ПВС-крахмал негізіндегі сополимер қоспаларының M400 портландцементі бар полимербетонның су сіңіруі мен сығуға беріктігіне әсері


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Бетон үлгілерін алу және қалыптау

Бетон, (французша: bton, лат. bіtumen - тау шайыры), құйматас - жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т. б. ), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас , т. б. ), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.

Ұсынылған жұмыста бетонның беріктілігі мен су өткізгіштік қасиетіне крахмал/полимер қоспасының әсерін бақылау мақсатында [57] жұмысқа сүйене отырып тәжірибе жүргізілді.

Тәжірибеге М400 портландценменті және радиациялық өңдеуден өтпеген ПВС-крахмал негізіндегі (со) полимерлердің [СПЛ] = 0, 25; 0, 50; 1, 0 мол. % сулы еітінділері қолданылды.

Сополимерлердің ерітінділері мен цементті механикалық араластырғыш көмегімен 5-10 мин толықтай біртекті қоймалжың жүйе алынғанша араластырылды және дайындалған цемент үлгілері 8 см 3 тең бүйірсіз бұрышты болаттан жасалған формаға қалыптанды. Ауа көпіршіктері және саңылаулардың толық жойылуын қамтамасыз ету үшін қалыптар кейін 3-4 минут қолмен дірілдетілді. Содан кейін қалыптар қалыпты бөлме температурасында 1 тәулік бойы кептірілді. Кепкен полимербетон үлгілерінің әрқайсысының салмақтары өлшеніп, 3, 7, 14, 21 және 28 күн бойы сулы ортада ұсталды және полимербетон үлгілерінің су сіңіру қасиеті анықталынды.

Полимербетонның су сіңіру қасиеті

Бетондардан жасалған бұйымдар мен материалдардың су сіңіруін анықтау үшін, кубтық пішінде үлгілер алынды. Кептірілген үлгілер температурасы 20±5 0 С суы бар құтыға салынды. Су ішіндегі үлгіден су көлемі кем дегенде 20 мм биіктікте болатындай құбыр суы құйылды. Әрбір 3, 7 және 28 күн өткен сайын, үлгілерді судан алып, ылғал жұмсақ матамен сүртіп, әрқайсысының салмақтарын өлшенді. Кезекті өлшеу кезіндегі салмақтың мәні екіншісінен 0, 2%-ға артпаса, үлгінің тұрақты салмағы болып есептелінді.

Үлгінің су сіңіру мүмкіндігін пайыздық қатынаспен келесі формула арқылы есептелінді:

G = ( g 1 g 2 g 2 ) 100 G = \left( \frac{g_{1} - g_{2}}{g_{2}} \right) \bullet 100

мұндағы, G - су сіңіру коэффициенті, %;

g 1 - сумен қаныққан үлгінің массасы, г.

g 2 - тұрақты массаға дейін кептірілген үлгінің массасы, г;

11 - суретте цемент пастасының су сіңіру қасиетіне ПВС:крахмал сополимерінің әртүрлі концентрацияларының әсері көрсетілген.

Цемент тасының су өткізу қасиеті - су өткізбеу қасиетіне қарама-қарсы тұру қасиеті. Цемент тасының су өткізгіштігі оның каппилярлы кеуектілігімен анықталады және келесі факторларға: су-цемент қатынасының мөлшері, қату шартына және уақытына, цемент шығымына, цементті ұнтақтау және тығындау шартына тәуелді. Бетон құрамына полимер бөлшектері цемент денесіне еніп, кеуектер мен каппилярларда орналасады. Барлық кеуектердің бос кеңістігін бітеп тастайды да, сол арқылы әрі қарай су өткізгіштігін болдырмайды. 2-кестедегі көрсетілген нәтижелер бойынша құрамында ПВС-крахмал негізіндегі (со) полимерлері бар бетондардың су өткізгіштігі таза сополимерсіз бетонға су өткізу қасиетіне қарағанда әлдеқайда төмендігі анықталды.

2-кесте. Құрамында ПВС-крахмал негізіндегі (со) полимерлері бар бетондардың су сіңіру коэффициент % мәндері

С, %
БМҚ құрамы [ПВС] :[крахмал] мол. %
95:5
Қатаю уақыты, күн
3
7
28
С, %: 0
БМҚ құрамы [ПВС] :[крахмал] мол. %: 2, 5
2, 8
3, 8
С, %: 0, 25
БМҚ құрамы [ПВС] :[крахмал] мол. %: 2, 3
2, 6
3, 2
С, %: 0, 5
БМҚ құрамы [ПВС] :[крахмал] мол. %: 2, 3
2, 3
3, 0
С, %: 1
БМҚ құрамы [ПВС] :[крахмал] мол. %: 2, 1
2, 2
2, 8

Цементті композиттің су сіңіру қасиетін зерттеу үшін қарапайым құбыр суы қолданылды. Алынған нәтижелер бойынша [ПВС] :[крахмал] (со) полимерлерінің сулы ерітіндісінің концентрациясы артқан сайын бетонның су өткізгіштігі төмендейді деген қорытынды жасауға болады.

Зерттелген үлгілердің құрамындағы цемен-су қатынасы 0, 4-ке тең болды. ПВС пен крахмал (со) полимерлерінің әр түрлі концентрациялы сулы ерітінділерін цементке қосып, араластырылып полимербетон үлгілері дайындалды. Үлгілердің беріктілігін анықтауға 3, 7, 28 күн бойы агрессивтік орта - құбыр суында ұсталған үлгілер қолданылды. Бетонды бұйымдар неғұрлым ылғалды мол сіңірсе соғұрлым беріктілігі төмен болып табылады. Бетонның бос кеуектерінде орналасқан (со) полимерлер судың енуіне кедергі болады. Сондықтан полимербетондардың беріктілігі жоғары болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПВС және крахмал негізіндегі сополимерді синтездеу және оның полимербетонның су сіңіруі мен сығуға беріктілігіне әсері
Жүгері крахмалы мен поливинил спирті (ПВС) негізіндегі тігілген (со)полимерлерден биоыдырайтын жабындар технологиясын әзірлеу және қасиеттерін зерттеу
Металл оксидтері қоспаларының стронций цирконаты негізіндегі керамиканың электрлік қасиеттеріне әсері
γ-сәулелендірілген жүгері крахмалы мен ПВС негізіндегі тігілген биоыдырайтын жабындардың синтезі мен физика-химиялық қасиеттері
Биоыдырайтын суда еритін полимерлер: крахмал негізіндегі модификация, қасиеттер мен қолдану мәселелері
ПВС негізіндегі полимерлі қабықшаларды күміс және алтын нанобөлшектерімен модификациялау: синтез, құрылым және сорбциялық кинетика
N-винилкапролактам негізіндегі полиэтиленгликоль және поливинил спиртімен жалғанған сополимерлердің синтезі, сипаттамасы және бетонға суперпластификатор ретінде қолдану
ПВС және бентонит/NaКМЦ негізіндегі композициялық криогельдер алу және олардың ауыр металл иондарын сорбциялау қасиеттерін зерттеу
ПВС негізіндегі қабықшаларды алтын және күміс нанобөлшектерімен модификациялау: синтез әдістері, қасиеттері және бейорганикалық электролиттер буының сорбциялық кинетикасы
ПВС негізіндегі амин және карбон қышқылы құрамды полимерлі жабындылардың физика-химиялық қасиеттері мен талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz