Мемлекеттік егемендік туралы декларация


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік егемендік туралы декларация

Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер менхайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т. б. ) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" КонституциялықЗаң қабылданды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылданғанына - 20 жыл

Егемендік туралы декларация тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық көзі, мемлекеттік биліктің елдің ішіндегі үстемдігі мен оның халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі туралы мемлекеттің жария еткен алғашқы ресми бағдарламалық мәлімдемесі болып табылады. Бұл құжатта Қазақстан “халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар” егемен мемлекет деп жарияланды. Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті, егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі. Нәтижесінде бір орталыққа бағынышты күйден арылып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді.

Тоқсаныншы жылдардың басында біздің өзінің дербес саяси жүйесі белгіленетін егемен мемлекеттің негізін қалауға мүмкіндік алдық. Декларацияда белгіленген заңдық нормалар шеңберінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде республика мәртебесін іске асыратын жаңа Конституция мен басқа да заңдық-құқықтық актілерді әзірлеу мүмкіндігін алды. Көп кешікпей дербес заң актілерінің алғашқы буыны өмірге келді. Солардың қатарында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы енгізілді, ол халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығына ие болды. Республиканың Жоғарғы Кеңесіне алғашқы баламалы сайлаулар өткізіле бастады. Қазақстанда алғаш рет Президент лауазымы белгіленді, ол Республика басшысы болып табылды және өкім етуші-атқарушы жоғары билікке ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бүкіл республика халқы атынан сөз сөйлеу құқығы ғана емес, сонымен бірге заң шығару саласына, ішкі және сыртқы саясатқа, Үкімет қызметін бақылауға ықпал ету құқығы берілді. Кейін еліміздің бүкіл заңнамалық базасы нақ осы декларацияға негізделді. 1993 және 1995 жылдары еліміздің Конституциялары қабылданғанын білеміз.

Осы жерде ерекше атап өтерлік жайт, егемендік декларациясы қабылданғаннан кейін арада бір жыл өткенде, 1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң қабылданды. Бұл ерекше оқиға еді. Негізінде «Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалған» қазақтың талайдан бергі арман-тілегі, аңсаған мұраты, күткен келешегі осы еді. Қазақы рухты өрлетіп, «ақ білектің күшімен, көк найзаның ұшымен» келген тәуелсіздігімізге де осы егемендік декларациясының арқасында қол жетті. Біз ең алдымен егемендігімізді жарияладық, кейін тәуелсіз ел екенімізді Түркиядан бастап барлық ірілі-ұсақты мемлекеттер мойындады.

Арада біраз уақыт өткенде, 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы қабылданды. Мемлекет басшысы осы құжатты әзірлеу мен қабылдауды Қазақстанның осы заманғы тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп атады. Атап айтқанда, онда алғаш рет Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары айқын тұжырымдалған және оған қол жеткізудің нақты жолдары анықталған. Біздің дамуымыздың парадигмасын - аман қалу моделінен озық даму моделіне дейін біржолата өзгертті. Қазақстан өз экономикалық дамуының өтпелі кезеңін ойдағыдай аяқтап, алдағы жылдары жаңа сапалы өсуге дайын және қабілетті. “Қазақстан-2030” Стратегиясының шешуші мақсаты бұрынғысынша болып қала береді - біздің мемлекет 2030 жылға қарай әлемнің барынша дамыған елдерінің қатарына кіруі тиіс. Осылайша біз халқымыздың ұлы мақсатына қарай дәйектілікпен ілгерілейтін боламыз” деді бір сөзінде Елбасы.

Бұдан кейінгі жылдар ел дамуының 10 жылдық стратегиялық жоспарын қабылдаумен аталып өтті, соған сәйкес 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған саяси және мемлекеттік құрылыс саласындағы негізгі басымдық төмендегідей түйінді міндеттерді шешуге бағытталды. Олар - биліктің үш тармағының өзара іс-қимылдарының тиімді жүйесін құру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, сайлау үдерісі тетігін жетілдіру, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның институттарын дамытуға жәрдемдесу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ұлғайту, мемлекеттік құрылыстың міндеттерін заң жүзінде қамтамасыз ету және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту саласында үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі және құқықтары туралы заңды әзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен бюджеттік қатынастарды өзара жетілдіру деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу тұжырымдамасын дайындауды атап көрсету керек. Бұл жұмыстың қорытындылары бойынша мемлекеттік функциялардың оңтайлы тізбесінің, сондай-ақ басқару деңгейлері бойынша оларды шектеу жобасы әзірленді. Ол мемлекеттік әкімшілік етудің жаңа қағидаттарына және бюджетаралық қатынастардың тиісті модельдеріне көшудің базалық жағдайларын жасау үшін негізге айналды.

Сөз жоқ, Қазақстанның саяси жүйесін реформалау елде экономикалық өсудің тұрлаулы қарқындарына қол жеткізіп, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал еткен белсенді экономикалық саясаттың арқасында мүмкін болды. Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты және жауапты мүшесі болып табылады. Дербес даму кезеңі ішінде отандық экономиканы дамытуға 50 миллиардтан астам доллар тартылды. ТМД елдері арасында халықтың жан басына шаққанда тікелей шетелдік инвестицияларды игеру көлемі жағынан, халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша, Қазақстан көш басында келеді, Орталық Азияның үлесіне тиесілі инвестициялардың 80 пайызы да Қазақстанда болып отыр. Бұл ретте негізгі капиталдағы елдің ішкі инвестициялары шамамен 70 миллиард долларды құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік декларациясы
1980-1990 жылдардағы КСРО дағдарысы
Егемендігі туралы декларация
Жер ресурстарының халықаралық құқықтық мәселелері
Егемендік және Тәуелсіздік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz