестерді зерттеу көне дәуірдің философтары мен психологтарынан бастау алады. «Жан туралы» трактаттың авторы Аристотель (б. э. д. 384-322) әлемдік әдебиетте теориялық психологияның негізін салса, Ф. Бэкон (1561-1626) жанның атқаратын әрбір қызметін ашып берді. Пифагор (б. э. д. VI ғасырда өмір сүрген ойшыл әрі математик) психология тарихында бірінші болып сезім мен көңіл күйінің физикалық өзгеруін тапты. Ал, адамның ойы мен сезіміндегі психологиялық процестерді атақты ғалым А. Потебня (1835-1891) тіл мен сананың бірлігі тұрғысынан қарастырып, тың жаңалықтар ашты. Сондай-ақ Г. Ф. Гегель, К. Н. Юнг, З. Фрейд, М. Монтень, А. Шопенгауэр, Сократ, Платон, Ф. Ницше, т. б. секілді ойшылдар өз еңбектерінде адамның жан жүйесі жайлы әр деңгейде өз пікірлерін білдіріп отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау
Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Шоқан - ағартушы
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Жазушы шығармашылығы және жариялануы
Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтау
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz