Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет саласы


КІРІСПЕ
Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде институционалды қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде жүріп жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар алдына бірқатар маңызды мәселелер қояды.
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторы ретіндегі инновациялардың маңыздылығы күмәнсіз. Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің стратегиясын құрастыру және оның болашақ қызмет етуі инновацияларды кеңінен пайдалану және инвестицияларды адами капиталға, ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға бағыттау тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
Әлемдік экономиканың жаһандануы аясында Қазақстан бірқатар проблемаларға кезікті, олар: экономиканың шикізаттық бағыттығы, әлемдік экономикамен елеусіз ықпалдасу, өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылым мен өндіріс арасында шынайы байланыстың болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қаржыландырудың болмауы және т. б.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 Қаулысымен «Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Бұл Бағдарламаны әзірлеу ықпалдасқан, жүйелік сипаттағы өзара байланысқан шаралардың, білімді шоғырландыру, тарату мен коммерцияландыруды қамтитын тиімді жұмыс атқаратын ұлттық инновациялық жүйе кешені арқылы қалыптастыру қажеттілігінен пайда болды. Инновацияларды дамыту мен технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу бағдарламасы қолданбалы ғылымды отандық өнеркәсіпті жаңғырту міндеттеріне бағдарлау, генерацияның тиімді жүйесін жасау мен экономикада білімді пайдалану жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуіне бағытталған.
Бағдарламаның нәтижелері қазірдің өзінде көрініс табуда: Ұлттық Инновациялық Қор қызметінің жүйеленуі, елдің түпкір-түпкіріндегі технопарктердің салынуы, венчурлық нарықтың ұйыдастырыла бастауы және т. б. Алайда елдегі инновациялық менеджменттің тұрақты даму жолында бірқатар мәселелер бар.
Сондықтан магистерлік диссертацияның тақырыбы «Кәсіпорындағы инновациялық қызметті басқару (қазақстандық компания мысалында) » деп аталды. Жұмыста елдегі инновациялық менеджментті тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, дамыту жолындағы мәселелердің шешімдері талқыланған.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі.
Инновациялық менеджмент тақырыбына жазылған шетел экономистерінің - И. Шумпетер («Теория экономического развития»), Н. Д. Кондратьев («Теория волн»), М. Портер, М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури, Б. Твис («Управление научно-техническими нововведениями»), Б. Санто («Инновации как средство экономического развития»), Виханский В. Р., Наумов А. И., («Инновационный менеджмент»), Р. Фатхутдинов («Инновационный менеджмент») және т. б. еңбектерін айтуға болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті басқаруға байланысты отандық ғалымдардың еңбектері: Мухамедьяров, А. М. («Инновационный менеджмент»), Әмірбекұлы Е. («Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі»), М. А. Мустафин («Инновационный проект: концепции, алгоритмы, маркетинг, управление») және т. б. бар. Магистрлік диссертация жазу барысында Мейірбеков А. Қ., Әлімбеков Қ. Ә., Сейтқазиева А., Бекназарова А., С. Т. Купешова, А. Н. Тургинбаева, К. Е. Кубаев, Ф. Г. Альжанова, Ф. М. Днишев, Д. Е. Бижанова, К. Т. Баймухамбетов, Ералы А. Қ., Қабылбеков М. Г., З. Д. Искакова секілді қазақстандық ғалымдардың зерттеу материалдары қолданылды.
Диссертациялық жұмыс аталған ғалымдардың еңбектеріне негізделіп жазылған. Алайда, кәсіпорындағы инновациялық менеджментті ұйымдастыру, қазақстандық инновациялық инфроқұрылымды дамыту, инновациялық менеджментті мемлекет тарапынан қолдау мәселелері әлі де болса зерттеулерді талап етеді. Сондықтан, инновациялық қызмет туралы теориялар мен елдегі ағымдық жағдайын зерттеп, кәсіпорындағы инновациялық менеджментті тиімді басқару әдістерін ұсыну - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Магистрлік диссертацияның мақсаты - инновациялық қызметті басқарудың теориялық аспектілерін зерттеу және шетел тәжірибесі мен қазақстандық ұйымдардағы инновациялық қызметті басқару тенденцияларын талдау негізінде жетілдіру жолдарын, инновациялық қызметті басқаруды тұрақты дамыту мәселелерін шешу және жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Магистерлік жұмыстың негізгі міндеттері келесі шаралармен айқындалған:
- Инновациялық менеджменттің концепциясының даму эволюциясын қарастыру;
- Инновациялық қызметті ұйымдастыру мен басқарудың теориялық аспектілерін зерттеу;
- Инновациялық қызметтi ұйымдастыру мен басқарудағы шетел елдерінің сәтті және сәтсіз тәжірибелерін зерттеп, олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызмет саласының дамуына, инновациялық инфрақұрылымына талдау жасау;
- Кәсіпорындардағы инновациялық қызметті басқару үрдісін талдау;
- Кәсіпорындағы инновациялық қызметті ұйымдастыру мен басқаруды дамыту бойынша тиімді жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет саласы мен ««Қазақтелеком» АҚ» Ұлттық компаниясы таңдалынды.
Зерттеу пәні ретінде компаниялардың инновациялық қызметті ұйымдастыру және басқару әдістері, құралдары болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Одан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.
Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы үдерісінде экономикалық ынталандыру мәселесіне арнаулы қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми - зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар, шетелдердің статистикалық агенттіктерінің, дүние жүзілік банк, дүние жүзілік экономикалық форумының деректері құрады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу жұмысында төмендегідей ғылыми жаңалықтар мен нәтижелер алынды:
- инновациялық қызметті ұйымдастыру мен басқару әдістері жан-жақты қарастырылды;
- қазіргі күнгі әдебиеттерде берілген инновация және инновациялық қызмет түсінігіне автор тарапынан толықтырулар енгізілді;
- инновациялық қызметтің қазіргі кездегі жағдайына талдау жасалып, тиімділігіне баға берілді;
- салыстырмалы түрде инновация саласында алдыңғы қатарлы елдердің, компаниялардың озық тәжірибелері қарастырылды және Қазақстан Республикасына тиімді жақтарын үйрену, елде осы тәжірибелерді енгізу мен пайдалану бойынша ұсыныстар берілді;
- «Қазақтелеком» АҚ инновациялық қызметіне, нақты инновациялық жобалардың ерекшелігіне талдау жасалынды;
- инновациялық қызметті ұйымдастыру және басқару бойынша ұсыныстар берілді;
- инновациялық қызметті инновациялық менеджмент пен инновациялық инфроқұрылым қалыптастыру арқылы жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
Диссертациялық жұмыстың қорғауға шығарылған негізгі мәселелері:
- Инновация дегеніміз ─ интеллектуалды еңбек нәтижесінде пайда болған ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің туындысы болып табылатын жаңа, жаңартылған, жетілдірілген өнім немесе технология.
- жаңа идея, ноу-хау, ойлаптапқыштық инновация бола алмайды, өйткені бұл өнімнің тек жаңалық қасиетіне иелілігі инновация болуына жеткіліксіз. Нағыз инновация болып қоғамдық, материалдық, рухани табыс әкелетін өнім ғана табылады.
- Қазақстан Республикасының инновациялық саласын талдау негізінде инновациялық қызмет саласының дамуына кедергі келтіруші басты фактор - ол инновациялық менеджменттің дамыуының баяулығы мен кәсіби инновацияларды тұрақты түрде өндіру үшін сәйкес инфроқұрылымның болмауы.
- Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық менеджменттің заманауи әдістерін пайдаланбауы.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер, теориялық зерттемелер және тәжірибелік ұсыныстар экономика ғылымында инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруы экономикалық ынталандырудың теориялық және әдістемелік жақтарын кеңейтумен қатар, аталған мәселелерге қатысты салалық және республикалық экономикалық бағдарламалардың негізін жасауға қолданылуы мүмкін. Диссертациялық зерттеудің жекелеген қағидалары, мысалдары «Менеджмент», «Инновациялық менеджмент» пәндері бойынша қажетке жарайды.
Автордың жеке еңбегі зерттеу жұмысына қосқан үлесінің маңызы жаңа идеялар ұсынуы мен статистикалық мәліметтерді талдау, жеткізу, ғылыми нәтижелерді топтастыруында.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы. Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Зерттеудің негізгі нәтижелері жалпы көлемі 3 мақалада жарияланды. Дисертацияның негізгі нәтижелері педагогикалық тәжірибе барысында дәрістік материал ретінде қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 92 беттен тұрады, 10 кесте және 14 суретпен безендірілген.
- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІИнновация ұғымының мәні және даму эволюциясы
Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру немесе жаңару» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағыналарды білдіретін, «innovacyon» сөзінен пайда болған.
Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың (өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:
- жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша рөлі;
- өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
- жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі;
- өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына ықпал жасауы;
- ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
- жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
- техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
- жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т. б. [1] .
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі белгілерін қарастырайық:
Жаңалық (новизна) . Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды. Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және теуекелділіктер. Сонымен қатар жаңалық деңгейі белгісіздік дәрежесін анықтайды, бұл жеткіліксіз тәжірибе мен жаңа идеяларды жүзеге асырудағы сәтсіздікпен түсіндіріледі. Тәуекелділік ең алдымен мынадан тұрады: нәтижелер тіпті жүзеге аспайды немесе кеш жүзеге асады және бұл бірінші кезекте кәсіпорынның имиджне әсер етеді. Нәтижелердің жүзеге асурылуы кезінде нақты шығандар елеулі түрде жоспардан артуы мүмкін, соңында бұл өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейін төмендетеді және нарықтағы орнын жоғалтады.
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып табылады және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес ұйымдық құрылымын қажет етеді.
Жанжалдық. Жоғарыда қарастырылған инновация белгілері тұлғааралық және іскерлік жанжалдардың себептері болып табылады. Негізінен көпшілік жағдайда жанжалдар кәсіпорын қызметкерлері жаңалықтар енгізу кезінде өзінің жұмыс міндеттерінен басқа жаңа қызметтер мен қосымша міндеттерді орындау уақытында пайда болады [2] .
Инновацияның мынадай түрлері болады:
- Жаңалығына байланысты:базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады; жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады; жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
- Қолданылуына байланысты:өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған; технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған; әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған; нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
- Шығу көздеріне байланысты. ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар; өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар; нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
- Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:тұтыну инновациялары; инвестициялық инновациялар.
- Масштабына байланысты:күрделі инновациялар; жай инновациялар.
Инновациялардың классификациясына қарай отырып, жаңа енгізілімдердің көп түрлі болатынын байқаймыз [3] .
Инновациялық процесті идеяның тауарға айналу реттілік процесі ретінде қарастыруға болады және іргелі, қолданбалы зерттеулер, конструкторлық өңдеулер, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен өтудегі ─ технологияларды коммерциализациялау процесі.
Инновация ұғымына көп көз-қарастар бар, әркім әртүрлі анықтама берген, солардың ең алғашқысы және инноватика теориясының негізін қалаушы - американдық, бірақ түп тамыры австриялық ғалым Й. Шумпетер болатын. 1912 жылы Й. Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегіне алғаш рет инновация ұғымын енгiздi [4] . И. Шумпетер өзінің еңбегінде оған қоса экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер нарыққа жаңа өнім әкеліп, басқа кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймас үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді.
И. Шумпетер бүгінгі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтпаған жаңа комбинациялардың келесі бес түрін көрсетті [5] :
- жаңа өнімді қалыптастыру;
- жаңа технология пайдалану;
- өндіріс процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
- сатудың жаңа нарықтарына шығу;
- ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөзерін пайдалану.
И. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістегі жаңа қызмет болып табылады, кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел, бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты.
И. Шумпетер өз теориясын Н. Д. Кондратьев толқындарымен байланыстырды. И. Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра отырып Г. Менш, К. Фримен т. б ғалымдар жалғастырды.
Ұзын толқын теориясында дискуссия ашқан Г. Менше инновацияларды келесі түрлерге бөледі:
- Адам өмірінде жаңа өндіріс саласы мен жаңа кәсіп түрін қалыптастыратын базалық инновациялар, яғни нарықта бұрын-соңды болмаған немесе ұсынылмаған қызмет түрі, мысалы автомобильдің, ұшақтың, телефон және интернеттің пайда болуы.
- Саладағы бар технологияларды жетілдіру, түрлендіру негізінде пайда болған инновациялар, мысалы түрлі-түсті теледидардың шығуы.
- Псевдоинновациялар, олар базалық инновацялардың түрленуі негізінде пайда болған өнімдер, мысалы ең алғашқы ұялы телефон - базалық инновация болса, одан кейінгі тек функциялары түрлендірілген ұялы телефондар псевдоинновациялар болып табылады [6] .
К. Фриман, Дж. Доси, К. Перес өздерінің зерттеу әдістемесінде экономикалық динамиканың және экономикалық өсудің негізгі қозғаушы факторлары деп келесілерді көрсетті: инновация негізіндегі бәсекелестік; экономикалық дамуда білім мен зияткерлік қасиет маңызды рөл атқарады және инновациялық қызметті оның мазмұны мен құрылымына тікелей әсер етуші фактор балып табылады [6] .
Й. Шумпетерден кейінгі атақты ғалымдардың тағы бірі Джеймс Брайен Куинн өз тұжырымдарын ортаға салды. Ол инновацияның жалпы сипаттарына тоқталып, инновациялар - қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; ықтималды сипатқа ие; күрделілігімен ерекшеленеді; көп уақытты талап етеді; кедергінің пайда болуына, қарсыласуға, тоқтатылымға және шапшаң дамуға бейім деп атап көрсетті.
Ал американдық кеңес беруші «МакКинзи» компаниясының менеджері Р. Фостердiң «технологиялық айырылымдар теориясы» И. Шумпетер теориясынан өзгеше болды.
пайда Технологиялық айырылым
уақыт
Сурет 1 - Технологиялық айырылым [6] .
Р. Фостердің айтуынша, кез келген технологияның S - сияқты белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз технологиясының өмір циклін жақсы білуі қажет, технология құлдырау фазасына жақындағанда ол технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы керек (2 сурет) .
Бір технология өзінің шегіне жеткенде, келесі жаңа технология пайда болады да, осы мезетте жаңа технология өмірге келеді. Технологиялық айырылымның нәтижесінде жаңа өнім, жаңа үрдіс, яғни инновацияның пайда болуына әкеледі.
Р. Фостердің теориясында инновация - бұл «технологиялық айырылымның» жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен қатар жаңа технологияларды талап етеді.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника - экономикалық зерттеуiнде инновациялық үрдіс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
- экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
- экономикалық дамуда бiлiм мен интеллект басты рөл атқарады;
- интеллектуалдық қызметті оның құрылымы мен негізі болып саналады.
Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің қозғаушы факторы болып: білім, интеллект, инновация танылады.
ХХ ғ. 50 жылдарында американдық ғалым Роберт Солоу экономикалық өсудің жетекші факторы ҒТП болатынына назар аударды. Ұқсас пікір берген басқа да экономистер: Джон Кендрик, Эдвард Денисон. Экономикалық өсуде технологиялық прогрестің ерекше ролін Сайман Кузнец көрсетті. Сайман Кузнец ойынша, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұлттық өнімнің үнемі өсуі, технологиялық прогрестің арқасында жетеді.
Кейіннен Э. Денисон экономикалық өсу факторларының сипаттамасын жасады. 23 фактордың: 4-і капиталға, 1-жер, қалған 14-і ҒТП-ң жемісі.
Келесі экономист-ғалым - Брайан Твисстің түсінігінде: инновация - ойлап табушылық немесе идея экономикалық мазмұнға ие болатын үрдіс. Бұл пікірге В. Л. Макаров та қосылады.
Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В. А. Макоренконың «қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер» сөздігіне сәйкес «инновация» (ағылшын «innovation» - жаңалық енгізу, «жаңалық», латын тілінде «innovation» - «жаңарту», «жаңғырту») бұл:
- Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат.
- Ғылыми-техникалық үрдістің жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі.
- Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгзуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т. б.
- Тіл білімінде - жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы [7] .
Инновация түсінігіне басқа да ғалымдар өз пікірлерін білдірген, солардың бірі Р. Нельсон. Ол экономикалық эволюцияда алғаш рет инновация түсінігіне байланысты екі үрдісті атады, олар өндірістік инновациялардың пайда болуын білдіретін «өзгермелілік» (variation) және бәсекеге төзімді және бейімделгіш «таңдау» (selection) үрдісі деді. Ал Л. Водачек инновацияны «Кәсіпорынның жүйе ретінде қызмет етуінің мақсатты өзгерістері» деп атады [8] .
Инновацияны зерттеуші ғалымдар: Д. Берч (1980 жж. ), Б. Киргхофф, П. Друкер (1990 жж. ), Ф. Янсен (2000 жж. ) инновацияның «жасампаздық-бүлдіргіштік» рөлі, инновацияның жіктелуінің нақтылау бойынша, инновацияның қарама-қайшылықтарын зерттеуде ғылымға өз үлестерін қосты. М. Портердің экономиканың модернизациялануы жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің өсу факторлары және Р. Каплинскийдің “экономика өсуінің тежеуші” феномені атты еңбектері инновация теориясы үшін үлкен маңызы бар еді [9] .
Атақты экономист П. Друкер инновацияларды идеялардың пайда болу көздеріне сәйкестіріп мынадай түрлерге жіктейді:
- күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізінде пайда болған инновациялар;
- өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;
- сала құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;
- демографиялық өзгерістерге негізделген инновациялар;
- түсіну, көңіл күй мен құндылықтарға негізделген инновациялар;
- жаңа білімге негізделген инновациялар [10] .
1990 жылы Венгриялық ғалым Б. Санто инновация терминінің мәнін ашуда жан-жақты еңбек етіп, мынадай анықтама берді: инновация - идеялар мен ойлап табуларды тәжірибеде қолдану арқылы сапасы жағынан жоғары өнім немесе технология жасауға мүмкіндік беретін қоғамдық - технико - экономикалық үрдіс [11] .
Өткен ғасырдың 90 жылдары Б. Киргхофф фирмаларды инновациялық сипаты бойынша жіктеуге тырысты, соның нәтижесінде олардың төрт типін бөліп шығарды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz