Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері.

Диплом жұмысының көлемі : 47 бет.

Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 33

Тірек сөздер: диалектология, диалект, говор, сөйленіс.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тілінің диалектілерге топтастырылуы кезінде қолдан қалыптастырылған күрделі мәселелердің сырларын ашу.

Диплом жұмысының міндеттері:

• қазақ диалектологиясының зерттелу сипаты реттілікпен жіктеліп көрсетілді;

қазақ диалектологиясының зерттелу сипатын көрсету;

• жергілікті ерекшелігі бар сөздердің қазақ тілінің нормалануы мен баюына тигізетін маңызын айқындау;

•қазақ әдеби тілі лексикасын толықтырып, әр алуан қажеттіліктерін өтеуге жарайтын диалектілерді анықтау;

Диплом жұмысы барысында қолданылған әдіс-тәсілдер - сипаттама, салыстыру, бақылау әдістері.

Зерттеудің дерек көзі ретінде отандық ғалымдардың 30-ға жуық еңбектері аталған тақырыпты зерттеуге негіз болды.

Алынған нәтижелер: «Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері» тақырыбын зерттеу және толыққанды ашу мақсатында сауалнама нәтижелерімен.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . ……… . . . 4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Қазақ диалектологиясының зерттелуі . 9-20
  2. Фонетикалық ерекшеліктері . . . 21-29

3. Лексикалық ерекшеліктері 30-38 4. Грамматикалық ерекшеліктері . . 39-41

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 42-44

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . 45-47

ГЛОССАРИЙ

ДИАЛЕКТОЛОГИЯ - тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы.

ДИАЛЕКТ - тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.

СӨЙЛЕНІС - жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.

ДӘСТҮРЛІ ДИАЛЕКТІЛІК ҚҰБЫЛЫСТАР -ертеден келе жатқан, көне тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер.

ДӘСТҮРСІЗ ДИАЛЕКТІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР - сөйленістерде кейінгі замандарда пайда болған, қоспа ретінде басқа тілдерден енген не кейін жұрнақ пен тіркес арқылы жасалған сөздер

СӘЙКЕСТІ ДИАЛЕКТІЛЕР - әртүрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер.

СӘЙКЕССІЗ ДИАЛЕКТИЗМДЕР - белгілі бір сөйленісте қолданылған сөздердің түрлі географиялық немесе шаруашылық, әдет-ғұрып жағдайларына байланысты басқа сөйленістерде ұғым жағынан сәйкес сөзі болмауы.

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР - кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, дыбыстардың жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты ерекшеліктер.

ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР - сөздердің тұлғаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшеліктерімен байланысты.

ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР - бір нәрсенің атауы не оның сын-сапа қимылының әр жерде әртүрлі аталуымен байланысты.

ДИАЛЕКТІЛІК АРХАИЗМДЕР - әр жерде әртүрлі айтылып, кейін бар заттардың ұғымдардың, ескі әдет-ғұрыптардың бірте-бірте жойылуымен байланысты оның аттары да сирек қолданылып, бірте-бірте ұмыт болып бара жатқан сөздер мен сөз тіркестері

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Жұмыста жергілікті тіл элементтерінің әдеби нормаға қатысы, әдеби тілге ену әлеуеті (мүмкіндігі), баспасөз бен көркем әдебиеттегі орны, қызметі; қазақ тілінде диалектілердің болуы не болмауы, болса оның дәрежесі қандай деген секілді көкейтесті мәселелер ғылыми тұрғыдан қайта сараланып отыр. Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның табиғатымен үйлестіру, сол арқылы барша жұртқа ортақ нормаға қол жеткізу қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - қазақ тілінің диалектілерге топтастырылуы кезінде қолдан қалыптастырылған күрделі мәселелердің сырларын ашу, біртұтас монолитті тілді диалектілерге топтастырудың салдарынан тіліміздің мүмкіндігінің қаншалықты төмендегенін анықтау, жергілікті сипатқа ие, бірақ сөздік қорды байыту әлеуеті жоғары сөздерді қолданысқа енгізудің жолдарын қарастыру. Сонымен қатар, жергілікті тіл ерекшеліктерінің жұмсалуының қазіргі қазақ көркем әдебиет, баспасөз тіліндегі көрінісін, өріс алу бағытын анықтау. Осы мақсат үдесінен шығу үшін мынандай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

• жазушылардың жергілікті тіл ерекшеліктерін уәжді-уәжсіз қолдануын анықтау;

• әдеби тілде жоқ бірліктердің орнына жергілікті сөздердің қолданылу көрсеткіштерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл білімінің сөздік қоры мен мұрагерлік қазынасынан бастау ала отырып, бүгінгі танымдық ұстанымдарға үйлесе жалғасқан тілтаным теориясының ғылыми негіздерін анықтап талдау арқылы жұмыста төмендегідей проблемалар өз шешімін тапты:

• қазақ диалектологиясының зерттелу сипаты реттілікпен жіктеліп көрсетілді;

• жергілікті ерекшелігі бар сөздердің қазақ тілінің нормалануы мен баюына тигізетін маңызы айқындалды;

• қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер «диалект ме, говор ма?» - деген деген сұрақ төңірегіндегі пікір-көзқарастар жүйеленді;

• тілтаным теориясын жан-жақты меңгеруге ықпал ететін терминдер бір жүйеге келтіріліп, оларға ғылыми негізде түсініктеме берілді.

• қазақ әдеби тілі лексикасын толықтырып, әр алуан қажеттіліктерін өтеуге жарайтын диалектизмдер мен кәсіби сөздер қатары анықталды;

• жергілікті тіл ерекшеліктерін уәжді-уәжсіз қолдану сипаты анықталды.

Зерттеудің дерек көздері . Қазақ тіл біліміндегі тілтаным теориясының даму сипатын айқындау, оның тілдік ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап тіл ғылымы саласында дүниеге келген зерттеу жұмыстары негізге алынды. Зерттеу жұмысының дереккөздеріне: «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», «Сөздер сөйлейді», Сарыбаев Ш., Мұсабаев Ғ., Исаев С., Кеңесбаев І., «Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты кітаптары және т. б. еңбектер алынды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Жалпы тіл білімінің теориялық мәселелерін қозғай келе, қазіргі қазақ тілінің көкейтесті проблемаларды шешуге, тіл білімінің терминологиялық және сөзжасам жүйесіне ат салысады.

Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеудің нәтижелері тіл мамандарына, филология факультеттерінде лексикология, диалектология салаларының ғылыми курсы бойынша дәрістерде, сөздік жасау тәжірибесінде қолдануға болады.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жұмыста жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, жіктеу, талдау, қортындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Бұл зерттеу жұмыс әрқайсысы бірнеше тармақшалардан топталған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды тараулардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері - тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендей, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар- халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз - қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды. [1. 9б]

Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері - әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу - тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта - мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады. [1. 12 б]

Негізгі мәселеге кіріспес бұрын осы жерде мына бір жайды ескерте кетудің қисыны бар. Халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін ғылымда - диалектологияда мұндай әр өлкеге тән тіл құбылыстарын диалектілік ерекшелік деп атайды. Белгілі бір аймақтың тұрғын халқының тіліне тән диалектілік ерекшеліктер өзара ұқсас болады. Мұндай бір-біріне ұқсас құбылыстар белгілі ауданның, облыстың, яки жалпы бір территориялық аймақ халқының тілін қамтуы мүмкін. Мұндай бір жүйелі ұқсас диалектілік құбылыстары бар территорияны тіл білімінде диалект немесе говор деп атайды. Мұның қазақ тілі білімінде көбірек қолданылып жүргені - соңғы говор деген термин. [2. 25]

Атамыз қазақ: «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» - деп бекер айтпаған. Қазақ сахарасында ер құнын бір ауыз құдіретті билер сөзі шешіп отырған. Сондықтан біздің халқымыз сөзге, оның мағынасына зор көңіл бөледі, айтқан сөздерінде тұрады. Айтылған сөзді атқан оққа теңейді. Осындай ұлағатты халықтың ұрпағы болғандықтан, сөзге, оның мағынасының тіл мәдениетіне көңіл бөлемін. Сондықтан осы мәселелер жайлы айтып өтпекпін.

Өмірде болған құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Сондықтан сөз тарихы - тіл тарихымен, тіл тарихы - халық тарихымен, халық тарихы - қоғам тарихымен тығыз байланысты. [4. 18 ]

Адам баласы жаратылғаннан бастап, белгілі бір қоғамда өмір сүріп келеді. Өмір сүруге қажетті заттарды өндіруді де олар бірлесіп атқарған. Осындай бірлесіп атқарған еңбектің өзі адамзатты ойлай білуге, сөйлеуге мәжбүр еткен. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер сол халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын оның саяси әлеуметтік өмірін бүкіл күн - көріс тіршілігін, тұрмыс - салтын, мәдени - рухани өмірін, экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады. Тілдегі сөз байлығын да біздің барлық білген біліміміз, ойымыз, идеямыз, ұғымымыз сақталған. Сонымен бірге біздің барлық сезіміміз, эмоциямызға дейін осында жазылып қойған.

Қазақ халқының да көш заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып келе жатқан бай сөздік құрамы бар. Бұлар халқымыздың басынан кешкен бүкіл өмірінің шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының жақсы айнасы, куәсі деп білеміз. [4. 22]

Сөз байлығы ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бірдей бірге жоғалмай сақталып келеді. Сөз - өте күрделі құбылыс.

Сөз біткеннің бәрінде де белгілі бір мағына болады. Бұл мағына зат пен құбылысты тікелей байланыстырмағанымен, сол ұғымды білдіретін баршаға танымал ортақ, белгі ретінде жұмсалады. Мәселен, нан, сүт, ет, деген сөздерді алсақ осылардың әрқайсысының әрі нақтылы, әрі жалпылық ұғымы бар. Су деп ыдысқа құйып ішкелі тұрған немесе арықтағы ағып жатқан бау - бақша суаратын нақтылы суды да, сонымен қатар дүние жүзіндегі мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ, құдық біткеннің суын да су деп атай беруімізге болады. Сондықтан да сөз өзі қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі деп есептеледі. [4. 25 ]

Ал осы сөзді дүние жүзіндегі қазақтардың бәрі сол қалпында қолданады, бірақ тіліміздегі сөздер үнемі бұлай бола бермейді. Кейбір сөздер жергілікті тіл ерекшеліктеріне сәйкес әрі төңірек аймақтарда әр түрлі айтылып, түрліше мағынаға ие болатын да жағдайлар болады.

Ал осы (су) сөзін дүние жүзіндегі қазақтардың бәрі сол қалпында қолданады.

Осындай жағдайларға байланысты тіл білімінің диалектология деген саласы болады.

Диалектология - / диалектос - сөйлеу логос - ілім / тіліміздегі диалектілер мен говорларды зерттейді. [3. 32]

Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін тексереді.

Диалект - деген термин тілдегі жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады. [15. 41]

2. 1. Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы

Қазақ диалектологиясы - Қазан революциясынан кейін пайда болып, калыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шұғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді. Қазақтіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның зерттелу тарихында біраз өзгешелік бар. Қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық және лексикалық құрылысының жан-жақты зерттеле бастауы Кеңес дәуірінде болғанымен, олардың зерттелу тарихы революциядан бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер жасалып, қазақ тілі зерттеу нысаны бола бастаған, ал қазақ тілінің диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз. [13. 27б]

Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердің революциядан бұрынғы жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен арнайы шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер, дыбыстық, грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран пікірлер бар. Мәселен, Н. И. Ильминскийдің "Материалы к изучению киргизского наречия" деген әйгілі еңбегінде батыс аймақтағы халық тілінде ә дыбысының араб, парсы сөздерінде болмаса, сирек қолданылатыны көрсетілген. Шынында, тіл алды (жіңішке) ашық дауыстылардың сөздің екінші, үшінші буындарында қолданылуы әсіресе оңтүстік сөйленістерге тән екенін экспедиция материалдары анықтап отыр. Бұдан әрі Н. И. Ильминский ж дыбысы сөздің басында кейде түсіріліп, кейде й дыбысымен алмасатынын айтып, барып отыр (барып жатыр), бара йатыр (бара жатыр), со йерде (со жерде) сияқты мысалдар келтіреді. [13. 29б]

Батыс қазақтарының тіліндегі -улы, -улі жүрнағы өткен шақ есімшенің қызметімен барабар екендігін де айтқан болатын. Н. И. Ильминскийдің бұл еңбегінде батыс қазақтарының тіліне тән басқа да ерекшеліктер берілген. Мысалы: дырау (үлкен), манат (сом), мәстемір (қысқаш), бізің (біздің), сізің (сіздің), мызылу (сызылу), құдагай (құдағи), атанақ (кедір-бұдыр), әше (ендеше), сұнар (сонар), еркею (еркіндеу), сандалау (сандалу), суама (өсекші) т. б. сөздер кездеседі. Академик В. В. Радлов қазақ тілінің, негізінен, біртұтас екендігіне назар аударып, ондағы диалектілік ерекшеліктерге мән бермеген. Ол былай деп жазды: "Әртүрлі қырғыз (қазақ - авт. ) тайпаларының тілінде елеулі айырмашылық жоқ. Қалай болғанда да сахара-ның менің болуыма тура келген аймақтарында, яғни Ұлы жүз бен Орта жүздегі Омск мен Семейдің арасында, Бұқтырмада, Алатау округінде, Шу өзені бойында және Ташкент маңында мен оларды байқай алмадым . . . Дәл сондай-ақ сахараның Орынборға жақын батыс жағынан Ильминский мырза жинаған материалдар да шығыстағы қырғыздардың тілімен мүлде ұқсас. Сол себепті мен қырғыз әдебиетінің үлгілерін I, II томдардағыдай жер-жерге және диалектілік айырмашылықтарына қарап бастыруды қажет деп таппай, материалдарымды мазмұнына қарай бөлуді жөн көрдім". [15. 43б]

Академик В. В. Радловтың пікіріне сүйеніп, проф. А. М. Позднеев те қазақ тілінде диалектілік ерекшелік жоқ деп есептеген: "Қырғыз сахарасының ұлан-байтақ кеңістігінде қырғыз-қайсақтардын, тілі диалектілерге бөлінбейді", - дейді М. Терентьев жазған грамматикада Қазақстанның көбінесе оңтүстік аймағындағы халық тілін сипаттайтын материалдар қамтылған еңбегінің алғы сөзінде, өзінің грамматикасына Түркістан қазақтарының тілін негіз етіп алғандығын ескертеді.

А. Старчевскийді 1878 жылы басылып шыкқан кітабында батыс сөйленістерге тән төмендегідей сөздер кездеседі: аду//ату (месі), әше (ендеше), бостан (бостандық), мәстемір (қысқаш) т. б.

В. В. Катаринский грамматикасының қолжазбасын қарау үстінде Н. Ф. Катанов Тарбағатай ауданында ч, дж аффрикаттары айтылатынын байқаған. Тарбағатай ауданында болған экспедициясының материалдары Н. Ф. Катановтың бұл айтқанын растайды.

Профессор П. М. Мелиоранский алғашында казақтілінің диалект, сөйленістерге бөлінуін жоққа шығарғанымен, кейін В. Катаринскийдің грамматикасына жазған сын мақаласында бұрынғы Орынбор губерниясында қазақ, башқұрт, татар тілдері араласуынан туған сөйленістер бар екенін айтады. "Орынбор губерниясы, - деп жазады П. М. Мелиоранский, - түрколог үшін аса қызықты зерттеу орны болып табылады, өйткені оның татар, башқұрт, қырғыз аралас отырған халқында осы үш наречиеден басқа, арагідік әр түрлі ауыспалы сөйленістермен де танысуға болады. Орынбор губерниясындағы қырғыздардың тілі, олардың Батыс Сібір жеріндегі тумаластарының тіліне қарағанда, біраз басқашарақ, міне сол себепті қаралып отырған грамматикаға не Н. И. Ильминскийде, оның атақты "Материалдарында", не менде ("Қазақ тілінің қысқаша грамматикасы") көрсетілмеген, екі-үш қызық форма еніп кеткен. Олар - қырғыздарға татардың жазба тілінен енуі ықтимал келе жақ, бере жақ сияқты жекелеген формалар".

П. М. Мелиоранский сөз етіп отырған етістіктің -жақ тұлғасы батыс аймақта осы күні де қолданылады. В. Катаринский кейбір фонетикалық ерекшеліктерді байқаған. Ол жүз деген сөз кейде дүз болып (жүз көріс - дүз көріс) болып айтылатынын сөз етеді. [5. 15]

Тоқаш Бокиннің сөздігінде оңтүстік сөйленістерге тән тұма (бұлақтың көзі, қайнар), тана (тайынша), бұл (мата, тауар), қамчы (камшы), маңлай (маңдай), сым (матадан тігілген шалбар) т. б. сөздер кездеседі.

Сөйтіп, революцияға дейінгі түркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер мен оның диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топқа бөлуге болады:

а) В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский (әуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды; ә) Н. И. Ильминский, Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиоранский, М. Терентьев т. б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындады. []

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектологияға мол үлес қосқан оралман қазақтардың тіл ерекшеліктері
«Этнология» пәнінен дәрістер
Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні
Қазақстандағы ұлттардың арасындағы қарым-қатынастың жағдайы мен болашақтағы өзгерістері
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Сәкен Жүнісов «Ақан сері» атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Заттай мәдениеті
Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ
Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz