Кәсіпорында дайын өнімді өндіру, жөнелту және сату


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ, ЖӨНЕЛТУ ЖӘНЕ САТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

  1. Дайын өнімдер туралы ұғым және оны өндіру . . . 7
  2. Дайын өнімдерді жөнелту және сату . . . 10
  3. Кәсіпорынның технико - экономикалық сипаты және есеп саясаты . . . 14

2 КӘСІПОРЫНДА ДАЙЫН ӨНІМДІ ӨНДІРУ, ЖӨНЕЛТУ ЖӘНЕ САТУ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ . . . 27

2. 1 «Беккер и К» ұйымында дайын өнімдерді өндіру және оның есебі . . . 27

2. 2 Кәсіпорынның дайын өнімді өндіруде шығындарды есептеу әдісі және өзіндік құнына жатқызылуы . . . 34

2. 3 Кәсіпорындағы дайын өнімдер қозғалысының талдамалы және жинақтамалы есебі . . . 41

3 ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ МЕН САТУДЫҢ ТАЛДАУЫ, ІШКІ АУДИТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 50

3. 1 Дайын өнімдерді өндіру мен сатуды талдау . . . 50

3. 2 Дайын өнімді өндіру мен сатудың ішкі аудиті . . . 54

3. 3 Дайын өнімді өндірудегі қызмсеттің экономикалық маңызын арттырудағы жетілдіру жолдарын жүзеге асыру . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 73

ҚОСЫМШАЛАР . . . 75

КІРІСПЕ

Нарықтық жағдайда шаруашылықтанудың жаңа талаптары мен олардың әріқарай дамуы ұйымның экономикалық жұмысының барлық жүйесінің елеулі қайта ұйымдастырылуын талап етті. Кеңес үкіметі кезеңінде ұзақ жылдар бойы отандық ұйымдардың көпшілігі жоспарлау, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдаудан көп тәжірибе жинақтады. Бірақ бұл тәжірибе нарықтық экономика ұстамдарынан едәуір ерекшеленетін, теориялық негіздегі орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында қалыптасты.

Елбасымыз басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізіп, біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі нарықты дамыту жөнінде жасалаған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу қажеттілігіне аса назар аударылды.

Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні тауарды сатуға байланысты саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.

Өндірістік - шаруашылық қызметтің барлық мәселелерін тиісті ақпарат негіздерінде және оларды талдау арқылы, сонымен қатар өндірістік қызмет түрлерін түбегейлі қайта құру арқылы мәселелерді ұйымның өзіне шешуге тура келді. Бірақ, ұйымдық нысандар тұрғысынан кәсіпорындар ішінде бұрынғыдай жоспарлау сақталып қана қоймай, тіпті оның мәні күшейе түсті, бухгалтерлік есеп, сонымен бірге өндірістік-қаржылық қызметті жан-жақты экономикалық талдау да жалғастырылды. Бірақ, олар көпшілік жағдайда айдың соңында жүргізілгендіктен, оның тиімділігі онша жоғары дәрежеде болмады.

Дегенмен де, түбегейлі өзгерістер, ең алдымен бұрынғы жоспарлау, есеп, бақылау және талдау әдістемесінде басқару үшін экономикалық ақпаратты қалыптастыру мен пайдалану жүйесінде қажет болды. Қазіргі жағдайда өндіріс шығындары мен қаржылық нәтижелер туралы ақпараттарды қалыптастырудың, оларды басқарудың жаңа жолдарын құру, жедел талдау үшін алынатын мәліметтердің жеделдігі мен құндылығын арттырудың дәстүрлі емес жүйесін құру - қазіргі шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен бақылауының және талдаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады [1] .

Экономикасы жоғары дамыған елдерде нарық жағдайындағы ұйымның оңтайлы экономикалық жұмысын ұйымдастырудың мол тәжірибесі жинақталған, мұны отандық кәсіпорындардың есеп тәжірибесінде пайдалану өте қажет.

Басқарушылық есеп шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектінің есептік жүйесі, жопарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, соның негізінде ұзақ және қысқа мерзімді уақытқа ұйымның қызметін оңтайландыру мақсатында әртүрлі тиімді басқарушылық шешімдерін жедел қабылдау үшін ақпараттың негізі болып саналады. Себебі бұрын бухгалтерлік қызмет ешқашан жедел және стратегиялық жоспарлау мен бюджеттендіру, жабдықтау, өндіріс пен өнімді өткізуді басқару үшін ақпараттарды дайындаумен айналыспаған. Бірақ, соңғы кезде экономикалық ақпаратты қалыптастырудың компьютерлік жүйесі көп жылдар бойы өндірістік - шаруашылық қызметті жоспарлау, болжау, есепке алу және талдау арасындағы көбіне шартты түрде болатын кедергілерді жойып жіберді.

Қазіргі таңда ет және шұжық өнімдері өнеркәсібінің тұрақты дамуына және осы саладағы өнімдердің сапалылығы мен сұранысқа ие болуына саладағы өндірістің тиімділігіне ұйымдық-технологиялық жетістіктермен қатар, өндіріс шығындарының басқарушылық есебі мен бақылауы және жедел талдауының алатын орны өте айрықша, себебі өндірілген өнім халық сұраны-сына ие болуы жоғарылап, кәсіпорын қызметін табыстылыққа апарады.

Яғни, кәсіпорын қызметін қалыпты ұстап, табысты қызмет көрсетуде дайын өнім есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыруды қарастыру және жетілдіру өзекті болып табылады.

Демек, ол үшін мына қағидаларды ұстану керек:

  • дайын өнімнің бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
  • өзіндік құнын анықтау жолдарын жетілдіру;
  • құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және дайын өнімді есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
  • бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу, компьютерлендіру және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтама-сыз ету;
  • өндірістегі ішкі бақылауды күшейту;
  • жаңа технологиялық құралдарды пайдалану мақсатында есептеу тәсіл-дерін анықтау.

Сонымен қатар дайын өнімді алдағы уақыттарда пайдалану үшін босату мөлшерін және басқа тұлғаларға, қоймаға сақтауға берілетін мөлшерін белгілеп, айналым жолдарын жетілдіріп отыру керек.

Белгіленген тәртіп бойынша дайын өнімнің қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

Осы аталған міндеттерді орындау үшін зерттеу объектісі болып табылатын «Беккер и К» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу және шұжық өндіру технологиялық ерекшеліктеріне қарай жабдықтау-дайындау қызметіндегі, сонымен қатар өндірістік және коммерциялық-сату қызметтеріндегі дайын өнім есепбінің ұйымдастырылу жолдарын, шығындар мен пайданың өзара байланысын, шығындарды төмендету жолдарын қарастыру, жұмсалған шығындарға ішкі бақылау мен жедел талдау ұйымдас-тыруды жетілдіру өзекті мәселелер болып саналады.

Дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты - нарықтық қатынастар жағдайында дайын өнім өндірудегі жүргізілетін бухгалтерлік есеп және оның аудиттеу жолдарын қарастыру мақсатында ет-шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның өндірістік қызметінің есебін ұйымдастыру және оған жүргізілген аудит әдістемесін жетілдіру болып саналады.

Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмен-дегі міндеттер алға қойылды:

- дайын өнімге түсінік және оның кәсіпорын мәні мен маңызын анықтау;

- дайын өнімді өндіру, жөнелту және сатудың теориялық негізінетоқталу;

- ет-шұжық өндірісінің ұйымдық және технологиялық сипатына

байланысты басқарушылық есепті ұйымдастырудың ерекшеліктерін және оның өндірістік қызметтегі рөлін анықтау;

- шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік

қызметіндегі «Шығын-өндіріс-пайданың» өзара байланысын талдаудың нәтижесінде әдістемелік ұсыныстар жасау;

- шұжық өнімдері өндірісінде ішкі шаруашылық бақылау мен жедел

талдау ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесін зерттеп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде дайын өнімдерді өндіру, жөнелту және сатудың теориялық негізде-рі, екінші бөлімінде дайын өнімді өндіру, жөнелту және сату есебінің ұйымдас-тырылуы, ал үшінші бөлімінде дайын өнімдерді өндіру мен сатудың тал-дауы, ішкі аудиті және оны жетілдіру жолдары қарастырылған.

Дипломдық жұмысым 73 беттен, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қоры-тындыдан, пайдаланған әдебиеттен, қосымшалардан 9 кестеден 6 суреттен құралған [1] .

1 ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ, ЖӨНЕЛТУ ЖӘНЕ САТУДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Дайын өнімдер туралы ұғым және оны өндіру

Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандатрпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсіиделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін [2] .

Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасымен есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасы нақты өзіндік құнына дейін жеткі-зеді.

Дайын өнімнің бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып:

  • өніммен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және уақытын-да құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын бақылау;
  • босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып алушылармен уақытында есептесуі;
  • сату мақсатында дайын өнімдердің нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары табылады.

Тауар өнімінің құрамына:

1) Дайын бұйым (өнім), толық өңделген, бекітілген техникалық жағдай-лар мен стандарттарға сәйкес, кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылданып, қоймаға тапсырылған немесе осы өнімге белгіленген қабылдау тәртібіне сай тапсырыс берушімен қабылданған;

2) Жартылай фабрикаттар, сатуға арналған және сатылған;

3) Өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс, шетте жасалған құралдар кіреді.

Өндірістік кәсіпорындарда және бірлестіктерде (комбинаттарда) жасалатын өндірістік процестің маңызды материалдық нәтижесі - өнім болып табылады. Оның көлемінің, технико-экономикалық сипатының және тұтыну-шылық қасиетін артуы экономиканың әріқарай дамуын және халық тұрмысы-ның көтерілуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның негізгі цехтарымен шығарылған және басқа сатып алушы-ларға, сонымен қатар өзінің өнеркәсіптік шаруашылығына және меншіктік капиталдық құрылысына сатуға арналған дайын бұйымдар өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.

Технологияық процестердің барлық кезеңдерінен өткен бұйымдар дайын өнім болып саналады. Олар барлық тиісті құрал саймандар және бөлшектермен жабдықталған, уәкілетті техникалық бақылау бөлімшесімен тексерілген және қабылданған, бекітілген стандарттарға сай екендігін куәләндыратын сертифи-кат немесе басқа да құжаттармен жабдықталған.

Әдетте, дайын өнім құрамына көрсетілген талаптарға сай болатын бұйым-дар кіргізілуі мүмкін, егер оларға жүкқұжат (накладной) толтырып сату бөлімінің қоймасына тапсырылса. Жүкқұжатта: өнімнің аты, өлшем бірлігі, өнімнің саны, бағасы, соммасы жазылады. Бірақта ережеден тыс жағдайлар да болады.

Кейбір химиялық өнімдерді олардың өндірісі аяқталғасын цехтан тыс жекелеген қоймаларға апармай-ақ, оларды сатып алушыларға босатқанға дейін цех қоймаларында сақтаған дұрыс. Өнімнің басқа да ерекшеліктері болады, осы ерекшеліктеріне байланысты оларды жеке қоймаларға босату мүмкін емес болады. Осындай жағдайларда бұйымдар дайын өнімнің құрамына техникалық бақылау бөлімі және сату бөлімі қабылдаған кезден жазылады.

Екінші жағынан, өнімдерді қоймаға өткізгеннен кейін өнімдерді әр қашан дайын деп есептей бермейді. Мысалы, егер стандарттар немесе техникалық жағдайлар өнімдерді қорапта болу керек деп есептесе, онда олар қорапта болғаннан кейін ғана дайын болып есептеледі, тіпті қораптау цехта емес қоймада болсада [2] .

Дайын өнімдерді өнім құрамына қосу үшін оларды цехтан қоймаға босату уақытыда маңызды. Есепті айда дайын өнім құрамына тек осы айдың соңғы күнінде 24 сағатқа дейін босатылған бұйымдар ғана жатады. Егер екінші (немесе үшінші) смена графикке сай жұмысын 24 сағатқа кейін аяқтаса, онда бұйым дайын өнімнің қатарына қосылады оларды келесі күннің таңғы сағат 8-ге дейін қоймаға тапсырса.

Бұл мерзімдер басқа жағадайларға да қатысты, көрсетілген мерзімдерде өнімдерді қораптаса немесе сатып алушыларға босатқанда дайын өнім құрамы-на жатқызылады.

Өнеркәсіптік өнім құрамының екінші элементі жартылай фабрикаттар жә-не сатып алушыларға, өзіндік өнеркәсіптік шаруашылығына немесе меншіктік капиталдық құрылыс үшін босатылған өнеркәсіптік типтегі көмекші және қосалқы цехтардың (өндіріс) өнімдері болып табылады. Олар дайын өнім қатарына босатылған сәттен уақытына қарамастан қосыла береді.

Өнеркәсіптің кейбір салаларында дайын өнімнің құрамына осы кәсіпо-рынның басқа негізгі цехтарында әрі қарай өңделуіне (қайта өнделуіне) арнал-ған өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары да жатады. Тоқыма өнеркәсі-біндегі кәсіпорындарында жуылған жүн осы болып табылады, ол кейіннен жіп өндіруге қолданады, осы жіптен ақырғы өнім болып табылатын дайын мата жасалады.

Өнеркәсіптік өнім құрамының үшінші элементі - бұл өнеркәсіптік сипат-тағы жұмыс.

Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.

Бұл есептің мақсаты сатып алушыларына қатысты кәсіпорын өзінің келісім-шарт міндеттемелерін және өнім өндірудің өндірістік бағдарламасын орындауды бақылау болып табылады. Сонымен қатар, есептің көмегімен кәсіпорынның қоймасындағы өнімдердің қолда бары, оның қабылданған қор нормасына сәйкестігі (құралдардың айналымын жеделдету үшін қажет), сату бөліміндегі тауарлардың көлемінің жеткіліктілігі, қоймадағы және сатып алушыға жөнелтілген тауарлардың сақталуы бақыланады. Босатылу және саты-лу операцияларының есебі сатып алушылар төлемдерінің уақытылы түсуін және сату барысында шығындар пайда болатын өткізу сферасындағы үнемдеу тәртібін қадағалау мақсатын көздейді.

ЖШС «Беккер и К» сыра өнімдерін тек 1 литр және 5 литрлік көлемде ғана шығарады, яғни ассортименттік саясатты өз деңгейінде жүргізбей отыр. Тұтынушылардың сұранысының негізгі көрсеткіштері бойынша қана-ғаттандыру арқылы өнім ассортиментін ұлғайтып отыр. Бұл кәсіпорынның жүргізген сауалнама нәтижесі тұтынушылардың көпшілігінің 0, 5-1 литр және 1-1, 5 литр көлемдегі өнімге сұранысы жоғары екендігін көрсетті.

Сурет 1 -ЖШС «Беккер и К» өнімін тұтынушылар нарығын сегменттеу

Өнімді өндіру, босату және сату бойынша дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін кәсіпорынның басқару органдары қажетті ақпаратты уақытылы алып отыру қажет. Мысалы, өнім өндіру жөніндегі күнделікті хабар тәуліктік тапсырманың және айлық өндірістік бағдарламаның орындалғанын тұрақты түрде бақылап отыруына және жоспардан ауытқып кеткен жағдайда қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Қоймадағы өнімнің қалдығы туралы мәлімет кәсіпорынның күнделікті потенциалды мүмкіндігі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Босатылған өнімнің қалдығы туралы мәлімет өнімнің сатылуын болжау үшін, кәсіпорынның пайдасына оның әсерін болжау үшін, және де осы маңызды көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу жолын болжау үшін қажет [2] .

Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру көзі ретінде де есеп ақпараты өте маңызды.

Есеп ақпаратын алуды ұйымдастырушы және оның қалыптасу тәртібін орындаушы кәсіпорын бухгалтериясы болып табылады. Оның өнімді шығару, босату және сатуды бақылау бойынша негізгі міндеттері келесілер:

  • өнім қозғалысын уақытылы құжатты толтыруын қамтамасыз ету - оның қоймаға түсуі (өндірістен шығуы) және сатып алушыларға жөнелтуі;
  • материалды-жауапты тұлғамен өнімді толық және уақытылы қабыл-дануын және оның сақталуын, сонымен қатар бекітілген нормативтерге оның запастарының сай болуын бақылау;
  • келісім-шарттарды орындаудың нақты тәртібін, сатып алушыларға өнімді жөнелтудің, өнімнің сапасы мен ассортименті, оның босатылу мерзімін ұйымдастыру. (Осы оперативті есепті жүргізуді негізінен сату бөліміне жүктейді) ;
  • өнімді сатып алушылардан төлемнің уақытында түсуін бақылау және төлем құжаттарын толтыру;
  • ағымдағы есеп тіркемелерінде және бухгалтерлік шот жүйелерінде өнімді өндіру, босату және сату операцияларын жазу;
  • өнімді сатумен байланысты өндірістік шығындарды белгілеу және олардың шамасы мен құрамын бақыла
  • өнімді сату жоспарын орындауды бақылау;
  • кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін дайындау немесе олар-ды есептеу ақпараттары.

1. 2 Дайын өнімдерді жөнелту және сату

Кәсіпорындағы өндірілген өнім дайын болуына байланысты өткізілуге және сатуға дайындалады. Дайын өнімді сатып-өткізу бойынша іс-шаралар атқарылуы тиіс.

Ондай іс-шараларға алдын ала тапсырыс алу немесе тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, сатып-өткізу бойынша келісім-шарт жасау немесе мәмілеге келу болып табылады.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге сатып-өткізу үшін дайын өнімнің талаптары келісім негізінде орындалуы тиіс.

Сату үшін арналған дайын өнім - тауар болып табылады. Тауардың мен-шік қүқығын сатып алушыға берген жағдайда, мәміле бойынша нақты немесе күтілетін шығындарды бағалау жоғары дэрежедегі анықтықпен жүзеге асқан кезде, тауарды сатудан түскен табыс танылады.

Сатушыдан сатып алушыға тауарға меншік құқығы тауарды берген тура-лы фактіні дәлелдейтін кұжатты толтырған кезде өтеді. Қазақстан Республика-сының Азаматтық Кодексінің 239-бабына сәйкес, тауарды тапсыру, оны тұты-нушыға берген кезде, көліктік ұйым немесе байланыс органдарына тапсыруды айтамыз. Тауарды тапсырумен бірге кономасент немесе жіберу (тиеу) фактісін дәлелдейтін басқа да құжат та берілуі тиіс.

Егер сатушы өзінің меншік иесі ретінде тауарға деген құқы мен міндеттемелерін сақтайтын болса, онда мәміле сату болып табылмайды және табыс есептелмейді [3] .

Сатып алушыға меншік құқығы мынадай жағдайларда берілмейді:

  • кепілмен (гарантия) қамтамасыз етілмеген мәміле шарттарын қанағат-сыз орындалуына байланысты, субъект міндеттемелерді сақтайды (тауарды қалыпты жұмысы барысында кепіл мерзімі ішінде жарамсыз болып қалды және ауыстырылуы керек, мысалы, тоңазытқыш, кір жуу машина бір жыл кепіл мерзімі бола түрса да, бір ай көлемінде жарамсыз болып қалды) ;
  • келісім-шартта көзделген себептерге байланысты сатып алушы тауарды сатып алудан бас тартуға құқы бар және сатушы тауардың қайтарылып беретініне күмән білдіреді (эксперименталды құрал-жабдықтарды сатқанда) .

Мәмілеге байланысты нақты және күтілетін шығындарды бағалау жоғары дәрежедегі анықтықпен жүзеге асады, себебі келісім - шартта тауардың құны көрсетіледі және жабдықтаушының станциясына дейінгі тасымалдау шығын-дары бекітілген тарифтер бойынша көліктік ұйымдардың құжатымен растала-ды.

Тауарларды сату барысында мынадай мәмілелер түрі жүргізілуі мүмкін: тауарды жіберу кідіріспен болатын мәміле. Мұндай мәміле түріне сәйкес, сатып алушыға тауар, меншік құқығымен беріледі, бірақ оның жабдықтаушы қоймасынан босатылуы белгілі бір уақытқа тоқталады. Мұндай мәміле бойын-ша табыс, сатып алушыға тауардың меншік құқығын беру моментінде келесідей шарттарды сақтаған кезде танылады: жабдықтаушының тауарды жеткізіп беруі (босатылуы) келісім - шартта көрсетілген мерзімде болу; жабдықтаушыда сатып алушыға жіберуге (босатуға) тауарлар бар, сатылған тауарларды жеткізіп беру құны төленуі тиіс немесе дайын өнімді алғаннан соң төлеуі керек.

Кейінге қалдырылған сату. Кейінге қалдырылған сату - тауарды босату (тиеу), тек сатып алушының жартылай төлем түрінде есеп айырысқан жағдайда ғана жүргізіледі. Мұндай жағдайда сатып алушыға тауар жеткізілгеннен (берілгеннен) кейін ғана табыс танылады. Бірақ, егер тауардың көп бөлігі сатылған жағдайда және оған төлем алдын ала алынған кезде, қоймадағы тауар сатып алушыға жіберілуге (босатылуға) дайын болса, онда табыс танылады.

Жұмыстар мен қызметтерді сату. Егер есепті датаға мәміленің аяқталу стадиясы жоғары дэрежеден анықтықпен анықталса, мәміле барысында және мәмілені аяқтау үшін қажетті шығындар жоғары дәрежедегі анықтықпен бағаланса, онда жұмыс тар мен қызметтерді сатудан түскен табыс танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дайын өнім және оларды бағалау әдістері
Дайын өнім термині кең мағынада компанияның шаруашылық қызметін байқауға мүмкіндік беретін есептік жазбалардың жиынтығы
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Сатып алынған жартылай фабрикаттар
Сатып алу процессіндегі ішкі аудиттің әдістемесі
КӘСІПОРЫН ТАУАР ӨНДІРУШІ РЕТІНДЕ
Тауарлар және дайын өнім есебі
Кәсіпорынның логистикалық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Маркетинг қызметінің саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz