Қазақстанның несие жүйесінің қызыметін талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І Ақша-несие жүйесі туралы түсінік

1. 1 Ұлттық банктің ақша-несие саясаты

1. 2. ҚР-дағы ақша жүйесі

ІІ Қазақстанның несие жүйесінің қызыметін талдау

2. 1 ҚР-дағы ақша-несие жүйесін жетілдіру жолдары

2. 2 ҚР-дағы ақша-несие жүйесінің болашағы

ІІІ. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу.

3. 1. Антиинфляциялық саясат

3. 2 Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы оның әдістері.

V. Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе.

Өркениеті мемлекеттердің тәжірибесінде ақша-несие саясаты инфляцияны тоқтатуда, мемлекеттің экономикасын басқару құралы болып табылады. Көбінесе оны мемлекеттің Орталық банктері атқарады. Ал АҚШ-та бұл саясатқа федералдық резерв жүйесі атқарады. Ол тәуелсіз ұйым болып табылады. Және де көптеген мемлекеттерде тура осындай жүйе қалыптасқан. (Германия, Англия, Жапония) .

Ақша-несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларының пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ, Жапония, Франция елдері алдынғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда ¾ бөлігнің несие жүйесі арқылы өтуі.

Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және басқа елдердің банктері туралы заңдарында бекітілген.

Ал, Германияда мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда- саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т. б. заңмен тыйым салынады.

Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызамыз.

“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы ” заң күші бар Жарлығының 1- бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізумен және банктік опрецияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банк лицензиясының болуымен анықталады.

Жыл өткен сайын ел алдында жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр. Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы бастамасы ақыл-ой, қуатын жедел жинақтап, белді буу қажет. Осы ретте инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің алдында:

Ақша-несие, фискальді саясаттарды жүргізуіне жол ашты. Осы банктерге үлкен үміт күтіп отыр. Францияда осы саясаттаарды жүргізгеннен кейін қазігі таңда банктік жүйесі әлемге бірінші орында тұр.
1. 1 Ұлттық банктің ақша-несие саясаты

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстагы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанцондық ақша-несие саясаты. Рестрикциялық, ақша-несие саясаты - екінші деңейлі банктердің, несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

• Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;

• Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;

• Банктерге және үкіметке несиелер беру;

• Валюталық нарықта интервенциялау;

• Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;

- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттың) мөлшерлеме жылдық пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдың пайыздың мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.

Кесте-1

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері пайыздар, кезеңнің соңына

№:
Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері: Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері
12. 2000 ж.: 12. 2000 ж.
12. 2001 ж.: 12. 2001 ж.
12. 2002 ж.: 12. 2002 ж.
№:

1.

2.

3.

4.

Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері:

Қайта қаржыландыру

Есептік (дисконттық)

Овернайт займдары бойынша РЕПО операциялары бойынша, оның ішінде:

овернайт

1 жұма

2 жұма

12. 2000 ж.:

14

12, 5

20

-

6, 5

5, 5

12. 2001 ж.:

9

8

12

5

5

5, 5

12. 2002 ж.:

7, 5

8 9

5, 5

5, 5

5, 5

Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8. 12. 2000ж. бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

Ең төменгі резервтік талаптар.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен ңатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады.

Қазаңстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 - 20% мөлшерінде бекітілген болатын.

Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдың нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды.

АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялың банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю. Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттың банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50 % көлемінде пайыз төлейді.

Ашық нарықтағы операциялар.

Ашық нарықтағы операциялар - бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігін және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттың банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттың банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар.

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалың қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтың несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Валюталық интервенция.

Ұлттық банктің валюталық интервенциясы деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің, шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Ұлттың банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Біздің тәжірибемізде валюталық интервенция алтын валюта резевтері есебінен жүзеге асырылуда.

Алтын валюта резерві.

Алтын валюта резерві ұлттың валюта - теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады. Алтын валюта резевтері мыналардан тұрады:

• құйма алтыннан;

• Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан;

• валюталық құндылықтардан;

• шетел валютасындағы жәй және аудармалы вексельдерден;

• шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан;

• басқа да сыртқы активтерден.

• Алтын валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

• монетарлық алтынды сатып алу;

• резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;

• депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы (мүдде) түріндегі түсімдер;

• Ұлттық банктің монетарлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа да металдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер;

• Ұлттық банктің кеңес беру, ақпараттық - баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.

Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады:

• ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта валютаны сату;

• өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін теңгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттың және басқа да өкіліттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және Ұлттық банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;

• басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;

• Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару;

• құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру.

Ұлттың банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала Анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұраңтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 6-кестеде беріледі.

Кесте-2

2003 - 2005 жылдарға арналған ақша-несие саясатының, негізгі көрсеткіштерінің болжамы

:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2002 (бағалау): 2002 (бағалау)
2003: 2003
2004: 2004
2005: 2005
:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

Көрсеткіштер:

Инфляция

жылына орташа, %

Қайта қаржыландыру

жылдың соңына

Алтын-валюта резерві

млн АҚШ доллары

өзгерістер, %

Ақша базасы

млрд теңге

өзгерістер, %

Ақша массасы

млрд теңге

өзгерістер, %

Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері

млрд теңге

өзгерістер, %

Экономикаға беретін банктің несиелері

млрд теңге

өзгерістер, %

Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

2002 (бағалау):

6

7, 5

3008

16

207

18, 1

707

22, 7

544

22. 3

439

58, 8

13

17, 5

2003:

4-6

6-7

3355

11, 5

237

14, 8

865

22, 4

671

23, 3

571

30, 1

11, 0

16

2004:

4-6

5-6, 5

3541

5, 5

268

12, 9

1008

16, 6

788

17. 4

718

25, 7

9, 0

15

2005:

3-5

4, 5-6

3673

3, 7

304

13, 9

1168

15 9

910

15, 5

866

20, 8

7, 5

13, 5

2-кестеден көріп отырғанымыздай, 2003 - 2005 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты - 2003 - 2004 жылдары орта жылдық инфляцияны 4-6% және 2005 жылы 3-5 % шегінде ұстау.

Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004 - 2005 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау кезделуде. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01. 01. 2007 жылы аяқталады деп күтілуде.

Осы жылы Ұлттың банк Процессингтік орталық базасында «Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін» енгізу жұмыстарын қолға алуда.

Банк секторы саласында Ұлттық банк тәуекелдері басқару жүйесін ендіру және ағымдағы қадағалау қызметін, оның ішінде жиынтық қадағалауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін жетілдіруде. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек осы жүйеге мүше банктер ғана халықтың салымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартатындығы туралы айтады.

Ұлттық банк 2004 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәуекелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.

2003 - 2005 жылдары Ұлттың банк қаржы есебінің халықаралық стандартына өтуді көздеп отыр.

1. 2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі.

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының ақша жүиесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президенттінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

Ақша жүйесі келесі элеметтерден тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойнша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталармен құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесң болып табылады және бардық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалары.

Волюталық бағам дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленгенсол елдің қша бірлігінің бағасы.

әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:

  • металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
  • несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.

Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі - биметаллизм және монометаллизмге тән.

Биметаллизм - бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалет ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталары кең көлемде соғылып еркін айналысқа түсті.

Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (алтын) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет 1816 жылы Ұлбританияда 1871 жылы Францияда пайда болды.

Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі 3 үш түрге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығындағы су пайдаланушылар кооперативінің алатын орны
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Коммерциялық банктердегі күмәнді несиені басқару
Кәсіпорынның қаржысына әсер ететін негізгі факторлар
Концепциялардың алғашқысы - өндірістік концепция
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді шешу жолдары
«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»
Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі маркетингтің орны
Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары
Аграрлык реформа және ауыл шаруашылығындағы экономикалық тұрақтылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz