Тыныс алу жүйесі туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 8
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 8Өкпенің жалпы құрылысы . . . 12Тыныс алудың физиологиялық мәні . . . 21Қуаңшылық аймақтарды мекендейтін омыртқалылардың тыныс мүшелерінің бейімделуінің морфофункциональді ерекшеліктері . . . 24Биік таулы аймақтарды мекендейтін омыртқалылардың тыныс мүшелерінің бейімделуінің морфофункциональді ерекшеліктері . . . 25Әртүрлі биотопта тіршілік ететін қосмекенділердің өкпелерінің нәзік құрылысына салыстырмалы сипаттама . . . 28Әртүрлі биотопты мекендейтін бауырымен жорғалаушылардың өкпелерінің нәзік құрылысына салыстырмалы сипаттама . . . 30Организмдердің өкпесіне жоғары температура мен гипоксияның морфологиялық әсері . . . 31Өкпеге төменгі температураның морфологиялық әсері . . . 33Темекі түтінімен әсер еткен кездегі өкпенің ультрақұрылысының өзгерістері . . . 35
- ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 36Зерттелетін аймақ және зертеу әдістері . . . 36Гистологиялық препараттарды дайындау әдістері . . . 37
- ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55
ГЛОССАРИЙ
- дистрофия (гр) - ұлпаның, мүшенің қоректік бұзылуы;
- некроз (гр. nekros-өлу) - кейбір мүшенің, ұлпаның немесе клетка топтарының өлуі;
- экссудат (лат. exsudare - терлеу) - ұлпалардың қабынуы кезіндегі жиналатын сұйықтық;
- сурфактант - өкпедегі альвеолалардың ішкі бетіп тыстап жататын суда ерімейтін және бір-біріне жабыспайтын жұқа (10- 20 ммк) қабық;
- эмфизема (emphysema - кебу), мүшелердегі ауаның жанасуы, өкпедегі ауа мөлшерінің жоғары болуы.
Қысқартылған сөздердің түсініктемесі
АГМ - аэро-гема жүйесі
БМ - базальды мембрана
М - митохондриялар
МФ - макрофаг
ОД - осмиофильді денешіктер
ОК - окуляр
ОБ - обьектив
СЖ - сурфактант жүйесі
Хр - хроматин
ЭР - эритроциттер
ЭПТ - эндоплазмалық тор
Я - ядро
Яд - ядрошық
КІРІСПЕ
Тыныс алу жүйесі адам мен жануарлар тіршілігінде маңызды жүйе болып табылады. Тыныс алу организмдер мен қоршаған орта арасында газ алмасуды жүзеге асырады, яғни қанды оттегімен байытып және ол жерден көмірқышқыл газын шығарады. Газ алмасу қан мен ауа арасында өкпе қабырғаларының альвеолдары және сол жерде орналасқан қан капиллярлар арқылы диффузды жолмен жүзеге асырылады.
Жануарлардың өкпе құрылымы жағынан ең күрделі мүше болып таылады. Онда 40-қа жуық әр түрлі клетка типтері идентифицерленген, олардың әр қайсысы цитологиялық және функционалдық жағынан маманданған.
Жануарлардың организміндегі физиологиялық процестерге температура және ылғалдылық елеулі әсерін тигізеді. Адам және жануарлар организміне сыртқы ортаның кейбір жағдайлары қолайсыз фактор ретінде әсер етеді.
Ортаның организмге әсер етуші факторлары жеке бейімделушілік өзгерістер қатарына қосылады және түрлік құбылыстар, орнықты тұқым қуалаушылық өзгерістер белгілі популяциялық және экологиялық арнаулы түрі эволюция процесінде пайда болады.
Жұмысқа жалпы сипаттама. Бұл жұмыс кейбір қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар өкілдерінің сыртқы ортаға бейімделуіне байланысты өзгерістерін морфологиялық тұрғыдан зерттеу.
Жұмыстың өзектілігі. Организмнің бейімделу процесіндегі өзгешеліктердің туындауының маңызы өте зор. Табиғат факторларының тірі организмге жағымды да, жағымсыз әсер етеді. Таулы жерде тіршілік ететін организмдер үнемі оттегінің жетіспеушілігінен және бірқатар биік таулы климаттық факторлардың әсерінен зардап шегеді. Тауда күн радияциясы мен ионданған ауа мөлшерінің концентрациясы көп, температура мен ылғалдылық құбылмалы болады да оттегінің парциальды қысымы төмендейді. Осының салдарынан олардың қаны оттегімен толық қамтамасыз етілмейді. Далалы аймақтарда ылғалдылық мөлшерінің аздығына байланысты организде кейбір өзгерістер орын алады. Сол себепті бұл жұмыстың өзекті мәселесі ретінде таулы және далалы аймақта тіршілік ететін организмдердің өкпе құрылымының морфологиялық ерекшеліктерін анықтау алынған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жоғарыда баяндалып өтілген мәліметтерді ескере отырып, тыныс жолдарының бейімделу процесін морфологиялық тәсілмен зерттеу.
Алынған деректер дала және таулы аймақтарда тіршілік ететін омыртқалылардың өкпесінің тыныс бөлімінің, сыртқы ортаға морфологиялық тұрғыдан бейімделуін түсінуде білімімізді тереңдетеді және кеңейтеді.
Зерттеу нысаны. Даната құрбақасы және шапшаң кесірт пен алай жалаңкөзінің өкпесі.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Қолайсыз факторлар адам мен жануарлар организміне айтарлықтай әсерін тигізеді. Оттегінің жетіспеуі, температураның күрт өзгеріп тұруы, ауаның қозғалысы, әртүрлі биіктіктегі климаттық өзгірістер және осы факторлардың организмге әсері көптеген еңбектерде көрсетілген.
Әсерлі факторлар (экстремальды) және гипоксияның тыныс алу мүшелеріне, оның ішінде өкпеге әсері, олардың құрылысы мен қызметінің көптеген айтарлықтай өзгерістеріне әкеліп соқтарады. [1]
Жоғары температуралы аудандарда сублетальдылығына дейін барлық түрлерде жаз айларында химиялық терморегуляция қисығы теменгі деңгейге орналасады. [2]
Қоршаған ортаның жоғарға температура жағдайында адамдарда белок синтезі өзгергенін байқаймыз. Осының нәтижесінде теріс азотты байланыс пайда болады. Көптеген авторлар қыздыру кезінде ұлпадағы белоктардың ыдырауының күшейгенін және қанның құрамында азоттық реакцияның жоғарылайтының зерттеген.
Қоршаған орта температурасының әсерінен қан плазмасының құрамындағы амин өышөылдар азаятын болса, ол бос амин қышқылдарының құрамында болады. Синтез процесінің интенсивтілігін және белоктың ыдырағанын, сонымен қатар осы процестердің сапалық өзгерістерін көрсетеді. [3]
Таулы аймақта қанның құрамында оттегі төмендеп, өкпе вентиляциясы жоғарылайды және гемоглобин құрамы көтеріледі. Биік тауда вентиляцияның жоғарылауы еркектерде тезірек, ал әйелдерде біртіндеп жүреді. Тыныс алудың жиілеуі жіне тереңдеуі гипервинтеляцияға әкеп соғады. Гемоглобиннің құрамы біртіндеп өсе бастайды. Сонымен қатар, тыныс алудың реттелуі біртіндеп өзгерістерге бейімделіп, қайта құрыла бастаған. [4]
Көптеген зерттеу жұмыстарында көрсетілгендей жоғары температураның әсерінен жылу реттегіш мүшелердің қызметіне күш келеді. Нәтижесінде көптеген ылғал жоғалады. Организмнің дегидратациясы және су-тұз алмасуының алмасуының күшеюіне әкеп соғады.
В. Б. Кэннон жылы гомеостаздық регуляциясының негізгі бағыттарын кеңінен көрсетеді:
1. Организмде қандай да бір заттың шектен тыс қолданылуы тоқтатылады, депо мүшелерінен осы заттың шы, арылуы және ыдырауы күшейеді.
2. Организмде қандай да бір заттың жетіспеушілігі арлаулы бағытпен сұраныс табады және күшейеді, артық және қор ретінде көрінеді, сол заттың организмнен артық шығарылуы күшейеді, депо мүшелердегі артық қнімді мобилиздеу және организмде осы заттың биосинтезі күшейеді.
С. Бернардтың зерттеуі бойынша, сыртқы оптимальды температурада организмдегі алмасу процесінің интинсивтілігі минимумға дейін төмендейді, организмнің оттегіні қажету етуі де төмен болады. Бұл дерек адамдарға жасалған тәжірибедегі нәтижелермен сәйкес келеді. Қоршаған орта температурасы оптимальды температура жағдайында оттегінің жоғары порцальді себебі әлі белгісіз. [5]
Биік таулы ауданның климатының жануарларға әсерін зерттеу үшін оқымыстылар қан айналу жүйесінің яғни өкпе қан тамырларының морфологиялық өзгерісін зерттеу жұмыстарында көрсеткен. Автордың осы тақырыпты зерттеудегі мақсаты өкпе қан тамырларының клеткалық элементтерінің бейімделу барысында құрылымдық өзгерісін зерттей отырып, биік таулы ауданда тіршілік ететін организмдерде болатын өзгерістерге көз жеткізу. Тәжірибеде масасы 2, 5-3 кг-дық 48 қоянның аталығын теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте Туя-Ашу өткеліне апарып қояды. 10 қоянды контроль есебінде Фрунзе қаласында қалдырады. Биік таудың табиғатына бейімделуді үш фазаға: тез биімделу (1-9-шы тәулік), аралық (10-28-ші тәулік), тұрақты (30-35-ші тәулік) деп бөлуге болады. Олар 1-ден 30-шы тәулікке дейінгі аралықты алған. Биік таудағы және Фрунзе қаласындағы қояндарды 3, 7, 15, 30-шы тәуліктерде сойып отырды. Өкпе тамырларын 2, 5% глутаральдегидті ерітіндіде 0, 1М фосфорлы ерітіндіге бекітеді. Биік тауға бейімделудің нәтижесінде эндотелийді құрылымдық өзгеріске ұшыратып, барьерлік қызметінің бұзылуына алып келеді. Бейімделуді тұрақты фазасында (30 тәулік) компенсаторлық мамандануы өзгеріп, эндотелиоциттердің қызметі күшейеді. [6]
Кемірушілердің кейбір практикалық нүктелері: ортаның оптималды температурадан төмендеуі және жоғарғы температураның шегінен төмендеуі мен параллель химиялық терморегуляцияның жалпы реакциясының дамуы тек онтогенезде көрінеді. Физиологиялық жағдайда тәуелді өзгеруді, әртүрлі қолайсыз әсерлердің әсерінен төмендеуі жылу реттегіштердің жетіспеушілігін тудырады, соңында химиялық жылу реттегіштердің бұзылуы жоғарғы температураның кезінде зат алмасудың төмендеуі жануарлардың өліміне, қызып кетуіне әкеп соғады. Сонымен осы мәліметтер бойынша мынадай қорытынды жасауға болады. Жылу реттегіш мүшелері жұмысын тоқтатады. Өкпе күшті гипоксия кезінде басқа да мүшелердегі сияқты фисолипидтердің синтезі төмендетіледі. [7]
Практикалық биология және медицинада бейімделу проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр, өкпенің бейімделу реакциясын зерттеу барысында ғалымдар теңіз деңгейінен 3500-3600 метр биіктікте Перуандық Андах тауында тіршілік ететін лама мен гуанаконы зерттеген. Бронхыларының шырышты қабаты терминальді бронхиолаларға дейін көптеген қатпарлардан тұрады. Бронхылардың эпителиальды қабаттарында тыныс алу бөлігіндегі бірінші реттік бронхиолаларға дейін цилиндрлі талшықты эпителиймен қапталған. Бокал тәрізді клеткалар кездеспейді. Шырышты қабаттың өзінде қан тамырлары аз, ал эластикалық талшықтар жақсы жетілген. Бронхтардың қабаты ұсақ бронхтарға дейін жұмсақ бұлшық ет қабаты жақсы жетілген. Өкпе плеврасы жұқа дәнекер ұлпалық құрылысты болып көрінеді. [8]
Лебедов 1964 ж биік тауда тіршілік ететін қой мен ешкінің өкпесіне зерттеу жүргізген. Онда мынадай өзгерістер байқалған: өкпе көлемі мен бронхтардың диаметрі ұлғайып, ауа өткізу жолдарында бұлшық ет қабатының жақсы жетілуі аса назар аудартады. Жұмсақ бұлшық ет талшықтары негізінен шеміршексіз бронхыларда көрінеді. зерттелген сірір арқарының өкпесінде эластикалық талшықтың санының артқаны байқалады. Плеврасында каллогенді талшықтар жұқа болады.
Баракамерада ұстаған жануарларға сәулемен әсер еткеннен кейін, өкпе ұлпасында көптеген өзгерістер пайда болған. Әсіресе тамырлар жүйесінде және бронхиолдың бұтақтарында байқалған. Аз уақыттың (1-3 тәулік) ішінде сәуленің әсерінен паренхиманың қабынғаны, бронхиоланың эпителийінде бокал тәрізді клеткалардың санының артқанын көруге болады. Қуысында сілекей, түлеген эпителий клеткалары бар, кейбір эритроциттер гемолизге ұшыраған. Қылтамырлар қуысы кеңейген және қанға толы. Ал 8-12 тәуліктен кейін аталектаз және эмфизиматозға ұшыраған аймақтар табылған. Альвеола- аралық қабырғалар қабынған. Альвеола қуысында сілекей, түлеген эпителийдің клеткалары көрінеді. Периваскуляторлық қан құйылу байқалады. Қылтамырлардың эндотелийі ісінген, барлық қабаттары біркелкі. [9]
Бірқатар ғалымдар өзінің тәжірибелерін жаз мезгілінде егеуқұйрықтың Вистар линиясының аталығына теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте бөлме температурасында жүргізген. Қалыпты жағдайда да осындай жануарлар алынады. Жануарларды тауда 3, 10, 20, 30, 60, 150, 300 тәуліктерде ұстаған. Тәжірибе біткен соң өкпені 10% нейтральді формалинге бекітті. Жануарлардың таудағы алғашқы күндерінде өкпелерінде морфологиялық өзгерістер байқалған. Қылтамырлар мен ұсақ веналардың қанға толғанын байқауға болады. Бұл уақытта ірі артерия тамырлары аз мөлшерде өзгеріске ұшыраған.
Өкпе қан тамырларының көбінің морфологиялық өзгерісі 60-шы тәуліктен бастап байқалады, яғни кіші қан айналу жүйесінің артериясының ортаңғы қабатының жуандағанын, 150-ші тәулікте веналардың қабырғасында бұлшық ет қабаты жастықша тәрізді қсінді түрінде пішінделеді. Венаның эластикалық мембранасы жуандайды. алынған мәліметтерді салыстырғанда бұл тәжірибе өкпе тамырларының морфологиялық өзгерісін зерттеуде және қан айналу жүйесінің минуттық көрсеткіштерін тәжірибе жағдайында және қалыпты жағдайда қандай болатындығынан маңызды мәлімет бере алады. [10]
Жоғарғы температураның үздіксіз әсері кезінде жануарлар организміндегі су мөлшерінің азаюын реттейтін, физиологиялық механизмдерін анықтау, су алмасу басқа да экологиялық -физиологиялы қ байланыстың болашақта жеке түрлерінің ерекшеліктерін анықтау. Оны былай түсіндіреді: жануарлардың ыстық климатты жағдайында су алмасуды реттейтін бірінші физиологиялық механизм, олардың жоғаарғы температура жағдайына бейімделу болып табылады.
Басқа жануарларға қарағанда шошқалардың тыныс алуы және газды энергетикалық алмасуы жоғары температура әсері кезінде көптеген өзгерістерге ұшырайды. Жоғары температура кезінде тыныс алу жиілігі қалыпты жағдаймен салыстырғанда 4 есе және өкпенің айналымы 2, 4 есе артады. Тыныс алу тереңдігі 6, 3%-ға төмендейді, тыныс алу коэффициенті 0, 04 өседі. Шошқалардың сонымен қатар апта ішіндегі суды қажет ету тәртібінің өзгергені байқалады. [2]
Температураның (60 0 С) өсуі және салыстырмалы. Воронина, И. М. Колосов, М. Ф. Кузнецов жоғарғы температураның әсерінен жануарлардың иммунды реактивтілігінің өзгеретінін зерттеген. 30, 40, 60 0 С температуралы ылғалдылық тәртібіне қанның сарысуы жалпы белок алмасуының бұзылатынын көреміз. [11]
Ұзақ және күшейтілген гипоксияның әсерінен потологиялық өзгерістер ажыратылады.
Меерсон Ф. З. биік таудағы гипоксия процесіне бейімделудің екі түрін ажыратады. :
1. Тез бейімделу - бұл қан айналу және тыныс алу жүйесінің мобидизациялық реакциясының бастамасы, клетканың энергетикалық ресурсын пайдалану.
2. Ұзақ мерзімді бейімделу - биік таулы климаттық факторларының әсеріне бейімделудің ұзақ мерзімді біртіндеп дамуын қамтамасыз ету. [12]
Қ. Ә. Сапаров пен С. Т. Нуртазин «Стресс жағдайында жеңіл гипоксияға өкпенің бейімделуінің морфологиялық ерекшеліктері» атты еңбектерінде көптеген жаңа тұжырымдарды атап көрсеткен. Тәжірибелерінде физикалық күшпен және жеңіл гипоксиядан кейінгі өкпе эпителийінің қалпына келе бейімделуінің реакциясы, эпителий және эндотелий клеткаларының базальды мембраналарының жақындауы, қосылуы және фибробластардың жауап беру реакциясы қаралады. [13]
Өкпеге жоғары температурамен әсер еткенде өкпенің салмағы 0, 13 өседі. Альвеол аралық тосқауылдардың капиллярлары қанға толған жалпы ауданы 55, 9% артады. Қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі артады. [14]
Жоғары температурамен әсер еткенде өкпенің сурфактантының қызметтік жағдайы, өкпе-бронх беткі белсенді заттарының және өкпе ұлпасының экстрактары жоғарылайды және альвеолоциттердің ІІ түрінің липидті алмасу, сурфактант синтезі өзгереді. Өкпеде липидтердің көбеюінің себебі липодиераза гипоксияға байланысты немесе липидтердің синтезінің белсенділігіне байланысты.
Гипертермия кезінде өкпедегі жалпы липидтер саны төмендейді, альвеолоциттің ІІ түрінің жіне альвеол макрофактарына липидтердің жинақталуы жылу стресіне байланысты. [15]
Гипотермия кезінде сурфактант синтезіне жауапты альвеолоциттердің ІІ түрі көлемі жағынан артады және құрамындағы қышқылды фосфатаза активтілігі және фосфолипидтердің жоғарылауын байқаймыз. [16]
Ф. Ф. Султановтың еңбегінде қоршаған ортаның жоғарғы температурасының әсріне организмнің реакциясы қаралған. Жоғарғы температураның дамыған кездегі жеке жүйелер арасындағы өзара байланысы, компенсация дамуы мен қызметінің интегациясының гуморалды және нервтік механизмдердің қызметінің маңыздылығы көрсетілген. [17]
Таулы жерді мекендейтін гипоксия жағдайында өмір сүретін судың температурасы (+8 - +12 0 С) ауаның температурасы (+12 - +20 0 С) құйрықты қосмекенділердің өкілі Жетісу аяқты балығы өкпесінің тыныс бөлімінің көлемі, құйрықты бақаға қарағанда артық және газдардың диффузиясын жеңілдететін ауа-қан мембранасы өте жіңішке болып келеді. Бұған себепші болған ауа-қан жарғақша жүйесінің кейбір бөлімдерінде эндотелий мен эпителийдің негізгі жарғақшаларының қосылуы.
Пневомицеттің II түрі мен шырышты клеткаларының саны құйрықты бақаға қарағанда өте аз көрінеді. Сирек кездесетін безді клеткаларда бірлі-жарым шырышты түйіршіктер кездеседі. Сканды электронды микроскоппен жүргізілген зерттеулер белсенді секрецияның белгілерінің жоқтығын көрсетті. Пневмоциттердің орталық және шеткі бөлімдерінің жоғарғы бетінде сөл бөлетін тесіктер аз кездесті. Ирелеңделген қылтамырлар өкпенің тыныс эпителийінің көлемдерінің үлкен екендігін байқатады.
Қазіргі экологиялық жағдайлардың нашарлауы: радиация, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, т. б. тірі ағзаларға көптеп кері әсерлерін тигізуде. Сүтқоректілердің морфологиялық және физиологиялық өзгерістерін зерттеу барысында филогенетикалық процесстер зерттеушілердің назарын аудартады.
Бұл эволюциялық заңдылықты түсіну тек қана қазіргі заманғы биологиялық теорияның негізі ғана емес, сонымен қатар медицина, ветеринария, экология, биотехнология және басқа да ғылымдармен байланысты болып табылады.
Өкпенің филогенетикалық өзгеру жолын анықтау үшін әртүрлі жануарлардың тыныс алу жолдарын және олардың нәзік құрылысын білу керек. Қазір ғылыми-техниканың дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда, адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойылды.
Тыныс алу - ағзаның қоршаған ортадан оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарады, себебі оттегі энергияны бөлу үшін қажет. Бұл күрделі процесс сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың тотығуы негізінде жүреді. Әдебиет шолу барысында, сүтқоректілердің тыныс алу жолының нәзік құрылысы толық зерттелмеген.
- Өкпенің жалпы құрылысы
Өкпе (латынша pulmo (pulmonis) - өкпе) кеуде қуысында, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа бағанасының алдыңғы бетінен, кеуде қабырғасының артқы бетіне дейін созылатын көкірек аралықпен, бір - бірінен бөлінген өкпе қабырғасында орналасады. Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемді (10% шамасында ), әрі біршама қысқа және кең. Бұл біріншіден, көкеттің оң күмбезінің сол күмбезінен жоғары тұруына, екіншіден, жүрек солға ығысыңқырап орналасып, сол өкпенің енін азайтуына байланысты [18]
Әрбір өкпе, бұрыс конуспішінді, оның төмен қараған негізгі және ұшы дөңгеленген. Ол алдыңғы жағында І қабырғадан 3-4 см жоғары немесе бұғанадан 2-3 см жоғары тұрады, артқы жағында VII мойын омыртқасы деңгейінде жетеді. Өкпенің ұшында осы жерде өтетін бұғанаасты артериясы қысымынан пайда болатын кішкене жүлге байқалады. Өкпенің үш бетін ажыратады: төменгі беті, кең қабырғалық беті және медиальді беті. Ол көкірекаралыққа жанасатын артқы бөлікке және омыртқа бағанасына жанасатын алдыңғы бөлікке бөлінеді.
Беттер жиектермен бөлінген: негіздің төменгі үшкір жиегі, медиальды бетімен қабырғалық бетті бір-бірінен бөлетін жиегі. Әрбір өкпенің медиальды бетінде оның ортасынан жоғары және артқа қарай өкпе қақпасы орналасады. Олар арқылы бронхтар мен өкпе артериясы өкпеге енеді, ал екі өкпе венасы және лимфа тамырлар өкпеден шығады, барлығы қосылып өкпе түбірін құрайды. Өкпе түбірінде бронх дорсальді орналасады. Өкпе артериясының орналасу қалпы оң және сол жақтарда бірдей емес. Өкпе веналары екі жағында да өкпе түбіріндегі өкпе артериясы мен бронхтан төмен орналасады [19]
Әрбір өкпе саңылаулар арқылы үлестерге бөлінеді. Оң өкпеде үш үлес, сол өкпеде тек екі үлес болады.
Өкпенің үлестерге бөлінуіне сәйкес екі басты бронхтардың әрқайсысы өкпе қақпасына келіп, үлестік бронхтарға бөліне бастайды. Оң жоғарғы үлестік бронх жоғарғы үлес орнына бағытталып, өкпе артериясы үстінен өтеді және артерия үстілік деп аталады. Оң өкпенің қалған үлестік бронхтары мен сол өкпенің барлық үлестік бронхтары артерия астынан өтеді және артерия астылық деп аталады. Үлестік брохтар өкпе затына еніп, өкпенің белгілі бір бөліктерін- сегментерін желдететін болғандықтан, сегменттік деп аталатын ұсақ, үшінші бронхтар бөліп шығарады. Сегменттік бронхтар өз кезегінде дихотомдық жолмен одан да ұсақ 4-ші, 5-ші, т. с. с., шамамен 10-11 реттік соңғы және тыныс алу бронхиолаларына дейін бөлінеді [20]
Өкпе сегменттерінің шетінің қалыңдығы 4 см қабатпен алып жататын екінші үлесшелерден тұрады. Екінші үлесше диаметрі 1 см-ге жететін өкпе паренхимасының пирамида пішінді бөлігі. Ол дәнекер ұлпалы қалқалар арқылы көршілес үлесшелерден бөлінеді [21]
Үлесше аралық дәнекер ұлпада веналар мен лимфа капиллярлары торы бар және ол өкпенің тыныс алу қимылдары кезінде үлесшелердің қозғалмалы болуына жағдай жасайды. Көп жағдайда онда жұтылған көмірқышқыл тозаңы жиналады да, соның салдарынан үлесше шекаралары айқын байқалады.
Әрбір үлесшенің ұшына қабырғаларында әлі де шеміршегі бар бір ұсақ бронх енеді. Әр өкпедегі үлесшелік бронхтардың саны 800-ге жетеді. Әрбір үлесшелі бронх үлесшенің ішінде 16-18 жіңішке соңғы брохиолаларға тармақталады, онда шемірщектер мен бездер болмайды.
Басты бронхтардан бастап соңғы бронхиолаларды қоса барлық бронхтар дем алып, дем шығарғанда ауа ағынын өткізуге арналған тұтас бронх тармақтарын құрайды. Соңғы бронхиолалар дихотомдық жолмен тармақталып, тыныс алу бронхиолаларының бірнеше ретіне бастама береді. Әрбір тыныс алу бронхиолаларынан қапшықтармен аяқталатын альвеолалар жолдары радиальды шығады [22]
Қызметі (фукциясы)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz