“Шала қазақ”. Мұхтар Шаханов


Халық ақыны Мұхтар Шахановтың “Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге” деген өлеңі
Жаңа қазақ, шала қазақ жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға,
һәм сатуға мүмкіңдігі болғасын.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 11 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




"Шала қазақ". Мұхтар Шаханов
Автор: Moderator1 28 Қыркүйек 2010 Пікір жоқ
Халық ақыны Мұхтар Шахановтың "Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге" деген өлеңі
Жаңа қазақ, шала қазақ жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға,
һәм сатуға мүмкіңдігі болғасын.
Сенде қазір думан дәурен, масат күн,
Өзінді-өзің бар жауаптан босаттың,
Рухани байлыққа да тас аттың.
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып, сырахана жасаттың.
Тез ашылып саудагерлік дарының,
Таудан, тастан қайтпастай ер арының,
Саудаладың Алматының жарымын.
Ұлағатты ұлы қазақ елінде
Сатылмайтын нәрселер де бар, інім.
Жалғыз саған борыштыдай бар талык,
Топ ішінде ісіп-келдің , нарландың,
Желтоқсанда құрық түсіп арманға,.
Жас буынның өзегін өрт шалғанда,
Үнсіздігі айналып зор қорғанға,
Дәл бүгінгі батырлардың көбісі
Столына жасырынып қалғанда,
Найзағайлар жарқ-жұрқ ойнап аспанда,
Ұлтымызға ызғарлы үрей шашқанда,
Қыздарымыз қайсар мінез ашқанда,
Кей еркектер құдай қара басқанда
Ұқсағанда піштірілген қошқарға,
Қонаевтың жақсылығын көргендер
Қонаевты жалғыз тастап қашқанда
Сахаровқа іні болып табысып,
Горбачевпен, Крючковпен қағысып,
Талай залым алпауытпен алысып,
Біз тіккенбіз басымызды бәйгеге
Бар қазақтың ар-намысын ап ұшып.
Ұлтымыздың әр мұңының басында,
Салт пен сана, тіл мен дәстүр қасында,
Арал зары шапқан кезде насырға,
Қорғаушы боп тағы да біз жүргенбіз
Мейірім қосып мейірімсіздеу ғасырға.
Кейкиесің қол беруге арланып
Дегенмен біз сені туған ұлттың
Сатылмайтын қасиеттерін қорладық.
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар
Бәйтеректі мазақтаса құмай тал,
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар.
Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден
Кем сүйесін деп, қанекей, кім айтар?
Асау даусы әр қиырдан естілген
Ағаң бізбіз ерте есейіп, кеш күлген.
Аман қалған талай қарлы көшкіннен.
Уақыт артқан абырой мен беделі
Сұрап, сатып алынбаған ешкімнен.
Тамырсыз жан жұрт мұңына саңырау
Деген пікір рас па еді, тәңір-ау?
Неге болдық рухсызға қоңырау?
Қандай қорлық, ағыл-тегіл дәулеттен
Дәулеттінің жан байлығын танымау.
Дәстүріміз тұрса екен деп күшінде,
Егемен ел болуды аңсап түсінде,
Ұлы арманы запыран боп ішінде,
Сан ғасырлық ұлтымыздың шайқасы
Сендейлерді тайраңдату үшін бе?
Мұндай бақты көрдің бе екен түсінде,
Бүгін жұртты менсінбеген пішінде,
ИІыға келдің айналып тас мүсінге.
Біздің қилы күресіміз кешегі
Сені атқа отырғызу үшін бе?
Біздің дәуір нарықтан кеп табылды
Бірақ, нарық жүрмей жатып жаңылды.
Нақ сол тұста сынап қалдың бағынды.
Қоғам мүлкін зандастыра жымқырып
Іс бастап ең, байлық сел боп ағылды.
Рухынан артық қойған қарынды
Шын безбүйрек болып шықтың алымды.
Нәтижеде жұрт қалтасы қағылды.
Ал әйтпесе мына үйлер, зауыттар
Қайдан тапқан дәулетіңе алынды?
"Бөлінсе де сана төртке, ми үшке,
Нарық заңы солай, жөнсіз тиіспе!" -
Дейді біреу шығып алып мүйіске.
Сонда қалай, кедейленіп бар халық,
Жүз-ақ адам бай болуға тиіс пе?
Жүз бай шырқап, миллион кедей аһ ұрған,
Пайда тым аз жүз бай еккен дақылдан.
Кім бар жұртты тең баюға шақырған?
Фарабиден "мықты ел кім?" - деп сұраса,
"Қайыршысы жоқ ел," - депті ақылман.
Сорласа жұрт рухсыздан сорлайды.
Қырандардан биік қойсақ торғайды,
Отанды кім торғайлардан қорғайды?
Рухсыздың, қайырсыздың баюы,
Бәлкім, ертең ұлтымызға зор қайғы.
Жинасаң да әлемнің бар алтынын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным!

Мұхтар ШАХАНОВ: Бельгердің мұнысы ұсақтық болды

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Начало формы
Қолданушылардың рейтингі: 2
ЖаманЖақсы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Конец формы
Автор: Сұхбаттасқан Оразәлі БАЙМҰРАТ
10.07.2009 10:33
Газетіміздің өткен сандарының бірінде (19 маусым, 2009 жыл) белгілі жазушы Герольд Бельгердің саясаттанушы Нұрлан Ерімбетовпен арадағы сұхбаты Қазақтың итіне дейін басқа болатын деген тақырыппен жарияланған еді. Осы сұхбат қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Әсіресе, Бельгердің Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың арасындағы достыққа күмән келтіре сөйлегені бірқатар азаматтардың түсінбеушілігін тудырып отыр. Шахановты жақтаушылардың қарсы пікірі Айқын газетінде жарияланды. Бұл хат біздің редакциямызға да келіп түскен болатын. Ал біз оны жариялағаннан гөрі Мұхтар Шахановтың өзімен тілдескенді жөн көрдік.

Жас қазақ: Бельгердің бұл пікіріне қатысты өзіңіз не айтасыз?
Мұхтар Шаханов: Бұл бір өзі сөз етуге де тұрмайтын жағдай ғой. Соны қозғап қайтеміз? Айқынға шыққан материалды көрген боларсың.
Жас қазақ: Көрдім. Сонда да өзіңіздің жеке пікіріңізді білгіміз келеді.
Мұхтар Шаханов: Нақты нені айтуым керек сонда?
Жас қазақ: Бельгер: Маған осы Шаханов-Айтматов достығы біртүрлі көрінеді. Өте түсініксіз достық, - дейді. Мұнымен ол не айтқысы келді деп ойлайсыз?
Мұхтар Шаханов: Мұның арғы жағында пендешілік жатыр ғой. Ал Айтматов екеумізді жақын білетін адамдардың ешқайсысы олай деп ойламайды. Ұзақ жылдардан бері ағалы-інілідей болдық. Өмірдің көп кезеңін бірге көрдік. 1968 жылдан басталды. Қанша жыл болады өзі?
Жас қазақ: 40 жылдан асыпты...
Мұхтар Шаханов: Иә. Содан бері араласып келдік. Оны енді екеуміз бірлесіп жазған Құз басындағы аңшының зарын оқыған адамдар да толық түсінеді. Байланысымыздың қаншалықты болғанына көз жеткізеді. Ал Бельгер бұл кітапты роман дейді. Қайдағы роман? Екеуара әңгіме ғой. Бұл - әртүрлі тақырып төңірегіндегі сырласу. Бельгер оны білмейді. Өзі бізбен араласқан емес. Сол сөзді әлгі жігіт... аты кім еді?...
Жас қазақ: Нұрлан Ерімбетов...
Мұхтар Шаханов: Иә, сол жігіт айтқызып отыр. Ол өзі ұлттық мүддені білмейді. Ұлттық мүддеге қарсы пікір айтып жүрген жігіт. Біз сияқты ұлтшылдарға, қазақстандық ұлт дегенге қарсыларға деген ішкі есебі бар. Соны алға шығару үшін осылай жасап отыр. Тіпті ол Бельгердің өзін ыңғайсыз жағдайға қалдырған.
Жас қазақ: Бельгердің аузына осы сөзді сол салып беріп отыр дейсіз ғой...
Мұхтар Шаханов: Сол ғой енді...
Жас қазақ: Құз басындағы аңшының зарын аударып беруді Бельгерден өтінгеніңіз рас па?
Мұхтар Шаханов: Оған бір ауыз айтқаным рас. Сосын мен ол кісіге, жалпы жасы үлкен адамның ешқайсысына, өзімнен жарты жас үлкен болса да, сен деп айтпаймын. Табиғатым солай. Бельгер сен деп айтты дегенге келтіреді. Қалай оған сен деп айтамын? Онысы дұрыс емес. Ал ол кісі өтінішімді орындамағаннан кейін, кітапты бірнеше адам жабылып аударды. Қайталап айтайын, ол әлгі жерде біздің кітапты роман дейді. Оқымағаны көрініп тұр. Тіптен Айтматовтың алғы сөзінің өзін ғана оқыса да, олай деп айтпаған болар еді.
Жас қазақ: Ал енді Айтматов жөнінде бір нәрсе жазу ойыңызда бар ма?
Мұхтар Шаханов: Желтоқсан эпопеясы деген романымның екінші, үшінші кітаптары әлі шыққан жоқ. Соның ішінде мен осы мәселеге тоқталамын. Онда Айтматов жөнінде естелік бар. Енді сонда осы жайында да сөз қозғауға тура келеді. Бельгердің мұнысы ұсақтық болды. Ал Айтматовтың мен жөніндегі, менің шығармаларым жөніндегі пікірлері, ЮНЕСКО-да, шетелдерде айтқан пікірлері жеткілікті ғой.
Жас қазақ: Қазір Айтматовтың отбасымен, балаларымен сөйлесіп, хабарласып тұрасыз ба?
Мұхтар Шаханов: Жақын араласып тұрамыз. Сосын Бельгер Айтматов жөнінде ештеңе жазбады деп айтыпты. Жазушыны жерлеген кезде Қырғыз үкіметі Айтматовтың ең жақын достарының атынан маған сөз берді. Сондағы сөзім қазақша да, қырғызша да жарияланды.
Жас қазақ: Бельгер Кекілбаев пен Нұрпейісовті де менсінбейтін сияқты ғой. Оларды, әйтеуір, Айтматов көтерді ғой деген мағынада ой айтады...
Мұхтар Шаханов: Кекілбаевты да, Нұрпейісовті де көтерген Айтматов емес. Әрқайсысы өздерінше жеке тұлғалар. Әрине, олар да Айтматовпен жақсы қарым-қатынаста болды. Бірақ оларды дәл оның көмегімен көтерілді деу қателік.
Жас қазақ: Жалпы, Бельгер қазақ әдебиетіне, оның қазіргі хал-ахуалына баға бере алатындай тұлға ма?
Мұхтар Шаханов: Бельгер - негізі, күнделік жазудың шебері. Ал оның жазған әңгімелеріндей шығармалар қазақ әдебиетінде толып жатыр ғой. Бірақ ол көп қазақтың жазушыларын аударды. Онысына рақмет. Содан кейін Бельгер шын жазатындардың қатарына жатады. Біздің көп жазушылар шындығын жоғалтып алған. Билік басындағыларға жалбақтауға бейім. Ондай жазушылар өте көп, өкінішке қарай. Ал Бельгер, ол жағынан алғанда, өзгелерден биік тұрады. Ол жағынан бағалауымыз керек. Бірақ жазушы ретінде үлкен тұлға деп айта алмаймын.
Жас қазақ: Бұл жолы біреудің сөзіне арандап қалды деп ойлайсыз ба?
Мұхтар Шаханов: Бұл жолы сол Нұрлан Ерімбетовтің сөзіне арандап қалды ғой деп ойлаймын. Қазір қазақтың космополиттері өзгеше күшке енді. Мен жуырда Әрбір ұлтсыз космополит - рухани мүгедек деген өлең жаздым. Сонда мен космополиттерді екіге бөлдім. Бірі - орыстандыру саясатының қазақ халқына әкелген қасіретін сезіне отырып, өзінің арнасына бұрылуға ниеті барлар. Екіншісі - өте қауіпті топ. Олар не қазақ емес, не орыс емес, не неміс емес, не шүршіт емес, шөре-шөре болып қалғандар. Олардан нағыз орыстың өзі әлдеқайда жақсы. Он есе жақсы. Өйткені олар өзінің ұлтын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Шаханов
Ақын Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов поэзиясы
HTML тілінде «Мұхтар Шаханов» атты сайт жасау
Мұхтар шаханов, ақын, қоғам қайраткері: ұлттық мүддесі жоқтар қазақ емес
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
Мұхтар Шаханов өмір жолының кезекті кестесі
М. Шаханов поэзиясының әлемі
Шала өткізгіштер
Мұхтар Әуезов
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь