Аллельді гендер


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Молекулярлық биология және генетика кафедрасы
РЕФЕРАТТақырыбы: Аллельді гендер
Оқытушы: Биғалиев Айтқожа Биғалиұлы
Студент: Ахметова Гүлнәз, экология 106
Алматы 2012Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ1. Мендель тәжірибелері . . . 4
2. Мендель тәжірибелерінің маңызы . . . 5
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 8
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9
Кіріспе
Генетика - белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым. Адамзатты балалардың біреуінің әкесіне, енді біреуінің шешесіне ұқсас болып, ал ата-анасы белгілерінің жиынтығына ұқсас ұрпақтардың да жиі кездесу мәселесі үнемі қызыктырды. Тұқым қуалау белгілерін қай заң бойынша анықтау - міне, бұл генетиканың міндеті. Ғылым ретінде генетиканың негізін салушы чех жаратылыс зерттеушісі Грегор (Иоганн) Мендель (1822-1884) деп есептеледі. Атап айтқанда, оған бірінші рет ата-анадан ұрпақтарына белгілер беру заңдылығын байқап көрудің сәті түсті.
- Зерттеу затына асбұршақты өздігінен тозанданатын өсімдікті таңдап аллы. Әлі ашылмаған бір жабық гүлдің ішінде өз аталығының тозаңымен гүланалық ұрықтанады. Жұмыртқа жасушаға өзге дарақтан генетикалық материал түспейді. Егер өсімдіктің тұқымы сары болса, ондай өсімдікте тұқымында жасыл түсті ата тектердің болуы мүмкін емес. Асбұршақтың табитатта айқас тозаңдана алмайтыны да мәлім.
- Ешқандай кездейсоқтық (өзге өсімдіктерден тозаңның «ұшып келуі» тәрізді) болған жоқ. Егер қолдан айқас тозаңдандырылған болса, тозаң пісіп жетілгенге дейін аталықтар жұлып алынды.
- Сынақ тәжірибелер бірнеше рет қайталанып, қайта-қайта тексерілді. Мендель математик болғандықтан, он белгісізді табу үшін 10 тендеу қажеттігін түсінді. 10 есептің барлығын бір амалмен орындауға болмайды. Ол әрбір сынақ тәжірибеде бір балама белгі бойынша зерттеп, көптеген тәжірибелер қойды. Бар болғаны екі балама белгі бойынша айқын ерекшеленетін түрлі асбұршақ іріктемелері алынды. Мысалы, сары және жасыл түсті жетілген тұқым, биік және аласа өскен өсімдік немесе тегіс және бұдыр тұқымдар, ақ немесе қарақошқыл гүлдер болды. Барлығы жеті белгі зерттелді.
Ата-аналар формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастыру деп аталады. Егер екі жұп белгілерінде айырмашылық болса, бұл дигибридті будандастыру болады да, осылай жалғаса береді. Нәтижелерді талдау үшін санақ (статистика) әдісі қолданылды. Ұрпақтардың (асбұршақ түсі) барлық белгілері есепке алынды. Олардың арақатынасы математикалық жолмен дәлме-дәл талданды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Мендель тәжірибелері
Мендель асбұршақ өсімдігін 2 жыл бақылаудан бастады. Ол асбұршақ тұқымының түстері бойынша тек екі баламасы: сары және жасыл тұқымы болатынына көз жеткізді. Сондай-ақ олардың өздігінен тозанданатынып анықтады. Ол бір-бір жұп белгілері бойыша ерекшеленетін ата-аналар формасын алды. Сынақ тәжірибенін біреуінде сары және жасыл тұқымдар, екіншісінде тегіс және бұдыр тұқым, үшіншісінде биік және аласа өскен өсімдіктер зерттеді. Мендель ата-ана формаларын «таза тармақ» деп атады. Олардың бұлай аталуы «сары» дарақта «жасыл» ата тек болмауына негізделген (өздігінен тозанданған кезде бұлай болмайды) . Ал «жасыл» дарақта «сары» ата тектің болуы мүмкін емес, өйткені «сары» тозаң ешқашан «жасыл» өсімдік гүл аналығына түскен емес. Мендель айқас тозандандырды, яғни «сары» өсімдіктің тозаңымен «жасыл» гүлді, ал керісінше «жасыл» тозаңмен «сары» гүлді тозандандырды. Ол алынған ұрпақтарды бірінші ұрпақ «будандары» деп атады.
Сары және жасыл өсімдіктердің барлық ұрпақтары - бірінші ұрпақ будандары - қайта тозаңдандыру жиынтығы бойынша сары тұқымды болып шықты. Сол кезде Мендель сары түсті басым түс - доминантты түс (латынша dominans - басымдылық) деп атап, оны А бас әрпімен белгіледі. Жасыл түс басылыңқы - рецессивті түс (латынша recessus - шегіншек, басылыңқы) деп аталып, а кіші әріппен белгіленеді. Генетикада басым аллелъ - басылыңқы аллельдің көруіне (толық немесе ішінара) басымдылық көрсететін ген жұптарының бірі. Соған сәйкес басылыңқы аллель - бұл басым аллельдің қатысында сырттай білінбейтін аллель. Генетикада будандарда бір белгілердің екіншісінен басым болуы басымдылық деп аталады, яғни тек басым белгілер ғана сырттай білінеді.
Барлық тәжірибелерден осыған ұқсас нәтижелер алынды. Басқа белгілерден де осылай болды. Тегіс және бұдыр тұқымдарды будандастырған кезде бірінші ұрпақтағы будандардың барлығы тегіс болып шықты. Сол сияқты қызыл (кошқыл қызыл) түс - ақ түстен, биік өсімдік аласасынан, тағы сол сияқтылар басым болды.
Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі немесе заңы деп аталған генетикалық негізгі заңдылықтардың бірі міне осылай ашылды. Кейінірек ол Мендельдің бірінші заңы немеее басымдық заңы деп аталды.
Сол жазда Мендель тәжірибелердің екінші кезеңіне кірісті. Ол сары тұқымды будандарды жинап, олардан өздігінен тозаңдана алатын өсімдіктер өсірді. Мендель сөйтіп екінші ұрпақ будандарын, яғни бірінші ұрпақ будандарының ұрпақтарын алды. Бұл дарақтардың ата-аналары сары түсті болды. Екінші ұрпақта сары және жасыл дарақтар арақатынасы: ұрпақтардың 3 бөлігі - сары және 1 бөлігі жасыл түсте пайда болды.
Жойылып кеткен жасыл рең «немерелерінде» қайтадан пайда болған. Мендель мұны ажырау деп атады. Анығырақ айтқанда екінші ұрпақ буданы сары және жасылға бөлінеді. Бірінші ұрпақтың сары будандарынан сары және 3:1 арақатынаста жасыл ұрпақтардың пайда болу құбылысы Мендельдің екінші заңы немесе ажырау заңы деп аталды.
Генетикалық (гибридологиялық) талдау әдісінің мәні Мендель қолданған әдістен құралады. Генетикалық талдау - генетиканың негізгі және ерекше әдісі.
2. Мендель тәжірибелерінің маңызы
Мендель тұқым қуалау материалының ата-аналардың екеуінен бірдей арақатынаста ұрпаққа өтетініне көз жеткізді. Мендель хромосоманың болатынын білмесе де, олардың саны туралы түсінігі болмаса да, әрбір ересек дарақтың жыныс жасушалары қосылуының нәтижесі екенін данышпандықпен болжады. Демек, кез келген ағзаның зигота түрінде пайда болу сәтінен бастап, өлгенге дейін ата-ананың біреуінен бір-бір фактордан, екі данада әркайсысында «тұқым куалау факторы» болады. Жинақтап келгенде тұтас ағзаның диплоидтығы он екі әріппен белгілене бастады. Ал гаметалар - жұмыртқажасушалар мен сперматозоидтар (өсімдіктерде аталық жасушалар) бір әріппен белгіленді, өйткені олар тек бір-бірден ғана «тұқым куалау факторларын» жеткізеді, демек, гаплоидты.
Мендель тәжірибелер нәтижелерінің қисынды талдауы негізінде болжау жасады, ол қазіргі кезде гаметалар тазалығының заңы деп аталуда. Осы болжамға сәйкес гаметалар (жыныс жасушалары) ата-аналарының біреуінен таза қалпында тек бір ғана тұқым қуалау факторын (ұрығын) жеткізеді, оны өзінің екінші ата-анасынен алынған өзге тұқым қуалау факторына (ұрығына) араластырмайды. Әжесінен келген тұқымның жасыл түсі ешбір сары түспен «нашарлатылмай», «әкесінің» («анасының») жыныс жасушасына таза қалпында түсті. Жасыл түсті белгіні жеткізетін екі жыныс жасушасы қосылған кезде ата-енесініц екеуінде сары түстен болғандығына қарамастан, жасыл ұрпақтар қалыитасты.
Түс ерекше нәруыз - пигментпен анықталады. Пигмент (бояу-тек) белгіленген тәртіпте дәлме-дәл орналасқан аминқышқылдардың белгілі мөлшерін камтиды. Бұл тәртіп генетиқалық, кодпен ДНҚ молекуласында жазылған (оның бір аминқышқылы үш нуклеотидпен кодка түсіріледі) . Бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі ген деп аталады. Сары және жасыл түсті белгінің балама белгілері бірнеше (немесе бір) аминқышқылдардың орналасу тәртібі үйлеспейтін нәруыздармен айқын анықталады. Құрамы бойынша әр түрлі болса да бұл нәруыздар құрылысы бойынша (аминқышқылдар мөлшері, кұрылымы) ұқсас болуы керек, өйткені екеуі де түсті анықтайды. Осы нәруыздарды кодқа түсіретін гендер дәл сол гомологиялық хромосомалар үлескілерінде орналасады. Дәл сол нәруыз синтезіне жауап беретін, бірақ әр түрлі аминқышкылдың біріздігіштігін аныктайтын гендер аллельді гендер , аллеломорфтар немесе аллельдер деп аталады.
Аллельдер сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы (қарама-қарсы қалыптағы) белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы, сары және жасыл түс.
Жасыл реңді басылыңқы (рецессивті) а генін жеткізетін аа гаметаларды аа генотипі бере алады. АА генотипі сары реңді тек А басылыңқы генін жеткізетін гаметаларды береді.
Генотип - бұл генетиқалық есептерде АА, Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы. Фенотип - бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы. Фенотипті генотиптің көзге көрінетін кескіні деуге де болады. Мәселен, АА генотипінде немесе Аа фенотипінде - сары, ал аа генотипінде фенотип жасыл болады.
Генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері гомозиготалар (жалғыз зиготалы) деп аталады. Екі данада (әкесінен және анасынан) тек бір іріктеме белгісі болатын дарақ. Олар өз ұрпақтарына тек осы типтің белгілерін береді. Олардың барлық гаметалары бір іріктеменікі - барлығында бір аллель болады. АА генотипі - басымдық бойынша гомозигота немесе басым гомозигота, ал аа генотип басыңқылық бойынша гомозигота немесе басылыңқы гомозигота деп аталады.
Ал Аа генотипі гаметалардың екі іріктемесін береді. Олардың біреуі (50%) А сары реңді гендерін жеткізеді, қалғандарын (50%) а жасыл реңді гендер жеткізеді. Мұндай ағзалар гетерозиготалар деп аталады. Гетерозиготалар - жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын (әр түрлі белгілерді жеткізетін әр текті зиготалар) ағзалар.
Тәжірибелер және олардың нәтижелерінің барысын жазу үшін генетикалық таңбалау пайдаланылады.
- Р - ата-еана дарақтары. (Латынша ≪parento≫ (ата- ана) сөзінің бірінші әрпі)
- ♂- еркек дарағы (әкесі) . Марстың астрономиялық белгісі.
- ♀- әйел дарағы (шешесі) . Шолпанның астрономиялық белгісі.
- Х - дарақтар арасындағы шағылысты белгілейтін белгі.
- F- шағылыс үдерісінің нәтижесі, яғни ұрпақтар. (Латынша filii -балалар) сөзінің бірінші әрпі) . Ғ1 - балалар; Ғ2 - немерелер; Ғ3 - шөберелер, тағы сол тәрізділер.
- A- басымдық белгі немесе ген.
- а - басыңкылық белгі немесе ген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz