Ғұндар және үйсіндер археологиясы
1. Ғұн ескерткіштерін зерттеген ғалымдар
2. Обалары
3. Ғұн мәдениеті
4. Үйсін дәуірінде табылған ескерткіштер
5. Үйсіндердің зерттелу сатылары
6. Шаруашалығы
7. Антропологиялық типтері

Ғұн дәуірінің ескерткіштері – Солтүстік Қытай мен Қиыр Шығыстан бастап Дунай, Карпат өлкелеріне дейінгі аралықта ғұндар дәуірінен (б.з.б. 2 – б.з. 5 ғасырлар) сақталған қоныстар, обалар, ғұрыптық құрылыстар, металл өндіру орындары және кездейсоқ табылған көмбелер мен жекелеген заттардың ғылымдағы жиынтық атауы. Оларды зерттеу жұмыстарына бір ғасыр бойы Азия мен Еуропаның ондаған ғалымдары қатысты. Алғаш 100-ден астам обаны Байкал сыртында (Бурятия) 19 ғасырдың соңында Ю.Талько-Грынцевич қазды. 1924–1925 жылдары П.К.Козлов экспедициясы Солтүстік Моңғолиядағы Ноин-Ула үлкен обаларын зерттегеннен кейін ғұн мәдениеті айқындала түсті. Шығыс ғұндардың негізгі ескерткіштері Ордос, Моңғолия, Бурятияда, ішінара Саян-Алтай, Енисей, Қиыр Шығыс өлкелеріне тараған. Оларды С.И.Руденко, Л.Р.Кызласов, С.В.Киселев, С.И.Вайнштейн, А.М.Мандельштам, А.Давыдова, С.Миняев (Ресей), Х.Пэрлээ, Ц.Доржсурен (Моңғолия) және қытай, жапон, еуропа ғалымдары зерттеді. Мұндағы ғұн ескерткіштері б.з.б. 2 – б.з. 5 ғасырлар аралығын қамтиды және «суджа», «дерестуй» деп екі мерзімдік топқа бөлінеді. 20-ға жуық қоныс, мыңдаған оба тіркелген. Бірнеше қоныс пен 900-ге жуық оба қазылды. Бурятиядағы Селенга өзені бойынан қазылған Иволга қалашығының маңызы зор. Мұнда орташа аумағы 5х4 м, балшық қабырғалы, төбесі екі қанатты ағаш шатырмен жабылған 54 үйдің орны анықталды.
1. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия.
2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамf.
3. "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том.
4. Ж. Таймағамбетов, К. Байпақов: “Қазақстан археологиясы”

Ғұндар ескерткіштері және археологиясы
Ғұн дәуірінің ескерткіштері - Солтүстік Қытай мен Қиыр Шығыстан бастап Дунай, Карпат өлкелеріне дейінгі аралықта ғұндар дәуірінен (б.з.б. 2 - б.з. 5 ғасырлар) сақталған қоныстар, обалар, ғұрыптық құрылыстар, металл өндіру орындары және кездейсоқ табылған көмбелер мен жекелеген заттардың ғылымдағы жиынтық атауы. Оларды зерттеу жұмыстарына бір ғасыр бойы Азия мен Еуропаның ондаған ғалымдары қатысты. Алғаш 100-ден астам обаны Байкал сыртында (Бурятия) 19 ғасырдың соңында Ю.Талько-Грынцевич қазды. 1924 - 1925 жылдары П.К.Козлов экспедициясы Солтүстік Моңғолиядағы Ноин-Ула үлкен обаларын зерттегеннен кейін ғұн мәдениеті айқындала түсті. Шығыс ғұндардың негізгі ескерткіштері Ордос, Моңғолия, Бурятияда, ішінара Саян-Алтай, Енисей, Қиыр Шығыс өлкелеріне тараған. Оларды С.И.Руденко, Л.Р.Кызласов, С.В.Киселев, С.И.Вайнштейн, А.М.Мандельштам, А.Давыдова, С.Миняев (Ресей), Х.Пэрлээ, Ц.Доржсурен (Моңғолия) және қытай, жапон, еуропа ғалымдары зерттеді. Мұндағы ғұн ескерткіштері б.з.б. 2 - б.з. 5 ғасырлар аралығын қамтиды және суджа, дерестуй деп екі мерзімдік топқа бөлінеді. 20-ға жуық қоныс, мыңдаған оба тіркелген. Бірнеше қоныс пен 900-ге жуық оба қазылды. Бурятиядағы Селенга өзені бойынан қазылған Иволга қалашығының маңызы зор. Мұнда орташа аумағы 5х4 м, балшық қабырғалы, төбесі екі қанатты ағаш шатырмен жабылған 54 үйдің орны анықталды. Қабірлер ұзынша пішінде қазылған, мүрделер ағаш табытқа салынып, басы солтүстікке қаратыла 1 - 2 м тереңдікте жерленген. Ал үлкен обаларда ағаш табыт бөренеден жасалған қима ішіне салынған. Қабірдегі заттар арасында Қытай бұйымдарынан айна мен теңгелер жиі кездеседі және олардың ескерткіштердің уақытын анықтауда үлкен мәні бар. Ноин-Уланың үлкен обалары тас пен топырақтан үйілген. Бұл жерде жерленген ғұн көсемдерінің мүрделері өте терең шұңқыр ішіне орнатылған қос қабатты бөрене қималарға қойылған. Тақтай табыт пен бөрене қималар, қабірдің бас жағына мал бастарының салынуы ғұндар мәдениетінің тұрақты белгілеріне жатады. Темір ұшты жебелерге сүйек ысқырғыштар қондырылған, белдік қапсырмаларына аңшылық сюжеттері мен зооморфты бейнелер тән. Қыш ыдыста толқынды сызықтар түріндегі оюлар жиі кездеседі. Сондай-ақ ағаш, металл ыдыстар да көптеп қолданылған. Ағаш ерлердің ежелгі түрлері пайдаланылған. Ғұн садағының ұзындығы 1,5 м. Сүйек пластиналармен мейлінше күшейтілген, күрделі әрі ауыр садақтың осы түрі жебені сақ садағына қарағанда әлдеқайда алысқа атқан.
Ғұн мәдениетіне тән айрықша үлгілер, негізінен, үлкен обалардан алынды. Ғұн дәуірінің ескерткіштерінің келесі топтарына Қазақстан, Орталық Азия, Батыс Сібір, Орал мен Еділдің оңтүстік өлкелеріндегі түрлі жәдігерлер және 4 - 5 ғ-ларда Еуропаға барған ғұндардан қалған қабірлер мен көмбелер жатады. Шығыстағы тарихи ғұн мәдениетінің таза сипаттағы ескерткіштері бұл өлкелерге тән емес. Жергілікті қаңлы, үйсін, сармат, т.б. мәдениеттердің ескерткіштері тараған. Бұларға шығыстық ғұн элементтері қосылып, кей өлкелерде кеңқол тәрізді аралас сипаттағы ескерткіштер тобы пайда болған. Жалпы, шығыстық элементтерден, әсіресе, қару-жарақтағы, қыш ыдыстағы, жекелеген бұйым түрлеріндегі ықпалдарды айтуға болады. Жерлеу ғұрпында да өзгерістер байқалады. Оларды А.Н.Бернштам, Ю.А.Заднепровский, С.Сорокин, К.Ақышев, И.Қожамбердиев, А.Максимова, М.Қадырбаев, Б.Нұрмұханбетов, Л.Левина, В.Могильников, И.Засецкая, М.Мошкова, О.Обельченко, т.б. зерттеді. Кеңқол ескерткіштері Шу мен Таластың жоғарғы алқаптарында ашылды, олардың кейбір ықпалдары Оңтүстік Қазақстандағы Жамантоғай, Шәушіқұм, Бөріжар зираттарынан байқалады. Сонымен қатар ғұн әсері бар Жетіасар мәдениетінің (Арал маңы), құлажорға (Шығыс Қазақстан), қорғантас (Орт. Қазақстан) кезеңдерінің ескерткіштері зерттелуде. Жетісудағы Қарғалы, Теңдік зираттарынан көптеген сәнді алтын бұйымдар, Ақтастағы қоныс пен зираттан құнды деректер алынған. Батыс өлкелердегі сармат тайпаларының соңғы кезеңдеріндегі ескерткіштерінде шығыс ғұндар ықпалы байқалады. Қазақстаннан бастап Қара теңіз, Дунай, Қарпатқа дейін тараған 4 - 5 ғ-ларға жататын ескерткіштер ерекше топты құрайды. Бұлардың негізі қару-жарағы мен бағалы бұйымдары көп бекзадалардың, атақты жауынгерлердің қабірлері, жиі кездесетін көмбелері болып табылады. Айрықша белгілері - полихромды стильмен жасалған бағалы бұйымдар. Олар шығыс ғұндарының мәдениетінде жоқ кейін қалыптасқан дәстүрге жатады. Асыл тастар, түсті шынылар орнату, сіркелеу (зернь), сымкәптеу (скань), бөгетті эмаль және алтын-күмістеу тәсілдерін қолданып жасаған сәнді бұйымдар Қазақстанда (Бурабай, Қарағаш, Қанаттас, Батыр), одан әрі батысқа қарай Еуропа жерлерінен көптеп табылды. Шығыс ғұн ескерткіштері мен Еуропаға барған ғұндарға қатысты ескерткіштердің арасындағы тікелей генетик. сабақтастық ғылымда дәлелденбеген. Кейбір байланыстар тек жекелеген бұйымдардан ғана байқалады. Солтүстік Кавказға, Еуропаға барған тайпалардың мәдени бейнесінде Қазақстан, Еділ бойын жергілікті мәдениеттерінің салмағы басым.
Үйсін ескерткіштері және археологиясы
Үйсін дәуірінің ескерткіштері -- ерте темір дәуірінің соңғы кезеңінде Жетісу мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалардан қалған мұра (б.з.б. 3 -- б.з. 5 ғасырлар). Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Шығу (Чигу) қаласы болғаны белгілі, бірақ бұл археологиялық тұрғыдан анықталмаған. Үйсін дәуіріне қарасты алғашқы бірнеше обаны 19 ғасырдың ортасында В.В. Радлов қазіргі Алматы облысы аумағынан зерттеген. 1920 жылы М.В. Воеводский мен М.П. Грязнов Қырғызстанның солтүстігінде зерттеулер жүргізіп, обалардың сипатын іс жүзінде нақтылады. 1930 жылы А.Н. Бернштамның, 1950 жылы Г.А. Кушаевтың зерттеулері барысында көне үйсіндер мәдениетіне жататын обалардың үлкен шоғыры ашылып, жерлеу ғұрпының, заттық мәдениеттің басты белгілері анықталды және алғашқы ғылыми-теория қорытындылар дүниеге келді. Е.А. Агеева, А.Г. Максимова, Л.Я. Маловицкая жүргізген жұмыстар нәтижесінде құнды деректер алынды.
Үйсін дәуірінің ескерткіштерін талдап қорытындылау, ғылыми тұжырымдар ұсыну ісінде аса көрнекті сақ-үйсін зерттеушісі К.Ақышев еңбектерінің айрықша маңызы бар. Жалпы алғанда Үйсін дәуірінің ескерткіштерінің жерлеу үрдісі, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімдерінен мол деректер беретін ескерткіштердің ең көп зерттелген түріне обалар жатады. Сонымен қатар қыстақ-қоныстар, қалалық отырықшы орындар тәрізді ескерткіштер де көптеп кездеседі. Ең аз зерттелген жәдігерлерге тастағы таңбалар, осы кезеңдегі металлургия орындары жатады. Металл бұйымдарынан тұратын археологиялық көмбелер де белгілі. Дөңгелек, сирек жағдайда сопақша пішіндегі обалар топырақтан үйіледі, ал мұның шағын тастардан түзілген сақина-қоршаулары бірнеше түрде орналасады:
үйіндінің шетін ала;
үйінді шетінен 1 -- 2 м, не одан сәл көбірек қашықтықта;
үйіндінің астында, оның шетіне жақын;
үйіндінің бетінде.
Кей жағдайда топырақ оба тұрғызылмай, тас қоршаудың өзі ғана кездеседі. Жерлеу камерасының басты түрі -- беті ағашпен жабылатын шұңқыр қабірлер. Мүрде басымен күнбатысқа қаратыла, созылыңқы күйде арқасымен жатқызылады. Қабір ішінде заттардан қыш ыдыстар (әдетте, бір қабірде 1 -- 2 ыдыс), бірен-саран қола, темір бұйымдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz