Психология пәнінің мақсаты, міндеттер


1. Психология пәнінің мақсаты, міндеттер.
Жалпы психология - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі. .
Жалпы психология антикалық кезеңнен бастау алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыптасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.
Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне - бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.
Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; 2) әр - түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.
2. Психологияның даму тарихы.
Психология ғылымының тарихи дамуы
Әлемдік психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы екі кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельдің (348-322) басталатын ілкі тарих.
Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғұламалар, атап айтқанда Герофильд, Эрасизтрат, Гиппократ, Демокрит, гален, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Руссо, Дидро, Кант, Гегель және т. б. психологияның өз алдына дербес отау тігіп, ғылым ретінде өте беріде, яғни 1879 жылдан басталады.
Сол жылы неміс ғылымы Вильгелм Вуннд (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыщ лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына жол ашты.
Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді тағы басқа ақын-жыраулар мен ғұлама - ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады.
Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында тұңғыш ре психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды.
Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының тарихы», Т. Жүкештің «Ұлттық психологияның сипаты»тағы басқа толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр.
3 . Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілеттілік, дарындылық, таланттылық, данышпандық. Бейімділік пен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастыруды жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі. . Ал интеллектуалдық қабілет бейімділігі ең әуелі ми қызме-тінде - үлкен немесе кіші қозуы, жүйке үрдісінің жылжымалылығы, уақтылы байланыстарды қүрастырудың жылдамдылығы және т. б, яғни И. П. Павлов генотип деп атаған жүйке жүйесінің тума ерекшеліктерімен айқындалады. Бүл қасиеттерге мыналар жатады:
- қоздыруға қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни қарқынды және жиі қайталанатын жүктемеге, оның белгілі шекте тежеуді болдырмай, үзақ мерзімге төзіп тура алатын қабілеттілік;
- тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни үзақ және жиі кайталанатын тежеу әсеріне төзіп тура алатын қабілеттілік;
- қоздыру және тежеу әсерінің жауабына жүйке жүйесінің біркелкі реактивтікте анықталатьін қоздыруға және тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің салмақтылығы;
- қоздыру немесе тежеудің жүйке процесіндегі пайда болу мен тоқтатылудың жылдамдығы бойынша бағаланатын жүйке жүйесінің түрақсыздығы.
Қазіргі уақытта дифференциалды психологияда, көбінесе В. Д. Небылицын үсынған адам жүйке жүйесінің қасиеттерінің 12 өлшемдік жіктелінуі қолданылады. Оған 8 бастапқы қасиет (қоздыру мен тежеуге қатысы бойынша қозғалмалылығы жөне түрақсыз-дығы, жылжымапылығы, күші) жене 4 екінші деңгейлі қасиет (осы негізгі қасиетгер бойынша салмақтылық) жатады. Аталмыш қасиет-тер барлық жүйке жүйесіндегі (оның жалпы қасиеті) сияқты, жеке-ленген анализаторларға да (парциалды қасиет) қатыса алатындығы дәлелденген. Адамда белгілі бір бейімділіктің болуы онда сол немесе басқа қабілеттіліктің дамитынын білдірмейтіндігін атап өткен жөн. Мысалы, музыкалық шығармашылықты дамыту үшін елеулі алғы шарты нәзік есту қабілеті болып табылады. Демек, адамның бейімділіктері қандай дөрежеде дамуы оның дербес ерекшелегінің жағдайына байланысты болады. Спецификалық емес бейімдеулер. Адамда бейімділіктің белгілі бір түрінің болуы, оның негізінде қолайлы жағдайда қандай да бір нақтылы қабілет міндетті дамуы тиіс дегенді білдірмейді. Сол бір бейімділіктің негізінде үсынылатын әрекеттің, талаптың сипатына қарай эр түрлі қабілеттілік дамуы мүмкін. Солай, ырғақты жақсы сезетін және жақсы естуі басым адам, музыкалық орындаушы, дирижер, биші, әнші, музыкалық сыншы, педагог, сазгер және т. б. болуы мүмкін. Сонымен қатар бейімділік болашақ қабілетгің сипатына әсерсіз деп тануға болмайды. Есту анализаторыньщ өзгешелігі аталмыш анализатордың ерекше даму деңгейін талап ететін қабшеттерде айтылады. Біз осыдан әлеуметтік елеулі дәрежелі қабілеттілік адамның нақтьшы әрекет барысында қалыптасады деген тұжырым жасаймыз. Қабілет даму үшін жағдайдың бар және жоқ болуына байланысты, олар потенциалды және өзекті болуы мүмкін. Потенциалды қабілет нақтылы әрекет түрінде іске асырыл-майтын, бірақ тиесілі әлеуметтік жағдайды өзгерткенде өзектендіруге қабілетті болуымен түсіндіріледі. Қағида бойынша, өзекті қабілетке тура сол сәтте нақтылы әрекет түрінде іске асырылуға қажеттілер жатады. Потенциалды жэне өзекті қабілетгер адамның қабілетін дамытатын әлеуметтік жағдайлар сипатының жанама көрсеткіші ретінде бой көрсетеді. Дәл сол әлеуметтік жағдай сипаттары потенциалды қабілеттің дамуына мүмкіндік туғызады немесе кедергі келтіреді, олардың өзектіге айналуын қамтамасыз етеді немесе қамтамасыз етпейді. Екінші жағынан, кез келген нақты қабілеттің қүрылымына іс-әрекеттің сан алуан түрлері мен арнайы қасиеттерінің талаптарына жауап беретін, іс-әрекеттің тек қана бір түрін табыспен қамтамасыз ететін әмбебап және жалпы қасиеттер жатады.
- пәнге белсенді, оң қатынасы, онымен шүғылдануға икемділігі, қүмартып әуестенуде дамудың жоғары деңгейіне өтуі;
- мінездің кейбір белгілері, ең өуелі еңбексүйгіштік, үйымдас-тырушылық, дербестік, мақсаттылык, табандылық, сонымен коса, түрақты интеллектуалды сезім;
- әрекет барысында орындалуына қолайлы психикалық жағдайдың болуы;
- сол салага қатысты белгілі білім, іскерлік және дағдының қоры;
- сенсорлық және ақыл-ой орталарында аталмыш әрекеттің дербес психологиялық ерекшеліктерінің талаптарына жауап беруі. Қасиеттің соңғы тобы табыстьшықты тек қана нақты әрекетте анықтайтын спецификалық болып табылады. Бүл қасиеттер, ең алдымен басқа салаларда қабілеттіліктердің айқындалуымен байла-ныссыз жөне арнайы ортада айқындалатындығымен түсіндіріледі. Мәселен, биографиялық мөліметтер бойынша А. С. Пушкин лицейде математикаға көп тер төккенімен, елеулі жетістік көрсеткен жоқ; Д. И. Менделеев мектепте математика жөне физика саласында зор жетістіктерімен өзгешеленіп, ал тіл сабақтарында толық «бірлікке» иелік еткен. Сонымен коса, арнайы қабілетке музыкалық, одеби, сахналық жөне т. б. жатқызу қажет. Қабілет дамуының келесі деңгейі дарын-дылық болып табылады. Дарындылық адамды қандай да бір өрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сөйкестігі деп аталады. Дарынды адамдардың дербес ерекшелігі, қызығушылығы бағыт-тылықта басты кейіпте білінеді. Мәселен, бір адамдар математи-каға, келесісі тарихқа, үшіншісі қоғамдық жүмысқа тоқталып жатады. Қабілеттің ары қарай дамуы нақтылы әрекетте өтеді. Қабілет қүрылымында компоненттерді екі топқа белуге бола-тынын атап өту жөн. Бірі жетекшілік жағдаймен шүғылданса, келесісі көмекші болып табылады. Суретшілік қабілет қүрылымында жетекші қасиет көруші анализатордың жоғары табиғи сезімталдығы сызық, пропорция, формалар, сәуле мен көлеңке, колорит, ырғақты сезу және суретші қолының сенсомоторлық қасиеті, жоғары дамыған есте сақтау және т. б. болады. Көмекші қасиеттерге көркемдік елестету, эмоционалды көңіл күй, салатын суретіне эмоционалды қатысы және т. б. жатқызуға болады. Қабілеттің жетекші және көмекші қасиеттері әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін бірлікті жасайды. Алайда қабілет қүрылымы - бүл өте икемді қүрылыс. Жетекші жөне көмекші қасиеттерінің сәйкестігі эр түрлі адамдарда нақты қабілеттіліктері бірдей емес. Адам да қандай қасиеттің жетекші болатына байланысты әрекетті орындауға қажетті көмекші қасиеттердің қалыптасуына өтеді. Сонымен қоса, тіпті, қандай қызметтің шеңберіңде де адамдар аталмыш өрекетті біркелкі табысты орындауға мүмкіндік беретін, кемшіліктердің орнын толтыратын өр түрлі қасиеттің сөйкестігін игере алады. Қабілеттің білінуі әрқашан қатаң дербес жөне көбіне сирек үшырасады. Сондықтан адамдардың дарындылығын қиюластыру, тіптен бірдей әрекетпен шүғылданатын нақтылы көрсеткіштер жиынтығын үсыну мүмкін емес. Эр түрлі психодиагностикалық әдІстің көмегімен қандай да қабілеттіліктің болуын қалыптас-тыруға және олардьщ дамуының салыстырмалы деңгейін анықтауға боладыАдам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі - талант. Талант - бүл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет. Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес. Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталады. Данышпандық туралы адамның шығармашьшық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді қүрастырғанда айтьшады. Данышпан адамдар өте аз. Барлық бесмынжылдық өркениет тарихыңда небәрі 400-ден астам ғана данышпан бар деп саналады. Данышпан-дықты сипаттайтын дарындылықтың жоғары деңгейі әрекеттің өр түрлі салаларындағы сиректілігімен шарасыз байланысты. Лайықты әмбебептылыққа қол жеткізген данышпандар арасында Аристотель, Леонардо да Винчи, Р. Декарт, Г. ВЛейбниц, М. В. Ломоносовтарды атауға болады. Мысалы, М. В. Ломоносов білімнің өр түрлі салаларыңда: химия, астрономия, математика, сонымен қатар суретші, поэзияны күшті білген, өдебиетші, тілші болтан, жетістіктерге қол жеткізген. Алайда бүл данышпандардың барлық дербес қасиеттері бірдей дәрежеде дамыды деуге келмейді. Данышпандықтың өзіндік "профилі" болады, қандай да бір жағы онымен басым болса, кейбір қабілеттерде айқынырақ болып жатады.
4. Психология пәні және оны зерттеу әдістері. Психология- психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан жақты ажыратуға болады. Осы мәселесін ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы - сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұіғыш келген жеріежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан) , екіншісі - «логос» (сөз, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Жантануда адамның псмхмкалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістерінің біріне байқау әдісі жатады. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Зерттелінетін обьектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, магнитофон қолдану. Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабараториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді бұларға жеке жеке тоқталып өтейік. Лабараториялық тәжірибе . Неміс ғаламы Вунд психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лабаратория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту иіс түйсіктерін зерттеу үшңн тәжірибені пайдаланады. Тәжиребенің екінші бір түрі - табиғи эксперимент деп аталынады. Байқау әдісінен айырмашылығы, мұндв тәжірибе жүргізуші өзіне құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Психологияда бқл айтылғандардан басқа әдістер бар. Қосалқы әдістер.
5. Психологиядағы тұлға мәселесі.
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу, дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасытек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, даралық, субьект, жеке даралық) . Тұлғаның ғылыми - психологиялық бағытының тұлғаны танудағы философия, дін, өнерден айырмашылық ерекшеліктері.
Тұлға туралы түсінік. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға - єлеуметтік индивид. Тұлға - қоғамдық жүріс-тұрыстың, өмірлік жолдың субъектісі. Тұлға писхикалық құбылыстардң интеграторы.
Тұлғадағы жеке даралық және әлеуметтік - типтің арақатынасы. Базалық тұлға түсінігі. Тұлға типологиясы (А. Ф. Лазурский, Э. Шпрангер, К. Г. Юнг) .
Тұлға дифференциалды, жас ерекшелік, єлеуметтік, медициналық, педагогикалық, спорт психологиясы. Психологиядағы тұлғаны зерттеу єдістері. Тұлғаны ғылыми зерттеу еркекшеліктері, психологтың этикасы жєне танымның объективтілігі. Табиғи эксперимент, бақылау, өзін-өзі бақылау, проективті және биографиялық әдістер тұлғаны зерттеуде маңыздырақ болып табылады. Тұлға психологиясындағы қалыптастырушы эксперименттің мүмкіндіктері. Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға құрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мєртебесі, әлеуметтік қызмет- рөлдері, єлеуметтік жүріс-тұрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға қ±рылымындағы интеллект жєне қабілеттілік. Қасиеттер женке адам қ±рылымын талдау элементі ретінде. Т±лға құрылымындағы факторлық бағыт (Р. Кэттел, Н. Айзенк, Дж. Гильфорд) . Тұлғалық конструкт - тұлға құрылымының элементі болып табылады. Тұлға құрылымындагы когнитивті бағыттағы жалпы сипаттама (Г. Келли, Ф. Франселла, Д. Баннистер) .
З. Фрейд, К. Г. Юнг, А. Адлер психоаналтикалық теорияларындағы тұлға құрылымының көрінісі.
Қатынас тұлға құрылымының элемиенті ретінде. А. Ф. Лазурский концепциясындағы тұлға құрылымы. В. И. Мясищев, Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн концепцияларындағы жеке адам құрылымы. Оның іс-єрекет құрылымынан жєне мотивтерінен өндірілуі. Тұлға құрылымндағы мағыналық қалыптасу.
Даралық мєселесі (Б. Г. Ананьев) . Даралық тұлға бірлігі, оның өзіндік реттелу деңгейлері. Даралық іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде творчество субъектісі ретінде. Тұлғалық - жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік. В. С. Мерлин интегралды жеке даралық туралы.
Теплов - В. Д. Небылицын мектептеріндегі даралықтың психофизиологиялық негіздері. Темперамент - психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды - динамикалық қасиеттері. Темпераменттің мінез-құлықты реттеудегі рµлі. Темперамент жєне мінез жайлы В. С. Мерлин мектебіндегі зерттеулер.
Мінез - тұлғадағы әлеуметтік - типтік жєне жеке даралық ерекшеліктің бірлігі. Мінез-құрылымы. Коммуникативті, рефлексивті, эмоционалды, ерікті, мінездік, интеллектуалды қасиеттері.
әлеуметтік мінез-құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі, оның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасын формасы ретінде кµрінеді. Қылық - тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқының бірлігі.
Әлеуметтік мінез-құлықтың сыртқы (жағдайаттық пен орта) және ішкі (өзіндік жекелік) детерминациялары. К. Левин бойынша психологиялық өрісте тепе-тең әрекеттеуші күш ретінде. Тұлғаның мінез-құлқын реттеудегі әлеуметтік норма, әлеуметтік бағдар, саналы қатынас. Тұлғаның өмірлік мақсаты - жоспары, бағдарламалары және стратегиялары. Тұлға белсенділігінің психологиясы. Тұлғаның жауапкершілігі жєне инициативасы (К. А. Абульхпнова, А. В. Брушлинский, С. В. Рубинштейн) .
6. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері.
Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: « . . . барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби) . Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мүның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бһіріп, оның іжері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне түңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
Қиял түрлері
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
7. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz