Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінге әлемнің көптеген елдері мен аймақтарында орын алып отырған азық - түлік жетіспеушілігі әлемдік қоғамдастықтан агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту арқылы азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары мен жолдарын қарастыруды талап өтуде. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстанда мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары әлеуетті, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәні жоғары негізгі салалардың бірі болып саналады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар, билік орындары қабылдаған нормативтік - құқықтық актілер мен басқа да іс-шаралар тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабылеттілігін арттыруға шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат . Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа әрі тиімді механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен қырылымында үш сфераны ажыратады: бірінші - ауыл шаруашылығы, тамақ және ет - сүт өнеркәсібін, дайындау жүйесін өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ететін өнеркәсіптік салалар жиынтығы; екінші - ауыл шаруашылығың тікелей өзі (егін, мал және орман шаруашылықтары) ; үшінші ауыл шаруашылығы шикізатын дайындауды, тасымалдауды, сақтауды және өңдеп, ұқсатуды қамтамасыз ететін салалар мен өндірістер жиынтығы.
Қазақстандағы аграрлық реформа барысында А. Ө. К. -тің ұйымдастыру-экономикалық, қаржылық және құқықтық жағдайлары түбегейлі өзгертілді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру құқықтық формаларын, өзінің өндірістік -қаржылық қызметін жоспарлауды, өндірілген өнім мен табысты пайдалануды, өткізілетін өнімге баға тағайындауды таңдауда дербес құқыққа ие болды.
Аграрлық реформаның мәні, ол - меншік қатынастарын өзгерту және соның негізінде ел экономикасында көп салалы аграрлық секторды қалыптастыру болып табылады. Заманауи ғылым мен практика шаруашылық жүргізудің талаптарға сай жолдарын ұсынады. Бүгінгі таңдағы аграрлық секторға қойылатын талаптар келесі концепция нұсқаулықтарымен байланысты болса керек. Олар :
- мемлекеттік мақсатты бағдарламалар ресурстық мүмкіндіктердің шектеулілігіне сәйкес А. Ө. К. дамуының басым бағыттары бойынша қабылдануы тиіс; осыған байланысты ішкі резервтерді мейлінше пайдалануға үлкен мән беріледі, сондай-ақ А. Ө. К -тің ішкі экономикалық қатыстарын жетілдіруге, яғни тік және көлбеу байланыстағы құрылымдарды жасауға назар аударылуы қажет, ауыл шаруашылығы тек экономика секторы ғана емес, сонымен қатар қоғам өмірінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы керек, сондықтан ол мемлекеттік саясаттың объектісі болуы тиіс;
- ауыл шаруашылығы мен азық-түлік рыноктарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі бар, себебі тиімді құрал ретіндегі реттеу іс-әрекеттерінен аталмыш сала шаруашылығының нәтижесі белгілі болады.
Рыноктық механизмдер отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау саясатын толықтыруы қажет.
Агроөнеркәсіптік кешенді өркендетуде өзіндік өндірістік мүмкіндіктерге басымдықтар беріледі.
Бұл отандық азық-түлік рыногын қалыптастырудың негізгі шарты. Есептеулер көрсеткендей жақын онжылықта отандық өнім шығару есебінен ет, құс, сүт, жұмыртқа, картоп және көкөніс өнімдері бойынша ішкі тұтынуды қанағаттандыруға мол мамандандырылған аймақтар кешендер ұйымдастырылуда.
Қазақстан Республикасы үкіметі өндеуші, ұқсатушы өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық қайта жарақтандыруда материалдық, қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Мұнын өзі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетіндігі анық . Сондықтан аграрлық саяси ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандырып, жоғарылату ісіне қызмет көрсетуі тиіс.
Қазіргі дамыған елдердің барлығында дерлік ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды сферасы ретінде мемлекеттің қолдау объектісі болып отыр. Өндірістің бұл саласындағы басты қағида еркін рынок жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс арақатынасын белсенді мемлекеттік реттеумен толықтыруда болса керек.
Батыс елдерінде мемлекет ең маңызды деген ауыл шаруашылық өнімдеріне минималды бағалар тағайындайды және оны қайта қарап отырады. Осындай әрекеттер арқылы өндірушілер бағаның тым төмендеп кетуінен қорғалады. Аграрлық саясатты жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. А. Ө. К-ті рыноктық экономика жағдайында реттеу лөпқырылды мәселе болып табылады.
Сонымен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу- бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіру, өндеу және өткізу, сондай-ақ аграрлық секторды өндірістік-техникалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістер арқылы әсері болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің реттеуші қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
- Заңнамалық база жасау, реттеуді құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеу монополдық құрылымдарың теріс әсерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Қазақстанда аграрлық рформа жүргізу барысында мейлінше монополданған ресурстық, шикізаттық, азық-түлік рыноктары қалыптасты. А. Ө. К-пен шектес салалардың монополизмі, делдалдардың көптігі бағалар диспаритетін туындатып, ауыл шаруашылығында жасалған жалпы табысты монополистер мен делдалдардың пайдасына қайта бөліп, А. Ө. К. -тің негізгі саласындағы ұдайы өндіріске кедергі келтірді.
- Аграрлық рыноктардың барлығында бәсекелік орта қалыптастыру. Мұның өзі А. Ө. К. -тің түпкі табысын оның барлық буындарының шығындарына сәйкес қайта бөлуге көмектеседі. Бұған қоса баға теңсіздігін жою үшін энергетикалық кешен, көлік, байланыс кәсіпорындарының қызметін реттеуде мемлекет-рөлін лүшейте түсетін заңнамалық негіз қажет.
- Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, тауар өндірушілерді рынок шарттарына бейімдеу жағдайларын жасауды қолдау. Осыған байланысты мемлекеттік реттеудің маңызды қызметіне тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттарына орнықты сұранысты қолдау жатады. Мемлекет А. Ө. К. өнімдеріне, мемлекеттік тапсырысқа қажетті баға жүйесін реттеу арқылы халықтың табысын қалыптастырыға әсер етіп, тұрғындардың төлем қабілеті бар сұранысын түзуге жәрдемдеседі.
- Ақылға қонымды протекционизм саясатын жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кедендік тарифтер, импорттық азық-түлік тауарларына салықтар көмегімен жүзеге асады.
- Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау. А. Ө. К. -тің біріккен кәсіпорындарын құру, озық техника мен технологияны импорттауды қолдау мақсатында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепелдіктер беру.
- А. Ө. К. - проблемалары бойынша шешуші ғылыми бағыттарды қаржыландыру, әлемдегі стандарттарға сай жаңа технологияларды жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.
Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу бірқатар экономикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Бұлардың ішінде бағаның рөлі ерекше. Баға - рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бағаларды ырықтандыру ұсынысты да; сұранысты да қысқартты және бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатты. А. Ө. К-тің негізгі баға жасаушы буындары бойынша бағалар теңсіздігін реттеу қажеттілігі туып отыр. Бұл диспаритеттер : энергосатушылар - транспорттық тарифтер- А. Ө. К. үшін машина жасау саларының өнімі - ауыл үшін қызмет көрсету - ауыл шаруашылығы шикізаты - өңдеу, тамақ өнімдері саудасы тізбесі бойынша реттелуі тиіс.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты агроөнеркәсіптік кешеннің бүгінді жағдайы мен өзекті мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның нарықтық қатынас жағдайындағы құрылымдық өзгерістері және іс-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады. Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- ауыл шаруашылығы саласы агроөнеркәсіптік кешеннің ең негізгі құрамды бөлігі ретінде зерттеледі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік реттеудің рөлі айқындалады;
- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғышарты ретінде зерттеледі, оның қазіргі жағдайына ғылыми-теориялық тұрғыда баға беріледі, саланың бәсекеге қабылеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен құқықтық құралдар зерттеленіп, оны Қазақстан Республикасында қолдану ерекшеліктері сараланады.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Республиканың, ішінары аймақтар мен облыстардың агроөнеркәсіптік кешені мен оның жекелеген салалары диплом жұмысының объектісі болып табылады.
Диплом жұмысының зерттеу пәні. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары, оны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері және аграрлық саладағы экономикалық қатынастар диплом жұмысының зерттеу пәні болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Ауыл шаруашылығы экономикасының бірден-бір ерекшелігі ретінде оның жермен тікелей байланыстылығын ескеретін болсақ, онда тақырыптың зерттелінуі ежелден басталады деген пікір айтуға толық негіз бар. Бұл тұжырымды экономикалық ілімдер тарихынан белгілі физиократтар мемкебінің «Байлықтың көзі -жер» деген пікірі дәлелдей түспек. Ауыл шаруашалағы экономикасын КСРО-да 20-30 жылдарда А. В. Чаянов, Н. Д. Кондратьев зерттесе, кейінгі жылдары Л. И. Абалкин, В. Ф. Башмачников, А. Г. Аганбегян, П. Г. Галузо, С. В. Кисилев, А. Е. Булатов, О. К Ястребова, И. Н. Буздалов, М. Д. Мацкуляк, Е. В. Серова түбегейлі зерттеп келеді. Одан өзге ауыл шаруашылығының салалық және салаішілік мәселелері отандық экономист-ғалымдар Ғ. А. Калиевтің, С. С. Сатыбалдинның, Я. Ә. Әубәкіровтың, Р. Ю. Куватовтың, Д. К. Кабдиевтің, Е. Б Жатқанбаевтың, Н. К Мамыровтың, А. Ф. Дебердеевтың, Т. И. Есболовтың, Р. К Жоламанның, Р. Р. Аутовтың, А. Қ Қожановтың, Ж. О. Ихдановтың, С. Н. Нысанбаевтың, Ө. Қ Шеденовтың. Қ. Е Кубаевтың, М. Кемельдың, Л. А Бимендиеваның, Ж. Я. Әубәкірованың зерттеу еңбектеріне арқау болып келеді.
Диплом жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Ауыл шаруашылығы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар мен пактілер, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрліктерінің материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау әдісі қолданылады.
Диплом жұмысының теориялық және іс-тәжірбелік маңыздылығы. Диплом жұмысында қол жеткізілген қорытындылар мен нәтижелерді, сондай-ақ ғылыми тұжырымдарды іс-тәжірибеде сынақ ретінде қолдануға болады.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар.
- агроөнеркәсіптік кешеннің теориялық мәні мен мазмұны;
- астық рыногын Қазақстанның басты экспорттық әлеуетті ретінде дамыту жолдары;
- елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі агроөнеркәсіпік кешеннің рөлі;
- агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы кластерлік жүйенің орны.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшылардан (слайдтар) . тұрады. Бірінші бөлімде агроөнеркәсіптік кешеннің теориялық аспектілері мен оны бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен оларды отандық АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолданудың өзекті мәселелеріне және Қазақстан АӨК-нің қазіргі жағдайы мен аграрлық саланы дамытудағы кластрелік жүйенің рөлін зерттеуге арналған.
1. Агроөнеркәсіптік кешеннің теориялық аспектілері және оны мемлекеттік реттеу мәселелері
- Агроөнеркәсіптік кешеннің түсінігі, қағидалары мен құрылымдық ерекшіліктері
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігің арттырудағы аса маңызды сала - аграрлық тиімділігін арттыру болып табылатыны баршаға мәлім. Бүгінде Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға жатқан тұста бұл мәселенің өзектілігі арта түседі. Алайда, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселерін талдамас бұрын, оның теориялық аспектілерін негіздеп алған жөн.
Кіріспеде көрсетілгендей агроөнеркәсіптік кешенді зерттеумен көптеген отандық және шетелдік ғалымдар айналасып келеді. Олардың зерттеу еңбектері әр түрлі бағытта болғанымен, жалпы тұжырымдары, байламдары мен ғылыми пікірлері бір ортақ арнада тоғысып жатады. Алайда, агроөнеркәсіптік кешен ғылыми-теориялық тұрғыдан алғанда әлі де толық зерттеуді қажет етеді. Агроөнеркәсіптік кешенді теориялық тұрғыда зерттеуді оған берілген анықтамалардан бастасақ, бұл саладағы ғылыми қөзқарастар да әр түрлі бағытта өрбиді. Мысалы, «Экономикалық теория» оқу құралында «Азық-түлік және ауыл шаруашалық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол агроөнеркәсіптік кешен деп аталады. Ал осы өнімнің аз бөлігі ғана тұтынушыға таза түрінде жететді де көп бөлігі техникалық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылық өндірісі оңашаланған өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналады. Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады. Бұған қоса, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыны заттарын өндіретін саладан, көбінесе өндіріс құралдарын өндіретін салаға айналады. Ғалымдардың бір тобы агроөнеркәсіптік кешенді жалпы ауыл шаруашылығы экономикасының құрылымында қарастырса, енді бірі керісінше ауыл шаруашылығын агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымында қарастыру керек деген пікірді алға тартады. Әрине, қалай алып қарасақ та бұл екі сала бір-бірімен өте тығыз байланысты әрі бір-бірінің толықтырушы құрамды бөлігі іспетті көрінеді. 70-жылдардың ортасында отандық ауыл шаруашылығы ғылымында ауыл шаруашалығын аралас салалармен бір кешенде зерттеп дами бастады. Тиісінше, «агроөнеркәсіптік кешен» түсінігі пайда болып, ғылыми және іс-тәжірибелік қолданысқа еніп кетті. АӨК-нің қалыптасуы және егіншіліктің өнеркәсіптік агрономияға айналуы, капиталдың ауыл шаруашылығына тартылуына жол ашып отыр, ірі капитал АӨК-нің барлық төрт сферасын қамтыған агробизнес жүйесі қалыптасып отыр. Мұнда басты рөлді қаржы-өнеркәсіптік топтар атқарады. Агробизнес жүйесі арқылы, капиталдың жалпы айналасына, еңбектік жеке меншікке негізілген шаруашылық қожалықтары тартылып отыр. Алайда, Батыста біздің қолданыстағы агроөнеркәсіптік кешен түсінігін «агробизнес» деп қабылдайды. Бұл пікірмен толық келісуге болмайды. Себебі, агробизнеске қарағанда, агроөнеркәсіптік кешеннің ауқымы анағұрлым кең. Агробизнес- жалпы бизнестің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен және тұтынушыға жеткізумен айналасатын бөлігі. Агробизнесте жүйесінде көбінесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындары болады. Агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығынан ерешелігі оның құрылымда деп айтуға болады. Агроөнеркәсіптік кешеннің үш саласы-қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналасатын салалар кешені. Көптеген экономист аграршы-ғалымдардың еңбектерін саралай келе, Т. И. Есполовтың анықтамасын агроөнеркәсіптік кешеннің мәні мен мазмұнын барынша ашатын, әрі оның экономикалық табиғатына сай келетін анықтама ретінде тануға болатынына көз жеткіземіз.
Агроөнеркәсіптік кешен - бұл халық шаруашылығынның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен қайта өңдеумен, және тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалар жиынтығы.
Осыдан кейін ауыл шаруашылығы саласын тұтас агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымда қарастыратын ұстанымға қосылуға болады. Себебі, бұл жерде ауыл шаруашылығы саласының ауқымы кең емес. Ол екі салаішілік құрылымнан тұрады : мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Ал, агроөнерәсіптік кешеннің ауқымы анағұрлым кең болып келеді. Мұнда ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің ең негізгі құрамды бөлігі болып табылады, яғни ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің болуы мүмкін емес. Сондықтан агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы саласын өзара тығыз байланысты зерттеу ғылыми-теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік тұрғыдан алғанда орынды саналады.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы үш негізгі салаларды біріктіретінін жоғарыда айтып өттік. Сәйкесінше, агроөнеркәсіптік кешендегі өнім өндіру үдерісі келесі тізбек бойынша жүзеге асады: ( 1-сурет)
Агроөнеркәсіптік кешен
I II III
Cурет 1. Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы [4, 15б]
Бірінші салаға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаулың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кешені кіреді.
Екінші саланы ауыл шаруашылық өндірісің салалары - егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру секілді салалар кешені құрайды.
Үшінші сала ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеу мен өткізуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді жекелеген сфераларға бөлу үдерісінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіптік кешеннің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рационалды арақатынасынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының кажеттілігінде жатыр. Қазақстанда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының басты себебі, ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түліктің көп шығынға ұшырауы болып табылады. АӨК-нің пайда болуы мен дамуы өндіргіш күштер дамуының жоғары деңгейі, қоғамдық еңбек бөлінісі, ауыл шаруашылығының халық шаруашылығының басқа сфераларымен байланысының кеңеюі секілді агроөнеркәсіптік интеграцияның дамуымен байланысты. Агроөнеркәсіптік интеграция дамыған нарықтық экономиканың сипатты белгісі болып табылады. Агроөнеркәсіптік интеграция ретінде техникалық прогрестің ауыл шаруашылығың дамуына әсер ету үдерісі түсініледі. Ол өнеркәсіптік өндірістің ауыл шаруашылығымен ұйымдық-техникалық интеграция нысанында көрінеді және меншіктің әртүрлі типтерін қолдану арқылы шаруашылық жүргізудің барынша тиімді әдіс-тәсілдерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Агроөнеркәсіптік интеграцияның сипатты белгілері болып:
- ауыл шаруашылығы ресурстарының өнеркәсіптік және құрылыс, яғни инвестициялық үдерістермен байланысы;
- дайын өнім өндіруде аграрлық және индустриалдық технологиялардың бірігуі және өзара әрекет етуі;
- нарықтық жағдайдағы агроөнеркәсіптік фирмаларды құру және олардың шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмдеріне бейімделуі;
- аграрлық, өнеркәсіптік, транспорттық, құрылыс және коммерциялық фирмалардың салааралық қажеттіліктеріне жауап беретін нарықтық инфрақұрылымның дамуы табылады.
- агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттің араласуы;
Агроөнеркәсіптік интеграция теориясының мәні өдіргіш күштер мен қоғамдық еңбек бөлінісің тереңдеуінен өндіріс пен іс-әрекет түрлерінің даралануы мен ерекшеленуінде, басқаша айтқанда, нарықтың шарттары мен талаптарына сәйкес өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға мамандануында жатыр. АӨК құрамы. АӨК-нің қазіргі құрамы 4 негізгі сферадан тұрады. Бірінші сфера ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарын жеткізуші өнеркәсіп салаларының жиынтығы. Осы сфераға жататындар:
- Машина жасау. Қазақстанда бұған Павлодар трактор зауытын, Қостанай дизель зауытын және мал шаруашылығына қажетті машиналар шығаратын 3 зауытты жатқызуға болады. («Манкентживмаш», «Актюбсельмаш», Мамлют машина зауыты) .
- Химия өнеркәсібі. Минералды тыңайтқыш өндірісі мен айналысатын кәсіпорындар Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Республикада өндірілетін фосфор тынайтқыштарының жартысы ТМД елдеріне экспортталады.
- Микробиологиялық өнеркәсіп. Бұл өнеркәсіпке Шымкент гидролиз зауыты, Түркістан жемдік антибиотиктер зауыты, Степногорскідегі «Прогресс» зауыты кіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz