Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет үдерісі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің сипаттамасы ... ... ... ... ...18
1.3Мемлекеттік бюджет құру жалпы мемлекеттік қаржының буыны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
ҮДЕРІСІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1Мемлекеттік бюджетті құру мен басқару үдерісін ұйымдастыру ... ... ... ... ...35
2.2 Мемлекеттік және жергілікті бюджет кірістерін талдау мен бағалау ... ... ... 43
2.3 Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен басқарылуының ерекшеліктері және оның аймақтардың әлеуметтік . экономикалық даму жағдайындағы орны (Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79

Тақырыптың өзектілігі. Елбасы өзінің 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында «Осыдан алты жыл бұрын мен алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынды иеленді. Біз бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық»,-деп атап көрсетті Елбасы. Ендігі мақсатымыз дамыған 30елдің қатарына кіру. Бұл, өз кезегінде, әртүрлі салаларда, соның ішінде бюджет саласында реформа жасауды талап етеді. Бұнда, бюджетпен әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және орта мерзімді міндеттерін интеграциялау тұрғысында бюджет үдерісін жетілдіру нысана болып қалады[1].
Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайтабөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешедi.
Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар әрдайым бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзудегi жолсапаршысы. Экономикадағы дағдарыс жағдайлар және қаржылық жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға – бюджет тапшылығының болуына жол бермеу, оның зиянды салдарларын болдырмау шараларын жасап отырады.

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050»
2. Б.Ж.Ермекбаева, Б.К.Қазбеков Государственное регулирование экономики. Учебник, Қазақ Университеті ,2011г.
3. Б.С. Өтебаев, Мемлекеттік бюджет.-Алматы, 2006ж.,103 бет
4. Жуйриков К.К. Бюджет: составление, утверждение, исполнение: Учебное пособие. –Алматы: ААЭСИ, 2003г.
5. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана.-Алматы:Каржы-каражат, 2012.-188с.
6. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета: Учебное пособие. –Алматы: Экономика, 2003г
7. «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы , 2011ж
8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы
9. Бюджетная система России: Учебник для вузов // Под ред. проф. Г.Б.Поляка. –М.: ЮНИТИ-Дана, 2000г
10. Министерство финансов Республики Казахстан - http://www.minfin.kz
11. Статистикалық бюллетень Министерства финансов Республики Казахстан http://www.mf.minfin.kz
12. «Финансы Республики Казахстан: статистический справочник» /Комитет по статистике и анализу/, Алматы 2011 г.
13. «Финансы и кредит», №3, 2011 ж. қараша
14. «Финансы Казахстана», №10, 2012г.
15. С.ҚұлпыбаевҚаржы: Алматы 2011 ж., 325 бет.
16. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. 4 желтоқсан, 2011 жыл
17. www.minplan.kz
18. Павлова Л.Н. «Бюджетные потоки и проблемы бюджетного регулирования». Журнал: «Финансы и несие», 2011г., № 1.
19. Жаңа Қазақстан жаңа әлемде// Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жыл 28 ақпан Қазақстан халқына жолдауы
20. Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің қызметінің кейбір мәселелері туралы 19.06.2009 жылғы Қаулысы
21. Иванова М.А. Государственные заимствования на современном этапе.\\Финансы и кредит №14 2010 г
22. Методические рекомендации по разработке операционных планов государственных органов Республики Казахстран, проведению мониторинга и составлению отчетности об их реализации
23. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы №1663 қаулысы
24. М.Жүнісалиев: «Тарихтан тағлым» // Шу өңірі, №94 (8647), 14 қараша 2012ж.
25. shu.zhambyl.kz
26. Стратегический план развития Министерстрва финансов Республики Казахстан на 2010 – 2012 годы
27. Закон РК «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» 9 февраля 2011 года
28. «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы//Егемен Қазақстан, 5 желтоқсан 2010 жыл
29. Исахова П.Б. Бюджетирование ориентированное на результат – как способ повышения эффективности бюджетных расходов на социальную защиту населения //Транзитная экономика.- 2007.- № 4.- С. 37- 44

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің тЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің сипаттамасы ... ... ... ... ...18
1.3Мемлекеттік бюджет құру жалпы мемлекеттік қаржының буыны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2 Қазақстан Республикасындағы МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
үдерісін ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1Мемлекеттік бюджетті құру мен басқару үдерісін ұйымдастыру ... ... ... ... ...35
2.2 Мемлекеттік және жергілікті бюджет кірістерін талдау мен бағалау ... ... ... 43
2.3 Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен басқарылуының ерекшеліктері және оның аймақтардың әлеуметтік - экономикалық даму жағдайындағы орны (Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...79
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы өзінің 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында Осыдан алты жыл бұрын мен алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынды иеленді. Біз бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық,-деп атап көрсетті Елбасы. Ендігі мақсатымыз дамыған 30елдің қатарына кіру. Бұл, өз кезегінде, әртүрлі салаларда, соның ішінде бюджет саласында реформа жасауды талап етеді. Бұнда, бюджетпен әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және орта мерзімді міндеттерін интеграциялау тұрғысында бюджет үдерісін жетілдіру нысана болып қалады[1].
Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайтабөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешедi.
Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар әрдайым бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзудегi жолсапаршысы. Экономикадағы дағдарыс жағдайлар және қаржылық жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға - бюджет тапшылығының болуына жол бермеу, оның зиянды салдарларын болдырмау шараларын жасап отырады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Мемлекетте нарықтық қатынастар жағдайында экономика салаларының тұрақты өсуін қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бюджетті құру, оның экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау, қаржының басқа тармақтарымен тығыз байланысын көрсету, экономиканы басқару құралы ретінде аймақ бюджетіне сипаттама беру, бюджет түсімдері мен шығыстарының бөлінуін және бақылауын талдау, олардың мақсаты мен бағыттылығын қарау және жергілікті бюджеттердің дұрыс қалыптасуын жетілдіру және т.б.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеттілігі талап етіледі:
Бюджет түсінігінің мәнін ашу;
Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің сипаттамасын қарастыру;
Мемлекеттік бюджетті құру, оның басқару үдерісін ұйымдастыру;
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кірістер мен шығыстар бөлігінің құрылымын талдау;
Жергілікті бюджеттерді әзірлеу және олардың қалыптасуы мен басқарылуының ерекшеліктеріне тоқталу;
Зерттеу объектісі ретінде бюджет үдерісі алынды.
Зерттеу пәніне әр деңгейдегі бюджеттердің жобасын дайындау барысындағы пайдаланылатын экономикалық қатынастар мен механизмдер жиынтығы жатады.
Жұмысқа ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен Экономикалық даму және сауда Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалды саясаты мәліметтері қолданылды.
Диплом жұмысы құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалған.
Бірінші бөлім бюджет үдерісінің теориялық негіздерін қарастырады. Орта мерзімді фискалдық саясат - бюджеттік жоспарлаудың негізгі бағыты ретінде айқындалған.
Екінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарын жоспарлауүдерісі талданып, бюджеттің кіріс базасының қалыптасуын жоспарлау және оның ерекшеліктері, шығыстарды шектеу саясаты шеңберіндегі бюджеттік жоспарлаудың негізгі сипаттары берілген.
Үшінші бөлім алғашқы екі бөлімдегі қарастырылған мәселелерге байланысты бюджеттік үдерісті жетілдіру бағытындағы мәселелер қаралып, соған байланысты ұсыныстар жасалған.
1 Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің тЕОРИЯЛЫҚ негіздері
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Бюджет экономикалық маңызы бар,арнайы функцияларды орындайтын, ерекше белгілері бойынша жіктелетін мемлекеттің негізгі ақша қоры болып саналады. Мемлекеттің өмір сүруі бюджет ұғымымен тығыз байланыста. Осыдан мемлекеттік бюджетті, объективті түрде қажет, әрбір нақты кезеңдегі саясатқа қатысты болатын экономикалық категория ретінде сипаттауға болады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатқа ие. Дербес бөлу аясы ретінде мемлекеттік бюджеттің өмір сүруі, оны дамыту орталықтандыруды қажетсінетін қоғамдық өндіріспен айқындалған.
Ақша қаражаттарын орталықтандыру, тұтастай алғанда экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бүкіл халық шаруашылығы ауқымындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекет басымды салаларды қаржыландыру, қоғамдағы әлеуметтік мәдени іс-шараларды жүргізу, қорғаныс сипатындағы міндеттерді шешу, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабу үшін қаражаттарды орталықтандыруды қажетсінеді.Осылайша, мемлекеттік бюджет кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен тығыз байланыста болады.
Экономикалық маңызы бойынша мемлекеттік бюджет, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаты қорын құру жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің өзге қатысушыларының арасында туындайтын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет, ұлттық табыстың бір бөлігін жекелендірумен және бүкіл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оны пайдаланумен байланысты қайта бөлу қатынастарының экономикалық формасын білдіреді[4].
Экономикалық категория ретіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы бөлу функциясы мен бақылау функциясы арқылы жүзеге асырылады[15]. Бірінші функцияның арқасында, мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын шоғырландыру және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен, оларды пайдалану іске асырылады; екінші функция мемлекет иелігіне қаржы ресурстарының қаншалықты уақтылы және толық түсетінін және оларды пайдаланудың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.
Бөлу функцияларының қолданылу аясы, қоғамдық өндіріске қатысушылардың барлығы дерлік бюджетпен қарым қатынаста болатындығымен айқындалады.
Бақылау функциясы, бюджет мемлекеттің ақша қаражаттары қорын объективті қалыптастыру және пайдалану арқылы экономиканың құрылымдық буындарында болатын экономикалық үдерістерді көрсетеді. Бюджеттік ресурстардың қозғалысы бақылау функциясының негізін құрайды.
Аталған функциялардың қолданылуы бюджеттік қатынастардың ерекшелігімен айқындалады. Бюджет экономикаға бюджет тетігі арқылы ықпал етеді.
Бюджет тетігі - бұл мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаты қорларының пайда болуы мен оны пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы.
Бюджет үдерісi - мемлекеттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, орындалуын бақылау және олардың орындалуы туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметi.
Осы заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын тиімді құру мемлекеттің түйінді міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мемлекеттік басқарудың жүйелі болуын, әрбір басқару деңгейі үшін қаржы ресурстарымен нығайтылған функциялар мен өкілеттіктер нақты айқындалуға, биліктің барлық деңгейлерімен тиімді жұмыс істеуі үшін ведомство аралық үйлестіруді қамтамасыз етіп, заңнамалық-құқықтық базасы құрылуға тиіс екенін көздейді.
Ел дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру қажеттілігін негізге ала отырып, биліктің барлық деңгейлер арасындағы функцияларды неғұрлым айқын ажырату, реформалау жүргізу орталығын жергілікті мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлеріне ауыстыру мәселелерге айналуы керек. Бюджеттік жүйені тереңірек зерттеген көптеген оқымыстылар оның әртүрлі астарларын қарастыра отырып, түрліше түсіндіріледі. Мәселен, классикалық экономикалық теорияның өкілдері бюджеттік жүйе түсінігіне келесідей анықтама береді: Бюджеттік жүйе кез-келген мемлекеттің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылымын көрсететін күрделі механизм. Бұл жүйе кез-келген мемлекетті сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да ерекшеліктердің жиынтығының негізінде құрылады [3].
Мемлекеттің бюджет жүйесінің құрылымы, ең біріншіден оның мемлекеттік құрылымына тәуелді. Унитарлы құрылымы бар мемлекеттерде бюджет жүйесі екі деңгейлі болып келеді - мемлекеттік және жергілікті (аймақтық) бюджеттер. Федеративті мемлекеттік құрылымы бар елдерде (Ресей, АҚШ, Германия, т.б) аралық буындар - штаттар, жерлер және оларға сәйкес әкімшілік құрылымдарының бюджеті[9].Өз зерттеулерінде В.Н. Радионова бюджет жүйесін Экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген, өзара заңмен белгіленген арақатынасы бар мемлекет бюджеттерінің барлық түрлерінің жиынтығы - деп атап көрсетеді.Худяков заңды тұрғыдан бюджет жүйесін - берілген мемлекет аумағында қызмет ететін,әртүрлі деңгейлі бюджеттердің жиынтығы деп қарастырады[4].Отандық оқымыстылардың көзқарастары да осыған келіпсаяды. Атап айтсақ, А.Б. Зейнелгабдинніңғылыми зерттеулерінде қарастырылып отырған түсінікке келесідей анықтама беріледі: Бюджет жүйесі бюджеттік қатынастар нысандарының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық және жергілікті бюджет), оны құру, атқарылу, сонымен қатар қаржылық және басқа да басқару органдарының жиынтығын білдіреді. Ал бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджет жүйесінің қондырмасы бюджет түрлерін басқарудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде бюджеттердің құрылуын, қарастырылуын, бекітілуін жүзеге асыратын және бюджеттік қатынастар нысанын анықтайтын қаржылық және басқа да басқару органдары болып табылады[5].
Экономикалық сонымен бірге қаржылық ойдың тұрақты дамуымен байланысты өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді ескере отырып, В.Д. Мельников өз еңбектерінде Бюджет жүйесі - бұл экономикалық және заңды нормаларға негізделген жеке дербес бюджеттердің жиынтығы,-деп қарастырады. Шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған бюджет жүйесінің экономикалық мәнін ашатын теориялық зерттеулерді саралау негізінде келесідей тұжырым жасауға болады Кең мағынада бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға, мемлекеттік құрылымның сәйкес түріне негізделген, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бюджеттердің жиынтығын білдіреді.Тар мағынада бюджет жүйесі мемлекеттің барлық бюджеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Сонымен, бюджеттің сан қырлы маңызын ескерумен қатар осы саладағы белгілі ғалымдардың зерттеулерін тұжырымдай отырып, өз тарапымыздан аталмыш ұғымға келесідей анықтама береміз: Бюджет жүйесі - биліктің түрлі деңгейлері бойынша өздерінің негізгі функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға бағытталған қатынастардың жиынтығы. Бюджеттік құрылымға қатысты бюджет жүйесі ұйымдастырушылық бөлімшілерге немесе деңгейлерге бөлінеді. Мемлекеттік құрылымның екі нысаны белгілі: бірінші, басқарудың екі буынды жүйесімен(орталық және жергілікті буын) қарастырылатын унитарлы мемлекет және басқарудың үш деңгейлі (орталық, федерация мүшелері және жергілікті буындар) жүйесі бар федералды мемлекет. Осыған сәйкес экономикалық қатынастарға және заңды нормаларға негізделген, билік деңгейлерінің барлық бюджеттерін біріктіретін бюджет жүйесі құрылады.
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақытылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 1-суретте ұсынылған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
Төтенше және мемлекеттік бюджет (ерекше жағдайларда әрекет етеді)
Республикалық
бюджет
Жергілікті бюджеттер
Облыстық
бюджет
Республикалық мәні бар қаланың, астананың бюджеті
Ауданның (облыстық мәні бар қаланың) бюджеті
Сурет 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі [15]
Дерек көзі: Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты брошюрасынан алынды
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамаыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Республикалық бюджет - бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың құзырындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады[16].
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді - Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімдерінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады[15].
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
- республикалық бюджет;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетінбюджеттік түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
Бюджетті басқару - бұл бюджет қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және осының негізінде тиісті бюджет саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
1) Бюджет қатынастары - мемлекетпен, халық, мекемелер,кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайта құруына жұмсау. Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айлаөшарғы жасау қаупі туындайды. Осыған орай, бюджет саясатының қалыптасуы, оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондай-ақ саяси кеудемсоқтықты да көрсетеді. Егер бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады, сондықтан мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгеру үстінде болады. Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді.
2) Бюджет саясаты ұдайы өндірістік кезең аяқталуының нәтижесінде жинақталған, қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша мемлекеттің қаржы саясатының экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді, олардың мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарының пайдаланылуы және бөлінуін айқындайды.
Бюджет саясаты бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу, қарастыру, бекіту, орындау, бақылау, бюджеттің орындалуы туралы есептің қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген. Дамыған елдерде ортақ валюта, қаржылық жүйені жасау бөлігінде қуатты және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрініс табады. Ал, бұрынғы кеңес үкіметі аумағында қаржы жүйесінің жергілікті деңгейлерін өзін-өзі қаржыландыру, жеке аймақтар мен жергілікті көздерінің мәні мен рөлін күшейту және егеменділіктің қалыптасуының қажеттілігі жандандырылуда.
Республикада бюджет жүйесінің дамуы аймақтық деңгейдің тұтас шаруашылық кешенінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында қаржы жүйесінің ортақ шеңберіндегі қаржы буындарының жергілікті және орталық өзара әсерінің тиімді нұсқасын іздеу жолында. Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Экономикаға тұтастай әсер ету құралы ретінде бюджеттің бөлу және бақылау қызметі осыдан көрінеді. Осыған байланысты бюджет саясаты қолда бар қаржы ресурстары мен сұраныстарын қанағаттандыру кірістер мен шығыстар бойынша бюджет шешімерін таңдау және қаржы жүйесін бағалауды қарастырады. Басқаша айтқанда, бюджет саясатын бюджет үдерісін ұйымдастыру жағынан алғанда, бюджет заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілік есебінен бюджеттің барлық деңгейінің орындалуына бақылау, бекіту, қарастыру және құрастыру тәртібі ретінде қарастырылуы мүмкін.
3) Бюджет жүйесінің қызметі етуі келесідей қағидалар негізінде қамтамасыз етіледі:
oo барлық бюджеттің біртұтастығы, толықтылығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі;
oo мемлекеттік қаржы статистикасының біртұтас нысаны, ортақ бюджеттік сыныпталу, біртұтас қаржылық базаның бар болуы;
бюджетте барлық түсімдердің толық көрінуі және түсімдердің қайта бөлінуі арқылы бюджеттің икемді өзара іс-қимылдары;
oo мемлекеттің ақша несие саясатының өзара іс-қимылы мен ақша жүйесінің біртұтастығы.
Жергілікті билік органдарының шығыстық өкілдігімен байланысты бюджет шығыстарын ең аз жасау принциптерімен, аумақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық шығыстарының бюджетіне, теңгерімділікке байланысты, олардың бюджет шығыстарын ұлғайту қызығушылығында жергілікті бюджет табыстарының саралануы жүреді. Қазақстан Республикасы аймағының жеке бюджеті бұл - елдің бюджет жүйесінің дербес буыны, яғни жергілікті бюджет.
4) Қазақстанда жергілікті бюджеттер бағалы қағаздар нарығына шықпастан бұрын ең алдымен бірқатар ұйымдастырушы - қаржылық шараларды іске асыруы қажет. Ұсыныстар орталық және жергілікті басқару органдарының әрекеттеріне тікелей қатысты және оларды жергілікті бюджетті нығайту үшін жүргізу қажет.Мұндай шаралар төмендегілерге негіделеді:
oo үкіметтік деңгейде қаржы саласын орталықсыздандыруға бағытталған заңдарды қабылдау керек. Бұл жергілікті әкімшіліктерге өзінің табыстарын, оның ішнде жергілікті қарыздарды ұлғайту үшін әр түрлі құралдарды пайдалануға рұқсат етеді;
oo жергілікті басқару органдары есептілік және өзінің жұмысының айқындылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді сақтауы тиіс. Халықпен теріс қарым-қатынас, бюджеттің айқындылығының жоқ болуы ішінара шығындалуға және күдікті мақсаттардың болуына алып келеді.
Жергілікті бюджет бұл өте серпінді санат, сондықтан аймақтық саясатты мемлекеттің экономикалық өміріне әсер ететін әр түрлі факторлардың есебімен жүзеге асыру қажет. Жеке аймақтардың экономикалық дамуы деңгейінің әркелкі болуы және олардың әр түрді тұрпаттары бойынша саралануы жергілікті бюджет қаражаттарының қалыптасуы мен жұмсалуына әсер етеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді[18].
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:
елдің жалпы экономикалық жағдайы;
тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.
Жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi бағдарламалармен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етiледi және жергiлiктi бюджет арқылы жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың бiр бөлiгiн iске асыруға жол берiледi.
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және Астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.
Жергiлiктi салықтар мен алымдар жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн толтыруға, бекiтiлiп берiлген және жергiлiктi мақсаттағы қажеттердi қаржыландыруға жұмсалатын жеке тұлғалар мен кәсiпорындардың заң жүзiнде белгiленген мiндеттi төлемдерiнен тұратын Қазақстан Республикасының салықтар жүйесiнiң бiр бөлiгi.
Жергілікті бюджеттің рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрлысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жергiлiктi салықтар мен алымдарды құру мен алудың мынадай ерекшелiктерi бар:
oo олар өзiн-өзi басқарушы жергiлiктi органдардың аумақтық көлемiнде жергiлiктi органдарының шығындарын өтеуге жұмсалады;
oo жергiлiктi органдар заң жүзiндегi құқықтық шеңберi негiзiнде олардың уақытылы, әрi толық түсiн қамтамасыз етуiн бақылап отырады;
oo жергiлiктi басқару органдары Салық Кодексi негiзiнде, өз билiгi шеңберiнде кейбiр салықтардың ставкаларын реттеп, алымдарды бөлу объектiсiнiң базасын белгiлеп отырады.
Басқарудың барлық деңгейлерінің өз бюджеттері бар және олар өздерінің өкілеттіктері шеңберінде қызмет етеді (2-сурет).
Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болғандықтан, көптеген басқару функциялары орталықтан басқарылады. Оларды біртіндеп төменгі жергілікті басқару органдарына беру үдерісі соңғы 5-6 жыл көлемінде жүргізілуде. Жергілікті бюджеттің табыс көздерін нығайту үшін оларға берілетін өкілеттілік те тұрақты, әрі қалыпты үрдіске еніп келеді.
Бірнеше жылдар бойы орын алған жағдай мемлекеттің қаржылық дамуы үшін экономикалық дамуын жоспарлаудың көмекші бөлігі ретінде мемлекет шығындарын басқару түсінігін енгізуге ықпал етті.
Мемлекеттік қаржы
Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы
ҚР мемлекеттік бюджеті
Республикалық қорлар
Жергілікті бюджеттер
Бюджеттен тыс қорлар
Облыс бюджеті
Республикалық бағыныштағы қалалардың бюджеттері(Астана Алматы қалалары)
Облыстық бюджеті
Аудандардың бюджеті
Облыстық бағыныштағы қалалардың бюджеттері
Fх
Lхх
Tр-
Lх
Tр
Fх
Fх
Fх
Lх
Lх
Fх
Жергілікті бірлестіктердің бюджеттері
Қызметтері:
- Экономикалық коньюктураға ықпалы
-Әлеуметтік бағдарламалар мен міндеттердің орындалуы
-Ел экономикасының дамуы
-Салааралық құрылым мен бюджетаралық қатынастарды реттеу
-Өңірледің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру
Ескертпе - Lх - табыс көздері; Fх - мемлекеттік шығыстар; Tр - ресми трансферттер
Сурет 2. Мемлекеттік қаржының құрылымы мен қызметтері
Дерек көзі: Иванова М.А. Государственные заимствования на современном этапе.\\Финансы и кредит №14 2010 г [24]
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша - шамамен 48%-ын алады.
2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері өткен жылдардағы қабылданған және құлдырау сатысын ескере отырып, әрі осы сатыдан экономиканың тұрақтануы мен көтерілу сатысына шығу жөніндегі бірқатар бюджеттік-салықтық саясатты қарастыратын Салық және Бюджет кодекстерінің негізінде қалыптастырылды. Мәселен, салық заңнамаларына енгізілген өзгерістер экономиканы әртараптандыруға және оның өсуін ынталандыруға қолдау жасауға бағытталған[14].
Ұлттық қордың қаржыларын пайдалану мемлекеттік қаржыларды реттеудің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Шикізат ресурстарына қолайсыз конъюнктура пайда болған кездерде мемлекеттік шығындарды қаржыландыруды көздейтін Ұлттық қордың тұрақтандырушылық функциясы 2011 жылы алғаш рет қолданылды. 2011-2012 жылдары Ұлттық қордан мақсатты трансферттер тарту ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін және іскерлік белсенділікті арттырып, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету арқылы жұмыссыздықтың өсіп кетуіне жол бермеу үшін, сол сияқты, дағдарыс кезеңіндегі тұрақты дамуға бағытталады[8].
2010 жылдан бастап Ұлттық қордан қордың жыл соңындағы активтерінің оның алдындағы жоспарлау жылымен алғандағы 13 бөлігінен аспайтын көлемде тек кепілдендірілген трансферттер ғана тартылатын болды. Соның нәтижесінде Ұлттық қорды қорландыру саясаты одан әрі жалғастырылып, 2012 жылдың ортасындаол 31 млрд. АҚШ доллары болса, ал 2012 соңында бұл көрсеткіш 53,265 млрд. АҚШ долларын құрады.
Нәтижелерге бағдарланған әрі жоспарлау кезеңі ұзартылған бюджеттеуді енгізу стратегиялық сипатқа ие және ол экономиканың сапалы да тепе-тең жағдайда өсуіне бағыт ұстайды. Ал ол бюджет саясатын икемді жүзеге асыруға жол ашады. Қазіргі таңда Үкімет бюджеттік реттеу арқылы ел азаматтарының әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына қолдау көрсету, жұмыссыздықты төмендету және шаруашылық қызметтің белсенділігін арттыру жөнінен шаралар қабылдауда. Қазақстанды таяу бесжылдықта жедел индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы да экономиканы әртараптандыру мақсатын көздейді.
Бюджет шығындарының жартысынан астамы әлеуметтік салаға және бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларына бағытталған. Алдағы жылдың басынан бастап зейнетақыларды, бала күтіміндегі әйелдерге берілетін және өзге де мемлекеттік жәрдемақыларды өсіру ойластырылып отыр.
Сонымен бірге, алдағы бюджетте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да айтарлықтай қаржы бөлінбекші. Осы айтылғандардың бәрі әлемдік қаржы дағдарысының тигізген кері әсерлеріне қарамастан Үкіметтің қиыншылықтардан қысылмай шығу жолында елеулі жұмыстар атқарып отырғанын көрсетеді [8].
Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырудың түпкі мақсаты экономика мен қоғамның дамуын көздейтін әлем тәжірибесінен белгілі. Біздің елімізде облыстық деңгейдегі билік орындары орынсыз өсіп, аудандық және селолық деңгейдегі билік орындары шектелуде. Ал керсінше, дамыған унитарлы мемлекеттердің ең күшті буындары болып қала, село мен аудан болып табылады. Бүгінде қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы мәселелерді шешуге едәуір дербестікке ие бола бастады.
Жалпы жергілікті бюджеттің жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлеуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік - тұрмыстық инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражатынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл тиісінше жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға - жергілікті қаржының бүкіл теориялық негіздерін анықтауға, елдің бюджет құрылысының жалпы мемлекеттік құрылыммен нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.
1.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің сипаттамасы
Бюджет үдерісі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес еліміздіңаумағында және түгелдей жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Ол бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негiзгi ережелерін, қағидаларын және тетiктерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің үш деңгейлі құрылымы әрекет етеді:
oo республикалық бюджет;
oo облыстық бюджеттер (14) және Астана және Алматы қалаларының
бюджеттері;
oo аудандардың бюджеттері мен облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттері.
2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған Ұлттық қор жұмыс істейді, оған экономиканың мұнай секторынан тікелей салықтар және мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін сатудан түсімдер түседі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оның Ұлттық қорынан түсетін республикалық бюджетке кепiлдi трансферт түрiнде жұмсалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферт мөлшері абсолюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша қалдықтар және республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ағымдағы қаржы жылына арналған оның көлемі шеңберінде республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферттің қажетті сомасын анықтайды.
Жоспарланбаған шығыстарды олардың тосындығына байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.
Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге;
Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою үшін;
соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау үшін;
төмен тұрған деңгейдегі бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын өтеу үшін пайдаланылады.
Бюджет заңнамасында бюджет үдерісін ұйымдастырудың базалық халықаралық қағидаттарын бекіту Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай қағидаларға негiзделедi:
1) бірыңғайлық қағидасы (бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бірыңғай қағидаларын қолдану: бюджет сыныптамасын және бюджет үдерісiнiң бірыңғай рәсiмдерiн пайдалану);
2) толымдылық қағидасы (бюджетте және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорында заңнамада көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу);
3) нақтылыққағидасы (бекiтiлген, түзетілген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;
4) транспаренттiлiк қағидасы (мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет үдерісiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау);
5) дәйектiлiк қағидасы (мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы);
6) нәтижелiлiк қағидасы (мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару);
7) бюджеттердің дербестік қағидасы (түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет үдерісін дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердің орындалуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуi, төменгі бюджеттерге оларды тиiстi өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуi;
8) сабақтастық қағидасы (өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергiлiктi бюджеттерді жоспарлау);
9) негiздiлiк қағидасы (бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгізу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгiн айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджетті жоспарлау);
10) уақтылылық қағидасы (республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсiмдердi есептеу және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегi Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиiстi нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртiптi сақтай отырып, мерзiмiнде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару);
11) кассаның бірыңғайлық қағидасы (бюджетке барлық түсiмдердi бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру);
12) тиiмдiлiк қағидасы (бюджет қаражатының бекiтiлген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттiлiгiн негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу);
13) жауапкершiлiк қағидасы (тікелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және мемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiнiң қабылдануы);
14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы қағидасы (бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы).
Бюджет қызметтерінің сапа стандартын қолдану арқылы мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы және олардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын жекелеген функциялар атқарады. Мемлекеттік қызмет атқару мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері шеңберінде ақылы немесе тегін негізде көрсетiледi. Мемлекеттік қызметтер көрсету тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Нәтижелілік көрсеткіштерін қолдану мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында келтірілген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін бюджеттік бағдарламалар әзірленеді. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. Онда оны iске асыруды бағалау үшiн тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi, сондай-ақ сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң болуы тиiс.
Тiкелей нәтиже - қол жеткiзiлуi осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымдардың қызметiне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегiнде атқарылатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы.
Сапа және түпкiлiктi нәтиже - белгiлi бiр мемлекеттiк орган қызметiнiң, басқа да мемлекеттiк органдар қызметiнiң тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзумен ұштасатын, халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасының, әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктiң және мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйi (жай-күйiнiң өзгерiсi).
Стратегиялық жоспарлау әдістерін қолдану барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы стратегиясы, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары, көп жылдық жекелеген салаларды дамыту бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 2012 жылдан бастап мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары әзірленеді, олар әрбір үш жылда бес жылдық кезеңге бекітіледі. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды. Стратегиялық жоспарды iске асыру үшiн мемлекеттiк орган операциялық жоспар әзiрлейдi. Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, мiндеттерiне және нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзiмдерi бойынша байланыстырылған, мемлекеттiк органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты iс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.
Бюджетті қалыптастыру үдерісі келесілерді қамтиды:
1. Қаржы жылының басталу және аяқталу күні күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталады және 31 желтоқсанында аяқталады.
2.Жылдық немесе орташа мерзімдік бюджеттік жоспарлау (мерзімі, әдісі) 2009 жылға дейін дәстүрлі жылдық бюджеттік жоспарлау қолданылды. Ал 2009 жылдан бастап жылжымалы негізде үш жылдық бюджеттік жоспарлау енгізілді.
3. Бюджет жобасын жасау үдерісі мынадай кезеңдерді қамтиды:
-Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және бюджеттік параметрлерінің жобасын әзірлеу;
- орталық мемлекеттік (жергілікті атқарушы) органдардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттік өтінімдерінің жобаларын әзірлеу сәйкесінше 15 мамырға дейін оларды Республикалық бюджет комиссиясының және төмен тұрған бюджеттің бюджет комиссиясының қарауы;
- ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу (жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей);
4. Жылдық бюджет үдерісінің алдындағы жыл сайынғы жолдаулар мен өзге стратегиялық сипаттағы құжаттардың болуы бюджетті дайындау мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларына, жекелеген салаларды дамыту мен мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына негізделген.
5. Орташа мерзімдік макроэкономикалық болжамды қолдану (пайдаланылатын нұсқа, жыл ішіндегі түзетулер саны) стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлауда өзара байланыс орнату мақсатында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арнап әзiрленедi.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы:
- макроэкономикалық көрсеткiштер болжамын, әлеуметтiк параметрлер болжамын, әлеуметтiк-экономикалық даму үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн;
- бюджеттiк параметрлердiң үш жылға арналған болжамын (салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарын, мемлекеттік органдар шығыстарының болжамды көлемiн) қамтуға тиiс.
6. Бюджетті жасауға өкілеттік берілген атқарушы билік органы және оның құзыреттігінің толықтығы Қаржы министрлігі бюджетті жасау мен атқаруға уәкілетті орган болып табылады. Өнің өкілеттігіне республикалық бюджет жобасын және бюджетке өзгерістер енгізу (бюджетті нақтылау) жобаларын әзірлеу, бюджеттік бағдарламалар тізбесін қалыптастыру, бюджеттік өтінімдер жасау тәртібін айқындау, бюджеттік мониторингті жүзеге асыру, бюджеттік есеп жүргізу және есептілік жасау мен ұсыну тәртібін айқындау, бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүргізу кіреді.
Аудандық деңгейде осы өкілеттілікті экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады (бюджеттік өтінімдер жасау тәртібін айқындау, бюджеттік есеп жүргізу және есептілік жасау мен ұсыну тәртібін айқындаудан басқа)
7. Бірыңғайбөлек бюджеттік жоспарлау әдістерін қолдану (кірістер мен шығыстар, инвестициялық және ағымдағы шығыстар) бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін бірыңғай жоспарлау арқылы жүзеге асырылады. Салықтық, салықтық емес түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер, трансферттік түсімдер бюджет кiрiстерi болып табылады. Шығындар, бюджет несиелерін, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.
Жалпы бюджет үдерісі бірыңғай бюджеттік сыныптаманың негізінде жүзеге асырылады. Бiрыңғай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz