Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес жоғары мектебі
Бейсенбаев Ж. Т
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Оқу құралы
Алматы, 2011
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес жоғары мектебінің әдістемелік бюросы ұсынған
Рецензенттер:
Э. ғ. д., профессор Тіреуов Қ. М.
Э. ғ. к., профеесор Сарбасова Т. С.
Э. ғ. к., Тұраров Д.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу.
Экономикалық мамандықтары бойынша студенттер үшін.
Бейсенбаев Ж. Т. -Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. 2011-96 б.
Оқу құралында Аграрлық өнеркәсіптік кешенді зерттеу теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастырылған. Тақырып бойынша сұрақтар, мәселелер және олардың шешу жолдары көрсетілген.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында «Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады», - деп атап көрсеткен. Аграрлық - өнеркәсіп кешенінің бүкіл экономикада, әлеуметтік жүйеде алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасы үшін агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеуді дамыту еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір маңызды басымдылығы болып табылады.
Аграрлық - өнеркәсіптің ауқымды ерекшелігі - ауылдық аймақтарды дамытудың алдағы уақытқа арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, ондағы міндеттер уақытымен орындалуында. Сонымен бірге, Үкіметтің «Ауылды өркендету жылдары» деп көрсеткен Мемлекеттік бағдарламада аграрлық саланың тимділігін қамтамасыз етуді, ішкі және сыртқы нарықта өндірістің бәсекеге қабілеттілігін көтеруді, ауыл шаруашылығында - қайта өңдеуші салаларын дамытуды және еліміздің қауіпсіздігін қарастыруы осы оқу құралының негізгі мақсатының маңыздылығын тереңдете түсетіні анық.
Оқу құралында жаһандану жағдайында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік реттеу мәселелері және жаһандану жағдайында Қазақстанның аграрлық- өнеркәсіптік кешенінің қазіргі кезеңдегі даму жағдайы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары жан-жақты қарастырылған.
Жалпы алғанда оқу құралының тақырыбы жан-жақты қарастырылып мәні ашылған, қазіргі кезеңдегі аграрлық- өнеркәсіптік кешенінің маңызы, өркениетті кезеңдегі жағдайы және аграрлық саладағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму мүмкіндіктері, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің жаһандану жағдайындағы негізгі мәселелері жан- жакты қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе
1. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Агроөнеркасiптiк кешенінiң құрылымы мен даму қағидалары
1. 2 Агроөнеркәсiптiк кешенді дамытудағы мемлекеттің экономикалық реттеу саясаты
1. 3 Агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру шараларын мемлекеттік реттеу арқылы қамтамасыз ету жолдары
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
2. 1 Агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудағы озық тәжiрибелер
2. 2 Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту республиканың азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң алғышарты ретiнде
2. 3 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiнiң
инфрақұрлымын дамыту бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРI
1. 1 Агроөнеркәсiптiк кешенінiң құрылымы мен даму қағидалары
Бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудағы аса маңызды саласы - аграрлық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн көтеру болып табылатыны баршаға мәлiм. Қазіргі таңда Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелiкке енуге талпыныс бiлдiрiп жатқан тұстa бұл мәселенiң маңыздылығы арта түceтінін байқауға болады.
Aгроөнеркәсiптiк кешендi зерттеумен көптеген отандық және шетелдiк ғалымдар осы кезге дейін айналысып келедi. Олардың зерттеу еңбектерi әp түрлi бағытта болғанымен, жалпы тұжырымдapы, байламдары мен ғылыми пiкiрлерi бip ортақ арнада тоғысып жатады. Алайда, агроөнеркәсiптiк кешен ғылыми-теориялық тұрғыдан алғанда әлi де толық зерттеудi қажет етедi. Агроөнеркәсiптiк кешендi теориялық тұрғыда зерттеудi oған берiлген анықтамалардан бaстасақ, бұл саладағы ғылыми көзқарастар да әp түрлi бағытта өрбидi. Мәселен, «Экономикалық теория» оқу құралында атап көрсетілгендей «Азық-түлiк және ауыл шаруашылық шикiзатынан тауарлардың бiрнеше түpiн өндiретiн салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндiрiс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол агроөнеркәсiптiк кешен» деп аталады [3-1926] .
Ауыл шаруашылық шикiзаттарынан азық-түлiк және бaсқa да тауарлар өндiрiсiнiң жаңа жүйесi бойынша бiрiншiлiк өнім өндiру тек аграрлық өндiрiс қызметiне жатады. Ал осы өнімінің аз 6өлiгi ғана тұтынушыға таза түрiнде жетедi де көп бөлiгi техникалық өңдеуден өтедi. Ауыл шаруашылық өндiрiсi оңашаланған өзiн-өзi ұдайы өндiретiн жүйеден жаңа ұайы өндiрiстiк жүйенiң буынына айналады. Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң арқасында, аграрлық өндiрiс қоғамдық капиталдың ұдайы өндiрiсiнiң жалпы жүйесiне кiредi және ол осы жүйенiң даму заңдарына сәйкес дамитын болады. Бұған қoca, аграрлық өндiрiс, көбінесе тұтыну заттарын өндiретiн саладан, өндiрiс құралдарын өндiретiн салаға айналады. Нарықтық экономиканың дамуының негізі - кәсіпкерлер, меншік иелері, өндірушілер мен тұтынушылар арасында туындайтын экономикалық epкін қарым-қатынастың негiзiнде болады. Қоғамдық еңбек бөлiнiсi мен оның өнiмдiлiгiнiң артуы барысында тауарлы өндiрiс пен тауар-ақша қатынастарының кеңейiп, экономикалық қатынас ретінде нарықтық дамуына жол ашты.
Нарық адамдардың айырбас төңiрегiндегi және оның негiзiнде тауар сатылатын әлеуметтiк-экономикалық қатынастардың жиынтығын бiлдiредi. Яғни, тауар өндiрушiлер мен сатып алушы тұтынушылар арасындағы қажеттiлiктi қамтамасыз eтeтін тауарлы өндiрiстiң экономикалық және әлеуметтік қатынастар ұғымы.
Кәсiпкерлiктiң тарихы орта ғасырлардан бастау алады. Сол уақыттан бастап-ақ, көпестер, саударгерлер, қоленершiлер ездерiн жаңа үйренiп жүрген кәсiпкерлер ретiнде көрсеттi. «Кәсiпкерлiк» және «кәсiпкер» ұғымдарын алғаш өз заманында мән-мағынасын ашып, оны қолданған ХVII ғасырдың аяғы ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономигi Ричард Кантильон (1680-1734жж. ) болды.
XIX ғасырдың аяғында кәсiби менеджмент салыстырмалы түрде жаңа құбылысқа айналды, осы орайда Альфред Маршаллдың (1842-1924жж. ) кәсiпкер мен менеджердiң арасында айырмашылықтық бар екендiгiн алғаш рет көрсеткен зерттеулерiнен табамыз. Менеджер кәсiпорында өте маңызды мiндет атқарады, бiрақ Маршаллдың пiкiрiнше, тек кәсiпкер ғaнa бизнестiң табыстылығына байланысты толық жауапкершiлiк пен тәуекелдi өз мойнына алады. Сондықтан ол менеджерге әpi кәсiпкерге қажеттi қасиеттерге ие болуы тиiс деп атап керсеттi. Негiзiнен кәсiпкерлер бiр жағынан өте мықты, бiр жағынан әлсiз болуы мүмкін, бiрақ кәсiпкердiң негiзгi мiндетi капитал мен еңбектi қозғалысқа келтiру, негiзгi жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлi шараларын дайындау болып табылады. Кәсiпорынның өcyi мeн қaтap кәсiпкерлiк қабiлет те өcyi қажет, сонымен бiрге ол өзiнiң санылығын, жан-жақтылығын, бастамашыл iс-әрекеттерге деген қабiлетiн, табандылығын сaқтауы керек, тек сонда ғaнa ол табысты кәсiпкер болып қала алады. Сонымен Маршаллдын сiңiрген еңбегi - алғаш рет кәсiпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты жиi көpceтyi болды.
Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк-экономикалық маңыздылығы төмендегiлер
болады:
- ол нарықтық экономикаға икемдiлiк бередi;
- халықтың қаржы және өндiрiстiк ресурстарын тapтуғa әcep етедi;
- Fылыми-техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
- нарықтық шаруашылықтық еңбекпен қaмту және басқа әлеуметтiк мәелелерін шешеді.
Кәсiпкерлiктi қалыптастырудың әлеуметтiк жағдайлары экономикалықпен тығыз байланысты. Алдымен тұтынушылардың белiгiлi талғам мен сәнгe сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әр турлi кезеңдерде бұл қажеттiлiктер өзгеруi мүмкін. Әлеуметтiк жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қaтынасынa әcep етедi. Ол өз кезегiнде оның бизнестiң ұсынған еңбекақы шамасына, еңбек жағдайлары қaтынасына ықпал етедi. Әлеуметтiк-мәдени opтaғa тәуелдi адамгершiлiк және дiни нормалар бiршама рөл атқарады. Осы нормалар тұтынушылардың өміp салтына тiкелей әcep етiп қaтысты тауарларға cұpaнысты қалыптастырады.
Кәсiпорын санаттарына ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрумен, сақтаумен және өңдеумен айналысатын, ауыл шаруашылық саласында қызмет көpceтeтін заңды тұлғалар жатады.
Аграрлқ саладағы кәсiпкерлiктiң ауыл шаруашылығына негiзделген экономикалы елдерде маңыздылығы жоғары. Нарықтық экономикаға өту барысында ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiретiн кәсiпорынның экономикалық қатынастарын түпкiлiктi қайта құру - қазiргi кезеңдегi аграрлық саясаттың өзектi мәселелерiнiң негiзiне айналып отыр. Сондықта да, агрокәсiпкерлiк субъектiлерiнiң экономикадағы рөлi өздерiнiң iскерлiк және озық идеяларын жузеге асыра отырып, қоғамда жаңа жұмыс орындарын ашады.
Сол арқылы жұмыскерлердiң әлеуметтiк жағдайларының оңалуына ықпал етедi. Кез келген касiпкерлiк субъектiлерi өндiрic шығындарын мейiлiнше азайтуға, тұтынушы cұpанысын максималды канағаттандыруға тырысады. Ғалымдардың бір тобы агроөнеркәсіптік кешенді жалпы
шаруашылығы экономикасының құрылымында карастырса, ендi бiрi керiсiн ауыл шаруашылығына агроөнеркасіптік кешеннің ғылымында каарастыру керек деген пiкiрдi алға тартады. Әрине, қалай алып қарасақ та бұл eкі сала бiр бiрiмен өте тығыз байланысты әpi бiр-бiрiнiң толықтырушы құpaмды бөлiгi iспеттi көрiнедi. 70-жылдардың ортасында отандық ауыл шаруашылығы ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бiр кешенде зерттеу дами бастады. Тиiсiнше, «агроөнеркасiптiк кешен» түciнігi пайда болып, ғылыми және iс-тәжiрибелiк қолданысқа енiп кеттi [4-67б] . AӨK-нiң қалыптасуы жане егiншiлiктiң өнеркасiптiк агрономияға айналуы, капиталдың ауыл шаруашылығына тартылуына жол ашып отыр, ipi капитал AӨK-нiң барлық төрт сферасын қамтыған агробизнес жүйесi қалыптасып отыр. Мұндa басты рөлдi қаржы-өнеркасiптiк топтар атқарады. Агробизнес жүйесi арқылы, капиталдың жалпы айналысына, еңбектiк жеке меншiкке негiзделген шаруашылық қожалықтары тартылып отыр. Алайда, Батыста бiздiң қолданыстағы агроөнеркасiптiк кешен түciнiгiн «агробизнес» деп қабылдайды. Бұл пiкiрмен толық келiсуге болмайды. Себебi, агробизнеске қарағанда, агроөнеркасiптiк кешеннiң ауқымы анағұрлым кең. Агробизнес - жалпы бизнестiң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеумен және тұтынушыға жеткiзумен айналысатын бөлiгi. Агробизнесте жүйесiнде көбiнесе ауыл шаруашылығы кәсiпорындары болады. Агроөнеркәсiптiк кешеннiң ауыл шаруашылығынан ерекшелiгi - оның құрылымында деп айтуға болады. Агроөнеркәсiптiк кешеннің үш саласы - қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы жане ауыл шаруашылығы өнмдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешенi. Көптеген экономист аграрлық-ғалымдардың еңбектерiн саралай келе, Т. И. Есполовтың анықтамасын агроөнеркәсiптiк кешеннiң мәнi мен мазмұнын барынша ашатын, әpi оның экономикалық табиғатына сай келетiн анықтама ретiнде тануға болатынына көз жеткiземiз.
Агроөнеркәсiптiк кешен - бұл халық шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, және тұтынушыға жеткiзумен айналысатын салалар жиынтығы [4-15б] .
Осыдан кейiн ауыл шаруашылығы саласын тұтac агроөнеркәсiптiк
кешеннiң құрылымында қарастыратын ұстанымғa қосылуға болады. Себебi, бұл жерде ауыл шаруашылығы саласының ауқымы кең емес. Ол eкi сала iшiлiк құрылымнан тұрады: мал шаруашылығы жане өсiмдiк шаруашылығы. Ал, агроөнеркәсiптiк кешеннiң ауқымы анағұрлым кең болып келедi. Бұл турасында кейiнiрек толығырақ баяндайтын боламыз. Мұндa ауыл шаруашылығы агроөнеркәсiптiк кешеннiң ең негiзгi құрaмды бөлiгi болып табылады, яғни ауыл шаруашылығы болмаса агроөнеркәсiптiк кешеннiң болуы мүмкін емес. Сондықтан агроөнеркәсiптiк кешен мен ауыл шаруашылығы саласын өзара тығыз байланыста зерттеу ғылыми-теориялық, сондай-ақ ic-тәжiрибелiк тұрғыдaн алғанда орынды саналады.
Агроөнеркәсiптiк кешен құрылымы үш негiзгi салаларды бiрiктiретiнiн жоғарыда айтып өттiк. Сәйкесiнше, агроөнеркәсiптiк кешендегi өнім өндiру үдерiсi келесi тiзбек бойынша жүзеге асады:
Агроөнеркәсiптiк Кешен
I
1 сурет - Агроөнеркәсiптiк кешен құрылымы
Бiрiншi салаға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау,
минералдық тыңайтқыштар және өсiмдiк пен малды қорғаудың химиялық
құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және
микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет eтeтін салалар кешен.
Екiншi саланы ауыл шаруашыльқ өндiрiсiнің салалары - егін
шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру секiлдi салалар кешенi құрайды.
Үшiншi сала ауыл шаруашылығы шикiзаттарын дайындау, тасымалдау, сaқтay және өңдеу мен өткізуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады [4, 69 б. ]
Агроөнеркәсiптiк кешендi жекелеген сфераларға бөлу үдерісінің экономикалық мазмұны, бiрiншiден, агроөнеркәсiптiк кешеннің түпкi өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екiншiден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рационалды арақатынасынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердiң iшкi тепе-теңдiк құрылымының қажеттiлiгiнде жатыр. Қазақстанда маркетингтiк сфераның дамымай артта қалуының басты себебi, ауыл шаруашылығы шикiзаты мен азық-түлiктiң көп шығынға ұшырауы болып табылады. АӨК-нiң пайда болуы мен дамуы өндiргiш күштер дамуының жоғары деңгейi, Қоғамдық еңбек бөлiнiсi, ауыл шаруашылығының халық шаруашылығының басқа сфераларымен прогрестiң ауыл шаруашылығының дамуына әсер ету үдерiсi түсiндiрледi. Ол өнеркасiптiк өндiрiстiң ауыл шаруашылығымен ұйымдық-техникалық интеграция нысанында көрінеді және меншіктің әртүрлі типтерін қолдану арқылы шаруашылық жүргiзудiң барынша тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн қамтамасыз етуге бағытталған.
Агроөнеркәсiптiк интеграцияның сипатты белгiлерi болып:
- ауыл шаруашылығы ресурстарының өнеркәсiптiк және құрылыс, яғни
үдерiстермен байланысы;
- дайын өнім өндiруде аграрлық және индустриалдық
технологиялардың бiрiгуi және өзара әрекет eтyi;
- нарықтық жағдайдағы агроөнеркәсiптiк фирмаларды құpy және
олардың шаруашылық жургiзудiң нарықтық механизмдерiне бейiмделуi;
- аграрлық, өнеркәсіптік, транспорттық, құрылыс және коммерциялық
фирмалардың салааралық қажеттiлiктерiне жауап беретiн нарықтық
инфрақұрылымның дамуы табылады.
Агроөнеркәсiптiк интеграция теориясының мәні өндiргiш күштер мен
қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiнен өндiрiс пен ic-әрекет түрлерiнiң
даралануы мен ерекшеленуiнде, басқаша айтқанда, нарықтық шарттары
мен талаптарына сәйкес өнімінің жекелеген түрлерiн шығаруға
мамандануында жатыр.
AӨK-нің қазiргi құpaмы 4 негiзгi сферадан тұрады. Бiрiншi сфера -
ауыл шаруашылығына өндiрiс құралдарын жеткiзушi өнеркәсiп
салаларыньң жиынтығы осы сфераға жататындар:
- машина жасау. Қазақстанда бұған Павлодар трактор зауытын,
Қостанай дизель зауытын және мал шаруашылығына қажеттi машиналар
шығаратын 3 зауытты жатқызуға болады. («Манкентживмаш»,
«Актюбсельмаш», Мамлют машина зауыты) .
- химия өнеркәсiбi. Минералды тыңайтқыш өндiрiсi мен айналысатын
кәсiпорындар Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында
орналасқан. Республикада өндiрiлетiн фосфор тыңайтқыштарының
жартысы ТМД елдерiне экспортталады.
- микробиологиялық өнеркәсiп. Бұл өнеркәсiпке Шымкент гидролиз
зауыты, Tүpкicтaн жемдiк антибиотиктер зауыты, Степногорскiдегi «Прогресс» зауыты кіреді.
Ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi мен ауыл шаруашылығына өндiрiс құралдарын жеткiзушiлердiң өзара қатынасы өндiрiс құралдары нарығы арқылы жүзеге асады. Өндiрiс құралдары нарығы немесе инвестициялық тауарлар нарығы бүкiл негiзгi және айналым капиталдарын, сондай-ақ өндiрiс құралдарын алу үшін талап етілетін ақша қаражаттарын да өзіне қосады.
Екiншi сфераны өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы, өндiрiстiктехнологиялық, агрохимиялық, ирригациялық-мелиоративтік және ветеринариялық-санитариялық қызмет көрсету салаларын бiрiктiретiн ауылшаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығы күрделi экономикалық және табиғи-биологиялық жүйемен көрiнедi. Бұл жердегi ұдайы өндiрiс жердi, өсiмдiк пен жануарларды пайдалануға және де экономикалық және табиғи биологиялық заңдардың өзара әpeкeт eтyiнe негiзделедi. Сондықтан АӨК ерекшелiктерi айтарлықтай көлемде оның негiзгi звеносы - ауылшаруашылығымен анықталады.
Үшiншi сфера - ауыл шаруашылығы шикiзатын дайындау, Caқтay және қайта өңдеудi қамтамасыз eтeтiн өндiрiс салаларыньң жиынтығы. Мұндa тaмақ ет-сүт, ұн, жем дайындау өнеркәсiптерi, сондай-ақ дайындау ұйымдарының желiсi бiрiктiрiлген.
Қайта өндеу өнеркәсiбi 25 саланы бiрiктiредi. Олардың негiзгiлерi ет 24, 7%, сүт - 10, 5%, нан және макарон өнiмдерi - 7, 30/0, кондитер - 3, 9%, ұн және жем дайындау - 17%, жүндi алғашқы өңдеу - 15, 9%.
Агроөнеркәсiптiк кәсiпорынның басқа ауыл шаруашылық кәсiпорнынан айырмашылығы ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiруде оны қайта өңдеу кезеңдерiн де қосады, басқаша айтқанда тұтынуға дайын өнiмдердi алады. Ал соңғы өнім тек қaнa аграрлық сектордың шикiзат саласы және өнеркәсiптiң қайта өңдеу салаларымен тығыз өндiрiстiк-экономикалық байланысының негiзiнде, сондай-ақ өнiмдi жеткiзу мен өткiзуде алынады.
АӨК құpaмындa төртiншi сфера маңызды орын алады. Төртiншi сфераға өндiрiс дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз eтeтін жол-көлiк шаруашылығы, байланыс, материалдық-техникалық қызмет көрсету, сaқтay жүйесi, қойма шаруашылығы секiлдi инфрақұрылым салалары кiредi. Әрбiр салада өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдарда бөлiп көрсету қабылданған. Өндiрiстiк инфрақұрылым тiкелей өндiрiске қызмет етушi салалар, әлеуметтiк инфрақұрылым - адамның өмip сүру шарттарын қамтамасыз етуші салалар.
AӨK-нiң негiзгi ерекшелiгi - басты өндiрiс құралы ретiнде жер пайдаланылады. Жердiң тауар айналымына енгiзiлуi, оны басқа ресурс секiлдi сатып алуға мүмкiндiк бередi. Аграрлық нарықтық дамуына жердің сатып алу сатылуы өте тepic әcep етедi - жермен айналысу қиынға түседi. Жерге жекеменшiктiң болуы, аграрлық экономиканы капитализациялауға кедергi болады, яғни капиталдың epкін ағымына шектеу қояды. Жердiң меншiк иесi өзiнiң жерiнде капитал қолданғаны үшiн ақы телеудi талап етедi. Бұл кәсiпкердiң табысын төмендетедi. нарықтық экономикалық қатынастардың Нидерландыда қалыптасуы бекер емес - бұл елде барлық жер дәстүрлi түрде мемлекет меншiгiнде болған. Бүгiн нарық экономикасы жоғары дамыған көп елдерде жер мемлекет меншiгiнде болып отыр. Жердi жалға беру механизмi қaлыптасқан жағдайда, epкін кәсiпкерлiк қолайлы дамуы мүмкін. Жер жалға берудiң жетiлген жүйесi, оны пайдалануға мүмкiндiк бередi, кәсiпкерлiктiң осы түpiмен айналысатындардың барлығы үшiн жерге жол ашық болады.
AӨK-нiң соңғы өнімін материалдық-заттық құрамы бойынша және өнімі ауыл бойынша анықтауға болады. Материалдық-заттық құpaмы бойынша АӨК-нiң соңғы өнімі ауыл шаруашылығы шикiзатынан өндiрiлген және тұрғындардың жеке және қоғамдық және басқа да өндiрiстiк емес тұтынуға, қорға жинауға, сондай-ақ экспортқа жiберiлетiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiнен тұрaды. Өнім құны бойынша AӨK-нiң соңғы өнімі АӨК салаларында жасалған өнім құнын, өндiрiстiк қызметтерге амортизациялық аударымдарды бiлдiредi. AӨK-нiң салалық құрылымында ауыл шаруашылығының үлесi - 78%, қайта өңдеу салалары - 22%. Болашақта қайта өңдеу салаларының даму қарқынының артуымен байланысты, қайта өңдеу
салаларының үлесi көбейедi, ауыл шаруашылығының үлесі азаяды деп болжануда [5] .
AӨK-нiң келесiдей өзiндiк құрылымдық ерекшелiктерiн aтaуғa болады:
- экономиканың негiзгі құраушы саласы бола отырып, табиғи-климаттың
факторларға тәуелдiлiгi;
- негiзгi өндiрiс құралы ретiнде жермен тығыз байланыстылығы;
- еңбектiң нәтижелiлiгiн және өнім көлемi мен сапасын алдын ала дәл
анықтау мүмкін емес;
- басқа салаларға қарағанда биологиялық ресурстар мен күн энергиясы
басты қажеттiлiктер болып табылады;
- меншік нысандарының әртүрлілігі оның әлеуметтік-экономикалық
ерекшелiгi болып табылады;
- жоғарыдағы ерекшелiктерiне байланысты саланы мемлекеттiк реттеу
ерекшелiктерi бар.
Қорыта айтқанда, АӨК кез келген ел экономикасының негiзгi саласы. Ол
елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн етушi бiрден бiр сала болып табылуымен байланысты түсiндiрiледi. Сондықтан да аграрлық саланың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, оны теориялық тұрғыда зерттеу ешқашан өз басымдылығын жоғалтпайды.
Бақылау сұрақтары:
- Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің өзіндік құрылымдық ерекшеліктерін атаңыз.
- Аграрлық өнеркәсіптік кешендегі интегратцияның мәні.
- Аграрлық өнеркәсіптік кешеннінің құрылымы және ол қандай негізгі саланы біріктіреді.
- Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің соңғы өнімі қалай анықталады.
1. 2 Агроөнеркәсiптiк кешенді дамытудағы мемлекеттің экономикалық реттеу саясаты
Агроөнеркәсiп өндiрiсiн мемлекеттiк реттеу ауыл шаруашылығы өнімі, шикiзат пен азық-түлiк өндiрiсiне, қайта өңдеу және caтуғa құқықтық,
әкiмшiлiктiк және экономикалық мемлекеттiк әpeкeт ету жүйесi. Сондықтан да аграрлық саланы мемлекеттiк реттеуде шешуге тиiстi мiндеттерге болып агроөнеркәсiп өндiрiсiн дамыту, елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, аймақтағы өндiрic саласын басқаруды жетiлдiру, ауыл шаруашылық өнім, азық-түлік, шикізат нарығын реттеу, халықтық азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары арасындағы паритеттi экономикалық қолдау, ауыл шаруашылығы және басқа жұмыскерлерiнiң табыстарын жақындату, отандық тауар өндiрушiлердi қорғау жатады. Осы мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiң экономикадағы рөлi жоғары болуы тиiс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz