Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы

ӘКП кафедрасының бастығы

қорғауға

(жіберіледі, жіберілмейді)

«» 2011 ж.

Диплом жұмысы

«Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі» тақырыбына

050303 «Құқық қорғау қызметі» бакалавриат мамандығы бойынша

Орындаған: Ахметова Меруерт Маратқызы

әкімшілік құқықтық мамандық, 2007

жылы қабылданған 402-ші оқу тобы

Ғылыми жетекші: кафедра бастығының орынбасары, з. ғ. к.,

полиция подполковнигі

Жүнісова Гүлмира Алишерқызы

АЛМАТЫ 2011

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 тарау. Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарының қалыптасуы және даму тарихы.

1. 1. Оралмандардың әлеуметтік мәртебесі және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мәселелері.

2 тарау. Қазақстан Республикасындағы Ішкі және сыртқы көші - қон қатынастарының түсінігі . . .

2. 1Қазақстаннан сыртқа көші- қонның түсінігі мен себептері

2. 2Қазақстан Республикасындағы миграциялық саясат, оның мәні мен мазмұны . . .

2. 3Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасында ішкі көші- қонның құқықтық жағдайы . . .

2. 4Көші- қон қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің негіздері . . .

3 тарау. Қазақстан Республикасында көші- қон қатынастарын жүзеге асыратын құқыққорғау органдарының қызметі

3. 1 Қазақстан Респупликасының Көші- қон Басқармасының негізгі қызметі мен міндеттері . . . 3. 2 Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету . . . . Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі Қазіргі кезде қоғамдық саяси мәселелердің ішінде ең маңыздысы көші-қон мәселесі. Еліміз егемендік алып БҰҰ-на және көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болуына байланысты Қазақстан өзі үшін жаңа проблемалар мен өзінің ішкі, сыртқы саясатының қорғанысы мен қауіпсіздігінің және экономикалық проблемалар мен бетпе-бет келіп отыр. Кез-келген тәуелсіз мемлекеттердің ішкі, сыртқы саясатында айрықша назар аударып отыратын мәселелерінің ең бір бастылары көші-қон мәселелері. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін жақын шет елдерден көшіп келушілер мен көшіп кетушілерді құқықтық реттеуге тура келді. Қазақстанда көші-қон үрдісі туралы ұғым 70-жылдың ортасында белгілі бола бастады. Мұнда бұрын келген жұмыс күштерінің өз еліне қайту үрдісі белең ала бастады. Тәуелсіз Қазақстанның алдында жүзден астам ұлт өкілдерінен тұратын халықтың болашағын қамтамасыз ету, экономикалық-нарықтық қатынасты негіздеу, ұлтаралық қатынастарды заман талабына сай ілгері дамыту мәселесімен бірге, ел қоғамындағы әлеуметтік- демографиялық ахуалды жақсарту да үлкен міндет.

Қазақстанның егемендік алуымен бірге басқа ұлт өкілдерінің өздерінің тарихи отандарына, алыс-жақын шетелдерге қоныс аударуы басталды. Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму бағыттарындағы орасан зор ғаламдық өзгерістер көші-қон мәселелерін күрделендіріп жіберді: көші-қон көлемдері мен оның толқындарының бағыттары ғана өзгеріп қойған жоқ, сондай-ақ амалсыз көші-қон, жер ауып келген халықтардың қайта кетуі, экологиялық және басқа себептер бойынша жаңа көші-қон түрлері пайда болды. Сондықтан, дипломдық жұмысымда Қазақстандағы көші-қон процесінің 1991-2010 жж. барысы, себептері, үрдістері, нәтижелері сараланады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2009 ж 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында барша әлемді алаңдатқан күйзеліс кезеңінен шығудың жолдарын қарастыра отырып, біздің болашағымыздағы ең басты мәселе ретінде елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуді атап көрсетеді. Әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі байлығы - халық санының өсіміне тигізер әсері оң болмақ. 1] Ал, халықтың өсімі-мемлекеттің алдында тұрған үлкен мәселе. Оны шешу- заман талабы. Өйткені, осыншама кең-байтақ жеріміз бола тұрып, халықтың саны өспесе, ұлт болшағына үлкен қатер төнетіндігі сөзсіз. Осы мақсаттарға жетуде халықтың табиғи өсімімен қатар, елдегі этнодемографиялық дамудың қозғаушы күштерінің бірі - көші-қон құбылыстарын реттеу өте маңызды. Көші-қон процесіне байланысты Қазақстан республикасы да салиқалы саясат жүргізе бастады. Ол саясат халықтардың орналасуына, тұрғындар өмір сүрген жердегі саяси, экономикалық, әлеуметтік- экономикалық жағдайларға байланысты жүргізіледі және әртүрлі нысанда көрініс табуда. Бұл үрдісті жүргізу тетігі мемлекеттік деңгейде сараланып, көші-қон мен халықты орналастыруға байланысты мәселелердің мәні мен маңызы барлық ғылыми білімдердің қарастыратын мәселесіне айналуда. Сондықтан да, 1991- 2010жж. көші- қонның Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-демографиялық дамуға әсерін зерттеу Отан тарихы ғылымының тарихи демография саласындағы өзекті мәселелерінің бірі.

Диплом жұмысының деректік негізі: жұмыс көптеген және әртүрлі деректерге негізделіп жазылды, олардың ең бастылары: Көші-қон процесін реттеу мен бақылауды жүйеге келтіру жолындағы мемлекеттік көші-қон саясатын құқықтық қамсыздандыру мақсатында қабылданған заңдық құжаттар , Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғылары мен Үкімет пен басшы органдардың заңдық актілері, ережелері мен әртүрлі құжаттары. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Халқымыздың көші-қоны туралы» Заңы (1997 ж. 13 желтоқсан), ҚР көші-қон саясатының Тұжырымдамасы (2000 ж. 5 қыркүйек), ҚР көші-қон саясатының 2001- 2010жж. арналған салалық Бағдарламасы (2001 ж. 29 қазан) мен «Нұрлы көш». Бағдарламасы және т. б. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». (2009 ж., 6 наурыз) . Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмыстың негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасында жүрген көші-қон процесін, оның түрлері мен барысын, нәтижелерін, оның елдің әлеуметтік-демографиялық дамуға әсерін анықтап, кешенді түрде зерттеу;

Еліміздегі көші-қонның түрлеріне орай, осы процестің барысы мен тұрғындардың ұлттық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістері мен әлеуметтiк-психологиялық тұрғыдан тұрғындардың басынан өткізудегі күрделi тарихи-демографиялық даму үрдiстерiн жүйелi зерделеу. Осыған орай диппломдық жұмысымда төмендегi мiндеттердi жүзеге асыру көзделдi:

  • Қазіргі әдістемелік қағидалар тұрғысынан республикадағы көші-қон процестері мәселесін зерттеушiлердiң тарихи-демографиялық, тарихи және әлеуметтік-саяси негiздегi еңбектеріндегі зерттелу деңгейін талдау;
  • Қазақстандағы кеңестік дәуірдің соңғы жылдарындағы (1989-1991 жж. ) сыртқы және ішкі көші-қон процесін және оның әсерін қорытындылау;
  • 1991-2010 жж. көші-қон процестері динамикасының негізгі факторларын ашып көрсету;
  • 1991-2010 жж. көшi-қон үрдiстерiнiң ерекшеліктерін, барысын және нәтижелерін кезеңдерге бөле отырып айқындау;
  • Көшi-қон процестерінің негізгі бағыттарын, түрлерін анықтап, аймақтық ерекшеліктерін саралау;
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі көші-қон процестерінің халық санының динамикасы мен жастық, жыныстық, территориялық орналасуы, білім деңгейі және т. б. құрамының өзгеруіне ықпалын анықтау;
  • Кіші қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының көші-қон мен өз кезегінде халық санының динамикасына әсерін көрсету;
  • 1991-2010 жж. көшi-қон ағындарын республика тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер етушi негізгі фактор ретінде негіздеу;
  • Зерттеудің мерзімдік шеңберіндегi Қазақстанның әлеуметтiк дамуына көші- қон процесінің әсерін нақтылау;

Көші-қон процестерінің өркениетті даму жолындағы тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiне сай, ұлттық саясатты жүргізудің тұжырымдамасы ретiнде практикада қолдануға болатын iс- шаралар бағыттарының қалыптасуындағы маңыздылығын көрсету. Жұмыстың әдістемелік негіздері. Жұмыс тарихилық, жан-жақтылық, объективтілік және басқа ғылыми методологиялық қағидалары сүйеніп жүргізілді. Тарих ғылымындағы зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы жүйелілік-құрылымдық, салыстырмалы-тарихилық және т. б. әдістемелік талаптарына сай іске асырылды. Зерттеудің басты әдістемелік негізін демографиялық-статистикалық талдау, салыстырмалы зерттеу және нақтылығын анықтау әдістері құрады. Әдістер кешенінің қолданылуы пайдаланылған әдебиеттердің сипаттамасына орай анықталды. Жұмыста 1991-2010 жж. көші-қон процестерінің барысын көрсете отырып, осы процестің Қазақстандағы әлеуметтік- демографиялық жағдайға әсерін алғаш рет жан-жақты баға беруге әрекет жасалынды. Нақтылап айтқанда:

  • республикадағы көші-қон процестері мәселесіне арналған зерттеу-шiлердiң тарихи-демографиялық, тарихи және әлеуметтік-саяси негiздегi еңбектері объективті түрде талданды;
  • Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік көші-қон саясатының құқықтық қамсыздандырылу барысы талданып, оны қадағалау тетіктерін жетілдіру жолындағы мемлекеттік іс-шаралар сараланды;
  • 1991-2010 жж. аралығындағы республикадағы көші-қонның ерекшелігі, барысы мен негізгі үрдістері екі кезеңге бөліне отырып анықталынды;
  • Қазақстандағы көрсетілген кезеңдегі көші-қон құбылыстарының облыс, аудандар бойынша қозғалысына талдау жасалынды;
  • 1991-2010 жж. көші-қон процестері динамикасының негізгі факторлары ашып көрсетілді;
  • ХХ ғ. соңы ХХІ ғ. басында Қазақстанда көрініс тапқан көшi-қон процестерінің түрлері нақтыланып, талданды;
  • Аталған мақсатта көрсетілген мерзімдегі шетелдерден тарихи отандарына қайтып оралған отандастарымыздың еңбекке араласуы бағытындағы атқарылған істері сараланды;
  • Республикаға осы уақыттағы келгендер мен кеткендердің жас мөлшер-леріне, білім дәрежелеріне талдау жасалынды;
  • 1991-2010 жж. көшi-қон ағындары республика тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық дамуына, әсіресе, оның саны мен сапалық көрсет- кіштеріне, ең алдымен, ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер етушi негізгі фактор ретінде негізделді.
  • 1992 жылы Алматыда Дүние жүзілік қазақтарының алғашқы құрылтайы өткізілді, осы жиыннан кейін шет елде тұратын байырғы ұлт өкілдерінің елге қайту ниеті бұрынғыдан да арта түсті. Қазіргі алыс-жақын шетелдердегі қазақ диаспарасы қазақ ұлтының 3/1 бөлігін немесе 4, 5 млн. адамды құрайды. Олардың көпшілік бөлігі кеңестік кезіндегі революциялық және азамат соғыстары, ашаршылық, жаппай құғын сүргін салдарынан өздерінің тарихи отандарын тастап кетуге мәжбүр болғандар. КСРО тарағаннан кейін шет елдердегі ТМД-ғы қалған қазақтар шет елдегі Қазақ диаспарасына айналды. Аталған елдердегі диаспардың мәдени және әлеуметтік, экономикалық өркендеу деңгейі бір-бірімен мүлдем ұқсамады. Сондықтан көші-қон проблемаларын кешенді зерттеу және оны шешу, ғылыми зерттеулер мен практикалық шаралардың бірлігі және өзара байланысын анықтауға тура келді. Қазір елімізде көші-қон мәселесінмен, оралмандардың тарихи отанына оралу мүмкіндігін қамтамасыз ету нақты шараларының жүйесі қалыптасу үстінде. Қазақстан республикасының президентіңің 1996 жылы 31желтоқсандағы жарлығымен күшіне енген Шет елде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын нақты осы мақсаттарға негіз болып отыр. Бұл бағдарлама кешенді іс-шараларды қамтитын негізгі алты бөлімнен тұрады.

1 ) Ғылыммен қамтамасыз ету

2) Нормативтік құқықтық негізді құру

3) Білім беру

4) Мәдениет

5) Туризм және спорт

6) Кітап шығару және БАҚ мәселелерін ұйымдастыру шаралары қамтылған.

Зерттеу жұмысының заты және обьектісі: Көші-қон қатынастарының қалыптасу тарихы, Сыртқы және Ішкі-қон көші-қон, Қазақстан Респупликасының Көші- қон Басқармасының негізгі қызметі мен міндеттері.

Жұмыстың құрылымы Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет көздерінен түрады.

1 тарау Қазақстан Республикасындағы көші-қон қатынастарының қалыптасу тарихы

Еліміз егемендік алғалы алыс-жуық шетелдердегі қандастарымыз өзінің тарихи отаны - Қазақстанға орала бастады. Қазірге дейін сырттан келген қандастарымыздың саны бір миллионға жетті. Десе де шетелде әлі де болса бес миллион қазақ отыр. Бүгінде қазақ көшінің тоқырай бастағаны туралы ақпарат құралдар жиі дабыл қағуда.

Шетелдегі қазақтар жайында сөз бола қалса өзін отаншыл, ұлтшыл көрсеткісі келетін кей азаматтарымыз: «Олар отанның басына қиын күн туғанда қашып кеткендер» деп суық бауырлық көрсетеді. Олардың ойынша, шет ел асқан қазақтың “Малды айдап, қашып кеткен” ұлтандысы Қытай мен Моңғолия қазақтары екен.

Ең бірінші айтарымыз қазіргі Қытай қазақтары мен Моңғол қазақтарының барлығы қашып кеткендер емес. Жоңғарлар жеңілген соң қазақтар 1760-1770 жылдардан бастап Алтай, Тарбағатай, Іле өңірлеріне қоныстана бастаған. Одан ары асқан бір бөлімі бүгінгі Баян-Өлгей, Қобда өңіріне барды. 1830 жылдарға келгенде Қытай қазақтары, 1880 жылдарға келгенде Моңғолия қазақтары негізінен атажұртына орнығып болған.

Ал өз бауырларын шеттетіп жаулық пиғыл танытқандардың айтып отырғаны 1928-жылы тәркілеуде қашып барғандар. Онда да қашып барғандар тұрманы түгел барғаны жоқ. Қылышынан қан тамған Кеңес қызыл өкіметі байларды тәркіледі дегеннен көрі елдің сорпа бетіне шығарларын мерзімге бөліп қырғындады деген оң. Сол қырғында біреу малынан айырылды, біреуі жағынан айырылды, біреу атасынан айырылды, біреу ботасынан айырылды.

Қазақтың қаншама боздақтары орыс солдаттары жағынан атып өлтірілді. Қаншасы қолды болып жер аударды. Кеткені келмеді, өшкені жанбады. Міне, осындай жан түршігерлік қырғын мен қудалауды мәймөңкелеген Кеңес қызыл империясы қалған халыққа соның бәрі “Қашып кетті” немесе “Мал айдап кетті” деп кері үгіт жүргізді. Олар тойып қашқан жоқ, тоңдырып қашырды. Қазақтың өз ішінен шолақ белсенділерді тауып, қазақты қазаққа салды. (Мұндай қасірет “Аманай мен Заманай” фильмінде де жақсы көрініс тапқан) . Міне, осындай ауыр жағдайда талай адам қашып жан сауғалауға мәжбүр болды. Қашпағаны қырылды. Бір мысал айтсақ, 1931 жылы қазанда Шәкәрім қажыны өз қыстауында атып өлтірді. Баласы Зият, немере інісі Бердеш Әзімбайұлы, Төлеуқазы қатарлылар қашып Қытайға өтті. Олар “Мал айдап” өтпек түгілі жанын әзер алып өтті.

Шын мәнінде жанын да аман сақтай алмады. Сол Зият Шәкәрімұлын 1938 жылы Қытай жағы қолға алып (әрине, Кеңес Одағының тапсырмасымен) із-түзсіз жоғалтты. Жалғыз Зият қана емес, ілгерінді кейінді Кеңестер Одағына оқ атқан әр пенденің сары ізіне шөп салып, 1938, 1939, 1940 жылдары арт-артынан қолға алды, қырғындады. Бұл үрдіс Моңғол жерінде жалғасын тапты. Ал, одан аман қалғандарын 1928 жылғы Кеңестік тәркілеудің көшірмесін 1958 жылы қайталаған Қытай жағы тағы да тозақтың отына күйдірді.

Ал, “мал айдап” әкеткен дегенге келсек, 1928 жылы тәркілеуден 5-10 жыл ілгері қамданғандардың бір бөлігі ғана малмен аман өткен. Ал, 1928 жылғы тәргілеу тұсында көбі малын не кеңестік өкіметтің не шекара бұзу барысында солдаттардың қолында қалдырған.

Бес қаруы сақадай сай, қызыл өрттей жалаңдаған қызыл өкімет “аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын” деп, жар салып жүріп қалың малды айдатып қойып қарап отыра ма?! “Малым-жанымның садағасы” деп қара басын аман алып өткеніне тәубе қылған талай қазақ туған жер өскен ортасынан қанды жасын төгіп амалсыз айрылды.

Қайта сол байлардың көп сандысының жері мен малы Кеңестік өкіметтік қазанында қалды. Қазынадағы бар малды халыққа бермей қолдан жасалған аштыққа байларды кінәлау жетесіне жеткізіп тәрбиелеген коммунистердің мықтылығы ма, әлде өз бауырын құрбандыққа шалуға асыққан ағалардың алапестігі ме, кім білсін!

Керісінше, Кеңестер дәуірінде Социалистік Қазақстанның мал басының барынша өскені сол байлардан қалған дәулет емес пе еді!? Аламын деп келген жоқ, беремін деп келді.

Білім іздеп жаһан кезген әбу-Насыр-әл-Фарабиді, жат елге барып сұлтан болған Бейбарысты, қазақ әдебиеті мен өнеріне бір кісідей үлес қосқан Жүсіпбек Шайқысламұлын, Асет Найманбайұлын “қашқын” деп қалай кінәларсың, олардың қазаққа берген байлығы жаңағы байлардың “қарызынан” әлденеше есе артық емес пе.

Күні кеше өткен Мұстафа Шоқай, Мұстафа Өзтүрік есімдерін қалай ұмытарсың?! Егер осының барлығын «байлардың ұрпағы» деп, «қашқын» деп еттен безді сылығандай алып тастасақ қазақ мәдениетінің қаншама орны бос қалар еді. Демек, жоғарыдағылардан шеттен келген қазақтар нені аламыз деп емес, нені береміз деп жаны мен тәнін, ет жүректен шыққан өнерін қазақ отанына бағыштап жатқанын байқаймыз.

Ал «қашып кеткендер» деушілердің ойынша болғанда қазақ баяғыда ата-мекенін тастап Сыр бойына ауғанша Жоңғардың қолында қырылып қалса жөн бе еді?!

Ал қудалауға түсетіндер қай кезде де биліктің көзіне тікендей қадалатын білімділер, оқымыстылар болған. Қазақ қай кездерде де бір атадан қалған жалғыз тұяқтың өзін таса жерде өсіріп кейіннен еліне табыстап отырған. Абылайханның өз басынанда сондай бір оқиғалардың өткенін білеміз. Олай болса, “Сендер қашқанша неге қырылып қалмадыңдар” деу ешқашан ет-жүректі пенденің айтары емес еді.

Егемен еліміздің іргесі бүтін, керегесі кең болуы үшін әрине, бар қазақ бір қазақтың баласымыз дейтін бауырмалдығымыз болғанда ғана текті ұлт екенімізді танытар едік. Ел ішіне іріткі тастап, алтыбақан алауыздықпен қазақты қазаққа жау көрсетсек нағыз масқара болмаймыз ба?

Жер бетіндегі өркениетті ұлт ретінде өсіп-өнуіміз үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез жеткелі қашан!?. Онсызда бізді жұта салғысы келіп отырған аждаһалар берекесіздігімізді пайдаланып бір-бірден-ақ таусағысы келіп отырған жоқ па?!

Қытай жағы таратып отырған мәліметтерге сенсек, Қытай жерінде бір миллион бес жүз мыңға тарта қазақ тұрады. Бұл арада Қытайдағы әр жылғы мәліметтерге сүйенсек, 1949 жылы, яғни коммунистік Қытай қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған кезеңде онда 443700 қазақ болған. Бұл сан әр жылы шамамен 20 мыңдық қарқынмен өсіп отырған. 1960 жылға келгенде қазақтардың саны 541600-ге жеткен. Осыдан екі жылдан кейін, атап айтқанда 1962 жылға келгенде қазақтардың саны 487400-ге құлдыраған. Демек, екі жылдық туу санын қосқанда 100 мың адамның кемігені жасырын емес. Бұл 1962-жылғы ұлы көш және көштен кейінгі қолдан жасалған аштықтың салдарынан екені айдан анық. Осыдан кейінгі жылдарғы өсу салыстырмасы кей жылы 20 мың, кей жылы 30 мыңдық қарқынмен артып отырған. Сөйтіп, 1990 жылға келгенде ондағы қазақтардың саны бір миллион екі жүз мыңға жеткен. Бір қызығы, осыдан кейінгі мәліметтер аса айқын емес. Әсіресе, 1995 жылдан 2007 жылға дейінгі мезгілдегі өсу салыстырмасы айқын көрсетілмеген. Бір миллион екі жүз мың халықтың әр жылғы өсу салыстырмасы бойынша қарасақ, 1990 жылдан 2007 жылға дейінгі 17 жылда кемінде 500 мың адам қосылады екен. Сонда Қытайда кем дегенде 1 миллион 700 мың қазақ тұрады деген сөз. Демек, бұл ресми емес деректердегі Қытайда екі миллион қазақ тұрады дегенді теріске шығармайды. 2]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Көші - қон саласындағы ішкі істер органдарының қызметі
Халықтың көші - қоны саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Заңсыз иммигранттар
Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі)
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz