Ахмет Байтұрсынов дүние танымының қалыптасуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Ахмет Байтұрсынов дүниетанымының қайнар көздері 12
1.2 Ағартушының діни философиялық, саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен тарихи әлеуметтік орта 28
2 А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҚАЗАҚ РУХАНИ .МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ МЕН ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
2.1 А.Байтұрсыновтың философиялық ойларының қазіргі қазақ рухани мәдениетіндегі алатын орны және заман талабымен үндестігі 102
ҚОРЫТЫНДЫ 118
ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына он жылдан астам уақыт өтіп, елімізде саяси-экономикалық, әлеуметтік жүйеде қайта жаңғыру үрдістері жүзеге асып, әлемдік жаңа даму үрдісінің ықпалымен мемлекетіміз халықаралық деңгейдегі өркениетті мемлекеттің бірі болуға ұмтылуда. Қазақстан қоғамының демократизациялануға бағыт алуы, қол жеткізген демократиялық бостандықтар елдің саяси-экономикалық жағдайының тұрақтанып, нығайып, өркенденуіне үлкен жол ашты.
Халқымыздың рухани оянуы тәуелсіздігіміздің әміршең болу шартының бірі болып саналады. Елімізде жүргізілген экономикалық реформалармен қатар халықтың сана-сезімі де заман талабына сай өзгерді. Ұлттық философия осы үрдістің қозғаушы күші болып табылады. Философия қоғам жаңаруының басты бағытын теориялық тұрғыда талдап, саралайды.
Ұлттың алынбауға тиісті үш қамалы бар. Оның бірі — ұлттық ахуал, екіншісі - ұлттық тіл, үшіншісі - ұлттық өнері мен салт- дәстүрі. Ұлт өміріндегі осындай маңызды мәселелер жөнінде терең ойлар қозғап, соны пікірлер айтып, әлі де өзектілігін жоймаған тұжырымдамалары бар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мұралары халық руханиятының құндылығы десек қателеспейміз.

1. Назарбаев Н.Э. Тарих толқынында. -Алматы: Атамұра, 1999. -320 б.
2. Назарбаев Н.Э. Қазақстан Республикасының заңы // Егемен Қазақстан. – 1997 -15 шілде.
3. Байтұрсынов А. Ақ жол. -Алматы: Жалын, 1991. - 464 б.
4. Қызыл қырғын. 37-де апат болғандар // Құрастырғандар Қасенов Қ., Тореханов Ә. -Алматы: Қазақстан, 1994. -80 б.
5. Байтұрсынов А. Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1989. -320 б.
6. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік философиялық талдау. - Алматы: Қазақстан, 2000. - 180 б.
7. Байтұрсынов А. Жұртыма // Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. -36 б.
8. Байтұрсынов А. Жиған-терген // Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. -26-30 бб.
9. Байтұрсынов А. Н.Қ.Ханымга // Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. -39 б.
10. Байтұрсынов А. Г.Н.Потанинге // Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. -44 б.
11. Байтұрсынов А. Аққу, Шортан һәм Шаян // Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1989. -47-48 бб.
12. Есімов F.E. Хакім Абай. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. -200 б.
13. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Қазақ.- 1913. -23 қараша.
14. Байтұрсынов А. Шымшық пен Көгершін // Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1989. -49 б.
15. Байтұрсынов А. Малшы мен Маса // Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1989. -102-103 бб.
16. Байтұрсынов А. Оқу жайы // Қазақ. -1913. -21 сәуір.
17. Байтұрсынұлы Ахмет. Жоқтау.- Алматы: А.Байтұрсынов атындағы қор, 1993. -96 б.
18. Құдайберді Шәкәрім. Үш анық. -Алматы: Қазақстан, 1991. -80 б.
19. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. -448 б.
20. Қазақ газеті // Бас редактор Ә. Нысанбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедия, 1998. -560 б.
21. Байтұрсынов А. Тағыда жер жайынан // Айқап. -1911.№ 4. -2-4 бб.
22. Байтұрсынов А. Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар, бұйрықтар // Айқап. -1911. -№ 9. -10-11 бб.
23. Дулатұлы Міржақып. Оян, қазақ! // Құраст. М.Әбсеметов. -Алматы: Н.Б.-Пресс-Алтын-Орда, 1991. -80 б.
24. Байтұрсынов А. Қазақ жерін алу турасындағы низам // Қазақ. -1913. -29 қараша.
25. Байтұрсынов А. Земство // Қазақ. -1913. -8 тамыз.
26. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. -Алматы: Қазақ ССР білім қоғамы, 1990 . -51 б.
27. Құдайберді Шәкәрім. Шыгармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. - Алматы: Жазушы, 1988. -560 б.
28 . Дулатов М. Шығармалары. -Алматы: Ғылым, 1 том. -1996. -280 б.
29 .Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. -Алматы: Атамұра, 2003. -240 б.
30. Байтұрсынов А. Қазақ өкпесі // Айқап.-1911.-№2.-12- 14 бб.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
Ахмет Байтұрсынов дүниетанымының қайнар көздері 12
Ағартушының діни философиялық, саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен тарихи әлеуметтік орта 28
А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҚАЗАҚ РУХАНИ -МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ МЕН ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
А.Байтұрсыновтың философиялық ойларының қазіргі қазақ рухани мәдениетіндегі алатын орны және заман талабымен үндестігі 102
ҚОРЫТЫНДЫ 118
ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына он жылдан астам уақыт өтіп, елімізде саяси-экономикалық, әлеуметтік жүйеде қайта жаңғыру үрдістері жүзеге асып, әлемдік жаңа даму үрдісінің ықпалымен мемлекетіміз халықаралық деңгейдегі өркениетті мемлекеттің бірі болуға ұмтылуда. Қазақстан қоғамының демократизациялануға бағыт алуы, қол жеткізген демократиялық бостандықтар елдің саяси-экономикалық жағдайының тұрақтанып, нығайып, өркенденуіне үлкен жол ашты.
Халқымыздың рухани оянуы тәуелсіздігіміздің әміршең болу шартының бірі болып саналады. Елімізде жүргізілген экономикалық реформалармен қатар халықтың сана-сезімі де заман талабына сай өзгерді. Ұлттық философия осы үрдістің қозғаушы күші болып табылады. Философия қоғам жаңаруының басты бағытын теориялық тұрғыда талдап, саралайды.
Ұлттың алынбауға тиісті үш қамалы бар. Оның бірі -- ұлттық ахуал, екіншісі - ұлттық тіл, үшіншісі - ұлттық өнері мен салт- дәстүрі. Ұлт өміріндегі осындай маңызды мәселелер жөнінде терең ойлар қозғап, соны пікірлер айтып, әлі де өзектілігін жоймаған тұжырымдамалары бар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мұралары халық руханиятының құндылығы десек қателеспейміз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн" - деп, 1, 270 б. орынды атап өткенін ескерсек, Алаш зиялы қауымының арманы тәуелсіз елімізде жүзеге асып жатқанын мойындауымыз керек. Өркениетке аяқ басқан елімізде уақыттың талабы да жоғары болуда, сондықтан халқымыздң қоғамдық-саяси, әлеуметтік мұралары мен рухани қазынасын зерттеу қиын тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. "Өзінің философиясы жоқ елдің тәуелсіз рухани мұрасы мен дамуы болмайды, әр уақытта басқа факторларға тәуелді болады" - деп, [2, 28-31 66. жазды қазақтың философ ғалымдары Ж.М. Әбділдин, М.С. Орынбеков. Біздің ғалымдарымыз қазақ философиясын дүниежүзілік мәдениет шеңберінде қарастырып, халқымыздың бай ауыз әдебиетін, философиясын, рухани құндылықтарын жоғары теориялық зерттеу дәрежесінде қарастыруда. Еліміз егемендік алғаннан бері бұл мәселелерге азаматтық позиция тұрғысынан баға беруге мүмкіндік туды.
Азаттық ой мсн ел еркіндігіне жол салған дара тұлғаның бірі ұлы ағартушы, ғалым-лингвист, түркітанушы, қазақ зиялы қауымының абыройлы көсемі, "туған тілді түрлеуде" өлшеусіз еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов болып табылады. Ол XX ғасырдың басында қазақ қоғамының өмірінде жаңа бағытқа бет бұрған қайраткерлердің алдыңғы шебінде болып, қазақ мәдениеті мен қоғамдық ой-сананың дамуына орасан зор үлес қосты.
Жаңа өлең түрі - мысал арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен И.А. Крылов туындыларын аударып, халыққа ұғымды идеяларымен қоса, жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді өзі қосып, халықты ынтымаққа шақырып, ғибрат алатын мысал философиясын ұтымды дамытады. Адамдардың мінезі, өмір ағысы, заманға байланысты көптеген оқиғаларды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық-зомбылығын, халықтың мүшкіл жағдайын бірде ашық айтса, бірде астарлап жеткізеді.
Тіл - тек коммуникативтік құрал емес, ол -- әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, мәдениеті. Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңында "Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тон ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты" - деп, [3] атап көрсетілген болатын. Сондықтан А. Байтұрсыновтың тіл философиясына қатысты ойлары қазіргі жағдайда да өзекті болып есептеледі, себебі елімізде "Тіл туралы Заң" өз күшіне еніп, жүзеге асырылып жатқанда "Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз" - деген Байтұрсыновтың сөзі әлі күнге дейін Қазақстан жағдайында маңызын жоймағандығын мойындасақ, Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның қоғамдық-әлеуметтік істерін, дүниетанымындағы кейбір қайшылықтарды өз заманында дұрыс көрсетіп, ақиқатын айтқан адамның бірі - Сәкен Сейфуллин. "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды" деген мақаласында Байтұрсыновты "Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам қулықты атаман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен, халықтың намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған, патша заманында жалғыз Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды" - деп, 4 сипаттауы да осыны дәлелдейді.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы халыққа жолдауында мына мақсаттарға ерекше назар аударылған: "мемлекетгік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау" 5]. Осы жағынан алғанда біз жахандануға қазақ тілі арқылы жетеміз деп пайымдасақ, А. Байтұрсынов шығармашылығындағы философиялық пайымдауларының маңызы зор деп түсінеміз. Осы орайда біз аталмыш зерттеу жұмысында А. Байтұрсынов еңбектері бойынша біз философиялық көзқарасын жүйелеп, бір арнаға түсіруге талпыныс жасадық. Сонымен бірге А. Байтұрсыновты біз замандасымыз деп айта аламыз, себебі оның еңбегіне кетерілген мәселелер біздің бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелермен үндесіп жатады. Оның философиялық ой-толғамдары, дүниетанымдық тұжырымдарының біздер үшін берері мол, әлі келер ұрпақ та одан тағлым алатыны сөзсіз. Осылай ұрпақ жалғастығы, дәстүр жалғастығы ұштасады. А. Байтұрсыновтың Алаш қозғалысының көрнекті өкілі бола отырып, жергілікті басқару жөнінде 8 мақала жазуының өзі бүгінгі заманмен үндесіп жатқанын көрсетеді. Ұлттық мемлекет тұрғысынан алғанда қазақ зиялылары осындай диалектикалық үрдісті шешудің бағыт-бағдарламаларын жасады.
Тақырыптың өзектілігі қазіргі Қазақстан қоғамында жүйелік қайта құрулармен де айқындалады деп ойлаймыз, себебі, тоталитарлық жүйеден өркениетке бет бұрып жатқанда рухани құндылықтарымызды Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы бойынша ой елегінен өткізіп, талдау жасау философия тарихында үлкен орын алады деп есептейміз, сондықтан бұл тақырып бүгінгі таңда толығымен зерттеу нысанасы болып табылады.
Қазіргі кезде баспалардан кітап көп шығады, оған мемлекет те қыруар қаржы бөлуде. Бірақ олардың тең жартысынан астам пайызын халық оқымайды. Сондықтан қазіргі нарықтық экономика жағдайында философиялық, саяси ой-пікірлсрді тиянақтап жүйелейтін еңбектер қажет деп есептейміз.
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығына байланысты тарих, әдебиет салалары бойынша іргелі зерттеулср мен ғылыми мақалалар баршылық. Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген жаңалығы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін халқымыздың ойлау мүмкіндігімен сабақтастыруы, оларға тұңғыш анықтама беруі, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін, сөйлем жүйесін жазуы -- ұланғайыр еңбек. Оның еңбегін 1923 жылы ақпанның 4 күні шыққан мақаласында ұлы жазушы М. Әуезов Байтұрсыновтың жан-жақты еңбегін бағалай келіп былай дейді: "Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, "Қырық мысал", "Маса" еңбектері, "Қазақ" газетінің 1916 жылы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білімі, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын" [6, 20 б. ]
Ахмет Байтұрсынов жөніндегі еңбектерді топтасақ, оның өмірі мен шығармашылығына арналған ебектерден М. Жүнісовтің, Т. Кәкішевтің, 3. Қабдоловтың, F. Әнесовтің, Ш. Байсалованың, Қ. Мұхаметхановтың, Ж. Бектұровтың, Т. Жұртбаевтың, Қ. Жарықбаевтың, Т. Қожакеев пен Б. Қойшыбаевтың, К. Нұрпейісов пен Т. Омарбековтың, P. Сыздықованың еңбектерін атауға болады. А. Байтұрсыновтың Торғай, Қостанай жерінде өткен күндеріне сипаттама мына авторлардың еңбектерінде берілген: Ә. Абдулин, Ә. Қайсар, Т. Әмірханов, М. Жолдасбеков, Ж. Кенжалин, С. Кенжеахметов, Ғ. Қайырбеков, С. Қирабаев.
Тарихшы ғалымдар К. Нүрпейісов, И. Шамшатұлы мен Ө. Озғанбай еңбектерінде XX ғ. алғашқы ширегінде қазақ еліндегі күрделі мәселелер мен шешімі табылмай шиеленіскен саяси-әлеуметтік мәселелер қоғамдық ойдың екпінді қарқынмен дамуына әсер етіп, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқайұлы т.б. сияқты бір топ зиялы қауымның тарих сахнасына шығып, қоғамдық ойдың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын сипаттай отырып, олардың саяси-әлеуметтік ойларына талдау жасайды. Біраз еңбектерде Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақ" газетінің редакторы болып қызмет еткен жылдары сөз етіледі.
Келесі еңбектердің тобында Байтұрсыновтың "Алаш Орда" партиясының құрамында істеген қызметі сипатталады: А. Алимжанов, С. Брайнин, Ш. Шафиро, В. Григорьев.
Ал, Байтұрсыновтың сөз өнерінің құдіреті туралы жазылған еңбектеріне Р. Нұрғалиев, Ж. Байтілесов талдау жасаған.
Бірқатар мақалаларда Байтұрсыновтың публицистік, педагогтік- ағартушылық қызметі баяндалады. Оларға мына авторлардың еңбектері жатады: А. Ембердиев, Ө. Әбдіманов, С. Қалиев, А. Әбсадық.
Бұл зерттеулерде Байтұрсыновтың тілдің философиялық мәселелерін қалай қарастырғанына талдау жасалынған (филология саласындағы еңбектерді де атап өткен орынды деп есептейміз. С. Кеңесбаев, Г. Тоғжанов, С. Поливанов, Ж. Мусаева т.б. еңбектерінде Байтұрсыновтың қазақтың жаңа алфавиті туралы пікірлерін жүйелеп сипаттаған.
Біржолата өзгертуді көздемегенмен араб жазуындағы үйлесімсіздіктерді жамап-жасқау арқылы жоюға арналған алғашқы қадам "Дала уалаяты" мен "Айқап" журналы беттерінде көтерілді. "Айқап" журналы арнайы айтыс та ұйымдастырды".
Әсіресе, Байтұрсыновтың өмірбаяны мен еңбек жолдарын зерттеп жүрген ғалымдарымыздың бірі Т. Қордабаев та әр жылдары жазған мақалалары мен оқулықтарында Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміндегі еңбегін тұспалдап болса да жеткізіп отырған. Ол "Қазақ тілі білімі 60 жылда" деген мақаласында өз ойын былай айтқан: 1914 жылы қазақ тілінің дыбыстық құрылымын айқындауға арналған оқу құралы жарық көргенімен, бұл салада шалалық, шешілмеген түйін жетерлік еді. Ал емле тіпті жүйесіз болатын. Осы қолайсыздықты реттеу мақсаты мен араб графикасын, жамап-жасқап дегендей, тілдің дыбыстық жүйесіне, баспа техникасына үйлестіруге арналған әр түрлі шаралар 20 ж. алғашқы жартысында бұрынғыдан едәуір қарқында жүргізілді. Бұл енді бұрынғыдай бірі-екілі адамның ғана тиіп-қашып айтқан пікірі ретінде болмай, әр түрлі кеңестердің, ұйымдардың, үкімет қолдауына сүйенген, заңдастырылған әрекеті түрінде өріс алды"[7].
Б. Ілиясов, К. Нұржанов, III. Байтұрсынованың жазған естеліктерінен Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы көптеген мәліметтер алуға болады.
Байтұрсыновтың мысалдары, аудармалары, кітаптары туралы жазылған Ө. Әбдімановтың, Ж. Әлжановтың еңбектерінде Байтұрсыновтың Крылов мысалдарынан аударған туындылары, "Қырық мысал" сияқты төл еңбектеріне сипаттама береді.
Байтұрсыновтың философиялық көзқарастары туралы арнайы зерттеулер жоқтың қасы, дегенмен Қазақстан философ ғалымдарының ішінен А.Х. Қасымжанов, О.А. Сегізбаев, А.К. Касабек, F.E. Есім, М.С. Орынбеков, Ж.Ж. Молдабеков, Т.Қ. Айтқазин, Д.К. Кішібеков, Т.Х. Ғабитов, Ж.А. Алтаев, С.Е. Нұрмұратовтардың еңбектері Алаш зиялы қауымының халық руханиятына қосқан үлестерін сипаттаумен құнды деп санаймыз. К.Б. Бейсембиевтің, М.С. Бурабаевтың еңбектерінде Байтұрсыновтың қоғамдық ойлары сөз болады.Жұмысымызда қорғалуға негізделіп отырған тұжырымдамалар:
Ахмет Байтұрсыновтың философиялық көзқарастары, дүниетанымы әр түрлі тарихи, мәдени дәстүрлердің синкретті тұтасуы негізінде қалыптасты.
Ахмет Байтұрсынов әліпбиі қазақ тілінің табиғатын түсінуге мүмкіндік берді.
Шоқан, Ыбырай, Абайдан басталған қазақ ағартушылық философиясы А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов еңбектерінде жүйеленді және қазақ ағартушылығы мен зиялы қауым қызметінің екінші кезеңі егеменділік, тәуелсіздік, мемлекеттілік, бостандық идеяларымен тығыз байланысты дамыды.
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл мен сөз өнері, мораль мен мысал философиясына қосқан үлесі айтарлықтай зор болды.
Алаш зиялы қауымының теориялық және практикалық ұстанымдағын тәуелсіз Қазақстан Республикасында ашық демократиялық қоғам орнатуда еліміздегі саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени мәселелерде қазақ тілінің өміршеңдігі мен тіл саясатына да А. Байтұрсынов еңбектерінің маңызы зор екендігі көрсетілді.
Жоғарыда айтылып өткен тұжырымдамаларға сай жұмысымыз кіріспеден, екі бөлімнен(төрт бөлімшеден),қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
ДҮНИЕ ТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Ахмет Байтұрсынов дүниетанымының қайнар кездері
Дүниетаным сөзінің этимологиясы оның қоршаған шындықты теоретикалық деңгейде қарастыру екенін білдіреді, яғни, дүниетанымда когнитивті, танымдық бастама басымырақ. "Дүниетаным дегеніміз - әлемге деген көзқарастар жүйесін білдірсе, ол дүниелік қатынас - сол көзқарастар жүйесінің тарихи- әлеуметтік шындықта іске асуын, яғни әлемдсгі адамның тіршілік ету әдісін көрсетеді. Яғни, "дүниелік қатынас" категориясы адамның әлемге деген қатынасының тек ішкі (ментальды) көрінісі емес, "гносис" емес, сонымен қатар практикалық көрінісі (праксис)" [8, 8 б.].
Ахмет Байтұрсыновтың дүниетанымының қалыптасып, өз дәуірінен озған ой тұжырымдарын жүйелеуге әсср еткен, біріншіден, оның өскен ортасы, алған тәрбиесі болды деп айтсақ қателеспейміз, себебі адам ортаға сай қалыптасса, кейін алған білімі арқылы жетіліп, білімін сеніміне айналдыра алса ғана белгілі бір нәтиже шығаратыны белгілі. Қазақ халқының мүшкіл халін, қараңғылығын ерте аңғарған А.Байтұрсынов қызметін мектептерде мұғалім болудан бастайды. "Құл халыққа адамшылық тұқымын шаштым" дегенді сол кездері жазған ол ағартушылықтан өз халқының мұқтажын іздеді. Өзін "адамшылық диқаншысымын" деп мақтанышпен айтты. Мұғалім бола жүріп, Мұхтар Әуезов айтқандай "бас қосқан жиында, жазысқан хатта, оңашада болған әңгімеде ел қамы, ел мұңы дсгсн сөздер Байтұрсыновтың аузынан кетпейтін сөзі болған. Елшілдік ұранын салып, үгіттің ауданын кеңейтіп, ел ішінде арманды сөздерін жаза бастаған" 9, 10 б.]. М. Әуезовтің А.Байтұрсынов жөніндегі осы пікірінен Байтұрсынов жүрген жеріндс бос жүрмей, патша үкіметіне қарсы насихат жүргізіп, отаршылдық қанауында қалған қазақ халқының санасын ояту жолында аянбай күресетінін көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынов 1909 ж. 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз 8 ай бойы азап пен қорлықты көріп, ширайды. Осы кездері бостандықты аңсаған, халықты күреске шақырған өлеңдер жазады.Өлеңдерінен, бір жағынан, елге деген сағыныш байқалса, екінші жағынан, дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен заман көрінісі, өзінің ауыр тағдыры байқалады. Оны "Анама хат" деген өлеңі дәлелдейді:
"Бара алмай өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет - өр зорлыққа не бар шараң?!
"Үмітсіз шайтан болсын" деген сөз бар,
Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам.
Оқ тиіп ән ішімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?! [10, 30 б.
Өлең жолдарына қарағанда ақын оны 1909 ж. Семей түрмесінде отырғанда жазғаны байқалса, мұнда анасына деген сағынышымен қоса, сол уақыттағы тынысы, сенімі көрінеді.
Байтұрсыновқа 1910 ж. 21 ақпанда қазақ жеріндс тұруға екі жылға тыйым салып, жер аударады, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Байтұрсыновтың дүниетанымына әсер еткен тағдыр тәлкегіне түсірген мұндай оқиғалардан басқа халық ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы, Абай, Шоқан, Ыбырай еңбектері болып табылады. Ұлы Абай үлгісін қазақ әдебиетінде жалғастырған Байтұрсынов поэзиясынан заман мұңы, халықтың өмірі, ақынның дүниетанымы, терең философиялық ой толғамдары айқын көрінеді. Абай поэзиясы -- Ахмет Байтұрсыновтың дүниетанымының қайнар көзінің бір арнасы. Оның өлеңдерінің Абай поэзиясымен үндестігі маңызды қоғамдық мәселелерді толғауынан көрінеді. Байтұрсыновтың "Жұртыма" деген өлеңіндегі халық тағдыры туралы толғаныстары Абайдың "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" өлеңіндегі пікірлермен сабақтас келеді. Ал "Жиған-терген", "Жауға түскен жан сөзі" атты өлендері де ел жайын, халықтың келешегін ойлап тебіренуі, сыншылдығы жағынан Абаймен сарындас шығады. "Жиған-терген" өлеңінде:
"Берсеңдер, бер молдаға!
Өзіңді, бірақ алдама!
Ақшаға жұмақ жалдама!" - деп, халықтың молдаға сенгіштігін айтса, одан өзі:
"Бұ неткен жұрт ұйқышыл?!
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам, жым-жырт жай" -- деп, [10, 29 б. күйінсе, халық тағдыры, мешеуліктен құтылып, прогресс жолына бет алудың қажеттігі туралы мәселені Байтұрсынов батыл қойып, жан ауыртатындай етіп айта білгені мына жолдардан көрінеді:
"Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр, таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның.
Аш, көзіңді, оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сыйқың" [10, 30 б.]
Қазақ халқының өмір салты, этникалық болмысы ғасырлар бойы қалыптасса, оның генезисі, әлеуметтік, психологиялық мәселелерін Абай терең жырлаған. Философ С. Нұрмұратов атап өткендей, Абай көрсеткен "архетиптср" қазіргі ғылыми зерттеулер үшін үлкен маңызы бар құбылыстар әрі сол кезде қалыптасқан "ұжымдық бейсаналық элементтер" қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында да этникалық сананың кейбір қасиеттері болып отыр [11, 75 б.]. Абай халқының болашағын ойлап, кейінгі ұрпаққа өз өлеңдері мен қара сөздері арқылы тәрбиелейтін, ғибрат тұтатын үлкен мұра қалдырды. Абайдың сол асыл мұрасын ұғынып, жүрегімен қабылдаған ұрпақтың бірі Ахмет Байтұрсынов еді. Абайдан сабақ ала отырып, жоғарыда аталған өлең арқылы Байтұрсынов қалың ұйқыда жатқан халқына жар салып, ой-санасын оятуға бар күш-қайратын жұмсап, одан үлкен үміт күтеді. Әсіресе бойды жайлаған жалқаулықты, етектен тартып тұрған еріншектікті, адам бойындағы жағымсыз қылықтар мен қасиеттерді түбімен жоюдың басты құралы деп елді еңбек етуге, жаппай сауаттандыруға, мәдениеттілікке жетелеуге күш жұмсады. Қараңғылықтан шығудың жолдарын көрсетіп, әркімнің бойындағы мінін, кемшілігін дер кезінде тайсалмай батыл айтып, қателігін басым көрсетіп, қалың жұртты жаман да кері әрекеттерден жирендіру үшін барлық сөз шұрайын қолданып бағады:
Бірлік қып іс етуге шорқар жұртым,
Табылса оңай олжа ортақ жұртым!
Сияқты қара қарға шуылдаған,
Үрейсіз, қоян жүрек қорқақ жұртым -- деп, 12 іс істеуге ынтасы жоқ, ынтымақтан айрылған, тек пайда десе, қайда? - деп тұратын, оңай олжаға қалай қол жеткізуді ойлап, бір- біріне қайырымы жоқ, өмірдің не екенін түсінбейтін, аңқау қарға қасиетіне бой ұрған қараңғы елге қайран қалып, су жүрек, қорқақ қоян сияқты өз көлеңкесінен өзі қорықпауын ескерте отырып, жөнсіз босқа шуылдамауға шақыра отырып, Байтұрсынов "Жұртыма" деген өлеңінде осындай ойларды айтып:
Келгенде өзді-өзіне мықты-ақсықдар,
Қайтейін, өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?! - деп, 112
аяқтайды."Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" -- деп, жырлаған Абайдың ойымен үндесіп жатқаны осы жерде анық байқалады. Біздің ойымызша, Абайға ілесе Ахметше ой қозғау деген пікірді бекемдесек, Байтұрсыновтың дүниетанымына Абайдың әсерін толық дәлелдегеніміз. Енді осы пікірімізді одан әрі талдайық. Байтұрсыновтың "Жиған-терген" деген өлеңінің сөз саптауы Абайдың "Сегіз аяқ" өлеңімен ұқсас:
"Қарқылдар қарға,
Шиқылдар арба,
Бой сүйсінер сазы жоқ.
Шешенсіп жұртқа,
Мылжыңдар қыртпа,
Ой ісінер сөзі жоқ.
Маған әлгі ол емес,
Ол түсерлік жол емес," - деген [13, 27б. жолдардағы "ой ісінер сөзі жоқ" деген жаңа метафоралық қолданыстан тұнып тұрған философия байқаладың деп ойлаймыз. Ойдың еміренуі, елжіреуі, адамның бойы сүйсінетін жердің болуы жақсыларға тән екенін пайымдайды.
Ал, "Н.Қ. ханымға" атты өлеңінде жігерлік, ақынның оптимистігі, өршілдігі байқалып, тағы да Абаймен үндестігі көрінеді:
Мен өлсем де - өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен.
Өлген күні апарып тығары - көр,
Мен жоқ болман көміліп түнімменен [14.
Демек, тән өлімі -- жан өлімі емес. Рухани өлім асқар тұлғалы азаматтан аулақ болады. "Н.Г. Потанинге" атты өлеңіндегі
Ұл туып ұлы жолда қызмет етсе,
Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?! 15 - деген жолдар күрескер ақынның азаматтық дүниетанымын көрсетеді. Халықты ояту, оның сана-сезіміне, жүрегіне әсер ету жолдарын іздегенде Ахмет Байтұрсынов Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдаланып, аударма жасау дәстүріне де тоқтайды. Бұл үлгілер де оның дүниетанымының қайнар көзіне айналды деп есептейміз. Ертегілер мен хикаялар емес, енді жаңа өлеңдік форма - мысал арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов (1768-1844) еңбектерін аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 ж. Петербургте бастырып шығарды. Мысалдардағы ұғымды идеяларды, қазақ тұрмысына жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді Ахмет Байтұрсынов халықтың төл дүниесіне айналдырады. Крыловтан аударған "Аққу, шортан хәм шаян" мысалында:
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін - деп, [16, 47 б.] ауызбірліктің жоқтығынан осындай берекесіздікке тап болатын өлең шумақтарын Байтұрсынов мүдірмей аударса, соңында жаңа ойды, толғаулы сөзді өз жанынан қосып былай дейді:
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас -- деп, [16, 48 6.] елді береке-бірлікке, ынтымаққа шақырады.
Жалпы А. Байтұрсыновтың "Қырық мысал", "Маса" атты екі жинағында жаңа идеялар, ойлар көп. Абайдың ақындық дәстүрін ілгері жалғастырып, заман талабына сай жаңа туындылар дүниеге келді. Қазақтың ұлы философ ақыны Абайдың өз көзқарасы, дүниетанымы Шығыстың да, Батыстың да мәдени үлгілері негізінде қалыптасқан болатын. Имандылықтың өзін Абай әр адамның ішкі жан дүниесінің тазалығымен байланыстырған әрі ислам ділін насихаттаудағы дүмшелікті сынға алады. Абай -- қазақтың ұлттық ділін терең тұсінген ойшыл және адам бойындағы асыл қасиеттердің ашылу керек екендігін үнемі ескертіп, қазақ жастарын білімге, ғылымға шақырған. Философ ғалым Ғ. Есімов Абайдың даналық дүниетанымын саралап, ғибратты ой түйіндеріне герменевтикалық тәсілді қолданып, Абайдың философиялық тұжырымдарын нақты ұғымдар төрінде қарастырып, Анахарсистен Абайға дейінгі халқымыздың мәдениетінің тарихи кеңістігіне талдау жасай отырып, адамға жақсылық әкелетін дін қайда деген мәселеде Абай дінге реформа жасау жағында болған, себебі Абайдың өзі ақыл тоқтататын данышпан, ерекше, өзгеше болудан сақтандырады, өйткені ол мақтанға бастап, күншілдік туғызады дей отырып, еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік- бәрі осыдан шығады деп түйіндегенін ұтымды сипаттаған [17 .
Абай мұрасынан үйрену ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. "Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" деп өз төрелігін өзі айтқан ұлы Абай Байтұрсыновтың кезінде де, одан кейінгі ұрпақпен де, біздермен де замандас, сондықтан Абай мұрасын парасатты оймен, зерделі санамен оқу қасиетті парыз екенін Байтұрсынов жақсы түсінген. Оны жоғарыда айтқан Абаймен сарындас, мұңдас өлеңдері, аудармалары дәлелдейді. Әсіресе, Крыловтан аударғандарына біз төмен де талдау жасаймыз. Абайдың дүниетанымында Адамның құдайға құлшылығы емес, Алланың адамға берген хикметі негізге алынған. Адам болса Алла хикметін сезіну керек, бұл оны құдайға құлшылығынан босатады. Алла
хикметі - ғаділет пен махаббат, онсыз өмір жоқ, сондықтан бұл сезімдер толық болса, ол - ғалым, ғақыл.
Абай өмір бойы қара бұқара халықтың қамын ойлап, солардың мүддесі үшін күресті. Абайдың философиялық қағидаларын зерттеген ғалымдар азын-аулақ, кейбіреулсрі Абай философиясының мәнін ашу жолындағы мақсатқа жетпеген. Абайдың философиясын түсіну үшін көрініс тапқан тарихи дәуір мен нақты тұрмыстық жағдайды білу қажет, әйтпесе, ол ғылым болмайды. XIX ғ. аяғы -- XX ғ. басында өмір сүрген Абайдың дәуірі Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталып, әлеуметтік бостандық туралы ойлауға тыйым салынған қазақ халқының тағдырындағы өтпелі кезең еді. Абай орыстың прогрессивті күштерімен бірлесуді дұрыс жол деп санап, өзі де орыстың революционер демократтарымен араласты. Сол дәуірдегі қайраткерлердің көбі шіркеуді жеңу үшін көптегсн әлеуметтік топтардың мүддесімен санасты. Бұл бағытта ХVІІІ ғ. француз ағартушыларынан Мелье, Вольтер, неміс философы Фейербах болды. XIX ғ. екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық өмірінде ХVІІІ ғ. Европада болған үрдістер жүзеге асты. Ал Россияда бұл үрдістер ХVІІІ ғ. аяғы - XIX ғ. басында болған. Олар діни сананың дағдарысымен байланысты еді. Өмір жаңа тәсілді, жаңа түсінікті талап етті. Сондықтан Абай сияқты прогрессивті қайраткерлер болып жатқан өзгерістерге, өткен күнге сын кезбен қарауды талап етті.
А. Байтұрсыновтың Абай туралы "Қазақтың бас ақыны" деген мақала жазуы Абайды жай ғана оқымай, жүрегімен сезініп, ой елегінен өткізіп ғибрат алғанын дәлелдесе керек. Кей жерлерде Абайды білмейтіндерге таң қалғанын жасырмайды, ал өзі "1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер төсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін таңырқап отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады" -- деп, [18] әділ бағасын береді.
Бүгінгі герменевтикалық тәжірибе жаңаша талдаудың мүмкіндігін туғызып отыр. Абайдың философиялық идеяларын ағартушылық және экзистенциялық батыс дәстүрі аясынан тыс бір тәсілі - қазақтың дәстүрлі мәдениеті аумағында түсіну. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің үкілі ретінде Абай Мартин Хайдегермен еркін араласады. Бұдан тұтастық, адам мен табиғат бірлігі, кеңістік пен уақыт экзистенциалдығын айқындап тұрғанын байқаймыз. Хайдегер осы күнге дейінгі әлем мен адамның, адам мен басқа адамның о бастан келе жатқан дербестігі жайлы қағидасына негізделген бұрынғы мәдениет онтологиясын сынайды. Ол жеке тұлғалық мәнге ие түсініктер беріп, әлем мен адамның, адам мен басқа адамның бастапқы біртұтастығына негізделген жаңа онтология жобасын ұсынады.
Абай адам табиғатын этикалық тұрғыда қарап, оның кісілік қалпын, ұжданын алға тартады. Сол арқылы ол неден қашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Абайдың негізгі ұстайтын этикалық принципі - "Адам бол" деген сөздермен кірігіп келетін кісілікке, адамгершілікке, имандылыққа жетелеу. Осы арқылы ол адамның қоғамдық өмірдегі басты рөлі мен орнын анықтайды, ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалайды. Адамның тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыру керектігіне ерекше мән береді. Сонымен бірге Абай адамгершілік идеясын өмір бойы ту қылып көтеріп, адамның шыққан тегі, атқарып жүрген қызметі, атақ-данқы мен дәулетіне қарай емес, оның жан дүниесіне, өз еліне, халқына көрсетер қызметіне қарай құрметтеуге үндейді. Абай азамат үшін үлкен бақыт - халықтың қайғысы мен ауыртпалығын иыгына көтеріп, оған шама келгенше мол пайда келтіру деп біледі. Міне, Абайдың осы философиялық-этикалық тұжырымдамасының, жалпы дүниетаным жүйесінің негізгі мәні осы. Ал бұл тұжырымдамаларды Байтұрсынов үлкен шеберлігімен, білімділігімен дамыта білді.
Крыловтың орыс әдебиетіндегі ұлы тұлғалардың бірі екені, орыстың ұлттық мысал жанрын қалыптастырып, сол арқылы орыс халқының ұлттық мінез-құлқын, ұлттық рухын жеткізе алганы әлемге аян бола тұра оны ешкім революционер демегені белгілі. Қай халықта болмасын мысал жанры ғасырлар бойы жинақталган даналығын танытатындығы, ондағы жасырын астар, жымысқы тұспал, әжуа-мысқыл, ойнақы күлкі сол халықтың табиғи ерекшелігін білдірумен қатар, солардың бәріне бірдей ортақ белгі -- оның айнымас бұқарашылдығы, қарапайым халық пейілімен үндестігімсн ерекшеленеді. Крылов мысалдарындағы бұқарашылдықты Ахмет Байтұрсынов төңкерісшілдік идея дәрежесіне жеткізсе, бұл М. Әуезов "Қырық мысалды" "қалың қазақ жұртның алғашқы естіген, төңкеріс рухындағы сөзі" - деп,[116, 19 б.] берген бағасының өте лайықты екенін көрсетеді. Мысалдың арқауы -- хикая, мәні -- көздейтін нысанасы, ал қолданатын қаруы - ажуа мен мысқыл. Крылов озінің суреткерлік түйсігімен мысалдың эстетикалық зандарын Крылов жақсы меңгергендіктен орыс мысалының атасы аталуы да сондықтан. Байтұрсынов мысалдың мазмұнын Крыловтан алады да, уытты қаруды өз халқының философиялық даналығынан, ана тілінің ішкі мүмкіндігінен іздестіреді және ол да Крыловша дөп басып айтады. Крыловтың стилі өз ортасына, өз оқушысының санасына бейімделсе, ал А. Байтұрсынов болса өз тыңдаушысының ұзын ырғалы хиссаға дағдыланған құлағына бейімдеп, өр хикаясын нақтылап, егжей-тегжейлі баяндайды. Байтұрсынов Крыловты аударғанда жалпы мазмұнын ұстайды да, оны қара өлеңге айналдырып, өз сөзімен баяндап береді, шығарманың негізгі өзегі өзгермесе де, көлемі өзгеріп отырады. "Қырық мысалдағы" аудармаларды Байтұрсынов түп-түгел қазақ ортасына алып келеді де, ғибраттық тұжырымдарын қазақ қауымының шындығына лайықтап, үкімін өз тарапынан айтады. "Шымшық пен көгершін" мысалын алатын болсақ, талтөсте торға түсіп қалған шымшықты табалап, ақмақсың деп тұрған көгершін әп-сәтте өзі де соның кебін киеді. Сонда бұл мысалдың тобықтай түйіні - "күлме досқа, келер басқа". Осыны жеткізу үшін А. Байтұрсынов оқиғаны толықтыра баяндап, біраз талғап алады да, қорытындысында біреуді табалау дұрыс емес екенін айта кеп, кенеттен басқа ойға былай бұрып әкетеді:"Жазмыштан озмыш болмас деген созді Бекер деп пікір айту жарамайды" - десе,одан әрі:
"Алланың адам басы добы деген,
Қуса да қалай қарай домалайды" [19 - деп, мүлде басқа қисынға апарады. Сөйтіп, Байтұрсынов айтайын деген ойын, идеясын тереңдете түседі.
Ал, "Малшы мен маса" аудармасында ұйықтап жатқан малшыны шағуға келе жатқан жыланнан құтқару үшін Сары маса оны өзі бұрын барып шағады да, оятып жібереді. Ұйқылы - ояу кісінің сермеген қолынан маса өледі, бірақ малшы жыланды жайғастырып, өзі аман қалады. Байтұрсынов осы мысалды аудару арқылы айтпақ болған ойын соңғы екі шумақтан тұратын ғибрат сөзі дәлелдейді:
Мысалы,
Қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік андып баққан.
Пәленің түрін көрген мен -
Сары маса, Халықты оянсын -деп сөзбен шаққан.
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп,
Қатты айтсам сөзім батып кетеді деп.
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді
Қорқамын Сары масадай етеді деп" 20].
Түп төркіні Крыловтан келген осы шағын мысалды бүкіл Байтұрсынов шығармашылығының жарқ еткен сәулесі деп пайымдауға болады. Байтұрсынов Крыловтан соң Пушкиннен, ол арқылы Вольтердсн, Лермонтовтан, Надсоннан, Жадовскаядан бірсыпыра дүниелер аударған.
Білімгс үйрету, білім беру Байтұрсыновтың үлкен бір арманы еді, себебі әлеуметтік өмірдің барлық түйінді мәселелері осы білімгс, оқуға байланысты қай кезде болсын өшпес қазына. "Оқу жайы" деген мақаласында Байтұрсынов: "Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Қазақтың шаруасына бір жақтан надандығынан кемшілік келгенде, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдіктен, тендіктен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат етіп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қолы жеткендерді тендікке жеткізетін, әлсіздерге көш беретін өнер-білім" -- деп, [21] тұжырымдайды.
Ахмет Байтұрсынов ұстаздық ғылымы мен тәжірибесінде өз орнын алған, өйткені ол жай ғана мектеп мұғалімі емес, ұлт ұстазы, себебі Байтұрсыновтың бүкіл ғұмыры мен еңбегі ұлт санасын тәрбиелеуге, ұлт жайын жаңғыртып, ширатуға, ілгері бастауға арналған.
Ахмет Байтұрсыновты қазақ халқының рухани көсемі етіп танытқан - оның халқымызды "іргелі жұрт қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол көрссте ұстанған бір қаруы - ағартушылық идеясы болды. Оқу-ағарту идеясы - Байтұрсыновтың азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Ол туған халқының тағдырын жан дүниесімсн беріле ойлады. Отардағы қазақ халқын "Оян, қазақ!" деп Міржақып Дулатов жар салса, "көгі жоқ, көгалы жоқ қырға адамдықтың тұқымын шашып", "ұйықтап жатқан қазақты сары маса боп ызыңдап оятуға" Ахмет Байтұрсынов шықты. "Қараңғы қазақ көгіне ермелеп шығып күн болуға" Сұлтанмахмұт Торайғыров өз талантын төксе, өнер -- білімнен құр қалып бара жатқан халқына "Ай, қап!" деп санын соғып өкінген Мұхамеджан Сералин баспасөз арқылы шықты. Демек, алдағы міндет Ахаңның тілімен айтқанда "надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық кесапаты" [22 сондықтан надандықтан арылту қажет болды.
Бұл оқу-ағарту ісінде Байтұрсынов дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен қазақтың ұлы педагогі, жазушысы-Ыбырай Алтынсарин. Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы қадамы Ы.Алтынсарин ашқан оқу орнынан басталады. Сондықтан Байтұрсыновтың дүниетанымының қайнар көзінің бірі Ыбырай Алтынсариннің де тағлымы деп ойлаймыз. Байтұрсынов -- оқу- ағарту саласындағы істерде Алтынсарин соқпағын жолға айналдырған, ғылымға түсірген, тәрбиедегі ұлттық рухтың үстемдігін мұрат тұтқан кісі. Алтынсаринге дейін Жайық, Торғай өңірінде де мектептер болған, бірақ біріншілік Алтынсаринге беріледі, себебі оған дейінгі мектептердің бәрінде қазақ әліппесі, төл оқулықтары болған емес.
ЬІ. Алтынсарин кирилше негізінде әліпби құрастырып, оқулықтар жазса, Байтұрсынов ұлттың мүддесінде Ресейден бөлініп тәуелсіздікке жетуін ойлай отырып, ұлттық әліпбиді араб таңбасына негіздеуді жөн көрген. Осы тұрғыдан бүкіл қазақ тіл ғылымының бастау көзін ашып, сөз таптары, сөйлем мүшелері, септеу, жалғау жұрнақтары, тыныс белгілері, жазу емлелері туралы, оқыту әдістемеліктеріне дейін түгендеп, қазақша атап түйіндеген. Алтынсарин соқпағы Байтұрсыновқа жол ашса, Байтұрсынов жеткен биіктік Алтынсаринді аласартпайды. Бұлар жалғасты, бірін-бірі толықтырушы тұлғалар. Байтұрсыновқа қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының атасы атағы қайтарылды 23.
Алаштың жетекшісі Әлихан Бөкейханов 1925 ж. Байтұрсыновқа жазған хатында: "Алтынсары баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң болар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде оның ісін жасарың хақ" -- деп, екеуінің бір-бірімен рухани жақындығын, мақсаттарының бір екенін айтып, үлкен сенім артса Алтынсарин мен Байтұрсыновта ұқсастық көп екенін Ы. Алтынсариннің: "Мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы... Біздің барлық үмітіміз қазақ халқының келешегі осы, тек осы мектептерде" - деп, жазған, бұл ойын А.Байтұрсынұлы "Мектеп жаны -- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы" - деп, [24] әрі қарай жалғастырып, іс жүзіне асырды. Байтұрсынов 1895 ж. педагогикалық училищені бітірісімен ұстаздық жолға түсті. Қалың ұйқыдағы қазақ халқын маса болып ызыңдап, санасына білім құю арқылы оятуды алдына мақсат етіп қойды. Байтұрсынов "Әдебиет танытқыш" (Ташкент, 1926) атты еңбегінде шығарма талдағанда Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерінен мысалдар келтіреді. Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына лайықтап тұңғыш " Қазақ хрестоматиясын" (1879) құрастырса, бұл игі істі Байтұрсынов абыроймен жалғастырды. "Оқу құралы" (1 кітап, 1912), "Қазақша оқу жайынан" (1913), "Баяншы" (1920), "Сауат ашқыш" (1926), "Жалқылау, айырыңқы әдіс" (1927), "Қай әдіс жақсы" (1928), "Әліп-би" (1928) тағы да 21 басқа оқу-әдістемелік құралдары соның айғағы. Әрі бұл кітаптар әлі күнге дейін құнын жоймаған. Байтұрсынов - Алтынсариннің "Қайырымды түлкі", "Егіннің бастары" (И. Крыловтан) мысалдарын әрі қарай жалғастырушы. Халық оқып, түсінсін, ойлансын, оянсын деген мақсаттан туындаған. Байтұрсыновтың дүниетанымында ұлтжандылық қасиеттің басым екені көрінеді. Мәселен, ол Алтынсариннің "Қайырымды түлкісін" сол қалпында ала отырып, оған өз жанынан:
Жеп қойды құстың жетім балапанын,
Қорықпай-ақ обалынан түлкі залым.
Қарасаң, ел ішінде аз ба адамдар
Жеп жүрген обалсынбай жетім малын?
Пана боп озің сақта, құдіретім,
Кімде-кім балапандай қалса жетім.
Жұмсақ тіл, көңілі қатты залымдардың
Ете көр жетімдерден аулақ бетін -- деген, 25 екі шумақ қосып, И. Крылов пен Алтынсариннің айтарын халық санасына қүйып, анықтай, айқындай түскен. Ал "Қарға мен түлкі" мысалын ЬІ. Алтынсарин И. Крыловтан жеті шумақ етіп қазақшаласа, Байтұрсынов оны екі шумақ етіп ұлттық танымға лайықтап, қайта жазған.
Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр, Залымдық өтірікпен мүлкі боп жүр, Солардың сұмдығына түсінбеген - Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр - деп [26] талдаса, өз халқына "Алдаған залымдардың тіліне еріп. Жүрмесек жарар еді мазақ болып" -- деп, [26] ескерту жасайды. Демек, Байтұрсыновтың дүниетанымының қалыптасуына Алтынсариннің да ықпалы зор болған әрі Алтынсариннің іске асыра алмай кеткен көп ойларын Байтұрсынов одан әрі дамытып, жетілдірді.Ахмет Байтұрсыновтың дүниетанымының қалыптасуына қазақ ауыз әдебиетінің де үлкен сабағы болғанын "Ер Сайын" мен "23 жоқтау" толық дәлелдейді. Эпостық жанр бойынша жазған "Ер Сайын" жырының философиялық дүниетанымдық мәні бар екені белгілі, себебі батырлық, лирикалық-тұрмыстық эпостарда философиялық ойлар кездесіп қалатыны белгілі. Эпостарда ойдан шығарылған дүниенің бәрі шындықты көрсетуге сенімді түрде бағытталған.
Дәстүрлі қазақ қоғамында халықтық жадының маңызды құрамдас бөлігі фольклор екені белгілі. Ғасырлар бойы жеке адам мен тұтас қоғамның дүниетанымы, құндылық ұстанымы мен адамгершілік нысандары халқымыздың фольклорынан нәр алып, сусындап келеді. Ауыз әдебистінде халықтың қоршаған ортаны игеруін, әлеуметтік қарым-қатынастарының, рухани ізденістерінің барысында тұрақтанған моральдық-әдептік қағидалары жинақталады. Байтұрсыновтың да білім қайнарының бірі, рухани нәр алған бастауы фольклор болды. Қазақ ауыз әдсбистінің материалдары да Байтұрсыновтың дүниетанымының қайнар көздері болды, әрі өзі де оларды реттеп, өндеу ісімен айналысты. 1923 ж. Москвада Күншығыс баспасында шыққан "Ер Сайын" жыры кітабы Шоқанның досы, ғалым Г.Н. Потанинге тарту ретінде шығарылған, ал кітап соңында Радлов нұсқасының тараулары, Г.Потаниннің өмірбаяны берілген.
Жалпы "Ер Сайынды" Байтұрсынов 1915 ж. жазған, алайда белгілі себептермен жарық көрмей, 1923 ж. ғана шықты. Бұл кітаптың бірінші бетіне "Жыршылар айтуынан алып, өндеп, өзгертуші Байтұрсынұлы Ахмет" - деген анықтама берген [10, 308 б.. В.В. Раддов бұл жырды ел аузынан жазып алып, 1870 ж. "Сайын батыр" деген атпен шығарады. "Ер Сайын" жыры туралы М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Ә. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz