Таспа құрттар класы



Кіріспе:
ТАспа құрттардың жалпы сипаттамасы.
Негізгі бөлім:
1. Құрылысы мен физиологиясы.
2. Зәр шығару жүйесі.
3. Қан айналым және тыныс алу жүйесі.
4. Дамуы.
Қорытынды:
Классификациясы.
Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырық бейімделген.Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді,жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады,ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың,адамның ішегінде тіршілік етсе ,личинкалары омыртқысыз және омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелерінде жіне дене қуысында тіршілік етеді.Түрлері 3000-нан астам.Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп аталады.
1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.
2. ↑ Қазақ энциклопедиясы
3. ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Таспа құрттар класы-CESTODA

Жоспар:
Кіріспе:
ТАспа құрттардың жалпы сипаттамасы.
Негізгі бөлім:
1. Құрылысы мен физиологиясы.
2. Зәр шығару жүйесі.
3. Қан айналым және тыныс алу жүйесі.
4. Дамуы.
Қорытынды:
Классификациясы.

Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырық бейімделген.Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді,жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады,ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың,адамның ішегінде тіршілік етсе ,личинкалары омыртқысыз және омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелерінде жіне дене қуысында тіршілік етеді.Түрлері 3000-нан астам.Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп аталады.
Құрылысы мен физиологиясы.Денесі барынша созылыңқы,арқа-құрсақ бағытында жалпайып келген,лента тәрізді, ұзындығы 1мм-ден 10-15 м-ге дейін.Көбіне денелері прогдоттидтердің тізбегі стробила делінеді.Кецбір түрлерінің денесі тұтас бөлінбеген.Денесінің алдынғы ұшында сколекс деп аталатын басы болады,одан бөлшектенбеген мойыны және бір қатар буындар тіркесіп созылып жатады.Олардың саны 2-3-тен бірнеше мыңға жетеді.Буындардың немесе проглоттидтердің пішіні мойнынан қашықтаған сайын өзгере береді.Алдыңғы буындары қысқа,гермафроидтті немесе пісіп жетілмеген буындары деп аталады,артқы жағындағы буындары ұзынырақ,жалпақтау-пісіп жетілген буындар.Олар құрттың денесінен үзіліп нәжіспен бірге сыртқа шығарылып тұрады,ал үзілген буынның орнына келесі буындар жетіледі,себебі мойын бөлімінен үздіксіз жаңа буындар түзіліп,олар артқа қарай ығысып,пісіп жетіліп тұрады.Таспа құрттардың тері жабындысы тремотодтар мен моногенияларға ұқсас боладв,тек тегументтің сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының бетінде көптеген кірпікшелі өсінділері бар.Кірпікшелі өсінділері - микротрихиялар деп аталатын.өте ұсақ ,тек электронды микроскоп арқылы көрінеді,құрттың коректенуіне маңызды қызмет атқарады.
Зәр шығару жүйесі-протонефридиялы.Денесінің бүйір жағынан ұзына бойына созылған екі негізгі зәр щығару түтіктері өтеді.Түтік дененің артқы жақ шетінен басталып алдыңңғы жағына қарай бағытталады.Бас бөліиге жеткен түтік қайта кері бағытта артқы жақа жетіп ,зір шығару саңылауымен аяқталады.Зір шығару жүйксіндегі бүйірлй түтіктерден дене ішіне қарай көптеген түтікшелер тарап ,олар бос ұшында жұлдыз тәрізді кірпікше жалынды терминальды клеткалармен аяқталады.Терминальды клеткалар арқылы жиналған несеп заттар түтікшелерге өтіп,негізгі түтіктер арқылы сыртқа шығарылады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробтв жолымен тыныс алады.
Нерв жүйесі ,сезім мүшелері нашар дамыған.Орталық жүйке жүйесі жұп ми түйінінен тұрады.Бұл екі түйін бас бөлімінде орналасып ,өзінен артқа қарай бірнеше жұп нерв бағаналарын таратады.Бағаналап өзара көлденең байланасып ,ортогонды нерв жүйесін құрайды.Ерекше дамыған екі бағана дененің бүйірінен өтіп ,өзінің көптеген тармақтарды бөледі,олар өзара тұтасып тері асты нерв қабатын түзеді.Сезім мүшелері дененің беткі жағында сезу клеткалары түрінде шашырап таралған.Көп мүшелерде олпр бас бөлімінде кездеседі.
Дамуы. Адамның ішегінен нәжіспен бірге сыртқы ортаға шыққан пісіп жетілген буындар шіріп ,ішіндегі жұмвртқалары топыраққа түседі.Дамуы үшін жұмыртқа аралыі иесіне енуі қажет.Өгіз солиттерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр.Олпрдың ішіне түскен жұмыртқадан онкосфера деп аталатын алты ілмешегі бар ұрық шығады.Осы ілмешектерімен онкосфера ішек қабырғасын тесіп,лимфа және қан жүйесіне түседі.Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі мүшелерге әсіресе бауырға,бұлшықеттерге ,өкпеге,кейде миға жетеді.Осы мүшелерге ұрық-онкосфера мина деп аталатын личинка сатысына айналады.Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік,оның ішінде төрт сорғышы бар басы болады.Осындай личинканы цистицерк деп те атайды.Личинка арқылы иесінде бірінеше жыл өмір сүре алады.Финна ересек қажет.Финнозбен ауырған сиырдың толық қуырылмыған немесе пісірілмеген етін жеген адамның ішіне түскен финна басын шығарып,сорғыштары арқылы ішекке жабысады.Көпіршігі еріп,қалған басы мойнымен бірге жедел қсе бастайды да,мойны жаңа буындарды түзеп,денесі ұзарады.
Сонымен,Taeniarhynchys saginatus-тың тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы және күрделі құрылысты онкосфераның финнаға ,финнаның таспа тәрізді ересек түрге ауысуымен байланысты. Таспа Құрттар, цестодтар (лат. Cestoda) - жалпақ құрттардың бір класы.Ересектері адам мен омыртқалы жануарлардың ішегінде, дернәсілдері омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішкі органдары мен дене қуысында паразитті тіршілік етеді. Жер шарында кең тараған 9 отряды, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі таспа тәрізді созылған, бірнеше мм-ден 20 м-ге дейін жетеді. Денесінің алдыңғы ұшында басы (сколекс), иесіне жабысатын мүшелері (сорғыш түтікшелері, ұзын қысқыш аппараты, ілмектері, тұмсықтары, т.б.), бөлшектенбеген мойны, бунақтардан құралған денесі (стробила) және бір қатар буындар (проглоттидтер) болады. Таспа Құрттарда ішек болмайды, денесін кірпікшелі өсінділер (микротрихиялар) жапқан. Олар құрттың қоректенуінде маңызды қызмет атқарады, ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады. Жүйке жүйесі, сезім органдары нашар дамыған.
Таспа құрттар - гермафродиттер. Дамуы өте күрделі, өсіп-өнуі кезінде иелерін алмастыру сияқты ерекшеліктері бар. Таспа Құрттардың кейбір түрі жылына 600 млн-нан астам жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 6 ілмешегі бар онкосфера және корацидий деп аталатын дернәсілдер жетіледі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі органдарға өтіп, осы органдарда ұрық - онкосфера финна деп аталатын дернәсіл сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде 4 сорғышы бар басы болады, мұны цистицерк деп атайды. Дернәсіл аралық иеде бірнеше жыл өмір сүреді. Финна түпкі иесі - адамның ішегіне түскенде ересек құртқа айналады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер туралы
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ РLАТОDES
Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы, сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Ішек құрттар немесе гельминттер
Жалпақ құрттар туралы
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер
“Зоология” курсының кіріспесі
Таспа құрттар
Ересек құрттың дене ұзындығы
Паразитологиялық тексеру әдістері
Пәндер