Сот сараптамасы



1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары
1.1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы
1.2 Сот сараптамасының тақырыбы мен міндеттері
1.3 Сот сараптамасының обьектілері
1.4 Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер
2 Сот сарапшылық зерттеу әдістері және жіктеу
2.1 Сот.сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды қалыптастыру
2.2 Сот.сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
2.3 Сот.срапшылық технология түсінігі.Комьютерлік технология құралдарын сот сарапшылық зерттеулерде пайдалану
2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу
2.5 Сот сараптамасының даму бағыты
2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу
«Сараптама» деген сөз латынның «expertus» сөзімен байланысты, бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандай да бір арнаулы саладағы білімідітартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүгізетін зерттеуін айтамыз.
Сот сараптамасы – жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негзінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1- бабында белгіленген.
Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары
1.1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы
1.2 Сот сараптамасының тақырыбы мен міндеттері
1.3 Сот сараптамасының обьектілері
1.4 Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер
1.1 Сот сараптамасы түсінігі және негізгі сипаттамасы
Сараптама деген сөз латынның expertus сөзімен байланысты, бұл тәжірибелі, хабардар дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандай да бір арнаулы саладағы білімідітартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүгізетін зерттеуін айтамыз.
Сот сараптамасы - жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негзінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша сот сараптамасы ұғымы ҚР Сот сараптамасы туралы Заңының 1- бабында белгіленген.
Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін қылмыстық істі тергеу немесе сот қаулысы барысында иуындайтын проблемалық танымдық ситуациясын жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.
Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүршізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.
Мақсаты сарапшы қорытындысының жаңа дәлелдерін алу, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын анықтау юолып табылады.
Шарттарынмыналар жатады:
1) Арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу. Сараптамаға қатысты арнаулы ғылыми білім терминін пайдалануға баса назар аудару керек;
2) Сараптаманы арнайы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын құқықтары мен міндеттерінің жеке жиынтықтары бар сарапшының жүргізуі;
3) Заңмен реттелген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зерттеу нәтижелерін ресімдеу және оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жатады. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін белгілеудің іс жүргізу нысаны іс бойынша дәлелдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы болады;
4) Зерттеудің белгілі бір теориялық принциптері мен тәжірибесіне сүйенетін бағалау мен фактілерді түсіндіру негізінде тұжырымды зерттеу нітижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесі фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы тұжырым, ой қорытындысы. Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдері негізінде жүргізген объектілерде анықталған белгілер мен байланысты жиынтықты бағалау жолымен белгіленеді. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, дауласудың принципті мүмкіндіктеріне жол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде қалыптасады.
Аталған мақсат пен шарттар сараптаманы қылмыстық процестегі арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарынан айырады.

1.2 Сот сараптамсының тақырыбы мен міндеттері

Әдебиеттерде сот сараптамасының тақырыбын анықтаудың әр тұүрлі жолдары бар. Әр авторлар сарптаманың тақырыбын анықтауға жататын мән-жайлар, сарпшылық міндеттер, сараптама объектілері ретінде анықталады.
Әдебиеттерде нақты сараптама тақырыбы мен тектік (түр) тақырыбы түсінігі ажыратылады.
Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілі бір мамандықтағы сарапшының құзыреті, осы тектік сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды. Қылмыстық іс бойынша тағайындалатын нақты сараптаманың тақырыбы сарапшының алдына қойылған сұрақтардың ауқымымен анықталады. Ол сараптаманы тағайындау кезінде қажетті ғылыми құзыреттілікке сәйкес сарапшының таңдауымен себептеледі.
Сарапшылық білім саласының сипаттамасы ретіндегі сот сараптамасы тақырыбының ұғымы тиісті сарапшылық міндеттерді анқтау мен жүргізу үшін негіз болып табылады.
Сарапшылық міндет - сарапшының алдына қойылған сұрақтағы тапсырманы сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкі мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманы тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашқы мәліметтерді сипаттайды.
Сараптаманың міндеттері ұғымы көбіне сарапшыға қойылған сұрақ ұғымына ұқсас. Белгілі мағынада міндет ол белгілі бір үлгідегі сұрақтардың мағынасын ғылыми қорытып түсіндіру деген сөз.
Сараптама міндеті дегеніміз тергеу-сот практикасының қажеттігіне және сот сараптамаларының жетістіктері мен әдістемелеріне сәйкес сот сараптама тақырыбы мазмұнын қорытындылап тарататын нақты деректерді анықтаудың мүмкіндіктері.
А.И. Винберг пен Н.Т. Малаховский ұсынған диагностикалық, жіктеушілік, теңдестірушілік, ситуациялық деңгейлер міндеттерінен бөліп шығаруға әкелетін сарапшылық міндеттерді жіктеудің деңгейлікамалы кең түрде танымал болды.
Диагнистикалық сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілерді танып-білу болып табылады. Олар объектінің табиғатын, оның қасиеттері мен күйін, белгілі бір сипаттан ауытқуын, осы өзгертулердің себептерін және олардың қылмыстық оқиғамен байланысын анықтауға бағытталған.
Жіктеушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілердің белгілі бір кластарға, соның ішінде стандартталғандарға қатыстылығын анықтау болып табылады. Осы міндеттердің мысалдары ретінде биологиялық текті объектілердің, лактыбояу материалдарының, есірткілердің жіктелушілік қатыстылығын анықтауды айтуға болады.
Теңдестірушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты жекелей-белгілі оюъектілердің тепе-теңдігін немесе материалдық белгілену көріністері бойынша олардың шығу көздерін анықтау болып табылады. Теңдестірушілік міндеттерді шешу екі кезеңде жүзеге асырылады: 1-теңдестірілген және теңдестіруші объектілерді жалпы (топтық) белгілердің сәйкес келуін анықтау, 2-дараланатын объектілердің сәйкес келетін жеке белгілерінің жиынтығы бойынша жекелей-белгілі объектілрдің тепе-теңдігін анықтау.
Ситуалогиялық (ситуациялық) зерттеудің мақсаты жеке оқиғаларды анықтау болып табылады, олардың негізінде қылмыстық іс ауқымындағы жалпы оқиға механизміне қайта құру жүргізіледі. Ситуалогиялық міндеттерге, мысалы, нақты жағдайларда мылтықтың өздігінен атылып кету мүмкіндігін анықтау, суық қарумен зақымдар салу шарттарын анықтау жатады.
Бүтіндей, деңгейлік амалды мойындай отырып, көптеген авторлар жіктеу деңгейлері мен негіздері тізбесінің өз нұсқаларын ұсынады. Бұл тәсіл сарапшылық таным деңгейі туралы көзқарас пен сарапшылық технологияға бағдарланған.
Н.Т. Малаховская диагностикалық, жіктеушілік, теңдестірушілік жіһәне ситуалогиялық деңгейлер туралы айта отырып, бұл - сарапшылық зерттеудің негізгі әдістерінің деңгейлері... олардың негізінде жеке әдістер және нақты сараптамаларды зерттеудің әдістемелері әзірленеді, басқаша болса, олар методологиялық деңгейлер болып табылады деп шынайы көрсеткен.

1.3 Сот сараптамасының объектісі

Заң мазмұнынан шықсақ, сараптаманың объектілері қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген ақпараттың заттандырылған көздері - қылмыстық іс материалдары болып табылады. Әдебиеттеде сот сараптамасының объектілері, көбінде, сарапшылық зерттеуді қажет ететін іс мін-жайының материалдық жеткізгіштері ретінде, я болмаса, арнаулы білімдерді пайдалану арқылы алынатын фактілер мен уақиғалар, фактілік деректердің көздері туралы ақпараттың жеткізгіштері ретінде белгіленеді.
Сарапшылық зерттеуге тек нақты заттар ғана емес, егер олар жөнінде ақпараи заттандырылған көрініс тапса, онда, сонымен бірге әр түрлі процестер (оқиғалар, құбылыстар, әрекеттер) жатқызылуы мүмкін.
Сараптама объектісінің жалпы ұғымымен бірге заттық, нақты және тікелей объектілер ұғымы деп ажыратылады.
Заттық объект - сараптаманың белгілі бір класы, тегі, түр аясында зерттелетін қасиетерінің ортақтылығымен бірлескен ақпараттың материалдық жеткізгіштерінің жиынтығы. Заттық объекті ұғымы сараптамалардың жеке кластарын, тектерін, түрлерін ажыратқан кезде елеулі рөл атқарады.
Сараптаманың нақты объектісі нақты сарапшылық зерттеудің өзіндік ерекшелігін көрсететін дара және қайталанбас объекті деп аталады.
Зерттеудің тікелей объектісі, ол ақпаратиың сол бір материалдық жеткізгіші сараптаманың әр түрлерінің объектілері болуы мүмкіндігіинг ерекшеленеді. Сондықтан да, объектіні зерттеуге ұшырайтын сол жақтарын, қасиеттерін анықтаған орынды болмақ. Мысалы, нақты құжатты зерттеу кезінде тікелей объектілер ретінде құжаттағы қолжазбаны орындаған жазк (сот жазутану сараптамасының объектіс) және мөр бедері (құжаттардың сот-техникалық сараптамасы) болуы мүмкін.
Объектілер іс жүргізу нысаны бойынша дифференциаланады (ҚІЖК-нің 248-бабы 1-б.). Осы белгілер бойынша олар былайша бөлінеді: заттай дәлелдемелер; құжаттар; көзі тірі адамдар (бұл жағдайда адамның денесімен қатар, психикалық, психологиялық, физиолоогиялық және басқа да процестері зерттелуі мүмкін); сарапшылық зерттеу үшін үлгілер; қылмыстық іс материалдарында көрінген сараптама затына жататынмәліметтер; белгілі бір іс жүргізу мәртебесі жоқ объектілер (яғни, қылмыстық істі заттай дәлелдемелер ретінде немесе моральдық-этикалық түсініктер (мәйіттер) бойынша, я болмаса, оларға заттай дәлелдемелер режимін (ғимараттар, үй-жайлар) қолданудың нақты мүмкін еместігі бойынша.
Сарапшы оның қарамағына ұсынылатын материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды беретіндіктен, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде сарапшылық зерттеу мен сарапшы қорытындысының сапасы, көбінде, сараптама тағайындаған органның объектілерімен болатын іс-әрекет ережелерін дәл және ұқыпты орындауымен анықталады. Тиісті талаптар заңда баяндалған.
Атап айтқанда, процесті жүршізуші аталған орган сарапшылық зерттеу объектілерінің сенімділігі мен оларға жол беретіндігіне кепілдік береді (ҚІЖК-нің 248-бабы 2-б.).
Сарапшылық зерттеуге арналған іс материалдарының сенімділік кепілін, сондай-ақ оларды зақымдауды немесе олардың қасиеттерін өзгертуді болдырмауды қамтамасыз ету үшін сарапшылық зерттеу объектілері, егер олардың көлемң мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшығы буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Басқа жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етуге тиіс (ҚІЖК-нің 248-бабы 3-б.).
Сарапшылық объектілерін басқаша пайдалану ҚІЖК-де және ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылы 12қаңтардағы №121, ҚР Бас прокуратурасының 1998 жылғы 1жедтоқсандағы №1043, ҚР ҰҚК-нің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №598, ҚР ІІМ-нің 1998 жылғы 2желтоқсандағы №429, ҚР Мемлекеттік табыс министрлігінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы №111 бекітілген бұйрығымен бекітілген Соттардың, прокуратура, алды ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, сақтаудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы Нұсқаулықта көзделген өаттай дәлелдемелерді алудың, іске қоса тіркеудің, сақтау ме жоюдың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

0.4 Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі

Сот сараптымы объектілерінің ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың іс жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген.
Үлгілерге жататындар: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері; 2) ұқсас заттар (заттай ділелдемелердің орнын ауыстырғаштар), соңғылармен жалпы тектік белнілері болады; 3) салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер. Заң әдебиеттерінде, негізінен, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер жөнінде айтылады. Бұл дәл осындай объектілердің сарапшылық зерттеулерде көбірек кездесетінімен түсіндіріледі.
ҚІЖК-нің 256-бабы 2-бөлігінде үлгілер ретінде, атап айтқанда:
1) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары;
2) сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар;
3) тері бетінің ізі, тістің қалыбы;
4) қолжазба мәтін, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар;
5) дауыс фонограммасы;
6) материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;
7) гильзалардың, оқтардың, қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады.
Үлгілер бірқатар негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.
Мысалы, оқиға сипатына байланысты, оның нәтижесінде үлгілер пада болуы және заттай дәлел - түрнұсқаның пайда болу механизмін көшіреді, үлгілердің үш түрі болуы мүмкін:
oo экспериментті, онда уақиға жасанды түрде жасалады (атылған оқтар, гильзалар);
oo еркін үлгілер, тергеліп жатқан уақиғадан тыс байланысты пайда болуы (жазу, дауыс фонограммасы);
oo шартты-еркін үлгілер, іс бойынша өндіріске байланысты орындалған, бірқатар арнайы сараптама үшін орындалмаған;
oo табиғи үлгілер, физиологиялық өнім ретінде пайда болғандар (қан, шаш үлгілері).
Олар іс жүргізу тәсілі менүлгілерді алу субъектісіне байланысты, сот-тергеу немесе сарапшылық болуы мүмкін.
Үлгілерді алу негізінде нақтылы және заңды үлгілер болып бөлінеді.
Біріншілер жөнінде айтсақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган көзі тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің, егер олардың кейінде сарапшылық зерттеуі іс үшін мәні болса, қасиеттерін бейнелейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Сот сараптамасының принциптері
Сот сараптамасының рөлі
Сот сараптамасы туралы
Сот медициналық сараптама түрлері
Сот сараптамаларын жіктеу
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Сот сараптамасының жіктелуі
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
Азаматтық процесстегі сот дәлелдемелері
Пәндер