Шардара су қоймасының суының сапасы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әдебиетке шолу
1.1 Шардара су қоймасының суының сапасын экологиялық тұрғыдан бағалау.
1.2 Су қойманың ластануы олардың организмдерге әсері.
2. Нысаны мен әдістері
2.1 Зерттеу нысаны
2.2 Зерттеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері.
Шардара су қоймасының суару алқабының экологиялық тұрғыдан нашарлауына себеп болған басты факторларды анықтап, олармен күресудің жолдарын қарастыру.
Шардара облысындағы суармалы алқаптардағы суды тиімді пайдалану. Дақылдардың оптимальды суару режимдері мен әдістерін жетілдіру.
Қойылған мақсаттарды орындау үшін төмендегі келтірілген міндеттер орындалады:

• Шардара су қоймасының ластану деңгейін жан-жақты қарастыру;
• Ластағыш заттардың қоршаған ортаға қаншалықты зиян келтіріп жатқанына бақылау жасау;
• Су қоймадан су пробасын алып одан ластаушы заттардың мөлшерін анықтау.
Өзектілігі:
• Қазақстан Республикасында негізгі бағыт суармалы жердің экологиялық жағдайын жақсартып, ауылшаруашылығы дақылдарынан тұрақты түрде жоғары өнім алу болып табылады. Осы міндетті орындау үшін су-жер қорларын тиімді пайдаланып, суармалы жерлердің ең тиімді мелиоративтік режимін анықтау қажет.
• Шардара су қоймасын ластайтын негізгі көздерді зерттеу және ауыл шаруашылығында су сапасын сақтау, оны егіс алқаптарын суаруда тиімді пайдалану мәселелері маңызды. Мұндай жағдайда су көздерін ластанудан қорғау, суды үнемдеу, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көтеру мәселелері көзделеді
• Сыр өңірінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімі, оны қолдан суару негізінде алынады. Сондықтан осы аймақ үлесінде суды егіске пайдалану маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты суды егісте тиімді, ұтымды пайдалану бірінші қатарда тұрады. Сонымен қатар Сырдария өзені суының сапасына аса көңіл бөлген жөн. Себебі, соңғы кезде Сырдария өзенінің суының сапсы нашарлауда. Ал Сырдария суы Шардара су қоймасына келіп құйатыны белгілі.Осының барлығы тақырып өзектілігінің негізгі дәлелі.
1 Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева "География" Шымкент 2005, 24-28 б.
2 Ә.С.Бейсенова "Қазақстанның географиялық атласы" Алматы 2005,3-20 б.
3 М.К.Нұрмағанбетов "Жер судың аты,тарихтің хаты" Алматы 2003,5-15 б.
"География және табиғат" 2006,6
4 Н.М. Жақанбаева "География" Алматы 2007,114-116 б.
5 Ә.С. Бейсенова "Экология" Алматы 2000, 154-166 б.
6 Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева "Гоеграфия" Алматы 2007,114-116 б.
7 "Қазақстан Ұлттық энциклодедиясы" Алматы 2005, 3 том
8 "Қазақ Совет энциклодедиясцы" Алматы 1975, 2 том
9 Атамекен газеті, Алматы 2005, 88
10 Н.В. Нелина "Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары" Алматы 2004,104-110 б.
11 "Энциклопедия для детей" Алматы 1997,3-5 б.
12 Егеменді Қазақстан 2005-2006,1235 11.05.24.4377 12.06.28
13 М.К.Нұрмағанбетов "Жер судың аты,тарихтің хаты" Алматы 2003,5-15 б.
14 Шымкент келбеті газеті Шымкент 2007, 82
15 Атамекен газеті, Алматы 2005, 88

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әдебиетке шолу
1.1 Шардара су қоймасының суының сапасын экологиялық тұрғыдан бағалау.
1.2 Су қойманың ластануы олардың организмдерге әсері.
2. Нысаны мен әдістері
2.1 Зерттеу нысаны
2.2 Зерттеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері.
Шардара су қоймасының суару алқабының экологиялық тұрғыдан нашарлауына себеп болған басты факторларды анықтап, олармен күресудің жолдарын қарастыру.
Шардара облысындағы суармалы алқаптардағы суды тиімді пайдалану. Дақылдардың оптимальды суару режимдері мен әдістерін жетілдіру.
Қойылған мақсаттарды орындау үшін төмендегі келтірілген міндеттер орындалады:

* Шардара су қоймасының ластану деңгейін жан-жақты қарастыру;
* Ластағыш заттардың қоршаған ортаға қаншалықты зиян келтіріп жатқанына бақылау жасау;
* Су қоймадан су пробасын алып одан ластаушы заттардың мөлшерін анықтау.
Өзектілігі:
* Қазақстан Республикасында негізгі бағыт суармалы жердің экологиялық жағдайын жақсартып, ауылшаруашылығы дақылдарынан тұрақты түрде жоғары өнім алу болып табылады. Осы міндетті орындау үшін су-жер қорларын тиімді пайдаланып, суармалы жерлердің ең тиімді мелиоративтік режимін анықтау қажет.
* Шардара су қоймасын ластайтын негізгі көздерді зерттеу және ауыл шаруашылығында су сапасын сақтау, оны егіс алқаптарын суаруда тиімді пайдалану мәселелері маңызды. Мұндай жағдайда су көздерін ластанудан қорғау, суды үнемдеу, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көтеру мәселелері көзделеді
* Сыр өңірінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімі, оны қолдан суару негізінде алынады. Сондықтан осы аймақ үлесінде суды егіске пайдалану маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты суды егісте тиімді, ұтымды пайдалану бірінші қатарда тұрады. Сонымен қатар Сырдария өзені суының сапасына аса көңіл бөлген жөн. Себебі, соңғы кезде Сырдария өзенінің суының сапсы нашарлауда. Ал Сырдария суы Шардара су қоймасына келіп құйатыны белгілі.Осының барлығы тақырып өзектілігінің негізгі дәлелі.

Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу
1.1 Шардара ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың км2 (облыстың 11,1%-ын құрайды). Тұрғын саны 70,0 мың адам (2003). Орталығы - Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылды. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және 10 ауылдық округке біріктірілген. Аудан жері негізінен Сырдария өзеннің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын ала, аллювийлік жазықта (Шардара даласы) орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 ж. Шардара құрылыс басқармасы құрылды. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзын 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды. Климаты айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қаңтардың жылдық орташа темп-расы - 4 - 6ӘС. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің ортасы температурасы 28 - 29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді. Шардара ауданының тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар - 93,9%-ын, орыстар 4%-ын құрайды, қалғаны өзбек, әзербайжан, украин, т.б. ұлт өкілдері. Тұрғындарының 60,7% ауылдық елді мекендерде тұрады. Орналасу тығыздығы 1 км2 ге 5,4 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Шардара қаласы (25,5 мың адам), Көксу (6,1), Шардара (4,8), Қоссейіт (4,5), Ұзыната (4,3), Қазақстан (4,3), Целинное (3,5) ауылдары. Ауылдарда негізінен күріш, қаракөл қойы, оған қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған (1988 ж. Қазақстан, Целинный біріктіріліп, Жиделі, Аққала, Байырқұм кеңшарлары Арыс ауданына берілді). Шардара ауданы. бойынша ауыл шаруашылықғының жалпы өнім көлемінің 67,7% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 58,8% немесе 30,2 мың гектары мақта егістігі, қой басының 23,9%-ын қаракөл қойы құрайды.

Шардара қаласының тұрғындары үшін шешімін таппай келе жаткан мәселе Шардара қаласының сарқынды су жүйесі мен сарқынды суды тазарту стансасының құрылысы.
Қаланың 1970-80 жылдары салынған сарқынды су жүйелері қазіргі таңда толық істен шығып, қазіргі сулар ашық сүзгі алаңда жиналғанымен, қаланың Сырдария өзенінің жағасында орналасқандықтан, сүзгі арқылы Сырдария өзеніне түсу қаупі бар.

Қазақстандағы су қоймалары
Суқоймалары
Және іске
Қосылған жылы
Орналасқан
жері
Аумағы,
км2
Ұзындығы,
км
Ені,
км
Тереңдігі,
м
Жалпы
Көлемі,
км
Бұқтырма,
1967
Ертіс өзені,
ШҚО
5500
600
40
80
50,0
Қапшағай,
1970
Іле өзені,
1847
187
23
43
28,0
Шардара,
1966

Сырдария өзені, ОҚО
900
48
20
26
5,7
Сергеев,
1969
Есіл өзені,
СҚО
117
75
7
20
0,693
Каратомар,
1965
Тобыл өзені,
Қостанай обл.
92
72
4
16
0,586
Самарқанд,
1941
Нұра өзені, қарағанды обл,
82
25
7
12
0,260
Бөген,
1967
Бөген өзені,
ОҚО

65
13
6
15
0,370
Вячеслав,
1969

Есіл өзені,
ОҚО

61
11
10
25
0,411

Киров,
1967

Күшім өзені,
БҚО

39
22
4
7
0,063
Топар,
1960
Нұра өзені,
Қарағанды

39
13
4,2
24
0,274
Кенгір,
1952

Кенгір өзені, қарағанды обл

37
33
16
25
0,319
Өскемен,
1963
Ертіс өзені,
ШҚО
37
85
12
45
0,650

Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша жер үсті сулар сапасының жағдайы
Су объектісінің
атауы
(әкім. облыс)

Судың ластану индексі (СЛИ) - су сапасының сипаттамасы

РШК-нан асатын, 2010 жылдағы ластағыш заттардың құрамы

2009 жыл

2010 жыл

Ингредиенттер

Орта шоғырлану, мгл
РШК-ның асу еселігі
Шардара су қоймасы
(ОҚО)

2,94 (4 кл.)
ластанған

2,27 (3 кл.)
шамалы ластанған

Сульфаттар
Фенолдар
Мыс (2+)
Нитритті азот

457,0
0,004
0,002
0,037

4,6
4,0
2,0
1,8

Сырдария өз.
(ОҚО)

3,36 (4 кл.)
ластанған

2,48 (3 кл.)
шамалы ластанған

Сульфаттар
Фенолдар
Мыс (2+)
Нитритті азот

436,0
0,004
0,003
0,05

4,4
4,0
3,0
2,5

Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км дейін бағалайды.Сырдария өзенінің су ресурстары негізінен Қырғызстан аумағында қалыптасады, Тәжікстан мен Өзбекстан аумақтары арқылы өте отырып, Қазақстанға келеді. Тау аумағынан келетін өзен суларының сапасы төмен қарай аққан кезде күрт нашарлайды, сондықтан таулардан өзендер аққан кезде орташа және төменгі ағыста оларға жоғары минералдау тән. Бұл ретте ластаушылардың негізгі көздері гербицидтер, пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, судың, суармалы жердің және ауыл шаруашылығының жалпы минералдануын қалыптастыратын иондар қосылысы болып табылады. Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық объектілер негізінен ауыр металдармен, фенолдармен, және т.б. ластайды. Судың ащылығы топырақ қабатының сортаңға айналуына әкеледі, грунттың екінші реттік сортаңдауын дамытады және дақылдардың түсімін маңызды түрде азайтады.Екінші рет топырақтың сортаңға айналу нәтижесінде мақта алқабында тұзды шөлдің жаңа дақтары қалыптасады. Қатты сортаң жерге айналған ауданның өзі тек Шардара облысының өзінде ғана 40 мың га (13,9 %), орташа сортаңға айналған жер - шамамен 200 мың га (69,4 %), әлсіз сортаңға айналған жер - 43 мың га (16,7 %) құрайды..Жыл сайын Сырдария өзеніне ластанған 850 млн. м3 пайдаланылған су ағады, олардың 210 млн. м3 Шардара облысы бойынша сульфат-натрийлі құрамы бар 1,5ден 6,0 гл дейінгі минералдауды құрайды. Соңғы 15-20 жыл ішінде осы өңірдегі тұрғындар санының күрт артуымен байқалады, ал бұл табиғи және су объектілерінің экологиялық жағдайына жүктеменің күрт ұлғаюына әкеліп соқты. Осы өңірдегі елді мекендердің барлық ағыс сулары тазартусыз өзендерге лақтырылады, осылайша күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды одан сайын шиеленістіруде. Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы ашық су қоймаларында шекті рауалы концентрациядан (ШРК) жоғары пестицидтердің болуы 10-200 сынаманың біреуінде, құдық суларында - 5-30, құбырмен келетін суларда - 20-35 сынамада байқалады. Азық түлік өнімдерінде пестицидтер көбінесе жеміс-жидектерде - әрбір 50-сынамада, азықтарда - әрбір 30-50 сынамада кездеседі.Таулар арасындағы шұңқырлар мен аңғарлар шегіндегі, сондай-ақ тау беткейлері, алқаптары мен өзен сағаларындағы жер асты суларының үлкен бір бөлігі беттік ағыстармен тікелей байланысты.
Жер үсті өзен суларының көлемінің қысқаруы және олардың сапасының нашарлауы жер асты суларының тиісті көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Бұл ретте жер үсті суларының жер асты суларымен гидравликалық өзара байланысы жер үсті сулардың да, сондай ақ жер асты суларының да, әсіресе өзен ағыстары мен дамыған суландыру аймақтарындағы қалыпты сапасының толықтай жоғалуына әкелді.Өзен сулары сапасының нашарлауының басты себебі суармалы жерауданын күрт ұлғайту болып табылады, бұл ретте су ресурстары тек толықтай жойылып қана қойған жоқ, бірақ сапасы жағынан да сарқылды. Өзен ағысы таудан ағыс түзетін аймақтан бастау алатын жерде суаруға бөлінеді. Өзен ағысына орташа алғанда олардың артық ағысы ғана және коллектор-дренажды39желісінің ағысы ғана құйылады. Сырдария өзені бассейніндегі коллектор-дренажды сулардың жалпы көлемі жылына 12-14 кмжыл жетеді, оның 10 км3өзенге қайтадан құйылады, ал 2-4 км табиғи түрде төмендеуге бұрылады.Осыған сәйкес өзендердің гидрологиялық және гидрохимиялық режимі өзгерді. Аңғардың орташа бөлігіндегі өзендердің толық емес барлық ағысы оның төменгі ағысының жоғарғы бөлігінде суару үшін екінші рет алына бастады. Соның нәтижесінде өзінің меншік төменгі ағысына табиғи ағыстың келуін тоқтатты. Өзен ағысы бұл жерде дренажды ағысты басты қабылдағыш қызметін атқарды. Сырдария өзені Шардара су бөгетіне дейінгі дренажды және ақаба суларды жалғыз су қабылдағышы болып табылады, өйткені басқа су қабылдағыштар болмайды.Сырдария өзенінің жер үсті ағыстарын қарқынды реттеу орташа ағыста, әсіресе төменгі ағыста гидрологиялық режимнің маңызды өзгерісінің нәтижесінде оның өздігінен тазарту жағдайы күрт нашарлайды.Соңғы жылдары Сырдария өзені бассейнінде өткір пайда болған қарама қарсылық жоғарғы ағыста су ресурстарының үлкен бөлігі қалыптасуы болып табылады. Бұл ретте судың энергетикалық потенциалын пайдаланатын суды пайдаланушылардың мүдделері басым тұрады, су ресурстарын күзгі қысқы мерзімде барынша жиі қолданылады, төменде орналасқан суармалы жерге су өсімдіктердің өсіп өну және даму кезеңінде қажет.Сырдарияның бірегейлігі өзен суларын пайдаланудың жоғары сапасынан тұрады. Әлемде осыған ұқсас су объектілер аз, олардың пайдаланылатын ресурстары олардың қолдағы көлемінен асып кетеді. Төменгі ағыс бойынша Сырдарияның өзен ағысына қайтып келген қайтару ағысы түріндегі шамамен 40 % көлемі қайтадан пайдаланылады. Соның нәтижесінде пайдаға асыру процесінің осыған ұқсас қарқындылығы су сапасына айтарлықтай әсерін тигізеді және күрделі экологиялық проблемалардың себепкері болып табылады.

1.1 Шардара су қоймасының суының сапасын экологиялық тұрғыдан бағалау.
Жалпы Шардара өңірінің тұрғындары біраз жылдан бері су тапшылығы зардабын тартып келеді. Әсіресе, мұндағы тұрғындар ауыз су мәселесіне аса зәру. Бұдан екі жыл бұрын аталған өңірге іссапармен келген су комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мұндағы тұрғындардың ауыр халін өз көзімен көріп, дереу түрде төтенше жағдай жариялауды ұсынған еді. Қазіргі күні жер астынан су тартуға мүмкіндік болмағандықтан мұндағы тұрғындар Шардара су қоймасының қоймалжың суын ішіп отыр.
Шардара су қоймасының сапасы ешқашан жақсы болған емес. Өйткені, біз тастанды суда отырмыз. Мұнда келетін су - Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанды аралап келетін аяқ су. Судың мөлшері төмендеген сайын ондағы судың дәмі балық, жалбыз татып кетеді. Онсыз да бізде сары ауру көп. Қыста судың көптігінен, жазда судың тапшылығынан зардап шегетін мұндағы тұрғындардың мәселесін шешудің бір жолы Көксарай су қоймасын салу екендігін айтады, кейбір мамандар. Көксарай су қоймасының ең басты қызметі реттеушілік. Су реттеуіш дегеніміз артық суды бойына алып қалып, кейін су тапшы болған кезде бойындағы суды қайтадан дарияға құю. Көксарай су қоймасы салынған жағдайда 2,5-3 млрд текше метр су келетін болса, онда дарияның төменгі ағысындағы егістіктің барлығын шілде айына дейін суғаруға мүмкіндік болар еді.
Шардара су қоймасының жалпы ластануы.2011 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда Сырдария (Қызылорда облысы), Бадам, Қатта-Бөген өзені мен Шардара суқоймасындағы су сапасы өзгермеген, ал Сырдария (ОҚО) және Келес өзендерінде жақсарған. Жалпы шардара су қоймасын тазалау әртүрлі дәреже арқылы жүреді.шардара су қоймасы көбіне фенолдармен, сульфаттармен ластанған. Нарын-Сырдария каскады су-энергетикалық кешенiн пайдалану жөнiндегi қызметтердi үйлестiрудi күшейту, су бассейнiнiң әлеуетiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, оңтүстiк аймақты энергиямен қамтамасыз етудi және энергетикалық режимдердi оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Оның жарғылық қорынан Шардара ГЭС-iнiң қаржысын қамтитын мемлекеттiк мүлiктi бөлектеу жолымен "Су қоймалы Шардара ГЭС-i" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен бөлiнген мемлекеттiк мүлiктiң базасында акцияларының жүз проценттiк мемлекеттiк пакетi бар "Шардара ГЭС-i" ашық акционерлiк қоғамын құрсын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компаниясы" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп екi апталық мерзiм iшiнде "Шардара ГЭС-i" акционерлiк қоғамының құрамына берiлетiн объектiлердiң тiзбесiн айқындасын.

Судың өздігінен тазалануы. Өздігінен тазару дегеніміз табиғи физикалық, химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде гидросферадағы ластағыштардың табиғи түрде ыдырауы. Табиғаттағы сулардың өздігінен тазалануы заттардың алмасуы арқылы жүреді. Тұщы сулардың өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін бактериялар, балдырлар және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер және омыртқасыз жануарлар сияқты организмдердің тіршілік процесіндегі әрекеті арқылы жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың міндеті - судағы осы тіршілік қатынастарын сақтап, бірқалыпты ұстау болып табылады. Кез келген су айдыны өзіне ғана тән тірі организмдері, өсімдіктері жіне микроорганизмдері бар күрделі тіршілік жүйесі. Табиғи жағдайда суға бактериялар немесе химиялық қоспалар түсетін болса өздігінен тазалануы тез жүреді де су тазалығы бастапқы таза қалпына келеді. Мұхиттар мен басқа да су қоймалары суының тазалануы планктондардың сүзгіштік қабілеттеріне байланысты келеді. Мысалы, осы планктондар арқылы өздігінен Байкал көлінің жылына 60 км[3] суы тазаланып отырады. Планктондар органикалық, минералдық заттектермен қатар суқоймаларын әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардан да тазалап отырады. Қара теңіз бен Каспий суын табиғи жолмен тазалап отыратын организмдер моллюска-санитар-дрейсен болып табылады. Ол өз денесі арқылы судағы органикалық қалқыма заттектерді өткізіп, өзінің тіршілігіне қажетті элементтерді пайдаланып, минералдандырып қажеті жоғын ерімейтін түрге айналдырып сыртқа шығарады.
Биологиялық фактормен қатар су қоймаларының өздігінен тазалануына физикалық және химиялық факторлар да қатысады. Ластағыш заттектердің мөлшерін төмендетуге қатысты негізгі физикалық факторларға сұйылту, еріту және араластыруды жатқызуға болады. Мысалы, өзеннің қарқынды ағысы қалқыма заттектерді жақсылап араластырып, олардың концентрациясын төмендетеді. Өздігінен тазалану процестері жүргенде ерімейтін заттектер, олардың бетіне жабысқан бактериялар салмақ күшімен су қоймаларының түбіне біртіндеп тұнып отырады, кейін әртүрлі физикалық факторлар әсерінен тіршілігін жояды. Күшті ластанған, жаңа ағыс келіп құймайтын суларда өздігінен тазару процесі ешқашанда болмайды, сондықтан лас суларды таза сумен араластыру өте қажетті жағдайларға жатады. Судың залалсыздандырылуы күннің ультракүлгін сәулесінің күшімен де өтеді. Физикалық факторлардың ішінде су қоймаларына түсетінбактериялар мен вирустардың ұзақ уақыт сақталуына қолайлы әсер тигізетін температуралық фактор. Температураның төмендеуі олардың ұзақ сақталуына жағдай туғызады. Мысалы, жылы жерлерде олар 200-300 м алшақтыққа дейін жайылып жатса, солтүстікте 2000 км жерге дейін өлмей ағып жүре беруі мүмкін.
Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына датәуелді.
Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (куаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі өқрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Су энергетика қорлары -- өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің гидрологиялық режиміне анторпогенді факторлардың әсерін зерттеу
Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
Қазақстанның көлдері мазмұны
Сырдария өзенінің экологиялық мәселелері
ОҚО шардара ауданына тарихи- географиялық және әлеуметтік, экономикалық сипаттама
Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны
Су жүйелер экологиясы
Сырдария өзен аңғарының су ресурстарын қорғау
Шардара ауданының табиғат жағдайлары
Сырдария өзені бойындағы бекеттердің сипаттамасы
Пәндер