Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылысы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Жобаларды басқару ұғымы, мақсаты, қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Жобаларды басқару стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.3 Құрылыс саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері ... ... ... ... ... .23
1.4 Жобаларды басқарудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ.ҚҰРЫЛЫС ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.1Алматы қаласы мемлекеттік сәулет.құрылыс бақылау басқармасына жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.3Алматы қаласы мемлекеттік сәулет.құрылыс басқармасының жобаларының қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3 ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
3.1 Құрылыс саласындағы мәселелерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...55
3.2 Сәулет.құрылыс саласын жақсартуда мемлекеттің рөлін арттыру ... ... 64
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...73
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізіп, жаңаша ұйымдастыру, қызмет ету бағыттары мен көптеген тұрмыстық мәселелерді туындатты, сонымен қатар құрылыс саласы мен шаруашылығы қызметтері де көптеген өзгерістерге ұшырады, бұл Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығының дамуына әкеліп, халықтың тұрмыс тіршілігін нарықтық бағытқа бұрды. Нарық инфрақұрылымының кеңеюі тұрғын үй құрылысының көлемі мен сапасына тікелей әсер етіпқана қоймай, тұрғындардың қолайлы жағдайда тұрмыс кешуіне себепші болады. Сондықтан құрылыс саласын дамыту бағыттарын анықтау және ұтымды ұйымдастыру қоғам үшін аса маңызды. Тұрғын үй ерекше тауар, оның құны мен оған деген сұраныс пен ұсыныс арасында көптеген келеңсіздіктер соңғы кездері жиі кездесуде, мұны мемлекет тарапынан реттеу жағдайларын қарастыру аса маңызды орынға ие болды және Қазақстанда мемлекеттік құрылыс саласына байланысты бағдарламалары қабылданып, іске асырылуда. Құрылыс саласын дамытуға мемлекеттік, жергілікті органдар, банктік қаржы ұйымдары, ірі кәсіпорындар және тағы басқа мекемелер өз үлестерін қосуда, ал олардың қызметінің нарықта ұтымды жүргізілуі экономикалық дамуға оң әсер береді эәне экономикалық басқа да салаларына өз ықпалын тигізеді. Құрылыс саласын дамыту мемлекеттің саяси маңызды міндеттерінің бірі, бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының басым бағыттарында көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында да тұрғындардың баспана жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қарастырылады.
Қазіргі тұрғын үй нарығының инфрақұрылымы даму үстінде, нарықта көптеген институттар қызмет етеді, олардың қызмет ету бағыттарын талдау елдің әлеуметтік-кономикалық мәселелерін шешуде қажетті болып табылады. Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Тұрғын үй нарығы, мәселелері, тиімді қызмет етуі туралы экономист ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған, В.В. Шеремет, Стэнли Э. Портни, Рассел Д. Арчибальд, Ньюэлл Майкл, Ким Хелдман, Ю.Н. Лапыгин, Ф.Г. Клиффорд, У.Л. Эрик, А.А. Матвеев, Д.А. Новиков, И.И. Мазур, В.Д. Шапиро, Н.А. Назарбаев, Ә. Әмірқанов, А.К. Тұрғұлов және т.б. ғалымдар мен басқа да авторлардың ғылыми еңбектерінде нарық зерттеліп, қарастырылған.
1. В.В.Шеремет// Управление проектами. Том 2. Москва, 1998г
2. Лапыгин Ю.Н.Управление проектами: от планирования до оценки эффективности. Омега-Л «Москва», 2008. ‒ С.252.
3. Клиффорд Ф. Грей, Эрик У. Ларсон «Управление проектами», 2002 жыл
4. Ньюэлл Майкл В. Управление проектами для профессионалов. Руководство по подготовке к сдаче сертификационного экзамена. «КУДИЦ-ПРЕСС», 2008. С.416.
5. Том ДеМарко Deadline. Роман об управлении проектами. «ВЕРШИНА» «М», 2006. С.143.
6. Ким Хелдман Профессиональное управление проектами. «Бином» «Москва», 2005. С.517.
7. Стэнли Э. Портни Управление проектами для "чайников" Project Management For Dummies. М.: «Диалектика», 2006.С. 368.
8. Рассел Д. Арчибальд Управление высокотехнологичными программами и проектами = Managing High Technology Programs and Projects. М.: «Академия АйТи», 2004.С.472.
9. А.А. Матвеев, Д.А. Новиков, А.В. Цветков «Модели и методы управления портфелями проектов», 2005жыл
10. И.И. Мазур, В.Д. Шапиро, Н.Г. Ольдерогге «Управление проектами», 2004 жыл
11. Ә. Әмірқанов, А.К. Тұрғұлова «Қаржы менеджменті». Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. 177-190бб
12. Құрылыс туралы заң http://195.12.104.236/kk/doc/show/75518
13. Сәулет-құрылыс сайты www.gask.kz
14. http://gask.evgeny.tmweb.ru/page.php?page_id=43&lang=1&page=2
15. http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/library2/5_ekonomika/ekonomica/article/stroitelstvo&lang=kk
16. Статья «Стратегия развития компании в условиях высококонкурентных рынков», Майкл Е. Портер
17. http://www.icbk.kz/?i=28
18. http://e.gov.kz/wps/wcm/connect/3a556f80450aa157a835aafd5501a254/ЗРК_Об+архитектурной_каз.html?MOD=AJPERES&useDefaultText=0&useDefaultDesc=0
19. ҚР статистика агенттігі www.stat.kz
20. www.google.kz
21. http://www.saulet.astana.kz/taxonomy/term/1064
22. http://baq.kz/kaz/news/cat/5/34
23. Баспана мәселесінің қазіргі жағдайы // Халықаралық Бизнес Университетінің Хабаршысы, қаңтар- наурыз 2007, -№1 (3), 74- 76 б., 1,3 б/б.;
24. Тұрғын үй құрылысы нарығының аймақтық дамуы мен болашағы // «Концептуальные основы современной эпохи и Казахстанская модель социально-экономического развития» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, «Туран» университеті, Алматы,18-19қазан 2007,256-261б.
25. Тұрғын үй нарығын дамытудың шетелдік тәжірибесі // КазЭУ Хабаршысы, 2008, -№4 (64), 177-180 б.
26. Алматы құрылыс сайтыhttp://almaty.kz/page.php?page_id=2055&lang=3
27. Нарықтық экономикадағы тұрғын үй саясатының дамуы // «Экономика, бизнес және білім беру саласындағы жаңа үрдістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Халықаралық бизнес университеті, Алматы, 8 қараша 2007, 93-96 б.
28. Современное состояние и развитие рынка жилья в Казахстане // «Научное пространство Европы-2008» атты II-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Украина, 16-31 сәуір 2008, 25-30 б., 0,4 б/б.;
29. Нарық жағдайындағы тұрғын үй жүйесінің экономикалық дамуы // «Ізденістер» Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, 2007, -№ 4, 157-160 б.
30. Жаңалық сайты http://www.bnews.kz/kk/news/post/28339/
31. http://www.ads.gov.kz/kz/index.php?option=com_content&view=article&id=198:2010-08-31-04-22-58&catid=21:2010-01-19-06-57-59&Itemid=233

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Жобаларды басқару ұғымы, мақсаты, қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ...8
1.2 Жобаларды басқару стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 Құрылыс саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері ... ... ... ... ... .2 3
1.4 Жобаларды басқарудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..26
2АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.1Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.2 Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.3Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының жобаларының қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3 ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
3.1 Құрылыс саласындағы мәселелерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...55
3.2 Сәулет-құрылыс саласын жақсартуда мемлекеттің рөлін арттыру ... ... 64
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 71
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізіп, жаңаша ұйымдастыру, қызмет ету бағыттары мен көптеген тұрмыстық мәселелерді туындатты, сонымен қатар құрылыс саласы мен шаруашылығы қызметтері де көптеген өзгерістерге ұшырады, бұл Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығының дамуына әкеліп, халықтың тұрмыс тіршілігін нарықтық бағытқа бұрды. Нарық инфрақұрылымының кеңеюі тұрғын үй құрылысының көлемі мен сапасына тікелей әсер етіпқана қоймай, тұрғындардың қолайлы жағдайда тұрмыс кешуіне себепші болады. Сондықтан құрылыс саласын дамыту бағыттарын анықтау және ұтымды ұйымдастыру қоғам үшін аса маңызды. Тұрғын үй ерекше тауар, оның құны мен оған деген сұраныс пен ұсыныс арасында көптеген келеңсіздіктер соңғы кездері жиі кездесуде, мұны мемлекет тарапынан реттеу жағдайларын қарастыру аса маңызды орынға ие болды және Қазақстанда мемлекеттік құрылыс саласына байланысты бағдарламалары қабылданып, іске асырылуда. Құрылыс саласын дамытуға мемлекеттік, жергілікті органдар, банктік қаржы ұйымдары, ірі кәсіпорындар және тағы басқа мекемелер өз үлестерін қосуда, ал олардың қызметінің нарықта ұтымды жүргізілуі экономикалық дамуға оң әсер береді эәне экономикалық басқа да салаларына өз ықпалын тигізеді. Құрылыс саласын дамыту мемлекеттің саяси маңызды міндеттерінің бірі, бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының басым бағыттарында көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында да тұрғындардың баспана жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қарастырылады.
Қазіргі тұрғын үй нарығының инфрақұрылымы даму үстінде, нарықта көптеген институттар қызмет етеді, олардың қызмет ету бағыттарын талдау елдің әлеуметтік-кономикалық мәселелерін шешуде қажетті болып табылады. Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Тұрғын үй нарығы, мәселелері, тиімді қызмет етуі туралы экономист ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған, В.В. Шеремет, Стэнли Э. Портни, Рассел Д. Арчибальд, Ньюэлл Майкл, Ким Хелдман, Ю.Н. Лапыгин, Ф.Г. Клиффорд, У.Л. Эрик, А.А. Матвеев, Д.А. Новиков, И.И. Мазур, В.Д. Шапиро, Н.А. Назарбаев, Ә. Әмірқанов, А.К. Тұрғұлов және т.б. ғалымдар мен басқа да авторлардың ғылыми еңбектерінде нарық зерттеліп, қарастырылған.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты құрылыс саласындағы субъектілер мен объектілердің қызмет етуіндегі қиыншылықтар, кемшіліктердің анықталуы негізінде құрылыс саласын әрі қарай жетілдіре отырып, дамытудың экономикалық механизмін әзірлеу. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының негізгі міндеті, құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасын ретке келтіру. Бірінші кезекте техникалық қадағалаушыларға, авторлық қадағалаушыларға, мердігер мекеменің ішкі бақылаушыларына талаптар қойылады. Қойылған мақсаттарға байланысты мына міндеттерді зерттеу қарастырылған:
1) Нарық механизмін талдау, құрылыс саласын одан әрі дамытудың ғылыми аспектілерін зерттеу;
2) Шетелдік құрылыс саласының дамуындағы тәжірибелерді зерттеу;
3) Отандық құрылыс саласының даму тенденциясын зерттеу және мәселелерін анықтау;
4) Ұлттық, аймақтық құрылыс нарығын дамытушы бағдарламалардың қызметін талдау және одан әрі қарай дамытуда ұсыныстар жасау;
5) Туған еліміздің Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына көп болмаса да өзінің сәулет және құрылыс салу өнерін әлем мойындайтындай дәрежеге көтеруге талпынып келеді, бұған еліміздің жаңа ордасы-Астана қаласының ұлттық нақышта басым жобаланған сәулеті мен құрылысы дәлел бола алады. Сәулет және құрылыс бөлімінде маманданып жүрген әрбір жастың болашақта осындай үлкен ғасыр құрылыстарын жобалауға және тұрғызуға өз үлесін білімдарлықпен қосуы қазіргі студенттік кезден басталады деп есептеймін.
Қазіргі заманғы сәлеттік-құрылыстың жоба ғылым мен техника жетістіктері мен отандық және шетелдік озат тәжірибелерді ескере отырып жүргізілуі қажет. Сондай-ақ қаралған жоба-жоғары өнімділіктегі қондырғыларды, өндірістік процесстердің механизациялануы және автоматтандырылуы, құрылыстың индустриялы әдісін қолдану, ғимараттар мен имараттардың көлемдік-жобалау және конструктивтік шешімдерін жетілдіру ескеру есебіне бағытталған күрделі қаржыны игеру тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Жобаны жүзеге асыру барысында оның негізгі мақсатын (миссия деп те атайды) бірінші дәрежедегі мақсаттардан, сонымен қатар мақсат бөлімшелерінен тапсырмалар, қызметтерден және нәтижелерден бөліп қарастырады. Жобаның болашақ негізгі қызметтері немесе өнімдері, оның негізгі рыноктары және оңтайлы технологиялары тұрғысынан қарағанда миссия жобаның басты міндеті болып табылады. Мақсаттылық жобаның маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Жобаның мақсатын анықтау оның миссиясын жасаудан басталады.
Дипломдық жұмыс: 3 бөлімнен, кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі, қосымша және 16-кесте мен 8-суреттен тұрады.

1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жобаларды басқару ұғымы, мақсаты, қағидалары.

Жоба дегеніміз, бір жағынан, қандай да бір идея, объектінің сипатталған, нақты есептелген, сызба, бизнес-жоспар түріндегі бейнесі. Екінші жағынан, жоба - ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің бағдарламасы.
Жоба-жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, тағы басқа макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады. Кәсіпорындарды жобалауға тапсырма берілгенде нарықтық экономика жағдайына сәйкес жаңа құрылыстың немесе қайта құрудың тиімділігі ескеріле отырып, техникалық-экономикалық дәлелдерге сүйенеді. Жобалық тапсырмада мынадай негізгі сипаттамалар: үкіметтің тиісті қаулысы, құрылыс салынатын аудан, шығарылатын өнім мен кәсіпорынның өндірістік қуаты, шикәзатпен, отынмен, газбен, электр энергиясымен, сумен, тағы басқа қамтамасыз ететін көздер мен әдістер, өндірісті белгілі бір өнім түрлерін шығаруға ыңғайлау, құрылыстың аяқталу мезгілі және кейбір жеке бөліктерінің іске қосылуы, жұмсалатын қаражат мөлшері, өзіндік құн көрсеткіштері, болашақта ұлғайту мүмкіндіктері, тағы басқа мәліметтер түгел көрсетілуге тиіс.
1) Жұмыстық жоба-бұйым жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманың (техникалық жобадан кейін) жасаудың 4-ші сатысы; оған мына этаптар жатады:
+ Жұмыстың сызбаларды және техникалық жағдайларды жасау, транспорттық құралдардың тәжірибеден өткен агрегаттардың үлгілерін дайындау және сынақтан өткізу конструкциялық құжаттаманы жөнге келтіріп отыру;
+ Сонымен қатар бұған мыналар жатады: бос серияны және орнату сериясын сынау; конструкциялық құжаттаманы жөнге келтіру;
+ Құжаттарға-тәжірибелік үлгілер үшін о литерін, орнату сериясы үшін а, басты серия үшін б беру.
2) Техникалық-жоба конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау кезіндегі 3-ші стадиясы, оған мыналар жатады:
3) Жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, шасси пакетін жасап шығару, агрегаттар конструкциясын жасап шығару;
4) Құжаттарға т литерін тағайындайды.
5) Нобай жоба-бұйымды жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманы жасаудың 2-ші сатысы (техникалық ұсыныстан кейін)-мынадай кезеңдер жатады:
1) Эскиздік құрастыру сызбасы, ізденіс макеттерін құру, ішкі және сыртқы пішімдеу;
2) Бұл конструкциялық құжаттар мен пішіндердің жиынтығында, ол жолаушылар мен жүргізушінің орналасуы, бұйымның сыртқы және ішкі пішіндері туралы толық көрініс беретін қорытынды техникалық шешімдер болуы керек.
Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының бағдарламасы, кәсіпорын құрыллысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту (Батыста дизайн деп аталады).
Қазіргі әдебиеттерді талдай отырып, жобаларды 2 түрлі көзқараспен анықтауға болады:
- жобаны қызмет түрі, шаралардың кешені түрінде анықтау;
- жобаны құжат түрінде анықтау.
Жоба үрдістер мен қосалқы жобалардан тұрады. Үрдіс - нәтиже әкелетін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді біріктіреді. Олардың негізгілері:
-нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу;
-белгілі ресурстар;
- басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.
Жалпы алғанда, жоба - бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.
Жобаның элементтері:
1) ой (мәселе, міндет)
2) Жүзеге асыру құралдары (шешім)
3) Жүзеге асыру мақсаттары (нәтиже, шешім)
Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының бағдарламасы, кәсіпорын құрыллысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту (Батыста дизайн деп аталады). Кейбір салаларда (авиациялық-космостық, қорғаныс) жұмыстың күрделілігіне байланысты жобалар бағдарламаға бірігеді.
Бағдарлама - өзара байланысты жобалардың жиынтығы.
Бәсекелестік пен жоғары технологиялардың дамуының әсерінен жобалық-бағдарланған әлемде өмір сүруіміз Жобаларды басқару пәнінің маңыздылығын анықтайды.
Жобаларды басқару жеке пән ретінде Батыстың дамыған елдерінде ХХ ғасырдың 50 жылдары қарастырыла бастады. Жобаларды басқару салыстырмалы жас ғылым, бірақ жобаларды басқаруды адамдар ерте кезден білген. Мысалы, Ұлы қытай қорғаны, Эйфелева башня жобаларды басқару әдістерін білмей салынуы мүмкін емес еді. Жобаларды басқару - даму сатысындағы менеджменттің жаңа бағыты [1].
Жобаларды басқару дегеніміз жоба мақсатына жетуде басқару техникасы мен технологиясын, заманауи әдістерді қолдана отырып адам және материалдық ресурстарды жобаның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде ұйымдастыру, жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру әдістемесі.
Жобаны басқару функциялары жобалық басқарушылық іс әрекетті білдіреді. Олар басқару жүйесі құрылымының қалыптасуын анықтайды. Оған жататындар: жоспарлау, шешім қабылдау, жоба бюджетін жасау, жобаны ұйымдастыру, мониторинг, бағалау, бақылау, экспертиза жасау, бухгалтерлік есеп, тексеру және қабылдап алу, әкімшілік қызметі. Жоспарлау жобаны басқару функциясы ретінде. Жоспарлау басқарушыға белгілі бір уақыт кезеңіндегі болашақ қызметтердің сипатын, қалпын және реттілігін анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Жоспарлауға енетіндер: жобаға қатысты сыртқы қоршаған ортаның даму перспективаларын анықтау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және оларды орындауға қажетті іс әрекеттер бағытын анықтау. Негізінен, жоба тиімді жүзеге асуы үшін мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін жобаны басқару функцияларын дұрыс жүргізу керек. Жобаны басқару әдістері мыналарға мүмкіндік береді: жобаның мақсаттарын анықтап, негіздемесін айқындауға; жобаның құрылымын анықтауға (мақсат бөлімшелерін, жүзеге асырылуы тиіс жұмыстың негізгі кезеңдерін); қаржыландыру көздері мен керекті көлемін анықтауға; жобаны жүзеге асырушылырды таңдауға, әсіресе, сатулар мен конкурстар арқылы, келісім шарттарға отыру; жобаны орындалу мерзімін анықтауға, оны жүзеге асыру графигін құруға, қажетті ресурстарды есептеуге; жобаның бюджеті мен сметасын жасауға, тәуекелдерді жоспарлауға және есептеуге; жобаны жүзеге асырылуын бақылауға. Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады. Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді.
Жобаны жүзеге асыру барысында оның негізгі мақсатын (миссия деп те атайды) бірінші дәрежедегі мақсаттардан, сонымен қатар мақсат бөлімшелерінен тапсырмалар, қызметтерден және нәтижелерден бөліп қарастырады. Миссия бұл жобаның негізгі мақсаты, оны жүзеге асырудың нақты айқындалған себебі. Ол жобаның статусын айқындайды, келесі деңгейдегі мақсаттарды айқындауға бағыт береді, сонымен қатар әр түрлі ұйымдастырушылық деңгейдегі стратегия үшін бағыт беруші болып табылады. Жобаның болашақ негізгі қызметтері немесе өнімдері, оның негізгі рыноктары және оңтайлы технологиялары тұрғысынан қарағанда миссия жобаның басты міндеті болып табылады. Мақсаттылық жобаның маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Жобаның мақсатын анықтау оның миссиясын жасаудан басталады. Миссияның негізінде мақсаттар анықталып, жобаның міндеттері қойылады. Мақсат дұрыс қойылса, жобаның қатысушыларын басты мақсатқа қол жеткізуге бағыттауға болады және жоба басты мақсатқа сәйкес келмеген жағдайда өзгерістер туралы ұсыныс жасалынады немесе жобадан бас тартады. Жоба стратегиясы алға қойылған миссиясы және жоба мақсаты жүйесімен анықталған нәтижеге жету мақсатымен жұмыстардың бағытын ұйымдастырудағы ортаңғы буын. Жоба стратегиясын дайындауды 3 кезекті процедураға бөлуге болады:
1) Стратегиялық талдау
2) Стратегияны құрастыру және таңдау
3) Стратегияны жүзеге асыру
Стратегиялық талдау ішкі және сыртқы ортаны талдаудан басталады. Сыртқы ортадан кез келген қауіпті немесе жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін күтуге болады.
Стратегиянны құрасастыру және таңдау үш түрлі ұйымдастырушылық деңгейде жүзеге асырылады:
Корпоративтік стратегия (дамудың жалпы бағыты, яғни өсу стратегиясы, сақтап қалу немесе қысқартулар);
Іскерлік стратегия (нақты рыноктағы нақты тауардың бәсеклестік стратегиясы); іскерлік стратегияны жүзеге асыру кезінде үш негізгі әдіс қолданады: шығындардағы лидерлік стратегиясы, дифференциация стратегиясы, белгілі бір бағыттағы шоғырлану стратегиясы.
Функционалдық стратегия (әрбір функциялық бөлімшеге бөлек құрастырылады)
Стратегияны жүзеге асыру ең алдымен ұйымдастырушылық құрылымда және ұйымдастырушылық мәдениетте болатын белгілі өзгертулердің керектігін білдіреді. Сондықтан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына арнайы координациялық механизмдерді қосымша енгізу қажет: жобалық, жобааралық (бағдарламалық), венчурлық (жоғары тәуекелге ие жобалар) топтар.
Жоба мазмұны - арнайы сипаттары мен функциялары бар жоба нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажет іс-әрекеттер. Жоба мақсатын анықтамас бұрын жоба миссиясы жасалады. Жоба мазмұны жобаның сәтті жүзеге асуына қажет жұмыстардан ғана тұрады. Жобаның мазмұнын басқарудың негізгі үрдістері: Жоба инициациясы. Инициация - жаңа жобаны жүзеге асырудың қажеттілігін анықтау. Инициация нәтижесі құжаттар кешені (мақсат, жоба өнімінің сипаттамалары, жоба менеджерін тағайындау), жобаны жүзеге асырудың мерзімі мен қаржыландырудағы шектеулер, болжамдық көрсеткіштер.
Мазмұнды жоспарлау жоба мақсатын жеңіл басқарылатын компоненттерге бөлу. Компоненттерді бөлу келесілерді жүзеге асыру үшін керек: Жоба құны, уақыты және ресурстар бойынша бағалау үшін; Жобаның орындалуын өлшеу және бақылау үшін; Жоба бойынша құқық пен міндеттерді бөлу; Жауапкершілік деңгейін анықтау; Жоба мазмұнының өзгеруін бақылау. Жұмыстар көлемі жобаның маңызды сипаттарының бірі. Жұмысты бөлу құрылымын жасағаннан кейін нормативтер мен эксперттік бағалаулар нәтижесінде анықталады. Жұмыс көлемінің түсімі еңбек сыйымдылығын, жоба ұзақтығын, және құнын сипаттау үшін қолданылады. Жұмыстардың құрылымы төмендегі параметрлерден: Идентификатор - жоба жұмысы бойынша берілген кодтар; Жүйелік диаграмма қолданылатын жұмыстардың қысқаша мазмұны; Жұмыс басталуының ұзақтығы; Жұмыс орындалу пайызы; Орындалған жұмыстың қалған уақыт мерзімі; Жұмыстың ерте басталу, аяқталу, кеш басталу, аяқталу мерзімі; Уақыт резерві нақты басталу, аяқталу уақыты, алдыңғы орындалған жұмыстар, кейінгі орындалған жұмыстар.
Масштабы бойынша: шағын, орта, мегажоба
Шағын жобалар масштабы бойынша үлкен емес, қарапайым және көлемі шектелген. Американдық тәжірибеде:капитал салымдары $10 -- 15 млн.долларға дейін; еңбек шығындары 40 -- 50 мың адам-сағатқа дейін. Мысалы, тәжірибелік-өнеркәсіптік құрылымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қызмет істеп тұрған өндірісті жаңғырту.
Мегажобалар -- ортақ мақсатпен біріктірілген өзара байланысты жобалардан тұратын мақсатты бағдарламалар. Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық болуы мүмкін. Мысалы, еркін экономикалық аймақтардың дамуы. Салалық мегажобаның мысалы - отын-энергетика кешенінде, соның ішінде мұнай-газ саласында жүзеге асатын жобалар.
Күрделілігіне қарай: қарапайым, күрделі ұйымдасқан,техникалық күрделі, ресурстық күрделі, кешенді күрделі. Күрделі жобалар шешілуі күрделі техникалық, ұйымдастырушылық, ресурстық міндеттердің болуымен сипатталады. Мысалы, құрылыстың дәстүрлі емес технологияларын қолдану, жоба қатысушыларының санының көптігі, қаржыландыру сызбасының күрделілігі.
Жүзеге асыру мерзімі бойынша: қысқа, орта, ұзақ
Қатысушылардың деңгейі бойынша: халықаралық, отандық
Жобаның мақсатына байланысты: дағдарысқа қарсы, маркетингтік, білім беруші, қайта құрылымдану;
Жобаның пайда болу себебіне байланысты: жаңа мүмкіндіктер, кездейсоқ жағдай, функционалдық қайта құрудың қажеттілігі, реинжиниринг, қайта ұйымдастыру.
Ақаусыз жобаларда жоғары сапа негізгі фактор болып табылады. Ақаусыз жобалардың құны миллиардтаған доллармен өлшенеді. Мысалы, атом электр станциялары [2].
Жобаны бақылаудың негiзгi мақсаты - бұл жобаны бақылау және жоспарлау функцияларының жалпы тиiмдiлiгiнiң дәрежесiн жоғарлату және жоспар көрсеткiштердiң орындауының қамтамасыз ету.
Жобаларды басқару жалпы жұйенiң бiр бөлiгi ретiнде жобаны бақылау жұйенiң элеметтердiң арасында керi байланыстар бар екен. Осы керi байланыстар жоспарланған көрсеткiштердi өзгеру жағдайға мұмкiншiлiгiн бередi. Яғни, керi байланыстар жобаны орындауда әртұрлi кездесетiн жолсыздықтар жағдайында қоршаған ортаның өзгерiстер есебiмен жоспардан ауытқуын азайту ұшiн жауап беретiн әсер еткiзедi.
Тұрақты қызмет пен жобалық қызметтің арасында төмендегідей ұқсастықтар бар:
1) Олар адамдар арқылы жүзеге асады.
2) Екі жағдайда да ресурстар шектеулі.
3) Операциялар мен жобалар алдын-ала жоспарланады, орындалады және бақыланады.

Кесте 1
Операциялар мен жобалар арасындағы айырмашылықтар:

Жоба
Қайталанатын операциялар
Жаңа үрдіс немесе жаңа өнім
Қайталанбалы үрдіс немесе өнім
Бір мақсат және бір міндет
Бірнеше мақсат пен міндет
Бір реттік қызмет
Тұрақты қызмет
Біртекті қызмет
Әртекті қызмет
Сапа, мерзім және құн бойынша белгісіз күтулер
Сапа, мерзім, құн бойынша жағымды және болжанған күтулер
Инновациялар міндетті
Инновациялар міндетті емес
Ескерту: [1, 2] әдебиеттер негізінде автор құрастырған.

Жобаны бақылау процесстерiнiң мазмұны: жұмыстарды орындалуының нақты құжатталған және бағаланған көрсеткiштер негiзiнде анықтау және жоспар көрсеткiштермен салыстыру.

Кесте 2
Дәстүрлі және жобалық менеджментті салыстыру

Функционалдық менеджмент
Жобалық менеджмент
өкілеттіліктер басқару құрылымымен анықталады;
міндеттердің тұрақты шеңбері;
жауапкершілік бекітілген функциялармен шектелген;
жұмыстар тұрақты ұйымдық құрылымдарда орындалады;
негізгі міндет - оңтайландыру;
сәттілік аралық функционалдық нәтижеге қол жеткізумен анықталады;
жағдайлар мен шарттардың өзгерісінің шектелуі.
Пайда болған өзгерістер үшін жауапкершілік;
өкілетттіліктердің белгісіздігі;
тапсырмалардың үнемі өзгеруі;
жобалық цикл шегінде әрекет ететін құрылымдардағы жұмыс;
инновациялық қызметтің басымдығы;
негізгі міндет - жанжалдарды шешу;
сәттілік қол жеткізілген түпкілікті мақсат бойынша анықталады;
қызмтеке ішкі анықсыздық тән.
Ескерту: [2] әдебиет негізінде автор құрастырған.

Жоба үнемі нәтижеге, белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру жобаның өкілетті басшылығымен жүзеге асырылады: жоба менеджері және оның басшылығымен жұмыс жасайтын жоба командасы. Жоба үрдісі бойынша жекелеген ерекше қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да қатысушылар болады. Жоба жұмысына компанияның сызықтық және функционалды бөлім өкілдері де қатыса алады.
Жобаларды басқару сызбаларының келесі нұсқалары бар:
Негізгі жүйе. Жоба менеджері тапсырыс берушінің өкілі, қабылданатын шешімдерге қаржылық жауапкершілік алмайды. Жоба менеджері жобаны жасау мен жүзеге асыруда басқару мен үйлестіруді қамтамасыз етеді, жобаның басқа қатысушыларымен қарым-қатынаста болмайды. Жүйенің артықшылығы - жоба-менеджерінің объективтілігі, кемшілігі - жоба нәтижесі бойынша жауапкершілік толығымен тапсырыс берушіде болады.
Кеңейтілген басқару жүйесі. Жоба менеджері жобаның сметалық құны көлемінде жауапкершілік алады. Менеджер жоба үрдістерін басқарады және үйлестіреді, тапсырыс беруші, жобаның басқа қатысушылары арасындағы келісімдерді жүргізеді [3].
Кілттік жүйе. Жоба басшысы - жобалық-құрылыс фирма, тапсырыс берушімен, жоба менеджерімен жобаның жарияланған құны бойынша кілттік келісім жасайды.
Жоба қатысушылары -- жоба құрылымының негізгі элементтері. Жоба типіне байланысты оған қатысушылардың саны әртүрлі болып келеді.
Негізгі қатысушы - тапсырыс беруші - жоба нәтижесін пайдаланушы және оның болашақ иесі. Ол жеке және заңды тұлға болуы мүмкін.
Инвестордың ролі де өте жоғары. Кейбір жағдайда инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға балып келеді. Егер инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға болмаса, олар өзара келісім жасайды, инвестор келісімнің жүзеге асуын бақылайды, жобаның басқа қатысушыларымен есеп айырысады.
Жобалық-сметалық құжатты арнайы жобалық ұйымдар жасайды, оларды жобалаушы деп атайды. Жобаны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жабдықтаушы-ұйымдар жүзеге асырады.
Мердігер - келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды орындауға жауапкершілік алатын заңды тұлға.
Соңғы кездері жоба қатысушыларының қатары кеңесшілермен толықты. Сонымен қатар, лицензиар жобада қолданылатын ноу-хау мен лицензияның иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға. Лицензиар жобада қолданылатын ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану құқығын береді.
Жобаны жүзеге асыруда жоба менеджерінің ролі ерекше, ол - тапсырыс беруші жоба бойынша жұмыстарды басқаруда өкілеттіліктерді делегирлеген заңды тұлға. Жоба менеджерінің басшылығымен жоба командасы жұмыс істейді. Жобаны басқару әдістері мыналарға мүмкіндік береді:
1) Жобаның мақсаттарын анықтап, негіздемесін айқындауға; жобаның құрылымын анықтауға (мақсат бөлімшелерін, жүзеге асырылуы тиіс жұмыстың негізгі кезеңдерін);
2) Қаржыландыру көздері мен керекті көлемін анықтауға;
3) Жобаны жүзеге асырушылырды таңдауға, әсіресе, сатулар менконкурстар арқылы, келісім шарттарға отыру;
4) Жобаны орындалу мерзімін анықтауға, оны жүзеге асыру графигін құруға, қажетті ресурстарды есептеуге;
5) Жобаның бюджеті мен сметасын жасауға, тәуекелдерді жоспарлауға және есептеуге;
6) Жобаны жүзеге асырылуын бақылауға.
Жобаны басқару әдістеріне төмендегілер жатады: желілік жоспарлау және басқару, күнтізбелілік жоспарлау, логистика, стандартты жоспарлау, құрылымдық жоспарлау, ресурстық жоспарлау, ЭЕМ да имитациялық жоспарлау және тағы басқа.
Жобаға қатысушыларға тiкелей мүддесi бар Ұйымдар және адамдар жатады. Жобаның командасы бүкiл қатысушыларды анықтайды, жобаның өмiршендiк кезең бойынша олардың мүддесiн бақылайды. Жобаға ең маңызды қатысушыларға инвестициялық объектiсiнiң болашақ иесi немесе объектiсiнiң пайдаланушы - тапсырыс берушi жатады. Тапсырыс берушi жобаның негiзгi талаптарды және ауқымын анықтайды, оның қаржыландыруды қамтамасыз етедi, әртүрлi орындаушылармен шартын жасайды, оларды ұйымдастырады және жобаға жауап бередi. Заказ берушi өздерiнiң бiр немесе бiрнеше заңды және жеке тұлғалар болады.
Негiзгi қатысушылар:
1) Тапсырыс берушi немесе иесi;
2) Орындалушы ұйым;
3) Демеушi, куратор инвестициялық компания немесе қор;
4) Жобаның меңгерушiсі;
5) Жобаның командасының мүшелерi;
6) Жергiлiктi тұрғындар.
Қатысушылардың алуан түрлi мүдделердi өте қиын қиыстыру, сондықтан әрине компромисстердi табу керек және ымыраға келу керек.
Жоба жергiлiктi тұрғындардың мүдделерiн қозғау жағдайда жобаның әзiрлеу сатыда жергiлiктi тұрғындардың пиғылын есепке алу керек. Мысалы супермаркеттiң құрылысы; экологиялық салдар, зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, сондықтан, жергiлiктi тұрғындар жобаға қатысушыларға жатады.
Жобаны орындауда жоба кураторының ролi маңызды болады, себебi оның билiгi және ықпалы жобаның жетiстiгiне көп әсер етедi.
Тағы айту керек, жоба қатысушылардың саны осындай факторларға сәйкес: қаржыландырудың мөлшерi; әлеуметтiк - экономикалық жүйедегi жобаның маңыздылығының дәрежесi және ролi және тағы басқа.
Жоба құны жоба ресурстарының құны мен жоба бойынша орындалатын жұмыстардың жинағынан тұрады. Жоба құнын басқару бекітілген бюджет шеңберінде жобаның орындалуын қамтамасыз ету үрдісі. Жоба құнын басқару келесі үрдістерден тұрады:
1) Жоба құнын бағалау;
2) Жоба бюджетін жасау;
3) Жоба құнын бақылау.
Жоба құнын басқаруда қолданылатын негізгі құжат бюджет болып табылады. Бюджет жобаның ресурстық шектеулерін анықтайтын негізгі құжат болып табылғандықтын, жоба құнын басқаруда бюджеттің шығыс бөлігін қадағалау маңызды болып табылады, оны жоба сметасы деп атайды.
Жобаның шығындарын басқару үшін шығындар шотының құрылымы анықталады. Яғни, еңбек, материал және құрал жабдық қажеттіліктері ақшалай түрде бейнеленеді. Жоба құнын басқаруда жобаның барлық өмір сүру циклдарының кезеңінде құнды басқару деп аталады. Жоба концепцияларын жасағанда, құнды жалпы бағалаймыз, жобаны негіздеу кезеңінде жоба құнын бөлшектеп бағалаймыз, жобаны жоспарлау, жүзеге асыру және аяқтау кезеңінде жобаның құндық жоспарлауы мен бюджеті анықталады. Жоба құнын бақылау мен бағалау жұмыстары жобаны жүзеге асырудың және аяқталу кезеңінде жүргізіледі [4].
Жоба құнының бөлінуі оның өмірлік циклында біркелкі жүзеге аспайды, әдетте оның құрылымы төмендегідей:
- инвестициядан алдыңғы фазада - 12%
- инвестициялық фазада - 60%
- эксплуатациялық фазада 28%
Коммуникацияларды басқару жобадағы қатысушылар арасындағы байланыс жұйесiн, басқарулық және есептiк ақпаратты беруiн қамтамасыз етедi. Жобадағы әр қатысушы функционалды мiндеттермен әрекеттесуге дайын болу керек. Ақпаратты байланыстарды басқару фукцияларға келесi процесстер жатады:
1) Коммуникация жұйесiн жоспарлау жобадағы қатысушылардың ақпаратты қажеттiлiгiн анықтау (ақпараттың құрамы, мезгiлдер және жеткiзудiң тәсiлдер);
2) Ақпаратты жинау және таратып ұлестiру жобадағы қатысушылар арасында керектi ақпаратты жұйелдеу жинау және уақытында таратып үлестiру;
3) Жобаны орындау туралы есеп беру жобадағы жұмыстардың нақты нәтижелерiн өңдеу, жоспармен салыстыру, болжау және тенденцияларды талдау;
4) Құжаттау жинау, оңдеу және жобадағы құжаттарды сақтауды ұйымдастыру.
5) Ақпаратты жинау жоспары ақпараттың көздерi, ақпаратты үлестiру;
6) Әр тұрлi коммуникацияларды енгiзу;
7) Коммуникация жоспарын жетiлдiру және жаңарту әдiстер.
Жоба бойынша әр түрлi коммуникацияларды орындау қажеттiлiгi бар екен:
1) Iшкi (жобадағы команданың iшiнде) және сыртқы (компанияның меңгерушiлермен, заказшымен, сыртқы Ұйымдармен және т.б.);
2) Нысандық (есеп беру, сұрау салу, отырыстар) және нысандық емес (еске тұсiру, талқылау);
3) Жазбаша және ауызша;
4) Тiк және көлбеу.
Жобаларды басқару жүйенiң дамуы бiрнеше сатыдан өттi. Компьютерлердiң қуаты жоғарланғаннан жүйелердiң мүмкiншiлiктері өзгердi [5].

1.2 Жобаларды басқару стандарттары

Жобаларды басқару дегеніміз жоба мақсатына жетуде басқару техникасы мен технологиясын, заманауи әдістерді қолдана отырып адам және материалдық ресурстарды жобаның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде ұйымдастыру, жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру әдістемесі.
Жобаларды басқарудың стандарттары. PMBOK Guide ұлттық американдық жобаларды басқарудың стандарты болып табылады. Ол әр түрлі саладағы жобаларды іске асыру үшін қойылған мақсаттарға ойдағыдай жетуге мүмкіндік беретін кәсіби білімдердің сомасынан тұрады. Жобаларды басқару бойынша білім саласын әкімшілік жұмыстарды құрастыру басқармасы жүзеге асырды (Project Management Institute. Inc-PMI).
Project Management Institute PMI американдық жобаларды басқару институты 1969 жылы құрылды. PMI жобаларды басқару бойынша Guide to the PMBOK, (Project Management Body of Knowledge) стандартын әзірледі. 2004 жылы PMBOK Guide стандартының жаңа нұсқасы дайындалды. 2004 жылы OPM3 (Organization Project Management Maturity Model) - жобаларды басқару бойынша ұйымның даму деңгейін бағалайтын жаңа стандарт дайындалды. PMI - бұл мақсаты әр елде жобалық басқаруды өткізу, үгіттеу және дамыту болып табылатын коммерциялық емес ұйым болып табалады. PMI мамандардың квалификациясын жоғарылату мен жобалық басқару стандарттарын шығарумен айналысады. Қазіргі таңда PMI-ды 125 елде 100 000 мың адам қолдап отыр.
PMI мүшелері жобалық басқаруды авиакосмостық және автокөлік өндірісі, коммерциялық мекемелерді басқару, машина жасау, қаржыландырады. Операциялар, ақпараттық технологиялар, фармацептика, телекоммуникация және тағы басқа көптегн салаларда тәжірибен өткізеді және зерттейді. PMI-мен жобаларды басқарудың PMBOK стандарттары жасалып және үнемі жаңарып отырады. Құжатта жобаларды басқару бойынша әр түрлі білім салаларында қолданылатын терминдер глоссариі бар. Сонымен қатар құжат жобалық басқарудың 9 түрлі салаларының детальдық сипаттамасын қамтиды. Олар: Жобаның интеграциясын басқару; Жоба мазмұнын басқару; Жоба мерзімін басқару; Жоба құнын басқару; Жоба сапасын басқару; Жоба ресурстарын басқару; Жобадағы өзара әрекетті басқару; Жоба тәуеклдерін басқару; Жоба келісімдерімен басқару. PMI сертификатциясының деңгейлері: 1.PMP дәрежесі (жобалық басқару маманы); 2.Жобаларды басқару бойынша дипломы бар көмекші (САРМ). PMP сертификаты жобаларды басқару саласында мойындалған кәсіби аттестаттардың бірі болып табылады. Әдетте САРМ келесі мәселелерді орындайды: Жобаларды басқаруда жоспарды анықтау кезінде көмектесу; өнімділік деңгейлері және көрсеткіштері бойынша ұсыныстар жасау; жобадағы талаптарды, шектеулер және тағы басқа анықтауда көмектесу; қаржылық және әкімшілік қолдау [6].
ISO 10006 Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету стандартизацияның ұлттық органдарының бүкіләлемдік федерациясының ИСОТК 176 техникалық комитеттің дайындағаны, қаралып отырған профильдің стандарттарының мақсаттық сериясы бойынша негізгі құжаттама болып табылады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде жобаларды басқарудың халықаралық та, ұлттық та деңгейде кең таралған көптеген стандарттары мен әдістемелері бар.
Негізгі стандарттардың түрлері:
1) PMBOK Guide (PMI, 1996 ж) ISO 9001 біріккен болып табылад
2) Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейде кең таралған.
3) ISO 10006
4) BS 6079 (British Standards Board, 1996).
5) DIN 69900
6) APMBOK
7) IPMA 1999
8) AIPM 1996
9) Prince 2
10) ANSIEIA-748-98
11) DSDM
Жоба менеджерлерінің ағылшын қауымдастығы Prince. Жобаны басқару, бақылау және ұйымдастыруды жүзеге асыратын жобаларды басқару әдістемесі. Prince әдістемесі 1989 жылы ССТА (Central Computer and Telecommunications Agency) ұйымымен Ұлыбританияның мемлекеттік стандарты ретінде ақпараттық технологиялар саласында жобаларды басқару үшін құрылған. Алайда жақын арада ақпараттық технологиялардан тыс қолданыла бастады. PRINCE2 1996 жылы жобаларды басқарудағы жалпы әдіс ретінде шықты. Бұл PRINCE2 тез әйгілі болып танылды және қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы жобаларды басқарудың "de facto" стандарты болып табылады. сонымен қатар бұл әдістеме Ұлыбританиядан тыс елу мемлекетте қолданыс табуда. Соңғы өзгертулер 2002 жылы OGK (Office for Government Commerce) ұйымымен жүзеге асырылды.
PRINCE2 методологиясы өнімге фокусталған (product-based) үрдісті бағытталған. PRINCE шеңберінде келісімдерді реттеу қарастырылмағанмен де, басты назар тапсырыс беруші, жеткізуші және тұтынушы арасындағы қарм қатынастарға аударылады. PRINCE бойынша жоба бұл берілген бизнес кейске сәйкес бір немесе одан да көп коммерциялық өнімдерді жеткізу мақсатымен құрылған уақытша кәсіпорын. PRINCE ерекшеліктеріне мыналар жатады: өнімдік әдіске негізделген жоспарлау; жобаны басқарылатын және бақылангатын сатыларға бөлу; жоба масштабына қолданылатын икемділік; жобаны басқару командасы үшін анықталған ұйымдастырушылық құрылым.
Жобаларды басқару институты PMI. Project Management Institute PMI американдық жобаларды басқару институты 1969 жылы құрылды. PMI жобаларды басқару бойынша Guide to the PMBOK, (Project Management Body of Knowledge) стандартын әзірледі. 2004 жылы PMBOK Guide стандартының жаңа нұсқасы дайындалды. 2004 жылы OPM3 (Organization Project Management Maturity Model) - жобаларды басқару бойынша ұйымның даму деңгейін бағалайтын жаңа стандарт дайындалды. PMI - бұл мақсаты әр елде жобалық басқаруды өткізу, үгіттеу және дамыту болып табылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. PMI мамандардың квалификациясын жоғарылату мен жобалық басқару стандарттарын шығарумен айналысады. Қазіргі таңда PMI-ды 125 елде 100 000 мың адам қолдап отыр. PMI мүшелері жобалық басқаруды авиакосмостық және автокөлік өндірісі, коммерциялық мекемелерді басқару, машина жасау, қаржылық операциялар, ақпараттық технологиялар, фармацептика, телекоммуникация және тағы басқа көптеген салаларда тәжірибен өткізеді және зерттейді. PMI-мен жобаларды басқарудың PMBOK стандарттары жасалып және үнемі жаңарып отырады. Құжатта жобаларды басқару бойынша әр түрлі білім салаларында қолданылатын терминдер глоссариі бар. Сонымен қатар құжат жобалық басқарудың 9 түрлі салаларының детальдық сипаттамасын қамтиды. Олар:
Жобаның интеграциясын басқару; Жоба мазмұнын басқару; Жоба мерзімін басқару; Жоба құнын басқару; Жоба сапасын басқару; Жоба ресурстарын басқару; Жобадағы өзара әрекетті басқару; Жоба тәуеклдерін басқару; Жоба келісімдерімен басқару. PMI сертификатциясының деңгейлері: 1.PMP дәрежесі (жобалық басқару маманы); 2.Жобаларды басқару бойынша дипломы бар көмекші (САРМ). PMP сертификаты жобаларды басқару саласында мойындалған кәсіби аттестаттардың бірі болып табылады. Әдетте САРМ келесі мәселелерді орындайды: Жобаларды басқаруда жоспарды анықтау кезінде көмектесу; өнімділік деңгейлері және көрсеткіштері бойынша ұсыныстар жасау; жобадағы талаптарды, шектеулер және тағы басқа анықтауда көмектесу; қаржылық және әкімшілік қолдау [7].
Жобаларды басқарудың халықаралық қауымдастығы IPMA. IPMA(Internatinal Project Management Accocation) - жобаларды басқару әдістемесінің дамуын және барлық елдерде кеңінен қолданылуын мақсат ететін жобаларды басқару бойынша халықаралық ұйым. IPMA-дің құрамына 40 ұлттық ұйымдар, соның ішінде 1991 жылдан бері Ресейлік Жобаларды Басқару Ассоциациясы ("СОВНЕТ") да кіреді. Ұйымның штаб пәтері Швейцарияның астанасы Женевада орналасқан. Халықаралық және ұлттық жобаларды басқару ассоциацияларының негізгі қызметтерінің бірі - жобаларды басқару саласында мамандарды дайындау және сертификаттау. 1998 жылы қазірігі таңда бүкіл әлемде танымал және кең қолданылатын IPMA халықаралық төртдеңгейлі сертификаттау жүйесін қабылдаған. Жобаларды басқару бойынша мамандарды халықаралық сертификаттау - жобаларды басқару бойынша үміткердің кәсіби білімдері, тәжірибелер мен қабілеттіліктерінің бекітілген талаптарғажәне оның қызметінің жобаларды бақарушы кодексіне сәйкестілігін анықтау процесі. Оның негізгі мақсаты әлем бойынша жобаларды басқаруда тәсілдер мен әдістерді қолдану мен тарату, дамытуға көмек көрсету болып табылады. IPMA-дың бір ерекшелігі жобаларды басқару бойынша жеке пән ретінде бөліп көрсетуі және IPMA шегінде сертификаттау.
Австралиялық жобаларды басқару институты AIPM - Австралиядағы жобаларды басқарудың негізі болып табылады. 1976 жылы жобалық менеджерлер форумы ретінде құрылған, соңғы 32 жылдың ішінде австралиядағы жобалық менеджментті дамытудың құралы ретінде қолданылып келді. AIPM ролі жоба командасының, жоба менеджерлерінің және командасының, жоба басшы бөлімінің, сонымен қатар жоба объектілері ғана емес, бизнес объектілерінің қатысушыларының білімін, қабілеттіліктерін, бәсекеге қабілеттіліктерін жетілдіру болып табылады. AIPM мақсаты қазіргі қоғамдағы жобалық менеджмент ролін дұрыс түсіну және ұйымның басқа деңгейлеріне енуін қамтамасыз ету. Біздің мақсаттарымыз: Жобалық менеджменттің мамандық ретіндегі түсінігін кеңейту; Жобалық менеджменттің жаһандуын дамыту; Жобалық менеджменттің артықшылықтарын таныту; Жобалық менеджментте бәсекеге негізделген жұмыстардың бағалануын жылжыту; әріптестер санын арттыру; АIPM-ның Австралиядағы жобаларды басқарудың негізі ретінде жылжыту.AIPM біліктіліктің 7 деңгейін қарастырады, ал бағалау бірнеше саты бойынша жүргізіледі.
Жапон инжинирингтi дамыту қауымдастығы ENAA. 1978 жылы Халықаралық Сауда және Тауар Министрлігінің қолдауымен құрылған коммерциялық емес ұйым. Оның мақсаты - инженерлік мүмкіншіліктерді дамыту және инженерлік индустрия қызметін дамыту болып табылады. ENAA-дың басты ерекшелігі индустрия саласында кең көлемде қызмет ететін инженерлік фирмалардың көбімен жабыө түрде әріптестік қызмет атқаруы. ENAA - әр түрлі бағыттар мен аймақтардан қатысушыларды тартып отырады, олар: индустриалды, ғылыми және үкіметтік. ENAA басқалай жоғары оқу орындары, өндірістік ұйымдар және үкіметтік және жергілікті ұйымдар сияқты халықаралық сауда және тауар министрілігінің қолдауымен қызмет етеді. Осы аталғандармен бірге қызмет ете отырып, ENAA инженерлік индустрияны жоғарылату мен технологиялық дамытуды жақсартуға бағытталады. Осы активтер арқылы ENAA Жапонияның әлеуметтік және экономикалық дамуында тұрақты әріптестікке және жақсы халықаралық ортаны сақтап қалу мақсатында жол іздейді. Геокеңістікті Инженерлік Орталығының ұйымы.Терең жерасты кеңістігі және олардың нәтижелілігін пайдаға жарату бірнеше жылдар ішінде Жапонияда қызығушылықты артып отырды. Бұл саланы дамыту білімді эксперттерді қажет ететін инженерлік әдісті қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік және қоршаған орта Орталығы. ENAA 1991 жылы инженерлік технологияны дамыту үшін тұрақты ұйымды ашты, оның мақсаты петролиум және табиғи газ ресурстарын дамытудағы достастық жүйесінің тізбегін құру болып табылады. Жалпы жүйені құрудағы инженерлік. Жүйелерді жақсартуда техникалық элементтер, адами және физикалық ресурстарды әр түрлендіруде қалыптасқан бәсекелестік жүйені қалыптастыру.
Жобаларды басқару қауымдастығы СОВНЕТ. Жобаларды басқару ассоциациясы 1990 жылы құрылған және жобаларды басқару саласындағы мамандарды сертификаттайтын және оқытатын, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын мамандардың ерікті ұйымы болып табылады. СОВНЕТ құрылтайшылары:
1) Құрылыстағы Экономика және Басқару орталық ғылыми-зерттеу институты;
2) ДЕЛИК компаниялар тобы;
3) Мемлекеттік Басқару Университеті;
4) Мәскеулік Мемлекеттік Құрылыс Университеті;
5) Ресейлік ғылым Академиясын басқару проблемалар институты.
СОВНЕТ - Ресейлік заңнамалар және Ассоциация жарғысы негізінде қызмет ететін қоғамдық, коммерциялық емес, мамандандырылған халықаралық ұйым. СОВНЕТ - мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың, бизнес компаниялар, фирмалар мен кәсіпорындардың ұжымдарының тәжірибесі, білімі мен идеяларын ортақтастырады. СОВНЕТ мақсаты - Ресейдегі жобаларды профессионалды басқаруды кеңейте дамыту және халықаралық жобаларды басқару ассоциациясымен тығыз қарым қатынас орнату, оның ішінде оның ұлттық ұйымдары, басқалай жобаларды басқару саласындағы компаниялар мен институттармен байланыс орнату. СОВНЕТ міндеттері: Жобаларды басқару саласында мамандандыруды үлкейту; Ресейдегі жобаларды басқару бойынша мамандандырылған қызметтер нарығын қалыптастыру; Жобаларды басқару бойынша мамандарды сертификациялау ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру және дамыту; Жобаларды басқарудағы жаңа әдістер мен тәсілдерді тәжірибелік қолданудың кеңейту мен дамыту.СОВНЕТке мүше болу түрлері: Жеке ‒ әр түрлі мемлекеттердің жобаларды басқару саласындағы мамандары. Корпоративті - заңды тұлға болып табылатын отандық және шет елдік ұйымдар, бірлестіктер, фирмалар мен кәсіпорындар.
Өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi Бiрiккен ұлттар ұйымы - ЮНИДО. Өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi Бiрiккен ұлттар ұйымы (The United Nations Industrial Development Organization (UNIDO)) дамушы мемлекетттер мен олардың экономикасын дамытуда маржинализмге қарсы күресте көмек беретін ұйым. ЮНИДО өнімділігі жоғары жұмыс күшін, бәсекеге қабілетті экономиканы және қоршаған ортаны дамыту үшін білім, мүмкіндіктер, ақпарат және технологияларды жылжытумен айналысады. Сонымен қатар ұйым әлемдік, аймақтық, ұлттық және секторлық деңгейдегі бірігуді ұлғайтып отыр. ЮНИДО 1966 жылы құрылып, 1985 жылы БҰҰ-ның мамандандырылған агеттігіне айналды. Мамандандырылған агенттік ретінде ЮНИДО-ның өзінің конституциясы, мүшелер ұжымы, саясат құрушы органдары, бюджеті және өз басшылығы бар. Осыған қоса ЮНИДО қаржылық дамушы қызметтерге ерікті түрдегі салымдарды салуларды болдырмайды. ЮНИДО БҰҰ құрамында ерекше орын алады және өндірісті жылжыту арқылы кедейлікпен күресетін жалғыз ұйым болып табылады. Ұйым үш негізгі және өзара байланысты тақырыптық приоритет арқылы жұмыс жасайды: Өнімді қызмет арқылы кедейшілікті төмендету; Сыйымдылық - құрылыс саудасы; Энергия және қоршаған орта. Басты назар шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға аударылған, себебі ол дамушы елдердегі байлыққа жетудің негізгі кілті. ЮНИДО офистері Греция, Италия, Франция, Жапония, Австрия, Польша, Швейцария, Қытай, Ресей сияқты елдерде орналасқан.

Кесте 3
Стандарттардың атауы.

Стандарттар атауы
Қысқаша мазмұны
A Guide to the Project Manajement Body of Knowledge (PMBOK Guide) 1996 Edition
Жобаларды басқару білімдер жинағы (PMBOK 1996ж) стандарты Management Institute PMI 1996 жылғы нұсқасы бойынша игерілген. ISO 9001 сәйкес келетін Project Manajement-тің төңірегіндегі жалғыз стандарт болып табылады. Стандартта жобаның әр түрлі өмірлік циклы және ұйымдастырушылық құрылымын атқаратын ұйымдар, процестердің тобы (бастау, жоспарлау, атқару, бақылау, аяқтау) және олардыі өзара ара қатынасы анықталған, негізгі және қосалқы процестер көрсетілген, тоғыз білім аялары анықталған (интеграцияны, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы боп өзгертілді
Қазақстанның екі мегаполисі
Бас жоспардың негізгі архитектуралық - қала құрылысы идеясы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазақстан территориясындағы мазарлар
Дүкен менеджерінін міндеттері
Алматы ежелгі қазақ даласы
Қала құрылыс шешімі
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Пәндер