Ағынды сулар туралы



Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1.Жалпы ағын суларға сипаттама
1.2.Ағынды сулардың микроорганизмдер топтары
1.3.Ағынды суларды биологиялық тазалау
Қорытынды
Пайдаланыған әдебиеттер
Су – ең маңызды табиғи ресурс болып табылады. Ол зат айналым процестерінде негізгі роль атқарады. Су - өмірдің негізін құрайды. Өндірістік және ауыл шаруашылық өндірісте маңызы зор. Оның адамның тұрмыстық қажеттіліктеріне, барлық өсімдік және жануарға қажет екені барлығына мәлім. Көптеген тірі жандар үшін ол тіршілік ету орта болып табылады. Қалалардың өсуі, өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығының интенсификациясы, егілетін жерлердің үлкеюі, тұрмыстық-мәдениеттің жағдайлардың жақсаруы және тағы да басқа факторлар сумен қамтамасыздандыру проблемасын одан да қиындата түсуде. Суға қажеттілік өте үлкен және жыл сайын өсуде. Бүкіл дүние жүзінің жылдық су шығымы 3300-3500 км3. Соның 70% ауыл шаруашылығында қолданылады. Көп суды химиялық және целлюлоза-қағаз өндірісі, қара және түсті металлургия қолданады. Энергетиканың дамуы да суға деген қажеттілікті өсіреді. Көптеген су мөлшері мал шаруашылығына және адамдардың тұрмыстық қажеттіліктеріне жұмсалады. Судың көп бөлігі тұрмыстық-шаруашылық қажетттіліктеріне қолданғаннан соң өзендерге ағын сулар ретінде қайтып келеді.
Судың аздығы қазірдің өзінде ғаламдық проблема болып табылады. Өндірістердің және ауыл шаруашылықтардың суға қажеттілігі өскен сайын барлық дүние жүзілік ғалымдарын осы проблеманы шешу үшін әртүрлі әдістер іздеуді мәжбүрлейді.
1. Шигаева М.Х. Экология микроорганизмов. Алматы: Қазақ университеті. 2002.
2. Ротмистров М.Н., Гвоздяк П.И., Ставская С.С. Микробиология очистки воды. Киев, 1978. 267с.
3. Илялетдинов А.Н., Алиева Р.М. Микроорганизмы деструкторы органических соединении / Микробиология и биотехнология очистки промышленных сточных вод. – Алма-ата: Гылым. 1990. С.44-51
4. Форстер К.Ф., Вейз Д.А. Экологическая биотехнология. Л.: Химия. 1990. 382с.
5. Павленко Н.И., Бега З.Г., Изжеурова В.В., Гвоздяк П.И. Интенсификация биологической очистки сточных вод нефтеперерабатывающих заводов // Химия и технология воды. 1989. Т. 11, N 6. С.541-544.
6. Квасникова Е.И. Использование клеток бактерии при очистке сточных вод от соединении Сг // Микробиология журнал. 1986 т.48. 6. С.3-36.
7. Дмитриева А.П. Интенсификация биологической очистки сточных вод // Кокс и химия. 1987. N 1. С.53-56.
8. Куликов Н.И. Интенсификация процессов очистки сточных вод от ксенобиотиков пространственной сукцессией закрепленных микроорганизмов / Материалы 1 Всесоюзной конференции по микробиологии очистки воды: Наукова думка. 1982. С.29
9. Вехотко Т.И., Ильяминова Л.И. Химия и микробиология природных и сточных вод . Учебное пособие, Ленинград 1977.
10. Новожилова М.И., Дрюккер В.В. Структура и функционирование сообществ водных микроорганизмов. Издательство «Наука» Сибирское отделение 1986.
11. Есполов Т., Тлеулесова А. Экономическая оценка загрязнения окружающей среды Алматинской области сточными водами, возможны пути их решения / Транзитная экономика 2003-N3-С103-107.
12. Никовская Г.Н., Адгезионная иммобилизация микроорганизмов в очистке воды // Химия и технология воды. 1989. Т11. №2. С.158-169.
13. Дмитриевский Н.Г., Фесик Л.А. Глубокая биологическая очистка бытовых сточных вод в компактных установках полупогруженных дисковых биофильтров/ Деп. УкрНИИНТИ. 1991, N929 – Ук 9 Перувишин Ю.В., Куликов Н.И. Анализ работы сооружений биологической лчистки с сообществами прикрепленных микроорганизмов // Биотехнология. 1990. N. 4. С.64-68.
14. Загорная Н.Б., Никоненко В.У., Чеховская Т.П., Гвоздик П.И. Биоразрушение ксенобиотиков в сточных водах производства фенолформальдегидных смол // Химия и технология воды. 1987. Т.9, Т4. С.357-359. Лурье, Рыбникова., Химический анализ проиводственных и сточных вод. Москва,1974.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1.Жалпы ағын суларға сипаттама
1.2.Ағынды сулардың микроорганизмдер топтары
1.3.Ағынды суларды биологиялық тазалау
Қорытынды
Пайдаланыған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Су - ең маңызды табиғи ресурс болып табылады. Ол зат айналым процестерінде негізгі роль атқарады. Су - өмірдің негізін құрайды. Өндірістік және ауыл шаруашылық өндірісте маңызы зор. Оның адамның тұрмыстық қажеттіліктеріне, барлық өсімдік және жануарға қажет екені барлығына мәлім. Көптеген тірі жандар үшін ол тіршілік ету орта болып табылады. Қалалардың өсуі, өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығының интенсификациясы, егілетін жерлердің үлкеюі, тұрмыстық-мәдениеттің жағдайлардың жақсаруы және тағы да басқа факторлар сумен қамтамасыздандыру проблемасын одан да қиындата түсуде. Суға қажеттілік өте үлкен және жыл сайын өсуде. Бүкіл дүние жүзінің жылдық су шығымы 3300-3500 км3. Соның 70% ауыл шаруашылығында қолданылады. Көп суды химиялық және целлюлоза-қағаз өндірісі, қара және түсті металлургия қолданады. Энергетиканың дамуы да суға деген қажеттілікті өсіреді. Көптеген су мөлшері мал шаруашылығына және адамдардың тұрмыстық қажеттіліктеріне жұмсалады. Судың көп бөлігі тұрмыстық-шаруашылық қажетттіліктеріне қолданғаннан соң өзендерге ағын сулар ретінде қайтып келеді.
Судың аздығы қазірдің өзінде ғаламдық проблема болып табылады. Өндірістердің және ауыл шаруашылықтардың суға қажеттілігі өскен сайын барлық дүние жүзілік ғалымдарын осы проблеманы шешу үшін әртүрлі әдістер іздеуді мәжбүрлейді.

ЖАЛПЫ АҒЫН СУЛАРҒА СИПАТТАМА
Ағын су дегеніміз - өндірістік орындар мен адам көп орналасқан жерлерден канализация жүйесі арқылы су қоймаларына өтетін атмосфералық жауын-шашынның кез-келген суын айтамыз. Бұл жауын-шашын құрамы адам әрекеттерінің нәтижесінде нашар болып келеді.
Жоғарыда айтылған анықтама ағын сулар құрамы бір қалыпты болмайтынын көрсетеді. Бұл анықтамалар барлық ластанған сулардың тек жалпы сипаттамасын береді. Адам көп орналасқан жерлердің және өндірістік орындардың ағын сулары үш белгісі бойынша бөлінеді:
Түзілген жеріне байланысты
Ағын сулардың құрамындағы заттарға байланысты
Фазо-дисперсті ластану жағдайына байланысты
Түзілген жеріне байланысты ағын сулар болады:
Тұрмыстық - тұрғын үйлерде, комуналды, өндірістік мекемелердің ағын көздері жатады.
Атмосфералық - жолдардың үстінде, үйлердің төбелерінде, жауын-шашын жауғанда түзіледі. Бұл топқа жауын-шашын және еритін ағындар жатады. Сонымен қатар мөлшерлерге су шашу сулары жатады.
Ағын сулардың барлық топтары қандай болғанымен лас болып келеді. Түрі және құрамы ағындарды құрамындағы заттарға байланысты бөлуге мүмкіндік береді. Келесі үш негізгі ластану тобын бөледі:
* Минералды ластану. Оларға: құм, саз бөліктері, кен бөліктері, ерігіш бейорганикалық тұздар, қышқылдар, сілтілер.
* Органикалық ластану. Ластану екіге бөлінеді. Шығу тегі өсімдік, мұнда көмірсу химиялық элементі басымдық көрсетеді (көкөніс, жеміс қалдығы және т.б) Шығу тегі жануар, мұнда азот басымдық көрсетеді (физиологиялық бөліну, тірі ұлпа қалдығы және т.б). Тұрмыстық ағындарда шамамен 60% шығу тегі органикалық ластану және 40% минералды болып табылады. Органикалық ластану микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай болып табылады. Сондықтан ағындарда тағы да бір, үшінші ластану түрі бар:
* Биологиялық ластану. Бұл топқа бактериялар, ашытқылар және зең саңырауқұлағы, гельминт жұмыртқасы және вирустар.
Фазалы-дисперсті жағдайға байланысты барлық ластанулар дисперсті дәрежесі бойынша бөлінеді, яғни ұсақталуына байланысты мыналарға:
Еріген заттар, құрамында молекулярлы-дисперсті бөлшектер (көлемі 0,01мкм (10-8м) көп емес)
Коллоидты заттар - бөлшектер көлемі 0,01ден 0,1ге дейін
Ерімеген қосылыстар, бөлшектер көлемі 0,1мкм-ден асады. Бұл қосылыстардың өзі қалқып шығатындар, тұнбаға түсетіндер, жүзгіндер деп бөледі.
Өндірістік ағын сулар шартты-таза, қатты ластанбаған, ластанған деп бөлінеді. Соңғы категория құрамында:
Минералды заттар басым
Органикалық затттар басым
Органикалық, улы заттар бар ағынның үш тобына бөлінеді.
Өндірістік ағын сулар концентрленгеніне байланысты жоғары концентрленген және әлсіз концентрленген бола алады. рН көрсеткіші бойынша ағын сулар аз агресивті (сонымен қатар аз қышқылды және аз сілтілі) және жоғары агресивті (қатты қышқылды және қатты сілтілі)
Ағын сулар пайда болған көзіне байланысты - өндірістік бола алады. Егер олар технологиялық процестер нәтижесінде түзілсе. Мысалы, өндіріс нәтижесінде және пайдалы қазбалар алу нәтижесінде түзілсе, мұндай ағын сулар өндірістік бола алады. Мұндай ағын сулар өндірістік канализациялар арқылы өтеді.
Тұрмыстық ағын сулар. Олар қала тұрғындардың су ресурстарын қолдану нәтижесінде түзіледі. Қала пәтерлерінде түзілуімен қатар қандай да бір өндірістік процестерімен айналысатын орындарда да түзіледі. Шаруашылық-тұрмыстық канализация жүйесі арқылы кетеді.

Жауын-шашын және еритін атмосфералық ағын сулар. Олар мұз, қар немесе бұршақтардың еру нәтижесінде түзіледі. Жауын-шашынға арналған канализация арқылы кетеді.
Ағын суларды бұлай бөлу олардың шығу тегіне байланысты, бірақ олардың құрамына байланысты емес болып келеді. Ластанған сулардың құрамында көптеген заттар көп немесе аз мөлшерде болғандықтан, ағын сулардың құрамы туралы қысқаша сипаттама беру өте қиын болып келеді. Ағын сулардағы қатты заттар көлеміне қарай бөлінеді. Ірілік диапазоны кең: ұяшығы бірнеше сантиметрлі тормен ұсталатын ірі механикалық қоспалардан, тек микроскоп арқылы айыра алатын жартылай ерігіш және ерігіш затарға дейін. Олардың ішінде өлшенген жағдайдағы ірі құмнан ұсаққа дейін бөлшектер бар. Егер ағын судың аз мөлшерін қала канализация колекторынан үлгі алып оны тұндырып қойсақ, біраз уақыттан соң ағын суы бар ыдыс түбінде тұнба түзіледі. Бұл судан қатты заттар бөлініп шыққанын білдіреді. Алынған ағын судың түсі ақшыл түске айналды, бірақ толығымен таза болған жоқ. Судың лайлы болуы онда жартылай ерігіш немесе коллоидты заттар бар екенін көрсетеді. Бұл бөлшектер өте ұсақ болғандықтан тұнбаға түспейді де, су молекуласының әртүрлі жылу қозғалыс нәтижесінде жүзгін жағдайында болады. Бұл процесті ең алғаш ашқан ғалым атымен броун қозғалысы деп атаған. Еріген заттар көзге көрінбейді, және судың лайлануын туғызбайды. Ағын судағы тұнбаға түсетін жартылай еритін және еритін заттар - (58%) органикалық заттар, яғни тірі табиғат өнімдері. Себебі олардың барлығы көмірсу химиялық қосылыстарын құрайды, құрғақ жағдайда жанады. Қалған қатты заттар (42%) бейорганикалық болып табылады. Оларға мынадай минералдар жатады: құм, саз, және т.б бұл заттар жанбайды. Табиғата органикалық заттардың барлығы бір белгілі уақыттан кейін ыдырайды. Бұған көз жеткізуге болады, егер мысалы,ағын судан үлгіге алынған түбінде тұнбасы бар ыдыстың бетін бірнеше күнге ашып қойсақ. Органикалық затттардан тұратын тұнба - иісі жағымсыз шірігіш массаға айналады. Сонымен қатар тек тұнба ғана емес оның үстінде орналасқан лайланған су да шіри бастайды. Оны оңай иісінен-ақ білуге болады. Мұндай суда ыдырайтын органикалық заттардың одан да маңыздырақ мөлшері болады. Егер де лабораториялық жағдайда осы лайланған суды жұқа фильтр арқылы өткізетін болсақ, онда жартылай ерігіш заттар фильтрға қонады, ал фильтрлеу нәтижесінде алынған су мөлдір болады. Бірақ мұның өзінен де біраз уақыттан соң жағымсыз шіріген иіс шығады. Бұл фильтрмен ұсталынбаған, еріген заттардың өздері-ақ, шығу тегі органикалық заттар болғандықтан нәтижесінде ыдырайды. Бұл тәжірибелер ағын суларды тазалауда тек қалдықтарды ғана бөліп алу, яғни тұнбаға түсірумен шектеліп қана қоймайтынын көрсетеді. Лайланған суда әлі органикалық заттар қалады және суды келесі тазалау нәтижесінде де құрамында шірітуді тудыратын заттар болады. Біз әлі органикалық заттардың ыдырауы кезіндегі процестерді қарастырамыз. Ал қазір үлгіге алынған суға оралайық. Егер ол қала канализация коллекторында ұзақ болмаса, онда оның түсі күңгірт-сұр болады. Басында су фекалды орға қарағанда не концентрлі емес, не лас еместігі таң қалдырады. Бірақ канализацияға кететін ағын сулар көбінесе судан (99,9% су және 0,1% қатты заттардан) тұрады. Мұндай ағын су сырттай еден жуған суға ұқсайды, егер ол қала коллектор бойынша ұзақ ақпаған болса, өткір иісі болмайды. Бұл әлі жаңа су, мұнда ыдырау процесі әлі басталмаған. Ыдырау процесі басталғанын судың қараюынан, жағымсыз иісінен білеміз. Ақуыз қосылыстардың басқа заттармен қатар ыдырауы кезінде күкіртсутек бөлініп шығады. Бұл улы газ, оның суда аз мөлшерде болғанының өзінде де шіріген жұмыртқа иісі пайда болады. Көмірсутек суда әрдайым болатын темірмен қосылып, қара түсті күкіртті темір түзеді. Бұл ыдырап жатқан судың қараюын түсіндіреді. Ыдырау процесі жағымсыз иіспен қатар жүреді. Бұл тек ағын суларда ғана емес, лайдың шіруінде де және қатты қалдықтар да болады. Қала ағын сулары үшін кейде жалпы есептеу кезінде бір тұрғын адам басына ластаушы зат мөлшерін білу керек. Есептеу нәтижесінде анықталды, тәулігіне бір тұрғын адамға 60 г тұнба түзетін, 30 г тұнба түзбейтін және 100 г еритін заттар келеді. ( бұрынғы практика бойынша тұнба түзетін және тұнба түзбейтін заттардың мөлшерін жүзгін заттар деп атайды.Тәулігіне бір тұрғын адамға есеп нормасын қабылдайды, 65 г жүзгін заттар, 90 г емес) Тек тәулігіне бір тұрғын адамға 190 г қатты зат келеді. Тұнбаға түсетін және тұнбаға түспейтін заттардың екіден үш бөлігі - шығу тегі органикалық. Ал еріген заттарда органикалық қосылыстар жартысын құрайды. Торларда ұсталып қалатын ірі қалдықтар (ағаш қалдықтары, тығындар, жеміс-жидек қалдықтары, нәжіс бөлшектері, қағаздар, және көптеген басқа қатты заттар) жылына адамға 2-ден 10 л-ге дейін келеді. Бұл көлемдер жуық мөлшермен және қала канализациялық ағындарды лабораториялық зерттеу нәтижесінде алынған. Жеке жағдайларда бұл ағындардың құрамында тоқтату байқалады, басты түрде олардың өндірістік ағын сулармен араласуы. Ағын сулардың физикалық сипаттамаларынан басқа және химиялық құрамынан басқа, бұл сулардың биологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Кез-келген ағын суда микроорганизмдер үлкен мөлшерде болады. Бұл ең алдымен бактериялар. 1 см3 ағын суда, яғни аз мөлшер құрамында бірнеше мың миллион бактерия бар. Жалпы бактерия массасы барлық ағын су көлемінің мөлшермен 0,04% құрайды. Бұл бактериялар бөлінеді: қауіпсіздер, қүдік туғызушылар, қауіптілерге, яғни ауру туғызушылар. Қала ағын суларында әдетте көбірек немесе азырақ ауру туғызушы бактериялар болады. Тазалық жағынан қарайтын болсақ, ағын сулар да аз мөлшерде бактерия саны болса, онда ол күдікті саналу қажет, көп мөлшерде болса, санитарлы қауіпті болып есептеледі. Ағын суларға тағы жауын-шашын сулары жатады. Жауын-шашын басында жауын суының құрамында лай көп болғандықтан оны тұрмыстық ағын сумен салыстыруға болады. Ағын сулардың ластану дәрежесін қалай анықтауға болады? Бұл мақсат үшін органикалық заттардың ыдырауына негізделген арнайы тесттер жасалған. Органикалық заттардың ыдырауы ағын сулар құрамындағы микроорганизм әсерімен жүзеге асады. Егерде ағын суларда әрдайым белгілі мөлшерде еріген оттегі болса, онда аэробты бактериялар қатысуымен лайдың ыдырауы жүзеге асады. Алмасу процесімен басқаратын арнайы ферменттердің көмегімен олар күрделі органикалық заттарды қарапайымдыларға ыдыратады. Басқа күрделі организмдерге сияқты бактерияларға да өмір сүру үшін оттегі қажет. Егер үлгі ретінде алған ағын суды лабораторияда белгілі жағдайда бірнеше күн (5 күн) ұстап, үнемі оттегімен қамтамасыз етіп, себебі оттегі мөлшеріне қарап ағын судағы микроорганизм мөлшерін айтуға болады. Бұл мөлшер ағын судағы микроорганизм пайдаланатын қоректік заттарға байланысты. Қорек болып ағын сулар органикалық заттары болып табылады. Осы Оттегіге биохимиялық қажеттілік ағын су ластануының дәрежесін және шығу тегі әртүрлі ағын сулармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Оттегіге үлкен биохимиялық қажеттілік (ҮБҚ) дегеніміз, су өте ластанған және керісінше, оттегіге аз қажеттілік су салыстырмалы таза дегенді білдіреді. Үлгіні 5 күн 20 °С ҮБҚ бір тұрғын адамға тәулігіне ағын су 60г-нан келеді. Басқаша айтатын болсақ, бір тұрғын адамға келетін ағын су бохимиялық ыдырау кезінде 60г оттегіні 5 күн ішнде қолданады. Көптеген өндірістік ағын сулар да оттегіге биохимиялық қажеттілігін анықтауға болады. Егер бұл сулардағы қосылыстар микроорганизм әсерімен ыдырай алатын болса. Бұл ағын сулар құрамында органикалық заттар болса, яғни көмірсу қосылыстар. Осылай ағын ластануының дәрежесін оңай анықтауға болады.

АҒЫН СУЛАРДЫҢ МИКРООРГАНИЗМ ТОПТАРЫ
Таза суда барлық аэробты сапрофитті микробтардың 80% кокка тәрізді, 20% таяқша тәрізді болып келеді. Су қоймалардың өндірістік органикалық қалдықтармен ластағанда су микрофлорасының құрамы өзгереді. Құрамында таяқша тәрізді және спора түзуші бактериялар өседі. Судағы сапрофитті микроорганизмдердің саны 1мл-де 1-ден миллионға дейін су көзі және ластану дәрежесіне байланысты. Ашық су қоймалардың суы жер асты көздеріне қарағанда сапрофитті микроорганизмдерге бай. Су қоймалардың негізгі бактериалды ластаушы көзі - шаруашылық-тұрмыстық және кейбір өндірістік ағын сулар . Қала канализация ағын суының 1мл-де миллиард микроб клеткасы бар. Шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар негізінен адам және жануар ішегінен бөлініп шығатын сапрофитті микроорганизмдерден тұрады. Сонымен қатар адам денесінен және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи сулардың негізгі ластану көзднрі
Экология және судың ластануы
Тағам өндірісінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігі
Су ресурстарын қорғаудың негізгі бағыттары
Зырян өндірістік алаңы, Грехов кенішінің өндірістік алаңы және Малеев кенішінің өндірістік алаңы
Өскемен қаласындағы жер үсті суларының ластауына экологиялық баға беру
Тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ағынды сулар
Автокөлікке ветеринариялық-санитариялық бақылау
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайына баға беру
Пәндер