Өткір ішек инфекциясының таралу динамикасының математикалық моделін құру



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1 МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛДІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ТАРАЛУ ДИНАМИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 SIR моделін пайдаланып сальмонелланың математикалық моделін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛДІҢ СТАЦИОНАРЛЫҚ ШЕШІМІ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ШАРТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Бірінші стационарлы шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Екінші стационарлы шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Үшінші стационарлы шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.4 Математикалық моделді орнықтылыққа зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... .18

3 АЛЫНҒАН КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.1 MathCad бағдарламасын қолданып графиктер тұрғызу ... ... ... ... ... .. 28
3.2 Стационарлы шешімді пайдаланып MathCad бағдарламасында графиктерді тұрғызу және салыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Өткір ішек инфекциясының таралу динамикасының математикалық моделін құру. Соның ішінде өткір ішек инфекцияларынан сальмонелла инфекциясының математикалық моделін құру. Математикалық моделді құру үшін SIR моделін қолдану арқылы моделін тұрғызу, I жұқтырғандарды Ic клиникалық жұқтырғандар және Is субклиникалық жұқтырғандар деп, V вакцинациялауды v1 жаңа туылған нәрестелерді вакцинациялау және v2 үлкен кісілерді вакцинациялау деп бөлу, динамикалық жүйені стационарлыққа зерттеу, Ляпунов әдісін және Сильвестр критерииін қолдана отырып орнықтылық шартына зерттеу. MathCad бағдарламасын қолданып түрлі графиктер тұрғызу.
Сальмонеллез — жұқпалы ішек ауруы. Аурудың қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан[1]-[5]. Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Олар суда 5, ет-шұжық, сары майда 4 айға, сүтте 20 күнге, ірімшікте 1 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Малға беретін жемдерде 10 ай, топырақта 18 айға дейін сақталады. Сальмонеллар — негізінен көптеген жабайы және үй жануарларының ішек жолының қалыпты микрофлорасы. Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда ауыр өтеді. Ауруды лабараторияда арнайы бактериол. (қан, нәжіс, құсық қалдығы, т.б. алынады) және серол. әдіспен (Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды. Емі: асқазанды жедел жуып-шаяды, дененің улануын әлсірететін, жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер, бактериофагтар, антибиотиктер (левомицетин, циклофлоксацин, т.б.) қабылдау. Сальмонеллез бен күресу және оның алдын алу үшін санитарлы-гигиеналық, ветеринарлы және індетке қарсы шаралар кешені жүргізіледі.
1. Dechet AM, Scallan E, Gensheimer K, et al. Outbreak of multidrug-resistant Salmonella enterica serotype Typhimurium Denitive Type 104 infection linked to commercial ground beef, northeastern United States, 2003-2004. Clin Infect Dis 2006; 42(6): 747-52.
2. Mazurek J, Salehi E, Propes D, et al. A multistate outbreak of Salmonella enterica serotype typhimurium infection linked to raw milk consumption{Ohio, 2003. J Food Prot 2004; 67(10): 2165-70.
3. Cody SH, Abbott SL, Marn AA, et al. Two outbreaks of multidrug-resistant Salmonella serotype typhimurium DT104 infections linked to raw-milk cheese in Northern California. Jama 1999; 281(19): 1805-10.
4. Gupta A, Fontana J, Crowe C, et al. Emergence of multidrug-resistant Salmonella enterica serotype Newport infections resistant to expanded-spectrum cephalosporins in the United States. Journal of Infectious Diseases 2003; 188(11): 1707-16.
5. Mead PS, Slutsker L, Dietz V, et al. Food-related illness and death in the United States. Emerg Infect Dis 1999; 5(5): 607-25.
6. Varma JK, Greene KD, Ovitt J, Barrett TJ, Medalla F, Angulo FJ. Hospitalization and antimicrobial resistance in Salmonella outbreaks, 1984-2002. Emerg Infect Dis 2005; 11(6): 943-6.
7. Anderson RM, May RM. Infectious diseases of humans: dynamics and control. Oxford, UK: Oxford University Press, 1992.
8. Bjornstad ON, Finkenstadt BF, Grenfell BT. Dyanmics of mesales epidemics: estimating scaling of transmission rates using a time series SIR model. Ecological Monographs 2002; 72(2): 169-84.
9. Trottier H, Philippe P. Deterministic modeling of infectious diseases: measles cycles and the role of births and vaccination. The Internet Journal of Infectious Diseases 2003;1(2).
10. Flahault A, Deguen S, Valleron AJ. A mathematical model for the European spread of influenza. European Journal of Epidemiology 1994; 10(4): 471-4.
11. Casagrandi R, Bolozoni L, Levin SA, Andreasen V. The SIRC model and in°uenza A.Mathematical Biosciences 2006, 200(2): 152-69.
12. Capasso V, Paveri-Fontana SL. A mathematical model for the 1973 cholera epidemic in the European Mediterranean region. Rev Epidemiol Sante Publique 1979; 27(2): 121-32.
13. Pascual M, Bouma MJ, Dobson AP. Cholera and climate: revisiting the quantitative evidence. Microbes and Infection 2002; 4(2): 237-45. 30
14. Xiao YN, Bowers RG, Clancy D, French NP. Understanding the dynamics of Salmonella infections in dairy herds: a modelling approach. Journal of Theoretical Biology 2005; 233(2): 159-75.
15. Xiao Y, Clancy D, French NP, Bowers RG. A semi-stochastic model for Salmonella infection in a multi-group herd. Mathematical Biosciences 2006; 200(2): 214-33.
16. Chapagain PP, Van Kessel JS, Karns JK, et al. A mathematical model of the dynamics of Salmonella Cerro infection in a US dairy herd. Accepted.
17. Huston CL, Wittum TE, Love BC. Persistent fecal Salmonella shedding dairy herds. Journal of the American Veterinary Medical Association 2002; 220(5): 650-5.
18. Richardson A. The transmission of Salmonella dublin to calves from adult carrier cows.Vet Rec 1973; 92(5): 112-5.
19. Wells SJ, Fedorka-Cray PJ, Dargatz DA, Ferris K, Green A. Fecal shedding of Salmonella spp. by dairy cows on farm and at cull cow markets. J Food Prot 2001;64: 3-11.
20. Zhao T, Doyle MP, Fedorka-Cray PJ, Zhao P, Ladely S. Occurrence of Salmonella enterica serotype typhimurium DT104A in retail ground beef. J Food Prot 2002; 65:403-7.
21. Ляшко С.А. Элементы теории динамических систем [Электронный ресурс]: учеб. пособ. / С.А. Ляшко. — Балашов: Изд-во «Николаев», 2005.— 104 с.
22. Кирьянов Д. Самоучитель Mathcad13. – СПб.: БХВ-Петербург, 2006. – 528 с.: ил. ISBN 5-94157-849-0

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысының көлемң: 3 тараудан, 43 бет, 15 сурет, 10 график, 3 кестеден тұрады.

Кілттік сөздер: Өткір ішек инфекциясы, сальмонелла, моделі, стационар шешім, орнықтылық шарты.

Жұмыстың мақсаты:
* Өткір ішек инфекциясының SIR моделін қолдана отырып және оған вакцинациялау теңдеуін қосып математикалық моделін құру.
* Динамикалық жүйенің стационарлы шешімін табу және әдістерді қолдана отырып орнықтылыққа зерттеу.
* Динамикалық жүйелерді графиктер түрінде көрсету.

Жұмыстың зерттелу барысында SIR моделін қолдана отырып және вакцинациялау теңдеуін қосып математикалық модель тұрғызылды, бұл моделде жұқтырғандарды Ic клиникалық және Is субклиникалық деп екіге бөлінді, вакцинациялауды жас ерекшелігіне қарай v1 жаңа туылған және v2 үлкен кісілер деп теңдеуге еңгізілді. Математикалық моделді пайдаланып графиктер тұрғызылды, орнықтылық шарты зерттелінді, стационар шешім арқылы MathCad бағдарламасында графиктер тұрғызылды.

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1 МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛДІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ТАРАЛУ ДИНАМИКАСЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
0.1 SIR моделін пайдаланып сальмонелланың математикалық моделін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11

2 МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛДІҢ СТАЦИОНАРЛЫҚ ШЕШІМІ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ШАРТЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.1 Бірінші стационарлы шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.2 Екінші стационарлы шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.3 Үшінші стационарлы шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.4 Математикалық моделді орнықтылыққа зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... .18

2 АЛЫНҒАН КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.1 MathCad бағдарламасын қолданып графиктер тұрғызу ... ... ... ... ... .. 28
3.2 Стационарлы шешімді пайдаланып MathCad бағдарламасында графиктерді тұрғызу және салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .42



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

S - сезімтал
IC - клиникалық жұқтырғандар
IS- субклиникалық жұқтырғандар
R - қалпына келгендер
V - вакцинацияланғандар
u - толықтыру коэффицент
βc- Клиникалық өткізу коэффициенті
βs - субклиникалық өткізу коэффициенті
f - жұқтырғандар үлесі, клиникалық жағдайда іске асатын
e- клиникалық жағдайды бағалау, субклиникалық жағдайға өтетін
h - субклиникалық жағдайда қалпына келу жылдамдығы
r - иммунитетті жоғалту коэффиценті
B- туу көрсеткіші
v1 - жаңа туылған сәбилерді вакцинациялау
v2 - ауруға шалдыққан адамдарды вакцинациялау

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен өзектілігі:
Өткір ішек инфекциясының таралу динамикасының математикалық моделін құру. Соның ішінде өткір ішек инфекцияларынан сальмонелла инфекциясының математикалық моделін құру. Математикалық моделді құру үшін SIR моделін қолдану арқылы моделін тұрғызу, I жұқтырғандарды Ic клиникалық жұқтырғандар және Is субклиникалық жұқтырғандар деп, V вакцинациялауды v1 жаңа туылған нәрестелерді вакцинациялау және v2 үлкен кісілерді вакцинациялау деп бөлу, динамикалық жүйені стационарлыққа зерттеу, Ляпунов әдісін және Сильвестр критерииін қолдана отырып орнықтылық шартына зерттеу. MathCad бағдарламасын қолданып түрлі графиктер тұрғызу.
Сальмонеллез -- жұқпалы ішек ауруы. Аурудың қоздырғышы -- сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан[1]-[5]. Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Олар суда 5, ет-шұжық, сары майда 4 айға, сүтте 20 күнге, ірімшікте 1 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Малға беретін жемдерде 10 ай, топырақта 18 айға дейін сақталады. Сальмонеллар -- негізінен көптеген жабайы және үй жануарларының ішек жолының қалыпты микрофлорасы. Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда ауыр өтеді. Ауруды лабараторияда арнайы бактериол. (қан, нәжіс, құсық қалдығы, т.б. алынады) және серол. әдіспен (Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды. Емі: асқазанды жедел жуып-шаяды, дененің улануын әлсірететін, жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер, бактериофагтар, антибиотиктер (левомицетин, циклофлоксацин, т.б.) қабылдау. Сальмонеллез бен күресу және оның алдын алу үшін санитарлы-гигиеналық, ветеринарлы және індетке қарсы шаралар кешені жүргізіледі.
Сальмонеллез ауруы адамның ауру жұқтырылған ет пен балық тағамдарын пайдалануынан пайда болады. Бұл ауру көбіне мал, балық етінің дұрыс сақталмауы, қоғамдық тамақтану мен сауда орындарында аспаздық өңдеудің санитарлық ережеге сай болмауы салдарынан жұғады. Кәдімгі жағдайда сальмонелла ауылшаруашылық малдарының (ірі және ұсақ қара малдардың, шошқаның) ағзасында болады. Сальмонеллез ауруының инкубациялық кезеңі 3-5 сағаттан 20-24 сағатқа дейін, кейде тәуліктің 12 бөлігіне көбінесе 6-8 сағатқа созылуы мүмкін.
Сальмонеллез ауруының алдын алу мақсатында Алматы қалалық Тұтынушылар құқын қорғау департаментінің Алатау аудандық тұтынушылар құқын қорғау басқармасы мамандары қоғамдық тамақтану, сауда және өндіріс орындарында санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту және нысан басшылары мен жұмысшылар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп отырады. Сальмонеллез ауруының алдын алу барысында қоғамдық тамақтану және сауда орындарында келесі санитарлық жағдайларға мән беріліп, оның алдын алу қажет[5]-[14].
- таңбасы және ветеринариялық куәлігі, сертификаты жоқ ауылшаруашылық жануарларының барлық түрінің етін және сорпалық өнімдерін;
- ветеринариялық куәлігі, сертификаты жоқ балықты, шаяндарды, ауылшаруашылық құсты, ішек-қарны тазартыл­маған құсты (жабайы құстан басқасы);
- қабығы бүлінген, сызаты бар, аққан, сынған жұмыртақаларды, сондай-ақ, сальмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылықтың, үйректің және қаздардың жұмыртқаларын;
- герметикалық банкалары бұзылған, қампайған, үрленген консервілерді, тот басқан, пішіні өзгерген, заттаңбасы жоқ банкаларды, әсіресе (қайнатылған шұжық өнімдері, шегілген ет өнімдері);
- қоймалық жәндіктермен ластанған жармаларды, ұнды, кептірілген жеміс-жидектерді және басқа өнімдерді;
- зеңдер түскен белгілері бар көкөністерді және жемістерді;
- жеуге жарамсыз, егілмеген, жеуге жарамды, құрт түскен, езілген саңырауқұлақтарды;
- жарамдылық мерзімі аяқталған тамақ өнімдерін;
- үй жағдайында дайындалатын өнімді;
- сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттар жоқ азық-түлік шикізаттарын және тамақ өнімдерін.
Азық-түліктік шикізатты және тамақ өнімдерін тасымалдау көліктің санитариялық құжаты болған жағдайда, арнайы, таза автокөлікпен жүзеге асырылады. Тамақ өнімдерін тасымалдауға (олардың қаптамаларына қарамастан) арналған маман­дандырылған көлікті басқа мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
Тез бұзылатын тамақ өнімдері 0-ден плюс 6 градусқа дейінгі температурада тасымалданады.
Сальмонеллез ауруының алдын алуда ең негізгі рөл атқаратын - тағамдардың аспаздық өңдеуден дұрыс өтуі, мысалы, сальмонела жұқтырған, қуырылып пісірілген үйрек еті, жұмыртқасын 20-25 минут қайнатқан дұрыс. Әрбір жанұя сиыр, қой, шошқа еттерін қолданар алдында ұзақ қайнатса, құрамындағы сальмонелла өледі.
Тамақтану нысандарында азық-түліктің шикізаты және дайын өнімдер мынадай жағдайларда сақталады:
- қабырғаға және еденге тимейтін ілмешектерде асылған күйдегі салқындатылған жіліктер, жарты жіліктер, төрттен бір бөлігі, стеллаждардағы немесе тауар қоятын сөрелердегі қатар-қатар мұздатылған ет, құс, балық, еттері, сорпалық өнімдер:
- қақпағы бар ыдыстағы қаймақ, сүзбе. Сүзбесі және қаймағы бар ыдыста қасық, қалақшаларды қалдыруға жол берілмейді;
- сары май зауыт қаптамасында немесе тартпаларға салынған кесек-кесек пергамент қағазда, қорытылған май әзірлеушінің қорабында сақталады;
- ыдыссыз таза стеллаждағы үлкен ірімшіктер. Ірімшіктерді бірінің үстіне бірін қойып орналастыру кезінде олардың арасына картон немесе фанер қойылады. Ұсақ ірімшіктер қаптамада сақталады;
- дайын ет өнімдері (шұжық, сан ет, сосиска, сардель шұжығы) әзірлеушінің ыдысында сақталады немесе өзінің ыдысына ауыстырылады;
- қораптардағы жұмыртқа температурасы 2 градус жоғары емес және қатысты ылғалдығы 65-70 пайыз үй-жайларда тауарлар қоятын сөрелерде сақталады. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда тоңазытқыштағы температура минус 2 градустан 0 градусқа дейін болуы тиіс. Жұмыртқа ұнтағы құрғақ үй-жайда, жұмыртқа мұздағы минус 6 градус жоғары емес температурада сақталады.
Етті баяу жібітуге 0 градустан 6 градусқа дейінгі температурада дефростерде, ет цехында дефростер болмаған жағдайда өндірістік үстелдерде немесе өндірістік ванналарда жүргізіледі. Етті суда немесе плитаның жанында жібітуге және жібіген етті қайтара мұздатуға жол берілмейді. Етті микротолқынды пештерде оларға ұсынылған нұсқаулыққа сәйкес жібітуге жол беріледі[15]-[20].
Республикада 2013 жылы халық арасында ауруға шалдыққандардың ішінде өткір ішек инфекциясы (ӨІИ) тобы 13% төмендеді. 100 мың тұрғынға шаққандағы 88,64 көрсеткішпен барлығы 14 722 жағдай тіркелді, ал 2012 жылы 100 мың тұрғынға шаққандағы 99,55 көрсеткішпен барлығы 16 659 жағдай тіркелді.
14 жасқа дейінгі балалардың арасында ауруға шалдығу 14,7% азаюы байқалды, 100 мың тұрғынға шаққандағы 247,53 көрсеткішпен барлығы 16 659 жағдай тіркелді, ал 2013 жылы 100 мың тұрғынға шаққандағы 99,55 көрсеткішпен барлығы 16 659 жағдай тіркелді.
Есеп беру жылы ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда (216,16), Оңтүстік Қазақстан (112,01), Жамбыл (102,09), Ақтөбе (93,79), Шығыс Қазақстан (93,11) облыстарында және Астана қаласында (131,37) тіркелді.
2014 жылғы қала тұрғындарының арасында ӨІИ ауруының үлес салмағы 72%, ал 2013 жылы 71% болды.
ӨІИ ның нозологиялық құрылымында 2012 жылмен салыстырғанда анықталған ішек инфекциялары үлес салмағының өсуі байқалды. 2013 жылы анықталған ішек инфекциялардың үлес салмағы 73,4% болды, керісінше 2013 жылы 71,9% болды. Сонымен қатар, ішек инфекциясы тобының ішінде бактериялық дизентерияның үлес салмағының 9,9% дейін азаюы байқалуда. Белгісіз бактериялық және вирустық ішек инфекциялардың үлесі 2012 жылғы деңгейде, 16,7% құрайды.

Кесте 1. 2012-13 жж. ӨІИ құрылымының салыстырмалы характеристикасы
ӨІИ құрылымы
2012
2013

Абсол
Үл.салмақ
абсол
Үл.салмақ
Белгісіз ӨІИ
2782
16,7
2469
16,7
Белгілі ӨІИ
11975
71,9
10791
73,4
энтерит
2325
19,4
1848
12,6
дизентерия
1902
11,4
1462
9,9
Жалпы ӨІИ
16659
100
14722
100

Сурет 1. Өткір ішек инфекциясымен ауырған адамдардың, сонын ішінде дизентерия ауруымен ауырғандардың Қазақстан Республикасының жас ерекшеліктері бойынша көрсеткіші.

Өткір ішек инфекциясының жұғу жолдарының 86,2% республикамызда анықталды: маңызды бөлігін ас арқылы жұғу - 77,6%, және тұрмыстық-қатынастық жолмен жұғу - 20,0%, су арқылы жұғу - 2,4%. Эпидемиологиялық зерттеулер барысында ӨІИ жоғарғы көрсеткіштер:
* су арқылы жұғу - Алматы (12,8%) және Қызылорда (5,9%) облыстарында;
* тұрмыстық-қатынастық жолмен жұғу Атырау (64,4%), Оңтүстік Қазақстан (44,3%) облыстарында және Астана (48,9%) қаласында;
* ас арқылы жұғу Шығыс Қазақстан (97,3%), Батыс Қазақстан (94,6%) , Ақмола (93,8%) , Павлодар (93,7%) , Ақтөбе (93,2%), Қызылорда (90,9%) облыстарында және Алматы (98,4%) қаласында, сондай-ақ халық арасында санитарлы-оқыту шараларын жүргізу тиіс.

Сурет 2. Өткір ішек инфекцияларының таралу жолдары мен бастауын анықтау, 2013 жыл

Орташа республикалық көрсеткіші бойынша 90,9 % эпидемиологиялық зерттеулер кезінде ӨІИ жұғу жолдарының факторлары келесідей: Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан - 100 %; Атырау - 68,1%, Астана қаласында - 68,2% кезікті. Сонымен қатар, ӨІИ жұғуының маңызды факторлары 28,2% дейінгі тұрмыстық жағдайда технологиялық ережелер сақталмаған астарды қолдану, жеке бас гигиенасын сақтамау 25,6%, жуылмаған жеміс-жидектер 23,3% дейін, сүт және сүт өнімдері 10,2% дейін, сапасы төмен ішетін сулар - 2,3% және балалардың сүт өнімдері - 0,03%. ӨІИ жоғарғы үлес салмағы қабылдаумен байланысты:
* Сапасы төмен сулар - Алматы облысы (12,8%);
* Тұрмыстық жағдайда дайындалған тағамдар - Алматы (61,5%) , Шығыс Қазақстан (50,3%) және Батыс Қазақстан (45,8%) облыстарында;
* Сүт және сүт өнімдері - Батыс Қазақстын (26,9) , Павлодар (18,2%) және Маңғыстау (18,0%) облыстары;
* Ет және етті өнімдер - Ақтөбе (15,3%) , Ақмола (10,8%) , Батыс Қазақстан (10,4%) және Қостанай (10,3%) облыстары;
* Жеміс-жидектер - Оңтүстік Қазақстан (30,8%) және Қостанай (30,7%) облыстары;
* Балалардың сүт өнімдері - Қарағанды (0,1%) және Қостанай (0,4%) облыстары(сурет).

Сурет 3. Өткір ішек инфекциясының жұғу инфекцияларының анықталған факторлары.

Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында SIR моделін қолдану арқылы моделін тұрғызу, I жұқтырғандарды Ic клиникалық жұқтырғандар және Is субклиникалық жұқтырғандар деп, V вакцинациялауды v1 жаңа туылған нәрестелерді вакцинациялау және v2 үлкен кісілерді вакцинациялау деп бөлу, динамикалық жүйені стационарлыққа зерттеу, Ляпунов әдісін және Сильвестр критерииін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық модельдің құрылуы және таралу динамикасы
Қазақстанда бұзаулар арасында жиі кездесетін ішек инфекциялық ауруларына жалпы сипаттама
ЖІИ - Жедел ішек инфекциясы
Соvid-19 инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастырудағы мейіргердің рөлі
Эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар, тырысқақ, кампилобактер
АИВ инфекциясы
АИТВ - ның берілу жолдарын анықтау
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін талдау нәтижелері
Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары
Пәндер