«Құқықтық статистика»



Мемлекет өз аумағында болып жатқан елеулі қоғамдық құбылыстарды есепке алып, оның нәтижесін білуге мүдделі. Себебі қоғамның дамуы осындай құбылыстардың қарқындылығына немесе олардың сандық жағының өзгерістеріне байланысты болып табылады. Ол қызметті іске асыру үшін мемлекет статистикалық қызметті жүргізіп, оны мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде таниды және қоғам өмірінің әр салалы болуына байланысты, сол салалар бойынша мамандар даярлау кезінде тиісті салалық статистиканы жүргізу үшін бұл пән арнайы оқытылады. Сондықтан, дұрыс жүргізілген статистикалық жұмыс, қоғам өмірінің шындығын дұрыс көрсететін немесе әлеуметтік жағдайды нақты білдіретін мәлімет ретінде бағаланады.
Қоғамның назар аударатын бір саласы, ол заңдармен қорғалатын және шешілетін қоғамдық қатынастардың жай-күйі болып табылады. Мемлекет, қоғам үшін немесе қазіргі заманғы азамат үшін аса қажетті болып саналатын әр түрлә қоғамдық қатынастарға кейбір адамдар тарапынан қарсы іс-әрекеттер жасау кездеседі.Бұл құқық бұзушылықтардың түрлері (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық құқықтық) және олардың ауырлық деңгейі, сонымен қатар ол құқық бұзушылықтар туралы жан-жақты сандық мәліметтер дайындау қажеттілігі туындайды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет өз аумағында болып жатқан елеулі қоғамдық құбылыстарды есепке алып, оның нәтижесін білуге мүдделі. Себебі қоғамның дамуы осындай құбылыстардың қарқындылығына немесе олардың сандық жағының өзгерістеріне байланысты болып табылады. Ол қызметті іске асыру үшін мемлекет статистикалық қызметті жүргізіп, оны мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде таниды және қоғам өмірінің әр салалы болуына байланысты, сол салалар бойынша мамандар даярлау кезінде тиісті салалық статистиканы жүргізу үшін бұл пән арнайы оқытылады. Сондықтан, дұрыс жүргізілген статистикалық жұмыс, қоғам өмірінің шындығын дұрыс көрсететін немесе әлеуметтік жағдайды нақты білдіретін мәлімет ретінде бағаланады.
Қоғамның назар аударатын бір саласы, ол заңдармен қорғалатын және шешілетін қоғамдық қатынастардың жай-күйі болып табылады. Мемлекет, қоғам үшін немесе қазіргі заманғы азамат үшін аса қажетті болып саналатын әр түрлә қоғамдық қатынастарға кейбір адамдар тарапынан қарсы іс-әрекеттер жасау кездеседі.Бұл құқық бұзушылықтардың түрлері (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық құқықтық) және олардың ауырлық деңгейі, сонымен қатар ол құқық бұзушылықтар туралы жан-жақты сандық мәліметтер дайындау қажеттілігі туындайды.
Құқықтық статистика өмір шындығын нақты білдіре алатын қызмет болғандықтан, яғни қоғамның жақсы жақтарының дамуымен қатар, оның жағымсыз тұстарының да қарқынын көрсете алатындықтан, мемлекет ол статистикалық мәліметтерді пайдаланып, тиісті шаралар колданады.
Статистикалық мәліметтер ашық және жариялы болуы керек. Кеңес үкіметі кезінде кейбір құқықтық статистикалық мәліметтер құпия ретінде бағаланып, жарияланбады. Мысалы, ұйымдасқан қылмыстылық, қылмыскердің қайталануы (рецидив) тәрізді сандық мәліметтер құпия ұсталды. Себебі мұндай статистикалық материалдар сол кездегі социалистік қоғамды масқаралайтын, Кеңес үкіметі орнаған елде болуы тиіс жағдай-күйге қайшы келетінмәліметтер еді.
Құқықтық статистикалық мәліметтердің мұндай құпиялығы тоқсаныншы жылдардың басындағы елді демократияландыру, жариялық процесінің нәтижелерінде алынды. Соның нәтижесінде халық өзі өмір сүріп отырған қоғамның бет-бейнесін анық көріп қана қойған жоқ, сонымен бірге құқықтық ғылымдар бойынша жүргізілген зерттеулер де тиісті статистикалық мәліметтерді пайдаланып. Ғылыми зерттеулер нәтижесін әлеуметтік орта шындығымен жақындастырды, һәм байланыстырды.
Статистика ғылымы, оның ішінде құқықтық статистика да жаңа даму жолына түсті деуге болады. Қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты, осы қоғамға, яғни нарықтық экономикалық қоғамда ғана кездесе алатын жаңа құбылыстар, қоғамдық қатынастар пайда болады. Ол көбінесе жеке адамдардың құқықтарының кеңейтілуінен, яғни саяси, кәсіпкерлік құқықтардың пайда болуына байланысты.Мұндай өзгерістерге байланысты статистика да өзінің бақылау көлемін кеңейтіп, бақылаудың жаңа түрлерін енгізуде. Мұны түсінікті, заңда жағдай ретінде қабылдау керек. Өйткені, статистика әр түрлі қоғамдық құбылыстарды, қарым-қатынастарды, процестерді сандық жағынан есепке алып зерттейтін таным түрі болғандықтан, ол қоғамнан қалмай, үнемі ілесіп отыруы қажет. Қоғамдық өзгерістерді бақылай алмаған немесе жаңадан пайда болған факторларды көре алмаған статистика, қоғам талабына жауап бере алмайтын сапасыз статистика болған болар еді және ондай статистикалық мәліметтерге мұқтаждық та аз болар еді.
Статистиканың басты мақсатының бірі болып табылатын, қоғамды әр алуан сандық мәліметтермен қамтамасыз етуді іске асыру үшін, қазіргі уақытта кең мүмкіншілік ашылып отыр. Электрондың есептегіш машиналарды пайдалану арқылы, бұрын мүмкін бола бермейтін белгілі бір құбылыс туралы жан-жақты статистикалық мәліметтерді шығаруға және таратуға болады. Бұл , әсіресе, криминологиялық және құқықтық ғылымдардың базасын күшейтуге, сондай-ақ құқық бұзушылықпен күресу жолындағы құқық қорғау органдарының қызметін тиімді жүргізуге жағдай жасайды.
Статистикалық қызетті, оның ішінде құқықтық статистиканы бірнеше деңгейде ұғынып және сондай деңгейлердегі зерттеулер, жұмыстар жүргізуге болады. Бұл оқулықта құқық қорғау органдарының қызметкерлері және ғылыми-зерттеу жүргізумен айналысатын мамандар құқықтық статистика туралы жеткілікті деңгейде білімді болуы үшін қажетті тақырыптар қамтылып, оларға түсіндірме беріліп, талқылау жасалды.
Статистика есеп түрі және жеке ғылым саласы ретінде қоғамдық өмірдің басрлық саласын бақылауға алып, олардың көрсеткіштерін зерттейді. Мемлекет пен қоғамды құрайтынмаңызды салалар ретінде, елдің экономикалық, әлекметтік құрылымын білдіретін сан-алуан қоғамдық қатыннастардыңжүйесі алынады. Сол жүйенің әлеуметтік саласына жататын қоғамдық құбылыстың бір түрі - мемлекет қабылдаған арнайы нормативтік актілермен шешілетін құқықтық мағынадағы құбылыстар болып табылады. Сондықтан, статистиканың көптеген салаларының бірі ретінде, құқықтық статистика да өмір сүріп, тиісті қызметін атқарады.
Заңмен реттелуге жататын және құқықтық қызметтің объектісі ретінде танылатын құбылыстарға қарай немесе қоғамдық қатынастардың салаларына қарай, тиісті құқықтық салалары өмір сүреді. Мемлекет қоғамды қозғаушы күш болып табылатын, және заңмен реттелуге жататын қоғамдық құбылыстарды анықтай отырып,оларды құқықтық құбылыстар қатарына жатқызады және мемлекеттік бақылауға алып, олардың сандық жағына есеп жүргізеді. Сол есептің көрсеткіштеріне қарай, мемлекет - қоғамдық өмірдің тиісті салалары бойынша бағдарламалар, жоспарлар дайндайды немесе бағдарламалар дайндау кезінде сол салаға жататын құбылыстардың сандық көрсеткіштерін ескертеді. Демек, статистика, оның ішінде құқықтық статистика да мемлекеттік қызметтің бір түріне жатады.
Құқықтық статистика өзге статистика салаларындай өз мақсатын іске асыру үшін, тиісті таным сааларын меңгеруді көздейді. Мұндай таным салаларына құқытық ғылымдар жатады. Яғни құқықтық мағынадағы құбылыстардың сандық жақтарымен жұмыс ісстеу үшін, біріншіден статистиканың жалпы теориясынан хабардар болу керек болса, екіншіден құқытық реттелуге жататын құбылыстардың ұғымы, түрі, мазмұны жағынан да жеткілікті дайындығы болуы керек. Демек, құқықтық статистика өз қызметін іске асыру үшін, екі ғылыми бастаманы қолданады. Құқықтану - құқытық статистикада зерттелетін құқық бұзушылық салаларының сапалық белгілері мен ерекшеліктерін, сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметінің объектілерін және олардың қызметіндегі мемлекеттік бақылау шараларын ашып, олардың жүйесін қарастырады. Құқықтық статистика құқықтануда тұсінігі ашылатын осы аталған жайттарды, жалпы статистикада белгіленген әдістерді қолдана отырып,өз қызметін іске асырады.
Құқық бұзушылыққа әлеуметтік бақылау жүргізудің мазмұны азаматтық, қылмыстық, әкімшілік іс жүргізу заңдарының нормаларына негізделген әділ сотты жүзеге асыру міндетінен туындайды.
Басқаша айтқанда, құқықтану - құқықтық реттелуге жататын барлық қоғамдық және мемлекеттік арнайы органдармен іске асырылатын қатынастарды, құбылыстарды қарастырады. Әлеуметтік құқықтық құбылыстардың пайда болу саласына және олардың реттелуін қарастыратын нормалар жиынтығына қарай құқық тану, құқық салаларына бөлінеді.
Құқықтық статистика - қоғамның қозғаушы күші болып табылатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығынан пайда болатын құқық салаларын өз зерттеуінің бір объектісі ретінде қарастырса, екінші объектісі ретінде, сол құқық салаларынанң іске асырылуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының қызметін де қарастырады. Тек құқықтық статистика ғана заң қолдану саласында кездесетін құбылыстарды сандық жағынан зерттейді.
Демек, құқықтық статистика - бұл құқықтық реттелуге жататын құблыстарды статистиканың жалпы теориясында белгіленген әдістер арқылы олардың сапалық белгілерін қамти отырып, сандық жағынан нақты уақытпен орнына қарай зерттейтін ғылым және есеп түрі болып табылады.

Құқықтық статистиканың зерттеу объектісі, құқық салаларында реттелетін қоғамдық құбылыстар болып саналады. Мұндай құбылыстар құқытық статистиканың салық жағын білдіреді. Құқықтық статистикада да сапа ретінде өзге статистика салаларындағыдай құбылыстардың мәнін, ұғымын ашып сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынады. Бұл статистика саласында да, сапаны құрайтын құрамдарың немесе белгілердің сандық жағы зерттеледі. Бұл тұжырым нақты құбылыстарға бақылау жүргізу кезінде, оларды негізгі және қосымша белгілерімен қоса бақылау кезінде анықталады.
Құқық қолдану саласында кездесетін құбылыстардың, уақиғалардың сандық жағын зертеу үшін қолданылатын статистикалық әдістер, бұл міндетті іске асырушы құрал ретінде пайдаланылады. Бұл құралды арнайы дайындайтын, жетілдіретін ғылым - статистика деп түсіну керек. Сондықтан құқықтық статистика арнайы әдістерді қолдана отырып, құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықпен күрес саласындағы бүкіл қызметінің жиынтығын сандық жағынан көрсетіп беруді өзінің басты міндетіне жатқызады. Әйтсе де заңның қолданылуын, орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет барлық уақытта құқық бұзушылықпен күресуді міндеті ретінде тани бермейді. Себебі, құқықтық реттелуге жататын кейбір қоғамдық қатынастар табиғатында құқық бұзушылықты емес, қоғамды қозғаушы, дамытушы құбылысқа жататынын ескеру керек. Мысалы, нотариаттық қызмет қашанда өзінің міндеті ретінде құқық бұзушылықты емес, құқық субъектілерінің келісім-шарттарын куәландыруды басты міндеті, негізгі қызметі ретінде санайды. Сондықтан құқықтық статистика өз зерттеу объектісі ретінде құбылыстарды сандық жағынан тіркеуге алып, ол құқықтық құбылыстардың сандық жағының дұрыстығын, заңдылығын ашып талдайды.
Бұл пән - кеңес ұкіметі уақыты кездерінде Сот статистикасы деген атаумен қолданылды. Қазір құқықтық статистика деп аталады. Ресейде де жоғары заң оқу орындарында жүргізілетін және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің осы саладағы жұмыстарына жетекшілік атқаратын бұл пән - құқытық статистика деп аталады. Бірақ құқықтық статистиканың осылай аталуы туралы заңгер ғалымдардың арасында біркелкі шешім қалыптасты деуге болмайды. Бұл пәнді заң статистикасы деп атауды жөн көретін бағыттар да кездеседі. В.В. Лунееев құқықтық статистика деген ұғымнан заң саласына қатысты, оның мағынасына жататын көптеген мәліметтер шығып қалады, мысалы, әділет органдары қызметкерлерінің сандары, олардың жұмыстарының нәтижесі, қылмыстылық пен өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуының себептері мен жағдайлары, құқық бұзушылардың жеке тұлғасы, қылмыс пен өзге құқық бұзушылықтардан сақтандырудың жолдары мен тәсілдері. Ал бұлар заң статистикасы пәніне кіре алады - дейді.
Қүқықтық статистика, негізінен құқык салалары бойынша есеп жүргізгенмен, ол құқық корғау және кұқык қолдану саласында кездесетін құбылыстардың барлық елеулі маңызы бар белгілеріне есеп жүргізіп келеді. Елеулі маңызы бар белгілер статистикалық бақылау бағдарламасында анықталады. Ол бағдарламада қандай белгілерді қамту қажеттілігі көрсетілсе, сонша белгілерге статистикалық бақылау жүргізіледі. Бұл пән қазіргі уақытта құқықтық деп немесе заң статистикасы дегі аталса да коғамның, мемлекеттің осы саладағы сұранысын қанағаттандырып келеді. Бұл сұранысты канағаттандыруды өздерінің негізгі жұмысы ретінде танитын арнайы мамандар құқық қорғау органдарының тиісті бөлімдерінде жұмыс істейді. Заңгерлер өздерінің мамандығын құқық салаларын игеру арқылы меңгереді. Ал заң деген ұғым кең мағыналы болып келеді және заң заңгерлер үшін емес, қоғам, халық үшін шығарылады. Демек, заң оқу орындары занның теориясын қарастырғанда, тиісті зандарды құқық салалары ретінде танып, олардың нормаларына құқықтық талдау жүргізеді. Сондықтан заңгерлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық статистика негіздері
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары
Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық анықтау
Арнайы кедендік статистика
Сондыктан саясат субъектісі
Ұлттық Статистика агенттігі
Уәкілетті орган
Қазақстандағы статистика ғылымы
Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау
Атырау облысының статистика басқармасы
Пәндер