Шағын ұйымда есепті ұйымдастыру мен негізгі экономикалық көрсеткіштері


КІРІСПЕ . . .
1. ШАҒЫН ҰЙЫМДА ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ . . .
1. 1 Шағын және орта бизнес ұйымдарының нарықта және ел экономикасын дамытуда алатын орны . . .
1. 2 Ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы . . .
2. ШАҒЫН ҰЙЫМНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . .
2. 1 Активтердің есебі . . .
2. 2 Міндеттемелердің есебі . . .
2. 3 Меншікті капитал мен жұмылдырылған капиталдың есебі . . .
2. 4 Шағын ұйымдардағы есептіліктерді ұсыну тәртіптері . . .
2. 5 Шағын ұйымдар үшін оңтайландырылған салық есебі . . .
3. ШАҒЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ . . . … . . .
3. 1 Аудиттің мақсаттары, міндеттері және шағын ұйымда жүргізу тәртіптері мен аудиторлық бағдарламаны құру . . .
3. 2 800 - ші аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес арнайы аудит тағайындау . . .
3. 3 Аудиторлық қорытындыны құру қателерді талдау негізінде бағалау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДІЕБИЕТТЕРІ ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР
4
7
7
15
23
23
31
37
43
51
57
57
63
69
80
82
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы Қазақстан халқына Жолдауында отандық өнім өдіру мәселесін қозғау, «Ендігі бір өзекті міндет - шағын және орта бизнесті мәселесін шешу. Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын . . . » деп баяндайды. Сондай-ақ «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтардың ішінде өндірісті және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мәселелері де қарастырылады. Осыған байланысты Президенттің Жолдауында «өнім өндіру салада табыстар мен кемшіліктерді тыңғылықты зерделеп және шағын және орта бизнес үшін жан-жақты жеңілдіктер жасалу керек» деп баяндалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2011жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «Бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты» деп атап көрсетті. Осыдан кәсіпкерлік саласының еліміз үшін эконмиканың негізгі қозғаушы күші екендігін білеміз.
Қазіргі экономикалық даму теорияларында кәсіпкерлік қызмет соңғы орында емес, себебі шағын және орта кәсіпорындар экономикалық ахуалды жасқартуға зор әлеуетке ие. Осыған сәйкес бұл теориямен мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың оңтайлы және тиімді әдістерін табуы тиіс. Қазақстан мысалында экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда.
Дипломдық жұмысытың тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2006 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2007 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2008 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30%.
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік едәуір серпінді құбылысқа айналды. Соңғы үш жылда жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік үлесі 2009 жылмен салыстырғанда 71%-ден 73%-ға көбейді. 2009-2011 жылдары шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 30%-дан 33%-ға дейін ұлғайды. (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР - ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген) .
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай - ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы дипломдық жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы дипломдық жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ - ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Осы мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
- шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін ашу, даму тарихына талдау жасау, түрлері мен қызметтерін саралау;
- Қазақстан облыстарындағы, шағын және орта кәсіпкерлікті даму талдамасын жасау;
- «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламаларын талдау;
- Шағын және орта кәсіпкерлікке туындайтын мәселелерге мониторинг жүргізу;
- Аймақтағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін көтеру жолдарын ұсыну;
Дипломдық жұмыстың объектісі. Бұл диплом жұмыстың зерттеу пәні ҚР - дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын зерттеу, сондай - ақ осы сектордың дамуындағы мәселелер.
Диплом жұмысының міндеттері:
1) Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру;
2) Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
3) Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР -дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай - ақ бұл дипломдық жұмыста тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
Жұмыстың зерттеу объектісіне “Прима Дистрибьюшн ” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2010-2011 жылдарының мәліметтері алынған.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста кесте және сурет келтірілген.
1 ШАҒЫН ҰЙЫМДА ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1. 1 Шағын және орта бизнес ұйымдарының нарықта және ел экономикасын дамытуда алатын орны
Кәсіпкерлік теориясының негізін қалаушы XVIII ғасырда ең алғаш рет кәсіпкерді өзі шешім қабылдайтын және қиын жағдайларда өзінің қажеттілігін қанағаттандыра білетін тұлға ретінде қарастырған Ричард Кантильон (1680-1734) болып табылады. Бұл ғалым кәсіпкердің табысы - бұл тәуекелдің жемісі, өйткені болашақтағы пайдасы белгісіз бола тұрып, жалдаған жұмысшыларының жалақысын төлейді, белгілі бір бағамен тауарлар мен шикізаттарды сатып алады деп есептеді.
Катильон теориясына сәйкес, кәсіпкерлік - болашақты ойлап, іс-әрекеті қалыптасатын, табыс табуға деген үміті мен шығынға ұшырау қаупін ескере отырып, тәуекелге баратын тұлға. Осылайша, кәсіпкер тұрақсыз табыс таба отырып, өзінің қорқынышы мен теуекеліне жұмыс жасайды. Р. Катильон тұрақты табысқа ие мемлекеттік қызметшіден кәсіпкердің айырмашылығын айқындайды. Кәсіпкердің ең басты ерекшелігі - тәуекелге ұмтылуы және осы үшін табыс табуы. Осыдан кәсіпкерлік табыстың болашақ қиын жағдайлардан туатын тәуекел үшін төлем екендігін аңғарамыз.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р. Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте 1)
1 кесте - ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдері
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.
Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік, яғни өркениетті дамыған елдердің тәжірбиесінде кеңінен қарастырылған.
АҚШ - ғы шағын бизнес. Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар - 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет) . Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін - шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99, 7 % кәсіпкерлер - бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті - шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету.
Германиядағы шағын бизнес. Қазіргі кезде Германиядағы кәсіптік өндірісте, өнеркәсіп пен өндірістік емес салаларда, саудада, қызмет көрсету саласы мен еркін мамандар бойынша 3, 3 млн. -нан астам шағын және орта кәсіпорыдар, жеке кәсіпкерлер бар. Германияда мемлекеттік қолдауға емес, кәсіпорындардың өз бетінше еркін жұмыс істеуіне кең жол ашылған. Экономикалық мүдделерге сай жалпы алғанда мемлекеттік орта және ұзақ мерзімі келешектерде нарық жағдайындағы табиғи өзгерістерді тежеуге құқы жоқ. Мұның өзі олардың бой үйрете алмайтын тиімділігі жоқ кәсіпорындар мен салалар нарықтан шығып кетіп отырулары тиіс дегенді білдіреді.
Испаниядағы шағын бизнес. Испаниядағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өз бастауын сонау 70 жылдардан алады. Испаниядағы шағын кәсіпорындардың көп бөлігін ауыл шаруашылығы - 80%, ал құрылыс, өнеркәсіп секілді салалардың үлесі 25-30%. Испаниядағы шағын кәсіпкерліктің дамуының себептерін қарастырайық.
Испаниядағы шағын кәсіпкерлік дамуына ықпал етіп отырған бюрократия деңгейінің төмендігін айтуға болады. Шағын кәсіпорынды тіркеу үшін және лицензия алу үшін кәсіпкерлер 24 сағат жұмсайды екен. Мұндай шарттар елдің резидент емес азаматтарына да қолданылады. Нәтижесінде, шетел азаматтары елдің шағын кәсіпкерлігінің дамуына үлес қосады.
Қытай Халық Республикасының статистикасы мәліметтері бойынша Қытайда 2005 жылы 3 млн шағын кәсіпорын және 30 млн жуық кәсіпкерлер тіркелген. Сондықтан шағын кәсіпкерлік Қытай кәсіпорындарынң көп бөлігін құрайды. Осы шағын кәсіпкерлік саласында еңбекке жарамды халықтың 60% жұмыс жасайды.
Франциядағы шағын бизнес. Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі - ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар - шағын, 50-499 - орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі - шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде - аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т. б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар. 80-ші жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.
Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі - 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар - 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді.
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенің көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы) .
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал - жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және жалдау төлем құнының жоғары болуы.
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік - ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz