Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы есеп


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 124 бет
Таңдаулыға:   

gerb

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

2009 жылғы қызметі туралы

ЕСЕП

Logo ombudsman

Астана қаласы

2010 жыл

Мазмұны

Кіріспе сөз3

І. Жалпы бөлім 1. 1. Келіп түскен хаттардың жалпы сипаты. . 4 1. 2. Уәкіл жұмысының түрлері мен әдістері7 1. 3. Уәкілдің шара қолдану актілері11 1. 4 Уәкілдің консультативтік кеңестік органдарының жұмысына қатысуы… . . . 13 1. 5 Халықаралық ынтымақтастық . . . 16

ІІ. Арнайы бөлім

2. 1 Өмірге құқық. Бостандыққа және жеке қолсұқпаушылық құқығы19

2. 2. Сотта қорғалу және әділ сот қарауына құқық . . . 22 2. 3. Сот шешімдерінің орындалу сатысындағы адам құқықтары24 2. 4. Наным бостандығына құқық26 2. 5. Азаматтық құқығы 28 2. 6. Азаматтардың мемлекеттік органдарға шағымдану құқығы. 32 2. 7. Меншік құқығы . . . 35 2. 8. Азаматтардың баспанаға және өмір жағдайларын үзіксіз жақсарту құқығы39

2. 9. Еңбек құқықтары . . . 41 2. 10. Зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы. . 45 2. 11. Денсаулық сақтау құқығы . . . 47 2. 12. Мүгедек және психикалық кемістіктері бар адамдардың құқықтары……. 50 2. 13. Балалардың құқықтары . . . 54 2. 14. Әйелдердің құқықтары. 59 2. 15. Босқындардың, еңбек мигранттарының және оралмандардың құқықтары. . 61

Қорытынды . . 64

Қосымша:

1. Азаматтардың хаттарымен жұмыс істеу жөніндегі статистикалық деректер. . 66

2. Ұсыныстар мен хаттар. . 70

3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның мекемесінің қоғамдық іс шараларға қатысуы . . . 97

4. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның мекемесінің халықаралық іс шараларға қатысуы103

«Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүїйесіндегі маңызды тетігі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау институтын құру Қазақстандағы демократияның дамуындағы үлкен қадам болды. Осы институт қызметінің нәтижелігін арттыру мәселесін қарау керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. »

(Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасынан)

КІРІСПЕ СӨЗ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы осы есеп Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 23-тармағына сәйкес жасалған және Мемлекет басшысына ұсынуға арналған.

Осы құжат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы алдыңғы жылғы есебінің форматы мен құрылымын сақтаған. Онда Уәкілдің бұрын мемлекеттік органдарға берген нұсқаулардың іске асырылуын қамтиды, сондай -ақ есеп азаматтардың Уәкіл мекемесіне түскен хаттар санының ұлғаюын ескере отырып жасалған, бұқаралық ақпарат құралдары мониторингісінің нәтижелері белсендірек пайдаланылған, қоғамда үлкен пікірталас тудырған жекелеген мәселелер бойынша Уәкілдің құқықтық қорғау жұмысының нәтижелері көрсетілген.

Есеп бұрынғыдай шағымданушылардың хаттарында көтерілген адам құқықтары мәселелерін сипаттаумен шектелмейді, ол сонымен бірге балалар, әйелдер, мүгедектер, оралмандар, босқындар, еңбек мигранттары туралы, сотта қорғалу, ар-ождан және діни наным бостандығы, денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етужөніндегі, азаматтық мәселелер, еңбек және тұрғын үй құқықтары саласындағы ахуал туралы ақпаратты қамтиды.

Есепке Уәкілдің жыл бойы әзірленген хаттары, ұсыныстары, бірқатар құқықтық қорғау мәселелері бойынша әртүрлі мемлекеттік органдарға жіберген сараптамалық қорытындылары қоса берілген.

Осы есеп қалыптасқан тәжірибе бойынша Парламент палаталарына, Үкіметке, басқа да мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің елшіліктеріне, халықаралық және ұлттық құқықтық қорғау ұйымдарына жіберілді. Есеп Уәкілдің интернет-сайтына орналастырылады және жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары үшін тұсаукесері болады.

  1. Жалпы бөлім1. 1. Келіп түскен хаттардың жалпы сипаттамасы

Есепті кезеңде Уәкіл атына жалпы алғанда 1348 хат түсті, бұл 2008 жылдан 273 хатқа артық. Олардың көбісі (1175) әдеттегідей пошта арқылы келді, сонымен бірге 74 хат электрондық пошта арқылы, 173 Уәкілдің және мекеме қызметкерлерінің жеке қабылдауында мазмұндалған. Жалпы Уәкілге ауызша және жазбаша түрде 2294 адам хат жолдаған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жеті жыл қызметі бойы жазбаша және ауызша түскен хаттар саны

Атауы

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006

жыл

2007

жыл

2008

жыл

2009

жыл

Барлығы
Атауы: Жазбаша хаттар
2003жыл: 855
2004жыл: 1156
2005жыл: 1965
2006жыл: 1374
2007жыл: 1286
2008жыл: 906
2009жыл: 1175
Барлығы: 8717
Атауы: Діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша «эдвокаси кампаниялары» аясындағы жазбаша хаттар
2003жыл: -
2004жыл: -
2005жыл: -
2006жыл: 757
2007жыл: -
2008жыл: -
2009жыл:
Барлығы: 757
Атауы:
2003жыл: 297
2004жыл: 358
2005жыл: 528
2006жыл: 482
2007жыл: 398
2008жыл: 169
2009жыл: 173
Барлығы: 2405
Атауы:
2003жыл: 1152
2004жыл: 1514
2005жыл: 2493
2006жыл: 2613
2007жыл: 1684
2008жыл: 1075
2009жыл: 1348
Барлығы: 11879

2008 жылдағыдай, хаттардың ең көп бөлігі Астана (16, 9%) және Алматы (13, 2%) қалаларының тұрғындарынан, сондай - ақ Карағанды облысынан (10, 2%) келген. Павлодар облысынан келген хаттар саны екі есе өскен (7, 8%) .

Аумақтар
2009 жылғы хаттар саны
2008 жылы хаттар саны
Аумақтар: Астана
2009 жылғы хаттар саны: 198
2008 жылы хаттар саны: 136
Аумақтар: Алматы
2009 жылғы хаттар саны: 155
2008 жылы хаттар саны: 103
Аумақтар: Акмола облысы
2009 жылғы хаттар саны: 77
2008 жылы хаттар саны: 72
Аумақтар: Ақтөбе облысы
2009 жылғы хаттар саны: 14
2008 жылы хаттар саны: 15
Аумақтар: Алматы облысы
2009 жылғы хаттар саны: 104
2008 жылы хаттар саны: 59
Аумақтар: Атырау облысы
2009 жылғы хаттар саны: 21
2008 жылы хаттар саны: 21
Аумақтар: Шығыс Қазақстан облысы
2009 жылғы хаттар саны: 92
2008 жылы хаттар саны: 104
Аумақтар: Жамбыл облысы
2009 жылғы хаттар саны: 38
2008 жылы хаттар саны: 40
Аумақтар: Батыс Қазақстан облысы
2009 жылғы хаттар саны: 16
2008 жылы хаттар саны: 24
Аумақтар: Карағанды облысы
2009 жылғы хаттар саны: 120
2008 жылы хаттар саны: 77
Аумақтар: Қостанай облысы
2009 жылғы хаттар саны: 67
2008 жылы хаттар саны: 45
Аумақтар: Қызылорда облысы
2009 жылғы хаттар саны: 18
2008 жылы хаттар саны: 17
Аумақтар: Маңғыстау облысы
2009 жылғы хаттар саны: 15
2008 жылы хаттар саны: 10
Аумақтар: Павлодар облысы
2009 жылғы хаттар саны: 92
2008 жылы хаттар саны: 40
Аумақтар: Солтүстік Қазақстан облысы
2009 жылғы хаттар саны: 45
2008 жылы хаттар саны: 30
Аумақтар: Оңтүстік Қазақстан облысы
2009 жылғы хаттар саны: 44
2008 жылы хаттар саны: 54
Аумақтар: Шет елдерден
2009 жылғы хаттар саны: 59
2008 жылы хаттар саны: 59
Аумақтар: Барлығы
2009 жылғы хаттар саны: 1175
2008 жылы хаттар саны: 906

Есепті кезеңде ұжымдық шағымдар санының өсуі байқалып отыр ( 1022 адамның қолымен 76 ), олар негізінен ипотекалық несие алған азаматтардан және үлескерлерден келіп түскен.

Ұжымдық және жеке жазбаша хаттар санының ара қатынасы келесі диаграммада келтірілген.

Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдардан 95 хат түсті, олардың ішінде ең көбісі Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюродан келген.

2009 жылғы хаттардың тақырыптары айтарлықтай өзгермеген: өткен жылдардағыдай құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне (20%), сондай-ақ сот шешімдерімен келіспеушілік туралы мәселелер бойынша шағымдар үстем орын алады (17, 3%) . Соттардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдар Уәкілдің құзырына жатпағандықтан осындай шағымдар қабылданбаған, ол туралы шағымданушылар тиісті түрде хабарландырылған.

Ар-ождан және діни наным бостандығына құқықтарды іске асыру мәселелері бойынша шағымдар санының (5, 8%) артуын атап өткен жөн, олардың ішінде қарағанды қаласында саентология шіркеуінің жабылуына байланысты шағымдар басым орын алады.

Тұрғын үй құқықтарының бұзылуына түскен шағымдар 5, 3% құрайды, көбінесе бұл үлестік құрылыс және мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу жөнінде.

Еңбек құқықтарын бұзушылыққа шағымдануға әрекеттенулер 4, 4% пайызды құрайды. Хаттардың осы санаты негізінен еңбекақы төлемеумен немес кешіктірумен, сондай ақ шағымданушылардың пікірінше, жұмыстан заңсыз шығарулармен байланысты.

Денсаулық сақтау құқығына қатысты хаттар 1, 6% құрайды, негізінен олар алдын ала қамау және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға тиісті медициналық көмек көрсетпеу, сондай ақ сапасыз медициналық көмек көрсету не оны көрсетпеу фактілеріне, медициналық қызметкерлердің мүгедектікке әкеп соққан әрекеттеріне, МСЭКтің мүгедектікті тағайындаудан бас тартуына қатысты шағымдар.

Сотталғандардың қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілік қызметкерлерінің тарапынан оларға азаптауды қолдануына, лайықсыз қарым қатынас жасауына шағымдарының өсуі (4, 9%) назар аудартады. Осындай үрдісті 2009 жылғы мамырда БҰҰдың Азаптауларға қарсы комитетінің арнайы өкілі М. Новактың Қазақстанға инспекторлық сапармен келуіне жасаған реакциямен байланыстыруға болады.

Мемлекеттің қатысуы жоқ заңды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдардың біршама өсуі (4, 5%) коммерциялық банктердің 2009 жылы ипотекалық несиелерді кейінге қалдырудан бас тарту жағдайларымен байланысты болды.

Орталық және жергілікті атқару органдарында әкімшілік ету мәселелері шағымданушылардың ең көп көтеретін мәселелер болып табылады (6, 2%) . Хаттарға келсек, орталық және жергілікті атқару органдары жиі өтініш берушілердің хаттарына нақты жауаптар бермейді, қабылдаған шешімдердің себептерін түсіндірмейді. Жергілікті атқару органдардың лауазымды адамдарымен өзара іс қимыл жасауда негізгі мәселелер, бұрынғыдай тұрғын үй және жер мәселелері болып табылады. Мемлекет қажеттігіне жеке адамдардың баспанасын қирату, жер телімдерін алып қою, өтемақы мөлшерлері көптеген жағдайларда халықтың қанағаттанбауын тудырады, бұл оларды әртүрлі инстанцияларға, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге хат жолдауға мәжбүрлейді.

Қазіргі заманғы әділ сот билігінің пәрменділігі мағынасында сот шешімдерін орындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соттың қорғауы сот актісін қабылдаумен емес оның нақты орындалуымен аяқталады. Сонымен бірге Уәкілге сот шешімдерінің орындалмауына шағымдар келіп түсуде. Есепті кезеңде барлығы атқарушы құжаттарды орындау мерзімдерінің бұзылуына, борышкерлерге заңнамада көзделген барлық мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмауына, сондай ақ нақты сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты аталған шағымдардың 3, 5% пайызы түсті.

Шағымдардың 1, 7 % тіркеу, азаматтық алу, ықтиярхат, жеке басын куәландыру құжаттарын ресімдеу мәселелеріне қатысты болды.

Ақпарат алу құқығының бұзылуы туралы хаттарда (2%) шағымданушылардың көбісі мемлекеттік органдардың азаматтардың хаттарына жауап бермейтінін, сондай ақ әртүрлі ақпарат алу мүмкіндігінің болмауын көрсетеді.

Есепті кезеңде Уәкіл атына саяси құқықтарды іске асыру мәселесі бойынша бір ғана хат түсті, ол бейбіт жиналыс бостандығы құқығына қатысты.

2009 жыл бойы алғысхаттар түскен. Кейбіреулерінің мәтіні төменде келтіріледі.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты адам мүдделері мен құқықтарын қорғаудың пәрменді механизмі болып табылады, Сіз басқарып отырған Аппарат қызметкерлерінің Орал қаласында қиын жағдайға тап болған адамдардың тағдырына уақытылы және жедел араласуы оның кәусі болды. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында шексіз құқық бұзушылық тоқтатылып, жұрт қалыпты өмір сүруге кірісті, өздерінің отбасыларына қайтып оралды. Азаматтардың хаттарымен нақ осындай жоғары деңгейде жұмыс істеу, әр адамның қадір қасиетіне, абыройына қатысты осындай адами және әлеуметтік бағыты бар саясат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты сияқты маңызды және қажетті демократиялық институттың қызметін насихаттау үшін басты дәлел болып табылады. «Право на жизнь» әлеуметтік қор білдірген белсенді азаматтық ұстанымыңыз, жоғары біліктілігіңіз және азаматтық кемелділігіңіз, өмірдің күрделі жағдайына тап болған адамдарға қатысты сіздерге үлкен алғыс білдіреді.

Сіздің игі миссияларыңызда табыс, тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін.

Бұдан әрі ынтмақтастығымызды жалғастыратынызға сенім білдіремін.

Құрметпен, «Право на жизнь» әлеуметтік қорының директоры Голубь Марина Вячеславовна.

Сізге және қарағанды қаласы ІІБ органдарына менің сіңлім Цыбулько Ольга Николаевнаны іздеу жөнінде жүргізген жұмысыңызға көп рахмет, ол табылды, тірі және дені сау, кейінгі өміріне алаңдамаймыз.

Құрметпен, Зайцев Александр Николаевич, Киль қаласы Германия

Сіздерге акті жазуларын алуға көмегіңіз бен берген түсіндірулеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін, олар кейін жұмыста пайдаланылады.

Құрметпен, Ресей Федерациясының Свердлов облысының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Т. Г. Мерзлякова

Ұлымыз Азизбаев Викторды қорғауға көмек көрсеткеніңіз үшін өте ризамыз.

Сізге және Сіздің ұжымызға жақсылық, ырыс-береке, жанұяда бақыт, Сіздің өте жауапты жұмысыңызда табыс тілейміз.

Құрметпен, Азизбаев Х. А .

Уәкіл атына 2009 жылы түскен хаттарына келсек, шағымданушылар жалпы адам құқықтары саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды жеткілікті біліп, оларға сілтеме жасайтынын атап өткен жөн. Бұл азаматтардың құқықтық сауттылығының артуының және тиісті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың құқықтық қорғау жұмысы күшеюінің куәсі екені сөзсіз.

1. 2. Уәкіл жұмысының түрлері мен әдістері

Азаматтардың құқықтарының бұзылуы туралы хаттарды қарау, құзырлы органдарға тиісті сұратулар әзірлеу және жіберу және олар бойынша шара қолдану Уәкіл функцияларын жүзеге асырудың негізгі механизмдері болып табылады.

Сұратулардың көпшілігі, бұрынғыдай Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жіберілген.

Есепті кезеңде уәкіл мекемесінің сұратуларына белгіленген мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны жалпы санының 8, 3 % құрайды. Осындай жауаптар жиі Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен келеді (31 ден 10) .

Уәкілдің мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберілген сұратуларының кестесі

Органның атауы
Сұратулар саны
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны
Органның атауы: Бас прокуратура
Сұратулар саны: 335
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 29
Органның атауы: Ішкі істер министрлігі
Сұратулар саны: 143
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 4
Органның атауы: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Сұратулар саны: 75
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 2
Органның атауы: Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
Сұратулар саны: 62
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 5
Органның атауы: Әкімдіктер
Сұратулар саны: 91
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 4
Органның атауы: Әділет министрлігі
Сұратулар саны: 120
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 7
Органның атауы: Қаржы министрлігі
Сұратулар саны: 7
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 2
Органның атауы: Денсаулық сақтау министрлігі
Сұратулар саны: 16
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 4
Органның атауы: Білім және ғылым министрлігі
Сұратулар саны: 17
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 2
Органның атауы: Сыртқы істер министрлігі
Сұратулар саны: 7
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 1
Органның атауы: Қорғаныс министрлігі
Сұратулар саны: 5
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Сұратулар саны: 2
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Туризм және спорт министрлігі
Сұратулар саны: 1
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Көлік және коммуникация министрлігі
Сұратулар саны: 1
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Төтенше жағдайлар министрлігі
Сұратулар саны: 2
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
Сұратулар саны: 31
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 10
Органның атауы: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Сұратулар саны: 2
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Сұратулар саны: 4
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Ақпараттандыру және байланыс министрлігі
Сұратулар саны: 3
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 1
Органның атауы: Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі
Сұратулар саны: 7
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 1
Органның атауы: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Сұратулар саны: 4
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Республикалық ұлан
Сұратулар саны: 1
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: «Самұрық-қазына» ұлттық әл ауқат қоры
Сұратулар саны: 1
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 1
Органның атауы: Соттар
Сұратулар саны: 4
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 2
Органның атауы: Мемлекеттік мұрағат
Сұратулар саны: 8
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 1
Органның атауы: Банктер
Сұратулар саны: 2
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік органдары
Сұратулар саны: 5
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 1
Органның атауы: Өзге де ұйымдар
Сұратулар саны: 6
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 2
Органның атауы: Қазақстан адвокаттары одағы
Сұратулар саны: 1
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны:
Органның атауы: Барлығы
Сұратулар саны: 963
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны: 79

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның мекемесі іске асыратын еліміздегі адам құқықтары саласындағы ахуалдың мониторингісі қауқарсыз әлеуметтік топтар ұсталатын әртірлі объектілерге барумен байланысты.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының пенитенциарлық мекемелеріне сапармен шығулар болды.

Аталған кезеңде, Уәкіл жанынан құрылған, құқық қорғау органдары мен құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдерінен тұратын, Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы жабық типтегі мекемелерде ұсталғандардың, айыпталушылардың және сотталғандардың құқықтарын сақтау мониторингімен айналысты. Жұмыс тобы форматында барынша өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда, 17 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ ЕС - 164/ 3 түзеу мекемесінде орын алған төтенше жағдайға ( дене мүшелеріне жаппай зақым келтіру) байланысты Әділет министрлігінің ҚАЖК төрағасының ақпараты тыңдалды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жоғарыда аталғанның мағынасында «Алдын ала қамау және бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың құқықтарын сақтаудың жағдайы мен мәселелері туралы» Арнайы баяндама әзірленіп, ҚР Президентінің Әкімшілігіне жолданды.

Уәкіл мекемесінің қызметкерлері мүгедектер құқықтарының бұзылуы туралы БАҚтағы ақпаратқа байланысты «Қазақстандық су қараңғылар» қоғамдық бірлестігінің Талғар оқу өндірістік кәсіпорнына барып қайтты. Тексеру нәтижелері бойынша Бас прокуратураға хат жіберілді.

Адам құқықтары мен бостандықтары туралы заңнаманы жетілдіруге және оны халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына сәйкестендіруге ықпал ету Уәкіл қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Мәселен, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдері туралы, наным бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заң жобаларына, Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сараптамалық қорытындылар әзірленген.

Уәкіл мекемесі есеп беру жылы ҚР Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатамен өзара белсенді іс қимыл жасады.

Имидждік және құқықтық ағарту қызметіне аса назар аударылды.

Уәкілдің қолдауымен «Қазақстан Республикасында азаптауларға жол бермеу: дискуссиядан іс жүзінде іске асыруға кірісу» халықаралық конференция өтті, оның жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, халықаралық және отандық құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бұл форум Қазақстанда Еурокомиссияның және Халықаралық түрме ұйымдарының көмегімен іске асырылған азаматтарды бостандығынан айыру және шектеу орындарына қоғамдық бақылау, үлттық алдын механизмінің қазақстандық үлгісін әзірлеу жөніндегі екі пилоттық жобалардың қорытындысын жасады. Бұндай қоғамдық бақылауды құруға өткен жылы ратификацияланған Азаптауларға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамамен нұсқама берілген.

Одан басқа, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Бас прокуратурамен, Сыртқы істер министрлігімен, БҰҰдың Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына және оны Қазақстанның ратификациялағанына 15 жыл толуына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастырды.

Форум барысында соңғы екі онжылдықта бала құқықтарын қамтамасыз ету саласында прогресске қол жеткендік атап көрсетілген және Қазақстанда Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру жолындағы қазіргі заманғы талаптар қаралды. Маңызды іс шараларға Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституциялық құндылықтар және оларды Қазақстанның заңнамасында және құқық қолдану практикасында іске асыру жолдары» тақырыбында ҮІІ Тамыз оқуларын жатқызуға болады.

Уәкіл қыркүйекте Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдауға байланысты «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.

Одан басқа, мекеме қызметкерлері азаматтардың коммуналдық қызметке құқықтарына байланысты мәселелер бойынша, Өзбекстанда сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі, балалар құқықтарына байланысты мәселелер бойынша БАҚқа жарияланымдар берді.

Есепті кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үш ақпараттық бюллетені басып шығарылды және оның дербес веб-сайтын жаңарту жүзеге асырылды.

Осы бағытта ағарту қызметі маңызды рөл атқарады. Мысалы, мекеме қызметкерлері Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары, Қаржы министрлігінің, Бас прокуратура, әлеуметтік мекемелер, сондай ақ қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері үшін дәріс берді.

Уәкіл мекемесінің әкімшілік жұмысы мағынасында 2009 жылы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары әзірленді.

Мекеме қызметкерлерінің аттестациясы мен функционалдық міндеттері қайта қаралды.

Уәкіл мекемесі есеп беру жылы қызметкерлер үшін екі оқу семинарын ұйымдастырды, сондай ақ мемлекеттік тілді оқыту курстары жүргізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Жеке тұлға құқықтық қатынастың құраушы элементі ретінде
Жеке тұлғаның құқықтары және оларды қорғау механизмдері
Балалар құқығын қорғау
Құқық және жеке тұлға
Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Шаруашылық жүргізу құқығы туралы
Мүдектерге әлеуметтік қызмет көрсету
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz