Ежелгі замандағы адвокатура институтының қалыптасуы мен даму тарихы



Адвокатура деген аса маңызды қоғамдық-әлеуметтік институт қашан және қайда пайда болды. Бұл ерекше кәсіптің алғашқы бастамашысы кім, жалпы ол неге және не мақсатпен пайда болды? Адвокатура қалай дамыды? Ал адвокаттық гонарар түсінігі қашан пайда болды, неліктен адвокатура әрқашан мемлекеттен тәуелсіз болуға ұмтылды? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ежелгі және ортағасыр тарих беттеріне үңілген жөн. Адвокатура ең алғашқы қай мемлекетте пайда болып және қалыптасты екен, кейін бүкіл әлемде қалай дамыды. Оның қажеттілігі қанша? Егер ежелгі кезеңде қалыптасып дамыса, онда сонау заманнан бері бұл институттың қаншалықты маңызды болғанын көруге болады. Әлемдік адвокатура мыңжылдық тарихқа ие. Оның негізінде адамдарға деген сүйіспеншілік, адамның жеке мүдделеріне деген сыйластық, біз адамгершілік деп атайтын түсінік қалыптасты. Гипократтың «Primum non nocere» - «Ең бастысы зиян келтірме» деген сөзі тек дәрігердің қызметіне ғана емес, адвокаттың қызметіне де қатысы бар. Кейбір зерттеушілер адвокаттық кәсіпке құдайлық сипат беріп, былай деген «Адвокаттық кәсіп-Құдай сөзіне жатады, ол құдай алдында адамның ұрпағын қорғаған болатын» ( Фио-де-ля-Марш), «Құдайдың сөзі адамзаттың бірінші адвокаты» (Гуссон) [2,47 б.]. «Адвокат» – бұл әрқашан жан-жақты және мәдени адам. Өз кәсібіне деген сүйіспеншілік, ұжымдылыққа ұмтылыс адвокаттарды басқа заңгерлерден ерекшелейді. Адвокатура тарихы терең ғасырлар түбінде жатыр, сондықтан қазір оның нақты біздің қоғамда қашан пайда болғанын анықтау қиынға соғады. Адам қоғамының заңи дамуының алғашқы сатыларында адвокатура қазіргі кездегідей нысанынан мүлдем өзгеше болды. Е.В. Васьковскийдің байқауынша: « Барлық әлеуметтік институттар секілді адвокатура да біртұтас ұйымдасқан түрде қалыптаспады. Жаңа туылған сәби тәрізді біртіндеп-біртіндеп өсіп жетілді » [1,25 б.]. Адам қоғамының дамуының алғашқы кезеңдерінде, құқықтық нормалардың әлі қарапайым болғанында, әр адам дауда өзін өзі бөтен адамның көмегіне жүгінбей қорғай алатын. Алайда қоғамның дамуымен өмірлік қатынастар күрделеніп, құқықтық нормалар өзгере бастады. Азаматтарға оларды меңгеру мен қолдану қиынға соқты. Енді оларға материалды және процессуалды құқықтың ерекшеліктерімен жақсы таныс адамның көмегіне жүгіну қажеттігі туындады.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі замандағы адвокатура институтының қалыптасуы мен даму тарихы
Адвокатура деген аса маңызды қоғамдық-әлеуметтік институт қашан және қайда пайда болды. Бұл ерекше кәсіптің алғашқы бастамашысы кім, жалпы ол неге және не мақсатпен пайда болды? Адвокатура қалай дамыды? Ал адвокаттық гонарар түсінігі қашан пайда болды, неліктен адвокатура әрқашан мемлекеттен тәуелсіз болуға ұмтылды? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ежелгі және ортағасыр тарих беттеріне үңілген жөн. Адвокатура ең алғашқы қай мемлекетте пайда болып және қалыптасты екен, кейін бүкіл әлемде қалай дамыды. Оның қажеттілігі қанша? Егер ежелгі кезеңде қалыптасып дамыса, онда сонау заманнан бері бұл институттың қаншалықты маңызды болғанын көруге болады. Әлемдік адвокатура мыңжылдық тарихқа ие. Оның негізінде адамдарға деген сүйіспеншілік, адамның жеке мүдделеріне деген сыйластық, біз адамгершілік деп атайтын түсінік қалыптасты. Гипократтың Primum non nocere - Ең бастысы зиян келтірме деген сөзі тек дәрігердің қызметіне ғана емес, адвокаттың қызметіне де қатысы бар. Кейбір зерттеушілер адвокаттық кәсіпке құдайлық сипат беріп, былай деген Адвокаттық кәсіп-Құдай сөзіне жатады, ол құдай алдында адамның ұрпағын қорғаған болатын ( Фио-де-ля-Марш), Құдайдың сөзі адамзаттың бірінші адвокаты (Гуссон) [2,47 б.]. Адвокат - бұл әрқашан жан-жақты және мәдени адам. Өз кәсібіне деген сүйіспеншілік, ұжымдылыққа ұмтылыс адвокаттарды басқа заңгерлерден ерекшелейді. Адвокатура тарихы терең ғасырлар түбінде жатыр, сондықтан қазір оның нақты біздің қоғамда қашан пайда болғанын анықтау қиынға соғады. Адам қоғамының заңи дамуының алғашқы сатыларында адвокатура қазіргі кездегідей нысанынан мүлдем өзгеше болды. Е.В. Васьковскийдің байқауынша: Барлық әлеуметтік институттар секілді адвокатура да біртұтас ұйымдасқан түрде қалыптаспады. Жаңа туылған сәби тәрізді біртіндеп-біртіндеп өсіп жетілді [1,25 б.]. Адам қоғамының дамуының алғашқы кезеңдерінде, құқықтық нормалардың әлі қарапайым болғанында, әр адам дауда өзін өзі бөтен адамның көмегіне жүгінбей қорғай алатын. Алайда қоғамның дамуымен өмірлік қатынастар күрделеніп, құқықтық нормалар өзгере бастады. Азаматтарға оларды меңгеру мен қолдану қиынға соқты. Енді оларға материалды және процессуалды құқықтың ерекшеліктерімен жақсы таныс адамның көмегіне жүгіну қажеттігі туындады. Заңдарды жетік меңгерген және құқықтық қорғау мен қолдауды жүзеге асыратын ерекше адамдар тобына сұраныс пайда болды. Адвокаттың кәсібі тіпті өз атауынан да ерте пайда болған. (лат. Advocatus, advocare - көмекке шақыру) 1.Сот істері бойынша сенімді өкіл, сотта қорғаушы. 2. Белгілі біреуді ауызша немесе жазбаша түрде қорғаушылықты жүзеге асырушы [3]. Адвокатураның пайда болуы алғашқы соттың және процесстің қалыптасуы кезеңіне жатады. Оңтүстік Африканың ежелгі тайпаларында адвокатураның бастапқы сипаттары көрінді десек те болатын шығар. Мысалы, Оңтүстік Шығыс Африканың кафра деген тайпаларында талапкер сотқа қорғаушы қызметін жүзеге асыратын етіп өз туған туыстары мен достарын қорғауға шақыртуына рұқсат етілді. Түркияда кезінде муфтийлар деп аталатын ислам құқығын жетік білетін тұлғалар болды. Олардың міндеті мүдделі тұлғаларға заң кеңестерін беру. Муфтийлардың айтқан сөздері заң күшіне де ие болды.
Тарихта бізге Қытай, Жапония сияқты Шығыс елдері мен Азия елдерінде адвокаттық кәсіптің қалыптасуы туралы деректер сақталмаған. Бұл елдердің адвокатура институты Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттеріндегідей бай тарихқа ие емес. Сақ, сармат, ғұн, аландар, ежелгі түркі халықтары және т.б. көшпенді халықтары әділсот, өкілдік ету институтын білмеді. Ежелгі Үндістан, Мысыр, ежелгі еврей мемлекеттерінде және ежелгі Грецияда сот қорғауының алғышарттарын көруге болса да, оның жүргізілуінің ережелері не жазбаша заңдар, не орныққан әдет-ғұрыптар жоқ. Ислам дінін ұстанушы мемлекеттерде ұқсас құқықтық құрылым болды, себебі олардың заңнамасы бір қайнар көз Құраннан шығып отырды. Ежелгі иудейлерде құқық дінмен теңестірілді. Өкілдік құқықтық институт ретінде болған емес. Ол кезде моральдық-этикалық нормалар әрекет етті. Кез келген қалаушы қорғаушы бола алатын. Бұл қасиетті міндет болып саналатын: Қайырымды болыңдар, игі істерді көбірек жасаңдар, әділеттікке ұмтылыңдар, жетімдер мен жесірлерді қорғаңдар деген ұрандар көп кездесетін[1,15 б.]. Адвокат сөзі латын тілінен шыққан, латынша - advocatus, advoco-шақырамын [3,21 б.]. Ежелгі Римде азаматқа өзін жеке немесе шақырылған өкілі арқылы сотқа қатысуына құқық берілген. Алғашқыда римдіктер адвокат деп- сотталушы немесе дауласушы тараптардың туыстары мен достарын атады. Тек империя уақытында бұл термин сот қорғаушыларына қолданыла бастады. Клиент сөзі де Римнің ежелгі тарихынан алынған. Клиент деп белгілі бір себептермен Римге көшіп келушілер, яғни римдіктерге жатпайтын сырттан келушілер немесе бай және атақты рим азаматтарынан қорғау мен көмек іздеген жағдайлары жоқ рим өкілдерін атаған.
Әр түрлі тарихи кезеңдерде адвокатураның әрекет ететін ұйымдастырушылық нысандары да әртүрлі болды. Бұл бөлек тұлғалардың бір бірімен байланысты емес және құқықтық нормармен реттелмеген жеке істері ретінде немесе ұжымдық топ түрінде көрініс тапты. Сонымен қатар, сот және билік органдарына тәуелді ұйым түрінде, не төмен дәрежелі қызмет түрінде немесе өз қызметін тек заңмен ретейтін тәуелсіз автономды корпорация түрінде атқарды. Адвокатураның ұйымдастырылуының жоқтығы және қоғамдық пікір нысанында бақылауының болмауы, әсіресе саяси бостандықтың болмауы кезінде адвокаттық қызметтің қанағаттандырылмаған түрін қалыптастырды.
Тарихшылардың еңбектерінен бізге, сот өкілдіктерінің құқықтық институты б.з.д VI ғ. соңғы жартысы мен V ғ. басында грек кіші Азия қалаларының аумағында Иония мен оның аралдарында, яғни гректер калонияларды шығарып, қалалар салып жатқан тарихи кезеңде қалыптасқаны белгілі. Бірінші адвокаттар өздерін - логографтар деп атады. Логограф, грекше - logos-сөз және grapho - жазамын, яғни сөздер жазатын тұлғалар[3]. Бірінші логографтар б.з.д. VI ғ. ортасында пайда болды. Логографтардың отаны-ғылым мен поэзияның гүлдену жері - Иония қаласы мен аралдар.
Ежелгі Греция. Ұлы антикалық философ өз трактаттарында Өзін қолымен қорғай алмау ұят, ал сөзбен қорғай алмау екі есе ұят деген[1,49 б.]. Ежелгі Греция астанасы Афиныда адвокатураның дамуына барлық мүмкіндіктер болды. Біріншіден ол мемлекеттің демократиялық құрылымы, оратор шеберлігінің гүлденуі, қалалықтарың қарқынды дамыған қоғамдық өмірі. Ежелгі Греция кезінен бізге Сократ, Перикл, Демосфен, Лизит және т.б. ораторлар сияқты про-адвокаттардың есімдері белгілі. Олардың сотқа қатысты жарыссөздері біздің күндерге дейін жеткен. Ежелгі уақытта іс жүргізуде жариялылық, ауызшалық және бәсекелестік бірінші орынға қойылды. Әр тарап сотқа жеке өздері келіп өз құқықтарын өз бетінше қорғап отырды. Алайда нағыз адвокатура одан кейін дамыды. Адвокатура қарқынды түрде Афиныда дамыды. Басқа грек қалалары бұл салада дамуда артта қалып отырды. Мысалы, Спартада әскери ұйым салдарынан қоғамдық өмірдің дамуы үшін жағдай болмады. Сот өндірісінің жария және ауызша түрде жүргізілуіне байланысты қылмыстық және азаматтық процесстерде жарысу принципіне сәйкес заң білімі және шешендік өнері жоқ тұлғаларға сотта қорғалу қажеттігі туындады. Сот процессінде ерекше маңызды орында тіл байлығы тұрды. V ғасырдың соңынан бастап Афиныда логографтар деп сотта дауласушы тараптарға сөз дайындаушыларды атай бастады. Ең атақты логограф Лисий болды. Сол кездерде тіл шеберлігі сот саласында маңызды рөл атқарды. Судьялар қарапайым азаматтар, заңнама бойынша түсінігі аз тұлғалар болғандықтан, олардың басты назары дауласушылардың тіл байлығына аударылды. Сондықтан, нашар сөйлеу істің жеңілісіне алып келуі ықтимал еді. Осылайша азамат өзін-өзі сотта жеке қорғауы керек болды, алайда тіл шеберлігі нашар болған кезде, ол алдын-ала дайындалған, яғни логограф жазған сөздерді жаттап алып, сотта айтатын. Басында мұндай сөздер туыстар мен жақын адамдарға жазылған, ал кейін оларды ерекше түрде логогрфтар деп аталатын тұлғаларлар жазатын болды. Бірінші кәсіби логограф Антифон (б.з.д. V ғ.) болды. Амиан Марцеллин мен Плутархтың айтуларынша ол сот жарыссөздерін құрастырғаны үшін ақы алу әдетін алғаш рет енгізді. Оның ізін бірталай атақты логогрфтар қуды. Олардың ішінде атақты ораторлар: Лизий, Исократ, Эсхил, Демосфен [1,55 б.]. Адвокатураның алғашқыдай нысаны Грецияда осылайша болды. Ол республиканың соңына дейін осы түрінде қала берді. Алайда логография сот қорғауын толық қанағаттандырмады. Бүкіл шығарманы жатқа айту қиынға соқты. Логография тек айыптау және талап сөздеріне тарады және қорғау сөздері мен жарыссөзге шектеулі және жеткіліксіз қолданысқа ие болды. Логография ауызша сөздердің орнын баса алмады. Оған қоса қылмыстық істерге қорғаушылардың қатысуын жалпы әділеттіктің өзі талап етті. Соған сәйкес бір жағынан логографияның жеткіліксіздігінен, екінші жағынан әділдіктің талап етілуі соттардың енді белгілі бір жағдайларда дауласушы тараптарды ауызша қорғауға бөтен тұлғалардың тартылуына рұқсат беруіне алып келді. Тараптар бұрынғыша сотқа келіп, жарыссөздер жүргізуі қажет еді, сонымен бірге оларға бірінші сөзді айтып болған соң, соттан екінші сөзді бөтен тұлғалардың біреуі айтуына рұқсат сұрауына болатын еді. Кейінірек Афиныда қазіргі заманғы прокуратура бейнесі пайда бола бастады. Жеке айыптаушыға ораторлар арасынан бір немесе бірнеше көмекшілер таңдап алуға рұқсат етілді. Жеке арызданушылар болмағанда, жоғары үкіметтік мекеме аса маңызды жағдайларда ресми айыптаушыларды тағайындайды, олардың атаулары-категорлар мен синегорлар. Тараптар сотқа жеке өздері келуге міндетті еді. Алайда бірінші сөзін айтқан соң, соттан екінші сөзді бөтен тұлғалардың біреуі айтуын сұрайды. Екінші сөз-девтерология деп аталды. Осылайша, логографияны жазумен бірге ауызша қорғау да дамыды. Басында туыстық түрде, кейін еркін келісімдік түрде. Ақырында ауызша қорғау мылқау адвокатураның орнын басты. Бұл әдіспен екі түрлі мақсат жүзеге асырылды. Өзін жеке қорғау принципі толық әрекет етті және бөтен тұлғалармен көрсетілген құқықтық көмек жүзеге асырылды. Сотта өзін жеке қорғау қағидасын бекіткен Солон заңдары VI ғ. басында шықты. Тура 100 жылдан соң Мильтиада процессінде сотта туыстық қорғауға жол берілді. Мильтиад мемлекеттік опасыздық үшін айыпталып, алайда соғыста алған ауыр жарақаттар салдарынан, сөз сөйлеуге мұршасы болмады, сондықтан қорғауды оның ағасы Стесагор жүргізді. Антифонның тетралогиясының 1 бөлігінде былай делінген: сотталушы сотқа келмегендіктен біздер оның достары ретінде оның қорғауына шығуды өзіміздің қасиетті парызымыз деп санаймыз [2,47 б.]. Лизий Ференик жағында айтқан сөзінде өзінің іске араласуының себебін сотталушымен достығының барымен түсіндіреді. Изейдің сөздері де осылай басталады. Олардың біріншісінде былай делінген: Агнон мен Агнофей менің достарым, сондықтан оларға көмектесуді жөн санадым [1,60 б.]. Осындай сөздердің барлығында не достары, не туыстары туралы айтылған. Исократ та алғаш рет синегор ретінде бөтен тұлғаларды жіберуге рұқсат беруді көздеді. Демосфеннің алғашқы логографиясы сотталушыны қорғауға достарымен бірге бөтен тұлғаларды жіберуін түсіндіруге мүмкіндік берді. Дионисидорға қарсы сөз былай аяқталады: Мен өзімді бар мүмкіндігіммен қорғадым, енді достарымның біреуі менің пайдама бірнеше сөз айтуын қалаймын. Кәне, Демосфен [1,91 б]. Бұл жерден көріп тұрғанымыздай дауласушы тарап досы сияқты қорғаушы ретінде лигографияның авторының өзін шақырып тұр. Демосфен шынымен де Дарияның досы болып келе ме, оны ешкім білмейді және ол маңызды да емес. Бұл жағдайдан байқайтынымыз, талапкерлер мен жауапкерлер жалған достары арқылы өз мүдделерін қорғауға бет бұрған. Олардың қуанышына сот арыздарды бақылап отырмады, сондықтан тараппен анықталған кез келген тұлғаны қорғаушы ретінде қатыстыра берді. Грек адвокатурасының қалыптасуы мен дамуының процессі осылайша жүрді. Логографиямен бірге, бірінші туыстық адвокатура, кейін келісімдік қорғау түрінде ауызша қорғаушылық пайда болды. Грек адвокатурасының тағы бір қырын атап өтпеуге болмайды. Ол дегеніміз ораторлардың сөздерінің көбі дөрекі болуы, сыпайы сөйлей алмауы, ақылға сай емес сөздердің жіберілуі, сөздердің тура және намысқа қатты тиетін болуы. Ораторлы қызығушылықта адвокат не өз қарсыласының, не оның анасы және жұбайының ар намысын, не тыңдаушылардың ұяңдығын аямады. Азаматтық істерде адвокаттар азды-көпті біршама ұстанымды және тыныштау болатын, ал қылмыстық істерде қолдағы бар амалды қолданып, сөз шеберлігімен қарсыласын барынша басып отырды.
Демосфеннің кейбір сөздері қазіргі сотта әрине қолданылмайтын еді. Қорғау құралдарын таңдауда адвокаттар қысылмады. Мысалы, олар судьялардан сотталушыны босатуын ашық түрде өтінді, жалынды. Өздерімен бірге сотталушының туған туыстарын, балаларын, достарын ертіп әкеліп, олардың жастарымен қатал судьяны жұмсартуға тырысып, жазаны жеңілдетуге ұмтылды. Сонымен қатар, әртүрлі театр сахнасында көрсетілгендей қойылымдарға жол берді. Мысалы, б.з.д. 389-322 ж. Фрина процессінде Гиперидтің жасаған іс-әрекеті. Фрина өзінің сұлулығымен атақты болған, сондықтан оның бейнесінен сұлулық пен махаббат құдайы Афродитаның мүсінін сол кездегі белгілі мүсінші Пракситель жасауға ниет білдірді. Ал Фрина өз кезегінде құдайылыққа жат қылығы үшін айыпталды. Айыптаушылар осындай сұлулыққа ие әйел баласы құдайлармен теңдескісі келетінін көрсетіп, Фринаға айып тақты. Гиперид судьяларға осындай сұлулықты оған құдайлардың бергенін және ол құдайларға тек құрметтілікпен қарайтынын дәлелдемекші болып, небір сөздер айтса да, одан нәтиже шықпайтынына көзі жетті. Сонда барлық амалы таусылған Гиперид айыпталушының киімін жұлып, судьялардың алдында оның бүкіл әсемдігін көрсетті. Осы әрекеттен соң Фрина ақталды. Процесстің барлық қатысушылары қанағаттандырылып, судьялар Фринаның шынайы құдайылық сұлулығын көрді. Адвокат болса өз гонорарын сәтті ақтап шықты. Логографтар Грецияның тәуелсіздігінің соңғы жылдарына дейін болса да, ауызша қорғаушылық жазбашаны бәрібір ақырындап ығыстырды. Бірінші кәсіби логограф Антифон сотта ешқашан сөз сөйлемейтін, тек дауласушылар мен сотталушыларға айтатын сөздерін жазып беріп отырды. Оның замандасы Лизий 23 рет қана достары мен туыстарының қорғаушысы ретінде істерге қатысты. Ал Исократ әлсіз денсаулығы мен көзінің нашар көруіне байланысты халықтың алдында сөз сөйлеуге ұялып, риторика сабағынан дәріс беріп және логографиялар жазумен шектелді. Соңғы кезеңнің ораторлары, нақтырақ айтсақ, Демосфен, Эсхил, Гиперид сот жарыссөздерін құрастырумен қатар ауызша қорғаумен де айналысты. Грецияның адвокатурасы дамудың шарықтау шегіне жеткенде, саяси бостандықтың құлауы аттикалық өмірдің жеке ағымын ұзақ уақытқа тоқтатты. Македондық басқыншылықтан соң Греция басқа құқық жүйесі жолымен кетіп, рим заңнамасы негізінде әрекет етті. Римдіктер өз сот мекемелерін енгізіп, тек ерекше жағдайларда гректердің сотқа қатыстырылуына рұқсат берді. Империя уақытында Грецияның құқықтық құрылымы түпкілікті ауысып, римдік құқықтық жүйесімен бірегейлендіріліп жіберілді. Алайда, грек адвокатурасынның алғашқы септіктері латын, итальян, этрусктар жерлеріне тарап, әлемдік адвокатураның тарихта жаңа кезеңі басталды. Уақыт өте кәсіби адвокаттар классы дамуы мүмкін еді, алайда осы кезде Греция өз тәуелсіздінен айырылды. Македондық биліктен соң Римдік билік келді. Грецияда басқа сот жүйесі орнықты. Енді Грек құқығының тарихы римдікпен ұштасты. Жалпы алғанда грек адвокатурасы құқықтанудан гөрі оратор өнеріне көбірек тартылған сияқты. Гректер өздерін заңнамада азырақ танытты. Бұл ел өнерге, оның ішінде әсіресе оратор мәнеріне жақын болып, бұл салада жарқын гүлденді.
Адвокатураның ары қарай дамуы Римде болды. Оның себебі гректерді Ұлы колонизациялау және болашақ рим республикасының территориясында отырықшы этрусктар мен латындардың өмір сүруі. Адвокатура тарихта ежелгі дәуірден бастап заңгерлік кеңесші ретінде белгілі болған. Алғашқы адвокаттар Ежелгі Римде пайда болған деп есептеледі. Бұл жөнінде поляктың құқықтанушы-тарихшы ғалымы Е.В.Васьковский ... Римде алғашқы заңгерлер патрондар болған, олардың тұлғасында екі кәсіп біріктірілді: заңгер-кеңесшілер және адвокаттар - деп жазады [1,68 б.]. Әлемдік адвокатураның дамуы бастау алған рим адвокатурасы ерекше назар аударуды талап етеді. Рим адвокаттары халыққа қол жетерліктей болды. Мысалы олар көшеде кетіп бара жатқан кезінде кез келген адам жақындап кеңес ала алатын. Жыл сайын азаматтық және қылмыстық істер бойынша байларға қарсы кедейлерді қорғау үшін 10 адвокат сайланатын. Адвокаттық қызмет жоғары бағаланды. Римдіктердің ең атақтылары өздерінің жария мансаптарын дәл осы адвокатурадан бастады. Рим адвокатурасына шектеусіз еркіндік, сонымен бірге шектеусіз регламентация да тән. Адвокатура Ежелгі Римнің республикалық кезеңінде тәуелсіз кәсіп ретінде жұмыс атқарған және ешқандай ұжымдық ұйымдастырылуы болмаған. Республика кезеңінде ол абсолютті еркін кәсіп болды. Заңнамалық регламентация оған тимеді деуге де болады. Адвокат мамандығын алу шарттары, міндетті талап ретінде тәжірибелік дайындық, моральдық қасиеттер және т.с.с. анықталмаған еді. Адвокаттыққа үміткер жас адамдар оратор өнерінің майталмандарынан риторика курсын тыңдап, атақты құқықтанушылардың консультацияларында тыңдаушы болды, сонымен қатар сот мәжілістеріне қатысып отырды. Қалай дегенмен де , бұл жағдайлардың міндеттілігі, мерзімі мен уақыты және тәртібі заң жүзінде бекітілмеді. Факт негізінде кез келген ынтасы мен тәжірибесі бар, өзі ниет білдірген тұлға заң көмегін көрсете алатын. Құқықтық қорғау сот өкілдігінен бөлшектенген. Бұл кезеңде адвокаттар көп жағынан ораторлар болды. Құлиеленушілік Римде философия, ғылым мен өнер саласы сияқты адвокатттық қызметке жұмыс, яғни тіршілікке қажетті құрал көзі ретінде қарамады. Адвокаттарға ақшамен емес, құрметпен төледі. Адвокаттардың басты табысы құрмет пен алғысқа бөлену. Осыдан істеген қызметіне сыйақы, кейін құрмет марапаты ретінде гонорар беру түсінігі пайда болды. Адвокатура мемлекетте жоғары және құрметті лауазымды атқарудың бірден бір және тікелей жолы еді. Кәсіби құқықтық қорғау және өкілдік ету тек ежелгі Римде қалыптасады. Дәл осы жерде адвокатура институты туып, адвокаттық қызметтің регламентациясы пайда болады. Ол басында әдет-ғұрыппен, кейін жазбаша құқық нормаларымен бекітіледі. Ежелгі Римнің құқықтық мәселеде хабары жоқ азаматтары сотқа өз мүдделерін қорғауға мүмкіндігі болмады. XII кестеде бекітілген ережелер жарияланып, баршаға қол жетімді болса да, қарапайым азаматтың өз бетінше өз мүдделерін сотта қорғауға мүмкіндігі қалыптаспады, себебі бұл кесте ережелері тек материалдық құқыққа қатысты болды. Осындай жағдайларда өз мүдделерін қорғаудың жеке талабы қанағаттандырлмады [5]. Сөйтіп Рим азаматтары сот дауларын шешу кезінде сенімділердің көмегіне жүгінуге мәжбүр еді, ал олар тек ораторлы шеберліктерге ғана емес, заңды нақты білуі қажет еді. Осыған орай өкілге өзінің орнына сотқа қатысуға құқық беру мен қатар сенімді өкілге белгілі бір ақпаратты беруді де талап етті. Бұл ақпарат сенім білдірушінің жеке басына және жеке ісіне қатысты болуы мүмкін, оның қызметі немесе жұмысы, мүліктік жағдайы, басқа тұлғалармен қатынасы және т.б, яғни сенім білдірушінің өз мүддесін қорғау үшін адвокатқа айтуға міндетті кез келген ақпарат. Ал адвокатқа өз кезегінде бұл туралы кең ауқымға айтуына тиым салынды. Сенімгерлік қағидасы өкілдің рөлінде Ежелгі Греция, Рим және басқа мемлекеттерде алғашқыда туысқандары немесе жақын достары болды.
Ежелгі Рим ( б.з.д. 753-509ж ). Алғашқыда адвокаттар (advocati) деп сотта іс тараптарының достары мен туыстарын атаған, олар сотқа келіп өз кеңестерін беріп, барынша көмек көрсеткен. Сотта қорғаушылықты жүзеге асыратын тұлға-патрон деп аталды, егер ол оратор болса-адвокат деп аталды, заңи кеңестермен көмек көрсетсе-сенімді өкіл, егер өзіне істі қабылдаса-конниатор деп аталды. Мұндай анықтаманы ежелгі Римнің құқықтанушысы Квинт Педиан Асконий қалдырған. Уақыт өте келе адвокаттар деп тараптарға іс жүргізуге көмектескен және іске қажетті материалдарды жинаған тұлғаларды атай бастады. Ежелгі Римнің сот процесстерінде адвокат ресми көмекшілердің қызметіне жүгініп отырды; мадақтаушылар (laudatorus), олар куә ретінде сотқа сотталушының барлық жағымды жақтарын айта отырып, көмек көрсетті. Көмекшілермен қатар, адвокаттардың демалу кезінде сөз сөйлейтін тұлғалар (moratorus) болды. Сонымен қатар оратор - адвокатқа заң мәтіндерін айтып тұратын және жарыссөздерде сөз сөйлейтін тұлғалар (monitores); заңға талқылау беретін заң консультациялары (leguleii) болды [6,7-9 б.].
Уақыт өте келе туыстық адвокатураның орнына патронат институты келді. Алайда клиент пен патрон арасындағы қатынастар туыстық қатынастарға ұқсас болды. Е.В. Васьковскийдің жазуы бойынша Патронға деген қатынас тек туысқандық сияқты ғана емес, одан да жоғары болды[1,84 б]. Рим империясында сенімгерлікке аса ерекше көңіл бөлінді. Сенім білдіруші мен оның қорғаушысы арасындағы қатынастарда бұл өте маңызды қағида. Осының арқасында адвокаттық құпия деген түсінік те қалыптасты. Осылайша XII кесте заңы келесідей талапты бекітті: Өз клиентіне зиян келтірген патрон мәңгілікке қарғысқа ұшырап, жер асты құдайларына берілсін. Осыған сәйкес XII кесте заңында алғашқы рет адвокаттың негізгі міндеті - өз сенім білдірушісіне зиян келтірмеу сияқты талабы заңдық тұрғыда бекітілді [6, 15 б.]. Ежелгі Римде әркімнің толық көмек алу, кәсіби заң көмегін алу құқығы бекітілді. Дигест ережесіне сәйкес, қорғаушыға қойылған жалғыз ғана талап, ол - өз клиентіне қатысты адал, жан жақты, әрі тиянақты әрекет ету. Адвокаттық құпия институты тура Рим империясы дәуіріне сәйкес келеді, өйткені рим заңгерлері сотта төрағалық етушілердің назарын адвокаттардың қорғаушы ретінде қатысып жатқан істерде ешбір жағдайда куә ретінде қатыстырылуына жол бермеуіне аударды. Рим қоғамының дамуымен бірге, заң ғылымының дамуы және қоғамдық қатынастардың күрделенуі мен оны құқықтық реттеу нәтижесінде сотта өкілдік ету және қорғаушы ретінде қатысуға енді туысқандар мен патрондардың орнына заң білімі бар тұлғалар, яғни адвокаттар жіберілді. Олар дауласушы тараппен туыстық қатынаста да емес, достық қатынаста да емес. Осы жағдайға сәйкес кәсіби адвокаттық құпия институтының құқықтық реттелуі қалыптасты, яғни бұл жерде адвокаттың алынған мәліметтерді құпиялықта сақтауы туыстық және достық қатынастарға байланысты емес, өзінің кәсібіне байланысты міндет болды. Адвокаттық құпия сенім білдіруші мен адвокат арасындағы қатынастардың негізіне айналды. Кәсіби өкілдік ету мен құқықтық қорғаудың негізгі құрамдас элементіне айналды. Ежелгі Римде қалыптасқан адвокаттық құпия институты кейін басқа елдерде де адвокаттық қызметтің қажетті шартына айналды. Себебі рим құқығы басында қалалық тек Рим азаматтарына қатысты болды, ал кейін бүкіләлемдік сипатқа ие болды [7]. Рим адвокатурасы патронат институтынан дамыды, яғни патронның клиентке бағыныштылығы. Римде Грециядағы сияқты адвокатураның алғашқы нысыны туыстық адвокатура болды, ал патронат туысқандық түрден келісімдік түрге ауысуының баспалдағы ретінде болды. Туыстық адвокатура әрқашанда бола берді, себебі қорғауда туысқандардың ерекше маңызы болды, ал қазіргі кездегідей адвокатура әлеуметтік қатынастардың дамуы салдарынан туындады. Туыстық адвокатура еуропалық елдерде де болды. Дионис Галикарнасстың мәліметіне сәйкес, Рим қаласының негізін қалағанға дейін Реи Сильвия процессінде (Ромул мен Ремнің анасы) оның әкесі Нумитор белсенді қатысып отырды. Дәл осылай III Рим патшасы кезінде, өзінің әпкесін өлтіруде айыпталған Гораций қорғауына оның әкесі патша сотының алдында сөз сөйледі.V ғасырда атақты Виргиния процессінде децемвирлар билігі кезінде сотталушының қорғаушылары оның әкесі, күйеуі және ағасы болды. Барлық осы фактілер ежелгі рим тарихына жатады. Ол кезде тәуелсіз адвокатура түсінігі мүлдем болмады, ал туыстық қорғаушылық Римде кәдімгі жағдай болды [6,71 б.]. Дионис Галикарнасс пен Плутархқа сәйкес патронат Ромулмен бекітілген болған. Патрондар мен клиенттер арасындағы қатынастар туыстық қатынастарға ұқсас болды. Клиент өзіне туыстық римдік азаматтардан (патрицийлер) патрон таңдап алып, оның ұрпағына жалғасып, оның рулық атауымен аталу құқығына ие болды. Патронға деген қатынасы тек туыстық қана емес, одан да жоғары болды. Патрондар мен клиенттер арасында қарсыластық болмады, бір біріне қарсы сөз сөйлеп, жала жаба алмады. Клиент патронға барша құрметпен қарады, оған әртүрлі қызмет етіп, егер ол немесе оның балалары құлдыққа түссе, оларға кепілдікке ақша беріп, оның қарыздарын жауып, т.б. істеуі тиіс еді. Клиенттің патронмен арасындағы байланысы тұрақты болды, егер ол қайтыс болса, оның мүлігі патронға көшеті. Осыған орай патрон барынша клиенттің мүддесін қорғап, сот алдында қорғап тұруы қажет еді. Осылайша патронат өз бетінше адвокатураның дамуына жаңа бір қағида енгізген жоқ. Патрондардың қорғауы туыстық адвокатураның дамуының нәтижесі ретінде ғана болды. Осындай құбылысты тек өзге нысанда Грецияда да көруге болды. Қалай дегенмен де, патронат тәуелсіз адвокатураның дамуының негізгі қайнар көзі болып саналады. Ежелгі Римде құқықты қолдану тек патрицийлерлердің қолында шоғырланды. Тек олар міндеттемелерді орындауға жіберіліп отырды. Тек олар мемлекеттік істерге қатысып отырды, әділсотқа жіберу және өз клиенттерін соттық қорғауға жіберіліп отырды. Патронат институты толық күшінде болғанда, заңи қорғау сұранысы туыстық адвокатурамен және патрондармен қанағаттандырылды. Алайда Рим территориясының тез ұлғаюы және халқының өсуі мұндай адвокатураның тіптен тәжірибеде қолайсыздығына алып келді. Патронат өзінің міндетті сипатын жоғалтты. Бір жағынан, одан жеке құқықтық элемент бөлініп шықты, ол дегеніміз, еркін жіберілген құлдарға мырзаның патронаты түрінде, екінші жағынан соттық-процессуалдық элемент, ол заңи қорғау түрінде көрініс тапқан. Оны атақты және беделді патрицийлер өзіне көмекке жүгінген тұлғаларға көрсеткен. Бұл тұлғалар әлі де клиенттер деп аталды. Патронның міндеті клиентті сотта қорғап шығу, ал клиент тек патронның процессте көрсеткен көмегіне ақы ретінде сыйлық беруі немесе белгілі бір қызмет көрсетуі тиіс еді. Олардың арасындағы қатынастар енді тұрақты болған жоқ, тек процесс уақытында болып оның аяқталуымен бітіп отырды. Бұрындары клиент тек бір патронды таңдай алатын, енді бірі екіншісіне ауыса алатындай және тіпті бірнешеуіне жүгіне алатындай болды. Былайша айтқанда, патронат атауымен нағыз адвокатура пайда болды. Б.з.д. 509-30 ж.ж республика кезеңіндегі Римде тек тәжірибе мен әдеп-ғұрып адвокаттың кәсіби қызметін реттеп тұрды. Алғашқы рет адвокатураның гонорары мәселесі қозғалды. Цинния Заңы (б.з.д.204 ж.) бойынша адвокатттарға сот процессі аяқталған соң гонорар алуға рұқсат етілді. Адвокат клиентке уәделер мен кепілдемелер бере алмайтын . Осы кезеңнің ең атақты адвокаттары: Цицерон, Гортензий, Аврелий Цетега, Кай Гракх, Юлий Цезарь, Помпей, Полион. Республика кезеңінде адвокатураның маңызы мен мәртебесі арта түсті. Грелле Дюмазоның байқауынша, Гракхтар уақытынан бері-республика адвокаттармен басқарылып келді [8,46 б.]. Республиканың ең атақты саяси қайраткерлері адвокаттар болды. Атақты Карфаген жаулаушысы Сципион Африканский оратор болды. Марк Антоний, Кай Гракх, Красс, Юлий Цезарь, Помпей, Цицерон, олардың барлығы адвокатура жолымен өз аттарын шығарды. Бірінші императорлардың барлығы дерлік кәсіби адвокаттар болмаса да, билікке отырар алдында сот процесстеріне қатысып, жарыссөздер де жүргізген. Ежелгі Римнің Республика кезеңі рим адвокатурасының ең жанданған уақыты болып есептеледі. Айыптау процессінің жариялылығы халықтың заңнамалық жүйесінің толық дамуы арқасында адвокаттық қызметке де кең мүмкіндік берді. Ол толығымен еркін кәсіп болды және бірталай дарынды ораторлардың мектебі ретінде қызмет атқарды. Цицерон, оның қарсыласы Гортензий, Марк Аврелий, Цетега сендіру мәнерімен атақты болса, мықты әрі қатал сөйлейтін Сервий Сульпиций Гальба, нәзік және жұмсақ сөйлейтін Лелий, Сципион Африканский, сөз мәнерінің әдемілігімен ерекшеленген Кай Гракх сияқтылар ораторлар қатарын толықтырды. Жоғары дәрежелі оратор Марк Эмиллий Сквара, ол тек тіл байлығымен ғана емес, бірінші кезекте кәсіби адалдығымен, тәуелсіздігімен көзге түскен. Марк Антоний ерекше сөйлеу өнерімен әртіс-оратор секілді еді. Цицерон өз заманының алғашқы адвокаты деп саналған. Люций Красс, оны барлық ораторлардан ең күшті юрисконсульт деп санады. Антоний мен Красстың қатарында тұрған Люций Филипп пен Кай Гракх. Ораторлардан ішінде ең ұлылары ретінде Цицерон Аврелий Котту мен Сульпиций Руфтарды атады. Помпей, Юлий Цезарь, Поллион бұлардың барлығы 1-ші жәрежелі ұлы адамдар, олар рим адвокатурасының императоры Цицеронның айналасындағы жарық жұлдыздар. Тумысынан оратор шеберлігі бойына дарыған бұл адамдар өз жерлестерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды өздерінің міндеті етіп алып, ұлы кәсіпке айналған адвокаттық қызметті таңдау етті. Цицеронның тәрбиесіне үлкен әсер еткендер поэт Архий, Марк Антоний, Сульпиций Руф, Аврелий Котту, философ Диодот, Федр болды [8, 46 б]. Цицерон құқықты понтифик және авгур болған ағайындылар Муциев Сцевол басшылығымен меңгерді. Алғашқы сот жарыссөзін ол б.з.д. 81 ж. Хрисогонға қарсы ісінде айтты. Ол бұл процессті жеңіп шықты, алайда сол кезде билікте тұрған қатал Сулланың ашуынан қорқып, Афиныға кетеді. Ол жерде грек философиясмен және оратор мәнерімен танысты. Оратор Цицеронның атағы ғасырлар өткен сайын өшпеді. Лактонций шіркеуінің әкелері Амврасий Медиолонский, Августин жаңару кезеңінің жазушылары Петрарка мен Боккачо, француз ағартушылары Дидро, Вольтер, Монтескье, Жан Жак Руссо, т.б. одан көп нәрсе үйреніп, оған еліктеді. Осы тарихи кезеңде адвокатура және адвокаттық қызмет өзіне тиесілі мақсаттары мен бағыттарын таңдап, құрылу кезеңінен өтті. Оның негізгі қағидалары құрылып, заңдылық қағидасы (sacer esto) санкциясымен жүзеге асырылды. Адвокаттардың тәуелсіздігі адвокаттық қызметті мемлекеттік реттеудің жоқтығымен қамтамасыз етілген. Адвокат мемлекет қызметкері болып табылмады. Әрбір азамат сотта не айыптау, не айыптаудан қорғау құқығына ие болды. Адвокаттар өзара тең құқылы еді. Тарихта ұлы адвокаттар, мысалы Плиний мен Тацит Фронтон Катий мен Сальвия Либералдарға қарсы шыққан сот процесстері белгілі. Адвокатура институтының ішкі құрылымы анықталған болса да, адвокаттық қызметті жүзеге асырудың нысандары болмады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим адвокаттарына өз қауымдастықтарын құруға кедергі келтірген бірнеше себептер болды. Осындай қауымдастықтар құру процессі мемлекет шешімімен, яғни жоғарыдан немесе адвокаттардың өзімен, яғни төменнен жүзеге асуы мүмкін еді. Ежелгі Грецияда да, Ежелгі Римде де мемлекет заң тұрғысында осындай рөл атқаратын мекемені құруды регламеттемеді. Заңға сәйкес өз мүдделерін сотта жүзеге асыруға кез келген тұлға құқылы еді. Әр азамат заңдарды білуге міндетті болғандықтан, адвокат ерекше мәртебеге, тек жеке өзіндік қасиеттерге ие болуы қажет еді, атап айтсақ, құқық саласында терең білімдарлық таныту, тіл байлығы мол, оратор шеберлігі асып тұруы қажет. Адвокаттар құқықтанушылар мамандарынан ерекшелене отырып, белгілі бір корпорациялар құруға тырыспай, кәсіптік қызметті өз бетінше атқарды. Осылай істеудің бірден бір себебі бәсекелестік пен жарысушылық әдетінің орын алуы және сот процесстерінде адвокаттардың жеке өнерлерінің рөлінің әсер етуі. Біртіндеп қоғамда адвокаттық қызметке байланысты әдет-ғұрыптар мен ережелер қалыптаса бастайды. Олардың ішінде сотталушыны тегін қорғау мәселесі. Ұлы ораторлардың көбі сотта қорғауды тегін жүзеге асырған , алайда адвокаттық қызметтің кәсіпке айнала бастауына орай бұл ереже бұзыла бастады. Көбінесе клиенттердің адвокаттарға деген алғысы белгілі бір қызмет атқаруымен немесе сайлауда дауыс берумен көрініп отырды. Уақыт өте келе заң қызметіне ақы беру сипаты нормаға еніп, ақы төлеу шарттарымен рәсімделе бастады: merces, stips advocationum, honorarium, т.б.
Адвокаттық қауымдастықта ұжымдылықтың болмауы атақты және тәжірибелі адвокаттарға жас заңгерлерді көмекші ретінде қабылдап, оларға білім беруге кедергі келтірмеді. Жас заңгерлердің жеке өздері сот процесстеріне қатысуына дейін тәжірибелі адвокаттардан дайындықтан өту әдеті адвокаттық ұжымдылықтың туындауына әсер етті. Тіптен істердің өздері әр түрлі категорияларға бөлінді. Олардың біреулері бастауыш қорғаушыларға жарайтын болса, енді біреулері міндетті түрде тәжірибелі ораторлардың араласуын қажет етті. Ежелгі Римнің сот мәжілістерінде қаралған күрделі істерде де әдетте екі жақтан да екі немесе одан да көп ораторлар қатысты. Кейде дауласушылар саны 12 - ге дейін жетіп отырды. Бұл заңға қайшы болып табылмады, себебі қорғаушылар мен айыптаушылар саны заңмен шектелмеді. Адвокаттар іс жүзінде қызметтерін өзара бөлісіп алатын. Бұл адвокаттардың әріптестік және серіктестік қызметінің көрінісі еді. Ежелгі Римде заңгер-адвокаттар арасында алғашқыдай серіктес қатынастар қалыптасты. Бұл қатынастардың бірнеше түрлері болды:
Гонорар соммасын анықтау бойынша қатынастар;
Адвокат пен оның көмекшісі арасындағы қатынастар;
Бір клиенттің мүдделерін қорғайтын адвокаттар арасындағы қатынастар.
Бұл кезеңдерде адвокатураның дамуындағы бұл қатынастар ауызша немесе әдет-ғұрып негізінде реттелді. Сол кездегі адамдар сөз құдіретін білді, алайда адвокаттар мен клиенттер арасында, серіктес адвокаттар арасында, адвокаттар мен олардың көмекшілері арасында пайда болған жаңа, одан да күрделірек құқықтық қатынастартардың дамуы жазбаша келісімдердің қалыптасуына алып келді. Уақыт ағымымен бұл әдет нығая түсіп, адвокатураның ежелде қалыптасқан ерекшеліктері Еуропа мемлекеттерінде дамыды [6]. Алайда Рим Империясы көшпенді халықтардың соққыларынан өзінің болмысын тоқтатып, әлемдік адвокатура тарихында жаңа кезең басталды.
Византиядағы адвокатура
Рим Империясы құлаған соң адвокатура Византияда өз дамуын тапты. Астананың Римнен Константинопольге ауыстырылуымен бірге заңнамалық регламентация аздап адвокаттық қызметтің барлық жақтарын қамти бастады. Осыған дейін адвокатура барлық қатынастарда еркін кәсіп ретінде болды және ұйымдастырушылығы болмады. Енді ол ақырындап дұрыс құрылым ретінде құрастырыла бастады. VI ғасырдан бастап заңнама ескерткіштерінде адвокаттардың сословиесі термині пайда болды. ( ordo, collegium, consortium, advocatorum, causidicorum, togatorum). Бұдан кейін адвокаттар штатты және жоғары штатты деп атала бастады. V ғасырда адвокаттық қызметке кандидаттарға емтихан енгізілді. Штатты адвокаттардың саны әр провинцияда шектеліп тұрды. Бүкіл сословиеге немесе оның мүшелерінің кейбіреулеріне артықшылықтар берілді, бір сөзбен айтқанда заңнама адвокаттардың кәсіби қызметін жүйелі түрде барлық қырларынан реттеуге талпынды [4]. Адвокатура үшін ерекше маңызды болып Юстиниан Кодексі табылды. Ол рим құқығының дамуының заңнамалық негізін құраушы Юстиниан ережелерінде адвокатураның тік орныққан және ұйымдасқан жүйесі ретінде көрініс тапқан. Бұл ұйымдастырушылықтың негізгі қағидасы-адвокаттық кәсіпті лауазымды қызметке жатқызу. Адвокаттар сословие (ordo) атағына ие болды. Адвокаттық қызметке жіберілу қаланың немесе провинцияның басшылығымен жүргізілді., яғни жоғары әкімшілік - соттық шенеунікке тәуелді еді. Бұрынғыша, адвокаттарға кәмелетке толмағандар, кейбір физикалық кемістіктері бар, мысалы, соқыр немесе мылқаулар, әйелдер, азаматтық ардан айырылған, қылмыстық жазаға ұшыраған, дөрекі іс-әрекеттермен айналысқандар, т.б. жіберілмеді. Осыған қоса, адвокаттық қызметке кандидаттардан кейбір оң шарттар талап етілді. Атап айтсақ, 1) заң мектептерінің бірінде курсты тәмәмдау; 2) емтихан тапсыру. Юстиниан кезінде заң мектептері тек Константинопольде, Римде, Беритте болды. Басқа жерлерде мұндай мектептерге тыйым салынды. Адвокаттар қызметке жіберілу тәртібіне сәйкес префектура тізімдеріне (ratula) енгізіліп отырды. Тізім бойынша біріншісі - primas деп аталды. Барлық адвокаттар 2 разрядқа бөлінді: штатты (statute) және жоғары штатты (supernumerarii). Олардың айырмашылығы- біріншілерінің саны шектеулі болды да, олар барлық соттарда сөз сөйлеуге құқылы еді, ал екіншілері төмен соттарда тәжірибе жүргізді. Штаттылар жоғары штаттылар санынан провинцияның басшылығымен тағайындалды. Штаттылар саны әр префектураға бөлек анықталды. Шығыс және Иллирий префектураларында олардың саны 150-ден, ал Рим және Константинопольде 80-нен, Александрийскиде 50 болды. Адвокаттарды дисциплинарлы қадағалау да провинция басшылығына тиесілі еді. Басты кәсіби қылмыстар болып: клиентке қатысты опасыздық жасау ( praevaricatio) ; көп мөлшердегі гонорарды талап ету; даулы мүліктің 1 бөлігін өзіне алу есептелді. Осы және осыған ұқсас кәсіби міндеттерді бұзушылықтарға 1 ғана жауап көзделді: қызметіне тыйым салу. Адвокаттар үшін ерекше кәсіби ант беру бекітілген. Олар бұл антты сословиеге кірерде емес, қорғауындағы әрбір істің басында айтуы тиіс еді. Бұл антта олар: 1) клиенттің әділ және заңды талаптарын ақтауға барлық күш-жігерін жұмсайтынына; 2) егер істің заңды және моральды тұрғыда құқыққа сай еместігіне, яғни іс шынайы емес (causa improba) немесе заңды негізді емес (penitus dessperata) екендігіне көзі жетсе, (ол іс тіптен өндіріс уақытында болса да), одан кешіктірмей лезде бас тартатындығына уәде берді. Осындай істен адвокат бас тартқан жағдайда іс бойынша тарап басқа адвокатты шақыруға құқылы емес еді, себебі заңда айтылғандай ең жақсы адвокаттан басқа, тараптар үшін адвокаттарды таңдамауы керек. Алайда өкінішке орай, Византияда адвокатура Греция мен Римдегідей соншалық даму қарқынына жетпеді. Тарихта византиялық адвокаттардың белгілі есімдері сақталмады. Мүмкін оның себебі Византияда болған адвокатураның ұйымдастырылуының өте қатал жүйесі шығар. Адвокаттық өнердің гүлденуіне бұл пайдадан гөрі көбірек зиянын тигізді. Ежелгі Греция мен Римдегі адвокаттық қызметтің ұйымдастырылу нысаны мен қағидалары Батыс Еуропа елдеріндегі адвокатураның құрылысына әсер етті. Юстиниан құқығы барлық дерлік елдердің заңнамаларына негіз болды. Византиялық империяның өзіне келетін болсақ, ол Юстиниан мирасқорларынан мұраға қалған ауқатты байлықты қолданып, оның кодексін тек аздап өзгерістер мен толықтыруларға ұшыратты [1,116 б.]. Алайда Рим құқығының әсері Византия аумағынан алыс жерлерде де тарады. XII ғасырға дейін ол Рим империясының құлауына дейін оның қоластында болған мемлекеттерде атап айтсақ, Италия, Галия, Ұлыбритания және кейбір герман жерлерінде әсер етті.

1.2 Орта ғасырлар мен жаңа заманда адвокатураның дамуы
Римдіктер Галлияны жаулап алған соң онда өз мекемелерімен бірге адвокатураны да алып келді. Ал адвокатура болса тез орнығып, дауласуды ұнататын галлдарға тіптен және бірден жарасып кетті. Барлық Еуропа мемлекеттерінің ішінен Галлия адвокатураға қолайлы әрі жағымды болып шықты. Галлдық ораторлардың атағы соншалықты тарағаны тіптен басқа мемлекеттерден бұл өнерді үйренуге осында келетін. Галлия адвокатурасы жоғары деңгейдегі гүлдену шарқына жете білді. V ғ. Галлияны франктер жаулап алды. Басында оның заң мекемелері ешбір өзгеріске ұшырамады. Бұрынғы құқық жүйесі сақталды, римдіктер арасындағы барлық істер рим заңымен шешіліп отырды. Адвокатура да бұрынғы қалпында әрекет етуін жалғастырды. Бургунд заңы адвокаттарға гонорар алуына тыйым салды. Феодализмнің дамуымен әділсот, онымен бірге адвокатура төмен түсе бастады. Процесстің басты нысандары сот жарыстары мен Құдайлық соттар болды. Ол қылмыстық және азаматтық істерде байқалды. Феодализмнің ары қарай дамуы заң тәртібі мен әділсотты одан әрі дамытты. Ал адвокатура мүлдем өшті. Тек жекпе жек дауласуы жоқ рухани соттарда адвокаттық қызметке әлі мүмкіндік берілді. Рухани соттардағы тәжірибеге рухани тұлғалармен бірге жай азаматтар да жіберілді. Олардың қолына біртіндеп тек шіркеулік істер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
Қоғамдық өкіл ретінде
Адвокатураның құрылу сатылары
Адвокатура институтының даму тарихы
Мэйдзи дәуіріндегі Жапониядағы жаңа саяси жүйенің қалыптасуы
Шетел мемлекеттеріндегі адвокатура
Мамандықтың пәндер каталогы
Қазақстан Республикасында адвокатура институтын дамыту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Пәндер