Сақтандыру компаниялары қызметі


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Сақтандыру компанияларының қызметін мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

1. 1Сақтандыру қызметінің түсінігі және Қазақстандық моделінің ерекшелігі

1. 2Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және қадағалау мәселері

1. 3 Сақтандыру компанияларының қызметінің құқықтық мазмұны және

мемлекеттік реттеу тетіктері

2. Сақтандыру компанияларының қызметін ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН Талдау АО СК «Amanat Insurance» мысалында

2. 1 АО СК «Amanat Insurance» сақтандыру компаниясының технико-экономикалық көрсеткіштері

2. 2 Сақтандыру компанияларының Қазақстан Республикасында қызметтері мен дамуын талдау

2. 3 Ұлттық сақтандыру компанияларының экономикалық көрсеткіштеріне талдау

3. Сақтандыру компанияларының қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары

3. 1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының дамуына әсер ететін негізгі тұжырдамалық шешімдер

3. 2 Сақтандыру компанияларының қызметін жүзеге асырудағы мемлекеттік бақылаудың рөлі

3. 3 Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуі бойынша мемлекеттік реттеу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Сақтандыру - ісі кең мағынада бір нәрсенің жағымсыз салдарынан қорғау дегенді білдіреді. Бұл мағынада сақтандыру қоғаммен яғни, мемлектпен бірге пайда болып, оның табиғаттың ажырамас бір элементі болып табылады.

Уақыт өте сақтандыру қоғамдық өндіріске қызмет көрсететін арнайы салаға айналды. Осы орайда, сақтандырумен кәсіби айналысатын адамдар мен ұйымдар пайда болды.

Қазіргі таңда сақтандыру ісінің алатын орны ерекше зор болып отыр. Соған байланысты сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.

Бүгінде сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметін және сақтандыру заңнамасының мәселелерін зерделеу, зерттеумен айналысатын ғалымдармен практик мамандар осы сақтандыру құқығын сақтандырудың экономикалық, заңы, ұйымдастыру, техникалық және әлеуметтік проблемелар тығыз араласқан, өзекті теориялық практикалық мәселелері әлі де болса зерттелмеген, көп қырлы әрі аса күрделі құқықтық құрылым ретінде сипаттауда. Осыған орай сақтандыру құқығының ғылымы қазіргі заманғы ұлттық заңы зерттеудің басымда әрі іргелі бағдарына-мағынасына айналуға тиіс.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Сақтандыру компанияларының қызметінің мемлекеттік реттеуді көптеген ғалымдармен қарастырылған. Оның ішінде, Сман Б. У., С. М Найманбаев, О. Қағазов, Тагиев Г. М. және т. б. басқалар зерттеген.

Дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеттері . Зерттеу жұмысының мақсаты еліміздегі сақтандыру компанияларының қызметінің мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Мақсатқа байланысты келіседі, міндеттер қойылды:

- Сақтандырудың мәнің, оның іс әрекет аясын зерттеу;

- Сақтандыру нысандарын ұйымдастыру негіздеріне баға беру

- Сақтандыру қызметін басқару және қадағалау мәселерінің қарастыру

- Сақтандыру қызметін жүзеге асырудағы мемлекеттік реттеу рөліне баға беру;

Дипломдық жұмыс пәні , бұл сақтандыру қызметінің объектісі болып табылатын материалдық құндылықтар.

Сақтандырудың пәні:

-Сақтандыру компанияларының қызметінің мемлекеттік реттеуді анықтау

-Сақтандыру компанияларының қызметінің мемлекеттік реттеуді

Дипломдық жұмыс объектісі : АО СК «Amanat Insurance»

Сақтандырудың басты қызметі, бұл орнын толтырушы қызмет, яғни сақтандырылған тұлғаға сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру жағдайының нәижесінде оның мүлкіне немесе денсаулығына келген зиянның орнын толтырады.

Мемлекеттік сақтандыруға сақтандырудың алдын алу қызметі тән, яғни сақтандырушы мен сақтандырылушы сақтандыру жағдайының пайда болуының немесе оның жағымсыз нәтижелерінің алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру қажет.

Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы. Кез келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса тіршілік етудің негізгі көзі - жалақыдан да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді және оның отбасын аса ауыр материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әртүрлі ауруларға әкеліп соғады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады: науқас, кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және т. б. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді. Халықтың экономикалық тұрғыдан бәсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке қабілеттігі жоқ және жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің күрт төмендеу мәселесін шешуді мемлекет өз мойнына алды. Ол әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жасап, әлеуметтік оқиғалар - кәрілік, өлім, науқастық, мүгедектік, ана болу, жұмыссыздық туындаған кезде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және қызмет көрсетеді. Елдің халқын әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының және қызметінің басым бағыттарының бірі болған және болып қала береді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, нарықтық қатынастар орын алған кез келген өнеркәсіптік дамыған мемлекетте халықты әлеуметтік қорғау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жүйесін де маңызды орынды иеленеді. Алайда, нарықтық қатынастар өз бетімен халықты әлеуметтік қорғау механизмін туындатпайды. Халықты әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі оның аса көп материалдық шығындарды талап етуінен және ешқандай пайда әкелмейтінен шешу мәселесін мемлекет өз мойнына алады.

Байқағанымыздай, әлеуметтік сақтандыру тарихы жүз жылдам астам уақытты қамтиды. Бұл уақыт ішінде қаржыландырудың функциялары, нысандары және әдістері талай рет өзгерді. Бірақ, әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаты - адамдардың өмірін жақсарту ешқашан өзгерген жоқ.

Жұмыстың теориялық маңызы - Қазақстандағы сақтандыру ісі саласында жұмыс істейтін білім беру мекемелері үшін және де бұл саладағы зерттеулердің сапасын көтеруге себебін тигізу мүмкінділігімен түсіндіріледі.

І Сақтандыру компанияларының қызметін мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

  1. Сақтандыру қызметінің түсінігі және Қазақстандық моделінің ерекшелігі

Сақтандыру қоғамдық-өндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі болып табылады. Адамдар мүліктердің иелелері ретінде сақтандыруды өздерінің мүліктерін табиғат апаттарынан немесе тонаудан, басқада күтпеген жағдайда болатын шығындардан қорғану әдісі ретінде қолданып келеді.

Сақтандырудың әлеуметтік негіздерін ашпас бұрын, әлеуметпен сақтандыру ұғымын мағынасын ашып өткен жөн болар.

Әлеумет, социум (латынша socium-ортақ) -әлдебір мәнді қарым -қатынастағы адамдарың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым. Әлеуметтің ең жоғарғы түрі тұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам. Қазақ халқының дәстүрлі түсінігіндегі: жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым ол отбасынан, ағайнын, Туыс, жекжат-жұраттан бастап ел жұрт мағынасына дейін қамтиды.

Қоғам деп аталаттын адамдар қауымының күрделілігі көп қырлығы сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті емес, оның алуан реттегі, әр қилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бір сыпырасын қамтитын өзіндік түзілімімен құрылымы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар, тағы басқалары болып табылады. Олардың әр-қайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам. Олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әректтесулерін түсіндіру социология ғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін еркін бейберекет жиылған тобырдан да өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеумететтік құбылыстарданда мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал әлеуметтік құрылым көп жағдайларда жуйе ретіндегі бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды. Қоғам-жеке тұлғалардың олардың байланыстары мен әрекеттесулерінің, өзара іс-әректтері мен қарым-қатынастарының жай ғана қосындысы емес, бір тұтас жүйе ал мұндай бірлестіктер жаңа интегралды, жүйелік сапаны туындататын болғандықтан, ол жекелеген адамдардың ие олардың қосындысының сапалық қасиеттеріне мойынсынбайды. Әлеуметтік жуйе ретіндегі қоғам-өзінің дербес заңы бойынша қызмет атқарып, дами беретін әлеуметтік организм. Өзара табиғи байланыстарына қарамастан әлеуметтік құрылымдарға әлеуметтік жүйе атауы әлде қайда кең ұғым. Егер әлеуметтік жүйе өзінің аясына кіретін элементтердің бүкіл жиынтығын бір-бірімен тұтастай қоғаммен әрекеттесуін ұйымдастыру тәсілі болса, онда әлеуметтік құрылым-жүйенің және олардың байланыстарының салыстырмалы түрде баянды, қалыпқа тускен әрі ұдайы өніп отыратын, сондай-ақ әлеуметтік жүйенің тұрақтылығымен қызмет атқаруының қамтамассыз ету тетітгін құрайтын негізі негізгі элементтерінің жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік құрылым-қоғамдағы әлеуметтік статуспен рөлдің нығаюына ықпал ететін әлеуеметтік жүйенің аса маңызды бөлігі, ұйытқысы, берік ұстыны. Сонымен әлеуметтік жүйе дегеніміз бір-бірімен өзара байланысып, әрекет етуші және бірегей әлкуметтік тұтастықты құраушы құбылыстармен процестердің тәртіптелген ауқымды жиынтығы. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретін дезерттеу ісі өзара байланысты міндеттерді: қоғамды жалпы зерттеуді, яғни қоғамның жалпыға бірдей, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен жағдайларын әлеуметтік философиямен етене байланысты әрі оның жетекшілігімен зерделеуді, қоғамның нақты-тарихи, тұрпатын өркениетін даму сатыларын жетілдіреді. [1, 660-б]

Зерттеуді жекелеген нақты қоғамды, яғни нақты өмір сүруші елдермен халықтар қоғамын зерттеуді қамтиды.

Сақтандыру ұйымдары сақтанушыларымен жеке заңды тұлғалар арасындағы сондай-ақ, сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқтық қатынастар.

Нарықтық даму жағдайындағы сақтандыру ісі сақтандыру қандай болмасын қоғамдық-құқықтық формацияларда тиісінше дамып қалыптасатын және асқан қажеттілігімен ерекшеленетін әрі тиісті сақтандыру салалары бойынша жұмыс істейтін, қоғамдық пайдалы шаруашылық жүргізуге, тұлғалардың еңбек қызметтік міндеттерін атқаруына, қоршаған ортаға байланысты орын алуы ықтимал орын алатын тәуекелдерге орай қатысушылары сақтандырушылары, сақтанушылары, сақтандырылғандары, пайда алушылары нақтылы айқындалып, құқықтары мен міндеттері белгіленген материалдық мазмұнды қоғамдық қатынастар ауқымында мақсатты сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерін құруды, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесінде өтеу механизмін іске қосатын сақтандыру оқиғалары туындаған кезде тиісті заңнама және шарт негізде сақтандыру қорғауының қамтамасыз етілуін нысалайтын кәсіпкерлік сипатты - бағдарлы құқықтық институт болып табылады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы

18 желтоқсандағы Заңының «Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деп аталатын 4-бабының 1-тармағында: «Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені» деген түсіндірме берілген. Осы заңның 2-тармағында: «Сақтандыру қызметі дегеніміз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты! Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде ие Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі» Демек, сақтандыру белгілі бір тәуекелдерге орай орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайы оқиғалары басталған кезде заңды немесе жеке тұлғаның мүліктік мүделлерін сақтандыру мүдделерін арнайы қалыптастырылған мақсатты ақшалай сақтандыру қор есебінен сақтандыру қорғауымен қамтуды қамтамасыз етуге байланысты сақтандырушы мен сақтанушы, пайда алушы арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды білдіреді. Сақтандыру сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды ақшалай нысанда өтеуді қарастырады. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы сақтандыру қатынастары сақтанушының өз қарамағындағы меншігіндегі мүліктерін немесе өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етуге байланысты сактандыру мүддесінің болмысына орай туындайды. Бүгінде өркениет тарихында жинақталған әрі сынақтан өткен сақтандыру ісінің тәжірибесін және қалыптасқан сақтандыру құқығының механизмін қоғамдық-мемлекеттік мұделерге орай тиімді пайдалану мән-жайы казіргі нарықтық даму кезеңіндегі шаруашылық жүргізу және өндірістік катынастар денгейіне, меншік нысандарына, басқа елдермен экономикалық байланыстарды жандандыру дәрежесіне, коршаған табиғи орта жағдайына, сақтандыру заңнамамасы саласында жүргізіліп жатқан реформаларға және т. б. Факторларға байланысты Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі сақтандыруды және сақтандыру қызметін өркендетуге, ұлттық сақтандыру рыногын түрлендіруге, міндетті сақтандыру жүйесін құруға, құқық саласы ретіндегі сақтандыру құқығының реттуші әлеуметті ауқымын кеңейтуге, сақтанушының сақтандыруылушының мүліктік мүлдесін қорғауды тиісті заңнама және сақтандыру шарттары негізінде кепілдендіруге, ықтимал сақтандыру тәуекелдерінің алдын алу арқылы сақтанушыға, сақтандырыған тұлғаға, үшінші тұлғаларға немесе қоршаған ортаға келтірілетін зиянды залалды шектеуге мүскіндік беріп отыр.

Сақтандыру қызметы - сақтандыру қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру қайта сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемелекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі Сақтандыру қызметі сақтандыру қайта сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрі болып табылады. Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және « жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады . Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары шеңберіндегі пруденциялдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады.

Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып, қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөніндегі қызметті уәкілетті органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Бұл ретте сақтандыру қағидаларының туындауы сақтанушының сақтандырылған мүліктік мүдделеріне зиян келтіруі ықтимал сақтандыру тәуекелінің ықтимал қауіпті оқиғаның немесе орын алуы ықтималдығына орай сақтандыру жүргізілетін қауіпті-қатерлі оқиғалар жиынтығының) мән-жайына байланысты сақтандыру жағдайының басталуы кезінде көрініс табатын келеңсіз экономикалық салдар залалын өтеуді нысаналайтын әрі әрқайсысы өз мүддесін көздейтін сақтанушы мен сақтандырушының арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған ерікті сақтандыру шартына, сондай-ақ міндетті сақтандыру заңнамалық актілеріне ие оларға сәйкес жасасылған міндетті сақтандыру шартына негізделеді. [2, 36]

Жеке сақтандырудағы азаматтардың өміріне, денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне байланысты, мүліктік сақтандырудағы мүлікті иеленуге, пайдалануға әрі оған билік етуге байланысты, азаматтық-құқықтық сақтандырудағы заңды немесе жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына ие мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге байланысты мүліктік мүдделер- сақтандыру қорғауымен қамтылады. Демек, сақтанушы, өзінің не үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, еңбекке қабілеттілігіне, мүлкіне байланысты сақтандыру мүддесін білдіретін мүліктік мүддесін сақтандыратын жеке немесе заңды тұлға ретінде заңнамалық актіге не жасалған сақтандыру шартына орай тиісті сақтандырушымен екі арадағы азаматтық кұқықтық қатынастарға қатысады. Осы орайда ескеретін маңызды жайт, сақтандырушымен жасалған ерікті немесе міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылған, былайша айтқанда сақтандырылған тұлға болып табылады.

Қандайда болмасын қоғамда өз қызметтерін атқару процесінде материалдық игіліктерді жасау үшін өнім өндіру әр түрлі салада қызмет көсетуде адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынаста болады. Бұлардың бірқалыпты дамуы үшін оларды реттеу қажеттігінің керек етеді. Былайша айтқанда олардың ара-қатынастарын, қылықтарын келісім жолымен үйлестіру тәртібі болып табылыды. Бұл қағида толығынан сақтандыру мәселесіне де тікелей қатысты. әлеуметтік экономикалық заңға сыйымдылық ретінде заңмен бекітуді және реттеуді қажет етеді. Басқа сөзбен айтқанда сақтандыру қорын құру мен пайадалану процесі заңмен үйлестіріліп реттеледі, немесе сақтандыру қатынасы болып табылады. Ал сақтандыру қатынасы мемлекеттік тәртіппен үйлестіріліп құқық нормаларымен реттелінеді. Сақтандыру құқығының қайнар көздері әр мемлекетте сақтандыру қатынасы сол мемлекеттің қатнасқан құқығының қайнар көздері мен жүйелерімен реттелінеді заң ғылымында құқтың қайнар көздеріне мемлекеттік тұрғыдан азаматтардың сақтандыру қатынасын реттейтін әр түрлі нысанда, формаларда қабылданатын құқық нормасының жиынтығы жатады. Сақтандыру құқығының қайнар көздері жалпы құқықтық және арнайы құқықтық болып екіге бөлінеді, біріншісі жалпы құқықтық нормалары болып:бірінші жалпы құқықтық және оның бір саласы ретінде саналатын сақтандыру құқығының негізгі қайнар көзі. Қазақстан Республикасының конститутциясы. Екінші Қазақстан республикасының конститутциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізізетін заң-Қазақстан Республикасының конститутциясы алпыс екінші бабының үшінші тармағында белгіленген тәртіппен қабылданған заң. Үшіншісі Конститутциялық заң, Қазақстан Республикасының Конститутциясы екінші бабының төртінші тармағымен белгіленген тәртіппен қабылданған заң. Төртіншісі заң актісі Конститутциялық заң Қазақстан Республикасының президентінің Конститутциялық күші бар жарлығы және Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысы. Бесіншісі Қазақстан Республикасының заңы сенатпен мәжілістің қаулылары жатады Қазақстан Республикасының заңы; конституциясы сақтандыру құқын реттеудің негізгі принципі және ол барлық сақтандыру заңының негізі болып табылады.

Принциптер сақтандыру- құқық нормаларының барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды сақтандыру принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек «сақтандыру заңдардың жалпы, негіздері мен мәнісіне байланысты» деген жалпылама тұжырымдарымен шектелетін. Қазіргі кезде сақтандыру құқық принциптері нормативтік роль атқарады[3, 52]

Қазақстан Республикасының Конституиясы ең жоғары заңды күшке ие. Қандай да болмасың заң және басқада мемелекеттік органдар шығаратын құқы нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына сай болып қайшы кемеуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда олар құқытық норма ретінде күшін жояды. Сақтандырушы сақтандыру ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, тиісті сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде келтірілген зиянды өтеу жөніндегі өзіне жүктелген міндеттемеге орай сақтанушыға немесе өзге тұлғаға пайда алушыға - заңда не сақтандыру шартында көзделген мән-жайларға байланысты сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға шартта белгіленген сақтандыру соммасы шегінде сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін төлеуге міндетті занды түлға болып саналады.

Сақтандыру құқықтық қызметтің айрықша түрі ретінде сақтандыру сыйлықақыларын жұмылдыру арқылы сақтандыру қорын әрі сақтандыру резервтерін құру және сақтандырылған мүліктік мүделерге келтірілген зиянды сақтандыру төлемін жүзеге асыру жолымен өтеу ауқымында тікелей көрініс табады. Сақтандыру бүгінгі таңда қалай болмасын өндірістік аяда, салада және ортада келтірілген зиянды уақтылы әрі толығымен өтеу есебінен қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мақсатты сақтандыру қорының уақытша бос қаражаттарын сақтандыру ұйымының инвестициялық қызметінде пайдалануға, сақтандыру өнімдерін өткізуге байланысты сақтандыру операцияларының дамуына, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесіндегі жаңа сақтандыру түрлерінің, оның ішінде кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандырудың заңнамалық және шарттық негіздерінің тиімділігіне мүделік танытып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру iсiнiң дамуы
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы
Сақтандырудың Қазақстандағы қалыптасу барысы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Сақтандыру рыногының теориялық негіздері
Сақтандыру компаниялары – экономикалық жүйенің бір бөлігі
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдары
Сақтандырудың нарықтық экономикалық орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz