Өзін-өзі тану пәні сабақтарында театр қойылымдары арқылы оқушылардың әртістік шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Орта буын сынып оқушыларына әртістік шеберлікті - қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім, бейімділік пен дағдылар жүйесі. Оқушылардың әртістік шеберлігін жетілдіруда мынадай мәселелер шешімін табуы тиіс:

- білім деңгейінде педагогикалық әртістік шеберлікті актер дайындаудағы маңызды сапа ретінде жүйелі зерттеулердің жүргізілуі;

Оқушылардың тұлғасын дамытуда және оны жүзеге асырудағы мәнін талдай отырып, біліктілікті арттыру жүйесінде жан -жақты қарастыру;

- Оқушылардың шығармашылық бағыттылығын дамыту; мүмкіндіктерін ашу;

- пәнді жүйелі тереңдетіп оқыту, өзіндік жұмыстар мен сабақ кестесіне шығармашылық күндерді ендіру;

- Мектепте Оқушылардың жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, оған базалық оқу жоспарын жүзеге асыруға белсенді араласуға себеп болатын мүмкіндіктеріне сәйкес білім қызметтерін ұсыну.

Бұлардың барлығы өте маңызды және бүгінгі қоғам талабына сай болашақ маманның жан-жақты даярлығына, жеке тұлғасының қалыптасуына, оқыту үдерісін жетілдіруде және педагогикалық үдерістің жүйелі сипатын біртұтас шығармашылық құбылыс ретінде дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Әсіресе, студенттің даралық мүмкіндіктерінің барынша ашылуына және дамуына, онда жеке кәсіби педагогикалық әртістік шеберлік ерекшеліктерінің танылуына себеп болатын шығармашылық қызметке кәсіби даярлау жолдарына ерекше назар аудару қажет.

Осы бағытта ғана актерлер қоғамдағы өзінің орнын нығайтып, мотивациялық-құнды рухани қарым-қатынасты білім мазмұнын қалыптастырып, ұрпақ тәжірибесіне сапалы бағдар бере алатын болады.

Орта буын сынып оқушыларына педагогикалық шығармашылық пен әртістік шеберлікке өзін-өзі тәрбиелеуін (оқытушының бағыттауымен) болашақ актердің теориялық және практикалық даярлығымен үйлесімді сабақтастырғанда ғана нәтижелі болады. Өзін-өзі және іс-әрекетін ұйымдастыруда студенттер өз тұлғасын, сапалық кұрылымын тани отырып, өзінің келеңсіз және жағымды жақтарын аныктап, кәсіби маңызды ерекшеліктерді, сапаларды дамытуға бағытталады.

Болашақ актердің даярлық жүйесінде кәсіби әртістік шеберлігін қалыптастыру педагогикалық және психологиялық курстардың, педагогикалық шығармашылыққа арналған арнайы тақырыптардың енуі; өзінде шығармашылық бастауды дамытуға бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау; педагогикалық қызмет ерекшеліктерін міндетті түрде ескеретін жақын пәндерді біріктіруде жүзеге асады [1] . ЖОО оқу үдерісі кезінде болашақ актерлерді кәсіби қалыптастыру, педагогикалық әртістік шеберлікті дамыту жағдайы әрқашан қызығушылық тудыратын өзекті мәселе. Осы мәселе жөнінде Л. И. Божовичтің [2] тұлғаның ішкі бағдары түсінігін пайдалана отырып, адамның ішкі рухани дамуын көп жағдайда тұлғаның кәсіби маман ретінде дамуымен байланыстырады.

Педагогикалық шеберлік - тұлғаны жан-жақты дамыту мен жетілдіруге, оның көзқарасын, қабілеттерін, әлеуметтік мәнді әрекеттерге қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған барлық іс-әрекет түрін ұйымдастыру біліктілігі. Қазіргі замандағы педагогикалық білім беру тұжырымдамасы тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби шеберлігін дамыту басты міндет. Осы орада педагогикалық шеберлік мәселесін шетелдік В. С. Гребнев, Л. В Занина, Н. П. Меншикова, В. А Кан-Калик, Н. Д Никандаров, Н. А. Морева зерттесе, педагогикалық артистизмді Ю. П. Азаров, Ш. А. Амонашвили, О. С. Булатова, Ж. В. Ваганова, Г. А. Гарипова, В. И. Загвязинский, В. А. Кан-Калик, Е. П. Ильин, А. С. Макаренко, С. Д. Якушева және т. б. ғалымдар қарастырған. Педагогикалық шеберлік М. А Құдайқұлов, Г. К Ахметова, Е. Б Дайрабаев. Педагогикалық әртістікті И. Ф Исаев, Е. К Бәйдібекова, Буланова, Шығармашылық қабілетті дамытуды шығармашылы, һқ белсендендіру әдіс тәсілдерді жетілдіру И. Н Нұғманов, Ғ. М Құсайынов, А. Е. Тайрабаева және т. б ғалымдар басқарған ғармашылық жет Б. Оспанова, Қ Ералин, І. Сманов. Тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және ккем өнер

«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру тұжырымдамасы рет-ретімен қолданылатын барлық тұрғылардың жиынтықталуының маңызын танытатын теориялық тұрғыны сипаттайды. Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы, халықаралық конвенциялардағы, сондай-ақ өкіметтің және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құжаттарындағы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» атты жолдауындағы тұжырымдамалы идеяларды бірізділікпен дамытуға мүмкіндік беретінімен міндеттелінген. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» тұлғаның адамгершіліктік-рухани сауатын ашуға бағытталған мүлдем басқа бағдары, ұстанымдары, теориялық тұрғылары мен әдістемелері бар жаңашыл курс бола отырып аталған құжаттардың шегінен асып түседі.

Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппаған. Сондықтан, оқушылардың өзін-өзі тану пәні негізінде әртістік қабілеті қалыптастырылып іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын « Өзін-өзі тану сабақтарында театр қойылымдары арқылы оқушылардың әртістік шеберлігін қалыптастыру» деп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: орта буын оқушыларының әртістік шеберлігін қалыптастыру жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан жүйелеу және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, ұсыныстар жасау.

Зерттеудің нысаны: оқушылардың әртістік шеберлігін дамыту процесі.

Зерттеудің пәні: орта буын оқушыларының әртістік шеберлігін қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты: орта буын оқушыларының әртістік шеберлігін қалыптастыру жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан жүйелеу және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, ұсыныстар жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, орта буын оқушыларының әртістік шеберлігін қалыптастыру мәселесі ғылыми-теориялық тұрғыда негізіделсе және оның моделі мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалса онда орта буын оқушыларының әртістік шеберлігін қалыптастыруға мүмкіндік туaды.

Зерттеудің міндеттері:

  • «әртістік шеберлік» ұғымының мәнін ашу;
  • орта буын оқушыларының өзін-өзі тану пәні әртістік шеберлігін қалыптастырудың үлгісін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлерін анықтау;
  • оқушылардың әртістік шеберлігін қалыптастыру жолдарын тәжірибеде тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • «әртістік шеберлік» ұғымының мәнін ашылды.
  • орта буын оқушыларының өзін-өзі тану пәні әртістік шеберлігін қалыптастырудың үлгісін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлерін анықталды.
  • оқушылардың әртістік шеберлігін қалыптастыру жолдарын тәжірибеде тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Зерттеудің базасы: Алматы қаласындағы № 122 жалпы білім беретін мектеп.

Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА ТЕАТР ҚОЙЫЛЫМДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРТІСТІК ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Театр қойылымдары арқылы оқушылардың әртістік шеберлігін қалыптасуының зерттелуі

Театр (грекше theatron - ойын-сауық орны; ойын-сауық) - сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

Театр - оқушыны эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсер күші де осыған саяды. театрдағы басты тұлға, пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық қаһарманның характерін жасайтын - актер. Ол сахнада шығармалық процесс кезінде пьеса материалын өзінің болмыс шындық туралы ой-түсінігімен, өмірде көріп-байқағандарымен, эстетикалық сезім-түйсігімен үнемі байытып, толықтырып отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді қоюшы-режиссердің (қара Режиссерлік өнер) түсінік-шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады [5, б. 102] .

Театр өнері оқушылардың өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді. Дүние жүзіндегі түрлі халықтардың географиялық-тарихи даму өзгешелігі мен олардың өмір-тұрмысы, әдет-ғұрпы, психикалық хал-жайы әр алуан театр жүйелерінің туып, қалыптасуына ықпал жасады. Осыған орай еуропалық театрларды және Шығыс елдерінің (Жапония, Қытай, Yндістан, т. б. ) театр мәдениетін, Америка, Африка, Мұхит аралдары халықтарының өзіндік сипаты бар театр өнерін де атауға болады. Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келуімен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасасып келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына, халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық сипаттағы дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп, сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту бой көрсетті. Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, қаһарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-сауыққа айналдыру әдеби драмалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлер мен көрермендерге жіктеліп бөліну Т-дың аса маңызды қоғамдық қызметін айқындай түсті. Бұл процесс еуропалық театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған Ежелгі Грекия театрында айқын көрініс тапты. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырдың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет-қалаларында театр қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауықтар бүкіл халық мерекесі саналды. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға он мыңдаған көрермендер жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ал мұндай ойын-сауықтар маман актерлерден басқа хорға қатысатын барлық көрермен-азаматтардың өздерін де қамтитын болған. Ежелгі грек драматургтері Эсхил, Софокл мен Еврипид трагедияларында аңыз құдайлары мен қаһармандарының тұлғасы жасалды, ал Аристофан комедияларында ежелгі дәуірдің саяси және әлеуметтік күресі бейнеленіп, қоғамда орын тепкен кемшіліктер мен орынсыз жайлар өткір күлкі отына ұшырады. Грек театр мәдениетінің дәстүрі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Рим театрында (драматургтер Плавт, Сенека, Теренций, т. б. ) спектакльді қою мен театр техникасы едәуір дамып, сахна түрлері өзгерді; ойын-сауықтың жаңа түрлері, оның ішінде мифологиялық сюжетке құрылған музыка-би сауығы - пантомима пайда болды. Ойын-сауықтың көптеген алуан түрлері Ежелгі Шығыс елдерінде де, соның ішінде Жапонияда, Индонезияда, Қытайда, Yндістанда, т. б. елдерде туып, өрістей бастады[11, б. 97] .

Балалар әлемі - өзіндік ерекшеліктері мол, күрделі де қызықты әлем. Сол әлемге еркін еніп, небір нәзік сыр-сипаттарды сезімталдықпен танып, зерделілікпен зейін салу, зергерлікпен бейнелеу - қаламгерлер қауымы үшін үлкен сын. Өйткені, балалардың ойлауында, дүниені тануы мен араласуында өзгеше сипат бар. Соны түсіну, әрі балғындар риза болатындай бейнелеу - шеберлік. Тегінде өмір, орта атты үлкен ұяда неше алуан нәрсе болуы мүмкін. Әдебиет соларды қалай көрсетеді, нені көрсетеді, дәуір, замана сырын қалай бейнелейді деген мәселенің әрқашанда күн тәртібінен түспеуі де сол себептен. Көзі жаңа ашылған қайнардың кай арнаға бет алуы - ағысты мөлдір өзенге ұласуы, немесе су аяғы құрдымға кетуі табиғаттың ықпалына байланысты. Оң-солын танып үлгірмеген, өмірдің ұзақ жолына түсіп, жан-жағына аң-таң болып қарайлап келе жатқан бала үшін де өзін-өзі тану пәнінің рухани-эмоциональдық әсері сол секілді ерекше. Қалыптасқан іргелі дәстүрдің тарихи-тәжірибесінен тамыр алған әдебиеттің, реализм, романтизм әдебиетінің уақыт сырының нақты да тірі куәсіндей образдары балалар үшін шындықтың өзіндей нанымды, әрі ерліктің, патриоттык пен адамгершіліктің жан сүйсінер жайсаң өнегесіндей. Өмірдің өзін1ен алынған өнеге қашанда өрендерді өрге бастаса керек. Балалар үшін өзін-өзі тану пәні сабақтарында театр қойылымдары тек қана рухани азық - базарлық болып қана қоймай, рухани тәрбиеші де болса, қадірі арта түспек.

Мектепте орта сынып оқушыларын тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады[3, б. 79] . Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектептегі ұстаздардың алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.

Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан - жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Оқушылар сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылды.

Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.

Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасынадағы оқушылардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. Адамның ішкі позициясы өзінің объективті бейнеленуінде тұлғаның кәсіби қалыптасуында көрініс береді. Нәтижесінде, болашақ кәсіби шеберлігіне деген жалпы жағымды эмоциялык қарым-қатынасы дамиды.

Білім беру үдерісін және оқу-тәрбие саласындағы құбылыстардың басты нәтижесі әдіснама мәселесінде: біріншіден, әдіснама логикалық ойлаудың, іс-әрекетінің әдісі мен құралы, әрі оның құрылымы туралы ғылым ретінде қабылданса, екіншіден, ол ғылыми қабылдаудың әдісі мен нормасы ретінде қарастырылып, теориялық дамудың әдіснамасы немесе қабылдаудың түрлері ретінде педагогикалық шындықтың анықтамасы болып есептелінеді.

1944 жылы 6 қыркүйекте Алматыда жас көрермендер Театрын (ЖКТ) ашу туралы қаулы шығады. ЖКТ ұйымдастырушысы және бірінші режиссер болған КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының, Лениндік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Н. И. Сац. Театр болып қалыптасуына В. С. Розов көмегін тигізді. 1945 ж., 7 қарашада Алматылық сәбилер алғаш театрдың табалдырығын аттады. Таңертең Е. Шварцтың «Қызыл телпек» пьесасы бойынша қойылған Н. И. Сацтың спектаклі, кешке Исидора Штоктың «Лейденді қоршау» пьесасы бойынша драматург әрі режиссер Виктор Розовтың қойылымы жүрді. 1946 ж. қазақ труппасы құрылды.

Белгілі психолог А. К. Маркова «Кәсіптік психология» атты еңбегінде кәсібилік ұғымына кәсіби адам деп кәсіби іс-әрекеттер нормаларын меңгерген, кәсіптік қарым-қатынасты жоғары дәрежеде жүзеге асыратын, кәсіби шеберлікке ұмтылатын және қол жеткізген, кәсіптік этиканы сақтайтын, кәсіптік құралдар арқылы өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін өзгертетін және дамытатын, кәсібіне шығармашылық үлес қосуға ұмтылатын, кәсіптік тәжірибелерін үнемі байытатын, өзінің кәсіптік нәтижелерімен қоғамды қызықтыратын және соған ұмтылатын, қоғамда өз кәсібінің беделінің жоғарылауына үлес қосатын тұлғаны жатқызады [3] .

Шеберліктің ең жоғары сатысы - өнер, шығармашылық. Шеберлік іс-әрекет тұлғаның жеке қасиеттері мен әрекеті ретінде жалпы және кәсіптік білім алу барысында қалыптасады. Шеберлік тәжірибе мен еліктеу арқылы қалыптасуы мүмкін. Педагогикалық шеберлік мұғалімнің кәсіби білім, дағды және біліктерін меңгерудің жоғарғы сатысын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар бұл мұғалімінің қоғам талаптарына сай білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде жоғары дәрежеде әрекет жасауын да талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Театр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Балалар театрының түрлері
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың сюжеттік-ролдік әрекеті негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz