Азаматтық іс жүргізудің сот шешімін шығармай аяқталуы



Кіріспе
1. Соттың бірінші инстанциясының қаулыларының түсінігі және түрлері
2. Сот шешімінің сот ұйғарымынан айырмашылығы
3. Сот шешімі. сот әділдігі актісі, мәні және маңызы
4. Сот шешімінің заңды күші
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тәуелсіз мемлекет құрудың ең басты шарттарының бірі заңдылықты сақтау болып табылады. Заң нормаларын сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Осыған орай мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықпен күресу, халықты заң ережелерін сақтауға үйрету еліміздің көптеген құқық қорғау органдарымен қатар сот органдарына да жүктелген.
Соңғы жылдарда азаматтық және қылмыстық істер қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Мұндай оңды нәтижелер 2001 жылғы маусымда іс жүргізу заңнамасына жаңа ережелер енгізіп, соның арқасында істерді қайта қарауға қайтармай, облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау инстанцияларында түпкілікті шешудің оңтайлы жолын таңдауға мүмкін болғанына да байланысты болып отыр.
Дегенмен еліміздің сот әділдігі жүйесін жетілдірудің барлық мәселелері толық шешілді деп айтуға болмайды. Біз демократиялық қоғам орнатып жатырмыз. Ал демократия – адамдардың Конституциялық құқықтарының, бостандықтарының қатаң сақталуы. Олай болса, азаматтардың құқықтары бұзылмауының немесе бұзылған құқықтарының уақтылы, дер кезінде қалпына келтірілуі мемлекетімізде сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген соттардың және сот әкімшілігі органдарындағы кемшіліктер, заңды және сот этикасын бұзу немесе заңсыз, негізсіз шешімдері шығару сияқты келеңсіз жағдайлар әлі де көптеп кездесетіні белгілі.
Соттардың жіберген қателіктерінің көпшілігі сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енбей тұрып, яғни, апелляциялық сатыларда істерде қайта қарау арқылы түзетіледі. Дегенмен заңсыз немесе негізсіз шешімдердің де заңды күшіне еніп кететін жағдайлары аз кездеспейді.
1. ҚР Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз // Алматы: Юрист, 2006 ж., Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы №254-ІІІ Заңы.
2. ҚР Азаматтық Кодексі. Жалпы бөлім. 1994 жыл 27 желтоқсан // Алматы: Юрист, 2006ж., 2007 жылғы 21 шілдедегі №299-ІІІ, 2007 жылғы 26 шілдедегі №311-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
3. ҚР Азаматтық Кодексі. Ерекше бөлім. 1999 жыл 1 шілде, №409-І // Алматы: Юрист, 2006 ж., 2007 жылғы 7 тамыздағы №321-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
4. ҚР Қылмыстық Кодексі. 1997 жыл 16 шілде // Юрист, 2003 ж., 2007 жылғы 21 шілдедегі №308-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
5. ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999 жыл 13 шілде, №411-І // Алматы: Юрист, 2006 ж., 2007 жылғы 29 маусымдағы №270-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
6. “ҚР Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімін заңды күшіне енгізу туралы” ҚР №410-І Заңы. 1999 жыл 01 шілде // Алматы: Юрист, 2006 ж.
7. “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” ҚР №493-І Заңы. 1999 жыл 10 желтоқсан // Алматы: Юрист, 2006 ж.
8. ҚР “Акционерлік қоғамдар туралы” №415-ІІ Заңы. 2003 жыл 13 мамыр // Алматы: Юрист, 2006 ж.
9. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” Заңы // Алматы: Юрист, 1999 ж.
10. ҚР “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” №451-І Заңы. 1999 жыл 23 шілде // Алматы: Юрист, 2006 ж.
11. ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы” №453-І Заңы. 1999 жыл 23 шілде // Алматы: Юрист, 2006 ж.
12. ҚР “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” №2143-XІІ Заңы. 1993 жыл 14 сәуір // Алматы: Юрист, 2000 ж.
13. ҚР Жоғарғы Кеңесінің “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңын күшіне енгізу туралы” Қаулысы. 1993 жыл 14 сәуір // Алматы: Юрист, 1999 ж.
14. “Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы” ҚР Жоғарғы Сот Пленумының №6 Қаулысы. 1992 жыл 18 желтоқсан // Алматы: Юрист, 2005 ж.
15. ҚР Жоғарғы Сотының “Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы” №3 Нормативтік Қаулысы. 2001 жыл 21 маусым // Алматы: Юрист, 2005 ж.
16. ҚР Көлік және телекоммуникация Министрлігінің 22.05.2003 ж. №147-І Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларын меншіктеу және ресми электрондық мекен-жайлары анықтамалығын жүргізу Ереже // Алматы: Юрист, 2006 ж.
17. ҚР Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының орынбасарының 05.04.2005 ж. №88-Б Бұйрығымен бекітілген Интернет желісі сегментінің қазақстандық домендік кеңістігін бөлу Ережелері // Алматы: Юрист, 2006 ж.
18. “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының 25 желтоқсан 2000 жылғы Конституциялық заңы.
19. “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Қазақстан Республикасы 21 желтоқсан 1995 жылғы Заңы.
20. “Нотариат туралы” Қазақстан Республикасының 14 шілде 1997 жылғы Заңы.
21. “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 5 желтоқсан 1997 жылғы Заңы.
22. “Мемлекеттік баж туралы” Қазақстан Республикасының 31 желтоқсан 1996 жылғы Заңы.
23. “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының 30 маусым 1998 жылғы Заңы.
24. “Соттардың азаматтық іс жүргізу заңының кейбір нормаларын қолдануы туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 26 маусым 2000 жылғы №9 қаулысы.
25. “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” ҚР Президентінің 14 ақпан 1994 жылғы Жарлығы.

Халықаралық құқықтық актілер мен шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері:
1. Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы. 1948 жыл 10 желтоқсан. // Сборник документов по международному праву. Том 1. Алматы: “САҚ” АҚ, 1998. Под общей редакцией К.К. Токаева. 388-394 бет.
2. Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі. 2 бөлім. 1996 жыл 26 қаңтар, №14-Ф3 // Алматы: Юрист, 2006 ж.

Ғылыми әдебиеттер:
1. Агарков М.М. Возмещение морального вреда по советскому праву // Проблемы социалистического права. – 1939. - №1.
2. Абдуллина З.К. Участие общественности в судебной деятельности по гражданским делам. // Рефераты научных докладов. Юбилейная научная конференция профессорско-преподавательского состава.
3. Ащеулов А.Т., Жайлин Г.А. Гражданско- правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности. – Алматы, 2000. – 145 бет.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық іс жүргізудің сот шешімін шығармай аяқталуы

Жоспар

Кіріспе
1. Соттың бірінші инстанциясының қаулыларының түсінігі және түрлері
2. Сот шешімінің сот ұйғарымынан айырмашылығы
3. Сот шешімі- сот әділдігі актісі, мәні және маңызы
4. Сот шешімінің заңды күші
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Тәуелсіз мемлекет құрудың ең басты шарттарының бірі заңдылықты сақтау болып табылады. Заң нормаларын сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Осыған орай мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықпен күресу, халықты заң ережелерін сақтауға үйрету еліміздің көптеген құқық қорғау органдарымен қатар сот органдарына да жүктелген.
Соңғы жылдарда азаматтық және қылмыстық істер қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Мұндай оңды нәтижелер 2001 жылғы маусымда іс жүргізу заңнамасына жаңа ережелер енгізіп, соның арқасында істерді қайта қарауға қайтармай, облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау инстанцияларында түпкілікті шешудің оңтайлы жолын таңдауға мүмкін болғанына да байланысты болып отыр.
Дегенмен еліміздің сот әділдігі жүйесін жетілдірудің барлық мәселелері толық шешілді деп айтуға болмайды. Біз демократиялық қоғам орнатып жатырмыз. Ал демократия - адамдардың Конституциялық құқықтарының, бостандықтарының қатаң сақталуы. Олай болса, азаматтардың құқықтары бұзылмауының немесе бұзылған құқықтарының уақтылы, дер кезінде қалпына келтірілуі мемлекетімізде сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген соттардың және сот әкімшілігі органдарындағы кемшіліктер, заңды және сот этикасын бұзу немесе заңсыз, негізсіз шешімдері шығару сияқты келеңсіз жағдайлар әлі де көптеп кездесетіні белгілі.
Соттардың жіберген қателіктерінің көпшілігі сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енбей тұрып, яғни, апелляциялық сатыларда істерде қайта қарау арқылы түзетіледі. Дегенмен заңсыз немесе негізсіз шешімдердің де заңды күшіне еніп кететін жағдайлары аз кездеспейді.

1.Соттың бірінші инстанциясының қаулыларының түсінігі және түрлері
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделге қолсұғушылық арқылы келтірілген моральдық зиян өтемін анықтау.
Ар-намыс пен қадір-қасиетке құқық тұлғаның негізгі табиғи құқықтарының бірі болып табылады. ҚР АК 143 бабының 1 тармағына сәйкес азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, ондай мағлұматты таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құылы. Көрсетілген баптың 6 тармағы азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы екендігі белгілейді. Сондықтан аталған нормалардың негізінде ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді моральдық зиянды өтеу институты арқылы қорғау үшін ҚР АК 143, 951, 952 баптарында бекітілген ережелер қолданылуы тиіс. Ар-намыс пен қадір-қасиетті, іскерлік беделді моральдық зиян түріндегі азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасы арқылы қорғаудың елеулі ерекшелігі болып зиян келтірушінің кінәсіз жауапкершілігі табылады. Осыған байланысты өтем мөлшерін анықтау кезінде қолданылатын формулада зиян келтіруші кінәсінің коэффициенті f(v) 1-ге тең болуы тиіс немесе мүлдем қолданылмауы қажет.
Кір келтіретін мағлұматтарды тарату жағдайлары үшін орташа моральдық зиян көлемі, алайда моральдық залал мөлшерін анықтау үшін мұндай мәліметтердің таралу аясын белгілеу де елеулі маңызға ие болғандықтан, орташа моральдық зиян сомасының көлемі мағлұматтардың таралу әдісіне кеңдігіне байланысты өзгеріп отырады. Сол сияқты таратылған мәліметтердің сипаты, яғни олардың ар-намысқа, қадір-қасиетке, іскерлік беделге кір келтіру дәрежесі, іс жүзіндегі моральдық зиян өтемін анықтау кезінде ескерілуге жатады. Бұл орайда, назар аударуға тұратын мән-жайлар коэффициенті (с) тиісінше өзгеріп отырады. Осыған байланысты аталған коэффициенттің (с) жәбірленушінің жеке қасиеттері мен ерекшеліктерінің коэффициентімен (і) өзара тығыз байланысты екендігін атап өту қажет, өйткені мұндай жағдайда әр түрлі тұлғалардың бір мәліметті әр түрлі қабылдап алу фактісін ескеру керек. Назар аударуға тұратын мән-жайлар ретінде, бірінші кезекте, жәбірленушіге кір келтіретін жалған мәліметтерді тарату нәтижесінде келтірілген салдарлар танылатындығы айғақ. Мұндай салдарлардың қатарына жұмыстан шығару, белгілі бір лауазымға сайламау, отбасының құлауы және т. б. жатуы мүмкін. Бұл орайда таратылған кір келтіретін мағлұматтар мен аталған жағымсыз салдарлардың арасындағы себепті байланысты дәлелдеу ауыртпалығы талап қоюшыға жүктеледі.
Тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіру моральдық зиянды өтеу тұрғысынан алғанда елеулі ерекшеліктерге ие емес. Тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіру - оның ар-намысына іскерлік айналым қатысушысы ретінде осы айналымның қатынастың басқа қатысушыларының алдында қол сұғу деп айтуға болады. Сондықтан бұл тұлғаның кәсіпкерлік немесе таза табыс табуға бағытталған қызметпен (шарттық міндеттемелерді орындау, заңнама, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттерді сақтау және т. б.) айналысуымен байланысты мән-жайларды назар аударуға тұратын мән-жайлар ретінде тануға мүмкіндік береді.
Азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін дербес әрекет ретінде қорлау, яғни әдепсіз нысанда көрініс тапқан ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауды атап айтуға болады. Ең бірінші кезекте, тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне кір келтіретін мағлұматтарды тарату мен қорлаудың айырмашылықты анықтап алу қажет: бірінші жағдайда таратылатын мәліметтердің мазмұны шындыққа сай келмейтін болса, екінші жағдайда тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне мағлұматтардың әдепсіз нысанда таратылуы нұқсан келтіреді. Сот тәжірибесі әдепсіз нысан ретінде көбінесе қоғамда қалыптасқан тәртіп ережелеріне қайшы келетін жәбірленуші тұлғасының жағымсыз бағалануын таниды.
Осыған байланысты тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне кір келтіретін мәліметтердің өздері де әдепсіз нысанда көрініс табуы мүмкін екендігін атап өту қажет. Мұндай жағдайда жәбірленуші ҚР АК 143 бабының негізінде аталған мағлұматтардың теріске шығарылуын ғана емес, сонымен қатар ҚР АК 951 бабын басшылыққа ала отырып, моральдық зиянның өтелуін де талап етуге құқылы. Әдепсіз түрде зиян келтіру формуланың назар аударуға тұратын мән-жайлар коэффициентінің өсуі үшін негіз болып табылады. Осыған байланысты тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды тарату арқылы келтірілген моральдық зиян өтемінің сомасын анықтау кезінде зиян келтіруші кінәсінің нысаны назарға алынбайтындығын атап өту қажет (ҚР АК 951 бабы). Оған қоса, аталған санаттағы істер бойынша өтелуге жататын моральдық зиян сомасының мөлшерін белгілеу кезінде назар аударуға тұратын мән-жайлар коэффициенті мәліметтердің таралу аясына байланысты өзгеріп отырады.
Қорлау жәбірленушіге кір келтіретін мәліметтерді үшінші тұлғаларға таратпай орын алуы мүмкін (мәселен, түкіру, әдепсіз қылық, жәбірленушіге жіберілген әдепсіз хат және т. б.). Бұл әрекеттер тұлғаның ар-намысына нұқсан келтіреді, сондықтан олар адамның моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюына негіз болып табылады. Алайда мұндай жағдайда моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы құрамы (зиян келтірушінің кінәсін қосқанда) қолданылуы тиіс, өйткені кір келтіретін мәліметтерді тарату фактісінің болмауы ҚР АК 143 бабын қолдануға мүмкіндік бермейді. Өтелуге жататын моральдық зиянның мөлшері жәбірленушінің жеке басының ерекшеліктері коэффициенттің қолдану арқылы төмендетілуі ықтимал. Мұндай жағдайда зиян келтіруші қарым-қатынастың тиісті нысанының жәбірленушімен қабылданғандығын және үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста пайдаланғандығын дәлелдеуі тиіс. Жәбірленушінің үшінші тұлғалармен қарым-қатынасқа түсу кезінде қорлау әрекеттерін жүзеге асыруы олардың өздері үшін жалпы қабылданған жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Ал бұл өз кезегінде моральдық зиян мөлшерінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын жәбірленушінің өрескел абайсыздық нысанындағы кінәсінің болғандығын дәлелдейді.
Тұтынушылардың құқықтары мен өзге де мүліктік құқықтарды бұзу кезінде моральдық зиян өтемін анықтау.
Кез-келген құқыққа қарсы іс-әрекет жәбірленушіге жан азабын және немесе тән азабын әкеледі. Алайда жоғарыда аталып өткендей, моральдық зиян кез-келген жағдайда өтелуге жатпайды. ҚР АК моральдық зиян түріндегі азаматтық құқықтарды қорғау әдісінің қолданылуын едәуір тарылтты деп айтуға болады. ҚР АК 141 бабына сәйкес мүліктік емес өзіндік құқықтары бұзылған адамның моральдық зардаптарды өтетуге құқығы бар. Ал мүліктік құқықтардың бұзылуының салдарынан келтірілген моральдық зиян заң актілерінде тікелей көзделген жағдайда ғана өтелуге жатады (ҚР АК 951 бабының 4 тармағы). Қазіргі кезде мұндай нормативтік құқықтық акт ретінде тек Қазақ Советтік Социалистік Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңын айтуға болады.
Аталған заң адам құқықтық қатынасқа түсетін азаматтық құқықтық айналымның едәуір кең аясын қамтиды. Атап айтқанда, бұл азаматтық қатысуымен болатын төмендегі шарттық қатынастар: бөлшектеп сатып алу-сату, тұрмыстық мердігерлік, комиссия, мүлікті ақысыз пайдалану, сақтау, мүліктік жалдау, тасымалдау, сақтандыру және т. б.
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 18 бабына сәйкес "азаматтың тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңда көзделген құқықтарын бұзу салдарынан келтірілген моральдық залал кінәсі болған ретте, егер КСР Одағы мен Қазақ КСР заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, сот белгілеген мөлшерде залал келтірушінің өтеуіне жатады".
Аталған санаттағы істер бойынша моральдық зиян мөлшерін анықтау кезінде назар аударуға тұратын мән-жайлар ретінде: жан және тәне азабын шегуге әкеліп соқтыратын мүліктік зиянның салдарлары, келтірілген мүліктік зардап мөлшері, мүліктің функционалды тағайынымы, жәбірленушінің негізді талаптарын қарастыру барысында зиян келтірушінің мінез-құлқы және т. б. атап айтуға болады. Аталған мән-жайлар назар аударуға тұратын өзге де мән-жайлар коэффициентіне (с) әсер етеді. Мәселен, егер теледидар ақаулықтарының салдарынан жәбірленуші мен оның жанұясы демалып жатқан саяжайы өртеніп кететін болса, аталған жағдай потенциалды талап қоюшы үшін көптеген ыңғайсыздықтар мен жайсыздықтар әкеледі. Мұндай жағдайда өртеніп кеткен мүліктің нарықтық бағасы немесе сақтандырылғаны моральдық зиян мөлшерін анықтау кезінде есепке алынбауы тиіс.
Қарастырылып отырған санаттағы істер бойынша адамның жеке қасиеттері мен ерекшеліктері коэффициентіне негізінен жәбірленушінің жасы мен физикалық жағдайы әсер етеді.
Бұзылуы жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюының негізі болып табылатын келесі мүліктік құқықтар категориясы-мүліктік емес құқықтарымен тығыз байланысты мүліктік құқықтар. Мұндай құқықтарды бұзу бір мезгілде мүліктік емес құқықтар мен мүліктік құқықтарға нұқсан келтіруге әкеліп соқтырады. Мәселен, жұмыссыздық, ауру, мүгедектік немесе өзге де тұрақты кіріс көзінен айырылу жағдайында азамат пен оның отбасы мүшелерінің денсаулығы мен әл-ауқаты қолдау үшін қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі құқық. Аталған құқық 10.12.1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпы декларациясының 25 бабында ғана емес, сонымен қатар ҚР Конституциясының нормаларында да бекітілген. Қажетті өмір сүру деңгейіне құқық мүліктік құқық болып табылғанымен, оның өмір сүру мен денсаулық сақтау құқығымен байланысты екендігі айғақ, сол себептен біріншісінің бұзылуы міндетті түрде екінші аталған құқықтың бұзылуына әкеліп соқтырады.

2.Сот шешімінің сот ұйғарымынан айырмашылығы

Сот шешімдерінің орындалу мәселесіне Қазақстанда соңғы жылдары көп мән берілді, атқарушы қызмет туралы заңдардың жетілдірілуі, сот орындаушыларының материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы - осының бәрі сот орындаушыларының жұмысын жеңілдетті және оң нәтижесін берді.
Алайда атқару қызметінің ойдағыдай өз қызметінің атқаруы проблемасы әлі де түпкілікті шешілген жоқ, өйткені сот шешімдерінің орындалуы бұл ықпалды және халықтың сеніміне ие бола алатын сот жүйесінің маңызды шарты.
Осыған орай сот шешімдерінің орындалмай қалған оқиғаларына жүргізілген талдау өндіріп алушылардың мүдделеріне кедергі болатын мәселелердің шеңберін анықтауға мүмкіндік туғызды.
1. Қазір борышкерлердің сот орындаушыларының өз жұмысын атқарған кезде оларға қарсы күш қолданып, қорқытып, тұрғын үйге кіргізбеу, өндіріліп алынуға тиіс мүлікті жасыру оқиғалары кездеседі. Атқару қызметі туралы заңына сәйкес осындай келеңсіз орын алған жағдайда атқару сот приставтарының көмегімен асырылады. Бірақ, Сот приставтары туралы заңында сот приставтарының бөлімшелері сот орындаушыларының жанында емес, соттардың жанында құрылатынын атап өту керек. Іс жүзінде сот приставтары сот залдарында тәртіпті, сот ғимараттарын қорғайды, осыған байланысты сот орындаушыларына уақыты жетпейді.
2. Келесі проблеманы кадр, сот орындаушыларының квалификациясының жеткілікті деңгейде және материалдық ынталандыру жүйесінің жеткілікті дәрежеде жетілмеуінің мәселелері құрап отыр. Міндетті және уақтылы орындау профессионализм мен атқару әрекетінің сауатты жасалуын талап етеді. Практика жүзінде кадрлардың жетіспеуі және олардың үнемі жаңартылуы атқару системасына кері ықпалын тигізуде. Сот орындаушылары үлкен ауыртпалық жағдайында жұмыс істейді, бұл сот шешімдерінің уақтылы орындауына кері ықпалын тигізеді. Сот орындаушыларының көпшілігі керекті профессионалдық деңгейге жеткеннен кейін басқа жұмысқа ауысады. Атқару қызметі туралы жаңа Заңның қабылданған сәтінен бастап атқару санкциясы борышкерден толық мәжбүрлеп алынғаннан кейін түскен қаржы республикалық бюджетке аударылады(осы норманың қабылдануына дейін өндіртіп алуды жүргізген сот орындаушысы өндіртіп алынған соманың 5% сыйақы алуға құқығы бар еді және шешімнің тез және толық орындалуына мүдделі болды). Одан басқа Атқару қызметі туралы заңның 83 бабында сот орындаушысы қызметіне кандидатта заң білімінің болуы нақты түрде көрсетілмеген. Көрсетілген факт пен еңбек мотивациясының болмауы сот орындаушыларының саны мен сапасына кері әсерін тигізеді.
3. Жоғарыда аталған проблемадан басқа сот орындаушыларының қызметінде Атқару қызметі туралы заңының Қазақстан Республикасының басқа нормативтік - құқықтық актілерімен сәйкессіздіктері оның кейбір тұстарының практикада орындауға мүмкін еместігін туғызады. Заңшығарушылардың сот шешімдерінің орындалмауынан туындайтын жауапкершілік шараларының толық еместігіне назар аударған жөн. Мысалы, сот орындаушысы, егер тұлға оеың қызметіне кедергі келтірсе және сот шешімінің орындауынан жалтарса, Атқару қызметі туралы заңына сәйкес, онда оның сол тұлғаға қатысты құқық қорғау мен сот органдарына қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік туындауы үшін ұсыныс беруге құқылы. Алайда ондай табыс етулердің көпшілігі борышкердің сот шешімінің орындауынан жалтарғандығы туралы дәлелдемелердің жоқтығынан қанағаттандырылмайды. Анықтаушылар әрекет етуші қылмыстық-процессуалдық нормаларға сүйеніп, жалтарушы борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғамауын борышкердің қаржының жоқтығынан орындаудан бас тартуға ойы жоқ екенін немесе орындауға қандай да бір шаралардың қолданып жатқандығын алға тартады. Осындай `шараларға' борышкердің жоғарғы инстанцияларға жіберген формалды сауалдары не борышкердің қарыз сомасына қатысты болмашы төлемі жатқызылады. Ал борышкердің сот орындаушысына өзінің мүлкі мен ақшасы, олардың орны, тіпті тіркелген мүлікті жасыру (мысалы, тіркелген машинаның болуы) заңнеманың бұзылуы деп есептелінбейді және осы әрекеті үшін жауапкершілік туындамайды. Банктік заңнамамен де сәйкессіздіктер бар. Мысалы: Атқару қызметі туралы заңының 35 бабына сәйкес атқарушы құжаттар бойынша өндіртіп алу бірінші кезекте борышкердің қаржысына, соның ішінде банк шоттарынан да өндіртіп алынады. Сот орындаушысы ең алдымен борышкерде банк шоттарының бар екендігін және ол шоттарда ақшаның болуын тексеру керек, онысы тек прокурордың санкциясымен мүмкін болады. Бекітілген тәртіп бойынша сұрау Ұлттық Банкке жіберіледі, ол өз кезегінде сәйкес сұрауларды екінші деңгейдегі банктерге жібереді. Банк және банк қызметі заңына сәйкес мұндай мәліметтерді беруге банктардың құқығы жоқ, сондықтан олар сот орындаушының сұрауына жауаптарды шешімді қабылдаған сотқа жібереді. Осылайша барлық банктерден мәлімет жинау үрдісі бірнеше айға созылады. Егер борышкерде есеп айырысу шоты болса, сол шотқа арест тек прокурордың санкциясымен ғана салынады, ал инкассалық бұйрықты банктек атқарушы құжаттың оригиналымен бірге қабылдайды, одан кейін ол банк картотекасында бір жылға дейін болады, егер сол уақыт ішінде шотқа ақша түспесе, онда ол сот орындаушыға орындау үшін беріледі. Жоғарыда аталғандардың барлығын қорыта келе сот орындаушысына берілген мерзімдерді сақтауының мүмкін еместігі турулы ұйғарымға келеміз.
4. Атқару қызметінің келесі проблемасы - республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын ұйымдардан қаржыны өндіртіп алуда кездесетіе қиыншылықтар. Осындай жағдайларда Атқару қызметі туралы заңының нормалары емес, басқа нормативтік - құқықтық актілердің нормалары әрекет етеді (ҚР АК, ҚР Үкіметінің 27.12.2004 №1405 бекіткен ҚР үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін қолдану ережелері және Мемлекеттік ұйымдардың атқарушы құжаттарды орындау тәртібінің Инструкциясы). Сот шешімдерінің мемлекеттік органдармен орындалуына нақты мерзімдер белгіленбеген. Бұл жағдайда да сот орындаушылары дәрменсіз. Өндіртіп алушылар атқаруды бірнеше жылдар бойы ала алмайды, өйткені ондай мақсаттарға бюджетте ақша жоқ. Мемлекеттік чиновниктердің сот шешімін міндетті және уақтылы орындай алмауы түсінбеушілікті туғызады. Себебі жоғарыда аталған актілерге сәйкес ҚР үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың территориалдық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау күтпеген шығындарға жатқызылады. Осы шығындардың күтпегендігінің өзі оларды төлеудің механизмінің болуын қажет етеді. Осы мәселе тез әрі толық шешілуін талап етеді, тіпті керек болса арнайы атқарушы құжаттар бойынша төлем жүргізу фондының құрылу жолымен шешілуі мүмкін.
5. Атқару қызметі туралы заңында көрсетілген орындау процедурасының өзінде сәйкессіздіктер бар. Осы күнге дейін арест салынған мүлік реализациясының кейбір тұстары дау туғызады. 49 бабқа сәйкес мүлік реализациясының нысанын таңдау (сауда ұйымдары немесе аукцион) сот орындаушысының құзырында, әрине мүлік түрін және борышкер мен өндіртіп алушының пікірлерін ескере отырып. Алайда осы жағдайда борышкерден объективті және нақты пікір қиын. Елімізде борышкерлер қаржы мен мүлкі туралы бірегей мәлімет банкінің жоқтығы да өз септігін тигізуде. Яғни, сот орындаушысы сот шешімін бір әкімшілік - аумақтық бірлікте орындаса, борышкер мүлкінің басқа қалада не облыста болуын білу мүмкін емес. Борышкердің жұмыс орны мен кіріс деңгейі туралы мәлімет жоқ.
6. Сот шығындарын аванстау жүйесі толық ойластырылмаған. Компетентті органдардың көпшілігі (соттық экспертиза орталықтары, жылжымайтын мүлік орталықтары) өз сараптамаларын алдын-ала төлемсіз беруге келіспейді.
7. Борышкерді іздестіруді жариялау мәселесі де өз шешімін таппай отыр. Заңға сәйкес борышкерді өндіріп алушыға атқару құжатын орындаусыз, борышкердің тұрғылықты орнын анықтағанға дейін, қайтаруға негіз болады. Бірақ борышкер жасырынып қалып, ал сот орындаушысы қолында оның мүлкі туралы барлық керекті мәліметтер бола тұра, бұл жағдайда заңға сәйкес ешқандай шара қолдана алмайды. Борышкрді іздеу туралы түскен соттардың анықтамалары ішкі істер органдарымен не орындалмайды, не көп уақыт ішінде орындалады.
8. Борышкердің жалақысынан ақша сомалары өндіртіп алу нормасы Заңның ақтаңдағы болып табылады. Атқару қызметі туралы заңның 57 бабына сәйкес борышкердің жалақысынан немесе басқа табыс көздерінен сот шешімдерін орындау барысында периодикалық төлемдерді, 2 АЕК-тен аспайтын соманы өндіру кезінде егер борышкердің өндірілуге тиіс соманы толық беруге мүмкіншілігі болмаса өндіріледі. Яғни, егер өндіріліп алынуға тиіс сома үлкен емес, бірақ 2 АЕК-тен асса , борышкердің жалақысынан бұл соманы өндіртіп алуға мүмкіндік болса, сот орындаушысы бұл жағдайда істі жеңілдете алмай, борышкердің мүлкінен өндіртіп алудың ұзақ процедураларын жүргізуге міндетті.
Осылайша сот шешімдерінің қанағаттанарлық дәрежеде орындалмауының себептері объективті (борышкерде мүлік не басқадай материалды құндылықтардың жоқтығы), заңдардың толымсыздығы және субъективті - сот орындаушысының өз жұмысына қарауынабайланысты екенін көруге болады. Түрлі атқарушы құжаттарды орындау мәселелрі жедел шешілуді талап етеді. Менің пайымдауынша атқару қызметінің сапасын көтеру үшін мынадай шаралар қолдану қажет:
3.Сот шешімі- сот әділдігі актісі, мәні және маңызы
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер жөнiндегi үкiмдер мен қаулыларды мiндеттi түрде және мерзімінде орындау, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешiмдерi мен қаулыларын орындау болып табылады1 .
Қазақстанда сот қаулыларын орындауды ұзақ уақыт бойы соттардың жанындағы сот орындаушылары жүзеге асырып келді. Сот қаулыларын орындау азаматтық процестің аяқтаушы бөлігі ретінде қарастырылды. Сонымен бірге, атқарушылық іс жүргізу органдарының ведомстволық бағыныстылығы соттар мен әділет органдары арасында бірнеше рет ауысқанын, атқарушылық іс-әрекеттердің процестен тыс сипатын, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді түбегейлі жақсарту қажеттігін ескеретін болсақ, олардың мемлекеттік механизм құрылымындағы орнын анықтау осы органдар қызметінің тиімділігін және басқа органдармен өзара іс-қимылының негізін айқындайтын маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Мәселен, сот орындаушыларының дербес қызметін құру туралы мәселені талқылау кезінде сот қаулыларын орындауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзырына беру қажет деген пікір айтылды. Осы орайда, аталған пікір азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот қаулыларын орындау құрылымдық тұрғыда қылмыстық жазаны орындаудан алшақ кетпеу тиістігімен, яғни осы туыс функциялардың орындалуы бір жүйеде болуы тиіс деп негізделді2 .
Алайда қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот қаулыларының орындалуын салыстырмалы-құқықтық талдау осы екі функцияны туыс деп түйіндеуге ешқандай негіз жоқ екенін көрсетті. Осы іс санаттары бойынша сот қаулыларын орындау қылмыстық-атқару және атқарушылық заңнамалары бойынша, орындау субъектілері бойынша, сондай-ақ орындау негіздері бойынша бір-бірінен едәуір ерекшеленеді.
Сот төрелігі функциясы мен басқа функцияларды, атап айтқанда, соттың атқарушылық және ұйымдастырушылық қызметін өзара араластыруға болмайтыны туралы тезис атқарушылық іс жүргізу органдарының Әділет министрлігі жүйесінде болуының негізгі дәлелдерінің бірі болды3 .
Мұндай көзқарас 1980 жылдардың ортасында сот төрелігін тікелей іске асыру мен сот әкімшілігінің аражігін ажыратқан сот төрелігінің тиімділігі теориясының дамуымен қалыптасты4 .
Осы идеяны іске асыру мен дамыту соттардың қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерінің басын ашуға және соттар мен әділет органдарынан оқшау орган - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетті құруға мүмкіндік берді .
Мұндай шешім табиғаты жөнінен мемлекеттік органдардың екі бөлек функциясы ретіндегі сот төрелігі мен әкімшілікті араластырмай бір сот жүйесі шеңберіне біріктіруге мүмкіндік берді, сөйтіп соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етті және соттар мен оларды материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды атқарушы билік органдарының ықпал етуінен құтқарды.
Атқарушылық іс жүргізу органдарының мемлекеттік билік механизміндегі орнын айқындау және оны негіздеу кезінде, біздің ойымызша, сот қаулыларының орындалу сипатына, сондай-ақ оның сот билігімен және оның функцияларымен арақатынасына сүйену қажет.
Атқарушылық іс жүргізу органдарының атқарушы билік жүйесіндегі орнын, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағынысты орнын негіздеу сот төрелігін сот билігінің бірден-бір ықтимал функциясы деп түсінетін таптаурын ойдан туындайды, ол, біздің ойымызша, сот билігін дамыту мен нығайтудың бүгінгі күнгі жағдайына және одан арғы үрдісіне әсер етпейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2001 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы атқарушылық құжаттарды орындау және сот қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау бойынша функцияларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жүйесінен алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке берді5 .
Бұл қадам функционалдық көзқарас тұрғысынан қисынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру
Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде
Істі сотта қарау
Істі мәні бойынша қарау бөлімдері
Азаматтық іс жүргізу жайлы
Алдынала тергеудің жалпы шарттары
АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Пәндер