Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
. . . 3
Тарау I.
Қылмыс және қылмыстық құқық қағидалары.
1. 1. «Қылмыс» ұғымы және оның белгілері . . . 7
1. 2. Қылмыстық құқық және оның қағидалары . . . 18
Тарау ІІ
. Қылмысты саралау және оның мәні мен маңызы.
2 . 1. Қылмысты саралаудың түсінігі . . . 28
2 . 2. Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі . . . 34
Тарау IІІ
. Қылмысты құрамы бойынша саралау.
3 . 1. Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі . . . 43
3 . 2. Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау . . . 47
3 . 3. Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау . . . 51
3. 4. Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы . . . 57
Тарау ІV.
Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
4. 1. Қылмысқа қатысушылық түсінігі . . . 63
4. 2. Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау . . . 67
Қортынды. .
. . . 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде құрылғалы жиырма жылға аяқ басты. Осы жылдар ішінде еліміз талай жетістіктерге қол жеткізді . Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык катынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық дамуының қа -зіргі кезеңі қоғамымыз бен оның институттарының одан әрі демо -кратияландырылуына, қоғам мен тұлға арасында конституциялық-құқық тық қарым-қатынастың нығаюына бағытталған. Алайда қандай мемлекет болмасын, қандай кезең болмасын қылмыс мәселесі әркез өзекті болып қала беретіні сөзсіз. Өз дипломдық жұмысымды қылмыс тақы рыбымен бай- ланысты таңдағанымның себебі де осы. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндет -терінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көп -теген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлел -деуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері бо -лып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасын- дағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қыл- мыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие бо- лады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау, орындау, пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы о рындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қыл мыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана бі -лудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажыра -мас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс, дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық қуда -лауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыс -тық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болса да белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз, біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлем -дердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқық -тық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолда- нуда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заң -ды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды қол -данудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады.
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан Респуб- ликасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген құ -қық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қылмыстық құқық қағида -ларының қылмысты саралаудағы маңыздылығы » деп аталады. Аталған та- қырыптың маңыздылығы менің пікірімше төмендегілерден айырықша бай - қалады. Біріншіден қылмыстық заңды қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық салдары ерекше маңызға ие болады. Екішіден қылмысты саралаудың теориялық мәселелерін жеткілікті меңгермеу құқық қолданушының тарапынан болуы ықтимал заң талаптарын бұзушылықтың негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден қылмыстық заңның дұрыс қолданыл- мауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып табылатын қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат құруы тиіс әді- леттілік, заңдылық қағидаларына қарама қайшы келеді қоғам мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға бастау болады. Менің ойым- ша такырыптың тағы бір өзектілігі отандық заң тану ғылымында жеткілікті дәрежеде оның зерттелмегендігі болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысындағы шешімі қиын мәселенің бірі қылмысты саралау тақы -рыбының әдістемелік негіздерін, теоретикалық ұғымдарын барынша толық -қанды зерттеген ғылыми еңбектердің бұдан біраз уақыт бұрын жазылған -дығының және оларды тауып жұмысты орындау барысында пайдалану мүм- кіндігінің тым шектеулі екендігі. Аталған тақырыпқа біршама толық зерттеу жүргізген кеңестік заңгер-ғалым В. Н. Кудрявцев оның орыс тілінде жазыл -ған «Теоретические основы квалификации преступлений» . . . атты еңбегін жә -не аталған автордың «Общая теория квалификации преступлений» деп атала- тын еңбектерін мен өз жұмысыма пайдаландым. Академик В. Н. Кудрявцев -тің жұмысында қылмыс жасалуының нақты оқиғаларына қылмыстық заңның қолданылуының логикалық және құқықтық негіздері зерттеліп қарастырыл -ған. Атап өтуге тұрарлық келесі зерттеу жұмысы Б. А. Куриновтың «Науч- ные основы квалификации преступлений» деп аталатын еңбегі. Отандық ғалымдардан мен жұмысымды орындау барысында В. Сергиевский мен С. Рахметовтың «Квалификация преступлений» атты еңбегін пайдаландым. Солармен бірге дипломдық жұмыстың жекелеген тарауларында қылмыстық құқық бойынша А. Н. Ағыбаевтың; Н. И. Ветров пен Ю. И. Ляпуновтың; Н. Н. Смирнованың; Н. А. Беляев пен М. И. Ковалевтың оқулықтары пайдаланылды. «Қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығы» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты: қылмысты сара -лаудағы қылмыс құрамының маңыздылығын барынша толық ашып көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін саралау барысында қылмыс құрамының жекелеген элементтерінің, олардың белгілерінің қандай маңызға ие болатын -дығына толыққанды зерттеу жүргізу.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін жұмысты төрт т арауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп санадым. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік, негізінен алғанда ресейлік авторлардың зерттеу жұмыстары құрайды.
Дипломдық жұмыстың негізгі базасы
ретінде Қазақстан Республика - сының қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі табылады. (1997 ж., 16 шілде, N 167) (2011. 02. 08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мә -селелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, төрт тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын дипломдық жұмыстың құрылымы жасақталған . Өз жұмысымды орындау барысында осы уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған, зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар мен концепцияларды басшылыққа алдым.
Дипломның тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі. Қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығының ғылымын дамытуға Д. И. Мейер, И. А. Покровский, Г. Ф. Шершеневич сияқты цивилистердің еңбектері ерекше үлес қосты.
Дипломдық зерттеудің объектісі мен пәні. Зерттеудің обьектісі қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығы болып табылады.
Зерттеудің пәні қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығының бүгінгі жағдайы мен келешегі, пайда болатын қатынастарды анықтау мәселелері болып табылады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты. Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша дипломдық зерттеудің мақсаты қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығының даму тенденциясын білу болып табылады, яғни қазіргі мемлекеттің даму кезеңі мен кеңес дәуіріндегі қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығының және мәселелері жан-жақты талдап зерттеледі.
Зерттеудің әдістемелік, теориялық және нормативтік құқықтық негізі. Жұмыстың теориялық негізін қылмыстық құқық ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетелдік ғалым-заңгерлердің қылмыстық қағидалары қамтитын теориялық және заңнамалық тәжірибелік еңбектері, бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдардың қылмыстық құқық саласы бойынша жазылған ғылыми еңбектері қалады.
Зерттеудің нормативтік құқықтық негізін қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығының ҚР-ның Конституциясымен, ҚР-ның АК-сімен, өзге де заң актілерімен реттеледі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақстанда қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығының ұзақ уақыт бойы құқықтық ғылыми зерттеудің белсенді, өзекті тақырыбы болмады, мұны жоғарыда тақырыптың зерттелу деңгейіне жасалған шолудан байқауға болады. Сондықтан, қазір Қазақстанда қылмыстық құқық қағидаларының қылмысты саралаудағы маңыздылығының мәселелеріне қатысты монографиялардың аздығы және заңгерлер үшін мұндай жұмыстар тапшы болып отыр. Зерттеуде қылмыстық құқықтың ғылыми позициясы тұрғысынан қылмыстық құқық қағидаларының негізгі мәселелерінің тәжірибедегі орны, сонымен қатар оның пайда болу себептері мен кемшіліктерін түзету жолдары сарапталады. Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Дипломдағы теориялық тұжырымдар ғылыми-зерттеу қызметінде қолданыла алады, ал зерттеудің өзі және диплом тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер және онымен байланысты арнайы курстарды оқыту кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Дипломдық құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тарау I. Қылмыс және қылмыстық құқықтық қағидалар
I. 1.
«Қылмыс» ұғымы және оның белгілері
.
Қылмыс - бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзу -шылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жаса -ғанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғы- мы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 - бабында беріл -ген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет - қылмыс деп танылады».
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
Қылмыс әрқашан іс - қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекет- сіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет - бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адамөзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адам -ның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жа- сауға алып келмейді.
Қылмыс - бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қ орғала -тын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық - бұл қыл- мыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана не- месе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарас -тырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған. Біздің қоғамымызда қылмыс «Қылмыстық кодекстің міндеттерін» реттейтін ҚР ҚК 2-бабында бекітілген қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қаты -настарға, мүделлер мен игіліктерге қол сұғушылық болып танылады. Бұл қа -шанда адам өзінің мақсат-ниеті мен мүддесін мемлекет, қоғам және жекеле -ген адам (жәбірленуші) мүдделеріне жоғары санаған жағдайда қалыптасқан адамгершілік пен құқықтық нормаларға қарсы тұру болып көрінеді. Дегенмен, қылмысты әрқашан кінәлінің «жаман ықтиярының» нәтижесі деп қарай беруге болмайды. Қылмыстылық ақыр соңында тіршілік әрекетінің түрлі салаларында байқалған осы қоғамға тарихи тұрғыдан тән қайшылықтардың болуының салдары. 1Қылмыстылық пен қылмыстың табиғаты әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан 2бұл құбылыстар әлеуметтік қарама-қайшылықтармен байланыссыз қарастырыла алмайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады3.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардыңбәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізіг қағидаларыдің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен қағидалары бар құқық саласы болып табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай - ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, қағидалары мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынандай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекеті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс - әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу - мемлекеттің құзіреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады4.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән - жайлар туралы түсініктер, сондай - ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде жалпы қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір - біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178 - бабына жүгінеміз. Бұл бапта тонаудың заңдылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3, 9, 15, 19, 20, 21, 24, 29- баптарына жүгініп, сонда көрсетілген заңдылық ұғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немесе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV, V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді5.
Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz