Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Девиз: «Үкіметтік емес ұйымдар -

азаматтық қоғам институттары ретінде»

Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі

Алматы 2012

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1 Үкіметтік емес ұйым - үшінші сектордың негізгі өкілі ретінде

  1. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау . . . 5
  2. ҮЕҰ-дың қоғамда алатын орны . . . 7
  1. Үкіметтік емес ұйымдар - әлеуметтік қорғау институтыҚазақстанда ҮЕҰ-дың даму кезеңдері . . . 10Қазақстандағы ҮЕҰ-дың жалпы бет-бейнесі . . . 14
  2. Қазақстандағы ҮЕҰ-дың әрекеттеріҮЕҰ-дың халықты әлеуметтік қорғау функциясы . . . 19Қазақстандағы ҮЕҰ-дың атқарған іс-шаралары . . . 23

Қорытынды . . . 27

Пайдаланған әдебиеттер . . . 28

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргідей нарықтық қатынастар орнаған кезде адамға, адамзатқа көмек көрсету негізгі мақсатқа алынуы тиіс. Бірақ, әрине сол көмек көрсетуді толық түрде орындап, жүзеге асыру өте қиын. Мемлекет толық көлемде ол міндетті мойнына алғанымен толық орындап шыға алмасы бесенеден белгілі. Бұл жерде көмекші ұйым Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі өте күшті және маңызды. Халықты әлеуметтік қорғау - бұл халықтың қажетті өмір сүру деңгейімен, конституциялық құқықтырымен қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ халықтың әлжуаз топтарын қолдау мен қорғаудағы, ең алдымен мемлекеттің, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттарының іс-шаралар жүйесі.

Халықтың әлжуаз топтарымен ғана емес, жалпы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйымдардың маңызы өте зор.

Қазақстан Республикасының әрі қарай демократияланып, бәсекеге қабілетті елдердің ортасынан орын алуы үшін азаматтық қоғамның дамуы өте маңызды. ҮЕҰ-ды зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе және жыл сайын оны одан әрмен зерттеу қоғам талабы. Өйткені ҮЕҰ халықтың әлеуметтік жағдайының көрсеткіші болып табылады.

Үкіметтік емес сектордың азаматтық қоғамның өзегін құрауында рөлі ерекше, себебі онсыз демократия принциптерін іс жүзінде асыру мүмкін емес. Үкіметтік емес ұйымдардың арқасында қоғам азаматтары өздерінің даралығын білдіруге және ерікті құлшыныстарын көрсетуге деген терең адамзаттық ұмтылыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сондықтан үшінші сектор өкілдерінің іс-әрекеті экономикалық және әлеуметтік әсер береді. Осыған байланысты үшінші сектордың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі, мүмкіндіктерін зерттеу қажеттілігі туындады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: ҮЕҰ бұл демократиялы қоғамға бастап апаратын бірден-бір негізгі институт екені белгілі. Сондықтан ҮЕҰ-дар туралы көптеген шетелдік және отандық экономистер, әлеметтанушылар зерттеп, белгілі бір жүйеге келтірді.

Үшінші сектор туралы, оның құрылуы және қызмет ету ерекщеліктерін зерттеуге Г. Е. Забровский, И. А. Антонович, Г. В. Осипов, И. Ю. Иванова, А. К. Толмасов, Е. А. Волосникова, П. А. Кропаткин, Л. В. Аврорина ат салысқан.

Отандық зерттеушілер ішінен әлеуметтік қорғау және үшінші секторды дамыту мәселелері А. Д. Мусин, А. Б. Демеуова, М. С. Әженов, К. Ү. Биекенов, Г. С. Әбдірайымова, Л. Т. Қожамқұлова, М. С. Садырова, Ж. А. Нурбекова, С. А. Амитов, А. А. Морозов, Н. Ш Саханов және Ж. Қ. Айтбаеваның зерттеулерінде, жұмыстарында қарастырылған.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі.

Зерттеудің пәні: Үкіметтік емес ұйымдар қызметіндегі халықты әлеуметтік қорғау мәселесі.

Зерттеу мақсаты: Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы атқаратын рөлі мен маңызын, қызметін және даму жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  1. Қазақстандағы ҮЕҰ-дар туралы жан-жақты ақпарат беру.
  2. ҮЕҰ-дың халықты қорғаудағы негізгі іс-әрекеттерін көрсету.
  3. ҮЕҰ-дың қызметін жарнамалап, олардың іс-әрекеттерін халық арасында үгіттеу.
  4. Әлеуметтік әлсіз топтарды қорғаудағы ҮЕҰ-дың маңызын көрсету.
  5. Қазақстандағы ҮЕҰ институтын дамыту мәселесі.
  1. ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ - ҮШІНШІ СЕКТОРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨКІЛІ РЕТІНДЕ

1. 1 Қазақстандағы әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұлттық үлгісін қалыптастыру жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастарға сәйкес трансформацияланатын әлеуметтік саясаттың құрылу процесімен тікелей байланысты. Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуының бірнеше кезеңдері туралы айтуға болады.

Бірінші кезеңде (1991-1993) біртіндеп өтпелі кезеңнің шынайылықтарымен қарама-қайшылыққа келген әлеуметтік қорғаудың салмақты жүйесі өз қызметін жалғастырады. Қазақстан Республикасының «Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Президенттің «Көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралар туралы» жарлығы және т. б заңдар шықты.

Екінші кезеңде (1993-1995) өндірістің жалғасу үстіндегі құлдырауы, әлеуметтік саладағы дотациялардың қысқаруы, халықтың табыстар бойынша бөліну жағдайында әлеуметтік саясат, ең алдымен аз қамтылған жандарды қорғауға бағытталған.

Келесі кезеңде (1995-1997) халықтың біршама әлсіз бөліктеріне көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері мен көлемдері заңды түрде бекітілді, халықтың жеке категорияларына белгілі бір әлеуметтік жеңілдіктерді беру тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттар қалыптастырылды.

Ал төртінші кезең, әлеуметтік қорғау жүйесі жаңа кезеңі болып табылады, бұл 1997-2000 жылдарды қамтиды. Елдің тұрақты экономикалық дамуға өтуімен, нарықтық жағдайларды ескере отырып, мемлекет пен үкіметтік емес құрылымдардың әлеуметтік қорғау қызметінің қалыптастырумен сипатталады. Яғни, осы жылдар көлемінде бірқатар нормативтік-заңдық құжаттар шығып, әлеуметтік қорғаудың құқықтық негізі қалыптасты.

«ҚР-дағы мүгедектік бойынша, бағушысынан айырылу жағдайы бойынша және жас бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»(1998), «ҚР-дағы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» (1999), «Әлеуметтік серіктестік туралы»(2000) және т. б заңдар шықты.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын бағушысынан айырылу жағдайы бойынша, жас бойынша, мүгедектік бойынша әлеуметтік зейнетақы алуға құқылы болған жандар мемлекеттік жәрдемақылар жүйесіне ауыстырылды, яғни зейнетақы емес, жәрдемақы алатын болды.

Республикадағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ары қарайғы дамуы «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» (2001) қалыптастырумен және оны жүзеге асырумен байланысты. Және осы жылдардан бастап әлеуметтік қорғау жоғары деңгейге жетті. Жыл сайын халықты қорғау және оларға көмек көрсету саласында көптеген құжаттар қабылдануда. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы осы халықты әлеуметтік қорғауға, қолдауға бағытталады. Мысалы, 2011 жылғы «Болашақтың - іргесін бірге қалаймыз» деген жолдауында 2-ші бөлім толығымен осы әлеуметтік саясатқа арналады. Қазақстан Республикасының алдына жаңа мақсат-міндеттер қойды. Ал жақында ғана жарияланған жылдың ең басты тарихи құжаты саналатын Елбасымыздың жолдауы осы сөзімізді айғақтай түскендей. Онда негізгі он басым бағыт-бағдар айқындалып, соларға басымдық беру баяндалған. Жұмыспен қамту, баспана мәселесі, өңірлерді дамыту және т. б еліміз үшін қажетті мәселелер қарастырылған. Бұл жолдау халық арасында үлкен ықыласпен қабыл алынды және сол мақсатта қазірдің өзінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Әлеуметтік қорғаудың объектілері - адам, жергілікті халық, топтар, әлеуметтік институттар және әлеуметтік сала мекемелері.

Бірінші кезекте әлеуметтік қорғауды қажет ететіндер мыналар:

  1. Қарт азаматтар, әсіресе жалғызбасты қарттар
  2. ҰОС-ның мүгедектері мен қаза болған әскери қызметшілер отбасылары
  3. Мүгедектер
  4. Жұмыссыздар
  5. Босқындар мен көшіп-қонушылар
  6. Жетім балалар
  7. Әлеуметтік жетім балалар
  8. Девиантты жүріс-тұрысты балалар
  9. Мүгедек және тұл жетімдер тұратын отбасылар
  10. Толық қамтамасыз етілмеген отбасылар
  11. Көп балалы отбасылар
  12. Жалғыз басты аналар
  13. Мүмкіндігі шектеулі адамдар

Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін төменнен ( кесте 1 ) көруге болады.

Кесте 1. Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі

Үшінші деңгей Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру. Қызметтік міндеттерді орындау барысында жұмысшының денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда берілетін сақтандыру төлемдері.
Үшінші деңгей Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру. Қызметтік міндеттерді орындау барысында жұмысшының денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда берілетін сақтандыру төлемдері.:

Екінші деңгей. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы берілетін төлемдер.

-Еңбекке жарамсыз жағдайында

-Асыраушысынан айырылған жағдайда

-Жұмысынан айырылған жағдайда

Үшінші деңгей Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру. Қызметтік міндеттерді орындау барысында жұмысшының денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда берілетін сақтандыру төлемдері.:

Бірінші деңгей.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін төлемдер.

-Зейнетақы мен жәрдемақы.

-Мүгедектікке байланысты жәрдемақы.

-Атаулы әлеуметтік көмек

1. 2 ҮЕҰ-дың қоғамда алатын орны

Жалпы халықты әлеуметтік қорғау субъектісі ол әрине, бірінші кезекте мемлекет болып табылады. Бірақ та барлық міндетті мемлекет мойнына алмайды. Қазақ сияқты дәстүрі сақталған халықта адамзаттың бір-біріне көмек көрсетуі күшті дамыған. Ал қазіргі қоғамда ҮЕҰ-дар халықты әлеуметтік қорғау институты ретінде қалыптасып отыр. Халықты әлеуметтік қорғауда ҮЕҰ-дың да өзіндік орны бар екені анық. Жалпы қазіргі қоғамда үш сектор бар екені айқын. Олар мемлекет, мемлекеттік емес сектор және жеке сектор, яғни кәсіпкерлік секторы болып бөлінеді.

Мемлекет

Жеке бизнес ҮЕҰ

Мемлекеттің қызметіндегі әлеуметтік қорғаудың негізгі компоненттері мыналар:

  1. Әлеуметтік кепілдіктер
  2. Зейнетақымен қамтамасыз ету
  3. Әлеуметтік сақтандыру
  4. Жеке ақысыз медициналық қызмет көрсету
  5. Жеке білім беру

Коммерциялық құрылымдар қызметіндегі әлеуметтік қорғаудың негізгі компоненттері:

  1. Тұрақты, ақы төленетін еңбекпен қамтамасыз ету
  2. Негізгі әлеуметтік қауіп-қатер туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру механизмдерінің көмегімен шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру
  3. Қызметкерлерге көрсетілетін медициналық қызметті жартылай төлеу
  4. Қайырымдылық іс-әрекеті.

ҮЕҰ қызметіндегі әлеуметтік қорғаудың негізгі компоненттері:

  1. Әлеуметтік жұмыстарды орындау, соның ішінде әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу, яғни мүгедектер, жетім балалар, жұмыссыздарды қайта оқыту және т. б.
  2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүзеге асыруына көмектесу
  3. Мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік бағдарламаларды қалыптастыруға белсенді түрде қатысу
  4. Билік органдарының көмегімен, мемлекет шара қолданып үлгере алмай жатқан салаларда(нашақорлық, баспанасыздық, түрмедегілердің жай-күйі) инновациялық әлеуметтік бағдарламаларды қалыптастыру және енгізу
  5. Әлеуметтік бағдарламаларға корпоративті қаржылай көмек көрсету
  6. Қоғамды негізгі әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту.

Әлеуметтік қорғау субъектілерінің құрамын төменнен ( кесте 2 ) қараңыз.

Кесте 2. Әлеуметтік қорғау субъектілері

Мемлекеттің ҮЕҰ-дарға әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру құқықтарын беруге бағытталған заңдары Шығыс Еуропа елдерінде(Польша, Венгрия, Болгария, Словакия) бар.

Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен ҮЕҰ-дардың өзара қатынастарының эволюциясын тұтасымен бағалай отырып бұл қатынастардың өз дамуында біршама конструктивті формаларға қарай жылжи отырып, өте күрделі кезеңдерден өткендігін мойындау әділ болады[1] . Яғни, осы сөздерден Қазақстанда ҮЕҰ-дың өте күрделі кезеңдерден өтіп, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік қорғаудағы негізгі де маңызды институтқа айналып отырғандығын аңғаруымызға болады.

Ең маңыздысы - мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ-дар арасында нақты әлеуметтік мәнді жобаларды жүзеге асыруға негізделген серіктестік қатынастар құру. «ҮЕҰ бүгінгі таңда сектордың кәсібиленуінің, көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылатудың және олардың халықаралық стандарттарға сәйкес болуының қажеттігін түсінді» [2] . Яғни, қазіргі уақытта қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешу үшін мемлекет пен ҮЕҰ-дың ынтымақтастығы, бірлестігі, серіктестігі маңызды болып табылады. Өйткені, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сияқты бірлесіп іс-әрекеттер жасаған дұрыс.

ҮЕҰ-ң қоғамдағы рөлі төмендегі кестеде ( кесте 3 ) көрсетілген.

Кесте 3. ҮЕҰ-ң қоғамдағы рөлі

Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету
51, 3%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Азаматтық қоғамды құруға қосқан үлес
51, 3%: 31, 5%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Адам құқығын қорғауды қамтамасыз ету
51, 3%: 37, 4%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Саяси өмірге белсене араласу
51, 3%: 21, 9%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Әлеуметтік мәнді заң жобаларына лобби жасау
51, 3%: 11, 6%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Азаматтық ынтаны қозғау
51, 3%: 27, 2%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін анықтау
51, 3%: 14, 9%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Кедейлікті азайтуға көмектесу
51, 3%: 17, 5%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Халықты әлеуметтік қорғауда мемлекеттік органдарға көмектесу
51, 3%: 18, 5%
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету: Барлық аталғандар
51, 3%: 7, 9%

Қараңыз:Государственная поддержка НПО: проблемы, опыт, перспективы. Астана, 2002 25-30 бет [3] .

«Бауыржан» қайырымдылық қоры республика халқына «ҮЕҰ жұмысына баға беру» атты сауалнамасын жүргізді. Бұл сауалнамаға елдің әр түкпірінен 429 респондент қатысты, олардың ішінде мүгедектер, жұмыссыздар, зейнеткерлерде болды, 56%-ы әйелдер, 44%-ы ерлер болды. Нәтижесінде, ҮЕҰ-дың қызметі арқасында халықтың өмір сапасы анағұрлым жақсарды(42%), аз-маз ғана жақсарды(48%), ал қалған бөлігі жалпы әсер етпеді(10%) деп есептейді.

  1. ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ИНСТИТУТЫҚазақстанда ҮЕҰ-дың даму кезеңдері

Қазақстандағы ҮЕҰ-дың даму кезеңдері өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады. ҮЕҰ-дың дамуы жалпы кеңестік кезеңнен өз бастауын алады. Алайда, шын мәнінде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қорғауға бағытталған үшінші сектор институттары Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін орын алды.

Қазақстанның коммерциялық емес секторының даму кезеңдері

Кеңестік дәуір
«Қайта құру кезеңі»
Егеменді мемлекет дәуірі
Құрылу дәуірі
ҮЕҰ-ды мойындау дәуірі
Сапалық және сандық өсу

а) Құрылу дәуірі (1991 соңы-1994)

ә) Сапалық және сандық өсу(1995-1997)

б) Мемлекет тарапынан ҮЕҰ-ды мойындау және олардың өзара қатынастарындағы сапалық өзгерістер кезеңі. Бұл кезең 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасын табуда.

Жалпы Қазақстанда ҮЕҰ-дар көптеген даму сатыларынан өткен. Тәуелсіздік алғаннан бері Үшінші секторда көптеген өзгерістер, көптеген игі шаралар болды. Соның айқын мысалы 2003 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан Азаматтық форумды айтсақта болады.

Төменнен ( кесте 4 ) Қазақстандағы ҮЕҰ қалыптасу барысында атқарылған жұмыстардың мазмұнын көруге болады.

Кесте 4. Қазақстандағы ҮЕҰ қалыптасу жолдары

Мерзімі
Оқиға/мәні
Мерзімі: 1991
Оқиға/мәні: 1991 ж 27 маусымында «Қазақ КСР-ның қоғамдық ұйымдар туралы» Заңының қабылдануы. Нәтижесінде «Алаш», Қазақстанның соц-демогратиялық партиясы, Қазақстанның соц-к партиясы, РСД «ЛАД» және ГДК «Азат»партиялары пайда болды.
Мерзімі: 1992-1994
Оқиға/мәні: 1994 ж желтоқсан айында ҚР-ның Президенті әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік серіктестік бойынша республикалық үшжақты Кеңес құру туралы қаулыға қол қойды.
Мерзімі: 1994-1996
Оқиға/мәні:

Орталық Азия мен Қазақстанның да алдыңғы қатарлы ҮЕҰ-ның ҮЕҰ секторын сапалы дамыту мәселелері бойынша

«Қашқа-Судағы» (Қырғызстан) кездесуі. Бұл кездесу кейіннен, бүгінгі таңда жетекші болып отырған ҮЕҰ-ды қолдаудың бірқатар ұйымдарының дамуына әсер етті. Кездесу ҮЕҰ-ң формальды емес Орталық-Азиялық желісін қалыптастырды сонымен қатар, ҚР коммерциялық емес ұйымдардың тәуелсіз қауымдастығын құруға негіз болды. 1996 жылы қабылданған «Қоғамдық ұйымдар туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдар қабылданды. Аталмыш кезең аралығында Қазақстанның Халықтар Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар жоғары қарқынмен дами бастады. Ұлтаралық келісімдер елде нарықтық реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге негіз болды. БҰҰ Даму бағдарламасы, Қазақстан-Сорос қоры, АҚШ халықаралық даму агенттігі, Хивос, Каунтерпарт консорциумы, Айсар, Евразия және елшіліктер мен ірі бизнес корпорацияларының көбінесе бір реттік қайырымдылық акциясы сипатында болатын даму бағдарламалары тәрізді жағымды халықаралық ұйымдардың кеңселері пайда болды.

Мерзімі: 1995-1997
Оқиға/мәні: Халықтың әлеуметтік мәнді мәселелерді жүзеге асыру, демократияны дамыту және менталитетті өзгерту саласындағы бұл жобаларды әр түрлі халықаралық донорлық агенттіктердің қолдауымен CASDIN, «Интерлигал», Феминистік Лига, «Ядролық сынақтардан зардап шеккендер одағы» және т. б сияқты ҮЕҰ жүзеге асырады.
Мерзімі: 1997
Оқиға/мәні: Қазақстанның үкіметтік әрі коммерциялық емес ұйымдары қауымдастығы құрылды, жетекшісі Г. Жаманова. Оның Қазақстанның солтүстігі, оңтүстігі, шығыс-батысындағы және ірі аудан орталықтарындағы, Алматыдағы 5 филиалдары ҮЕҰ бойынша заңды жетілдіру бағдарламасын жасауға кірісті.
Мерзімі: 2001-2002
Оқиға/мәні: Үкімет қаулысымен Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтары және оларды жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейі айқындалды.
Мерзімі: 2003
Оқиға/мәні: Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда ҮЕҰ орнықты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде қоғамдағы әлеуметтік маңызды проблемаларды шешудегі олардың рөлін арттыру. Тиісті аймақтық бағдарламалар бекітілді. 14-15 қазанда Астанада Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен Тұңғыш Азаматтық форум болып өтті.
Мерзімі: 2004
Оқиға/мәні: ҮЕҰ қолдаудың барлық аймақтық бағдарламалары қаржымен қамтамасыз етілді. ҮЕҰ жобаларын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың тұтастай көлемі шамамен 100 млн. теңгені құрады.
Мерзімі: 2005
Оқиға/мәні: 2005 жылдың сәуір айында билік органдары мен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасының жаңа парағын ашқан ҚР-ның «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заң қабылданды. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы туралы» Заңды қабылдау арқылы біз ҮЕҰ-ды грант негізінде мемлекеттің кең ауқымды әлеуметтік бағдарламаларын іске асыруға ат салысуға тартудың тиімді жүйесін қалыптастырдық. Менің ойымша, бұдан барлығы ұтты: Үкіметтік емес ұйымдарда, қоғамда, мемлекетте - деп атап өтті Елбасымыз. 2005 жылы 11 қыркүйекте II Азаматтық форум өтті. Бұл форумда Азаматтық альянс құру, орталық, салалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін енгізу, ҮЕҰ мен бизнес құрылымдарының өзара іс-қимылы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және т. б ұсыныстар қабылданды.
Мерзімі: 2006
Оқиға/мәні: 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдама қабылданды. Бұл азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттарын және азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндігін айқындайтын маңызды құжат. Тұжырымдаманың басты мақсаты азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту, әрі олардың мемлекетпен және бизнес секторларымен тең құқылы әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық базаны жетілдіру болып табылады.
Мерзімі: 2007
Оқиға/мәні: Үшінші Азаматтық форум 17-18 қазанда Астанада өткізілді. 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдаманың іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы қаралды. Бұл форумның басқаларынан ерекшелігі әлеуметтік сала министрліктерінің және әкімдіктердің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды дамыту бойынша екі жылда жүргізген жұмыстары туралы есеп беруінде болды.
Мерзімі: 2009
Оқиға/мәні: Төртінші Азаматтық форум болды. Бұл форумда 2006-2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңі талқыланып, алдына мақсаттар қойылды. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін 2, 5 млрд теңге бөлінді.
Мерзімі: 2011
Оқиға/мәні: Бесінші Азаматтық форум 5-7 қазанда Астанада өткізілді. Бұл форум өткенімізді саралап, болашаққа мақсат қоятын Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына сәйкес келді. Демек, Үкіметтік емес секторда да өткенге баға беріліп, болашағына нақты мақсаттар қойылып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Осы форумнан елімізде Үкіметтік емес ұйымдардың елеулі орынға ие болғандығын аңғардық.
Мерзімі: 2012
Оқиға/мәні: ҮЕҰ-дар елдегі белсенді күшке айналды. Ел үшін маңызды жобаларды талқылау шараларына қатысып жатыр. Үкімет ҮЕҰ-дармен бірлесіп іс-әрекет етіп жатыр. Азаматтық альянс төрайымы Айгүл Соловьеваның IV және V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты ретінде сайлануының өзі біраз нәрсені аңғартады. Үшінші сектор өкілінің халық қалаулысы ретінде сайлануы бұл саланы дамытуға үлкен серпін берері хақ.
  1. Қазақстандағы ҮЕҰ-дың жалпы бет-бейнесі

Қазақстан Республикасында 5000 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олардың 1907-і белсенді қызмет көрсетуде. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінде барлық қоғамдық маңызды салаларды қамтиды. Бұл экология, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, гендерлік қарым-қатынас, адам құқын қорғау, яғни ҮЕҰ бүгінгі күні қазақстандық қоғамның барлық ең маңызды әлеуметтік проблемаларын қамтып отыр. Әр түрлі бағытта ҮЕҰ тұрақты топтары құрылды: экологиялық - 15%, балалар мен жастар - 13, 6%; әйелдер - 13, 3%; медициналық - 13, 1%; мәдениет, өнер, ғылым, білім аясында - 12, 5%; құқық қорғаушылық - 7, 6%; әлеуметтік қорғау бойынша - 6, 8%; қоғамдық инициативаны қолдау бойынша - 6%; көп салалы - 4, 7%; мүгедектер қоғамы - 4, 4%; мүгедек балаларды қалыпқа келтіруде - 3%.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңдар
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Тұтынушылар құқығын қорғау
Бостандық пен құқық кепілі
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудағы қаржылық реттеудің қазіргі жағдайы және шешу жолдары
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғау саласына қосқан үлесін анықтау
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғауға қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz