Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті факултеті

Әдебиет теориясы кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері

Орындаған 4 курс студенті Жанетова М. А

Ғылыми жетекші Қалқабаева С.

Норма бақылаушы Баянбаева Ж

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді

Алматы 2011 жыл

Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері

Жоспар

1. Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі

1. 1 Мінездеме

1. 2 Портрет

1. 3 Диалог және сөйлеу тілі

1. 4 Психологизм

1. 5 Іс-әрекет тартыс

1. 6 Пейзаж

2. Б Момышұлы-ұлттық характер танытатын тарихи тұлға

2. 1 Бауыржан-батырлық пен ерліктің үлгісі

2. 2 Бауыржан образындағы ұлттық болмыс пен мінез

Характер ( әдеби характер) - көркем шығармадағы кейіпкердің мінез- бітімі, ой- сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері. Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл-әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады. Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-біртұтастығы, синтезі деп қараған жөн. Характер белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасады, сол ортаға, өз уақытына сәйкес болады. Адамның мінез- құлқы, оның әр қилы кездерде, әсіресе адамшылық қасиеттер сынға түсетін екіұдайда өзін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой- өрісіне, сана-сезіміне байланысты. Осыған орай әдеби шығармадағы характер күрес- тартыс үстінде, кейіпкердің іс- әрекеті, ой-ниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып, анық танылады. Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі

Диалог- әдеби шығармада екі кейіпкердің, немесе бірнеше адамның сөйлесуі, оларды сөйлестіру тәсілі. Драмалық шығарма түгелдей дерлік диалогқа, сөйлестіруге және жеке кейіпкерді сөйлетуге, монологқа негізделіп құрылады. Диалог кейіпкерді жай бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол сөйлесетін адамдардың қарым-қатынасының қалай шиеленісіп, қалай өзгеріп, өрістеп отыратынына сәйкес беріледі. Және бір кейіпкердің айтқан сөзі екінші кейіпкердің айтқан сөзіне түрткі болып, келесі сөйлеуші жауап қайыра сөйлейді. Әр бір мағынасы жағынан тиянақты диалог кейіпкердің мінез-құлқын тағы бір қырынан ашып көрсетіп, олардың қарым-қатынасының бұрынғы қалпынан өзгеріп, жаңа бір сатыға көтерілгенін танытады. Сөйлескен кейіпкерлердің сөздері шығармадағы тартыс қақтығыстардың шиеленісіп-өрістеуімен осылай тығыз байланысты болып келмесе, онда диалог ширақ, тартымды болмайды. Әсіресе кейіпкердің қиын, қысталаң жағдайда, қандай әрекет жасайтынын көрсету үшін диалогтың, яғни олардың қайсысын қалай сөйлетудің мәні зор. Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой толғанысынан, сөйлеу өзгешелігінен жан-дүниесі айқын елес береді. Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез-бітіміне, ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді. Сондықтан мағыналы диалог, кейіпкерлердің сөйлестіре білу шеберлігі әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып, орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі.

Кейіпкер- көркем әдебиетте роман, повесть, әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін уақиғаға қатысушы. Әдебиетте адамның көркем бейнесін суреттегенде, жазушы оның кескін тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де (әсіресе жүріс-тұрысындағы, сырт келбетіндегі, сөйлеу әдетіндегі) анық байқалатындай етіп көрсетеді.

Мен бір жан өмірінің өзі дастан

Ыстық, суық ғұлманнан көзін ашқан

Көктемдей құбылмалы мінезім бар,

Мейлің күл, мейлің илан

Мейлің жасқан.

(Б. Момышұлы)

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары қай кезеңде де жан-жақты зерттеліп келеді. Ғылыми зерттеуге кейде бір қаламгердің тұтас бір туындысы, кейде сол жазушы шығармашылығының бір қыры өзек болады. Бұл жұмысымда қазақтың көрнекті қаламгері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ә. Нұршайықовтың шығармасын арқау еттік. Бұл зерттеуде Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдерін қарастырдық. Себебі:бұл туынды Момышұлымен сұхбатқа құрылған; сұрақ қоя отырып оның іс-әрекетінен характерін бейнелеген; сұхбатына өзгеде адамдарды арқау ете отырып кейіпкер характерін ашып көрсеткен.

Зерттеудің өзектілігі : . Еліміздің рухани әлемі көркем шығармалармен толығып отырады. Сондай туындының бірі Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбаты. Ә. Нұршайықов шығармаларына жоғары баға берген мақала мен еңбектер бар. Алайда, «Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері» тұрғысынан қарастырған еңбектердің болмауынан зерттеудің қажеттігін, тақырыптың өзектілігін айқындайды. Ең негізгісі-зерттеу тақырыбы өмір шындығын, қазақ жастарының көрсеткен ерлік істерін, олардың жүрегіндегі Отанға деген махаббатын, кейіпкеріміз Б. Момышұлының жауынгер жанына рух берер жалынды сөздері, іс-әрекетін көрсету арқылы характерін ашуымен мәнді болып табыладыЖазушының барлық дерлік шығармалары ұрпақ тәрбиесіне арналған, ізгі қасиеттерді насихаттайды.

Зерттеудің жаңашылдығы: Ә. Нұршайықов шығармашылығы «Ақиқат пен аңыз» роман- сұхбатындағы характер жасау тәсілдері тақырыбында алғаш рет зерттеліп отыр. Зерттеу барысында қол жеткізілген мәселелер:

  • қаламгер журналистік тәжірибесін шеберлікпен пайдаланып экспериментке барады: кейіпкер мен автордың диалогына құрылған роман оқырманды қызықтыра алға жетелейді.
  • бұл әдеби әдістің газет интервьюіне ұқсамауы үшін әрбір сұрақ-жауап алдында сәл шегініс жасап, өткен-кеткен тарихи оқиғаларды еске алады. Баукеңнің атын алғаш рет қашан естігеннен бастап осыған дейінгі көрген-білгендерін есіне түсіре отырып, соны қойылатын сұрақ мазмұнымен шебер сәйкестендіреді.
  • кейіпкермен жүздескен сәттегі оның мінез-құлқын суреттеуі, жан дүниесін бейнелеуі, әдеби тәсілдердің ең сәтті маржандарын төгілдіре қолдану арқылы геройының портретін сомдауы еріксіз тәнті етеді.
  • романда кейіпкердің өмір кезеңі хақында болып отырған шақтың тарихи оқиғалары көз алдыңыздан кино ленталарындай тізбектеле өтіп жатады. Автор бұл тәсілді кейіпкер образын сомдауға жіті кіріктіре білген.
  • шығармада әскери өмірдің қыр - сырлары жан - жақты баяндалады. Осы тұрғыдағы даңқты командирдің бастан кешкендері оқырманды жалықтырмайтындай етіп әңгіме өзегіне айналады.
  • «Ақиқат пен аңызда» Ұлы Отан соғысының даңқты әскери қолбасыларының тарихи ерліктері баяндалып қана қоймай, соғыстың ең есте қаларлық драмалы сәттері мен жан тебірентерлік көріністері көз алдыңнан өтіп жатады.
  • Әзағаң даңқты шығармасының өн-бойында ұлттық бояумен терең қаныққан шұрайлы тілімен, таңғажайып теңеулерімен тәнті етіп отырады.

Зерттеу нысаны: Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы; Б. Момышұлы туралы естеліктер; Момышұлының кітаптары; Ә. Нұршайықов шығармашылығына қатысты жазылған автореферат, диссертация.

Мақсаты мен міндеті: Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы Б. Момышұлының ерлік істерін қол астындағы жауынгерлерін басқара білуі, жау қамалын бұзып жара шыққан ақылдылығы, даналығы, әрбір іс-әрекетін көрсете отырып автордың батырымыздың характерін бейнелеуі басты мақсат болып табылады. Осы мақсат үрдісінен шығу үшін зерттеу алдына мынадай мақсат қойылды:

  • жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі
  • кейіпкерімізге мінездеме беру
  • шығармаларынан портретін жасау
  • автор мен Бауыржанның сұхбаты, оның әңгімешілдігіне, сөйлеу шеберлігіне мән беру.
  • психологизм
  • іс-әрекет тартыс
  • мінезінің табиғатпен үндесуі
  • қазақтың қанына сіңген ұлттық характерді танытатын тұлға
  • Бауыржан ұрпаққа үлгі

Зерттеудің пәні мен обьектісі: Дипломдық жұмысым Қазақстанның белгілі жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатынан. Мұндағы басты нысана негізгі обьекті-Бауыржан Момышұлы.

Практикалық маңызы: «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбаты 1976 жылы алғаш рет кітап болып жарияланған соң авторға келген хаттардың бірінде: «Біз Баукеңнің өмір жолын, бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін біле бермейтінбіз. Кейбір ауызекі естігендеріміз бойынша Баукеңді дәл мұндай жаны жомарт жан деп есептемейтінбіз. Біз ол естігендеріміздің мүлде қате екенін енді түсіндік. Енді біз сіздің осы кітабыңыз арқылы Баукеңнің өте акылды, терең білімді, әрі сөзге шебер, нағыз жомарт жанды азамат аға екеніне көзіміз жетті», -дейді оқырман.

Жазушы әрі ғалым Ә. Әзиевтің: «Ақиқат пен аңыз» атты кітап адамгершілікке, азаматтық, ерлікке толы»-деген.

Б. Ыбырайымов: «Көркемдік көкжиегі» атты әдеби-сын еңбегінде: «Қазіргі қазақ прозасындағы диалогтарда жиі кездесетін елеулі екі олқылық бар. Бірі кейіпкерді, әсіресе жас кейіпкерді романтикалық сипаттағы өршіл бейне етіп суреттеймін деп оның аузына әсіреқызыл, кеуек сөздерді сала беру. Бұнда да кейіпкер сөзінің кеуектігі мен көптігі жазушының көркемдік нысанасын бейнелеуге септігі әлсіз, әрі шығарманың реалистік қуатында кемітеді. Екінші олқылық- кейіпкерлері арқылы оқырманға ой саламын, толғандырамын деген игі ниеттегі автор жалпыға мәлім ақиқаттарды қайталап, «кітаби» сарынға, жалаң дидактика мен схематизмге бой алдырады».

Белгілі әдебиет зерттеушісі М. Дүйсенов «Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығы туралы» атты арнау сөзінде: «Қалауын тапса қар жанар» дегендей, екі адамның диалогы арқылы-ақ үлкен өмір, шынайы шындықтың сыры көркем ашылған. Жазушы форма жағынан да ізденіп, бейнелеу тәсілінің мүмкіндіктері молдығын көрсетті. Бұл, сөз жоқ, қазақ романы жанрындағы жаңалық, ал «Ақиқат пен аңыз» - әдебиетіміздегі жаңа құбылыстардың бірі. Мұнда да ойдың байсалдылығы, тереңдігі, тілдің құнарлы бояуы, бедері айқын» ()

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысының құрылымы:кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың негізгі мазмұны

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, жаңашылдығы, нысаны, мақсаты мен міндеті, ғылыми-әдістемелік базасы, пәні мен обьектісі, практикалық маңызы, құрылымы көрсетіледі.

«Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі» атты бірінші тарауда қаламгердің қазақ жұртының ержүрек батыры Б. Момышұлының характерін, портретін жасауы, диалог арқылы оның сөйлеу тілін, табиғатпен салыстыра отырып мінезінің қырларын, қайсар мінезін танытуда қолданған әдіс-тәсілдерін ашықта айқын көрсету. , Әзағаңның «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогын сүйсінбей оқу мүмкін емес. Оның басты себебі, жазушы бұл шығармасында ерекше көркемдік шеберлік танытып, тосын әрі жаңашыл үлгіні (роман-диалог) еш қапысыз қолдана алған. Екінші бір маңызды себеп - оның бас кейіпкері халқымыздың аты аңызға айналған қаһарманы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры - Бауыржан Момышұлы. ()

Кезінде бұл туынды оқырмандарды ғана емес, жазушы мен сыншы атаулыны да дүр сілкіндірді, күні бүгінге дейін оған пікір білдіру, талдау аяқталған жоқ, аяқталмайды да.

Батырдың биік парасаты мен асау рухын, ерлігі мен батырлығын, мінезінің қырларын жазу үшін ой тербетпеген ақын-жазушы кемде кем. «Ақиқат пен аңыз» романының ұзын-ырғасы сұхбат түрінде жазылғанымен, кітаптағы барлық деректерді автор Бауыржан аузынан жазып алған жоқ. 1986 жылы «Жалын» журналына берген интервьюінде «Бауыржан маған роман-диалогтағы сияқты өмірбаянын басынан бастап, соңғы беттегі нүктесіне дейін өзі айтып, баяндап берді ма?Жоқ. Ең алғашқы күні мен онымен он екі сағат әңгімелестім. Сол әңгіме кезінде өз аузынан отыз бет материалды қолмен жазып алдым. Баукеңмен ең алғаш ұзақ әңгімелескеніміз де сол алғашқы күн болды. Одан кейін арамызда кейбір қысқа-қысқа кездесулер өтті (ауруханада, үйде, қонақта, көшеде, Жазушылар одағында) . Бірақ бұл кездесулерде жазып алғаным алғашқы күндегіден аз болмаса, көп емес еді. Өзге материалдың бәрін өз бетіммен(кітаптар арқылы, жұртпен әңгімелесіп) жинап алуыма тура келді», -дейді жазушы. Бауыржанның қаһармандық тұлғасын нанымды жасауда автор сұхбаттан басқа замандастарының, М. Ғабдуллиннің, зайыбы Кәмаштың естелік-әңгімелерін, күнделіктер мен қарулас және қызметтес болған жолдастарының сөздерін, әртүрлі құжаттар, мінездемелер, хаттархаттамалардың түпнұсқасын келтіріп отырады. Бұл, біріншіден, шығарма оқиғасының тарихи шындығын растап, баяндау формасын түрлендірсе, екіншіден, батыр характерін аша түсудің тағы бір әдісі іспетті. Романда жазушы Б. Момышұлының қатардағы жауынгерден гвардия полковнигі дәрежесіне дейінгі өсу жолын сатылы түрде тарихи деректерге, архивтік материалдарға сүйене отырып суреттеген. Осы екі аралықта оның жастық шағы, Қызыл Армияда атқарған әскери міндеті, қоғамдық қызметінің алғашқы баспалдақтары, Қиыр Шығыстағы офицерлік қызметі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батальон, полк командирі болуы қамтылған. Соғыстан кейін Мәскеуде Әскери академияны бітіріп, онда сабақ бере жүріп, әскери профессор болғандығы да айтылады. Баукең өмірінің жиырма бес жылын әскери қызметке арнаған. Роман-сұхбатта бас кейіпкердің өз әңгімесіне қоса, баспасөз материалдары, естеліктер, өлең-жыр, ел-арасына тараған қызық аңыздар мен әңгімелер, құжаттар молынан пайдаланылып, батырдың жан-жақты бейнесі жасалған. Шығармада Бауыржанның рухани адамгершілік әлемі бай. Ол әділде шыншыл, өжетте қатал, жаны жайсаң, кішіпейіл де жомарт, нәзік сезімнің иесі. Баукең бойынан табылатын осындай қасиеттердің барлығын автор үлкен сезімталдықпен сомдай білген. Бауыржан бойындағы үлкен қасиеттің бірі- әділдік, шыншылдық. Ол өз басынан өткерген, көзімен көрген жайларды, маңындағы жандардың қиянаттарымен ізгі істерін сарапқа салу негізінде әділдікті бойға сіңірді. (2) Мәселен:Сөйтіп, мен алты ай милиция бастығы болдым. Сүзекпен ауырып, ол қызметтен өзімнен-өзім түсіп қалдым. Одан бұрын бастық болған кездегі бір хикаямды айтып берейін. Сол кезде Сырдария гүбірнасында Емельянов деген аса маңызды істер жөніндегі тергеуші бар еді. Ол өзі бір өте білімді юрист болатын. Аудандық милицияға мен бастық болғаннан кейін, бір күні Жуалыға сол кісі келіп қалды. Мен бұрын ол кісіні көрмегенмін. Қаперімде түк жоқ, кабинетімде отыр едім, бір тәпелтек кісі кіріп келді. Сәлемдескеннен кейін бас-аяғыма қарап алды да:

- Шырағым милиция бастығы қайда екен? - деп сұрады. Тегі, менің түріме қарап, бастық шығып кеткенде соның орнына келіп отырған жас милиционерлердің бірі шығар деп ойлаған болуы керек.

- Мен, - дедім орнымнан тұрып. Ол кісі маған құжатын көрсетті. Сөйтсем, Емельяновым осы кісі екен. Бастық болғанымның өзіне 5-6 ғана күн болған. Не бар, не жоқты білмейтінмін.

- Ендеше, түрмені барып көрейік, - деді ол. Келдік. Көрдік. Адам деген бықып жатыр. Емельянов әркімдермен сөйлесіп, не үшін жатырсың деп сұрайды. Олар білмейді. Қораға шықтық. Қорада 69 ат байлаулы тұр.

- Бұлар кімдікі?

- Түрмедегі қазақтардікі.

- Аттарын неге қайтармайсыңдар?- дейді Емельянов. Оны да ешкім білмейді. Емельянов мені ертіп, қайтадан кабинетке келді. Содан кейін сабырмен кодексті алып көрсетті де, түсіндіре бастады.

- Түрмеде 250 адам жатыр, - деді ол. - Осының көбіне қамауға берілген санкция жоқ. Заңсыздық, кеңес заңын бұрмалаушылық деген осы болады. Адамды қылмысы болса түрмеге қамауға болар. Бірақ олардың аттарын түрмеге қамауды қайдан тапқансыздар?Меніңше, милиционерлеріңіз өзіне жақпаған адамдардың бәрін айдап әкеп түрмеге қамай берген. Ал протоколсыз бір адамды түрме босағасын аттатуға қақыларыңыз жоқ. Әрине, бұл сіздің кінәңіз болмас, сіз жаңадан ғана тағайындалған екенсіз. Енді осы адамдардың қаншамасына протокол жасалған екен?Соларды тексертіп, осында алдырыңызшы. Мен аппаратымды шақырып, Емельяновтың тапсырмасын айттым. Жұрттың бәрі Емельяновтан қорқып зыр жүгірді. Тексерсек, 50 адамға протокол жасалыпты.

- Протоколсыз жатқан адамдардың бәрінде қазір өзіңіз барып, түрмеден босаттырыңыз, - деді Емельянов маған. - Ертеңге дейін мен мына протоколдарды қарап шығайын.

Мен барып екі жүз адамды бірден түрмеден босаттырдым. Қазақтар өздерінің босағандарына сенер- сенбестерін білмей, маған қайта-қайта жалтақтап қарай берді.

- Қарағым, сен келмесең, біздің босанатын түріміз жоқ еді, -деп маған рақметті үсті-үстіне жаудырып жатыр. Аттарының жанына жетіп, жалына қолы тиісімен ырғып мініп, «осы пәлелерден шынымен құтылдықпа, жоқ па?»- дегендей, арттарына жалт- жалт қарасып дала қойнына сүңгіп ызғытып кетіп жатыр, кетіп жатыр. «Ей, момын халқым, - деймін мен олардың соңдарынан қарап тұрып. - «Сен келмесең, біздің босанатын түріміз жоқ еді», - деп, сендер маған разы болып барасыңдар. Іштеріңдегі көзі ашық деген менің өзім сендердің ақ-қараларыңды айыра алмай, қанша күн босқа қамауда ұстадым. Егер Емельянов келмесе, өздеріңнің әлі қанша күн жатарларыңды білмей мені босқа мақтап барасыңдар- ау».

Ертеңінде Емельянов протокол заңсыз жасалған деп, тағыда жиырма адамды босаттырды. Содан соң ол жиналыс өткізіп, бізге социалистік заңдылық туралы лекция оқыды. Кеңес азаматтарынан бір адамды заңсыз түрмеге отырғызған адам өзі түрмеге қамалады деді. Бәріміздің зәреміз ұшты. Әпербақан милиционерлер моп-момақан болып қалды. Осыдан кейін қылдай қиянат көрсем, қылыштай қырқып отыруға бекіндім. (29-бет)

«Әділдік пен адалдық- адамның ең қымбат қасиеті», - деп жазушының өзі айтқандай, романда Бауыржанның әділдігі әр кез адамгершілікпен ұштасып қабыса көрінеді. Мысалы:Бауыржан бұрын Дзержинский көшесінде, шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып, «сіздің өтінішіңіз орындалды, келіп кең пәтердің ордерін алыңыз», - дейді. Бауыржан барып бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алджында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.

Неге мұңайып тұрсыз, шешей?- дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап.

Әйел қалалық кеңестің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірақ дәл ордер берерде ол уәделерінен тайып қалғандығын айтады.

-Маған деген үйді үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті. Қайтейін, менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол солдат еді, -дейді. Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне-бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады.

- Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз- пәтеріңіз өзіңізге тиеді, - дейді де, Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан қалалық кеңеске тартады.

- Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын, - дейді ол бағана қолына ордерді ұстатқан қызметкерге келіп. - Мына ордерді жыртыңыз да, пәтерді бұрын уәде етілген адамдарға беріңіз!Осылай деп ол қолындағы ордерді қайтарып берді. Қалалық кеңес қызметкері қалбалақтап:

- Ол адамдарға пәтер кейінірек беруге ұйғарылған еді. Сіз пәтер сұраған соң сол екуін қосып, сізге қамқорлық жасайық деген едік . . .

- Молчать!- дейді Бауыржан көзі ежірейіп, мұрты одан сайын тікірейе түсіп. - Маған мұндай қамқорлықтың керегі жоқ. Жиырма минуттан кейін маған телефон соғып, бұл пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз. Понятно вам?!

- Түсінікті, түсінікті жолдас Момышұлы. Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі
Романда Тана қыз даралық қырымен танылатын образ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Әкім Тарази повестеріндегі кейіпкерлердің адамгершілік әлемі
Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
Ақиқат пен аңыз
Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz