Қазақстанда жүргізілген реформалар



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.20
1) 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. ... .5.11
2) 1867.1868 жылдардағы реформа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.18
3)ХІХ ғасырдың 80.90 жылдардағы әкімшілік басқару жүйедегі өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.20
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.21
Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның Қазақ өлкесі жөніндегі саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қосып алып, патша өкіметі əскери-отаршылдық əрекеттерімен ортаазиялық алғы шепке шығып, аймақтағы ағылшындардың ықпалын ығыстырып шығарды. Қолайлы халықаралық жағдайды пайдаланған Ресей империясы өзінің алысты көздейтін негізіне «бөліп алда, билей бер» принципі алынған саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жəне қазақтардың өз мемлекеттілігін қалпына келтіруге ұмтылысын аяусыз жаныштап, Қазақстанда отаршылдық режим орнатты.
Ресей Қазақстанның «бұратана» шет аймақтарына ие болумен қатар, нашар игерілген сарқылмас өнім өткізу рыногына, арзан шикізат көзіне біртіндеп айналдырумен қатар, бұрынғы əкімшілік-аумақтық басқару жүйесін түбегейлі қирату міндетін ұстанды.
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. ІІІ-том. Алматы, 1996.297-461б.б.
2. Қазақстан тарихы Қ.С. Қаражан Алматы 2009 жыл 139-174 б.б.
3. «Халық әдебиетінің тарихи негіздері», Алматы, «Қазақ университеті», 1992. 209-бет.
4. www.namys.kz Бекен Қайратұлының «Отарлаудың ойраны: Сібір қазақтары туралы жарғы»атты мақаласы
5.Журнал «Қазақ тарихы» №6, 1998жыл

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Қазақстанда жүргізілген реформалар

Орындаған: Ерехан А.Е.
Тексерген:Қозыбақова Ф.А.

Алматы 2012 жылы
Жоспар:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-20
1) 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. ... .5-11
2) 1867-1868 жылдардағы реформа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-18
3)ХІХ ғасырдың 80-90 жылдардағы әкімшілік басқару жүйедегі өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8-20
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-21

Кіріспе
Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның Қазақ өлкесі жөніндегі саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қосып алып, патша өкіметі əскери-отаршылдық əрекеттерімен ортаазиялық алғы шепке шығып, аймақтағы ағылшындардың ықпалын ығыстырып шығарды. Қолайлы халықаралық жағдайды пайдаланған Ресей империясы өзінің алысты көздейтін негізіне бөліп алда, билей бер принципі алынған саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жəне қазақтардың өз мемлекеттілігін қалпына келтіруге ұмтылысын аяусыз жаныштап, Қазақстанда отаршылдық режим орнатты.
Ресей Қазақстанның бұратана шет аймақтарына ие болумен қатар, нашар игерілген сарқылмас өнім өткізу рыногына, арзан шикізат көзіне біртіндеп айналдырумен қатар, бұрынғы əкімшілік-аумақтық басқару жүйесін түбегейлі қирату міндетін ұстанды.
1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Жарғыда бас - талған указной молда тағайындау саясаты да осы мә - - селе - ге өз көзқарасын білдірген ға - лым - дар да XIX ғ. ор - - - тасын - да сынға ұшырады. Осындай автордың бірі - башқұрт Ш.Ибрагимов. Ол көп жылдар бойы Сі - бір өлкесінде, оның ішінде Көкшетау жерінде, Шың - ғыс төре ауылында қызмет атқарды. Хатшы бола жү - ріп ол қазақ тарихы мен этнографиясына қатысты көптеген еңбектер жазды. О муллах в киргизской степи мақаласында Ш.Ибрагимов Сібір қазақтары обылысында молдалардың екі түрі болғанын жазады: "мулл в киргизской степи можно разделить на две категории, именно: мулл указных, назначаемых от правительства, и частных, назначаемых уже указными муллами,а иногда и просто самозванцев...мулл не утвержденных правительством киргизы еще больше уважают, потому что они всегда находятся у них на глазах ..."(қазақ тарихы журналы)
Ғалым С.Садырбаев мырза: Император Александр ІІ мен Батыс-Сібір генерал-губернаторы Гасфорд 1850-ші жылдары жасырын шешім шығарған. Онда: Қыр қазақтарының арасында патшаның бағындыру саясатын баяу, біртіндеп, асықпай жүргізу шарт; екіншіден, ру тартыстарын күшейтуге көніл бөлінсін, ішкі күштері әлсірейді, бірлігін жоғалтады; үшіншіден, елдегі беделді адамдарын патша үкіметіне жақынырақ тарту үшін, оларға әскери атақтар, күмістен, алтыннан бағалы сыйлықтар ұсынылсын! деп бұйрық қабылдағаны жайлы дерек келтіреді. (Халық әдебиетінің тарихи негіздері, Алматы, Қазақ университеті, 1992. 209-бет).
Абай жиырма екінші қара сөзінде: Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ десе, қазіргі көзі тірі ғалым Тұрсын Жұртбай: Қарадан шыққан аға сұлтандардың дабырайған аты ғана болды. Барлық істі қасындағы көмекші орыс майоры жүргізді. Болыс сайлау рулық құрамды әдейі есепке алмай, территориялық бөлік бойынша жүргізілді. Бұл аралас рулардың ортасына от тастағанмен бірдей болды деп жазады.
1914 жылы Айқап журналының 13-санында жарияланған, ІІ Екатерина патшайымның қолы қойылған Қазақ жерін отарлау жоспары жайлы құпия жарғыда: қазақтың ру басылары мен сұлтандарын бірімен-бірін араз қылып, бірімен-бірін иттей таластырып, бірінің етін бірін жейтіндей іс қылу керек. Ол үшін атам заманнан қалыптасқан хандық билікті алып тастау арқылы, қара қазақтың билікқұмар нәпсісін оятып, арасына от тастап, быт-шыт ету керек делінсе, Қазақ газетінің 1913 жылғы № 21 санында жарияланған мақалада: Семей уезі Аршалы елінде болыс сайлау өткен. Сайлауда жеңген болыс қарсы болған елу үйдің (басқа рудың) шаппасын, жайлымын тартып алған. Жеңілгендер ақыл сұрап көрші мұжыққа барады. Олар былай деп ақыл берген: сендер одан да біздің болысқа бодан болуға арыз жазыңдар дейді делінген...(намыс)
Кең-байтақ өлкені əкімшілік-саяси жəне сот жағынан басқару жүйесін объективті түрде реформалау əкімшілік-саяси өкімет орындарының ескі тəртіптері мен капиталистік кəсіпкерліктің кеңейе дамуының өсіп келе жатқан мүдделері арасындағы сəйкессіздікті жоюға тиіс болды.
Оқу құралында ХІХ ғасырдағы Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген əкімшілік-аумақтық, аграрлық, саяси реформалары жүргізудегі мақсаты мен себептері, зардаптары бойынша қамтылатын мəселелердің мазмұны мен оның негізгі даму кезеңдерін жан-жақты оқытып таныстыру міндеті қойылған.
Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген əкімшілік-аумақтық, аграрлық, саяси реформалары қарастыру арқылы елдегі күрделі жəне қарама-қайшылықты тарихи құбылыстарды түсіндіру.

1822 жылғы реформа
Ресей империясының құрамына Қазақстанның қосылуы аяқталған жағдайда оның орналасқан геосаяси жағдайы əскери жағынан алғанда əлсіз Қоқан жəне Хиуа хандықтарын таптап, Англияның Шығыс Түркістан ауданына енуіне кедергі келтірді. Ұлы Петр орыстардың белсенді саудасын кеңейтуге ұмтылып жəне Үндістанға көз тікті, екі жақты қатынастарды түбірімен өзгерткісі келген ол сауда қатынастарын кеңейтуді ойлап қана қоймай, Хиуа, ал содан соң Бұқара билеушілерін, сондай-ақ өзі алтынға бай құм табуға үміттенген Яркеть қаласын (қазіргі Жаркент қаласы) өз билігіне бағындыру мақсатымен стратегиялық қадам жасауға бел байлады. Ресей империясының экономикалық мүдделері, саяси жоспарлармен қатар, патшаның стратегиялық болжамдарын ұстана отырып, оның Орталық Азияның түпкіріне қарай біртіндеп енуін тездете түсті.
Оңтүстік-шығыс Қазақстанның сол кездегі саяси оқшаулығын қалған шекаралық аудандары отарлық басып алу жəне байырғы халықтың ғасырлар бойы ірге тепкен орындарынан ашықтан-ашық ығыстырылып шығарылуы себепті қытай жағына ауып түсіп, боғдыханның бодандығын қабылдауы мүмкін деген қауіптері де хандық биліктің жойылуын тездетті. Бұл жөнінде белгілі тарихшы Н.Г.Аполлова былай деп жазады: Орыс үкіметі өзінің құбылмалы бодандардың (қазақтардың) дипломатиялық байланыстарын бақылай отырып, олардың басқа бодандыққа ауысу мүмкіндіктерін барлық амалдармен болғызбауға тырысты.
1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін əлсіретті. 1795 жылы 2 сұлтан, 19 ақсақал жəне 122360 қазақ императрица ІІ Екатеринаның атына Уəлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, бірақ оны əлсірету мақсатымен Орта жүзде Уəлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Ресей бөліп ал да, билей бер саясатын жүргізіп, оларды бір-біріне айдап салды, бақталас сұлтандарды өз жағына тартты. Ресейдің əкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқарудың болмауы, Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс- қимылын тежеп отырды. 1817 жылы Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уəли қайтыс болды. Петербург Орта жүзде хан тағайындамауға, ертедегі ғұрып бойынша хан сайламауға бел байлады.
Жаңа реформаны əзірлеуді патша сол жылдары белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дəуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанскийге жүктеді. Аз зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу жəне жинақтап көрсету үшін М.М.Сперанский Сібір жерлерін мəлім етуді ұсынды. Бұл жазбаны жасақтауға болашақ желтоқсаншы Г.С.Батеньков белсене қатысты. Сібірді басқару туралы заң жобаларымен қатар, қосымшалар-құрғақтағы жол қатынастары, этаптар құру, жер аударылған бұратаналар, Орта Орда даласына орыс билігін тарату бөлімдерін əзірледі. Бұл өзгерістер жергілікті сақталып келе жатқан басқару жүйесін жоққа шығарып, шексіз даланы басқарудың ресейлік губерниялық басқаруға жақындатуы тиіс болды.
1822 жылғы 22 маусымда патша Сібір губернияларына арналған мекемелер, Бұратаналарды басқару туралы жарғы, Қырғыз- қайсақтарды басқару туралы жарғы, Этаптар туралы жарғы, Жер міндеткерліктері туралы ережелер, Астық қорлары, шаруалар мен бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.
Сібір мекемелеріне сəйкес, азиялық Ресей 2 генерал - губернаторлыққа: орталығы Тобыл болған Батыс Сібір, орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір генерал - губернаторлықтарына бөлінді. Біріншісіне Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы жатқызылады; Ресей бодандығында болған Орта жүз аудандары соңғысының құрамына енгізілмекші болып ұйғарылды.
Орта жүздегі дəстүрлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын мүлде артық деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп, басқарудың жаңа нысанын енгіді. 3 - параграфқа сəйкес, географиялық жағынан Оңтүстік - батыс Сібірді мекендеген қазақтар көшпелі бұратаналар сословиесі болып есептеледі жəне тең құқықтарды пайдаланады, ал сібір қазақтары елі ең алдымен 1838 жылы Батыс Сібір қазақтарын шекаралық басқару құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құрылды.
Өзгерістер қазақ руларының əкімшілік - аумақтық құрылымдарына қатысты болды: даладағы жаңа үштаған - округ, болыс, ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін іс жүзінде жоқ етіп жіберуге тиіс еді. 5 - параграф арқылы жаңа құрылым: ауыл - 50 - ден 70 - ке дейін шаңырақ, болыс - 10 ауылдан 12 - ге дейін ауыл, округ - 15 болыстан 20 болысқа дейін болып белгіленеді.
Жарғыда округтерге тиесілі жер иеліктеріне меже енгізілді: оның үстіне 9-параграфпен көшпелілердің бір округтен екіншісіне өз еркімен ауысуы шектелді, ол үшін жергілікті бастықтардың рұқсаты талап етілді. Бұл жер алаптарын пайдаланудың қауымдық - патрихаттдық дəстүрлерін қиратуды білдірді. Енді қазақ ауылдарының көрші округ қоныстарына кірмей, өзінің округтік аумағы шегінде ғана көшіп жүруіне рұқсат етілді. Жарғының 15- параграфында округтердің жекелеген бөлімшелерін басқарудың жаңа тəртібі белгіленді: ауылдарды - ауыл старшындары, болыстарды - болыс сұлтандары, округтерді аға сұлтандар (ел билеушілері) басқаратын болды. Бұл өзгерістер ерте кездерден бері əкімшілік пұрсаттылықтары болған Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын əлсіретуге тиіс болатын. Сонымен бірге болыстарды басқармайтын сұлтандар бұрынғы сасловиелік артықшылығын сақтап қалды, дегенмен олардың округ бөлімшелерін басқару ісіне араласуына қатаң тиым салынды.
Аға сұлтандарға зор құқықтар берілді. Оның басшылығымен округтік приказда өткізілетін отырыстарға бастық тағайындайтын ресейлік екі заседатель жəне сайланып қойылатын екі құрметті қонақ қатысуға тиіс болды. Үкіметтің сеніміне кірген ықпалды Шыңғыс ұрпақтары арасынан Сайланған аға сұлтандар, олардың екі орынбасары-өздері онша түсінбейтін сайлау рəсімінен өткен қазақтар, тағайындалатын басқа да екі шенеуніктермен бірге алқалы басқару түрін көрсетті. Көп кешікпей аға сұлтандар іс жүзінде жергілікті отаршылдық əкімшіліктің айтқанынан шықпайтын құралдарына айналды.
Үкіметтің жергілікті номадтар жөніндегі саясатында оларды егіншілікке ынталандыру, бақташылық өмірді жою, олардың жер жыртуға көшуін көтермелеу маңызды бағыт болды. М.Сперанский мен оның төңірегендегілер əдейі бесжылдық жеңілдік белгіледі немесе көшпелі халықтың барлық санаттарын салық алымдарынан босатты, мұндай бетбұрыс бұрынғы феодалдық жүйе бойынша міндеткерлік атқаруға, көшпелі аудандарда зекет пен соғым, егіншілікті аудандарда ұшыр төлеуге дағдыланған халық наразылы-ғының алдын алуға ұмтылысқа байланысты болса керек.
Жарғының бірқатар параграфтарында 205-параграфқа сəйкес үш санатқа: қылмыстық, талап-арыздық жəне облыстық басқармаға шағымдар бойынша сараланған сот жүйесіне түзетулер енгізілді. Қылмыстық істерге мемлекеттік опасыздық, тонау, барымта, белгіленген билікке бағынбаушылық жатқызылды. Барлық талап-арыз істері билердің қатысуымен ауылдар мен болыстарда талқыланды.
Мұрағат құжаттары округтік шенеуніктердің əрбір санатына қызметі үшін төленетін ақыны анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы: аға сұлтан жылына 1200 сом, əрбір ресейлік заседательге-1000 сомнан, қазақ заседательдеріне - 200 сом, тілмашқа - 800, емшіге - 1000, болыс сұлтандарына - 150, іс жүргізушілерге - 300 сомнан төленген. Əрбір округтық приказда барлығы 15-ке дейін штаттағы қызметкерлер болды. Жыл сайынғы шығындар 31000 сомнан аспауы тиіс болды. Реформа Орта жүз халқын ағартуға арналған жағдайды кеңейтті.
Жарғының 250-параграфы округтік приказдарды өздеріне сеніп тапсырылған халықтың ешбірі қайршылыққа ұшырамауына жəне қамқорсыз қалмауын барлық амалдармен ойластыруға міндеттелді. Аға сұлтан Құнанбай Өскенбаев Жарлықтың осы бабын басшылыққа ала отырып, Қарақаралы приказында мектеп пен мешіт ашуға Батыс Сібірдің Шекаралық басқармасы бастығының келісімін алды. Барлығы 7 округ ашып, кейін олардың санын 8-10-ға дейін жеткізу көзделді, мақсат одан əрі Орта Азия шебіне шығу болатын.Алғашқы округ- Қарқаралы округі 1824 жылы 8 сəуірде ашылды. Жаңадан құрылған округке кіретін болыстар құрамында 20 мың шаңырақ-шамамен алынған есептеулер бойынша, 60000-ға дейін ер-азамат болды. 1824 жылы 22 тамызда подполковник А.Григоровский Көкшетау округі мен приказын ашты, оның шегінде ағытай, керей, қанжығалы, қарауыл рулары шоғырланған еді. Марқұм Уəли ханның ұлы Абылай ханның кенже баласы Қасым төре бастаған ұрпақтары қолдаған Ғұбайдолла сұлтан аға сұлтан болып сайланды, заседательдер болып сайланғандар-аса құрметті ақсақалдар-Желқара Байтоқин, Мүкет Жəнібеков.
Бұдан кейін бірқатар округтер: 1825 жылы-Құсмұрын, 1826 жылы- Баянауыл, 1831 жылы-Аягөз (Сергиополь), 1832 жылы- Ақмола, 1833 жылы- Үшбұлақ, 1834 жылы- Аманқарағай, 40-50жылдары Көкпекті, Алатау округтері құрылды. Сайлауларда көшпелілерді таң қалдыратын салтанатты мерекелер: зеңбірек гүрсілі, мылтықтардан оқ ату, офицерлердің алтын жалатылған эполеттері дала тұрғындарының көзін қызықтырып, өз мемлекеттілігінің жойылуының куəлары болды. Үкіметтің округтар құру жолымен қазақтармен арадағы тыныштыққа жəне дұрыс басқаруға жетпекші болған бастапқы мақсатына ХІХ ғасырдың 30-жылдарына қарай ішінара ғана қол жеткізді. Реформаны жүргізу жолындағы қиындықтар үкімет шенеуніктерінің жергілікті жағдайды үстірт білуіне, генерал-губернатордың белгілегендерін жедел қарқынмен іске асыруға ұмтылуына байланысты болды. Орта жүзде хан мемлекеттілігінің жойылуы, əкімшілік-аумақтық жаңалықтарды енгізудегі асығыстық күні кешегі мүлгіп жатқан сияқты көшпелілер арасында оппазициялық пиғылдардың негізін күшейтті. Жаңа əкімшілік үш тағанды-ауыл, болыс жəне округті асығыс құра отырып, граф М.Сперанский мен оның ізбасарлары жергілікті факторлармен санаспады, сайып келгенде оны іске асырудың күш қолданылатын тактикасына сенді жəне реформаны жүзеге асыруға жасалған алғашқы əрекеттердің өзі қоғамда жіктеліс пен үкіметке қарсы пиғылдар туғызып отырды, ол 20 жылдан астам уақыт күреске ұласады деп ой ламаған болса керек.
Шынында да, бұл жарғыда жалпы дағдыға айналған еркіндікті батыл жою ойластырылды жəне ол тұтас халыққа мелінше ауыр зардаптарға əкеп соқты,-деп əділетті атап өтті барон Услар, ол кейініректе Кенесары Қасымовтың тұтқыны ретінде ауылдарда бірнеше ай тұрған еді.
Орта жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы, бір жағынан- қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан-патша үкіметінің əскери-əкімшілік əрекеттерінің нəтижесінде болды.
1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы, алғашқы патшалық реформа ретінде бүкіл дəстүрлі билік құрылымын қиратып, əлеуметтік- саяси жəне шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, қазақ қоғамы ішіндегі ең алдымен патшалық өзгерістерді, негізінен қиналмай қабылдаған шеп маңайындағы ауылдар арасындағы жəне кең далада еркін көшіп жүріп, көшпелі тəуелсіздіктің ең берілген жақтаушылары ретінде сұлтандардың, билердің ақыл беру бойынша патшалық өзгерістерге көнбегендер арасындағы онсыз да өткір қайшылықтарды тереңдетіп, Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы оппазиция-ның топтасуын күшейте түсті.
1. Жарғының басты мақсаты:
:: Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде əкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту.
:: Рулық-феодалдық тəртіптерді əлсірету.
:: Орта жүздегі хандық билікті жою.
2. Орта жүздің əкімшілік құрылымы:
:: ОКРУГ- (15-20 болыс) басқарушысы округтік приказ жəне аға сұлтан.
:: БОЛЫС- (10-12 ауыл) басқарушысы-болыс сұлтаны.
:: АУЫЛ- (50-70 шаңырақ) басқарушысы-ауыл старшыны.
Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланады. Болыс сұлтан-дары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Егер мұрагері болмаса інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы сайланады.
Болыстық сұлтан ресейлік 12-кластық дəрежедегі чиновнике теңестіріледі. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлап, майор əскери шені, 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді.
Орта жүз жəне Ұлы жүздің бір бөлігінің территориясы Сібір қырғыздарының облысы аталып, Батыс Сібір генерал- губернаторлығының құрамына енгізілді. Басқару орталығы-Тобольск (1839 жылға дейін), кейін Омбы болды.
3. Сот ісі:
:: Қылмыстық істер
:: Талап ету
:: Шағым айту
Қылмыстық істер округтік приказда қаралды. Округтік приказдың сот шешімдерін қайта қарауға құқы болмады. Істі алдын-ала тексеруге бимен қатар бір орыс чиновнигі қатыстырылды.
1824 жылғы Орынбор қазақтары туралы жарғы
1822 жылы Орынбор қырғыздары туралы Жарғының жобасы жасалды. Кіші жүзде хандық билік 1824 жылы Азия комитеті бекіткен Орынбор генерал-губернаторы П.П.Эссеннің Орынбор қазақтары туралы Устав деп аталған жоба негізінде жойылды.
Кіші жүз үш бөлікке Шығыс, Орта жəне Батыс бөліктерге бөлініп, оларды сұлтандар басқарған. Билеуші сұлтандар Орынбор шекаралық комиссиясының шенеуніктері еді. Шекаралық комиссияның құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан төр заседательдер болды.
Шекаралық комиссияның міндеттері: тəртіпті сақтау, жергілікті шенеуніктердің жəне қамқоршылардың əрекеттерін бақылау, салық жинау, сот істері, дəрігерлік жағын бақылау.
Жергілікті əкімшіліктің құрамына жүздер бөліктерінің билеуші сұлтандары, дистанциялар мен жергілікті жерлердің бастықтары енді.
Билеуші сұлтандарды Орынбор əскери губернаторы, ал қалған шендегілердің бəрін Шекаралық комиссия тағайындады. Əрбір билеуші сұлтандар жанында 100-200 адамнан тұратын əскери топ болды. 1831 жылдан бастап үш бөліктің қазақтары дистанциялық бөліктерге бөлініп басқарылды. Дистанция- орыс шекарасына жақын жатқан қамалдар арасындағы учаскелер. Мұндай басқару біртіндеп далалы аймақтарға да енгізілді. Кіші жүздегі бұл басқару жүйесі 1831 жылдан 1868 жылға дейін сақталды. Дистанциялық басқару іл ішіндегі рубасыларының билігіне шек келтіріп отырды.
Кіші жүздегі басқару билігіндегі бір ерекшелік-шеп бойындағы қамқоршы лауазымының енгізілуі. Бұл билікке тек патша шенеуніктері тағайындалды. Олар шеп бойындағы қазақтарға қамқорлық жасаушы органдар ретінде құрылды. Алайда бұлар да патша өкіметінің саясатын жүргізді.
Кіші жүзде жал-құйрығы күзелген, патша үкіметіне мейлінше тəуелді Ішкі Орда аталмыш ат төбеліндей Бөкей хандығы ғана сақталып қалды. 1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. 1845 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ индустриясы дамуының негізгі факторы - экономиканы әртараптандыру және мамандану
Сот құрылысы
Экономикалық реформалар мен қатынастар
1867-1868жж. жүргізілген әкімшілік реформалар
Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері
Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері
Дамыған елдердегі жергілікті өзін өзі басқаруды тәжірібиесі
Пәндер