Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе

  1. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат туралы түсінікБюджетаралық қатынастар және бюджет саясатқа шолуБюджетаралық қатынастардың принциптері, реттеу нысандары
  2. ҚР ның жергілікті билік оргындарының бюджеттік қатынастар және бюджеттік саясатын талдауҚР ның жергілікті билік оргындарының бюджеттік қатынастар және бюджеттік саясаттан бюджет кірістері мен шығыстары
  3. ҚР ның жергілікті билік оргындарының бюджеттік қатынастар және бюджеттік саясатының дамуындағы мәселелер және оны шешу жолдарыҚР ның жергілікті билік оргындарының бюджеттік қатынастар және бюджеттік саясатынын байыту жолдарыБюджетаралық қатынастарды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры .

Ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Кез келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті.

Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады .

Бюджетаралық қатынастар - бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу ретімен жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржылындыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері келесілерден тұрады:

- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;

- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.

Мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық формасы болып, оның бюджеттік жүйесі табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.

Бюджетаралық қатынас - мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және үнемі өспелі ұлттық экономиканы құру аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:

- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату;

- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;

- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.

Қалыптасатын бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу, бюджетаралық реттеу, бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.

I. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат

1. 1 Бюджетаралық қатынастар және бюджет саясат туралы түсінік

Бюджетаралық қатынастар - бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктері шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізінде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртурлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойыншабюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай:

- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;

- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.

Бюджет жүйесі - мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.

Бюджетаралық қатынас - мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімді өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейіше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға мыналар жатады:

- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату

- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейінебекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;

- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.

Қалыптасатын бюджетаралық мәнін, олардың ұйымдстырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу; бюджетаралық реттеу; бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.

Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және күрделі мәселеге айналып отыр. Бюджеаралық қатынастардың жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейдегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің төмендігі - осылардың барлығы жергілікті билік органдарының, халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігінен айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.

Бюджет саясаты ұдайы өндірістік кезең аяқталуының нәтижесінде жинақталған, қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша мемлекеттің қаржы саясатының экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді, олардың мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарының пайдаланылуы және бөлінуі. Қаржы ағындарының қозғалысына реттеудің бастапқы принципі жиынтық тұтынудың өсуіне бағытталған ұдайы өндіріс үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ымыраға жеткізуден тұрады. Бюджет- бюджет саясатының негізгі құралы ретінде мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарын біріктіреді. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттілігі осыменен шартталған яғни бұған қоса экономиканы реформалауға арналған шетел несиелері мен инвестициялары елдің төлем балансын өзгерту мен жалпы қоғамдық өнімнің қозғалысына бюджет саясатының белсенді әсері де шартталған. Бюджет саясаты бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу, қарастыру, бекіту, орындау, бақылау, бюджеттің орындалуы туралы есептің қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген. Егер, дамыған елдерде ортақ валютаөқаржылық жүйені жасау бөлігінде қуатты және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрініс табады. Ал, бұрынғы кеңес үкіметі аумағында қаржы жүйесінің жергілікті деңгейлерін өзін-өзі қаржыландыру, жеке аймақтар мен жергілікті көздерінің мәні мен рөлін күшейту және егеменділіктің қалыптасуының қажеттілігі жандандырылады. Республикада бюджет жүйесінің дамуы аймақтық деңгейдің тұтас шаруашылық кешенінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында қаржы жүйесінің ортақ шеңберіндегі қаржы буындарының жергілікті және орталық өзара әсерінің тиімді нұсқасын іздеу жолында. Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Осыған байланысты бюджет саясаты қолда бар қаржы ресурстары мен сұраныстарын қанағаттандыру кірістер мен шығыстар бойынша бюджет шешімерін таңдау және қаржы жүйесін бағалауды қарастырады. Басқаша айтқанда, бюджет саясатын бюджет үдерісін ұйымдастыру жағынан алғанда, бюджет заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілік есебінен бюджеттің барлық деңгейінің орындалуына бақылау, бекіту, қарастыру және құрастыру тәртібі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет аирықшалықты арналымды орындайды - жалпы коғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік үдайы өндірістік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде болады.

Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржылық категориядан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың ұдайыөндірістік сипаты бар, әркашан ақшалай нысанда жүзеге асырылады, мақсатты ақиіалай қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен косарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарга белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортак өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

мемлекеттен жалпы коғамдық өнімнің бір бөлігін окшауландырумен және оны коғамдық қажеттіліктерді қанагаттандыруга пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды түтынуга қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумактар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы козгалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады.

1. 2 Бюджетаралық қатынастардың принциптері, реттеу нысандары

Рыноктық экономика жағдайларында бюджеттік үдерісте жоғарғы және төменгі бюджеттер арасындағы қатынастар, сонымен бірге кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Бюджеттік үдерісте республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. Қазақстандық практикада Бұл қатынастар шеңберінде бюджеттік федарализмге ұксастығы жағынан бюджет жүйесінің деңгейі бойынша бюджеттік бөлініс іске асырылатын қатынастар болып келеді. Бюджеттік кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкімет пен орталық мемлекеттік орғандардың, облыстардың жергілікті атқарушы орғандарының, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар каланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік үдеріске араласуына жол берілмейді.

Бюджетаралық қатынастар мынадай кағидаттарға негізделеді:

  • облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;
  • ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сакталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу: тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тэуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төменгі бюджеттерге бекітіледі; мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған аумақтық байланыстылығы бар салық базасынан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
  • Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлік-терінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
  • жергілікті атқарушы орғандардың мемлекеттік қызметтердің бірдей деңгей үсынуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі мемлекеттік қызметтерді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтерді бекітіп беру;

Бюджетаралық қатынастар:

республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттерінің арасында: трансферттермен; бюджеттік кредиттермен;

облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

трансферттермен; бюджеттік кредиттермен; кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы өкілеттіктерінін келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджет аралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджетгерін орталықтандырып нығайту кегізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың негұрлым жоғары нормативтерін каққылауға багдарлайды. Жоғарғы орғандар «тағдырды шешушіге» айналады, Бұл жемқорлықка негіз калайды. Бұл жағдаятта биліктің жергілікті орғандарының құқықтарын кеңейту қажет, ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болуы керек:

негізгі рөлді ойнайтын салықтар: а) тура салықтар: мүлік, жер, көлік құралдары салықтары; ә) жанама салықтар: сатып алуға сапынатын салық, көпшілік түтынатын тауарларға салынатын акциздер;

жергілікті орғандардың аумақтарында жиналатын мемлекеттік салықтарға биліктің орталық орғандары белгілі бір пайызбен белгілейтін салықтар;

басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, салықтық емес кірістер (жерді жалға беру және сату; орман массивтерін жалга беру; басқадай түсімдер) .

Бюджеттік кодексте бюджеттер деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды нақтылы бөлудің сызбасы анықталған.

Республикалық бюджетке түсетін түсімдер. Салықтық түсімдерден республикалық бюджетке бағытталатындары: мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, қорпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және оның аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы, Қазақстан аумағына импортталатын тауарларға акциздер, құмар ойын бизнесі салығы, мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы, бонустар, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемақы, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі, экелінетін және экетілетін тауарларға кеден баждары, консулдық алым, мемлекеттік баждар, алымдар мен төлемақылар.

Республикалық бюджетке түсетін Салықтық емес түсімдерге республикалық меншіктен түсетін кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, екінші деңгей банктерінің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаттарының орналастырылғаны үшін және Ұлттық банктегі Үкіметтің депозиттері бойынша сыйақылар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, кару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа кірістер) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақшалай түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Ұлттық банктің бюджетінде (шығыстарды қаржыландырудың жеке жоспарында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, республикалық бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер жатады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар болып табылады.

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.

II. ҚР ның жергілікті билік оргындарының бюджеттік қатынастар және бюджеттік саясатын талдау

2. 1 ҚР ның жергілікті билік оргындарының бюджеттік қатынастар және бюджеттік саясатын сипаттау

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар бұл - «бюджет үрдісіндегі жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттермен қарым-қатынасы».

Бюджетаралық қатынастар мыналарға негізделеді:

  • мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіліктерді нақты бөлу;
  • бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығындарды бірыңғай бөлу;
  • бюджетаралық қатынастарды бірыңғай және ашық (прозрачность) әдісі негізінде анықтау.

Ағылшынның мамандары Г. Хьюз бен С. Смиттің экономикалық ынтамақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің (аз халқы бар елдерді қоспағанда - Жаңа Зеландия, Ирландия, Люксембург) бюджеттік жүйелеріне берген бағалары қызықты да қажетті. Олар мына белгілер бойынша бағалайды:

- бюджетаралық қатынастарды реттеудегі ұқсастықтар;

- бюджетаралық қатынастардың ерекшеліктері;

- орталық және субұлттық биліктер рөлдерінің қатынасы.

Нәтижесінде жоғарыда аталған 19 елі төрт топқа бөлінді.

Бірінші топқа 3 федеративті (Австралия, Канада, АҚШ) және екі унитарлы (Ұлыбритания, Жапония) мемлекеттері кірді.

Екінші топқа Солтүстік Еуропа елдері кірді: Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия.

Үшінші топқа Батыс Еуропаның федеративті елдері кіреді: Австрия, Германия, Швейцария.

Төртінші топқа: Бельгия, Франция, Греция, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания.

Бірінші топтағы елдер кең салықтық өкілеттікке негізделетін аймақтық және жергілікті биліктің тәуелсіздігімен (самостоятельность) ерекшеленеді, екіншісі - аймақтық және жергілікті биліктердің әлеуметтік шығындарды қаржыландырудағы жоғары үлесі, үшіншісі - әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің автономдығы, төртіншісі - аймақтардың орталық бюджетке қаржылық тәуелділігі.

Статистикалық анализ көрсетіп отырғандай, экономикалық дамыған елдерде жергілікті бюджеттің өте жоғары қаржылық автономдығы бар және жергілікті бюджетке тәуелсіз немесе аз тәуелділігі бар бірқатар мемлекеттер бар.

Швеция, Люксембург, Исландия және Испания сияқты елдерде жергілікті бюджеттердің табыстары барлық соманың 99, 2% - 72, 8% құрайды. Жапония, Франция, Финляндия, Бельгия және Дания елдерінде жергілікті бюджеттің қаржылық автономдығы 68 - 56% құрайды. Орташа алғанда, жергілікті бюджеттің жеке табыстарының үлесіне 59, 5% келеді, ал орталық әкімшілік бюджетінен трансферттерге 40, 5% келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетаралық қатынастар
Мемлекеттік бюджеттің құрылуының жалпы сипаты
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері
Бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру
Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизмін жетілдіру
Салықтың экономикалық маңызы мен қызметі
Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz