Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенциясына қол қою туралы



Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,
халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттердiң аумақтық тұтастығына, мемлекеттер арасындағы достастық қатынастардың дамуына, сондай-ақ адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға қауiп туғызатын терроризмнiң ушығуына терең алаңдаушылық бiлдiре отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясының мақсаттары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып;
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы 2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай Конвенциясының , Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрестегi 2005 жылғы 5 шiлдедегi ынтымақтастық конвенциясының ережелерiн дамыта отырып;
осы Конвенция қамтитын қылмыстар ешбiр жағдайда ақталмайтынын, ал осындай iс-әрекеттi жасаған кiнәлi және/немесе оларды жасауға қатысы бар жеке және заңды тұлғалардың жауапкершiлiкке тартылуы тиiс екендiгiн мойындай отырып;
терроризмнiң мазмұнындағы, террористiк актiлердiң көлемдерi мен сипатында болған өзгерiстердi және ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын ескере отырып;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенциясына қол қою туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенция жобасы мақұлдансын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2009 жылғы 11 маусымдағы
N 822 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенциясының жобасы
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,
халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттердiң аумақтық тұтастығына, мемлекеттер арасындағы достастық қатынастардың дамуына, сондай-ақ адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға қауiп туғызатын терроризмнiң ушығуына терең алаңдаушылық бiлдiре отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясының мақсаттары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып;
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы 2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай Конвенциясының , Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрестегi 2005 жылғы 5 шiлдедегi ынтымақтастық конвенциясының ережелерiн дамыта отырып;
осы Конвенция қамтитын қылмыстар ешбiр жағдайда ақталмайтынын, ал осындай iс-әрекеттi жасаған кiнәлi жәненемесе оларды жасауға қатысы бар жеке және заңды тұлғалардың жауапкершiлiкке тартылуы тиiс екендiгiн мойындай отырып;
терроризмнiң мазмұнындағы, террористiк актiлердiң көлемдерi мен сипатында болған өзгерiстердi және ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын ескере отырып;
терроризмге қарсы күш-жiгердi молайтудың қажеттiлiгiн түсiне және терроризмнiң алдын алу жөнiндегi және оған қарсы күрестегi барлық шаралар құқықтың үстемдiлiгiн және демократиялық құндылықтарды, адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын сақтаған кезде қолданылуы тиiс екендiгiн тағы да растай отырып;
тек бiрлескен күш-жiгер арқылы ғана терроризмнiң тиiмдi алдын алуға және оған қарсы күреске қол жеткiзуге болатындығын мойындай отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Конвенция терроризмге қарсы ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жасалады.
2-бап
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) Тарап - осы Конвенцияға қатысушы мемлекет;
2) терроризм - халыққа үрей туғызумен байланысты және жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке зиян келтiруге бағытталған күш қолдану жәненемесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау не жасау жөнiнде қорқыту жолымен билiк органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауын туғызатын зорлық-зомбылық идеологиясы және ықпал ету практикасы;
3) террористiк акт - халыққа үрей туғызумен байланысты және адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн, мүлiкке айтарлықтай зиян келтiруге не экологиялық апат немесе өзге де ауыр салдар туғызуға бағытталған әрекет, сондай-ақ билiк органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету жолымен саяси, дiни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткiзу үшiн аталған әрекеттердi жасау жөнiнде қорқыту;
4) террористiк ұйым:
а) осы Конвенция қамтитын қылмыстарды жасау үшiн құрылған жәненемесе қылмыс жасайтын қылмыстық топ, заңсыз қаруланған құралым, банда, қылмыстық қоғамдастық
б) оның атынан, нұсқауы бойынша немесе оның мүддесi үшiн осы Конвенция қамтитын қылмыстардың қандай да бiрiн жоспарлау, дайындық және жасау жүзеге асырылатын заңды тұлға;
5) заңды тұлға - Тараптардың ұлттық заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған және жұмыс iстейтiн ұйым.
2. Осы бапта қолданылатын терминдер мен ұғымдарды анағұрлым кең қолдану туралы ережелердi құрайтын немесе құрауы мүмкiн қандай да бiр халықаралық шартқа немесе Тараптардың кез келгенiнiң ұлттық заңнамасына осы бап зиян келтiрмейдi.
3-бап
Осы Конвенция қамтитын қылмыстарды ашу, алдын алу және тергеу Тараптардың бiрiнiң юрисдикциясына әсер еткен жағдайда осы Конвенция қолданылады.
4-бап
Тараптар өздерiнiң құқықтарын және мiндеттерiн егемендiк теңдiк, мемлекеттiң аумақтық тұтастығы мен басқа мемлекеттердiң iшкi iстерiне араласпау принциптерiне сәйкес осы Конвенцияға сай жүзеге асырады.
5-бап
1. Тараптар осы Конвенция қамтитын қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын белгiлеу үшiн, егер:
1) қылмыс осы Тараптың аумағында жасалса;
2) қылмыс осы Тараптың туы бар кеме бортында немесе осы Тараптың заңдарына сәйкес тiркелген әуе кемесi бортында жасалса;
3) қылмысты осы Тараптың азаматы жасаса, қажеттi шаралар қабылдайды.
2. Сонымен қатар әрбiр Тарап, егер:
1) қылмыс осы Тараптың аумағында немесе азаматына қатысты террористiк актi жасауға бағытталса немесе жасауға әкеп соқтырса;
2) қылмыс осы Тараптың шетелдегi объектiсiне, дипломатиялық өкiлдiктердiң орын-жайлары мен консулдық мекемелерге қатысты террористiк акт жасауға бағытталса немесе жасауға әкеп соқтырса;
3) қылмыс осы Тарапты қандай да бiр әрекеттi жасауға немесе жасамауға мәжбүрлеу мақсатында террористiк акт жасауға бағытталса немесе әкеп соқтырса;
4) қылмысты осы Тараптың аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам жасаса;
5) қылмыс осы Тарап пайдаланатын кеме бортында жасалса, осы Конвенция қамтитын қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын белгiлей алады.
3. Егер болжамды қылмыскер оның аумағында болса және ол оны осы және өзге Тарапқа бермесе, әрбiр Тарап осы Конвенция қамтитын қылмысқа қатысты өзiнiң юрисдикциясын белгiлеу үшiн талап етiлетiн шараларды қабылдайды.
4. Осы Конвенция Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес кез келген қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыруды жоққа шығармайды.
5. Егер Тараптардың бiрi осы Конвенция қамтитын қылмысқа қатысты юрисдикцияны талап етпесе, тиiстi Тараптар қажет болған кезде консультациялар өткiзедi.
6-бап
1. Осы Конвенцияда көзделген ынтымақтастықты Тараптардың әрқайсысы анықтайтын құзыреттi органдар жүзеге асырады.
2. Ратификациялау туралы құжатты немесе қосылу туралы хабарламаны тапсырған кезде Тарап осы Конвенцияны орындау үшiн жауапты өзiнiң құзыреттi органдарының тiзiмiн депозитарийге ұсынады, депозитарий оны басқа Тараптарға жiбередi. Тараптар депозитарийге өздерiнiң құзыреттi органдарының тiзбесiндегi барлық өзгерiстер туралы дереу хабарлайды, ол жөнiнде депозитарий басқа Тараптарға хабарлайды.
3. Тараптардың құзыреттi органдары осы Конвенцияда көзделген мәселелер бойынша өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде бiр-бiрiмен тiкелей өзара iс-қимыл жасайды. Тараптардың аумақтық және өзге де құзыреттi органдары осы Конвенцияны орындау мақсатында Тараптардың құзыреттi органдары анықтайтын тәртiппен тiкелей байланыс орната алады.
4. Тараптардың құзыреттi органдары арасындағы өзара iс-қимыл екiжақты және көпжақты көлемдерде көмек көрсету жөнiндегi сұрау салу негiзiнде, сондай-ақ Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органының бастамасы бойынша хабардар ету жолымен жүзеге асырылады.
5. Өзара iс-қимыл процесiнде дипломатиялық арналар, Қылмыстық полиция халықаралық ұйымдарының (Интерпол) немесе Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетiнiң арналары пайдаланылуы мүмкiн.
7-бап
1. Тараптар қажет болған жерде, осы Конвенция қамтитын қылмыстарды жасауға әкеп соқтыруы мүмкiн шиелiнiстi жағдайлардың алдын алу мақсатында тиiстi заңнамаларды сақтай отырып, дiнаралық және мәдениетаралық диалогты, үкiметтiк емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа да элементтерiн көтермелейдi.
2. Әрбiр Тарап өзiнiң құқықтық жүйесiнiң негiзгi принциптерiне сәйкес терроризмге қарсы тұратын шараларды ұлттық деңгейде әзiрлейдi және жүзеге асырады, олар мыналарды қамтуы мүмкiн:
1) терроризмге қарсы iс-қимылды реттейтiн құқықтық құжаттарды және олардың тиiмдiлiгi тұрғысынан практикалық шараларды мерзiмдiк бағалау;
2) террористiк актiлердiң жолын кесу бойынша оқу-жаттығуларды өткiзудi қоса алғанда, терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыруда тиiстi халықаралық және өңiрлiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
3) терроризмге қарсы iс-қимыл бойынша Тараптардың тиiстi органдарының қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын органды немесе органдарды құру;
4) терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын құқық қорғау органдары мен өзге де органдар қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру, сондай-ақ осы органдардың қызметi мен олардың қызметкерлерiн тиiстi қаржылық, материалдық және өзге де қамтамасыз ету;
5) осы Конвенция қамтитын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуде және осындай қылмыстарды дайындап жатқан немесе жасаған адамдарды анықтауға мемлекеттiк органдарға көмек көрсететiн адамдарға тиiстi сыйақы төлеу;
6) террористiк актiлердiң алдын алу мақсатында енгiзуге рұқсат етiлген шектеулердi заңнамалық анықтау;
7) құқық қорғау органдарының тиiстi заңды тұлғалармен ынтымақтастық тиiмдiлiгiн арттырудан тұратын жеке адамдар мен объектiлердi қорғауды жақсарту, жеке адамдар мен объектiлердiң қорғалуын арттыруға арналған стандарттарды енгiзу;
8) қылмыстық сот өндiрiсiнiң жәбiрленушiлерiн, куәлерiн және өзге де қатысушыларын, сондай-ақ қажет болған кезде терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзге де адамдарды қорғау;
9) осы Конвенция қамтитын қылмыстарды жасауға қатысы бар жеке және заңды тұлғаларды бiрдейлендiру өлшемдерiн құру және енгiзу;
10) осы Конвенция қамтитын, олардың объектiлерiнде дайындалып жатқан немесе жасаған қылмыстардың алдын алу мен ашуға мемлекетке көмек көрсету бойынша заңды тұлғаларды жеткiлiктi мүмкiндiктермен қамтамасыз ету;
11) үкiметтiк емес ұйымдарға, жекелеген топтарға және адамдарға терроризмге қарсы iс-қимыл жасауға, қоғамда терроризмге төзбеушiлiктi қалыптастыруға қатысуы үшiн көмек көрсету;
12) терроризмнiң қауiптiлiгi мен оның жағымсыз салдарлары, сондай-ақ осы Конвенция қамтитын қылмыстарды жасағаны үшiн жауапкершiлiк туралы жұртшылықты мағлұм ету;
13) осы Конвенция қамтитын қылмыс ретiнде қарастырылуы мүмкiн кез келген iс-әрекеттер туралы мемлекеттiк органдарға, соның iшiнде анонимдi түрде халықтың хабардар ету мүмкiндiгiн қамтамасыз ету.
3. Тараптар осы Конвенцияда қарастырылғандардан бiршама қатаң шараларды қолдана алады.
8-бап
Тараптар өздерiнiң құқықтық жүйелерiнiң түбегейлi принциптерiн ескере отырып, терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл бойынша қажеттi заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды, олар:
1) клиенттер, қаржылық операциялар туралы деректердi тiркеуден және осы мәлiметтердi сақтаудан;
2) Тараптардың уәкiлеттi органдарына сезiктi және экономикалық мақсатқа сай емес операциялар мен мәмiлелер туралы мәлiметтер ұсынудан;
3) құқық қорғау немесе Тараптар анықтаған өзге де органдардың нұсқауы бойынша заңсыз, сезiктi немесе экономикалық мақсатқа сай емес сипаттағы қаржы операцияларын тоқтатудан;
4) сот, прокуратура органдарының, алдын ала тергеу және Тараптардың өзге де уәкiлеттi органдарының сұраулары бойынша мәлiметтер мен құжаттарды ұсынудан тұрады.
9-бап
1. Тараптар мынадай қасақана iс-әрекеттердi қылмыстық жазалау ретiнде тану үшiн қажеттi заңнамалық шараларды қабылдайды:
1) террористiк акт;
2) қатысушылары барлық Тараптар болып табылатын, терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық шарттардың бiрiнде қылмыс ретiнде танылатын қандай да бiр iс-әрекет;
3) осы тармақтың 1, 2, 4-10-тармақшаларында аталған қылмыстардың бiрiн ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру және жасау үшiн пайдалану мақсатында заңды тұлғаны құру немесе осындай мақсаттар үшiн қылмыстық топ, заңсыз қаруланған құрылым, банда, қылмыстық қоғамдастық құру;
4) терроризмге ашық түрде шақыру немесе терроризмдi ашық түрде ақтау, яғни осы тармақтың 1-3, 5-10-тармақшаларында аталған қылмыстардың бiрiн жасауға итермелеу мақсатында қандай да бiр өтiнiштi жұртшылыққа тарату не болмаса терроризмдi қолдауды және қолдау көрсетудi қажет етедi деп тану туралы ашық түрде мәлiмдеу;
5) осы тармақтың 1-4, 6-10-тармақшаларында аталған қылмыстардың бiрiн дайындауға не болмаса жасауға қатысу үшiн адамдарды азғыру немесе тартудың өзге де тәсiлдерi;
6) осы тармақтың 1-5, 7-10-тармақшаларында аталған қылмыстардың бiрiн жасауға немесе жасауға көмектесу үшiн адамдарды даярлау;
7) террористiк ұйымдарға қатысу;
8) терроризмдi қаржыландыру, яғни осы тармақтың 1-7, 9, 10-тармақшаларында аталған қылмыстардың бiрiн ұйымдастыру, дайындау мен жасау жөнiндегi iс-әрекеттi қаржыландыру үшiн әдейi тағайындалған қаражатты немесе қаржылық қызмет көрсетудi жинау не болмаса ұсыну, не болмаса террористiк ұйымның iс-әрекетiн қамтамасыз ету;
9) осы тармақтың 1-8, 10-тармақшаларында аталған қылмыстарды жасау үшiн адамдарды қарумен, жарылғыш заттармен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету;
10) осы тармақтың 1-9-тармақшаларында аталған қылмыстардың бiрiн жасауға сезiктi немесе айыпты адамдарға паналайтын жер, қаржылай көмек беру, қашуға көмек көрсету, сондай-ақ оларға қатысты жалған айғақ беру.
2. Тараптар өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстардың бiрiн жасауда сезiктi болып көрiнетiн адамға немесе айыпталушыға тиесiлi мүлiктi қасақана жасыруды, тасымалдауды, сатып алуды немесе сатқан кезде делдал болуды қылмыстық жазалау iс-әрекетi ретiнде тануы мүмкiн.
3. Осы баптың 1-тармағының 3-10-тармақшаларында аталған iс-әрекеттер террористiк актiнi iс жүзiнде жасағанына немесе террористiк сипаттағы өзiнiң әрекеттерiн азғырушы жәненемесе оқып-үйретушi адамның түсiнгенiне қарамастан, қылмыс болып табылады.
4. Тараптар сонымен қатар осы баптың 1-тармағына сәйкес танылған қылмыстық жазалау iс-әрекетi ретiнде қандай да бiр қылмысты жасауға бiрлесiп қатысуды, дайындалуды және қастандық жасауды анықтау үшiн қажеттi заңнамалық шараларды қабылдауға мiндеттi.
10-бап
1. Тараптар өз аумақтарында заңды тұлғалардың осы Конвенция қамтитын қылмыстардың бiрi болып табылатын әрекетке қатыстылығын болдырмау үшiн өздерiнiң құқықтық қағидаларын ескере отырып, қажеттi заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.
2. Әрбiр Тарап осы Конвенция қамтитын қылмыстардың бiрiне қатысы бар оқиға үшiн заңды тұлғалардың жауапкершiлiгiн анықтау үшiн талап ететiн шараларды қабылдайды.
3. Тараптардың құқықтық қағидалары сақталған жағдайда заңды тұлғалардың жауапкершiлiгi қылмыстық, азаматтық құқықтық немесе әкiмшiлiк болуы мүмкiн.
4. Заңды тұлғалардың жауапкершiлiгiн анықтау оның қызметiне қатысқан, осы Конвенция қамтитын қылмысты жасаған жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершiлiгiн жоққа шығармайды.
5. Тараптар осы Конвенция қамтитын қылмыстарға қатысқаны үшiн жауапкершiлiкке тартылатын заңды тұлғаларға қатысты мынадай шараларды қолдануды қамтамасыз етедi, атап айтқанда:
1) ескерту;
2) айыппұл;
3) заңды тұлғаның мүлкiн тәркiлеу;
4) заңды тұлғаның қызметiн тоқтату;
5) заңды тұлға қызметiнiң жекелеген түрлерiне тыйым салу;
6) заңды тұлғаны тарату.
6. Заңды тұлға осы Конвенция қамтитын қылмыстардың бiрiн
құрайтын әрекеттердi ұйымдастыруды, дайындау мен жасауды жүзеге
асырған кезде Тараптар заңды тұлғаны террористiк деп тануға және оны сот шешiмi бойынша немесе Тараптардың өзге де уәкiлеттi органының ұлттық заңнамасымен таратуға мүмкiндiк беретiн заңнамалық шараларды қабылдайды. Егер осы Конвенция қамтитын қылмысты ұйымдастыруды, дайындау мен жасауды оның құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаның iске асыруын бақылаушы адам жүзеге асырған жағдайда осындай шаралар қолданылуы мүмкiн.
7. Осы баптың ережелерi осы Конвенция қамтитын қылмыстарға қатысы болған кезде Тараптардың аумақтарында әрекет ететiн шетелдiк заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне (өкiлдерiне, филиалдарына) таратылады.
11-бап
1. Тараптар ұстап беруге, сондай-ақ сотталғандарды беруге әкеп соқтыратын және құқықтық көмек көрсету әрекеттерiн осы Конвенция қамтитын қылмыстар ретiнде қарастырады.
2. Кез келген Тараптар арасында ұстап беру туралы қолданыстағы кез келген шартта, осы Конвенция қамтитын қылмыс ұстап беруге әкеп соқтыратын қылмыс ретiнде қарастырылады. Тараптар осындай қылмыстарды нәтижесiнде олардың арасында ұстап беру туралы жасалатын барлық шарттарда ұстап беруге әкеп соқтыратын қылмыс ретiнде тануға мiндеттенедi.
3. Егер ұстап берудi шарттың болуымен келiсетiн Тарап ұстап беру туралы шарты жоқ басқа Тараптан ұстап беру туралы сұрау алса, сұрау салынушы Тарап осы Конвенция қамтитын қылмыстарға байланысты ұстап беру үшiн құқықтық негiз ретiнде осы Конвенцияны қарастырады. Ұстап беру сұрау салынған Тараптың заңнамасында көзделген басқа да шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
4. Ұстап берудi шарттың болуымен келiстiрмейтiн Тараптар осы Конвенция қамтитын қылмыстарды өздерiнiң арасында, сұрау салынған Тараптың заңнамасында қарастырылған шарттарды сақтай отырып, ұстап беруге әкеп соқтыратын қылмыс ретiнде қарастырады.
5. Ұстап беру және құқықтық көмек мәселесiне келген кезде тиiстi iс-әрекеттi екi жақты қылмыс деп тану қағидасын сақтау талап етiлсе, сұрау салынған Тараптың заңнамасына сол санаттағы қылмыстардың тиiстi iс-әрекетiне қосатынына немесе ол оның көмегiмен осындай терминдердi сұрау салушы Тарап ретiнде сипаттайтынына қарамастан, осы қағида сақталған болып табылады, егер осы iс-әрекет құқықтық көмек көрсету мен ұстап беруге байланысты болса, Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес қылмыстық жазалау ретiнде танылады.
6. Осы Конвенция қамтитын қылмыс ұстап беру мақсаты үшiн осы Конвенцияның 5-бабына сәйкес белгiленген, осы Тараптың юрисдикциясы шегiнде осы қылмыстарды iс жүзiнде жасау орнына қарамастан, тиiстi Тараптың аумағында жасалған болып қарастырылады.
7. Осы Конвенция қамтитын қылмыстарды анықтау және оларды жасауға қатысы бар заңды тұлғалардың жауапкершiлiк негiздерi Тараптардың iшкi заңнамасының саласына кiредi.
8. Үкiм шығарған Тараптың сұрау салуы бойынша немесе осы Конвенция қамтитын қылмыстардың бiрi үшiн сотталған адам азаматы болып табылатын Тарап, оның келiсiмiмен қолданыстағы шарттар негiзiнде немесе өзара уағдаластықпен ол азаматы болып табылатын Тарапқа жазасын өтеу үшiн берiлуi мүмкiн.
9. Егер осы Конвенция қамтитын қылмыстардың бiрiн жасаған адам аумағында жүрген сұрау салынған Тарап ол оның азаматы болуы негiзiнде ұстап бермесе, онда ол қолда бар материалдар, соның iшiнде сұрау салушы Тарап берген қылмыстық iс материалдарының негiзiнде өзiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес осы адамның қылмыстық қудалануын жүзеге асырады.
12-бап
1. Терроризмнiң алдын алу және онымен күресу мақсатында Тараптардың құзыреттi органдары сұрау салуы бойынша немесе өзiнiң бастамасы бойынша бiр-бiрiне осы Конвенция қамтитын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Жаһандану проблемалары(ғаламдық терроризм)
Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы
Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Пәндер