Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдаланудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен мазмұны . . . 6
1. 2 Негізгі құралдарды пайдалану көрсеткіштері . . . 15
1. 3 Негізгі құралдарды тиімді пайдалануға әсер ететін факторлар . . . 16
2 «ЖАРКЕНТ АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТРЖҮЙЕСІ» АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ . . . 24
- «Жаркент аудандық электржүйесі» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы . . . 24
- «Жаркент аудандық электр жүйесі» АҚ-ның қаржы-экономикалық жағдайын талдау . . . 37
- Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау . . . 36
3 КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
- Кәсіпорында негізгі құралдарды ұтымды пайдалану іс-шаралары . . . 42
- “Жаркент аудандық электр жүйесі” АҚ-ның негізгі құралдарды жаңарту тиімділігі. . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ . . . 54
КіріспеНарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлері пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы) ; еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі) ; өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т. б. ), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын құралдары деп аталады. Құралдар өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі құралдарды, ал еңбек заттары айналым құралдарын құрайды.
Негізгі құралдар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі құралдар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі құралдарын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Пайдалану анализі және негізгі құралдар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И. С. Степанова, Л. А. Виногоров, Г. В. Снитко және тағы басқа жұмыстары, Қазақстанның О. Окаев, Т. Ашимбаев, С. К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі құралдардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.
Еліміздің Президенті ел басы Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы жолдауында “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін [1], [2] .
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы кәсіпорынның негізгі құралдар түсінігі, негізгі құралдарды тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.
Жазылып отырған жұмыстың мақсаты - жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі құралдардарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі - “Жаркент аудандық электржүйесі” АҚ-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады. Дипломдық жұмыстың міндеті - пайдаланылған негізгі құралдардың талдауын жасап, кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында: негізгі құралдардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі құралдардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі құралдардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі құралдарының әр түрлі бағалануы қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауы талдау жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «Жаркент аудандық электржүйесі» АҚ негізгі құралдарын талдауға арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші тараудың бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның екі жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т. б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына байланысты болатын оның техникалық мүмкіншілігін тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі құралдардың қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі құралдардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің талдауы, олардың ішінде бізде негізгі құралдардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында кәсіпорынның негізгі құралдарын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі құралдарының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін талданатын кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту мүмкіншіліктері және сатылары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі құралдардың есебі және талдау сұрақтарын қамтитын мөлшерлік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен мазмұны
Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі құралдар - бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттар құндылықтар.
Негізгі құралдардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Өндірістің әрбір процесі негізгі құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбек заттары (материалдар, жанармай, салярка т. б ) ;
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар, столбтар, сым темірлер, счетчик, электр шамдар т. б) .
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісіндесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі құралдар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі құралдар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Элекртжүйе кәсіпорындарының негізгі құралдарына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер бөлімшелері, ғимараттар, құрылыстар және т. б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар.
Элекртжүйе кәсіпорындарының негізгі құралдары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі құралдарды көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланады, олар біртіндеп тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.
Негізгі құралдарға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады .
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі құралдар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса - тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:
- өндірістік - бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі құралдар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі құралдардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
- өндірістік емес - тұтынуға белгіленген негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі құралдар келесідей бөлінеді:
- меншікті - ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі құралдар;
- арендаға алынған - ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі құралдар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі құралдар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі құралдар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі құралдар» есептейді.
- қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар;
- тоқтап тұрған - уақытша пайдаланылмайтын негізгі құралдар;
- құралдар қоры - қозғалыстағы негізгі құралдарды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі құралдар.
Заттай құрамына байланысты негізгі құралдар:
- мүлікті - заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар) ;
- мүліксіз - заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі құралдарға құралдардық шығындар және т. б. ) .
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі құралдар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.
1 сурет- Кәсіпорынның негізгі құралдары
Негізгі құралдар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жер - субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.
2. Ғимараттар - еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылыстар - еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен ө процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі объектілер.
Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.
4. Өткізгіш құрылғылар - электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар) .
5. Машиналар және құрал-жабдықтар . Мүкаммалар объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, қоршаулар, фундамент негізгі құралдардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:
- күш машиналары және құрал-жабдықтар - жылу және электржүйе машиналары, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, кран-машиналар) .
- күш машиналары және құрал-жабдықтар - еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер) .
- өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар - бұл процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, электрөлшегіштер, монометрлер) .
- есептеуіш техника - бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т. б. есептеуіш құралдар) .
- басқа да машиналар және құрал-жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (электр станцияларының құралдары) .
6. Көлік құралдары - адамдарды және электр құралдарды тасуға арналған жүру құралдары (машина түрлері) . Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.
7. Аспаптар (құралдар) - бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т. б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, қазатын, жұқартатын еңбек құралдары - электро дрельдер, электро вибраторлар және т. б. ) . Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар - жұмыс столы, шкафтар, және т. б.
10. Көпжылдық отырғызулар - жасанды, көпжылдық оптырғызулар (электростанция бекеттері, столбылар, трансформаторлар және т. б. ) .
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі құралдардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі құралдардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі құралдардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі құралдардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету [6] .
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі құралдарды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.
Негізгі құралдардың жағдайы және оларды пайдалану - талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы - ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі құралдарын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, құралдар салымдарын үнемдеуге.
Негізгі құралдарды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі құралдардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі құралдардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар бекетінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі құралдарды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі құралдар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, қордағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша - жеке меншіктегі және жалға берілгендер болып бөлінеді.
Қозғалыстағы - пайдаланудағы негізгі құралдар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар) .
Қордағы негізгі құралдарға қорда тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі құралдарды ауыстыруға арналған.
Тоқтатылған негізгі құралдар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың уақытша қолданысын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.
Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі құралдар. Жалға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға алынған негізгі құралдар.
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның қызметінің ақырғы нәтижесіне тікелей әсерін тигізеді.
2 сурет - Негізгі құралдардың бір жұмыс кезіндегі пайдаланудағы үлесі
Негізгі құралдар кәсіпорында 100 пайызды үлеспен алғанда әр келкі қолданылады. Мысалға, жоғарыдағы суретте бір көшеге электржүйесін орнатуда керекті негізгі құралдар көрсетілген. [6] .
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі құралдар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы рөлінде ойнайды. Негізгі құралды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.
Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс тұсында жүріп жатқан саясат аса маңызды мәнге ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына жауап береді.
Бұл саясат тек макро деңгейде ғана емес, сонымен қатар микро деңгейде де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс саясатының негізгі мақсаты - макро деңгейде шаруашылық субьектілерге ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену, реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге асырылады.
Негізгі құралдардың ұдайы өндірісі - жаңа құралдарды мүліктену, реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және құралдарды жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.
Ұдайы өндірістің екі нысаны бар:
- жай ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизацияның есебімен сәйкестенгенеді;
- кеңетілген ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизация есебінің сомасынан жоғары болған кезде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz