ХХ ғасырдың 60 – 80-жылдарындағы әдеби процесті зерделеу


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: ХХ ғасырдың 70 - жылдарынан қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлер қатарында ерекше орыны бар жазушының бірі - Берік Шаханұлы. Ол 1941жылы 5 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Жайылма ауылында дүниген келген. 1959 жылы орта мектепті бітірген соң, екі жыл шопан болып жұмыс істеген. ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1966-1970 ж. ж. Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, 1970-1973 ж. ж. «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, 1973-1989 ж. ж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, 1989-1991ж. ж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болып істеген. 1991жылдан Қазақстан Жазушылар Одағында аға референт болып қызмет атқарады. 1996 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі болып сайланды. 2002 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары. 1991 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген « Құса» атты повесі мен әңгімелер жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болған (1992) . Әзербайжан жазушысы Анардың «Ақ жағалау» атты повесі мен әңгімелер жинағын, Владимир Сангидің «Қайырлы маусым» романы мен бір топ әңгімелерін қазақ тіліне аударып бастырған.
Республиканың Құрмет Алтын кітабына есімі жазылған. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», медалімен марапатталды. Сарысу ауданы, Жайылма ауылының құрметті азаматы деген атқа ие болды.
Жазушының шығармалары: « Ғашықтың тілі» (1973ж) әңгімелер жинағы, «Ақ иірім» (1979ж) әңгімелер мен повестер жинағы, «Қаратаудың самалы» ( 1984ж) әңгімелер мен повестер жинағы, «Көрген түстей дүние» (1998ж) таңдамалы әңгімелер жинағы, «Поезда кездескен қыз» (2005ж) әңгімелер жинағы, «Қоңыр жон» (2006 ж) әңгімелер мен повестер секілді топтамалары жарық көрген.
Дипломдық жұмыста көрнекті қаламгердің жазушылық шеберлігі мен көркем туындыларында замана мәселелерін көркемдеудегі суреткерлік болмысы, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеу жолдары кеңінен ашылып, автордың өзіне ғана тән қолтаңбасы сараланады, сонымен бірге жазушының суреткерлік болмысына тән стильдік ерекшелік кеңінен қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 60 - 80-жылдарындағы әдеби процесті зерделеу - күрделі де көп қырлы құбылыс. ХХ ғасыр аяғындағы әдебиет, оның ішінде 60 - 80-жылдар прозасының хал-ахуалы туралы пікір айту, әрине, іштей қайшылықтарға толы. Осы кезде әдебиет аулына келген, өндірте жазған, туындыларымен қоғамға серпіліс әкелген жазушылар шығармашылығына баса назар аудару қажет. Б. Шаханұлы шығармаларының тақырыбы, стилі, образдар құрылымы, композициясы туралы бағалы пікірлер айтылғанымен, прозалық туындыларының көркемдік ерекшелігі жүйелі түрде зерттеу өзегіне алынып, ғылыми мақсатта қарастырылмады. Жазушының туындыларын психологиялық тұрғыдан бағалау, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеу тәсілдерін, оның ішінде қазақ халқының ұлттық менталитетіне тән өзгешелікті ашып көрсету біздің бұл зерттеу жұмысымыздың міндеті болып белгіленді.
Жалпы бұл дипломдық зерттеу қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі қаламгер, Алаш сыйлығының иегері - Б. Шаханұлы шығармаларының өзіндік қолтаңбасын айқындап, шығармаларындағы көркем бейненің жасалу жолдарын, ұлттық характердің сомдалуын, кейіпкердің ішкі жан-сезімінің берілуін, жазушының әдебиеттегі өзіндік соқпағын, ізденісін кешенді түрде арнайы зерттеудің аса өзекті мәселе екенін сезінуге байланысты жазылды. Соған орай қаламгер повестерінің көркемдік ерекшеліктері, тарихи оқиғалардың, ауыл көріністерінің берілуі жаңашыл таным тұрғысынан пайымдалды. Өз кезегінде бұл да жұмыстың өзектілігін айқындайды. Осы арқылы 60 - 80-жылдар әдебиетінің жалпы қазақ әдебиетінің даму барысына тигізген ықпалы анықталып, көркемдік сапасы сараланды.
Зерттеудің мақсат - міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орны бар жазушы Б. Шаханұлы повестерінің ерекшелігін айқындау, қаламгердің шеберлік қырларын, оның шығармашылық лабораториясын зерттеу, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі психологиялық иірімдерінің қөріну формаларын зерделеу - бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы көкейкесті мәселелердің бірі. Сондықтан да осы зерттеу жұмысы жазушының шығармашылық даралығын, оның көркемдік тәсілдерді қолдануындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды саралап, туындыларындағы мазмұндық бірлік пен түрлі ерекшеліктер үйлесімін, көркем прозадағы кейіпкердің ішкі жан сезімін беру тәсілдерін дамытуға қосқан үлесін, оның шығармаларындағы ұлттық психологиялық ерекшеліктердің көріну түрлерін, жазушы қаламынан кейіпкерлердің мінез-құлықтарын бейнелеу өзгешелігін және қазақ әдебиетіндегі тарихи оқиғаларды, ауыл көріністерін суреттеуге қосқан үлесін, жалпы қазақ прозасына қаламгер әкелген әдеби жаңалықтарды айқындауға бағытталған. Сонымен қаламгер шығармашылығына талдау жұмысы барысында төмендегі мақсаттар мен міндеттерді орындау көзделді:
- Б. Шаханов туындыларындағы әлеуметтік мәселелердің көркем тартыс және образ болмысы арқылы көрініс табу ерекшеліктерін ашу;
- Б. Шаханұлы повестеріндегі кейіпкерлердің ішкі жан иірімдерінің бейнелену тәсілдерін анықтау;
- Суреткер қаламына тән психологиялық тәсілдерді анықтау, оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсерін бағамдау;
- Қаламгер шығармашылығындағы тарихи оқиғалардың көркемдік шешімін анықтау.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: Берік Шаханұлының повестеріне арналған нақты зерттеу еңбектері жоқ. Тек кейбір кітаптар мен мерзімді басылым материалдарында азды - көпті кездеседі. Атап айтсақ, ХХ ғасыр жазушылары туралы жинақтар мен кітаптар, Ж. Дәдебаев, Қ. Алпысбаев, Б. Шаханұлы, т. б. еңбектері мен мақалаларына сүйендік.
Жұмыстың дерек көздері: Жұмыс барысында Қазақстан Ұлттық кітапханасының библиографиялық картотекалармен « Қазақ тілі мен әдебиеті», « Қазақ әдебиеті» секілді мерзімді басылым материалдары мен Б. Майтанов, Қ. Алпысбаев, З. Қабдолов, Т. Әлімқұлов, Ж. Дәдебаев және тағы басқа ғалымдардың ой - тұжырымдары басшылыққа алынып, зерттеу тақырыбымыздың мақсатына орай пайдаланылды. Сонымен бірге Б. Шаханұлының « Ақ иірім», « Қоңыр жон» еңбектері алынды.
Жұмыстың теориялық, практикалық маңызы: Б. Шаханұлы повестері, оның көркемдік ерекшелігін зерттеу бойынша арнайы курстар мен семинар жүргізуде, психология, оның көркем шығармада көріну әдіс - тәсілдері жөнінде дәрістер оқуда, сондай-ақ оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазуда пайдалануға болады. Сонымен бірге дидактикалық, тәрбиелік бағыттағы да мақсаттарға да қолдануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Жұмыстың тақырыбы мен мазмұнына өзек болған мәселелерге байланысты жинақталған материалдарды іріктеуде салыстырмалы-әдіс, баяндау, салыстыру, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1. Берік Шаханұлының повестері және замана шындығы
1. 1 Қаламгер повестеріндегі тарихи шындық және көркемдік шешім. 1920 жылдардан бастап көркем әдебиетіміздің басқа жанрлары секілді қазақ повестері де ерекше қарқынмен дамыды.
Бұрын қазақ кітаптары мен газет - журналдары біздің елімізде полиграфия өндірісі кенже дамығандықтан, Қазан, Орынбор, Петербург, Троицк секілді бізден шеткері жатқан қалаларда басылатын болса, енді өндірістің бұл түрі Қазақстанның өзінде де қарқын ала бастады.
Егер өзіміздің зерттеушілік нысанасы етіп алып отырған қазақ прозасының повесть жанрының дамуына зер салатын болсақ, 1920-30 жылдары жергілікті баспасөз беттерінде Абдолла Асылбековтың «Біздің де күніміз туды» (1922ж), С. Сейфуллиннің «Айша» (1922 ж), «Жер қазғандар» (1928 ж), Б. Майлиннің «Раушан коммунист» (1923 ж), «Он бес үй» (1931 ж), «Қырманда» (1934 ж), «Берен» (1935ж), Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» (1923 ж), М. Әуезовтың «Қараш - Қараш оқиғасы» (1927 ж), «Қилы заман» (1928 ж), «Көксерек» (1929 ж), Ғ. Мүсіреповтың «Тулаған толқында» (1927 ж), «Көк үйдегі көршілер» (1929 ж) т. б. секілді повестері жарық көрді.
Уақыт пен заман ХХ ғасырдың екінші жартысында, әсіресе оның соңғы ширегінде дүниежүзілік әдебиетте прозаның повесть жанрын алға шығарып, оған осы дәуірдің ең көкейкесті рухани, адамгершілік мәселелерін образдар тілімен қозғауды міндет етіп жүктеді. Бұл процестен қазақ прозасы да тыс қалған жоқ. Профессионалдық бастауын халқымыздың майталман көркемсөз шеберлері Б. Майлиннің « Шұғаның белгісі», « Он бес үй», М. Әуезовтың « Көксерек», «Қараш - Қараш», « Қилы заман» секілді осы жанрдың аса шұрайлы туындыларынан алатын қазіргі қазақ повестері 1970 - 2000 жылдары көтерген тақырыптары мен идеялары жөнінен бұрынғыдан да ауқымдана түскені былай тұрсын, көркемдік политрасын дүниежүзінің ең озық әдебиет үлгілерінің дәрежесіне дейін өсірді. Осылайша біздің ұлттық рухани айналымымызға С. Мұратбековтің « Жусан иісі», « Басында Үшқараның», Ә. Кекілбаевтың « Ханшадария хикаясы», «Шыңырау», М. Мағауиннің «Тазының өлімі», «Қара қыз», « Ақиқат», « Әке», Д. Исабековтың « Пері мен періште», « Дермене», О. Бөкеевтің « Қар қызы», « Қайдасың, қасқа құлыным», Б. Нұржекеевтің « Кінәлі махаббат», Т. Нұрмағанбетовтың « Қош бол, ата», « Түкпірдегі ауыл», Ж. Түменбаевтың «Ауыл шетіндегі үй», Б. Шаханұлының «Құса», «Алтын кездік», « Қоңыр жон» т. б. секілді тамаша повестері келіп енді. Осындай 70-жылдары жарық көрген қазақ повестерінің айтулы ұсталары көркемсөз өнерімізде Ж. Аймауытов, Б. Майлин, М. Әуезов салып берген дәстүрлерді дамыта отырып, өз заманының шынайы көркемдік панорамасын жасап шықты.
1970-1991-жылдардағы қазақ қауымы басынан өткерген қоғамдық экономикалық формацияны 1917-жылдың қазан айынан бері күні кешегі 1980-жылдардың аяғына дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталатын мемлекетке - жүздем астам ұлыстар мен ұлттардың алып конгломерантына - үстемдік құрған ресми коммунистік идеология кемелденген социализм дәуірі деп аталды. Рас, нақ осы жылдар халқымыз үшін жеміссіз болған жоқ, өмір көшін болашаққа жалғап, үздіксіз жетілдіру барысында басынан талай зобалаңдар мен тарихи-әлеуметтік катаклизмдерді кешірген, ақын тілімен айтқанда, « мың өліп, мың тірілген» туған халқымыздың «Уһ» деп демін алып, белін жазған мамыражай тұсы осы ХХ ғасырдың екінші жартысы болатын. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан әйгілі Қазан революциясына дейін орыс имперализмінің отаршыл саясатының талай қитұрқылығынан діңкесі құрып, сілелеп, экономикалық-саяси тұрғыдан да, рухани жағынан да әбден жүдеп жеткен қазақ жұрты енді большевиктік езгіге душар болды.
1917-1920 - жылдардағы азамат соғысы, 1932-1933-жылдардағы голощекиндік асыра сілтеудің нәтижесінде пайда болған жаппай ашаршылық, енді одан босай бергенде тағы да бір бүйірден тап келген алапат 1941-1945-жылғы Ұлы Отан соғысы бұл халықтың санын екі есеге азайтып, генетикалық қорын қатты әлсіретіп кеткен еді. Бірақ уақыт емші 1950-жылдардан кейін қазақтың басына түскен сонша ауыр соққыларды ұмыттырып, оның бойындағы тән жарасын да, жан жарасын да бірте-бірте қарақотырланып жаза бастады. Ең бастысы, елге бейбітшілік пен молшылық келді. Сондай-ақ онан бері қарай жағдайымыз одан әрі жақсарып, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткіздік, өз егемендігімізді еншіледік.
Осындай қиын қыстауды басынан кешірген қазақ халқының тұрмысы, жағдайы қазақ әдебиетінде дүниеге келген туындыларға арқау болды. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы мен ашаршылық басты орын алды. Әдебиеттің барлық жанрында оның ішінде повесть жанрында ерекше мәнге ие бола бастады. Бұл тақырыптарды қозғамаған жазушы кемде- кем десем артық айтқандығымыз емес. Осындай өсу кезеңдерінде жарыққа шыққан қазақ повестерінің авторлары - Тәкен Әлімқұлов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков, Төлен Әбдіков, Тынымбай Нұрмағанбетов, Бексұлтан Нұржекеев, Берік Шаханұлы т. б. болды.
Осы жазушылардың ішінде қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, повесть жанрына қалам тербеп жүрген жазушыларымыздың бірі - Берік Шаханұлы.
Берік Шаханұлы қай туындысында болмасын оқиғаның желісін аша білген, терең ой мен сараптай білген жазушы. Жазушының кез келген туындысы өз оқырманына үлкен ой сала отырып, елітіп, баурап әкетеді.
Берік Шаханұлы шығармашылығының дені әңгімелерге арналады. Дегенмен повестерінің де маңыздылығы зор.
Осы шығармаларының ішінен жазушының повестеріне ерекше тоқталып, талдап өтсем ол төмендегідей.
Жазушының шығармасын талдамас бұрын повесть жанрына тоқталып, повесть дегеніміз не, қандай жанр түрі, осы сұрақ төңірегінде жауап іздеген жөн секілді.
Повесть (орыс. баяндау) - оқиғаны баяндап айтуға негізделген қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі. Көлемі жағынан повесті ұзақтау келіп, кішігірім романға жақындаса да, ол композициялық құрылысының жинақылығы, оқиға желісінің біркелкі өрістеп, байсалды түрде баяндалатынымен ерекшеленеді. Повесть-орыстың көне дәуірінен келе жатқан төл сөзі. Бұл әуелде өмірде болған әр алуан ірі оқиғаларды жылнама, шежіре беттеріне тізіп, жазып қою, баяндау дәстүрінен туған. Былайша айтқанда «повесть» орыстың ауыз әдебиетіндегі «слово», «сказание» деген халықтық шығармалар түрімен төркіндес. [1. 269б]
Осы повесть жанрында қалам тербеп жүрген Берік Шаханұлының айрықша көркемдігімен ерекшеленетін бірнеше повесі бар. Әрқайсысы өзіндік идеясымен, образдылығымен, тың оқиғаларымен, тақырыптық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Біз талдағалы отырған Берік Шаханұлының шығармалары бүгінгі заман шындығын, яғни өзі өмір сүрген кезеңнің көрінісін, өз замандастарының тыныс тіршілігін арқау еткен. Оның ішінде кеңес дәуірінің шындығын, әсіресе 30-шы жылдар аумағында өткен тарихи, әлеуметтік - саяси оқиғаларды сөз ететін, суреттейтін тұстары көзге түседі. Бір ерекшелігі жазушы қай кезеңнің оқиғаларын арқау етпесін, алдымен адам тағдырына соғады, оның тыныс тіршілігін, өмірдегі күрес - тартысын, әлеуметтік ортадағы әрекетін, қоғамдағы алар орнын тереңнен аршып танытуды мақсат етеді.
Жазушы адам мен қоғам, адам мен орта қатынасын әрдайым басты назарда ұстайды. Әрқилы тағдыр иелері өздерінің арман - мұңымен, қасірет - қайғысымен, қуаныш - ренішімен бой көрсетіп жатады. Осы қатардағы қарапайым жандардың қоңыр тіршілігінің өзінен заман шындығын, уақыт бедерін танып, таразылау қаламгерлік мақсатқа толық бағындырылған. Кәдуілгі күн көріс қамымен тіршілік кешіп, еңбек етіп жүрген «қатардағы көптің бірін» бейнелеудің өзі жазушы шығармаларында қоғамдық, әлеуметтік мәнге ие.
Б. Шаханұлы кеңестік өмір кезеңін арқау ететін повестерінде өз оқырманын жалықтырмайды. Айтар ойын, бейнелегісі келген өмір құбылыстарын тартымды оқиғалар арнасында тартымды тілмен шынайы қоғам шындығын алдыңа жайып салып отырады.
Аталмыш туындыларында бой көтеретін кейіпкерлер қала тұрғыны болсын немесе ауыл адамдары болсын олардың алдымен тағдыр соқпағы, тіршілік әрекеті, пендешілік қарбаласы қатар танылып, бір сөзбен айтқанда адам тағдыры, күнделікті өмір суреті алдыңғы қатарға шығады. Мінез ерекшелігін әр кейіпкердің бойына шақтап мүсіндеу мақсатында жазушы ізденістері мен өзіндік көркемдік әдіс - тәсілдері көзге түсіп отырады. Сондай-ақ, Б. Шаханұлының шығармашылығының ең алдымен өмір шындығынан нәр алып, көгеріп көктейтіні айқын аңғарылады. Әуелі ол оқырманын осынысымен сендіреді. Ал оқырманды сендіре, иландыра білу жазушы үшін ең басты мәселе, өйткені адам сенген, иланған нәрсеге ғана тебіренеді, сол арқылы көркем шығармадан эстетикалық ләззат алады. Бұл өте маңызды нәрсе, өйткені айналып келгенде әдеби туынды тек осы мақсат үшін, яғни өз оқырманын тебірентіп, сол арқылы оның жан дүниесін ізгілендіру мақсатында қызмет етеді.
ХХ ғасырдың 60-жылдарында ұлттық әдебиетімізде ауыл өмірі мен тұрмысының өз алдына дербес көркемдік әлемге, жетекші, көркемдік, тарихи- мәдени жағдайға айналуының әлеуметтік, эстетикалық негіздері бар. Осы уақытта халық өмірінің терең қатпарларына, ұлт тарихы мен тағдырына, мәдениетіне деген көзқарас әрқилы өзгеріске ұшырағаны, әлеуметтік мәні күшейе түскені көпшілікке мәлім. Қазақы ауыл психологиясының қала тіршілігі мен мәдениетіне кірігуі мен бейімделуінің күрделі жағдайда жүріп жатқандығын жіті бақылап отырған авторлар бұл құбылыстың идеялық, адамгершілік негіздерін ашуға, жетістік кемшіліктерін, болашағын бағамдауға күш салды.
Сонымен бірге ауыл өмірін суреттеудің негізгі себебі, ауыл - туған халқымыздың әдет - ғұрпының, өмір сүру салты мен ұлттық психологиясының, ана тілі мен халықтық төл философиясының бастауы алтын бесігі, осы қадір - қасиеттердің бәрін қаймағын бұзбай ғасырлардан ғасырларға сақтап келген алып рухани қоймасы секілді. Сондықтан қазақ жазушылары ауыл өміріне тән ситуациялардан әрбір детальды ерекше ыждағаттылықпен зерттеді.
Тақырыптың жаңа қырын, кейіпкердің тосын сырын, адамгершіліктің соны құбылыстарын көрсетуге деген ұмтылыс авторлық ұстанымға да әр қилы әсер етті. Осындай қоғамда болып жатқан өзгерістерді, тарихи оқиғалардың орын алуын, ауыл тынысының өзгеруін Б. Шаханұлы да өз шығармашылығынан тысқары қалдырмай, өзінше пайымдап, өз шығармасына арқау етті.
Жоғарыда айтқандай, жазушы повестерінде көбіне көп тарихи оқиғалар мен ауыл өмірі суреттеледі. Яғни біз жазушы повестерінен азамат соғысы, ашаршылық кезіндегі, жаңа үкімет орнау тұсындағы, Ұлы Отан соғыс кезіндегі ауыл көрінісін осы жазушы туындыларынан көреміз. Жазушы шығармасының бірден бір ерекшелігі осында жатқан секілді. Олай дейтін себебіміз, ауыл жайлы жазбаған жазушы жоқ, әрқайсысы ауыл өмірін әрқырынан алып суреттейді. Ал, Б. Шаханұлы ауыл тынысын беруде, бейнелеуде, өз ұғымындағы ауыл кейпін, көрінісін суреттеуге тырысады. Сондықтан болар барлық повестері ауыл өмірімен, тарихпен астасып жатыр. Мәселен, «Құса» повесін алайық. Бұл повестте Мойынқұмның бауырында өткен оқиға баяндалады. Повестің негізгі арқауы елді жайлаған жоқшылық, алауыздық. Негізгі кейіпкер Серәлінің басынан өткен оқиғасы. Повесть кәріліктің құрсауына түсіп, кәрілік ең соңғы көш екенін түсінген Серәлінің бейкүнә, сәби секілді отырысынан басталып, оқиға онан әрі осы үлкен кісінің басынан өткерген жағдайымен сипатталады.
Жазушы бұл туындысында соғыс пен ашаршылық кезіндегі оқиғаны, халықтың қарбаласын, жеңіске деген ұмтылысын шынайы да әсерлі суреттеген. Жақсы менен жаманның аражігін айырып көрсетеді. Сондай-ақ, халықтың соғыс зардабына қарамастан ел үшін, ел азаматтары үшін жан аямай, тынымсыз тірлігін, ата-ананың баласына деген әйелдің жарына деген, баланың әкесіне деген, ер азаматтың туған жерге, сүйген жарға, ата-анаға, бауыр еті баласына деген сағынышы әдемі жеткізілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz