Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Сонымен , түркілердің отанында әжептеуір уақыт VIII – IX ғасырларда Ұйғыр мемлекеті өмір сүрген болатын . Аталмыш мемлекеттің билік еткен кезінде тарихқа Монғол деп аталатын тайпалық бірлестік пайда болады. Олар Онон өзенінің орта ағысы мен Керулен өзенінің аралығын мекендеген еді. Осы тұста монғолдардың шығыста Гучин Татарларының орнына Шивэй деген атпен түркі тайпалары орналасады. Монғолдардан батысқа қарай Селенга өзенінің орта ағысында Байырғулар , олардан төменде Орхон мен Тола өзенінің аралығында Оғыз – наймандар , ал олардан батысқа қарай Енисейдің жоғарғы ағысында Дубалар мекендеген еді. Ұйғыр мемлекетінің батыстағы көршісі Ертіс бойындағы Қимақтар және Алтай жотасының батысындағы Қарлұқтар болды. Осы кезеңнің алып тұлғасы бола білген атақты Мойун – чурдың ескерткіші Орхон өзенінің батыс жағында орналасыпты. Алайда Ұйғыр мемлекетінің билігі көпке созылмаған болатын [ 66 , 27 б. ] .
Ұйғырлардан кейін тарих сахнасына Қидан империясы келеді. Бұл мемлекетте Татарлар және Қоңыраттар (Хонгираттар) шығыста орналасса, мемлекеттің оңтүстік шығысында Қидандар , олардан батыста Оңғұттар және олардан батыста Керейттер , ал олардың солтүстік шығысында Наймандар өмір сүріп жатқан еді. Қидан мемлекетінің батысындағы көршіліері IX – XII ғасырларда Тянь – Шань Ұйғырлары және оңтүстік Ұйғырлар болып табылды. Оңтүстіктегі көршілері Таңғұттар , Қидан мемлекетіне кірмеген түрік – монғол тайпалары империяның солтүстігінде орналасыпты. Олар Онон өзенінің төменгі ағысындағы Жалайырлар және олардан батыстағы Тайчиуттар мен Аборигендер, Онон өзенінің бастауында-ғы Монғолдар , олардың солтүстігіндегі Селенга өзенінің бойындағы Меркіттер және Орхон өзенінің орта ағысын жайлаған Керейттер , олардың солтүстіктегі көршілері Ойраттар, батыстағы көршілері Дубалар және Қырғыздар болатын [ 72 , 23 б. ].

Найман, керейт, қоңырат, жалайыр , меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Сонымен , түркілердің отанында әжептеуір уақыт VIII - IX ғасырларда Ұйғыр мемлекеті өмір сүрген болатын . Аталмыш мемлекеттің билік еткен кезінде тарихқа Монғол деп аталатын тайпалық бірлестік пайда болады. Олар Онон өзенінің орта ағысы мен Керулен өзенінің аралығын мекендеген еді. Осы тұста монғолдардың шығыста Гучин Татарларының орнына Шивэй деген атпен түркі тайпалары орналасады. Монғолдардан батысқа қарай Селенга өзенінің орта ағысында Байырғулар , олардан төменде Орхон мен Тола өзенінің аралығында Оғыз - наймандар , ал олардан батысқа қарай Енисейдің жоғарғы ағысында Дубалар мекендеген еді. Ұйғыр мемлекетінің батыстағы көршісі Ертіс бойындағы Қимақтар және Алтай жотасының батысындағы Қарлұқтар болды. Осы кезеңнің алып тұлғасы бола білген атақты Мойун - чурдың ескерткіші Орхон өзенінің батыс жағында орналасыпты. Алайда Ұйғыр мемлекетінің билігі көпке созылмаған болатын [ 66 , 27 б. ] .
Ұйғырлардан кейін тарих сахнасына Қидан империясы келеді. Бұл мемлекетте Татарлар және Қоңыраттар (Хонгираттар) шығыста орналасса, мемлекеттің оңтүстік шығысында Қидандар , олардан батыста Оңғұттар және олардан батыста Керейттер , ал олардың солтүстік шығысында Наймандар өмір сүріп жатқан еді. Қидан мемлекетінің батысындағы көршіліері IX - XII ғасырларда Тянь - Шань Ұйғырлары және оңтүстік Ұйғырлар болып табылды. Оңтүстіктегі көршілері Таңғұттар , Қидан мемлекетіне кірмеген түрік - монғол тайпалары империяның солтүстігінде орналасыпты. Олар Онон өзенінің төменгі ағысындағы Жалайырлар және олардан батыстағы Тайчиуттар мен Аборигендер, Онон өзенінің бастауында-ғы Монғолдар , олардың солтүстігіндегі Селенга өзенінің бойындағы Меркіттер және Орхон өзенінің орта ағысын жайлаған Керейттер , олардың солтүстіктегі көршілері Ойраттар, батыстағы көршілері Дубалар және Қырғыздар болатын [ 72 , 23 б. ].
Енді тікелей өз мәселемізге келер болсақ қазақ халқының тарихы рулық - тайпалық құрылымдармен тығыз байланысты екендігін ұмытпауымызды, бүгінгі зерттеушілер айтып отырады [ 49 , 21 б. ]. Сөйтіп, жұмысымызды ру - тайпалық тарихты түркі мемлекеттілігінің тарихымен ұштастыратынымызда осыған байланысты болып табылады. Оғы - қарлық - қыпшақ бірлестіктерінен бастау алған қазақтың ру - тайпалары көптеген қилы тарихи кезеңдерді бастан өткізіп, өзінің мемлекеттігін - Қазақ хандығын құрған болатын. Көшпелі ру - тайпалардың бір орталыққа біріккен мемлекетін ұйымдастырудың өзі сол заманда адамзат тарихындағы ұлы ерлік болды. Бұл мемлекеттің этно - әлеуметтік тірегі, ынтымағы жарасқан, ел басына күн туып, ат ауыздығымен су ішкен заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген қазақ рулары мен тайпалары болды [ 49 , 28 б. ]. Сондай - ақ қазақтың негізін құраған ру - тайпалардың басым көпшілігі кезінде өзіндік ерекшеліктері бар үлкен мемлекеттік құрылымдарға біріккенін, жеке - жеке мемлекеттер құрғанын жалтармай айтып отыруымыз керек.
Себебі өзіміздің мемлекеттілігіміздің тарихын нақты анықтау арқылы, оның тарихын басқа халықтарға жеткізу арқылы біз өзімізді басқа жұртқа сыйлата аламыз.
Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың бірі найман тайпасы болып табылады.
Найман тайпасының тегі туралы мәселе ертеден - ақ тарихшылардың пікір таласын тудырып келген болатын. Қайсы бір зерттеушілер наймандарды Түрік тегіне жатқызса, енді бірі монғол тайпасы тұрғысынан қараған болатын. Найманды монғол тобына жатқы-затындардың көш басында Шмидт тұрғандығын келтіре кетуге болады. Позднеев және Д. Оссон Енисейдің батысынан Ертістің жоғарғы құйғанына дейін мекендеген Қырғыз, Ойғыр және Огуз тайпаларын Түркі тегіне , Сунгари өзенінен Гоби шөліне дейінгі халықтарды Татарлар ( Монғолдар Қ . З.) деп екі топқа бөліп, наймандарды екінші топқа жатқызады. Сонымен қатар осы үрдісті XIX - XX ғасыр тоғысында өмір сүрген шығыс танушы танымал ғалымдар : Бартольд , Васильев , Владимирцов , Потанин , Петрушевский , Гумилев , Уәлиханов және басқа зерттеушілер жалғастырды.
Найманды монғол тектес деп алға тартқан аталмыш зерттеушілердің негізгі аргументтері :
1.Найман ұлысы IX - XI ғасырда Монғол үстіртін мекен еткендігі 2.Найман монғол атауы 3.Найманның ханы Күшілік өз ата мекеніне қуылып, Қыпшақ даласына келгесін қара қытайлармен тіл табысқаны туралы мәліметтер . Осы мәселелер жөнінде зерттеуші З. Қинаятұлы мынандай тұжырымдар жасайды : IX - XII ғасырда наймандар Монғол үстіртін мекен еткені тарихи шындық . Бұл көшпенділер үшін өз ата жұртын әйгілеп , ұлыс елін орнықтырып алу үшін жанталасқан қанкешті аласапыран ғасырлар еді. Аталған кезеңде Алтайдың Инь Шаньға дейінгі аралықта орныққан ел шекарасы болмағандықтан көшпенділер еркін түрде қоныс ауыстырумен болды. Мысалы Түркі тайпаларының бір бөлегі біздің жыл санауымыздан әлде қайда бұрын батыстан шығысқа , ал біздің заманымыздың VII - VIII ғасыр аралығында қайтып шығыстан батысқа жосыды. Көптеген түркі тайпалары Монғол үстіртінде қала берді. Сондай тайпалардың бірі - Наймандар. Олар тарих сахнасына ежелгі монғолдардан бұрын шықты , ертефеодалдық ұлысының шаңырағын көтерді. Бірақ олар алғашында Найман аталмайтын. Алтайда иен тегін жатқан түркі топтарының қатарында болды. Міне, сондықтан көшпенділердің іргесі орнықпаған кезеңде олардың тек жағрафиялық орналасуын негіз болдырып ұлтын анықтау мүмкін емес . Өйткені көп тайпалар басмылдар атанып трансэтностық жағдайда өмір сүрді , - дейді [ 73 , 52-53 бб. ]. Д . Оссон сияқты Орта Азия халықтарын географиялық принциппен жіктеп , Енисей мен Жоғарғы Ертіс бойындағы түркі және монғол тайпаларын дихотомды әдіспен бөліп қарағандай қабылдасақ, Вольфрам Эберхард айтып кеткеніндей , наймандардың түркі тілдес халыққа жататыны жайлы тағы талас туа бермек екен. Кезінде Аристов ортаазиялық ономастиканың мысалдарына сүйене отырып, наймандардың түркі тілдес екенін дәлелдеп айтыпты. Алайда , оның қарсыласы академик Бартольд Аристовтың бетін қайтарып тастаған еді. Бұл жерде Бартольд те ономастиканың негіздеріне сүйене отырып , қарсы пікір айтыпты. Наймандар - монғол, - деп жазады ол Аристовпен айтысқа түскенде , - себебі, олардың атауларының өзі монғолша , - деп наймандардың монғол тектес екенін мойындатқысы келген еді.
Профессор С. Аманжолов Аристовтың әдісін басшылыққа ала отырып, найман деген сөздің түбірі түркіше нажы , найц - дос , оған ман , мен жалғауы жалғанған сөзден шыққан дегенді айтады. Тюркмен атауының да шығуы осы тектес дейді. Қазақ наймандары-ның генеологиялық негіздері мен қытай аналогтарының мәліметтеріне сын көзбен қарамауы , - ғалым еңбегінің ең осал жері болып табылады
[ 74 , 6 б. ] . Наймандарды түркі тегіне жатқызатын лектің көш басында Рашид - ад - Дин тұрған еді. Дүниеге танымал монғолдардың өзін Огуз - Түркі тегіне жатқызады. Ол өзінің Жылнамалар жинағында IX- XII ғасырларда монғол жерінде өмір сүрген тайпаларды Нирун аталатын Түркі тайпалары , Монғолдар деп аталатын Түркі тайпалары және Әр қайсының өзіндік елдік билігі болған Түркі тайпалары деп үш топқа бөліп, Керейт, Найман, Ойғыр, Қыпшақ қатарлы белгілі Түркіт тайпаларын осы үшінші топқа жатқызған болатын.
Найман мен керейттердің Түркі тегі туралы Рашид - ад - диндық қисын қағиданы кейінгі жылдары шығыс танушы белгілі ғалымдар : Ховорс , Поуха , Бобровников , Грум- Гржимайло , Аристов, Мураяма, Викторова және қазақ зерттеушілері Аманжолов, Марғұлан және т. б. қолдаған болатын . Бұл ғалымдардың тұжырымдамасының маңыздылығы зерттеліп отырған тайпаның тілін , жағрафиясын және тарихи ескерткіш-терін зерттеудің негізгі нысанасы етіп қарауымен анықталған болып табылады. Мәселен , Бобровников, Ховорс , Поуха, Мураяма, Викторова және т. б. найман тайпасының IX - XIII ғасырлардағы тілін зерттеу арқылы аталмыш халықтың Түркі тегін анықтайды. Бұған қатысты жапондық Мураяманың еңбегі ерекше бола түскен еді. Ол Монғолдың құпия шежіресіндегі наймандарға қатысты аталатын отызға жуық адам және жер су аттары , оннан аса шен - шекпен немесе титул атауын сараптап талдай келе олардың түгел дерлігі көнедегі Орхон - Түрік тас жазуындағы айтылымдармен сай келетіндігін дәлелдеген болатын. Археолог Ә. Марғұлан найман тайпасының басып өткен ізін шалу арқылы найманның түркі тегін анықтаған болатын. Ол наймандікі деп таныған қала аттары , тас жазу тамға мөрлері түркі тектес басқадай тайпалардың тамға, мөрлерімен сайма - сай келген болатын [ 73 , 54- 55 бб.] .
Мураяма , Викторова наймандардың этнотектілігін тым әріден бастап, көне түрік дәуіріндегі сегіз оғұздармен байланыстырып (көне монғол найман - сегіз ) , түрік тілдес тайпалар деген тұжырым жасайды. Монғол ғалымы Пэрлээнің тұжырымы бойынша монғол тектестердің шығу тегі дұнхұ - ляоси - сяньби - қытаң , шивей - менгү шивей - монғол болып таралған. Бұл тұжырымды Ж. Надмид те қолдаған болатын [ 75 , 48 б. ] .
Найман туралы алғашқы мағлұмат қытайдың Ляо ши (Ляо елінің тарихы) жазбаларында VIII ғасырдан белгілі болды деп көрсететін тарихшылар найманды сегіз огуз деп аталатын тайпалар бірлестігімен байланыстырып айтады [ 73 , 58 б. ] .
Зерттеуші Викторова өз зерттеулерінде әртекті мол тарихи деректер мен зерттеулерге талдау жасай отырып, найман әулетін әуелде сегіз оғыз , кейінірек цзу - бу әлде найман деп аталып кеткен оғыз тайпасынан шыққан түркі тілдес екенін делелдеп берген болатын .
Сегіз оғыз атауы алғаш өзінің меншікті тоғыз оғыз халқын оқ пен оттың күшімен жинап біріктірген Түрік қағанатының соңғы әміршісі Өзміш - тегінді 745 жылы жеңген ұйғыр ханы Мойыншора ескерткішінде кездеседі. Екі ғасыр бойына Орталық және Орта Азияға бірдей билік жүргізген түрік қағанаты өмір сүруін тоқтатқан еді. Мойыншора тоғыз оғыз мемлекетіне тәуелсіздік алып беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге ол Орталық Азияның жаңа империясы Ұйғыр қағанатының (745 - 840) іргесін қалаған болатын. Жаңа мемлекеттің бой көтеруі көршілеріне оңай болмапты. Мойыншораның қыспағында болған үш қарлық одағы 747 жылы ұйғырлар талқандаған он оқ тайпаларымен бірігіп, батысқа , бүгінгі Қазақстан жеріне қарай ығыстырылған болатын [ 74 , 11 б. ] .
Сэлэнгэ тас жазуы деп аталған 750 - жылы тұрғызылған Ойғыр ескерткішінде сегіз огуздар туралы алғаш хатқа түскен, Онда Ойғыр ханы моюнчур сегіз огуздардың көтерілісін орнықтырғаны туралы сөз болады. Сегіз огуздар Түркі қағанаты тұсында Шығыс түрік әскери құрамында болыпты, ал Ойғыр тұсында оның батыс қанатын толықтырыпты [73 , 59 б. ] .
Сегіз оғыз бірлестігінің тағдыры Түрік қағанатының тарихымен тамырлас болуы мүмкін. Себебі, XII ғасырда сегіз оғыздың әл жиып, қайта бас көтергенін байқаймыз . Алайда, қайта өркендеу басқаша сипат алыпты. Қиданның Ляо империясының құрамында болып келген сегіз оғыз ендігі жерде монғолша найман есімімен белгілі бола бастаған [ 74 , 14 б. ].
Ұйғырлардың сегіз оғыз бен тоғыз татардың біріккен күшімен шешуші айқасы Хинган жотасының солтүстік өңірінде өткен болатын. Дерек мәліметі бойынша, Мойыншора өзінің жауларын Селеңгінің сағасына, яғни батыстан солтүстік шығысқа қуып шыққан болатын. Сегіз оғыз бен тоғыз татар қосындары өздерінің негізгі орталық күшінен хабарсыз , қол үзіп қалған , арнаулы әскери сипаты болмаған еді, әйтпегенде екі жақтың күші теңдей дәрежеде болатын. Бұл жағдайлар ескерткіш таста барынша анық көрсетіліп, сегіз оғыз ұйғыр әскеріне төтеп бере алмай, өздерінің қауіпсіздігін сақтау үшін, қашып құтылуларына тура келіпті. Бірақ олар қайтып келіп, өз жерін жаудан азат ету үшін , жау қолында күндікке кеткен қыз - келіншектер мен малдарды қайтару үшін Мойыншораның жойқын күшімен айқасқа түскен болатын. Бұл оқиғалар төртінші айдың (қаңтар айына тура келеді) 1- інен бесінші айдың 1 - іне дейінгі қысқа мерзімде болған еді. Қидан әскерін шығысқа қарай аттандырып жіберу үшін бұл мерзім жеткіліксіз болған еді. Тарихтың бұл кезеңінде ұйғырлар мен қидандардың әлеуметтік және мәдени деңгейі әртүрлі сатыда болған еді. Ұйғырлар мен түркілер феодалдық қарым - қатынасты біршама ертерек бастағандықтан оларда мемлекеттік құрылымдар пайда болады, ал қидандар бұл деңгейге жете қоймаған еді, олардағы мемлекеттік іс IX - X ғасыр аралығында ғана пайда болған .
Бұдан XII - XIII ғасырлардағы найман мемлекетінің шығыс шетін , яғни Хинган жотасының солтүстік батысын сегіз оғыз мекендеген деп зерттеуші Викторова күмәнсіз қорытынды жасаған болатын. Шынында да , сегіз оғыз бен наймандардың этнотерриториясы бір - бірімен сәйкес келген болатын. Зерттеуші Викторова Мойыншора құлпытастарында аты аталған тайпалардың - қарлықтардың (Тарбағатайда) , шектердің (Кем өзенінің бойында) , қырғыздардың (Енисей өзенінің бассейінінде) , тоғыз татардың (Бұйыр - нұр және Далай - нұр өзендерінің шығысында) , батыс түркілердің (Орта Азияда) жаңа қоныстарының аттары әбден мәлім деп есептейді. Сол себепті Орталық Азияның таулары мен далалары, яғни қазіргі Монғолияның жері басқалардың үлесіне қалған болатын. Ұйғырлар Орхон , Селеңгі өзенінің бойын, Төле өзенінің Хинган маңын иеленген болатын. Монғолияның батыс бөлігі мен Гобий шөлі басқалардың үлесіне тиген еді. Хань дәуіріндегі қытай деректерінен белгілі : қалған түркі тайпалары Таулы Алтайда, Қоскөл маңы мен Ұлы Қытай қорғанының төңірегінде тіршілігін жалғастыра берген еді. Осылайша , сегіз оғыздың үлесіне Хинганнан Тарбағатайға дейінгі аралық , ақыр аяғында қазіргі наймандар тұрып жатқан жер тиді , - деп түйіндейді ғалым Викторова .
Сегіз оғыз атауы мазмұны жағынан кейбір мәселелердің бетін ашқан еді :
Біріншіден , статистикалық жағынан - бұл - сегіз тайпа одағы;
Екіншіден , этникалық жағынан - оғыз тайпаларының одағы, яғни, түркі тайпаларының одағы;
Үшіншіден , тілдік жағынан - атау түркі тілінде қалыптасты;
Төртіншіден , түрік қағанатының дәстүріне сай тайпалардың сан өлшемі арқылы ат алуы;
Бесіншіден, мәдени - тарихи жағынан, сандық атау көне Түрік қағанатының эпикалық табиғатына бейім келуі.
Орта Азия халықтарының аталу дәстүрі бәрімізге белгілі монғолша емес атаумен аталып келген монғол тайпалары сияқты , түрікше емес аталып келген кейбір түркі тайпалары туралы шындықтың бетін ашуға негіз бола алады - дей келе, жай ғана сегіз немесе толық айтқанда сегіз құрамды тайпа деген ұғымды білдіретін сегіз оғыз түркі атауы қалайша монғолданып найманға айналды? Найман сөзі түркіше сегіз оғыз атауының монғолша калькасы болғандай, қай тарихи оқиғаға орай этникалық- тектік белгілер жойылып, атаудың сандық белгісі бір тілден екінші тілге аударылады ?, - деген сауалға ғалым : жауапты түркі тілдес ұйғырлармен және қырғыздармен бірігіп, ұзаққа созылған қидан үстемдігі орнағаннан кейінгі сегіз оғызды өзіне тартқан монғол тілді саяси атмосфера алып келген тарихи және әлеуметтік процестерден іздеу керек , - деп пікірін білдірген зерттеуші С. Ақатаев [ 74 , 15- 16 бб. ].
Сегіз оғыздан найманға көшуде монғол тілдес қидандардың үстемдігі нәтижесінде саяси - тілдік кеңістік біршама роль атқарған болатын. Себебі әу баста наймандар Ляо империясының құрамына цзу- бу болып кірген болатын. Ляо әулетінің тарихында бірінші рет кейбір зерттеушілер (Фен Чен - Чунь, К . А . Виттфогель , Фен Цзя - шен, Л. Л. Викторова , Б. Х. Кармышева , Л. Н. Гумилев) Батыс цзу- бумен теңестірген найман атауын кездестірген болатын. Ляо - ши наймандар қидандарға алым - салық төлеп тұрған деп келтірген еді.
Ляо дәуірінде сегіз оғыз тайпасы өмір сүре берді, - деген екен Викторова , - бірақ көп тілді қидандар шындығында оларды сегіз тайпа одағының түркіше мағынасын білдіретін монғол сөзімен найман деп атады. Бұл одақ қидан қолбасшысы Елюй Дашидің XII ғасырдың екінші жартысында Жетісуға қоныс аударуына байланысты оқиғаны еске түсіреді. Түркі терминінің кейде монғол сөзі қатар қолданылып, кейінірек түсіп қалғаны шындыққа жанасады. Көп тілді ортада найман атауы ұзақ уақыт құлаққа жағымды шығыпты. Орхон ескерткіштері бойынша , XIII ғасырда наймандардың ата - мекенінің жер - су атауларын монғолдандыру процесі сияқты бұл процесс те һәм саналы, һәм ырықсыз сипатта өтті деуге болады. Қайткен күнде де XIII ғасырдағы найман ұлысының жер - су атауларының монғолшалануы шындық болып табылады. Ал наймандардың атасы сегіз оғыздың VI - VIII түркі тектес екендігіне Орхон жазбалары куә болып табылады [ 74, 18 б. ] .
XII ғасырдың басында Наймандар өзіндік ата мекен жері , қарулы қолы бар, қанаттас елдермен саяси және сауда қатынасы бір шама өркендеген хандық биліктегі бір тұтас елге айналған болатын. Наймандар батысында Ертіс өзенінің бойындағы қаңлылар , солтүстігін-де қырғыздар, шығысында орхон , сэлэнгэ бойын алып жатқан керейт, меркіттермен ірге түйістіріп , Оңтүстігінде ойғыр, тангуттармен қанаттас тұрған еді. Олардың қай - қайсысымен жан жақты қарым - қатынасы болды.
Монғолияны мекен еткен тайпалардың ішіндегі біршама өркениетті наймандар болған - деп жазады Н. Н. Поздняков [ 73 , 65 б. ] .
Наймандар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан болатын. Жылдың үш мезгілінде көшіп жүріп малын жайған еді. Ал қыс қыстау көшпенділер үшін ата меншігі саналатын еді. Аңшылық тау тағылары-ның дәстүрлі шаруашылығының бірі болған көрінеді. Наймандар Орхон өзенінің бойында аму - буудай (арпа бидай) егіп келгені туралы мәліметті кездістіруге болады.
Ұлы жібек жолы найман жерін басып өтетін болды. Сондықтан олардың арасында сауда саттық анағұрлым дамыған болатын.
Орталық құру , қала салу орын алыпты. Рашид - ад - дин және монғол жазбаларында жазылуы бойынша Найман ұлысының батыс орда-сы Жажие ноур (Зайсан көл) , шығыс ордасы утукен текрем (Отгон тэнгэр) - де болды және аталмыш ордалар көшпенді күй кешті. Орданың қыс қыстауы : Адари - Эбке тауы, Бакрас - Олум, Ачирик ноур (Ачит нурр ), Ала Этрин (Эдэр өзені) болыпты.
Наймандар ғасырлар бойы мекендеген Орхоннан Өр Алтай , Іле , Жетісу , Ұлытауға дейінгі кең өлкеде аталмыш тайпаның бірнеше жұртының орыны жатқаны белгілі болуда. Солардың бірі оңтүстік Алтайдағы найманның Ақбалық қаласының ескі орыны. Ақбалық XI - XII ғасырда немесе Қидан , Монғол дәуірінде найман ұлысының батыс астанасы болады. Енді бірі Шам өзенінің бойындағы Шамбалық . Ол Ертістен алыс емес еді. Шамбалық Ойғыр билігі тұсында Монғол үстіртіндегі көшпелі тайпаларды батыс мұсылман елдерімен жалғап тұрған үлкен жолдың торабында болған екен. Қала Шыңғыс хан жаугершілігі тұсында жермен жексен болған еді. Шамбалықтан соншама алыс емес жерде немесе Алакөл бойында наймандардың және бір қаласы - Қиялық орын теуіп тұрған болатын. Бұл қала шыңғысханнан кейін салынып Жоңғар шапқыншылығы тұсында талқандалған болатын [ 73, 66 - 67 бб. ] .
Наймандар XII ғасырда Ертіс пен Орхон өзендерінің аралығын мекендеген түркі тайпаларынан саяси , мемлекеттік бірлестік құрған болатын. Найман ұлысы Шығыс Қазақстан мен батыс Монғолияны алып жатқан Алтай мен Хинган таулы өлкесіне орналасқан еді. Рашид ад - Диннің мәліметі бойынша , наймандар Селенга мен Орхон өзендерінің жоғарғы ағысындағы шығысынан батысына дейінгі жерлер-ден Тарбағатай тауларына дейін , солтүстікте Танну Олдың оңтүстік шығысынан Алтай тауларының шығыс бөліктеріне дейінгі аумақтарды мекендеген болатын. Олардың батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар , солтүстігінде Ертіс пен Енесей өзендерінің аралығын-дағы - қырғыздар, ал шығысында - Толы алқабын, Орхонның орта ағысы мен Оңғын алқабын алып жатқан керейттермен монғол тілдес меркіттер болған тұғын [ 76 , 47 б . ] .
Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кезі - XII ғасырдың екінші жартысы еді. Орталығы Орхон өзенінің бойындағы Балықты қаласы болған. Қала бірнеше рет - бірде ұйғырлардың , бірде қырғыздардың , бірде қарақытайлардың қолдарына түсіп, сан рет қайтарылған болатын.
Найман мемлекеті Наркеш Дайын хан тұсында ( 1160 - 1203 ж.) дамиды. Егін шаруашылығы дамып, отырықшы қалалық өмір салты орын алады. Ханның інісі Инанч - білге өзінің қабілеттілігімен көзге түскен болатын. Халықты өз төңірегіне топтастыра білген ол елді өнерге , күнкөріс - тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады. Сондықтан халық оған Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған болатын. Хан наймандар одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейткен болатын. Ол басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға да көп көңіл бөлген көрінеді.
Алайда Найман мемлекетінің бейбіт дамуы ұзаққа созылмапты. Білге хан дүниеден қайтқаннан кейін оның екі ұлы Бұйрық хан мен Даян хандар арасында билік үшін талас басталыпты. Хандық екіге бөлінген болатын. Даян хан далалық өлкеде билік етсе, Бұйрық хан Алтайдың Қара Ертісіндегі Орүнгу маңын мекендеген еді.
Наймандардың әлсіреуін аңдыған монғол ханы Шыңғыс хан , керейіттер ханы Ван шабуыл жасап, Бұйрықты жеңген болатын.
Бұдан кейін Шыңғыс ханның күшейіп келе жатқанынан қорыққан қырғыз, меркіт, найман, тағы басқа тайпалар 1201 жылы құрылтайға жиналады. Оны ұйымдастырушылардың бірі Бұйрық хан болыпты. Соғақ суаты деген жерде осы аталмыш тайпалардың одақтас қолы Шыңғыс хан мен Ван хан әскерлеріне қарсы соғысқан болатын. Осы соғыста одақтас күш қатты жеңілген еді. Бұйрық хан Алтайдың оңтүстігіне қарай кеткен болатын. Шыңғыс хан әскері оны қолға түсі-ріп, жазалапты. Даян Көксу Сәуірік бастаған әскерін Ван ханға қарсы аттандырған еді. Оны тұтқындап, жазалаған. Мұны естіген монғол ханы 1204 жылы Даян ханға қарсы жорыққа аттанып, оны біржола жеңіпті. Даян ханның баласы Күшлік Жетісу жеріне қашыпты [ 54 , 192- 193 бб. ].
IX - XII ғасырларда Монғол үстіртінде өмір сүрген ірі тайпалардың бірі - Керейттер . Көне Ханзу жазбаларында керейттер VII - IX ғасырда Байкөлдің солтүстігінде Орман елімен аралас - құралас тұрып IX ғасыр-дың соңында басқадай көшпенділер қатарында монғол даласына ойысқан деп көрсеткен болып шығады. Н. Аристов Керейт тайпасы ханзу жазбаларында IX ғасырдан белгілі болды деп жазған еді. Бұл тұста батыс және шығыс елдерінде Керейттер туралы жазылған азды көпті мәліметтер негізінен азиялық пірәдар Иоан туралы аңыз төңірегінде кездеседі [ 73 , 10 б. ].
XI - XII ғасыр аралығында керейт тайпасы Яг Явган (заг завхан ) , Тула , Сэлэнгэдэн Монғол шөлейтіне дейінгі сайын далада , батысында Найман, солтүстігінде Меркіт, оңтүстігінде ежелгі Монғолдар , шығысында Тангудтың Ся мемлекетімен іргелес жатқан белгілі тайпа бірлігі болыпты. Керейт хандығы төмендегі сегіз тайпа бірлігінен құралыпты. Олар : керейт, жиркин, конкайд, сакайд, тумауд, албат, тункайд және хиркун деп аталған болатын. Бұлардың ішіндегі ең іргелісі керейттер болып табылған . Зерттеуші Д. Оссон жалпы керейт атауы аталмыш бірлестікке жататын сегіз тайпаның бірінің атымен аталғанын және өзінің салт сана , мінез құлқы , тіл мәдениеті жағынан монғолдарға аса жақын болды деп жазған . Осы туралы Рашид - ад - Дин былай дейді : Ертеде бір ханның сегіз ұлы болыпты , сегізінің өң түсі қара торы болған. Сондықтан оларды керейттер ( қара торылар Қ . З. ) деп атайтын болған . Кейінгі жылдары керейт атауының жұмбағын шешуге байланысты ой - пікірлер Рашид - ад - Диннің айтып кеткен болжамы төңірегінде өрбіп келеді. Н. Березин керейттер шүршіттің қара руының бір саласы болуы мүмкін десе , Әбілғазы өзінің Түрік шежіресінде : Керейттің мағынасы қара баран деген сөз. Бір кісінің жеті баласы бар еді, барлығы да қара болды, сондықтан оларды керейттер деп , олардан туғандарды да керейттер деп атап кетті деп жазып кеткен . Түркі , монғол , шүршіт ( тунгус) тілінде қара сөзінің түбірі бір, барлығының да Kara . Сөйтіп керейт аталымының бастауында қара баран түбір сөзі жатқаны нақты болады. Зерттеуші Н . Мыңжан осы атауды хан ұрпағының бет бейнесі емес ат аталуымен байланыстырған . Кер деген бұл сөз дейді ол, - хандар руының аты дегенге келтірген . Яғни керей этнонимі жоғарыдағы тайпалардың (мұнда керей шежіресі Мами айтқан Шөп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Күлдей, Изен, Жусан тайпалары туралы сөз болып отыр Қ. З. ) алғашқы тайпалық одақтың көсемі Керін яки Хылей (керей) хандары-ның атынан шыққан болуы мүмкін . Қытай тарихшысы Сайшаал Ханзулар керейттерді Хэнли деп атауы аталмыш тайпаның Қаңлылармен қандастығында болуы мүмкін деген пікір ұсынған еді [ 73, 12- 13 бб.] .
Керейттер Толы өзенінің бойын , Орхон өзенінің орта ағысындағы жерлерді және Оңғын өзенінің бойын қоныстанған болатын. Шыңғыс ханның жаулауы қарсаңында керейттер қазіргі Монғолия мен Алтай аумағын мекендеген еді. Осы кезде монғолдар керейттердің қол астында болған тұғын. Осыған байланысты Рашид - ад - Дин : Бұл кезде керейттердің өз тайпасынан белгілі билеушілері болған, - дегенді айтады. Сонымен қатар , керейт Уаң ханның (Тоғырыл) аталары Орта Баласағұнда, яғни Жетісуда , билік етуі жайлы мәліметтер бар. Бірақ қарақытайлар керейт тайпасын талқандап , оларды шығысқа қарай ығыстырыпты [ 76 , 48 б. ] .
Отандық тарих ғылымындағы жаңа зерттеулерде керейіттер тайпасы-ның атауы Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан, керілер (керілендіктер) деп аталғандығын көрсетеді [ 54, 193 б. ] . Олар батыс жағында наймандармен көршілес отырған ұйғырлармен де тығыз қарым - қатынаста болыпты. Керейіт тайпалары өкілдері көне түрік жазуын пайдаланылғандығы анықталды. Монғол мемлекеті құрылғанда олардың хатшылары керейіттерден болыпты. Монғолдың құпия шежі-ресі кітабындағы деректерге үңілсек , XI ғасырдың аяғы - XII ғасыр басында Керейіттер хандығы мен жаңа құрылған монғол хандығы бір - бірімен жақсы қарым - қатынаста болған. Екі хандық одақтаса отырып меркіт, найман , тағы басқа тайпаларға шабуыл жасаған еді. Бұлардың мемлекетінің орталығы бүгінгі Монғолияның астанасы Улан - Батор қаласы жанындағы Хантәңірі тауының шығыс жағындағы Битөбе деген жерде болыпты. Монғол тарихшыларының жазуына сенетін болсақ , Улан - Батор қаласының орналасқан жері керейіт ханы Торының (Тоғырыл хан) жайлауы болған көрінеді. Қаланың алғашқы пайда болған кезін зерттеп жүрген тарихшы ғалымдар осы жерде Керейіт мемлекетінің орталығы болған деген пікірлерін айтады. Торы ханның жайлауы Талан, Дабан, Науыр, ал қыстауы Өткел өзені , Орман күрке , Төле, Қамысты, Құланды, Құлынөткел жерлері болыпты. Бұдан байқауға болатыны жер аттарының өзі керейіттердің ежелгі қазақ тайпасы екенін аңғартатын сияқты. Бұл мемлекеттің шарықтаған кезі - XI - XII ғасырдың аралығы , Маркус пен оның баласы Құршақұз хандар тұсында болатын. Құршақұздың билігінің алғашқы уақытында татарлардан (монғолша атауы mama ) жеңіліп, баласы Торы мен шешесі Илма ханым тұтқынға түскен екен. Осы кезде керейіттің келесі бір тайпа көсемі , Құршақыз ханның күйеу баласы Сарық хандықты қолына алып, билік жүргізіпті. Ол керейіттердің шет аймақта отырған Хажар ханынан көмек сұрап, татарларды жеңіп, Құршақыз ханды баласымен тұтқыннан босатыпты. Кейін керейіт хандығының орталығы Орхон өзенінің бойына Қарақорым қаласына ауысыпты. Жазба деректерде Сарық хан туралы мәлімет өте аз көрінеді. Оның қашан хан болғаны да анықталмаған. Бұдан байқайтынымыз билікке керейлердің өзге тайпалары да араласқа-ны көрінеді. Құршақыз хан билікті қайта өз қолына алған соң, хандықты оң, сол, орта бөліктерге бөліп, балаларына жерін бөліп беріп, әрқайсысы өз билігін бір - бірінен алыста жүргізгенін қалаған . Егер олар бір - біріне жақын тұрса - тебіседі, ал алыс тұрса - кісініседі деген. Хан қаза болғаннан кейін Торы құрылтайда бас хан сайланған болатын. Мұның жастығын пайдаланған өгей әкесі Елжыйдой билікті өз қолына алуды көздеген еді. Жас та болса мұны түсінген Торы ағалары-на хат жазып , өзін хан тағына қайта отырғызуды талап етіпті.
XII ғасырдың аяғында Долы өзенінен Завхан аймағындағы Қазақ тауына (Хасагт - хайрхонға) дейінгі үлкен аймақты алып жатқан Керейіт мемлекеті екі бөлікке бөлінген еді. Хандықтың екіге бөлінгенді-гіне риза болмаған Маркус ханның кенже баласы Қидандарға хан бол-ған Гурхан да Торы ханды кінәлап, оған қарсы әскер аттандырған еді. Торы хан Шыңғыс ханнан көмек сұрап, аман қалыпты. Монғолдың шежірелеріндегі деректерге сүйенетін болсақ, керейіттер мен монғолдардың арғы аталары өзара бейбіт қарым - қатынаста болған .
Алайда керейіт билеушісі Торы мен Шыңғыс хан арасындағы достық қатынас ұзаққа созылмапты. 1202 жылы бұлар өзара жауласып, Шыңғыс хан керейіттерді басып алыпты. Керейіттердің қалған жұрты азып - тозып , әрбір тайпаның құрамына қосылса , бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасқан еді.
Рашид - ад - Дин керейіттердің қазақтың ертедегі атақты тайпаларының бірі екендігі туралы : Монғол жеріндегі IX - XIII ғасырларда өмір сүрген керейлер - күшті дамыған ел ... Олар тек Шыңғыс хан... әсерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған деп жазып кеткен [ 54 , 194 б. ] .
Рашид - ад - Диннің шығармасында тағы да бір қазақ халқының құрамына кірген тайпа қоңырат туралы біршама тарихи ақпарат беріледі. Қоңырат тайпасы да басқа түркі тайпалары сияқты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz