Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Ақша нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Ақша жүйесінің мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Монитаристердің кейнсшілерден өзгешелігі сол, олардың пікірінше, ақша көлемін артуы нақтылы өндіріс пен іске тартуға тікелей әсер етпейді, тек ғана жалпы баға өзгерістеріне алып келеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.
Сонымен ұлғаймалы ақша саясаты қысқа мерзімдік өндірістің ұлғаюына, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жеткізгенімен түбінде өндірістің тоқырауы мен жұмыссыздықтың ұлғаюына алып келеді. Сондықтан да монетаристер ақша айналымы мен мөлшерін реттеудің дискреттік (үзілмелі) саясатының орнына ақша эмиссиясын шектеу саясатын ұсынады. Мұның мәні ұзақ мерзімдік өндіріс динамикасының тенденциясын ақша көлемі мен ақшаның айналу жылдамдығын ескере отырып, ақша мөлшерінің қарқынын тұрақты реттеу саясаты.
Ақша көлемі мен айналымын қатаң салыстырмалы бағалар құрылымының сәйкестенуін арттырып, осыдан жалпы іске тартылудың өзгеруі және сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық деңгейіне игі әсер етеді. Тұрақты баға деңгейімен үйлестірілген жалақыға сенімнің артуы шаруашылық ұйымдарына экономикалық негізді және тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Жаңа классиктердің орталық идеяларының бірі экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, экономикалық процестерді өз беттерінше болжай алады және үйлесімді шешімдер қабылдайды. Экономикалық обьектілер баға денгейінің болашағын болжай отырып, ағымдағы және келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бұл жерде тұтынушылар пайдалылықты ұлғайтуға тырысады. Әрине, экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді әр қилы бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы мүмкін. Мысалы, өндірушілер бағалардың жалпы өсуін нақты тауарға сұраныстың артуы деп түсініп, тауарлар ұсынысын көбейтуі мүмкін. Бұл қателік жаппай сипат алса, белгілі бір мерзімнен кейін жалпы ұсыныс, жалпы сұраныстан артып кетеді. Ал мұның өзі құбылысқа айналса, өндірістің қысқаруына алып келеді

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория – Алматы, 2002 жыл.
2. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев. Экономикалық теория негіздері – Алматы, 1998 жыл.
3. Н. Крымов. Ақша, несие және инфляция – Алматы, 2003 жыл.
4. Н. Әлібеков, Г. Жантаева. Экономика – Алматы, 2004 жыл.
5. Б. Күзенбаев, Е. Оспанбеков, Н. Қайыржанова. Ақша нарықтары – Алматы, 2003 жыл.
6. Д. Саденов, С. Смағұлов. Нарықтық экономика – Алматы, 1999 жыл.
7. Н. Нұрмаханов, Ә. Елусізова. Экономика және бизнес – Алматы, 2003 жыл.

Бет
КІРІСПЕ 2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . 4
1 Ақша нарығы 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
... ... ... ... ... ... ... 22
1.1. Ақша жүйесінің мәні және түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1.2. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса
маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық
әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге
немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу
өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ,
жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық
қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып,
экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру
қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық
үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы
қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің
төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал
етеді.
Монитаристердің кейнсшілерден өзгешелігі сол, олардың пікірінше, ақша
көлемін артуы нақтылы өндіріс пен іске тартуға тікелей әсер етпейді, тек
ғана жалпы баға өзгерістеріне алып келеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне
мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша
мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім
деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша
табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті
ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың
нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен
өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде
теңеседі.
Сонымен ұлғаймалы ақша саясаты қысқа мерзімдік өндірістің ұлғаюына,
жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жеткізгенімен түбінде өндірістің
тоқырауы мен жұмыссыздықтың ұлғаюына алып келеді. Сондықтан да монетаристер
ақша айналымы мен мөлшерін реттеудің дискреттік (үзілмелі) саясатының
орнына ақша эмиссиясын шектеу саясатын ұсынады. Мұның мәні ұзақ мерзімдік
өндіріс динамикасының тенденциясын ақша көлемі мен ақшаның айналу
жылдамдығын ескере отырып, ақша мөлшерінің қарқынын тұрақты реттеу саясаты.
Ақша көлемі мен айналымын қатаң салыстырмалы бағалар құрылымының
сәйкестенуін арттырып, осыдан жалпы іске тартылудың өзгеруі және сұраныс
пен ұсыныстың құрылымдық деңгейіне игі әсер етеді. Тұрақты баға деңгейімен
үйлестірілген жалақыға сенімнің артуы шаруашылық ұйымдарына экономикалық
негізді және тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Жаңа классиктердің орталық идеяларының бірі экономикалық объектілер
қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, экономикалық процестерді өз
беттерінше болжай алады және үйлесімді шешімдер қабылдайды. Экономикалық
обьектілер баға денгейінің болашағын болжай отырып, ағымдағы және
келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бұл жерде тұтынушылар пайдалылықты
ұлғайтуға тырысады. Әрине, экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді
әр қилы бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы мүмкін. Мысалы,
өндірушілер бағалардың жалпы өсуін нақты тауарға сұраныстың артуы деп
түсініп, тауарлар ұсынысын көбейтуі мүмкін. Бұл қателік жаппай сипат алса,
белгілі бір мерзімнен кейін жалпы ұсыныс, жалпы сұраныстан артып кетеді. Ал
мұның өзі құбылысқа айналса, өндірістің қысқаруына алып келеді.
1 АҚША НАРЫҒЫ
1.1 Ақша жүйесінің мәні және түрлері
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму
кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының
басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, иена, крона
және т. б ) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары
белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол
айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде
бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Меттал ақшалар аиналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс
монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін
атқарады.
2. Несие және қағаз аұша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға
айырбастала алмайды, алтының өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және
монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті
пайдалану негізінде 16-19 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. 19
ғасырдың соңында куміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол
құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды
шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметтализмді монометаллизм мұнда ақша материалы
болып, бір ғана металл – алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары
осы металға еркін айырбасталады.
Монометаллизмнің үш тірі белгілі: біріншісі- алтын монеталы стандарт.
Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие
ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады. Екіншісі- алтын кесек
стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде
енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол
өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшінші- алтын
девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда
банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады.
1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм
дәуірін тоқтатты.
20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша
жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие
ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның аиырбастан кетуі, банкнотты алтынға
айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығаруы; жеке
кәсіпкерлерге, мемлектке несие беру мақсатында ақша эммисиясын күшейту;
қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік
реттеу.
Қазіргі кезде қағаз бен несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз
билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы – халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын
қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда,
кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымының белсенді – активті бөлігіне шаруашылыққа нақты
қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының
есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін
атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және
ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас
монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен
(25%-тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған
рыноктық экокномикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік
ақшаға чектер, несие карточкалары және т.б. жатады. Аталған есеп айырысу
құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып
алушы чекпен несие карточкасы арқылы банктерге өз депоизитінен қажетті
сомманы сатушының есепшотына аударады немесе қолма қол беруді бұйырады.
Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде
пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі
мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұймдарын
қаржылар, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар
туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненнтері квази-ақша деп
аталады. Ақша айналымы құрылымдағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін
бөлігі де осы квази-ақшалар.
Профессор П.Самуельсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады.
Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды қандай
болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және
құнын жоғалтпай ақша түрінде айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің
ең өтімді түрі – ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен
тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға –
үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды мұздатылған құралдар деп
атайды) жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымды мынадай
компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп
атайды. М1 – мағынасындағы ақшаны басқаша ескерлік ақша деп атайды. Бұл
қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және
банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есепшоттағы
депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады.
М2 – кең мағынадағы ақша, ол М1-дің барлық компоненттерін қамтиды және
коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған
финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың
иелері ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары проценттік табыс табады,
бірақ олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан
мерзімдік жинақ есепшоттағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары
ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп
айырысуға жарамды, М1 және М2-лердің айырмашылығы М2-квази-ақшалар бар,
оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.
Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегттары есептелмеді және
пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-
ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі
категорияларды ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына
негіздельді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзак мерзімді қарыз
капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар.
Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға
жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды
сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты
ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде
мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.
12-кесте АҚШ-та ақша агрегаттары мен өлшемді ақша айналымының
динамикасының өзгерісі көрсетілген.
Кесте 1 – АҚШ-тағы ақша массасы және оның жылдық
өсу қарқыны, млрд. долл.
жыл М1М2 М1 Өсімі % М2 Өсімі %
1960 45,4 141,8 0,6 312,3 4,9
1970 34,4 216,6 5,2 626,2 6,6
1980 25,4 414,8 6,6 1631,4 8,9
1981 24,6 441,8 6,5 1794,4 10,0
1982 24,6 480,8 8,8 1954,9 8,9
1983 24,1 528,0 9,8 2188,8 12,0
1984 23,5 558,5 5,8 2371,7 8,4
1985 23,4 626,3 12,1 2654,1 8,1
Бұл деректер АҚШ-та 1960-1985 жылдар арасында ақша массасының едәуір
өскенін көрсетеді. Осы кезде М1 көлемі 44 есеге, ал М2 көлемі 8,5 есеге
артқан, демек квази-ақшалардың өсу қарқыны қолма-қол ақшалардан әлдеқайда
жоғары болған.
Ақша массасы көлемінің тез ұлғаюы себебі неде?
Бұл процесс қалай жүреді? Бұл сұрақтардың жауабы мынада: мемлекеттік
банктің эмиссиялық қызметінен тыс ақша массасының өсуі коммерциялық
банктердің несие беруін кенейту есебінең жүреді. Банктер жаңа ақшалар
шығарады, ол қарыз беру деңгейінен көрінеді және, керісінше, ақша массасы
қысқарады, ол банкке бұрын алған ақшаларын қайтару кезінде байқалады.
Банктің жаңа ақша жасау процесін кенірек мына мысалдан көруге болады. Нью-
Йорктегі Нэшнлсити банктің 100 мың дана активі бар делік. Мұның жартысын
банк қор ретінде сақтауы тиіс, оны ағымдағы шығындары үшін пайдалануына
болады, бірақ ол төленбеген сұраныс қаупін азайту үшін керек. Резерв
қорының ең аз мөлшері АҚШ-та заң бойынша тағайындалады және ол шешуші
–реттеуші рөл атқарады (активтегі резерв үлесі 3 тен 20 процентке дейін
болады). Егер резерв дәрежесі 10 процент болса, Нэшнлсити банк
клиенттерге қарызды 90 мың долл. Көлемінде береді, ал 10 мың доллар резерв
қорына қалады. Қарыз бергенде банк сомманы ағымдағы есепке аударады, оны
клиент кез келген уақытта пайдаланады немесе қолма-қол төлейді. Банк
әрекетінің нәтижесі 90 мың долллар көлеміндегі жаңа ақшалардың пайда
болуынан көрінеді. Банктен ағымдағы есепке аудару немесе қолма-қол беру
арқылы 90мың доллар алынып клиентке беріледі. Резервтік ереженің мүлтіксіз
орындалуын орталық банк (АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі) қадағалап
отырады. Сонымен қатар қарыз мерзімі бітіп, 90 мың долларды клиент банкке
қайтарғанда, айналымдағы ақша саны сонша көлемде кемитінін де ескеру керек.
Банк жүйесінен тыс ақшалар ғана ақша массасын көбейтуге қатыса алады.
Алайда жаңа ақша жасау процесі мұнымен аяқталмайды. Осы бағытта Нэшнлсити
банкісі депозитіндегі алғашқы ақшаның соммасы ең сонында
мультипликациондық нәтиже арқылы жаңа ақша қорының жасуына әкеледі. Айталық
Нэшнлсити банктің 90 мың доллар алған клиенттері бұл ақшаларды тауар және
қызмет көрсеткен әр түрлі нақты адамдарға төлейді, ал олар түскен ақшаларды
Ферст трест банкінің депозитінде қалдырды делік. Банктегі депозиттердің
өсуі оғон жаңа қарыздар беруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар резервке
депозит соммасының 10% дейін жіберу керек (9 мың доллар) . Демек 81 мың
доллар көлемінде жаңа қарыз берілген, ал жалпы ақша массасының өсуі (екі
банк операциясын қоса есептегенде) 171 мың долларға тең болады.
Келесі кезеңде төлем ретінде 81 мың доллар алған кісілер тағы да оларды
Сити-трест банк депозитіне салады, ал енді берілетің қарыздың көлемін
72,9 мың долларға ұлғайтады (81 мың доллар резерв қорында қалады деп
есептегенде). Ал бұл банктер жасаған жаңа ақша соммасын 243,9 мың долларға
көбейтеді. Әңгіменің қисыны мынадай қорытындыға әкеледі: банктердің жаңа
ақша жасау процесі жалғаса береді, бірақ белгілі шамаға дейін бұл процесс
банктің депозиттер ұлғаюының мультипликациондық әсерін сипаттайды және оны
резервтік талапты ескере отырып есептейді.
Банктік депозиттердің ұлғаюы шегі:
100 мың долл. + 90 мың долл. + 81 мың долл. + ... -100мың долл.
Сонымен, резерв ережесінің 10% деңгейндегі 100 мың доллар алғашқы
депозит ақша массасының ұлғаюы мультипликациондық тиімділікті 1 млн
долларға жеткізеді.
Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшаларымен ұлғаюы нақты бақылау
мен ақша ұсыну мультипликаторлары немесе банктік мультипликатор (m) арқылы
жүреді.
Ол мына формуламен есептеледі m= 1r*100 мұндағы r- түріндегі міндетті
резервтік норма % немесе m=Mk мұндағы М- депозиттердің өсуі, R-
резервтердің өсуі.
Біздің мысалымызда m=10, резервтегі әрбір доллар депозиттінің 10
долларға өсуіне әкеледі. Демек, мультипликатордың көлемі міндетті резервтік
талаптарға кері тәуелділікте. Егер резервтің ставкалары 5 процентке
төменднсе, онда m=20, ал 20проценке көтерілсе m=5-ке төмендейді.
Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық әсерінің
нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланысты,
өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел қайтарылмай
қолма-қол ақша ретінде де жүре береді. Біздің мысалымызда клиенттердің
ағымдағы есепшоттан алғандары ескерілмецді, ал олар банктердің қарыз беру
мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу
жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әсер етеді. Мысалы,
коммерциялық банктің федералдық резерв жүйесінен 1000 доллар құны бар
мемлекеттік облигацияны сатып алу банктің резервтік ресурсын осы соммаға
азайтады, нәтижесінде 10 мың доллар банктік депозиттің жойылуына әкеледі
(10проценттік резерв ставкасында).
Банктердің жаңа ақша жасауларының демек, ақша массасының өзгеруінің
негізгі факторларына мыналар жатады: резерв ставкасының ең төменгі мөлшері
және заемщиктер тарапынан жаңа қарыз алуға деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы
тұтқаларды пайдалана отырып, мемлекеттік банктің ақша массасы көлемін қалай
ретейтінің көрсетеміз.
1.2 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір
пропорциялардың болуын қалацды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға дегн
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының
мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды
ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы
теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық
мекткптің монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда
болғанан көрсетеді.
Ақша деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге
сүйеніп, 18 ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында үстіміздегі
ғасырдың 30-40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық
теориясының ұсынастырын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын
ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршал, А. Пигу, К.
Виксель, Д. Патанкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б.
Хансен. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго
мектебі ғалымдарының 50-60 жылдардағы еңбектерінен көрінеді. (М. Фридмен,
К. Брунчер, А. Х. мельтцер).
Монетаристер экономиканы даиытуда ақшаның рөліне үлкен мән берді.
Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының
маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны – ақшаның маңызы бар (moneg
matters) ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды (money is all that
matters). Кейінірек қазіргі монетвристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс
теориясының негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және
монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен
неоклассикалық вариандық сандық теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның
негізгі пастулаты (жорамалы) мынала: бағаның абсолютті деңгейі номиналды
ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда, ақшаны көп ұсынған
сайын, бағаның деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік
белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын
ғалымдары А. Маршалл, А. Пиггу, Д. Робертен бұл теңдікті былай қисындайды:
M-S = KPY
Мұнда М-s – ақшаның номиналды саны: к – номиналды табыс пен қажетті ақша
қалдықтары (шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы
пропорция P- бғаның абсолютті деңгейі, Y – нақты табыс.
Егер K мен Y - өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есептесек, онда ақшаның
номиналды санының өзгеруі M-S бағаның абсолютті деңгейінің өзгеруі әкеледі
деген қорытынды жасауға болады.
Американ профессоры И. Фишер өзінің Ақшаның сатып алу күші (1991)
деген кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп
шығарады: M-SV=PY дағы V – ақша айналымының жылдамдығы. Осындай
жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда қозғалыс жасайды.
Теңдіктің екі бөлігін V-ге бөлсек, мына формуланы аламыз: Демек,
V мөлшері кембридж формуласындағы k мөлшеріне кері әсері бар. Бұл қисын
былай түсіндіріледі: егер индивидтер аз ақша қалдықтарына сақтаса (k-төмен)
онда сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымының жылдамдығын арттыру
керек (V жоғары).
Ақшаға сұраныстың неоклассикалық теорися математикалық тұрғыдан үш
теңдік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз байланыста
(толығырақ қараңыз: Харрис Л. Денежная теория. М., 1990; 137-бет).
Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша қалдығына сұранысты суреттейді:
M2 = KPY
Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды: MS = M-S
Үшіншіден, бұл теңдеу нарықтағы теңдіктің жағдайларын көрсетеді: MS =
MД яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс оның рыноктағы тепе-теңдігін
сақтайтындай жоспарланған ұысынысына сәйкес болуы қажет.
Демек, ноеклассиктердің түсінігінде ақша рыногының макроэкономикалық
үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс
дәрежесінің қызметі (PY), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер, яғни
ақшаға сұраныстан тыс бөлек тағайындалады.
График түрінде бұл үлгіні былай көрсетуге болады.
MSMS – ақшаны ұсыну қисық сызығы.
ОМД – ақшаға сұраныстың қисық сызығы.
Суретте ақшаға сұраныстың (М) баға дәрежесіне тәуелділігі (Р)
бейнеленген. Баға дәрежесі өскен сайын ақшаға да сұраныс ұлғаяды. Ақшаға
сұраныстың қисық сызығы табыстың деңгейімен (Ү) байланысты. Ол толық
жұмыспен қамтылған жағдайда бекітілген. Табыстардың өсуі ақшаға деген
сұраныстың үлкен жұмсақтылығына, икемділігіне әкеледі, ол суретте сұраныс
қисық сызығының көп жазықтығымен көрсетілген. Ақшаға сұраныс қисық сызығы
MSMS, тіке сызылған, өйткені баға дәрежесіне байланысты емес.
Баға РА – деңгейінде тағайындалға ақшаға сұраныс пен оны ұсынудың қисық
сызығы қиылысқан нүктесінде ақша рыногының неоклассикалық үлгісі теңдік
жағдайда болады. Егер баға жалпы деңгйлік РВ көлеміне дейін төмендесе, онда
тең MS=MS, артық ақша ұсынысы шығады.
Мұндай жағдайда ақша құнсызданып, бағалар өсіп РА деңгейіне
жақындайды. Сөйтіп, рынокта теңдік орнату тенденциясы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz