Кеңселік жиһазды жасау цехын құру



Кіріспе
1. Жобаның тұжырымдамасы
2. Өнімнің сипаттамасы
3. Өндірістер бағдарламасы
4. Маркетингілік жоспар
4.1 Өнімдер нарығының сипаттамасы
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
4.3 Нарықтың дамуының болжамды бағалауы
4.4 Маркетинг стратегиясы
5. Техникалық жоспарлау
5.1 Ғимараттар мен құрылыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2 Технологиялық үдеріс
5.3 Жабдық және техника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер
7. Жобаны іске асыру
7.1 Сату жоспары
7.2 Жобаны іске асыруға арналған шығындар
8. Жалпы және әкімшілік шығыстар
9. Қаржыландырудағы қажеттілік
10. Жобаның тиімділігі
10.1 Cash.flow проекциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10.2 Пайдалар мен шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10.3 Теңгерім проекциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10.4 Қаржылық индикаторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11. Әлеуметтік.экономикалық және экологиялық әсері ... ... ... ... ... ... ... ...
11.1. Жобаның әлеуметтік.экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11.2. Қоршаған ортаға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар
Функциональды кеңселік жиһазы бәріне де керек. Егер қызметкерлерге арналған кеңселік жиһаз болмаса немесе оның сапасы бұдан да жақсырақ болуды талап ететін болса, сапалы еңбек үдерісін іске асыру мүлде мүмкін емес. Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар және т.б. еңбек қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір қызметкердің өндірістік тиімділігінің қаншалықты зор екендігіне байланысты болады. Кеңсеге арналған үстелдер орын-жайды жайғастырудың қалған басқа да элементтері сияқты қолайлы болуы тиіс.
Бұнсыз әртүрлі деңгейдегі мамандардың барынша тиімділігінің кепілі болып табылатын татулық ахуалы орнаған ұйымдасқан ұжым құруды тіпті армандауда мүмкін емес. Кеңселік шкафтар қағаздармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оларды үстелдердің үстінде ұстау қажеттілігі өзінен-өзі болмайды. Керекті құжаттамалар әрдайым бір жерде орналасатын болады, оның жоғалып кетуіне немесе бүлінуіне жол берілмейді. Тіпті форс-мажор жағдаяттары туындағанның өзінде кеңселік шкафтар елеулі құндылығы бар құжаттарды қорғай алатын жоғары температуралардың әсерінен, жоғары ылғалдылықтың әсеріне қарсы тұруға қабілетті жоғары сапалы материалдардан жасалады.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Бизнес-жоспар Кеңселік жиһазды жасау цехын құру

Мазмұны
Кіріспе
1. Жобаның тұжырымдамасы
2. Өнімнің сипаттамасы
3. Өндірістер бағдарламасы
4. Маркетингілік жоспар
4.1 Өнімдер нарығының сипаттамасы
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
4.3 Нарықтың дамуының болжамды бағалауы
4.4 Маркетинг стратегиясы
5. Техникалық жоспарлау
5.1 Ғимараттар мен құрылыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2 Технологиялық үдеріс
5.3 Жабдық және техника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер
7. Жобаны іске асыру
7.1 Сату жоспары
7.2 Жобаны іске асыруға арналған шығындар
8. Жалпы және әкімшілік шығыстар
9. Қаржыландырудағы қажеттілік
10. Жобаның тиімділігі
10.1 Cash-flow проекциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10.2 Пайдалар мен шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
10.3 Теңгерім проекциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10.4 Қаржылық индикаторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ..
11.1. Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
11.2. Қоршаған ортаға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар

Кіріспе
Функциональды кеңселік жиһазы бәріне де керек. Егер қызметкерлерге арналған кеңселік жиһаз болмаса немесе оның сапасы бұдан да жақсырақ болуды талап ететін болса, сапалы еңбек үдерісін іске асыру мүлде мүмкін емес. Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар және т.б. еңбек қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір қызметкердің өндірістік тиімділігінің қаншалықты зор екендігіне байланысты болады. Кеңсеге арналған үстелдер орын-жайды жайғастырудың қалған басқа да элементтері сияқты қолайлы болуы тиіс.
Бұнсыз әртүрлі деңгейдегі мамандардың барынша тиімділігінің кепілі болып табылатын татулық ахуалы орнаған ұйымдасқан ұжым құруды тіпті армандауда мүмкін емес. Кеңселік шкафтар қағаздармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оларды үстелдердің үстінде ұстау қажеттілігі өзінен-өзі болмайды. Керекті құжаттамалар әрдайым бір жерде орналасатын болады, оның жоғалып кетуіне немесе бүлінуіне жол берілмейді. Тіпті форс-мажор жағдаяттары туындағанның өзінде кеңселік шкафтар елеулі құндылығы бар құжаттарды қорғай алатын жоғары температуралардың әсерінен, жоғары ылғалдылықтың әсеріне қарсы тұруға қабілетті жоғары сапалы материалдардан жасалады.
Қазіргі уақытта кеңселік жиһазды олардың интерьері мен дизайндық сапаларын ескере отырып, практикалық, сенімділік және функциональдық тұрғыдан қарастырады, өйткені біз таңдаған жиһаз жалпы стильге сәйкес келуі және нақты кеңсенің жалпы идеясына сай болуы тиіс.
Кеңселік жиһаз жұмыс істеуі және түрі мінсіз болуы тиіс. Осы тұжырымның өзектілігін өсе түсіп отырған өмір деңгейі елеулі растайды. Ал өзіне және өзінің қызметкерлеріне құрметпен қарайтын әрбір басшы кеңсеге арналған жиһаздардан үнем жасамайды. Бұдан басқа, өз компаниялары үшін жиһаз сатып алуды жүзеге асыратын менеджерлердің кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігінің елеулі түрде арта түскенін атап көрсету қажет.

1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы кеңсе жиһазын өндіру цехын құруды көздейді.
Цех өндіретін кеңсе жиһазының негізгі түрлері мыналар болады:
- үстелдер;
- шкафтар;
- тумба;

Ірі ұйымдар да, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындар да, сонымен бірге үй кеңселерінің иелері де жоспарланып отырған цехтың тұтынушылары болады.
Цех жалпы алаңы 100 шаршы метр жалға алынған орын-жайда орналастырылатын болады.
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарында жоспарланып отырған айналымдарын ескере отырып оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланып, қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар іс-қимылға басшылықтың түпкілікті нұсқасы болып табылмайды, ол тек қана осындай бизнес-идеяның әлеуетті даму мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасының да, сондай-ақ шығарылатын өнімнің жиынтүрінің де өзгеруі мүмкін.

2. Өнімнің сипаттамасы
Кеңселік жиһаз өзінде жоғары функционалдылықты, түрлендіру мүмкіндігін, тұтастықты, сәнділікті, икемділікті қамтуы тиіс.
Кеңсе үстелдері. Кеңсе үстелдерін бірнеше топтар мен санаттарға бөлуге болады.
Қызметкерлерге арналған үстелдерді нысаны бойынша тік кеңселік үстелдер және бұрыштық деп бөлуге болады. Тік кеңселік үстелдердің құралымдары барынша қарапайым және бөлшектерінің саны барынша аз болып келеді.
Сондай-ақ олар жалғаспалы суырмаларымен және оларсыз да болуы мүмкін. Екінші жағдайда тумбасы жоқ үстелді икемді жылжымалы төрт дөңгелекті тумбамен жинақтауға болады, бұл тумбаны сол жаққа да, сондай-ақ оң жаққа да қоюға мүмкіндік береді.
Бұрыштық кеңселік үстелдер. Өзінің құралымдары бойынша бұрыштық үстелдер (үстелдің төменгі бөлігі) тік үстелдерге ұқсас, үстел бетінің нысаны мен қосымша тіректің болуымен ғана ерекшеленеді. Кеңсеге арналған бұрыштық үстелдер әдетте, жалғаспалы тумбаларсыз жасалады. Көбінесе осы үстелдерге үстелдің жалғасы сияқты болып көрінетін жалғаспалы тумбалар беріледі, тумба үшінші тірек болып табылатын үлгілер де жиі кездеседі. Бұрыштық кеңселік үстелдер өзінің пропорционалды еместігінен сол жақтық және оң жақтық деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырыс беру кезінде бұрыштық үстелдердің тұрпатын бірден көрсету керек.
Қызметкерлерге арналған үстелдерді өздерінің дизайны бойынша тіректері және үстел беті арзан үстелдерге және металл тіректі үстелдерге бөлуге болады.
Кеңселік үстелдерді мақсаты бойынша негізгі үш санатқа бөлуге болады, бұл басшыларға арналған үстелдер, қызметкерлерге арналған үстелдер және мәжіліс бөлмелерінде келіссөздерге және кеңестерге арналған үстелдер.
Кеңселік шкафтар. Кеңселік шкафтар бір-бірінен әртүрлі құрылмалармен, толықтырулармен және өзінің мақсаты бойынша ерекшеленеді. Оларды мақсаты бойынша басты екі тұрпатқа бөлуге болады - бұлар қызметкерлерге арналған жұмыс шкафтары мен сәндік шкафтар және басшыларға арналған қабырғалық шкафтар. қызметкерлерге арналған шкафтардың мақсаты кеңседегі ағымдағы және жедел құжаттарды сақтау болып табылады. Кеңсе жиһаздарын әртүрлі өндірушілердің шкафтарының мөлшері мен құралымдары бір-бірінен сәл ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, үстіңгі қақпағы фасадтың бетінде немесе фасадтың сыртында жасырылуы мүмкін. Құжаттарға арналған шкафтар ашық та (сөрелер), сондай-ақ толық немесе белгілі бір ұяшықтары (әдетте төменгі) жабық та болуы мүмкін.
Шкафтар немесе басшылардың кабинеттеріндегі қабырғалық шкафтардың ең бірінші кезекте сәндік бағасы бар. Әдетте, олар құжаттарды сақтау үшін емес, кабинетті сәндік безендіру үшін қолданылады.
Басшыға арналған шкафтарда кітаптар мен журналдардың жинақтары, ал ашық сөрелерде заттардың әртүрлі жинақтамалары сақталады. Сондықтан басшыларға арналған қабырғалық шкафтарды өндірушілердің барлығы дерлік әйнектелген қасбеттерді немесе ашық секцияларды көп пайдаланады.

3. Өндірістер бағдарламасы

Сату бағдарламасы маркетингілік зерттеулер жүргізу жолымен (тұтынушылардың кеңсе жиһазының дизайнындағы артықшылықтарын анықтау мақсатында), сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүргізілген нәтижелер негізінде жүзеге асырылатын болады.

Көрсеткіш
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
Ең жоғарғы қуатының өндірісі, %
58%
78%
90%
95%
100%
100%
100%
Үстел, дана
1 373
2 482
2 851
3 010
3 168
3 168
3 168
Шкаф, дана
686
1 241
1 426
1 505
1 584
1 584
1 584

Бағаларды қалыптастыру кезінде тұтынушылардың олардың кірістерінің орташа деңгейімен айқындалатын сатып алу қабілеті ескерілген.
Бағаларды қалыптастыру өнімнің нарықтық бағаларына және толық өзіндік құнына негізделген.
Атауы
теңге
Үстел
5 700
Шкаф
10 500

4. Маркетингілік жоспар
4.1 Өнімдер нарығының сипаттамасы
Объективті түрде алғанда Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат базасы жоқ, дәстүрлі түрде қажетті сүректің 70%-на дейін сырттан әкелінеді. Алайда, Қазақстанның ағаш өңдеу және жиһаз кәсіпорындарында өндірістің өсуі өткізу нарықтарының кеңейтілуі есебінен, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының азаюы жаңа технологияларды енгізу есебінен болды.
1-сурет - ҚР-дағы жиһаз өндірісінің көлемі, млн. теңге

Суреттен көрініп тұрғандай, ҚР-да 2010 жылы жиһаз өндірісінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 3 510 млн.теңге (немесе 19,5%-ға) ұлғайды.
2-сурет - ҚР-да жиһаз өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны, бірлік

2-суретте көрсетілгендей, ҚР-да 2010 жылы жиһаз өндіру бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 263 бірлікті құрады. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 3 бірлікке аз.

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Компаниялардың атауы
Мекенжайы
Кохана ЖШС
Алтынсарин ауданы, Қызыл Кордон кенті, тел.факс: 8(71445) 39-6-44

Головной офис-магазин ZETA
пр. Райымбека, 225 Тел.: +7 (727) 312-12-88 (многоканальный) Тел.: +7 (727) 312-12-89 Тел.: +7 (727) ,312-12-89, 312-12-90, 312-12-91, Тел.: +7 (727) 297-40-24, 297-42-40, 297-42-50, 297-42-51, 297-42-53, 297-43-52 Факс: +7 (727) 297-42-50
ТД Армада

ул. Кабдолова, 18, (быв. ул. Маречека), уг. ул. Саина, 3-й блок, 2-й павильон. Тел.: +7 (727) 227 51 76, 317 42 14

Негізгі және әлеуетті бәсекелестердің бірі " Zeta " жиһаз жасаушы компания болып табылады.

Құрылатын кәсіпорынның негізгі артықшылықтары мыналар болып табылады:
- уытты заттары жоқ табиғи шикізаттарды пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапалылығы;
- өндірістің икемділігі;
- әділетті және өзара тиімді өткізу саясаты;
- бәсекелестік бағалар, жеңілдіктердің пайдалы саясаты;
- кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері;
- тұрақты дамуы.

4.3 Нарықтың дамуының болжамды бағалауы, күтілетін өзгерістер
Қазақстанда жиһаз өнеркәсібін дамыту үшін отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудің салалық бағдарламасын әзірлеу және инвестициялық шығындарды оңтайландыру үшін еркін индустриялық-өндірістік аймақтар, қосылған құн тізбегі бойынша белсенді кооперация құру қажет.
Импорттық өнімнің өсе түскен бәсекелестігіне қарамастан, мемлекет қолдау көрсеткен және мамандардың барлық ұсыныстарын іске асырған кезде Қазақстанда саланың дамуы және өндірістің өсуі нақты мүмкін. Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кластер ретінде дамуы мүмкін және өсу бәрінен бұрын өндіру саласында ірі инвестициялық жобаларды іске асырудан туындайтын болады.
4.4 Маркетинг стратегиясы
Клиенттерді кеңселік жиһаз салондары үшін тартудың дәстүрлі әдістері - бұл баспа басылымдарындағы жарнама, телемаркетинг, ұсыныстары бар буклеттерді тікелей тарату, көрмелерге қатысу, сондай-ақ жинақтамаларды өздерінің интернет-сайттарында орналастыру.
Ресейдің жиһаз нарығына қатысушыларының пікірлері бойынша тікелей тарату барынша тиімді болып табылады. Алайда, бұл егер ол өзінің мақсаты бойынша - компанияда кеңсенің жайғастырылуына жауапты адамның қолына тікелей тиген жағдайда тиімді болады.
Кәсіпорында өнімді сатуды ұйымдастыру мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыруды көздейді:
1. Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг және оны жетілдіру үшін жұмыс жүргізу;
2. Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бойынша шаралар кешенін пайдалану.
Өнімді сатуды өзінің сауда нүктелерін ашпай, көтерме сауда делдалдары арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру келесі сәттерге сүйене отырып жүргізу жоспарланып отыр:
- басқа өндірушілер шығаратын ұқсас бұйымдарға қарағанда бағалардың салыстырмалы төмен деңгейі. Мысалы, Алматы қаласының нарығында стандартты жазба үстелінің орташа құны 6 500 - 7 500 теңгені, қағаздарға арналған шкафтың орташа құны - 11 000 - 12 000 теңгені құрайды, ал сату бағдарламасында негізге алынған сату бағасы 5 700 және тиісінше 10 500 теңгені құраған;

5. Техникалық жоспарлау
5.1 Ғимараттар мен құрылыстар
Көзделіп отырған цехты алаңы 100 шаршы метрге жуық тұрғын үй емес жалға алынған үй-жайда орналастыру жоспарланып отыр. Өндірістік үдерістің ерекшелігіне байланысты үй-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Үй-жай 2 бөлінген кеңселік жиһаз өндіретін цехтан тұрады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиһаз жасау цехын ашу
Бизнес-жоспар кеңселік жиһазды жасау цехын құру
Қонақ үйдегі жиһаз түрлері және олардың орналасуы
Балалар жиһазын дайындау
Қонақ үйдегі текстиль, кілемдер
Теория негізінде баға және баға белгілеу
ӨНЕРКӘСІПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ТРАНСФОРМАТОР ЖАСАУ ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Өнеркәсіпті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару трансформатор жасау өндірісін ұйымдастыру
Сүт шикізатының сипаттамасы
Қазақстанның инвестицияларға жәрдемдесу орталығы
Пәндер