Мұнайды өндіру мен тасымалдау кезіндегі апаттық жағдайлар

Мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптер қоршаған ортаны ластайтын негізгі салалардың қатарына жатады. Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану барысында, оның қоршаған табиғи орта мен жер қойнауына техногендік әсері өте зор. Мұнайды өндіру мен өңдеу және тасымалдау жұмыстары кезінде әр түрлі апаттық жағдайлардың болуының өзі қоршаған ортаға әр түрлі сипаттағы зардаптарын тигізеді. Бұл апаттық жағдайларға ұңғымалардағы фонтандау, ашық фонтандау, тасымалдау құбырларының коррозия әсеріне тозып тесілуі, теңіз бұрғылау плотформаларындағы апаттық жағдайлар, тасымалдау танкерлерінің апатқа ұшырауы, сақтау қоймаларындағы резервуарлардың тесілуі, жарылытардың болуы сияқты жағдайларды жатқызуға болады. Мысалы ұңғымалардың фонтандауында ұңғы айналасына көп мөлшерде атқылаған мұнай шашылып, сол жердегі өсімдіктер мен су қоймаларын ластайды. Бұл жағдай тасымалдау құбырлары тесілген жағдайда да байқалады. Ал теңіздегі бұрғылау платформалары мен тасымалдау танкерлеріндегі апаттық жағдайларға байланысты теңізге көп мөлшерде мұнай төгіліп суда тіршілік ететін балықтар, құстар мен сүтқоректілер және тағы басқа тіршілік иелерінің жойылуына әкелуі мүмкін.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мұнайды өндіру мен тасымалдау кезіндегі апаттық жағдайлар.
Мұнайдың теңізге танкерлердің соқтығысуынан немесе таяз суларға соқтығысуынан төгілуі аз кездеседі.
Мысалы ретінде алғашқы мұнай тасымалдау кемесі Торри - Каньонды қарастыруға болады. Ол 1967 жылы Кувейттің 117 мың тонна шикі мұнайын тасымалдап келе жатқанда апаттық жағдайға ұшырады. Танкер Англиядағы Корнуолл бұғазысының маңында рифке соқтығысты, соның салдарынан танкер борты тесіліп 100 мың тонна мұнай теңізге төгілді. Жел күшімен төгілген мұнай Корнуолл жағалауына жетіп, Ла - Манштан өтіп Бретани (Франция) жағалауына дейін жеткен. Теңіз бен жағалау экожүйесіне зардап келтірілген.
Содан бері мұнай тасымалдау кемелері мен теңізде бұрғылау қондырғыларында апаттық жағдайлар жиі болып тұрады. Жалпы айтқанда 1962 - 1979 жж аралығында апаттық жағдайлар әсерінен теңізге шамамен 2 млн. Тонна мұнай төгілеген, ал 1962 - 1971 жж аралығында жыл сайын 66 млн тонна мұнай төгіліп отырған, 1971 - 1976 жж аралығында 116 млн тонна мұнай төгіліп отырса, 1976 - 1979 жж аралығында 177 млн тонна мұнай төгілген.
Жалпы мұндай оқиғалар өте маңызды болса да, олардың жалпы мұнай тасымалдау кезіндегі мұнай жоғалтудың 15% ғана құрайды. Бірақта бұл көрсеткіш арқылы бұл апаттық оқиғалардың маңыздылығын кемітуге болмайды, себебі бұл апаттық жағдайлардың бәрі тұрақты бір жердегі тасымалдау жолдарында және көбінесе таяз су акваторияларында болады. Осылай мұнай төгінділері теңіздің аз көлемді ауданында шоғырланып жиналып қалады.
Жаңа тонналық сыйымдылығы жоғары супертанкерлердің пайда болуымен қоршаған ортаға келетін зиян мөлшері де арта түсуде. Қазір сыйымдылығы 500 мың тонна танкерлер теңіздерге түсірілген, ал сыйымдылығы 800 тонна танкерлер жобалары жасалуда.
Бұл супер танкерлер өздерінің аса зор көлеміне байланысты маневрлігі төмен, тоқтау қашықтығы алыс болып келеді. Мысалы сыйымдылығы 200 мың тонна танкерге, егер оның двигательі реверсивті бағытта жұмыс істесе де тоқтау үшін 4-5 км жүру қажет. Ал апаттық жағдайларда мұндай танкерді басқару өте қиынға соғады. Бірақта бұл танкерлердің сыйымдылығы аз тасымалдау кемелерін алмастыра алатындықтан, оған кететін шығын кемиді және де олардың экипажы да аз, шағын кемелерге қолданғанға көп шығын кететін бағалы, сапасы жоғары навигациялық қондырғылармен қамтамасыз етуге болады.
1960 - 1970 жж аралығында 500 жуық мұнай төгілудің апаттық жағдайлары тіркелген. Осыған қарап сыйымдылығы 400 мың тонна танкерлердің жүзіп жүруінің қауіптілігін байқауға болады. Бұл танкерлер тек шектелген бұғазылар мен порттарға кіре алады. Жоғарыда айтылған Торри Каньон сияқты танкерлердің апаттық жағдайға ұшырауы қандай зардаптар әкелуі мүмкін екенін елестету қиын емес.
Ашық теңіздегі мұнайды өндірудегі апаттық жағдайларда мұхиттың ластануына әкелуі мүмкін. Бұрғылау кезінде, құбырларды енгізу, мұнараларды орнату кезінде және ұңғыманы пайдалану жұмыстары кезінде теңізді ластау қауіптілігі туындайды. Алғашқы мұндай апат 1968 жылы Санта - Барбара бұғазында калифорния шельфін бұрғылау жұмыстары кезінде орын алған.ұңғы басындағы сынықтан теңізге жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайды және мұнай өнімдірін тасымалдау туралы ақпарат
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына сипаттама
Ұңғымалар қоры ұңғыма
Мұнай және газ қоры
Қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын есептеу
Рационалдық қабат қысымы
Мұнай өңдеу, мұнайхимиялық және химиялық өндірістегі технологиялық қондырғылар
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Қоршаған ортаны қорғау жайлы ақпарат
Химиялық кәсіпорындарда жұмыс тұрақтылығын жоғарылату
Пәндер