Мұғалжар тауы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Мұғалжар таулары - бұл аласа қыраттар мен шоқы топтарының меридионалдық тізбегі, солтүстігінде Ор өзенінің шығанақ ендігінен 480-дан оңтүстігіне дейін созылған. Мұғалжар тауларының оңтүстік бөлігі ең биік жəне тұтас болып келеді. Мұнда теңізден 657м биіктікте орналасқан Үлкен Бақтыбай биік шыңы бар. Бұл Батыс Қазақстандағы ең биік нүкте болып табылады.

Мұғалжар тауларының табиғаты ең керемет, айрықша таза жəне есте қаларлықтай шеп болып табылады. Олар бір жағынан Каспий теңізі хауызына қатысты (Ор жəне Ембі) өзендері, екінші жағынан шығысқа жəне оңтүстік - шығысқа, Солтүстік Арал жағалауы (Ырғыз) мен Торғай ойпатының жазықтықтарына ағатын өзендерге су айырығы қызметін атқарады. Бұл өзендердің жəне салаларының барлығы бастауын Мұғалжар тауларының қойнауындағы бұлақтардан алады. Атап айтқанда, Мұғалжар таулары Орал жоталарының шекарасына дейін жағалай созылып, Еуропа мен Азияны табиғи жағынан бөліп тұр. Осының құрметіне асудың биік нүктесінде белгі ретінде "Еуропа-Азия"ескерткіші орнатылған.

Батыс бөлігінде Каспий теңізі маңы ойпатына дейін жалғасатын Жайық-Ембі шоқысы, оңтүстік-шығысында дөңесті құмдар сілемдері: Арал маңындағы Қарақұм, Үлкен жəне Кіші Борсық, солтүстік- шығысында Торғай шоқысы.

Мұндағы өзендер аңғары бірнеше жағалай созылған террасаларымен кең. Су айырықтарының бойы жазық, жиі текшелі болып келеді. Егер Мағалжар тауларынан шығысқа қарай жүрсек, терең емес тұщы сулы көл шұңқырлары жəне тұзды сор көлдері мол, кең қыратты Торғай жазығында боламыз.

Мұғалжар тауы бірте-бірте қатарласа екі тармаққа бөлінеді, оларды қазан шұңқырлы ойыс бөліп жатады. Солтүстіктегі Алабас қазан шұңқырының ені 15-20 шақырымға жетеді. Батыс жотаның оңтүстік бөлігі биік келеді, беткейлері қатты тілімденген. Шығыс жотасын тайпақ төбешіктер тізбегі құрайды, оны Ырғыз өзенінің бастауы тілімдеген.

Мұғалжар тауы Ақтөбе облысы аумағында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері - Үлкен Боқтыбай тауы (657 м) . Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардын арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 - 20 км) . Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, тағы басқа жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Онтүстік бөлігі биік жөне қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солтүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48° с. е. маңында аяқталады, оның оңтүстікте абстракциялық биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауының Ырғыз өзені салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады. Климаты тым континентті, кысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың ортасында температурасы -15 - 18°С. Жазы ыстық, құрғақ, шідденің орташа температурасы 21 - 25°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 - 250 мм. Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, тағы басқа) . Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол. Мұғалжар тауының қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, тағы басқа) өндірілуде.

Мұғалжар тауынан солтүстікке қарай Ор өзені ағып жатыр (Оралдың саласы), батысқа қарай Ембі өзені және оның салалары, ал шығысқа қарай Ырғыз өзені ағады. Мұғалжардан оңтүстікке қарай Арал теңізі бассейнінен бөліп тұратын Үлкен Борсық құмы жатыр. Мұғалжар тауының бейнесі 1. 1-суретте көрсетілген.

D:\Assyl\мұғалжар\суреттер\iCA8U3ZHT.jpg

Сурет 1. 1 - Мұғалжар тауының бейнесі

Мұғалжар тауын Қандыағаш - Арыс, Ембі - Шалқар темір жолдары тораптары кесіп өтеді.

Мұғалжарда дәстүрлі түрде қиыршық тас (тау маңындағы Мұғалжар және Бершүгір ауылдарында) өндірісі жүреді. 2010 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында қиыршық тас өндіретін жаңа завод эксплуатацияға берілді. Оның өндіргіш күші жылына 700 мың тонна.

Біршоғыр стансасы - Шалқар ауданының қиыр солтүстігінде орналасқан ең ірі елді мекен. Біршоғыр селолық округінің орталығы.

Ауылдың батыс жағында Мұғалжар тауларының ең биік нүктесі Үлкен Боқтыбай тауы (биіктігі 657 м) орналасқан. Таудың үлкен деп аталуына себеп: Үлкен Боқтыбай тауының іргесінде, одан сәл ғана аласа, кіші немесе Бала Боқтыбай тауы бар. Кейбір географиялық деректер мен ертерек шыққан географиялық карталарда Боқтыбай тауы деп белгіленіп келеді. Дұрыс аталуы - Үлкен Боқтыбай.

Үлкен Боқтыбай және Бала Боқтыбай тауларының бұлай аталуына себеп болған - ел аузында ерте осы жерді мекендеп, елін, жерін, сырт елдің шапқыншыларынан қорғаған Боқтыбай батыр мен оның ер жүрек баласы туралы аңызы бар. Сол қиын -қыстау кезеңде қазақ халқын қорғап қалуға елін, жерін шексіз сүйген батырлардың көптеп шыққаны белгілі. Бірақ, солардың арасында Боқтыбай батыр деген батырдың болғаны қазіргі халыққа бей мәлім. Егер бір сәт аңыздарға үңілсек, аңыздар былай деп сыр шертеді:

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 1723 жылдары Мұғалжар тауларын мекендеген халыққа да өз қайғысын аз әкелген жоқ. Жау күннен - күнге Мұғалжар тауларына жақындап, таяп қалды. Осындай қ асіретті шақта ел атасында Боқтыбай батыр жауға қарсы атттанады да, жауды Мұғалжар тауының етегіне жапсарлас орналасқан бір кішкене таудың бойында күтіп алады. Бірнеше күн жекпе -жек, дода соғысы болып өтеді. Боқтыбай батыр жауды жеңіп еліне жеңіспен оралады. Әйтсе де жау толастамайды, бірақ Боқтыбай батыр да беріле қоймайды.

Жау Боқтыбай батырды соғысу арқылы жеңе алмайтынын біліп, айлакерлік, арамдық жолмен жеңуді ойластырады. Жау қолбасшысы өз әскерінен сұлу өңді, шешен тілді жігіт іздестіре бастайды. Себебі, Боқтыбай батырдың тілмен айтып жеткізе алмайтын, күн десе көзі, ай десе аузы бар керемет сұлу қызы болған екен. Жау өздерінің жоспарын батырдың қызы арқылы жүзеген асырғылары келеді. Топ ішінен сұлу өңді, шешен тілді бір жігіт таьылып, қыздыы бұлақ басынан күтіп алып алдуға кіріседі. Ал аңқау қазақ қызы болса, жігітті шын, пәк көңілімен ұнатып қалады. Махаббат сезімі бей - жай қалдырған ба адамды? Олар бірнеше рет кездесіп жүреді. Батырдың қыыз болса күннен - күнге жігітті сүйіп, сол жігітпен қашпаққа бел буысады. Бірақ әкесі оган кедергі болатыны белгілі және жау жігіті асығыстық білдіреді. Қыз әкесін өлтіреді де жаумен бірге қаша жөнеледі. Алайда қыз жау қосына жетпей жатып басынан қағылады. Жау өзін кең далада еркін сезініп «батырдан құтылдық, дер біздікі», - деп, тай салады.

Енді жоңғарлар халыққы қарай ағыла жөнеледі. Әйткенмен бұл жолы да халықты қорғап қалуға ел арасынан бір батыр шығады. Ол Боқтыбай батырдың баласы еді. Жау қосқа қарай шауып келе жатқанда әкесінін шықпағанын көріп, бала әкесіне жетіп барса, өліп жатқан әкесін көреді. Бұнын қарындасы арқылы келгенін де жүрегі сезеді.

Бойындағы намыс оты тұтанып әп сәтте әкесінін киімін киіп алып жауға қарсы «Боқтыбайлап» ұрандап шаба жөнеледі. Боқтыбай батырдың киімін киіп шауып келе жатқан баласын көріп, жау әбәржіп, абдырап қалады. Көңілдегі кек, кеудесіндегі намыс, жауға деген өшпенділік бойын билеп алған баласы болса, алдынан қарсы шыққан жауды қанмен жусатып, қырып салады. Өзі де жеті жерден жарақат алды. Жаумен шайқасып болғаннан кейін халыққа, әкесі жатқан үйге қайтып барып, «әкежан, жаудан кегін қайтты ғой», - депті де қаракер атынын үстінде жан тапсырыпты.

Үлкен Боқтыбай тауының бейнесі мен «Боқтыбай үңгірі» маңындағы жартас1. 2 - суретте көрсетілген.

D:\Assyl\мұғалжар\суреттер\022.jpg D:\Assyl\мұғалжар\суреттер\021.jpg

Сурет 1. 2 - Үлкен Боқтыбай тауының шыңы мен «Боқтыбай үңгірі» маңындағы жартас көрінісі

Қос батырдан бірдей айырылған халық егіліп көп жылайды. Жылағанмен қос батыр қайтып келмесі анық. Сол себепті кейінгі ұрпаққа үлгі болар деген ниетпен екі батырды Мұғалжар тауының етегіндегі тауға көмеді, басына Боқтыбай батырды, баурайына баласын жерлейді. Содан кейін тау Үлкен Боқтыбай, Бала Боқтыбай болып аталады.

І ТАРАУ МҰҒАЛЖАР ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА.

1. 1 Мұғалжар тауының жер бедерінің ерекшелігі

Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Мұғалжар тауының солтүстік бөлігінде Жамантау тауы орналасқан. Жамантау тауы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жамбыл ауылының оңтүстік-шығысында 21 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 561 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 1, 5 км. Солтүстік-шығыс беткейі тік, оңтүстік-батысы көлбеу келген. Тау силур, девонның жасыл тасты эффузивті, габбро тәрізді интрузивті жыныстарынан түзілген. Қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, көде, қараған және бұталы өсімдіктер өседі. Баурайында көптеген бұлақтар мен өзендер бар. Мал жайылымына пайдаланылады. Атжақсы өзені Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің сол саласы. Ұзындығы 105 км, су жиналатын алабы 4680 км 2 . Мұғалжар тауының солтүстік-батысындағы Намазтау тауының етегінен бастау алады. Арнасы кең, ағысы баяу. Жемге құяр жердегі орташа су ағымы 2 м 3 /с. Қараша - сәуір аралығында суы қатады. Жаз айларында кейде суы тартылып, Жем өзеніне жетпей қалады. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген. Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан түрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, тағы басқа жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.

Мұғалжар таулары Орал тауының қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылады. Сондықтан да негізгі орографиялық белгілері протерозой мен палеозойдың ірі меридианды, антиклинориялы және синклинориялы тұнбалы, вулканогендік, метаморфозды қатқабаттарымен, сол сияқты палеозойға дейінгі, каледондық және герциндік плутондармен қалыптасқан. Ірі желілік меридианды бағдарланған тектоникалық аймақтарды құрайтын палеозойға дейінгі және палеозойдың жартасты жыныстары кең таралған. Конгломерат-құмдақтармен, доломиттермен, әктаспен, төменгі және орта карбонның сазды тақтатастарымен құрылған үйілген синклиналды құрылымдар мен гранитоидты алқаптар кең дамыған. Шеткі аймақтары қуаты 100-350 м-ге дейінгі юраның, палеогеннің және неогеннің кремнийлі-карбонатты тұнбаларымен, құмдақтармен және құмдақ-саздақтармен, ал өзендер аңғарлары төрттік аллювиальды құрылымдармен жиі жабылған. Үйілген мульдаларда мезозой-кайнозойдың салыстырмалы түрде алғанда қуатты борпылдақ түзілістері берілген.

Мұғалжар тауаралық ойпаңдарға бөлінген, екі меридианды тартылған бұйраттардан тұратын, Орал тауының оңтүстік аяғы болып табылатын, Батыс Қазақстандағы ең ірі сала. Мұғалжардың аса көтеріңкі батыс бөлігі меридианды бағытта созылған және нашар көрінетін кезеңмен өзара мойындармен бірлескен, жүйесіз орналасқан көптеген кішігірім биіктіктерден тұрады. Тау беткейлері ұсақ жыралар мен енсіз салаларға тілімделген. Батыс беткейлері шығысына (10 м дейін) қарағанда тігірек (15-20 м дейін) . Ең жоғарғысы Үлкен Боқтыбай (657 м) және Екі ағайын (634 м) таулары. Негізгі жоталар бойымен меридианды жайпақ еңкіш ұсақ қырқалар мен жондар тартылған.

Батыс Мұғалжардың неғұрлым көтеріңкі бөлігінің рельефі Бас Мұғалжар мен Жанғали қыраттарының меридиональдық созылған тізбегімен және қатар тізбектелген топтарымен, негізінен орта полеозой эффузивімен көрінеді. Тау етегі аймағының батыс жағында орташа есеппен жүз метрлік кемер айқын көрініп, кейінгі кездегі опырылған тұстарына сай келеді. Тау етегінің солтүстік шекарасы да Ордың шашыранды жазығынан айқын көрінеді.

Батыс Мұғалжардың төменгі етегі тік морфоқұрылым үлгісін байқатады. Үлкен қырат Боқтыбай мен Жамантауға, ал Жанғали өзі аттас антиклиналға сәйкес келеді.

Табаны кең аңғар пішіндес қыратаралық және жотааралық етектері кәдуілгі синклиналға негізделген.

Батыс Мұғалжардың көтеріңкі бөлігіндегі аласа таулар меридионалдық бағытта созылып жатыр және ерге ұқсас белдермен байланысқан көптеген жүйесіз орналасқан шағын қыраттардан тұрады. Қиыршықтасты және тасты шыңды дөңгелек төбелер көп, олардың араларында бірде тар, бірде кең аңғарлар созылып жатады. Бұл жерлердегі суайырық сызығы нашар көрінеді. Таулардың баурайлары көбіне ұсақ сушайған шұңқырлармен және тар арналармен тілімденген, батыс баурайлары анағұрлым тік (15- 20 м дейін), шығыс жақтағылары анағұрлым еңістеу (10м дейін) . Аракідік өзендер мен жылғалардың бойларында биіктігі 2-17 м дейін құлама жарлар кездеседі. Су шайған жерлер көп, олар үлкен емес, тереңдігі шамамен 1 м. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізгеннен қалған тереңдігі 1-2 м шурфтер сақталып қалған.

Батыс Мұғалжар палеозой дәуірінен кейін Шығыс Мұғалжарға қарағанда неғұрлым көп өзгеріске ұшыраған аймақ болып табылады. Оралдағы сияқты мұнда да түрлі кезеңге қарай үстіңгі жағы тегістелуі мүмкін. Қазіргі рельеф - палеоген сатысынан кейін денудацияға сәйкес көтерілудің нәтижесі. Шайындылардың неғұрлым белсенділігі тіпті Солтүстік Үстірт оралдық құрам үйіндісі кейінірек пайда болған кезде орта плиоценде жүрді. Белсенді тозаңданудың келесі сатысы жаңа гидрожеліні қалыптастыру кезеңінде болды. Батыс Мұғалжардың өзен алқабының тау тізбектерінің аралықтарында жайылмалар бар, бұл - бірнеше мәрте тектоникалық қозғалыстардың айғағы.

Шығыс Мұғалжардың геоморфологиялық құрылымының ерекшелігі рельефтің көпқабаттылығы болып табылады. Жазықтың жоғарғы мезозойдан кейінгі желмен тегістелген қабаты ең биік 350-400 метр биіктікте орналасқан. Оның шайылуы салдарынан 290-340 метр биіктікте қабат пайда болған, онда олигоцен тұнбалары бар. Шамамен 240- 300 метр биіктікте кейінгі миоценнің - ерте плиоценнің құмды-сазды тұнбалары бар денудациялық қабат дамыған. Қазіргі алқап бойымен, 180-250 метр биіктікте ақшағыл уақытының шоғырланған қабаты байқалады. Ол ежелгі алқап түбіне сәйкес келеді және төрттік тұнбаларының астына ішінара жиналған.

Шығыс Мұғалжардың денудациялық рельефі қалыпты тектоникалық жағдайда ұзақ уақыт қалыптасқан. Бұл түрлі дәуірдің геоморфологиялық элементтерін сақтауға ықпал етеді. Неғұрлым белсенді рельефтің жасалуы кейінгі миоценге, ерте және әсіресе, орта плиоценге жатады. Оралдың көтерілген қиылысында өзен желілері қайта бөлшектенгенде оның шығыс жағында меридиональ бағыты кеңейді. Одан кейінгі шоғырлану және денудация сатыларында рельеф келбеті негізінен көп өзгеріске ұшыраған жоқ.

Шығыс Мұғалжардың пенеплені Мұғалжар сыртындағы қазылған пенепленге қарай, Ырғыз өзенінің жоғарысына ауысады. Бұл шекті жазықтық дерлік, аласа толқынды телімдер мен күмбез тәріздес төбелер, палеозейдың желге ұшыраған жыныстары.

Мұғалжар сыртындағы пенеплен қабаты оңтүстік пен шығысқа жәймен 380-350 метрден 250-230 метрге дейін төмендейді. Қазіргі гидрожелінің өзінше алқабы (Ырғыз өзені және оның салалары), онда төменгі және жоғарғы жайылмалардан басқа орта және кейінгі төрттік жасындағы жайылмасты дәліздер бар.

Мұғалжардың оңтүстік бөлігіндегі төменгі таулар борпылдақ неғұрлым балшықты борлы және палеогенді төбе-төбе рельефтермен көмкерілген. Бұл жалпы көтерілу салдарынан болып, кейін рельефтің ерте плантацияға ұшырауына байланысты тез бөлшектеніп, Шошқакөлдің биігіне теңелді.

Шошқакөл «таулары» - Мұғалжардың оңтүстік шеті, мұнда қатпарлы іргесі батыңқы, ал Мұғалжар биігінде меридионалды тартылған мегаантиклин континентальды төменгі бордың сазына шығады. Оның неғұрлым ізбестті және құмды тегіндегі қанаттарында «тауларды» батысы мен шығысынан көмкерген куэстті тізбектер пайда болды. Биіктік балшығы төбелі рельефке (биік толқынды жазықтық) ұласқан, биіктігі 50 метрден аспағанмен, Оңтүстік Мұғалжар маңының ең жоғарғы нүктесінде (Мұзбел тауы - 404 метр) . Шошқакөл биігінің негізгі жоғарысы палеогеннің темірдей құмымен құрсауланған Шағырай үстірті (биіктігі 160 метр), сол сияқты ақ шағылы мен шөнгінділері мол Үстірт сияқты төрттік кезеңге дейін пайда болған. Шағырай мен Шошқакөлдің шығыс табаны аралығындағы толқынды жазыққа Шаған өзенінің алқабы енеді.

Мұғалжар тауларында шикізаттың мол кездесуі ежелгі адамдарға түрлі еңбек құралдарын жасауына, ал плейстоцендегі табиғи жағдайлар түз андарын көп аулауына мол мүмкіндік туғызды. Мұалжар тауында ашель заманына тән шапқылар, тасбақа пішіндес өзектастар, қырғыштар жиі кездеседі. Бұл Мұғалжар тауының басқа өңірдегі палеолиттік кешендерден өзгеше екендігін көрсетеді. Сондай-ақ олардың Қаратау, Маңғыстау мен Сарыарқа өңірлеріндегі палеолиттік ескерткіштермен техникалық және типологиялық жағынан аз да болса байланысы бар екендігі аңғарылады. Әсіресе мұндағы Мұғалжар 3 - 6 ескерткіштерінен алынған, ашель дәуірінен бастап кейінгі (жоғары) палеолитке дейінгі аралықты қамтитын тас құралдар Қазақстандағы палеолиттік ескерткіштердің хронологиясын, кезеңдестірілуін және корреляциясын анықтауда негізгі мағлұмат көздерінің бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орал тауы туралы мағлұмат
Мұғалжар тауына физикалық – географиялық сипаттама
Орал тауы
Таулардың абсолют биіктігі
Тау жоталары
Урал тауының физикалық географиялық сипаттамасы
Қазақстанның жер бедері
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстанның таулары мен шөлдері
Н.А.Северцовтің Қазақстан табиғатын зерттеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz