Банк Центркредит АҚ қызметін ұйымдастыру



Өндірістік тәжірибелік жұмыс – бұл студенттердің мамандандырылған өзіндік жұмысы. Бұл жұмыс оның оқу орынындағы алған білімінің деңгейін, алынған ғылыми талдау дағдыларын, жалпы әдістемелік принциптерді әлеуметтік – экономикалық орталарды орынды қолдана алуын көрсетеді. Осы өндірістік - тәжірибені өту барысында ұйым қызметін, саясатын және оның іске асыру құқықтық үрдістерін, ұйымның жарғысын және оның қалыптасу тарихы туралы мәлеметтерімен таныстым. Ұйымның жарғысы – бұл кәсіпорынның қандай қызметпен айналысатыны туралы, ұйымның құрылтайшылары туралы, олардың міндеттері мен құқықтары, ең төменгі жарғы сомасы туралы, кәсіпорынның мақсаттары туралы мәлеметтерден құралған құжат болып табылады.
Өндірістік тәжірибе 2015 жылдың 19- қаңтарынан 2015-жылдың 15-сәуірге дейінгі аралықта ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласының «Банк Центркредит» АҚ өтті.
1. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қ.Р. Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444
“Қазақстан Ұлттық банкі туралы “ Қ.Р.Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155
2. “ҚР-дағы банктер және банк мекемелері” Негізгі заң актілері. 2002 ж. 1 мамырында. Алматы: Юрист, 2002ж – 108 бет.
3. Валюталық реттеу және валюталық бақылыу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57 Заңы
4 .Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж – 466 б.
5. Финансовый анализ коммерческой деятельности: Учебник. /Подред. АбрютинойМ.С.-
6. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау /Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж – 330 бет
7. Көшенова Б.А. «Ақша. Несие. Банктер» Валюта қатынастары. Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000ж– 328 бет.
8. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж
9. Ғ.Мүсіров «Ақша.Несие.Банк» Ақтөбе 2006 ж 117 -38бет
10. Мақыш.С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» ИздатМаркет Алматы, 2004 ж 272б-5б
11. Финансовый анализ в коммерческом банке: Учебник. /Под ред. Шеремета А.Д.- М.:Финансы,2001г. - 256с.
12. Финансовый менеджмент: Учебник. /Под ред. Павлова Л.Н.-М.:ЮНИТИ,2001г. - 269с.
13. Тавасиева А.М. Банковское дело.-Москва,2005 г -662 с

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Өндірістік тәжірибелік жұмыс - бұл студенттердің мамандандырылған өзіндік жұмысы. Бұл жұмыс оның оқу орынындағы алған білімінің деңгейін, алынған ғылыми талдау дағдыларын, жалпы әдістемелік принциптерді әлеуметтік - экономикалық орталарды орынды қолдана алуын көрсетеді. Осы өндірістік - тәжірибені өту барысында ұйым қызметін, саясатын және оның іске асыру құқықтық үрдістерін, ұйымның жарғысын және оның қалыптасу тарихы туралы мәлеметтерімен таныстым. Ұйымның жарғысы - бұл кәсіпорынның қандай қызметпен айналысатыны туралы, ұйымның құрылтайшылары туралы, олардың міндеттері мен құқықтары, ең төменгі жарғы сомасы туралы, кәсіпорынның мақсаттары туралы мәлеметтерден құралған құжат болып табылады.
Өндірістік тәжірибе 2015 жылдың 19- қаңтарынан 2015-жылдың 15-сәуірге дейінгі аралықта ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласының Банк Центркредит АҚ өтті.
Іс-тәжірибенің мақсаты:
oo акционерлік қоғамның өндірістік-қаржылық қызметімен танысу;
oo экономикалық талдау жұмыстарына тәжірибе жинақтау;
oo Өнімді жылжыту және оны жарнамалау, жалпы маркетингтік зерттеу жүгізу тәжірибесін жинақтау;
oo Персоналмен жұмыс жасау, олардың еңбек ақы жүйесімен, ынталандыру шараларымен танысып, теориялық сабақтарда алған білімдерді тәжірибе жүзінде қолдану және бекіту.

Іс-тәжірибе барысында студенттің атқаратын міндеттері:
oo Кәсіпорын жарғысымен, ұйымдастырушылық құжаттармен, оның құрылымымен, қызмет сипатымен және бөлімдерінің атқаратын қызметтерімен танысу;
oo Кәсіпорындағы жетекшімен бірлесіп іс-тәжірибені өтудің күнтізбелік жоспарын құру, күнделікке осы жоспар бойынша күнделікті жазбалар жүргізу;
oo Кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу;
oo Ғылыми жетекшінің тапсырмасы бойынша қортындылаушы жұмысты дайындауға, ғылыми зерттеулерге және іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге материалдар жинақтап, жүйеге келтіру;
oo Кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелері мен еңбек заңдылығының талаптарын орындау.
oo Ұйымның басқарушылық қызметімен танысу;
oo Ұйымның қаржылық жағдайын талдау;
oo Ұйымның қызметіне SWOT-талдау жасау;

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Терең және ұқыпты талдау негізінде оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақтылай ұсыныстар беру.Өнімді жылжыту және оны жарнамалау, жалпы маркетингтік зерттеуді жүргізу тәжірибесін жинақтауға көп көңіл бөлген қажет, себебі маркетингтік зерттеулер кәсіпорын өнімінің жақсы сатылуына және табыстың ұлғаюына тікелей әсер етеді.


1.БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ АҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1Банк Центркредит АҚ қызметіне жалпы талдау жасау

1988 жылы негізі салынған банк - активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы төртінші банк. Банк мақсаты - шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.
Бүгінгі таңда ЦентрКредит Банкі қаржылық қызметтің толық спектрін ұсынады, қаржылық инжинирингті белсенді зерттеп, оны кеңінен насихаттайды. Бұл банкте ірі коммерциялық компанияларға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға тиісті дәрежеде қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Банктің Қазақстан бойынша кең тараған филиалдық желісі 20 филиалдан, 180 бөлімшеден, 541 банкоматтан және 1 350 pos-терминалдан құралып, клиенттердің барлық қажетті қызмет пен өнімдерге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Үш жергілікті еншілес компаниясы: брокерлік-дилерлік қызмет және активтерді басқару саласында - BCC Invest АҚ, лизинг саласында - Центр Лизинг ЖШС және зейнетақы қызметі саласында - Капитал ЖЗҚ АҚ, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы еншілес банкі - Банк БЦК-Мәскеу ЖШҚ және Қырғызстан мен Украинадағы өкілдіктері бар.
Банктің ұжымы көп ұлтты және 4500-ге жуық адамды қамтиды. Банк ұжымы бүгінде адалдықты, кәсібилікті, шапшаңдықты және қайырымдылық сияқты құндылықтарды жоғары бағалайды.[2]
Кукмин Банкі ЦентрКредит Банкінің жарғылық капиталына қосылғаннан кейін 2008 жылдан бастап банк қызмет көрсетудің ғаламдық, сондай-ақ сапалы әрі жаңа деңгейіне қадам басты: алдынан тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады. Банк клиенттерінің банкке артқан сенімін жоғары бағалайды және құрмет тұтады, өйткені ол экономикалық жандану кезеңінде де, қиыншылық пен ымыраға келу кездерінде де көздеген биік мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.
Банктің жоғары технологияларды қолдануының арқасында банк клиенттері Интернет банкинг жүйесі бойынша әлемнің кез келген елінен нақты уақыт режимінде өз есепшоттарын басқаруға, яғни өз офисінен немесе Интернет желісіне қосылған басқа кез келген ыңғайлы жерден банктік операциялар жүргізуге мүмкіндік алады. Мұның нәтижесінде өз есепшоттарының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алудың шапшаңдығы артады, жоғары сапамен және тұрақтылықпен қаржы ағымдарын қашықтан басқаруға қол жетеді, ал бұл банкке баруға уақыт пен шығыс жұмсамай, бизнесті дамытуға бағытталған тиімді жұмыс болып табылады. Интернет банкинг жүйесінің тағы бір ерекшелігі бар: аймақтық шектеулерді жояды. Клиент өзіне жақын орналасқан банкті іздемейді, банкті таңдаған кезде ол іс жүзінде ұсынатын сервиске: тарифтеріне, көрсететін қызмет түрлеріне және өз клиентіне деген жалпы көзқарасына жүгінеді.

Банк жарғысына сәйкес Банктің жалпы құрылымы төмендегідей:
Жоғарғы орган - Акционерлер жиналысы;
Басқару органы - Директорлар отырысы;
Атқарушы орган - Басқару;
Бақылау органы - тексеруші комиссия;
Директорлар кеңесінің мүшелері комитеттердің жұмысына, Басқарманың және ЦКБ-нің өзге де жұмыс органдарының мәжілістеріне белсенді қатысады.
Банктің Директорлар кеңесінің жанында Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін ең маңызды мәселелерді қарастыру үшін келесі комитеттер құрылған:
- Несие комитеті;
- Аудит комитет;
- Активтер мен міндеттемелерді басқару комитеті;
- Тағайындаулар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет.

Сурет 1. Директорлар кеңесі
Еншілес компаниялар
Бүгінгі таңда Банк ЦентрКредит АҚ тек коммерциялық банк қана емес, сонымен қатар брокерлік-дилерлік қызмет, активтерді басқару (BCC Invest) саласында өз қызметін ұсынатын қаржы тобы ретінде де қызмет атқарып келеді. Оның үстіне біздің Киев және Бішкек қалаларындағы өкілдіктеріміздің, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы Банк БЦК Мәскеуеншілес банктің арқасында өз клиенттерімізге шетелде қызмет көрсетуге мүмкіншілігіміз бар.
oo "BCC INVEST" АҚ;
oo "Банк БЦК-Мәскеу" ЖШҚ;
oo "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Бішкек қаласындағы (Қырғызстан) өкілдігі;
oo "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Киев қаласындағы (Украина) өкілдігі

"BCC INVEST" АҚ

Банктің еншілес компаниясы BCC Invest АҚ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылады және өз қызметін атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің есепшоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысуға 2004 жылғы 23 қаңтарда берілген №0401200688 бірінші санаттағы лицензияның, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметпен айналысуға 2003 жылғы 24 желтоқсанда берілген №0403200124 лицензияның негізінде іске асырады, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында келесі қызмет түрлерін ұсынады:
* брокерлік қызмет көрсету;
* атаулы ұстаушы қызметі;
* бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру бойынша қаржы консалтингі;
* андеррайтинг;
* ұйымдасқан нарықта бағалы қағаздардың өтімділігін қолдау (маркет-мейкер қызметі);
* инвестициялық портфельді басқару.
Қазіргі барлық қызмет салаларындағы үлкен бәсеке, дағдарыс, нарықтардағы тұрақсыздық заманында кез келген компания өзінің оң нәтижелерімен, жетістіктерімен және өз қызметіне деген сұраныстың өсуімен мақтана алмайтыны анық. 2013 жыл Қазақстанның қор нарығы және оның кәсіби қатысушылары үшін оңай жыл болған жоқ. Бірыңғай зейнетақы қорының құрылуы институционалдық инвесторлардың санын айтарлықтай қысқартты. Бұл қор биржасындағы өтімділіктің төмендеуіне және комиссиялық табыстың қысқаруына әкеп соқты. BCC Invest АҚ жинақтаушы зейнетақы қорларын клиент ретінде жоғалтқанына қарамастан, комиссиялық табыстың көлемін алдыңғы жылдың деңгейінде ұстап қалды, сондай-ақ активтер мен капитал бойынша 5-орыннан 3-орынға көтеріле алды. Жергілікті қор нарығындағы жағымсыз жағдайларға қарамастан, халықаралық нарықтар өздерінің ең жоғары көрсеткіштерін жаңартып, 2013 жылы айтарлықтай өсімді көрсетті (S&P 500 индексі 2013 жылғы 12 ай ішінде 25%-дан аса өсті).
BCC Invest АҚ-тың меншікті портфелінің табыстылығы нарықтағы орташа көрсеткіштерден жоғары. ЦентрКредит - Парасатты баланс пай инвестициялық қоры (ПИҚ) ашық көпшілік пай қорларының арасында активтердің көлемі бойынша бірінші орынды және табыстылығы бойынша екінші орынды иеленіп келеді. ВСС Invest АҚ - өз қызметін жүргізу үшін қажетті барлық лицензиялар мен рұқсаттарға ие Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. ВСС Invest АҚ ЦентрКредит Банкінің жүз пайыз еншілес ұйымы болып табылады.ВСС Invest АҚ-тың 2013 жылғы қызметінің нәтижесі:
:: Компанияның таза пайдасы 213 млн. теңгені құрады.
:: Меншікті капиталы 9,5%-ға өсіп, 2,2 млрд теңгені құрады.
ЦентрКредит - Парасатты баланс инвестициялық қоры 13,2% табыстылығын көрсетті. Осылай, табыстылықтың депозиттен жоғары болуын көрсету жөніндегі стратегиялық мақсат орындалды. Қор құрылған (2007 жылғы мамыр) сәттен бастап жыл сайынғы орташа табыстылық жылдық 11,5% құрады.ЦентрКредит - Парасатты баланс инвестициялық қоры активтерінің 70%-дан астамының табыстылығы жоғары сенімді облигациялардан құралған. Қалған 30% дамып келе жатқан компаниялардың акцияларына, сондай-ақ алтын және мұнай шикізат активтеріне салынады. ВСС Invest АҚ бөлшекті сатылымдардың көлемін арттыру мақсатында клиент-тердің бейілдігін арттыру және жоғары деңгейде қызмет көрсету тұжырымдамасын таңдады. нәтижесінде қазіргі кезде бизнес-процестер қайта ұйымдастырылып, оның қызметкерлеріне оқыту жүргізілуде.Халықтық ІРО бағдарламасының аясында www.ipo-prosto.kz промо-сайтын ілгерілету жалғасуда анықтама үшін: бағдарламаның бірінші қатысушысы КазТрансОйл АҚ жақсы нәтижелерді көрсетті және әлі де көрсетіп келеді. ұлттық эмитенттің акцияларын сатып алған инвесторлар 62%-ға жуық табыс тапты: есепті кезең ішінде алынған дивиденд 10,34% құрады, бұл жағдайда акцияның бағасы 51,70%-ға өсті. Сонымен қатар 2012 жылдың соңында Kcell компаниясының IPO өтті, бұл көптеген инвесторларға 79%-ға жуық табыс табуға мүмкіндік берді. Акциялардың өсімі 68,42% құрады, ал дивидендтік табыстылық 10,26%-ға жетті). Жоғары көрсеткіштерге қарамастан, ағымдағы акциялар және дивидендтік төлемдер бойынша табыстың өсімі мұнымен тоқтамайды. ЦКБ-нің бағалауы бойынша, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында жоғарыда аталған акциялардан алынатын дивидендтер бойынша табыстылық кем дегенде жылдық 16% құрайтын болады. Сонымен қатар ЦКБ-нің болжамдары бойынша сол акциялардың бағасы орташа алғанда 20-25%-ға өседі деп күтілуде

БанК БЦК - МӘСКЕУ ЖШҚ

Банк БЦК - Мәскеу ЖШҚ (бұдан әрі - Банк) - ЦКБ-нің 2007 жылы құрылған және Ресей федерациясының Мәскеу қаласында тіркелген еншілес ұйымы. Банк - Ресей аумағында өзінің корпоративтік және жеке клиенттеріне алуан түрлі қызметтерді көрсететін көп салалы несиелік ұйым. Банк қызмет ет-кен кезеңде кәсіби білікті мамандар штаты құрылды, шағын және орта кәсіпо-рындарға және жеке тұлғаларға арналған өнімдер әзірленіп, енгізілді.2013 жыл ішінде Банк тәуекелдік менеджментіндегі, корпоративтік басқа-рудағы өз ұстанымдарын күшейтті, жеке және заңды тұлға клиенттерінің кең ауқымдағы тапсырмаларын орындау мақсатында өзінің ұйымдық құрылымын жетілдірді. Банк оңтүстік кореялық және қазақстандық серіктестермен іскерлік қарым-қатынасы бар клиенттерге қызмет көрсету сапасын белсенді түрде арттырып келеді. Бұл бағыттарды дамыту үшін Банктің Kookmin банкінде және Қазақстанның бірқатар банктерінде корреспонденттік есепшоттары ашылған.

"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың 2013-2017 жж. орта мерзімді кезеңге арналған даму стратегиясы.
Миссиясы: Клиенттерге арналған сапалы қызмет көрсетуді, жаңа өнімдер мен құралдарды ұсынатын үздік банктердің бірі.

Негізгі стратегиялық міндеттері.
1. Нәтижелілікке бағытталған корпоративтік мәдениетті енгізу. HR - процестерді автоматтандыра отырып, қызметкерлерді өсіру және ұстап қалу жүйесін құру арқылы жүргізу және жоғары, сондай-ақ төмен нәтижелі қызметкерлермен жұмыс жүргізу тұжырымдамасын әзірлеу және енгізу.
2. Стратегиялық серіктеспен бірге менеджментті шоғырландыру. Екі банктің арасындағы "gap" қысқартуы және қаржылық есептілікті шоғырландыру арқылы жүргізіледі. Банктің процестерін трансферт, сондай-ақ Kookmin Банкінің технологиясын енгізу арқылы жетілдіру.
3. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру.
1. Нарықтық тәуекелдерді талдау мен бағалаудың интегралданған жүйесін енгізу
2. Операциялық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру.
3. Бизнестің қосымша іс-шараларымен бірге несиелік тәуекелдерді басқару құзыретін күшейту.
4. Тиімді қаржылық жоспарлау және табыстылықты күшейту.
1. Өтімділік тәуекелдігін басқару, MOR әдісінің негізінде трансферттік баға белгілеу процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін жүйелерді және шығыстар аллокациясы жүйесін енгізу.
2. Жоғары табысты өнімдермен жұмыс істеуге баса назар аудару; RM біліктілігін арттыру және клиенттермен жеке жұмыс істеу.
5. Шығындарды азайту мақсатында ішкі бақылау, комплаенс және ішкі аудит жүйелерін күшейту.
6. Клиенттерге арналған жаңа өнімдерді және жаңа құралдарды әзірлеу. Сатылымдар мен қызмет көрсетуге кешенді тұрғыдан қарау арқылы клиенттерге бағытталған бизнес моделі. Өнімдік қатарды дамыту, бизнестің ірі, орта, шағын және бөлшекті әр түрлі сегменттері үшін банктік өнімдерді құрылымдау. Өзіне өзі қызмет көрсету және қашықтан қол жеткізу жүйелерін дамыту.
7. Бизнес-процестерді басқарудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа IT-стратегияны жүзеге асыру. Басқару және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, тәуекелдерді басқару саласындағы процестер мен процедураларды оңтайландыру.

Банк өнімдері мен қызметтері
Қазіргі кезде АҚ "Банк Центр Кредит" халықаралық стандарттарға өтуді аяқтаған, республиканың жалпыұлттық банктердің санына кіреді. Банк Қазақстанның нарығында жақсы, табысты дамып, халықаралық қаржылық институттармен өзара қарым-қатынастарын кеңейтуде.
Банктің негізгі клиенттері- орта және шағын бизнес, жеке тұлғалар, ірі ұлттық компаниялар, мемлекеттік ұйымдар.
Банк өз клиенттеріне жалпы банктік қызметтерді көрсетеді, заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді алады, несиемен айналысады, Қазақстан бойынша және шетелге аударымдарды жасайды, құжаттық операцияларды (аккредитив, кепілдік және т.б.) жүзеге асырады. Сонымен қатар Банк клиенттің талабына және қажеттілігіне сай қызметтердің жаңа түрлері дамытуда.
Банк Қазақстанның екінші деңгейлі банктреде жеке тұлғалардың салымдарын кепілтендіру қорының қатысушыларының алғашқысы болып табылады.
Тұрғындарға көрсетілетін қызмет:
oo Ағымдағы есепшот ашу.
oo ДепозиттерНесие беру.
oo Төлем карталары.
oo Ақша аударымдары.
oo Сейфтік қызмет.
oo Бағалы қағаздар.
oo ТарифтерStarBanking.
oo Автотөлем.
oo "SMS-Банкинг" жүйесі.
oo Шарттардың үлгілерінің жинағы.
oo Калькуляторлар.

Contact

ЦКБ 2001 жылдың шілде айынан бастап Сontact ақша аудару жүйесі
арқылы операциялар жүргізе бастады.
Сontact жүйесі жеке тұлғаларға банктік есепшот ашпай-ақ ТМД және қиыр шет елдерге АҚШ долларымен, Еуромен және Ресей рублімен ақша аударуға мүмкіндік береді. Кейбір елдерде Сontact жүйесі бойынша ақша аударымын мекенжайсыз төлеу мүмкіндігі көзделген. Жүйе ақша қаражатын банктік есепшотқа, мобильді әмиянға аудару арқылы ақша аударымын төлеуге мүмкіндік береді. 2010 жылдан бастап Сontact жүйесінде жеке тұлғалардан Сontact жүйесімен шарттық қатынас ресімдеген заңды тұлғалардың, операторлардың және провайдерлердің пайдасына есепшот ашпай-ақ төлем қабылдау қызметі іске қосылды.

Western Union

ЦКБ Western Union халықаралық компаниясының Орталық Азиядағы
алғашқы ресми өкілі болып табылады және 1998 жылдан бастап жеке тұлғаларға халықаралық ақша аудару қызметін көрсетіп келеді.ЦКБ Western Union жүйесі бойынша жеке тұлғалар арасындағы ақша ауда-рымдарынан басқа QuickPay (Western Union жүйесіне қосылған заңды тұлғалардың пайдасына жеке тұлғалар жасаған төлемдер) және QuickCash (жеке тұлғалардың пайдасына заңды тұлғалар жасаған төлемдер) төлемдерін қабылдайды.
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша ЦКБ-нің агенттік желісі 996 қызмет көрсету орнынан құралған.Альянс Банк, АТФ Банк, Темірбанк, Цеснабанк, Еуразиялық банк, Жинақ банкі, ВТБ Банк (Қазақстан), DeltaBank, Астана-Қаржы банкі, PNB Қазақстан ЕҰ(Дана Банк), ТАИБ Қазақ Банкі, KassaNova Банкі, Bank RBK сияқты қазақстандық 13 банк ЦКБ-нің субөкілдері болып табылады.

Жедел аударымдар

Жедел аударымдар жүйесі - ЦКБ-нің өзі әзірлеген бағдарламасы, ол
2000 жылдың шілде айынан бастап сәтті қызмет атқарып келеді.
Бұл Жүйе жеке тұлғалардың есепшот ашпай-ақ, бүкіл Қазақстан бойынша
ақша аударуына мүмкіндік береді. Жүйенің бірегейлігі оның жылдамдығында, оған интернет-технологиялар мен ЦКБ-нің корпоративтік желісін пайдалану арқылы қол жеткізілген. Қазіргі сәтке дейін тіркелген рекордтық жылдамдық - 2 секунд.
2014 жылы жеке тұлғалардың Жедел аударымдар жүйесі бойынша
Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген ақша аударымдарының
көлемі 4,1 млрд теңгеден асты. Осы Жүйе бойынша 2014 жылы 60 мыңнан
астам ақша аударымы жүзеге асырылды.

БАРЛЫҒЫ: 277 238 219 107

Жедел түсім

Жедел түсім жүйесі бойынша ЦКБ ұсынатын қызмет осы жүйеге қосылған компанияның пайдасына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша түскен ақша түсімін жедел жинауға мүмкіндік береді, сондай-ақ түсетін ақша төлемдері жайында нақты уақыт режимінде шұғыл ақпарат алуды қамтамасыз етеді.
2013 жылы Жедел түсім жүйесі бойынша төлемдерді қабылдайтын
өзіне-өзі қызмет көрсету арналары ұлғайтылды. Атап айтқанда, StarBanking
және терминалдар бойынша қолма-қол ақша салу немесе карточкалық шоттан ақша қаражатын аудару арқылы заңды тұлғалардың қызметтеріне төлем жасауға мүмкіндік беретін функционал іске қосылды. Қазіргі сәтте Жедел түсім жүйесін Қазақстан Республикасының барлық аймақтары бойынша 2120-дан астам заңды тұлға пайдаланады. 2014 жылы Жедел түсім жүйесі бойынша 3,3 миллионнан астам төлем қабылданып, заңды тұлғалардың есепшоттарына 104,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.

Клиенттерге phonee-mailwebfax арқылы қашықтан қызмет көрсету

CallCenter (банк өнімдері бойынша кеңес беру және сатылымдар, телефоны +7(727) 244 30 00):
- 2014 жылы клиенттерден әр түрлі техникалық байланыс арналары арқылы
келіп түскен қызмет көрсету сапасына қатысты кеңес беру және өтініш жасау бойынша 4 958 0743 650 404 өтінім (бұл жерде және бұдан кейін 2013 жылғы көрсеткіштер салыстыру үшін бөлшек арқылы көрсетілген) орындалды, соның ішінде 74:20 64:20 қызмет көрсету деңгейінде (SL) (түсініктеме: 74% 64% - ЦКБ ға 20 секунд ішінде қоңырау шалып үлгірген клиенттердің үлесі) 637 571425 386 өтінімдіөтінішті клиенттер телефон арқылы берген, бұл кезде ЦКБ CallCenter қызметі қабылдай алмаған қоңырау орташа есеппен 2,85%10,37% құрады, CallCenter операторының жауап қайтару жылдамдығы 1215 секунд (яғни телефон қосылған сәттен бастап орташа есеппен 12 секундтан кейін абонент CallCenter қызметінің бос операторымен сөйлесті).
AutoCall Center (клиенттер тобына автоматты шығыс қоңырау шалу, телефондық автоматты анықтама қызметі, ЦКБ қаржы тобының ішкі телефондарына сыртқы телефон абоненттерінің автоматты қоңырау шалуы, қызмет тәулік бойы, үзіліссіз көрсетіледі, телефоны +7 (727) 244 3 244):
- банк клиенттерінің тобына автоматты шығыс қоңырау шалу бойынша 1200847 науқан жүргізілген. Жылына 734 994498 624 клиентке жалпы қоңырау шалынды, осы кезде оң нәтижесі 2014 жылы орташа есеппен алғанда 69%50% құрады. Клиенттер тобына автоматты шығыс қоңырау шалуды іске асыру алгоритмі толық жетілдірілді;
- клиенттердің 86 63384 326 сұрауын банктің автоматты анықтама қызметі тәулік бойы жүргізілетін режимде өңдеді;
- сыртқы абоненттердің 1 644 0571 480 313 коммутациясы ЦКБ-нің Автоматты телефон орталығы (АТО) арқылы ЦКБ қаржы тобының ішкі телефон нөмірлеріне өткізілді.

Телефондық банкинг жүйесі арқылы (ТБЖ - жеке телефондық әмбебап
сервис, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тәулік бойы үзіліссіз қызмет көрсетіледі, телефоны +7 (727) 244 30 30).
- Телефондық банкинг жүйесінде (ТБЖ) клиенттердің 744 447 696 087 өтінімі орындалды, оның ішінде автоматты режимде ТБЖ пайдаланушылардың есепшоттары мен карталары арасында 443 732 430 618 ТБЖ транзакциясы жүргізілді.
ContactCenter (e-mailwebfax-коммуникациялары, e-mail: hotline@bcc.kz бойынша клиенттермен құжаттамалық жеке және жаппай хат алмасу);
- бір жыл ішінде клиенттердің белгілі санаттарына әр түрлі тақырыпта стандарттаған түрде хатты жаппай жеке және корпоративтік e-mail арқылы жіберу бойынша 31260 науқан жүргізілді. Жалпы бұндай 4 867 813835 367 хат жөнелтілді. Құжаттамалық хат алмасу кезінде хат үлгілерінің меншікті базасы (хаттардың 100-ге жуық нұсқасы) пайдаланылды.
Клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен жалпы банктік сервисті жетілдіру бойынша 973 өтініш және ұсыныс ЦКБ филиалдарының желісі арқылы қабылданды және орындауға жіберілді.

Клиенттердң
Саны
Ірі
бизнес
Шағын бизнес
Орта бизнес
Микро
бизнес
VIP
Жаппай
сегмент
Орташа
Орташа
ауқатты
1 653 519
1 046
4 615
2 500
71 381
7 286
154306
16 080
6 246
Кесте 1. Клиенттердің саны (жеке және заңды тұлғалар)
2014 жылғы 01 ақпаннан бастап банк саласындағы бастапқы дайындық
бойынша оқу процесін бірге алып жүрумен қатар тағылымдамадан өтуші телефон операторларының ресурстарын пайдалану арқылы Collector Call Center BCC жобасы енгізілді және сәтті жұмыс істеп отыр.

ЦКБ-нің Авторизациялау орталығы (VisaMasterCard карта ұстаушыларын қолдау, телефоны +7 (727) 244 77 77):
- карта ұстаушылардың кіріс қоңырау шалуөтінім жасау арқылы берілген 482761 353 340 өтініміөтініші орындалды, дауыс поштасы арқылы клиенттердің 2100 1 727 кіріс сұрауы орындалды, күмәнді карт-транзакцияларға мониторинг
жүргізу режимінде карта ұстаушыларға 13 110 кіріс телефондық өтініш жасалды.
Банктің интернет-өнімдерін (Интернет-банкинг, Үйдегі банкинг, StarBanking,
Штрих-код аппаратты-бағдарламалық жүйесін (заңды тұлғаларға арналған,
телефоны +7 (727) 244 30 44) пайдаланушыларға арналған HelpDesk (phone
e-mailweb-коммуникациялар бойынша техникалық қолдау көрсету) жүйесі:
- бір жыл ішінде жалпы саны 140 57672 508 (өсімі 2 есе дерлік) клиенттің техникалық салаға қатысты кіріс сұрауларыөтініштері орындалды.

ContactCenter СЭҚ (сыртқы экономикалық қызмет бойынша бизнес-жаңа-
лықтаршолу жүргізу, ЦКБ қызметкерлеріне және жеке корпоративтік клиенттерге ақпараттық қолдау көрсету):
- СЭҚ-тың 235233 ҚР-шолулары құрылды және пайдаланушыларға
жазылушыларға жіберілді.
2015 жылы ЦКБ клиенттері үшін байланыс ауқымын кеңейту:
- www.bcc.kz сайтын пайдаланушыларға арналған Web-communications
(Сайттан тегін қоңырау шалу сервисі).
Авторизациялау орталығы - ЦКБ төлем карточкаларын ұстаушыларды қолдау бағыты бойынша қызмет көрсетудің чат-арнасы қосылды.

Банк ЦентрКредит жүйесінің шағын және орта бизнесін қолдауы
Банктер кәсіпкерлерге көптеген қызмет көрсетеді. Осылардың бірі (мысалы, бизнес-есеп ашу, лизингтік несие беру және тағы басқа ) олар барлық банктерде бірдей. Тек несиелендіпу шарттары ғана әр түрлі.
Бизнес-есеп жай есеп шотынан бірнеше ерекшеліктермен айқындалады.
Біріншіден, ірі банктерде бизнес-есеп шотына арнайы бөлімшелер бар. Олар бизнес- есеп шотын жүргізуді, ссуда, бизнесті дамытуға несие алуға көмектеседі.
Екіншіден осы бизнес- есеп шотымен тек белгілі тұлғалар ғана жұмыс істей алады, осы тұлғаларды компанияның директорлар кеңесінде шешеді. Осы шешімді шот ашқан кезде банкке ұсыну қажет.
Үшіншіден, бизнес- есеп шотының тұрақты иесі болсаңыз сізге ерекше мән бөледі.
Банк ЦентрКредит - тің негізгі несиелік саясаты болып қысқа мерзімді несиелер тиімді және пайдалы механизмін құру. Несиенің жоғары пайызы жарғылық фондтың төлемділігін тұрақтатады.
Алматы Мәдени Тұрмыс Құрылыс корпорациясы өзінің қол астындағы 18 шағын серіктестікке жол ашты. Банк ЦентрКредит АҚ бұл корпорациясының серіктестіктеріне ерекше көңіл бөлді. Инвестициялық несиені 25 пайызынан бастап 19 пайызға дейін төмендетті. Бұл серіктестіктерде кепілдеме болып корплорацияның жылжымайтын мүлігі болды.
Банктер көмегімен шағын бизнестің дамуы жедел түрде даму сатысына түсті. Несиелеу шарттары жеңілдетіліп, несиелер түрлері әр алуан болды. Қазіргі кезде несиелеу шарттары өте тиімді және ыңғайлы. Халық банктерден несиені бұрынғыға қарағанда жиі алатын болды.
Лизинг- бұл ұзақ мерзімге машиналарды жалға беру, сатып алу мүмкіншілігімен берілетін несиенің түрі. Бұл қазіргі кәсіпкерліктерді несиелендіру жүйесінде аз орын тапқан . Өйткені бұл несиенің түрі ұзақ мерзімді құрал-жабдықтарды жалға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Банк ЦентрКредит АҚ-ның даму тарихы мен қызмет аясына сипаттама
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
Центркредит Банкінің салымдарын салыстыру
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері туралы
ҚР-ғы екінші деңгейлі банк «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының несиелік саясатын талдау, оның мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну
Банктың операциялық қызметтері
Пәндер