Жүсіпбек Шайхисламұлының әдеби мұрасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Диплом (Бітіру) жұмысы
ЖҮСІПБЕК ШАЙХИСЛАМҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ
Орындаған 4-курс студенті: А. Оралбек
Ғылыми жетекшісі: Қ. Жаңабаев
Норма бақылаушы: С. Дәрібайұлы
Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберілді: Ө. Әбдиманұлы «___» 2011 ж.
Алматы, 2011
Р е ф е р а т
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі: 52 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 30
Жұмыстың өзектілігі: Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы туралы сөз болғанда, Қазақ Совет Энциклопедиясында берілген “қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, бастырып таратушы, насихаттаушы, әйгілі ақын” дегеннен әрі аса алмаймыз. Себебі, ақынның өмірі мен шығармалары түрлі себептерге байланысты қазақ әдебиеті тарихынан қағыс қалды және оның еңбектері ойдағыдай бағаланбады. Жүсіпбектің есімі Шыңжандағы жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі ретінде де аталады. Жүсіпбек соңғы өмірінде көптеген әдеби шығармалар жазғанымен олардың дені бүгінгі күнде қолға толығымен жеткені саусақпен санарлықтай. Аман қалғандары кейінгі жылдары ғана халық арасынан жиналып жеке кітап болып шыға бастады. Ақын Жүсіпбек қожа Шайхисламұлының қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар. Оның жазып қалдырған еңбегі ұшан-теңіз. Десек те, оның шығармаларына көңіл бөлініп, арнайы зерттелмей келеді. Ақын өмірі туралы ғалымдардың пікірі де ұштаспай жүргені белгілі. Ал шығармашылығы зерттеуді қажет етіп тұрған құнды дүние. Біз Жүсіпбекті қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың қатарында қарауымыз керек. Ақынның шығармашылығын зерттеу - оның замана шындығын қандай деңгейде көрсете алғандығын, сол жолдағы шеберлігін сараптауға жетелейді. Ақын поэзиясының негізгі көркемдік ұстанымдарын белгілі бір дәрежеде нақтылы айқындауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Жүсіпбек Шайхисламұлының қазақ әдебиетінен алатын орны, Қытай қазақ жазба әдебиетін қалыптастырудағы рөлі, шығармашылығындағы ерекшеліктер, шешендік пен көркемдік көріністері, ақын туралы зерттеушілер арасындағы пікірлер қайшылығы туралы қарастыру .
Жұмыстың пәні мен нысаны: Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ поэзиясына қатысты әдебиетшілердің, ғалымдардың, зерттеушілердің еңбектері және Ж. Шайхисламұлының өлеңдері мен қисса-дастандары алынды.
Г л о с с а р и й
Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. Ол автордың өмір құбылыстарын, жекелеген уақиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен, кейіпкерлердің халін қалай сезінуден, соларды бейнелеу қалпынан-ақ белгі беріп тұрады.
Поэзия - көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар. Поэзия деген ұғым қазіргі кезде өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан, қара сөзбен жазылған әдеби шығармалардан ажырату үшін қолданылады.
Қисса - ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос. Мазмұны, құрылысы жағынан ғашықтық жырларға жақын. Махаббатты, ізгілік пен адамгершілікті жырлайтын шытырман оқиғалы поэтикалық жанр. Қисса араб, парсы әдебиетінде кең дамыған.
Дастан - әдеби-эпикалық жанр. Шығыс халықтары, әсіресе, парсы және түркі әдебиеттерінде кең тараған. Дастан белгілі сюжетке құрылады. Құрылымында кейде өлең мен қара сөз араласып келе береді. Дастанның классикалық үлгілері: «Ләйлі-Мәжнүн», «Хұсрау-Шырын», «Мұңлық-Зарлық» т. б. Дастан өлең өрнегі жағынан он бір буынды болады, кейде жеті-сегіз буынды болып келеді.
Жоқтау - қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты; тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Түркі әдебиетіндегі жоқтаудың ең көне үлгілерінің бірі - Алып Ер Тоңғаны жоқтау. Жоқтаулар ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын сияқты қаһармандық эпостарда кездеседі.
Айтыс - әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Айтыстың түрлері де көп. Айтыс - ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖҮСІПБЕК ШАЙХИСЛАМҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ . . . 7 1. 1 Ж. Шайхисламұлының өмірі мен ол туралы пікірлер арасындағы қарама-қайшылық . . . 7 1. 2 Ж. Шайхисламұлының Қытайдағы жылдары . . . 11 1. 3 Ж. Шайхисламұлы шығармашылығының зерттелу дәрежесі . . . 16
2ЖҮСІПБЕК ШАЙХИСЛАМҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ . . . 20 2. 1 Ж. Шайхисламұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні . . . 20 2. 2 Ж. Шайхисламұлының айтыс өнерінде алар орны мен айтыстары туралы. . 25 2. 3 Ж. Шайхисламұлының “жоқтауы” . . . 30
3 ЖҮСІПБЕК ШАЙХИСЛАМҰЛЫНЫҢ ҚИССА-ДАСТАНДАРЫ . . . …… . . . 32 3. 1 Ж. Шайхисламұлы жырлаған “Қыз Жібек” жыры мен ондағы ескі салт-дәстүрлердің көрініс табуы . . . 35 3. 2 “Мұңлық-Зарлық” дастанын алғаш хатқа түсіруші . . . 42 3. 3 Ж. Шайхисламұлының “Қасым жомарт” дастаны . . . 43 3. 4 Жүсіпбек қожаның “Қисса Наурызбай төре” дастаны . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53
КІРІСПЕ
Қазақ халқының бай көркем қазынасының ұзақ та күрделі даму жолында, тарихында ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазба әдебиет қомақты орын алады. Бұл кезеңдегі әдебиет қайраткерлері өткен ғасырларда қалыптасып, орныққан ақыл-ой ізденістерінің тәжірибесін, жетістіктерін пайдалана отырып, идеялық-көркемдік деңгейі биік асыл мұралар жасады, жаңа тарихи жағдайларда оларды жалғастыра дамытты. Сөйтіп, замана қажет-мүдделеріне ілесе алды, қоғам қалпын реалистік әрі романтикалық әдіспен бейнелеп, келелі де салмақты ой-тұжырымдар айтты. Қазақ көркем әдебиеті қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдайлардың аясында дамыған замана бейнесін өрнектей алғанымен де аса құнды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, жалпы рухани өмірінде болған аса маңызды өзгерістер көркем сөз өнері арқылы өзінің тиісті көрінісін тапты. Әрине, көркемдік көріністердің, бейнелердің деңгейі де, ауқымы да әртүрлі болуы заңды. Шым-шытырық қоғамдық құбылыстарды әр қаламгер өзінше түсініп, пайымдап, өз мүмкіндігіне сәйкес бейнелеп көрсетуге әрекет жасауы нәтижесінде идеялық көркемдік бағыт-бағдары, дәрежесі әр алуан және әр жанрдағы әдеби туындылар жарық көрді де, қазына қорын байытты. ХХ ғасырдың басындағы әдебиет өзінің даму жолында талай қиындық-кедергілерді, тартыс-таластарды, қызу айтыстарды, прогрессивтік және реакциялық керітартпа ағым-бағыттар айқастарын басынан кеше отырып, бұрын қалыптасқан гуманистік-демократтық, ағартушылық, реалистік сыр-сипаттарды сақтап, дамыта алды. Әдебиет өкілдері реалистік дәстүрлерді жалғастырып, байытты, халықты жаңалыққа, прогреске шақыратын бүкіл азаматтық сарындарды күшейтті, көркем сөз қорын поэзия, проза, публицистика, драматургия жанрларымен молайтты. Бұл кездегі әдебиет тез дамуымен бірге, ұлттық тар шеңберде қалып қоймай, кең арнаға шықты, көршілес шығыс елдері әдебиетімен, орыс классикасымен, батыс европа халықтарының қазынасымен өзара байланысып, нығая түсті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті екі онжылдыққа толмайтын қысқа мерзімнің ішінде дамыса да, күрделі белестерден өтіп, сан алуан ұлылы-кішілі таланттарды туғызды. Осы тарихи кезең әдебиетін тұтас алғанда асқар таудай болып көрінетін ұлы тұлғалардың көпшілігінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылар едәуір хабардар, біледі. Олардың шығармалары әркез жарияланып, түбегейлі болмаса да біршама зерттелді. ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде зерттеушілер «Кітаби ақындар» деп атаған бір топ қалам қайраткерлері - Нұржан Наушабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәді Жәңгіров, Жүсіпбек Шайхисламов, Омар Шораяқұлы, Нұралы Нысанбаев, т. б. шыққаны белгілі. Олардың көбіне тән ерекшеліктер - Шығыстың классикалық әдебиетінен үлгі алып, оны насихаттау болды. “Назира” дәстүрімен өздері де оған еліктеп шығармалар жазып, әдебиеттер байланысына, қазақ сөз өнерінің көкжиегі кеңеюіне қызмет етті. “Кітаби ақындардың” бірсыпырасы халық мұрасын жинап, бастыру ісіне құлшына араласты. “Кітаби ақындардың” кейбір шығармаларында діни-патриархалдық көзқарасты қуаттау кездесетіні біржақты сынауға ұшырағандықтан, олардың туындыларында өз заманы ізденістерінің ізі қалғаны бейнеленгені, әдеби процесте өзіндік орны, үлесі барлығы ескерілмей, толық зерттелмей келді. Олардың мұрасы қазақ әдебиетіндегі “Назира” дәстүрінің даму жолы мен ерекшеліктерін, оның халықтың көркем ойлау жүйесін шығыстық әуендермен байыта түскенін зерттеу мақсатында қыруар материалдар, деректер береді. Асылы, бір немесе екі өлең жазу, сол арқылы бір немесе екі сыр аңғарту, шындық таныту кез келген өлеңшінің қолынан келуі мүмкін. Ал өзі жазған өлеңдер арқылы өзінің өзгелерден бөлек ақындық бітімі мен мінезін таныту, сол арқылы өзінің өнер әлеміндегі тұтас творчестволық беті мен бағытын таныту кез келген қаламгердің қолынан келе бермейді. Сол секілді Шығыс Түркістан қазақтарының ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің тарихында елеулі орны бар, Жетісу өңірінде өмір сүріп, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін ұштастыра отырып, соңында мол қазына қалдырған айтулы ақын - Жүсіпбек Шайхисламұлы Айтқожин. Ол өзінің ғасырға таяу ғұмырында артында мол мұра, өшпес, тіпті тот шалмас еңбек қалдырып кетті. Ғұлама ақынның жазған жырлары, жинаған фольклорлық дүниелері басылып та, қолжазба күйінде де жалпақ қазақ даласына кеңінен таралып, қазақ даласының рухани өсуіне ерекше ықпал еткені белгілі. Тақырыптың өзектілігі. Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы туралы сөз болғанда, Қазақ Совет Энциклопедиясында берілген “қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, бастырып таратушы, насихаттаушы, әйгілі ақын” дегеннен әрі аса алмаймыз. Себебі, ақынның өмірі мен шығармалары түрлі себептерге байланысты қазақ әдебиеті тарихынан қағыс қалды және оның еңбектері ойдағыдай бағаланбады. Жүсіпбектің есімі Шыңжандағы жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі ретінде де аталады. Жүсіпбек соңғы өмірінде көптеген әдеби шығармалар жазғанымен олардың дені бүгінгі күнде қолға толығымен жеткені саусақпен санарлықтай. Аман қалғандары кейінгі жылдары ғана халық арасынан жиналып жеке кітап болып шыға бастады. Ақын Жүсіпбек қожа Шайхисламұлының қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар. Оның жазып қалдырған еңбегі ұшан-теңіз. Десек те, оның шығармаларына көңіл бөлініп, арнайы зерттелмей келеді. Ақын өмірі туралы ғалымдардың пікірі де ұштаспай жүргені белгілі. Ал шығармашылығы зерттеуді қажет етіп тұрған құнды дүние. Біз Жүсіпбекті қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың қатарында қарауымыз керек. Міне, осындай мәселені көпшіліктің назарына ұсыну мақсатында осы тақырып алынып отыр. Жұмыстың мақсат-міндеттері: - Қазақ әдебиетінде орны ерек ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, насихаттаушы, таратушы Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы туралы мәліметтер жинақтау; - Жүсіпбек ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылған зерттеушілер пікірлері арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтау; - Ақын өлеңдеріндегі оқушы қауымға берерлік тәрбиелік мәнін ашып түсіндіру; - Жүсіпбек ақынның айтыскер ақын екендігін және өз заманындағы “көзі ашық, көкірегі ояу” сауаты бар бұл азаматтың хатқа түсірген өзге ақындар айтысын анықтау; - Ақын шығармашылығындағы жоқтау өлеңдердің орнын нақтылау; - Жүсіпбек қожаның қисса-дастандарының мазмұнын аша отырып, танымдық, тәрбиелік мәнін талдау; - Ж. Шайхисламұлын Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы ретінде қарастыру; Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері. Осы зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде С. Дәуітовтің, Б. Атыханұлының, Т. Әлібектің, М. Әуезовтің, А. Кірішбаевтың т. б. еңбектерді айтуға болады. Бұл жұмыс зерттеушілердің ақын туралы зерттеу еңбектеріне негізделе отырып жасалды. Осы зерттеу жұмысының жоғарыда аты аталған еңбектерден ең басты айырмашылығы мынада: зерттеушілер еңбектерінде өздерінің жеке пікірлері мен ақын туралы жалаң көзқарастары қарастырылса, бұл жұмыс ақынды зерттеушілердің барлық еңбектері мен мақалаларын салыстырып, салғастырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажырата отырып, бір-бірімен байланыстырылған және де ақынның творчествосынан дәлел ретінде мысалдар келтіру болып табылады. Зерттеу жұмысының дерек көздері. Осы зерттеу жұмысының дерек көздері ретінде Д. Мәсімханның, Н. Қазыбектің, Б. Рақымовтың, Е. Райханұлының, Б. Қанарбаеваның, А. Мұсаұлының, Т. Қасенұлының зерттеу жұмыстары мен Ж. Шайхисламұлының шығармалар топтамасы танылады. Өлеңдерді түсіндіріп, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында Ж. Шайхисламның «Шығармалар жинағынан» мысалдар келтіріліп, зерттеушілер қарастырған мәселелермен қатар қойылып, салыстырмалы түрде талданды. Теориялық-практикалық маңызы. Бұл зерттеу жұмысының нәтижелері ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетін жеке пін ретінде өтетін жоғары оқу орындарындағы филология факультетінің студенттеріне, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті оқу бағдарламасына енгізілген жоғары сынып оқушыларына, сондай-ақ дәстүрлі өнер саласында жүрген адамдар мен өнер институтының студенттеріне қатысты болып табылады. Жұмыстың құрылымы. Осы зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспе бөлімінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен Жүсіпбек Шайхисламұлының бұл әдебиетте алар орны, жұмыстың өзектілігі, маңызы, мақсат-міндеті, теориялық негіз бен дерек көздері айтылса, негізгі бөлімі “Жүсіпбек Шайхисламұлының өмірбаяны” деп аталды. Бұл бөлім екі тараудан жіне алты ұсақ тараушалардан құралды. Мұнда ақынның өмірі және зерттеушілер пікірінің әр жақтылығы, Жүсіпбектің Қытайдағы жылдары, әдеби мұрасы, зерттелу дәрежесі, өлеңдері мен тәрбиелік мәні, айтыстары, жоқтау өлеңдері, қисса-дастандары қарастырылса, қорытындыда ақынның бағаланбай қалған еңбегі мен қазақ әдебиетінде алар орны, зерттеу маңызы сөз болса, пайдаланылған әдебиеттер тізімі осы зерттеу жұмысына негіз болған еңбектердің қатарынан құралған.
ЖҮСІПБЕК ШАЙХИСЛАМҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz