Мемлекетің инфляцияға қарсы саясаты



І. Кіріспе.
Инфляция және оның мемлекетке тигізетін салдары.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
ІІІ. Қорытынды.
Қазақстандағы инфляция
Инфляция – күрделі, әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Инфляция- өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі құбылыс.
Инфляцияның мәні- ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оны сатып алу мүмкіндіктерінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеу салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халық топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілеріні арасында қайта бөлуге тірейді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Мемлекетің инфляцияға қарсы саясаты.
Орындаған :Жазымбаева М. Ф13к1
Тексерген: Жорабаева Ж.Қ

Мемлекетің инфляцияға қарсы саясаты.
ЖОСПАР
І. Кіріспе.
Инфляция және оның мемлекетке тигізетін салдары.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
ІІІ. Қорытынды.
Қазақстандағы инфляция

І. Инфляция - күрделі, әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Инфляция- өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі құбылыс.
Инфляцияның мәні- ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оны сатып алу мүмкіндіктерінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеу салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халық топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілеріні арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады:
Ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде ( оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді ) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқырады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ, 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады, және салық пен шығын арқылы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші әдістеме жаңа классикалық бағыттар экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша - несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясаты Үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы ( процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс- шаралар жүргізілу қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді.
ІІ. Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс - шаралар саясатын қолдану қажет. Бұл саясат жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекттің ұзақ мерзімді саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді.
Ол үшін кез - келген үкімет инфляцияға қарсы саясаты үздіксіз де, тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің іс - шаралары негізінде ( өндірісті ынталандыру, монопологиямен күресу т. б. ) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана - сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс - шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс - шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін ұадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан да оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әр түрлі жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтауын қамтамасыз етеді.
Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдеоін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал өндіріс шығындары қысқарады.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың дефляциялық шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның Қазақстандағы жағдайы
Ақшаның айналысының заңы ақша масссасы
Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның қазақстан республикасында қолданылуы
Экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің фискалды саясаты мемлекеттік кәсіпкерлік әкімшілік және тура реттеу әдістері
Герман Федеративтік Республикасы
Қазақстандағы қаржы жүйесі
Ұлттық банкінің басқару құрылымы
ҚР және шетел мемлекеттерінің салық заңнамасының даму тарихы
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Кешенді тәсіл
Пәндер