Өндірістік кәсіпорындардың Каспий маңы өлкесіне антпропогенді әсері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
ТҮЙІНДЕМЕ
Магистрлік диссертация жұмысы кіріспеден, негізгі және тәжірибелік бөлімнен, 83 беттен, 24 суреттен, 16 кестеден, қорытындыдан, 61 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диссертациялық жұмыста Каспий маңы өлкесінің мұнай кен орындарының алғаш рет тәуекелін (экологиялық және техникалық тәуекел) бағалау жұмыстары жүзеге асырылып, кейбір мұнай кен орындары маңынан топырақ үлгісі алынып, сараптама жүргізілді. Алынған тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып, аталмыш аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ұсыныстар мен шаралар жасалды. Сонымен қатар ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың кемшіліктері көрсетілді және «Жасыл Экономикаға өту жолданы» анықталды
РЕЗЮМЕ
Магистрская диссертация состоит из введения, основной и экспериментальной части, 83 страниц печатного текста, включает 24 рисунка, 16 таблиц, заключения и 61 использованной литературы.
В магистерской диссертации исследованы образцы почв нефтедобывающих территорий Каспийского региона, проведен анализ экологического и технического риска. Даны рекомендации по улучшению окружающей среды данного региона, показаны некоторые недостатки существующей нормативно-правовой базы и определены пути перехода к «Зеленой экономике».
SUMMARY
Master's thesis consists of an introduction, the main and the experimental part, 83 pages of text, includes 24 figures, 16 tables, conclusions and 61 references.
This thesis investigated soil samples of oil-producing areas of the Caspian Sea, and the first analysis and risk assessment. Showing some of the shortcomings of the existing standards and legal basis of environment, recommendations for improvement of the environment of the region.
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚ - Акционерлік қоғам
МГӨӨ - Мұнай газ өндіруші өндірісорны
МГӨЦ - Мұнай және газ өндіру цехы
МЖОП - Мұнайды жинау орталық пунктті
ӨҚКБ - Өндірістік қызмет көрсету базасы
ЖСЖЦ - Жерасты скважиналарын жөндеу цехы
МЖШ - механикалық жөндеу шеберханалары
ОЖУ - объектілерді жөндеу участкісі
ПҚЖЖБЦ - пайдалану құрылғыларын жөндеу және жалға беру цехы
ТТ және АТЦ - технологиялық техника және арнайы техника цехы
КІРІСПЕ
Зерттеліп отырған жұмыстың мақсаты: Каспий маңы ойпаты аймағының экологиялық жағдайына эколого-химиялық зерттеу, сонымен қатар экологиялық және техникалық тәуекел дәрежесін бағалау жұмыстарын жүргізіп, басты ластағыштарды анықтап, кері әсерді төмендету бойынша ұсыныстар енгізу, сонымен қатар аталмыш аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында профилактикалық іс-шаралар енгізу.
Аталмыш мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалды:
- Каспий маңы өлкесінің экологиялық жағдайына, экологиялық және техникалық тәуекелді бағалау жұмыстарына әдеби шолу жасау;
- Каспий маңы өлкесінің басты ластағыштарына кешенді сараптама жүргізу;
- Экологиялық және санитарлы-гигиеналық қызметтердің өзара қарым-қатынасын қарастыратын «Салауатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес қоршаған орта жағдайының Каспий маңы өлкесі тұрғындарының денсаулығына әсерін анықтау.
- Зерттеліп отырған аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға негіз болатын кешенді іс шараларды өңдеу және енгізу.
Магистрлік диссертацияның өзектілігі:
- Зерттеліп отырған аймаққа МГӨӨ-ның антропогендік әсеріне экологиялық және техникалық тәуекелін, сонымен қатар эколого-химиялқ бағалау жұмыстары жүргізілді.
- Тұрғындардың денсаулық жағдайына санитарлы-гигиеналық бағалау жұмыстары жүргізілді және тұрғындардың денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаның ластығы арасындағы байланыс анықталды.
Магистрлік диссертацияның практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижесінде алынған мағлұматтар аталмыш аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған арнайы бағдарламаларды өңдеп жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы мәліметтерді құруға негіз болады. Бұл мәселенің шешілуі Қазақстан Республикасы үшін өзекті екенін айта кеткен жөн.
ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың шарты ретінде
Адам баласы өмір сүруінің мыңжылдықтар шекарасында “тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі”, “адам баласын техносферадағы әр түрлі тектегі кері әсерден қорғау және тіршілік әрекетінің жайлы шарттарына жету” сияқты түсініктерді қалыптастырудың қажеттілігі туды. Тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгi адам баласының мекендеу ортасының күйiмен анықталады. Бұл қоршаған орта адамның қызметіне, денсаулығына және оның ұрпағына тікелей немесе жанама, дереу немесе шалғайдан дәл осы уақытта әсер ете алатын (физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтiк тағы сол сияқтылар) факторлардың жиынтығына негізделген [1] .
1970-шi жылдардағы Римдiк клубтың жұмыстарынан кейін ғылыми шеңберлерде Жер беті тұрғындарының қауiпсiздiгі талқылана бастады. Форрестор және Медоуздың экономика-математикалық үлгiлерi өнеркәсіптің дамуы пайдалы қазба-байлықтардың сарқылуына, үлкен территориялардың қоқыс тастайтын жерге айналуына және халық санының аппатты түрде өсуіне әкелетінін көрсетті.
БҰҰ 1992 жылы (әлемнiң дерлiк барлық елдерi) 150 елдiң жетекшiлерi қатысқан Рио-де-Жанейро конференциясын ұйымдастырды. Конференция “бiздiң балаларларға, ата-бабаларымыздан бізге қанша байлық қалса, сонша байлық қалдырайық” деген ұранмен өтіп, “тұрақты дамуға” өтудің қажеттiлiгiн жариялады [2] .
Қауiпсiздiк әдiстемесі
Пайдаланылған қор көзқарасы тұрғысынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік деңгейі мен қауіпсіздік дәрежесі арасындағы тепе-теңдік қамтамасыз етілуі қажет, ал мұндай жағдай өз кезегінде қауіпсіздік деңгейі мен қауіпсіздік дәрежесін нақты бағалауды талап етеді. Тепе-теңдік және осы тепе-теңдікті сақтайтын механизмдер ерекше ықыласты талап етеді. Осылайша, қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету үшін, қауіпсіздік деңгейін, қауіпсіздік дәрежесін бағалауды және осы жағдайда бірі екіншісіне тәуелді болғандықтан, екуінің арасындағы тепе-теңдік балансын табу механизмін өңдеуді талап етеді. Жоғарыда айтылған ой, қауіптілік сараптамасының негізінде шешім қабылдау үшін сандық негіз бола алатын сандық қауіпсіздік әдістемесінің жаңа мазмұнын анықтау қажет. Ол іс әрекеттердің келесідей реттілігі негізінде жүзеге асырылады.
Біріншіден, қауіпсіздіктің мақсатын және осы мақсатқа жету үшін қауіптілік дәрежесін бағалауға қажет критерилерді анықтау қажет. Бұл мән мәтінде басымдылықтардың бағыттары көрсетілген және қызығушылықтың басты аймағы сипатталған. Телеология (нысанның анықтағандықпен) ғылымына сәйкес мақсатты маңыздылық дәрежесі бойынша анықтау, мақсатқа жету стратегиясын жасау, бұл стратегияны әсер ету диаграммасы немесе шешім қабылдау ағашы ретінде ұсыну, мақсатқа жетудің барлық альтернативтарын, шығын, пайда және қауіптілікті есепке ала отырып, бағалау. Бұл іс-әрекеттер барлығы бірігіп, “шешім қабылдауға талдау жасау” деп аталатын ғылымның мазмұнын құрайды ( decision analysis ) . Стэнфорд университеті сияқты университеттерде бұл ғылым 40 жылдам астам уақыт бойы оқытылып жүр. Ресейдің көптеген ЖОО-да оқытылатын сапалық кейде философиялық сипатқа ие және тек жұмысшылар тобын басқаруға бағытталған шешім қабылдау теориясына қарағанда, шешімді талдау теориясы шығын, пайда және қауіп тепе-теңдігінің негізінде оңтайлы шешім қабылдауға негізделген. Шешім қабылдау барысында ерекше көңіл бөлуді талап ететін “белгісіздікті талдау” шешімді талдау теориясының негізгі бөлігі болып табылады. Соңғы уақытта “белгісіздікті” талдау жеке ғылыми бағытқа айналып отыр, бұл бағыт бойынша жеке журналдар (мысалы, Journal of Risk and Uncertainty), монографиялар, кітаптар және белгісіздікті анықтау үшін арнайы нұсқаулар басылып шығарылады, ЖОО-да арнайы мамандандырылған курстар оқытылады. Қазақстанда бұл ғылыми бағыт жоқтың қасы.
Қауіпсіздік мақсатын дұрыс анықтау бүкіл әдістеменің мақсатының дұрыстығын анықтайды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұстанымдарын өңдеуге және бірнеше сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Қандай қауіпсіздік деңгейлерін мүмкін деп санауға болады? Қандай құралдар қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз етеді? Барлық мүмкіншіліктерді ескере отырып, жоспар, бағдарлама және жоба өңдеу кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қауіпсіздік құралдарын қалай таңдауға болады. Қауіпсіздік мақсаты қаншалықты нақты анықталса, осы мақсатқа жету критерийлері соншалықты қатаң анықталады және де әр мақсатқа қажетті: минималды қауіпсіздіктің (қауіптілік деңгейіне адекватты анықталған), ұтымды қауіпсіздіктің (анықталған оптималды критерилерінің негізінде), қол жетерлік қауіпсіздіктің (қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көтерсе экономика жағынан тиімсіз, себебі осы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде ары қарай қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоғамның дамуына қор жетіспейді, ал осы үшін қосымша қорларды тарту әлеуметтік-экономиканың дамуын тежейді) сандық көрсеткіштері қатаң түрде анықталады [3] .
Қауiпсiздiктiң қандай мақсаттары орнатыла алады? Қауiпсiздiктiң ең маңызды мақсаттарының бiрi адамның өмiрi мен денсаулығы болып табылады. Қауіпсіздік үшін де, даму үшін де негізгі мақсат осы мақсат болып табылады. Бір ғана ерекшелігі қауіпсіздік үшін негізгі мақсат адам өмірі мен денсаулығын сақтау, ал даму үшін денсаулықты жақсарту және өмірді ұзарту, бірақ орташа өмір сүрудің ұзақтығы даму мен қауіпсіздіктің көрсеткіші болады, яғни қауіпсіздіктің деңгейі қаншалықты жоғары болса, өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы соншалықты үлкен болады. Қоршаған ортаның сапасы, әр-түрлі өндірістік саладағы кәсіптік қызметтің қауіпсіздігі, ұйымдар мен аймақтардың қауіпсіздігі қауіпсіздік мақсаттары бола алады [4] .
Қауіпсіздік мақсатын дұрыс анықтау барлық логикалық тізбектің дұрыстығын алдын ала нақтылайды.
Екіншіден, “қауіпсіздік деңгейін” сандық тұрғыда өлшеу үшін сәйкесінше шкаланы орнату керек. Бұл шкала қандайда бір “баспалдақ” ретінде орналасуы қажет, әр “баспалдақтан баспалдаққа өткен кезде” әдістеменің бірінші бөлімінде қойылған мақсатқа біз бір қадам жақындаймыз. Әр өлшеу шкаласы үшін қауіпсіздік деңгейі қойылған мақсатқа жету дәрежесіне сәйкес анықталуы мүмкін. Егер қауіпсіздіктің мақсаты адам өмірі мен денсаулығы болса, онда қауіпсіздікті өлшеу шкаласы ретінде бір жыл өмірдегі адам денсаулығының жағдайы және күтілетін орташа өмір ұзақтығы болады. Қауіпсіздікті бағалау үшін өлшем , қауіпсіздіктің жақсаруы немесе нашарлауы қолжетімді және нақты статистикадан құрастырылған немесе абстрактілі болмауы тиіс керісінше, нақты, түсінікті және сенімді болуы қажет. Мемлекет тұрғындарының өлімі туралы ақпарат статистикаға (дүниежүзілік мемлекеттердің басым көпшілігінде көне және сенімді статистикалардың бірі болып саналады) негізделіп жасалады, сонымен қатар Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының анықтамасына сәйкес “қандайда бір жастық немесе жыныстық пирамиданың, баланың туылу құрылымының немесе көшіп қону тарихының ықпалына аз ұшырайтын халықтың барлық өлім жағдайының өлшемі”, осы ақпарат күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы болып табылады.
Егер қоршаған ортаның (жағдайы) сапасы қауіпсіздіктің мақсаты болса, онда қауіпсіздіктің өлшем бірлігі ретінде қоршаған ортаның (жағдайы) сапасы (мысалы, ШРЭК-шекті рауалы экологиялық күш) бола алады. Сайып келгенде, қауіпсіздіктің әр мақсаты үшін қойылған мақсатқа жету дәрежесін анықтайтын өзінің өлшеу шкаласы анықталады [5] .
Үшіншіден, әр-түрлі қауіп түрлері үшін қауіпті факторлардың өлшеу шкалаларын орнату керек: өнеркәсіптік ұйымдардағы мүмкін болатын қауіпті аппаттардан бастап, қауіпті табиғи аппаттарға дейін. Бұл шкала саясаттық, экологиялық, техногенді, әскери және т. б. осылар сияқты әртүрлі қауіпті факторларды өлшеуді, бағалауды және салыстыруды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі таңда тәжірибе жүзінде қауіптілік дәрежесін сандық өлшеу үшін “бірлік” ретінде қауіптілік бірлігі қолданылатын “шкала” пайдаланылады. “Қауіп” термині жалпы түрде статистикалық мәліметтер көмегімен немесе төменде көрсетілген көрсеткіштерін:
- қарастырып отырған қауіпті фактордыңпайда болу мүмкіндігі(пайда болу жиілігі) ;
- осы немесе әсерінен туындайтынзалалдың шамасын;
- пайда болу мүмкіндігі мен залал ;
- қосатын имитациялық үлгілер көмегімен өлшенетін көп компонентті өлшем ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда халықаралық кәсіби ұйымдармен қабылданған және дамыған елдердің басым көпшілігінде заңды түрде бекітілген қауіп, қауіпті басқару және бағалау әдістемесі туралы кәсіби түсінік нақты және жеткілікті түрде қалыптасқан [6] .
Төртіншіден, шамадан тыс немесе жарамсыз (қауіптің осы деңгейінде кез-келген шаруашылық іс-әрекеттерге заңды түрде тиым салынуы және барлық қол жетімді әдістермен мұндай жағдайды болдырмау қажет) болып табылатын қауіптің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әдістемені өңдеу қажет, қоршаған орта және адам үшін қауіптің жарамды деңгейі (қауіптіліктің осы деңгейінде кез-келген іс-әрекет мемлекетті басқару ұйымы жағынан бақылау объектісі болып табылады және экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларды ескере отырып, шығын, пайда, және қауіп балансының негізінде қауіпті басқаруды қажет етеді) қауіпті және қауіпсіздікті басқару барысында (себебі осы кездегі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде аса үлкен емес қауіпті басқара және бақылай алмайды) қауіп деңгейін ескермеуге болады. Шектен тыс, қабылдана алатын және ескерілмеуі мүмкін сияқты қауіп түрлері заңды түрде бекітілуі тиіс. Қауіптің бұл деңгейлері нақты түрде бағалаудың критерилері болып табылады - қоғамның даму деңгейі көзқарасы тұрғысынан қауіп қаншалықты үлкен және қауіпті анықтау жүріп жатқан аймақта қауіптің диапазоны анықталады [7] .
Бесіншіден, жарамсыз қауіптен қорғайтын жүйені құруға мүмкіндік беретін инженерлік, әкімшілік және заң қорғаушылық шаралардың жиынтығын қосатын қауіпті басқарудың әдісін өңдеу.
Бұл әдістемеде әрбір деңгей келесі деңгейге “ойын ережелерін” бекітеді.
Мұндай әдіс объектінің құрылымдық-функционалдық жағдайының, басшылардың және жұмысшылардың кәсіби дайындық деңгейін, бірлескен ұйымның мәдени деңгейін, жүргізілетін кадрлық саясатты және т. б. қосатын ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты шешім қабылдайтын адам факторының белсенді рөлін, қауіпсіздіктің қандайда бір “кеңістік жағдайын” қарастыруын талап етеді. “Белгілі бір нақты жағдайда қандай қауіпсіздік деңгейі қауіпсіз болып саналады” сонымен қатар қандай деңгей қажет және жеткілікті болады және неліктен екенін анықтағанда ғана осы немесе басқада қауіпсіздік маңызы белгілі бір “кеңістік ахуалында” қандайда бір маңызға ие болады. Яғни қауіпсіздік деңгейі абсалюттік емес, салыстырмалы түсінік болып табылады және оның анықтамасын да негізгі көңіл қауіпсіздік критерилеріне бөлінуі керек. Өз кезегінде қауіпсіздік критерилері өзіміз көрсеткен мақсатқа қаншалықты жақындағанымызды нақты анықтауы керек.
Қауіп келтіретін өндіріс орнына жүргізілетін талдау нәтижесі бойынша мұндай объектілер қоршаған ортада жұмыс істеу барысында адамдарға социалды-психологиялық әсер ететіні және сенімді технологиялардың болмауынан, фильтрлеуші құрылғылардың тиімді жұмыс істемеуінен және т. б. себептерден өндіріс орны орналасқан аймақтың атмосферасы зиянды заттармен ластанатынын, потенциалды қауіп төндіретіні анықталды. Сонымен қатар химиялық және басқада өндірістік салаларда толығымен апатсыз жұмысқа қол жеткізуге болмайтынын Отандық және дүниежүзілік тәжірибе нәтижесі көрсетіп отыр. Өндірістік қауіпсіздікті жақсарту жұмыстары қауіпті аймақтың мониторингін; апат болған жағдайдағы жою жоспарын және объектінің аймағындағы немесе оның сыртындағы аса қауіпті жағдайдағы іс-әрекет жоспарын өңдеуді қарастыратын кез-келген технологиялық үрдіс апаттың туу жағдайын минималды деңгейге түсіретін және зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуін азайтатын технологияларға сөзсіз бағытталуы тиіс [8] .
Объектілердің дұрыс орналасуы адам мен қоршаған ортаны қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің бірден бір әдістемесі екенін естен шығармауымыз керек. Кәсіп орын орналасқан аймақтың халқы және шаруашылық құндылығы бар. Аймақтық, аудандық және ғаламдық масштабтарда қауіпті бағалау және басқару ғылыми тұрғыдан өңделе бастады. Мұндай мәселелер Ресейде де қарастырылды және ғылыми кітаптарда көрініс тапты. Теория қарқынды түрде дамып, экологиялық қауіпті төмендету талдау облысы бойынша мамандардың жетіспеушілігі байқалуда.
Қауіпсіздік әдістемесі қауіп менеджментінің негізі ретінде. Залал тигізетін заттардың адам денсаулығына әсерін комплексті түрде бағалау үшін қоршаған ортаның йерархиялық құрылымы мен адам жүйесін және динамика мен даму (жүйелілік талдау) арасындағы байланысты толығымен қарастыру керек. Осы жүйеге кіретін негізгі компоненттер: ластану көздерінің сипаттамасы; ластауыштардың ластану көздерінен адамға ауысуы (көшуі), олардың қоршаған ортада жиналуы және трансформациясы, ластауыштардың адамға әсерін бағалау (ластауыштардың концентрациясын, әсер ету уақытын,
әсер ету бетінің ауданын және т. б. анықтау) ; адам ағзасына түскен, әсер ететін заттың дозасын (ішкі дозаны) денсаулықтың әлсіреуіне әкелетін (ауру туғызатын немесе өлімге дейін әкелетін) адам ағзасының құрылымы мен функциясының өзгеруін бағалау.
Қауіп менеджменті - қауіпті бағалауға толығымен негіз болады және келесідей сұрақтарға жауап беруін талап етеді: қауіпті төмендету үшін қандай іс-әрекет жасалуы тиіс; пайда болған жағдайдан шығудың қандай қол жетерлік әдістері бар және осы әдістердің қайсысы іске асырылуы барысында ешқандай шығынсыз, табыс әкелетіні таңдалуы тиіс; болашақта таңдалатын әдістерге ағымдағы басқару шешімдері қандай әсерін тигізеді және қауіпті азайту бойынша қабылданған басқару шешімдерінің нәтижесі қандай болады.
Мұндай әдіс саяси шешімдерді қабылдау барысында ғылыми негізде альтернативті таңдауға мүмкіндік береді. Қауіпті талдау әдістемесі пайда, шығын және қауіп балансын сақтау негізінде шешім қабылдау үшін стратегияны таңдауға нұсқау болады [9] .
Қауіп-менеджерлері белгісіздікті және қауіпті басқару стратегиясын моделдеуге мүмкіндік беретін заманауй ақпараттық бағдарламаларды меңгере білуі өте маңызды.
Осыған байланысты басқару ұйымдары және халықты ақпараттық қамтамасыз ету жоғары мәнге ие, себебі халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қауіпті бағалаудың нәтижелерін дер кезінде жеткізіп, қауіпке байланысты дұрыс емес шешімді қабылдауды болдырмау мақсатында, шешім қабылдаушы тұлғаларға әсер ете алатындай халықта пайда болған қауіп туралы түсінік қалыптастыру [10] .
Тәуекелді басқаруда ақпараттық қамтамасыз ету әлеуметтік және психологиялық аспектілерді, сонымен қатар қауіпті нормалау мәселелерін құрастырады.
1. 2 Тәуекелді сандық тұрғыдан бағалау
Тәуекелді сараптау адам өмірі үшін қауіпті аурулар мен зақымдануды, мүліктің және қоршаған ортаның шығынға ұшырауын азайту мен алдын ала ескерту міндеттерін шешудегі тәжірибелік шара және іс -әрекеттер, яғни біздің елімізде кәсіпорын қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ал шет елде - тәуекелді басқару деп аталатын саяси шешімдер қабылдаудағы жүйелі тәсілдердің бөлігі болып табылады. Бұл жерде тәуекелді сараптау және тәуекелді бағалау (Risk Analysis, Process Hazard Analysis) жекелеген тұлғалар немесе тұрғындар тобы, мүлік және қоршаған орта үшін тәуекелді бағалау және тәуекелдің пайда болуындағы ақпаратты жүйелі қолдану ретінде анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz