Ресейдің Қазақстанның оңтүстік өңірін отарлауы және оның халықтың күнделікті өміріне әсері


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ресейдің Қазақстанның оңтүстік өңірін отарлауы
2. Ресейдің қазақ халқына күнделікті өміріне әсері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
ХІХ ғ. ІІ жартысында Еуропа елдері зауыттық-фабрикалық жүйеге, яғни қоғам дамуының капиталистік жолына біржола түсті. Капиталистік даму жолына түскен ол елдер, енді шикізат көздері мен өнеркәсіп өнімдерін өткізетін нарықтық аймақтар қажет болды. Осы бағытта Еуропа елдері экономикалық даму жағынан артта қалған Азия, Африка елдерін отарлау жолындағы бәсекелестікте белсенді саясат жүргізгені белгілі.
Біз, ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихын сөз еткен кезде, оны әлемдік тарихтан, Ресей тарихынан бөліп қарауымыз мүмкін емес. өйткені бұл кездегі Ресей қоғамындағы өзгерістер Еуропамен, ал Қазақстан қоғамындағы өзгерістер патша үкіметінің жүргізген сыртқы саясатымен тығыз байланысты еді.
1861жылы Ресейде крепостниктік правоның жойылуы елде капитализмнің даму процесін жеделдетті. Қазақстанның шикізат көзі және өнеркәсіп өнімдерін өткізетін рынок ретінде ролі күшейді.
Ресейдің Қазақстанның оңтүстік өңірін отарлауы және оның
халықтың күнделікті өміріне әсері
ХІХ ғ. 60-жылдарында Ресей империясы Қазақстанды толығымен жаулап алып, оны өзінің отарына айналдырды. Капиталистік даму жолына түскен Ресей, енді отарына айналған қазақ жерінде басқарудың империяға ыңғайлы жүйесін жүргізуге кірісті. Қазақстанның оңтүстік өңірін бақылауда ұстап тұру үшін патша үкіметі қандай шаралар жүргізді, енді соған тоқталайық:
Кіші және орта жүз тайпаларының көпшілігін, сондай-ақ ұлы жүз тайпаларының бірқатарын өз бодандығына қабылдағаннан кейін, патша үкіметінің алдында аса күрделі міндет-жаңа қосылған өлке жерін басқаруды реттеу және соның негізінде халықтан алым-салық жинау мәселесі тұрды. Бұл жағдайда орыс әкімшілігі, ең алдымен, белгілі бір рудың, тайпаның дәстүрлі мекен еткен жерлерін, ғасырлар бойы қалыптасқан бір жайылымдықтан екіншісіне ауысатын көші-қоныс жолдарын сақтауды, көшпелі қауымның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне сүйенуді көздеді. (2)
Патша әкімшілігі өзінің ықпалын күшейту үшін, ішкі өзара қырқысуды тоқтату, шекаралас аудандарды нығайту, жергілікті халыққа шамадан тыс алым-салық салумен және шапқыншылық жасаумен азап шектірген Қоқан ханының жол көрсетуімен ағылшын экспанциясының Жетісуға енуіне қарсы әрекет ету үшін осы аудандарда ірі әскери қамалдар салуға шешім қабылдады. (3)
Қазақстанның оңтүстігін басып алуды патшалық Ресей екі жақтан-Сырдария желісі бойымен Перовск қамалынан және Верный бекінісінен бастады. 1853 жылы генерал Перовский Ақмешітті (қазіргі Қызылорда) алды.
1864 жылы көктемде полковник Черняевтің басшылығымен Ресей әскерлері Қазақстанның оңтүстігіне қайта шабуыл жасай бастады. Осы жылы 4-маусымда Әулиеата, 12-шілдеде Түркістан алынды. Алғашқы жеңістерден кейін Черняев Шымкентті жаулап алуға кірісті. Қала тұрғындары басқыншыларға қарсы аянбай шайқасты, мұндай қарсылықтарды күтпеген орыс әскері кері шегінуге мәжбүр болды. Енді Черняев Шымкентке шабуылды екі қанаттан бастады: Түркістаннан Черняевтің әскері, ал Әулиеатадан полковник Лерх әскері шықты. 1864 жылы 22-қыркүйекте Шымкент алынды.
Бұған дейін Орта Азия хандықтарына бағынған Қазақстанның оңтүстігі, енді Ресей империясына қаратылды.
Александр ІІ 1867 жылы 11-шілдеде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге”, ал 1868 жылы 21-қазанда “Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын басқарудың уақытша Ережесіне” қол қойды.
Реформаларға сәйкес Қазақстанның барлық аумағы Түркістан, Орынбор, Батыс-Сібір - үш генерал-губернаторлыққа бөлінеді. Әскери және азаматтық билік түгелімен генерал-губернаторлар қолына жинақталды, ал Түркістан генерал-губернаторы оған қоса Қытаймен, Иранмен елшілік келіссөздер жүргізу құқығына ие болды. Әрбір генерал-губернаторлық құрылым облыстардан құралды. Түркістан генерал-губернаторлығына Жетісу мен Сырдария облыстары қарады.
Жетісу мен Сырдария әскери губернаторлары шекара істерімен де айналысты. Оларды әскери министрліктің нұсқауымен патшаның өзі тағайындап, өзі жұмыстан босатты. Ал қалған облыстардың әскери губернаторлары ішкі істер министрлігінің ұсынысымен және әскери министрліктің рұқсатымен тағайындалды. (5)
1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформалар бойынша облыстар уездерге, уездер болыстарға, болыстар ауылдарға (100-120 түтін) бөлінді. Реформа сот құрылысына да өзгерістер енгізді. Уездік соттар жалпы Ресей сот заңдылықтарын басшылыққа алды, билер соты сот жүйесінің төменгі органы ретінде ғана сақталды. Салық салу күшейе түсті. Қазақ жерлері Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды, феодал-шонжарлардың жер пайдалануға айрықша құқығы сақталды.
60-жылдардағы реформалар (1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформалар Л. Б. ) мен 1886 және 1891 жылдардағы әкімшілік және сот құрылысы ісіне егізілген өзгерістер отарлық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
Патша үкіметінің ұлтшыл-отаршыл саясатына қарамастан Қазақстанда жүзеге асқан реформалар өлкенің жалпы ресейлік экономикаға тартылуына жағдайлар жасады, капиталистік қатынастардың ену процесін шапшаңдатты. (6)
ХІХ ғ. 60-жылдарынан Қазақстанды отарлаудың жаңа кезеңі, яғни Ресей губернияларының шаруаларын қоныстандыру басталды. Патша үкіметінің Ресейдің орталығындағы аграрлық дағдарысты шешуге бағытталған бұл саясаты қазақтар шаруашылығына, әсіресе Солтүстік, Шығыс Қазақстан және Жетісу халқының тіршілігіне де ауыр тиді, Қазақстан халқының саны мен ұлттық құрамын күрт өзгертті.
Қазақтар мен келімсектер арасында кейде жер үшін қақтығыстар туып отырды. Соған қарамастан өзара достық қарым-қатынас та пайда бола бастады: қазақтар орыстарға күш, көлік жағынан көмек берді, келімсектер көшпенділердің ауылшаруашылық құрал-саймандарын игеруіне, жер өңдеудің озық үлгілерін пайдалануларына жәрдемдесті. (7)
1868-1882 жылдар аралығында Жетісуда 15000 тұрғынды біріктірген 29 қоныс құрылды. 1892 жылы тағы да 1700 отбасы көшіп келді.
Жетісу облысына Верный, Қапал, Лепсі, Жаркент, Пішпек, Пржевальск уездері кірді.
1881 жылғы Санкт-Петербург келісім шарты бойынша, қазақ қауымдары, сондай-ақ ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқандары үшін қытай үкіметі тарапынан туған кекшілдік қыспақтан қорыққан ұйғырлар өз қалауларымен Ресей жеріне (Ресей меншігі деп жарияланған қазақ жеріне. Л. Б. ) көшіп келді. 1882-1883 жж. Жаркент, Верный, Пішпек уездерінің жерлеріне 50 мыңға тарта адам келіп қоныстанды. (8)
ХІХғ. 70-80 жж. Жетісу жеріне Шығыс Түркістаннан ұйғырлар көптеп қоныс аударды, бұл құбылыс Жетісу мен Верный (қазіргі Алматы) қаласы шаруашылығының дамуы мен халық құрамына әсер етті. Қоныс аударған ұйғырлардың жер өңдеуде бірнеше ғасырлық тәжірибелері болды. Олар тары, күріш екті, мал өсірумен айналысты, жүзім бау-бақша өсірді. Олардың суармалы егістік саласындағы тәжірибелері үлкен маңызға ие болды. Арықтар қазып, оларды егістік алқаптары мен бақша өсірудің көзіне айналдырды. ¦йғырлар Жетісу өңіріне таңсық редис, қызыл бұрыш, баклажан сарымсақ, фасоль сияқты көкөніс түрлерін өсірді.
Олар өнеркәсіп пен қолөнерінің дамуына да себепші болды; темірден, ағаштан түрлі бұйымдар, ыдыс-аяқ жасады, аяқ киім тікті, жібек маталар, кілем тоқуды білді. Олардың арасында ағаш шеберлері, ұсталар да болды. (9)
ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы Оңтүстік Қазақстан өңірінің Сырдария облысындағы жағдай қандай еді?
1867 жылы құрамына Сырдария және Жетісу облыстары кірген Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаны белгілі. Орталығы-Ташкент қаласы болды. ХІХ ғасырдың соңына таман Жетісу өз алдына бөлініп кетті.
Сырдария облысының шекаралары қазіргі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жерлерін қамтыды.
Орыстардың Сырдария облысын отарлауы 1874-1876 ж. ж. басталды. 1880 жылға қарай мұнда 2000 адам қоныстандырылып, жаңадан үш поселкенің іргесі қаланды.
Егер далалық облыстарға байланысты Жетісу далалық ережесінде көшпенділерге берілген “артық” жерлерді жалпымемлекеттік қажеттіліктерге, тіпті қоныстанушылар мүддесіне пайдалануға рұқсат етілсе, Түркістан өлкесін басқару туралы ережеде мұндай бап болған жоқ ( ол тек 1910 ж. ғана енгізілді ) . (10)
Сырдария облысында алғаш пайда болған орыс поселкелерінің барлық жерлерін жергілікті әкімшілікпен екі жақты келісім негізінде өз еріктерімен қырғыздардың (қазақтардың Л. Б. ) өздері берді. (11)
Ресейдің Қазақстанды отарлаудағы мақсаты-шикізат және өнеркәсіп өнімдерін өткізетін нарық көзіне айналдыру екенін жоғарыда айтқан болатынмын. Ресейден Қазақстанға шыт, шұға, жібек, былғары, металл бұйымдары әкелінді, ал Қазақстаннан Ресей рыногына миллиондаған мал айдалды, мал өнімдері, астық тасылды. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерінің құны артып, натуралды шаруашылық ыдырай бастады. Сауданың жаңа түрі-жәрмеңкелік сауда пайда болды. Банктер құрылды. Мейілінше баяу болса да қазақтың сауда буржуазиясы қалыптаса бастады. Саудамен байлар мен көпестер айналысты Сауда-өнеркәсіп орталықтары ретінде қалалардың ролі артты. Қала халқының саны қоныс аударушылар есебінен өсті. Қазақтар негізінен оңтүстік қалаларда тұрды. (12)
Оңтүстік Қазақстан аймағының қазақтары бұл өлкеге орыстар келгенге дейін көршілес (тіпті кейбір елді мекендерде аралас) тұрған өзбек халқымен тығыз мәдени-экономикалық байланыста болған . Біз қарастырып отырған кезеңде өзбектер жасанды суландыру әдісін қолданып, жер өңдеумен айналысса, қазақтар жартылай отырықшы болды, суармалы егістікпен және мал шаруашылығымен қатар айналысты. Жер өңдеу мен мал шаруашылығы жөніндегі тәжірибелерімен алмасты.
Қазақтар өзбектердің жер өңдеудегі тәжірибелерімен бірге олардың сол жер өңдеуге қажетті құрал-саймандарын да қабылдады. (13)
ХІХ ғ. ортасынан бастап Қазақстанның оңтүстігінің бай қазақтары суармалы егіншілікпен кең көлемде айналыса бастады. Ауқатты қазақтар көрші өзбек феодалдарының шаруашылығына қарап егіншілік шаруашылықтың маңызын түсіне бстады. Мысалы, Түркістан уезінде бай егінші-қазақтар өзбектерден де көп жерге егін салды. Осындай ірі жер иеленуші қазақтар, бұрын Қоқан хандарына арқа сүйесе, енді орыс отаршыл әкімшілігіне арқа сүйеп, шұрайлы жер бөліктеріне ие болды.
Біз бұдан өзбек диханшыларымен және қоныс аударушы-шаруалармен тығыз шаруашылық байланысының әсерінен Қазақстанның басқа жерлеріне қарағанда Шымкент уезінің жер өңдеу әдісіне ертерек көшкенін көреміз. Мұндағы дихандар шаруашылықтың жаңа түрін меңгеруге бар ынталарымен кірісті. Мысалы: ХХ ғ. басында тары егуден орта есеппен 10 десятинадан 100 пұттан өнім алып отырған.
өзбектер мен қазақтар Машат, Ақсу, Сайрам, Бадам өзендерінің аумағында өз күштерімен көптеген суландыру жүйелерін салды. (14)
Қазақстанның оңтүстігі мен Әмударияның төменгі ағысындағы қазақтардың ауылшаруашылық еңбек құралдары өзбектердің құралдарымен ұқсас болды: бір тісті ағаш соқа (өзбектер омач, ал қазақтар жерағаш деген), мала (бөрене), орақ, кетпен, күрек (күректі хорезмдік өзбектер әкелген), айыр, хорезмдік орақ, ағаш күрек.
ХІХ-ХХ ғғ. қазақтар мен өзбектер арасындағы сауданың қайнаған ортасы-Ташкент қакласы болды. Ташкент базарында қазақ тауарларын және қазақтарға арналған тауарлар сататын арнайы қатарлар болды. . Оған мысал атаулары: қазах-пуруч-базар(қазақ базары), олардың саны 100 орыннан асты. Ол орындарда алаша, ала шыт, бөз, тон, белбеу, орамал, киіз, т. б. күнделікті қажетті өнімдер. Бұлар қазақтардың сұранысын ескере отырып, олардың талғамына сай Ташкент шеберханаларында өндірілді. Ал, 30 орыннан тұратын киіз базарда негізінен қазақ тауарлары: киіз, арқан, қап, қоржын, белбеу т. б. сатылды. (15)
Оңтүстік өңірін мекендеген қазақ-өзбек халқының материалдық және рухани өмірінде де тығыз байланыс болды. Бұл байланыс біз қарастырып отырған кезеңде ғана орын алған жоқ, оның тамыры ғасырлар қойнауына кетеді.
Архитектура саласындағы ұқсастықтарға тоқтасақ: Оңтүстік өңірдегі қазақтар үйлерін өзбектер сияқты саман тастардан салып, төбесін де тегіс қылып жапқан. Отырықшылыққа көшкен қазақтардың тұрғын үй құрылысында ұлттық нақышпен бірге өзбек, орыс халықтарының да осы саладағы іздерін байқауға болады. ХІХ ғ. аяғында Қазақстанның оңтүстігі мен Ташкент аймағындағы өзбектердің, кейбір бай қазақтардың үйлері, шаруашылығы өздеріне тиесілі жерде, саңылаусыз қоршау ішінде орналасты. .
Кедейлер үйлерін саздан жабыстырып тұрғызды, ал байлар кептірілген кірпіштерден тұрғызды, яғни ағаш каркастан үйдің негізгі формасын жасап алады да, артынан бос жерлерін кептірілген кірпіштермен қалайды.
Қазақтардың отырықшылыққа көшуінің өзі бидай, жүгері, тары, арпа, мақта, сәбіз, жуа туралы көптеген жұмбақтардың, мақалдардың тууына алып келді. Қазақтар мен өзбектердің ежелден тұрмысының, өмірінің ортақтығы ертегілерінен де көрініс берді. Мысалы: сиқырлық, қиял -ғажайып, тұрмыстық, жануарлар туралы. Екі халықтың ертегілерінде де зұлымдықты-айдаhар, мыстан кемпір т. б. бейнелесе, қайырымдылықты- сенімді ат, ақсақалды қарт бейнелеген. Алдар көсе- ортақ образ болған. (16)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz