Туристік сала мамандарын даярлау тарихы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТУРИСТІК САЛА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ ТАРИХЫ ... ... ... ... 5
1.1 КСРО және Қазақстандағы туризм мамандарын даярлау
жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Шетелдегі туризм мамандарын даярлау жүйесіне сипаттама ... ... ..9
2 ТУРИСТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..17
2.1 Туризм мамандарын даярлау алғышарттары ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Жоғары оқу орындарының кредиттік білім жүйесіне өтуі ... ... .24
2.3 Туристік оқу үрдісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.4 әл.Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Тұран» университтері туристік
кадрларды даярлау жетекшілері ретінде ... ... ... ... ... ... ... .34
3 ТУРИСТІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.1 Туристік білім беру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
3.2 Қашықтан оқу жүйесінің енгізілу алғышарттары ... ... ... ... ... ...47
3.3 Туристік сала мамандарын даярлауды мемлекеттік қолдау ... ... .51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Қазақстан Республикасының экономикасында тәуелсіздік алған жылдардан бері көптеген түбегейлі өзгерістер болды. Қазіргі қалыптасқан жаңа экономикалық қатынастар барлық салаға жаңа көзқарастар қалыптастыру керектігін көрсетеді. Бұрынғы экономиканың басты салаларына айналған салалар өз орындарынан кетіп, жаңа табыс көздері ашылып жатыр. Солардың бірі туризм деп айтсақ болады.
Қазіргі күні туризм Қазақстан экономикасында ең тиімді дамушы салалардың бірі. Оны Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап өтті. Жаңарып жатқан туризм индустриясы көптеген мәселелер мен сұрақтарды шеше алатын мамандандырылған кадрларды талап етеді.
Қазіргі қоғам өміріндегі туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызының артуы мен туристік қызметтердің қалыптасуы мамандарды даярлау кезеңінің жетілдірілуін, яғни маманданған білімнің мазмұнын қайта қарап, мамандарды даярлаудың тиімді формаларын жасауды қажет етеді.
Бүгінгі туристік нарық туризм мамандарын даярлау жүйесіне өзгерістер енгізуді талап етеді, яғни маман туристік салада қажетті заманға сай технологияларды қолдана және пайдалана білуі керек. Және де тек ана тілінде ғана емес, шет тілде де кәсіби білімімен қатар коммуникацияны жетік меңгерген, мәдениеттілігін білуі қажет бола бастады. Бұл тек туристік нарық талабы ғана емес, студенттердің өздерінің де жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтары өзгерді, олар тек өз мамандықтарына ғана қатысты білімді игеріп қана қоймай, халықаралық талаптардың жоғары деңгейіне жауап бере алатындай және елдің ішкі туристік нарығында күннен күнге өзгеріп жатқан талаптарға сәйкес келе алумен қатар, заманға сай технологияларды, коммуникацияны меңгергісі келеді.

1 Сайт Министерства Туризма и Спорта. www. mtc.kz.
2 Вуколов В. Н. Теория и практика подготовки специалистов туристской индустрии в высших учебных заведениях. – Алматы: Университет «Туран», 1999. – 268 б.
3 Никитинский Е.С. Этапы становления и современное состояние туристской индустрии Республики Казахстан: Учебное пособие для ВУЗов. – Астана. 2007. – 169 б.
4 Общие сведения о системе высшего образования во Франции. www.edu-cip.kz
5 Волошин Н.И. Правовое регулирование туристской деятельности. М.: РМАТ, 1997. - 64-106 б.
6 Туристское образование в Швейцарии. www.swissboard.ru
7 Сакун Л.В. Теория и практика подготовки специалистов сферы туризма в развитых странах мира. - Киев: МАУП, 2004. - 399 б.
8 Летникова Н.Б. Современные подходы к подготовке кадров ля работы в сфере туризма. Тезисы докладов Первая Российская научно-практическая конференция. Туризм: подготовка кадров, проблемы и перспективы развития. – М: ГАСБУ. 1999. – 22-24 б.
9 Калинкин Л.А., Шкляев Н.А., Жолдак В.И. и др. Маркетинговые аспекты развития туризма//Теория и практика физической культуры, 1997. - № 6, 48-51 б.
10 Квартальнов В.А. Туризм: теория и практика: Т.1. Гуманитарные проблемы развития туризма: история и современность. - М.: Финансы и статистика, 1998. - 192 с.
11 Сайт Министерства Образования и Науки. www.edu.gov.kz
12 Ердавлетов С.Р. Кафедре туризма 10 лет. // Кафедре туризма 10 лет. Алматы: - 2006. – 13-15 б.
13 Национальная квалификационная структура Республики Казахстан и подготовка кадров в сфере туризма и сервиса.- Астана: - 2008. www.mtc.kz
14 Абишева З.М., Ердавлетов С.Р. Особенности внедрения кредитной технологии по специальности «Туризм» на географическом факультете КазНУ им. аль-Фараби. // Туризм и рекреация: фундаментальные и прикладные исследования: труды II Международной научно-практической конференции. МГУ им. М. В. Ломоносова, географический факультет, Москва, 20 апреля 2007. – М.: РИБ «Турист», 2007. – 366 б.
15 Фролова Т.А. Экономика и предпринимательство в сфере социально-культурного сервиса и туризма. Конспект лекций по курсу. http://tourlib.net
16 Ердавлетов С.Р. Кафедре туризма – 12 лет. Современная, экономическая, социальная и политическая география Казахстана: проблемы и перспективы. – Алматы. - 2009.
17 Сайт университета Туран. www.turan.kz
18 Минаева А.Г. Почем диплом? – Мы выбираем Караван, Караван выбирает нас. – 3.10.2008. - №40.
19 Сайт агенства Статистики Республики Казахстан. www.stat.kz
20 Жақаев М. Қашықтан оқыту. www.bibliofond.ru
21 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің сайты. www.kaznu.kz
22 Околесов О. П. Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика. -1999. -№ 6. - 50-56 б.
23 Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение: каким ему быть? // Педагогика. - 1999. -№7. - 29-34 б.
24 Пидкасистый П.И. Тыщенко О.Б. Компьютерные технологии в системе дистанционного обучения // Педагогика. - 2000. - №5.- 7-12 б.
25 Актымбаева А.С., Зиадина А.З. Профессиональная подготовка менеджеров туризма с использованием Internet-технологий.// «География Ғылым және Білім» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары 11-12.12.08. Алматы: -2008. – 329 б.
26 Лапин А.Ю. Принципы отбора содержания образования и построения модели начальной профессиональной подготовки /"Актуальные проблемы туризма-98". II Всероссийская конференция. Сб. научн. тр. - М.: РМАТ, 1998, 21-27 б.
27 Лубышева Л.И., Косихин В.П. Кадровая поддержка развития инновационных процессов в физическом воспитании//Теория и практика физической культуры, 1997, №1, 2-6 б.
28 Вуколов В. Н. Теория и практика подготовки специалистов туристской индустрии в высших учебных заведениях. – Алматы: Университет «Туран», 1999. – 268 б.
29 Вуколов В. Н. введение в специальность «Туризм». Алматы: - 2004. – 45 б.
30 Козлов А.А Туризм как важнейший фактор экономики. // Тезисы докладов. Первая Российская научно- практическая конференция. Туризм: подгатовка кадров, проблемы и перспективы развития. – М. : ГАСБУ. 1995 – 112-113 б.
31 Резников Е.Н. Профессиональная подготовка сотрудников, занятых в сфере туризма. Психология туризма. – М: РМАТ. - 1999. 48-63 б..
32 Морозов М.А. Направления подготовки специалистов для туриндустрий.//Тезисы докладов. Первая Российская научно-практическая конференция. Туризм: подготовка кадров, проблемы и перспективы развития. – Алматы. 2003. – 215 б.
33 Квартальнов А.В. Дидактические основы профессиональной подготовки менеджеров туристско-спортивного обучения. Автореф. Канд. дис. М., 1999. - 24 б.
34 . Сакун Л.В. Теория и практика подготовки специалистов сферы туризма в развитых странах мира. - Киев: - МАУП, 2004. - 399 б.
35 Дихтяр С.В. Аудио-визуальные средства в подготовке специалистов для сферы туризма. // Тезисы докладов Первая Российская научно-практическая конференция. Туризм: подготовка кадров, проблемы и перспективы развития. – М: ГАСБУ. 1999. – 25-26 б.
36 А.И.Сесёлкин. компетентностный подход и профессиональное туристкое образование. // Туризм и рекреация: фундаментальные и прикладные исследования: труды II Международной научно-практической конференции. МГУ им. М. В. Ломоносова, географический факультет, Москва, 20 апреля 2007. – М.: РИБ «Турист», 2007. – 345 б.
37 Школьников М.А. Совершенствование системы подготовки кадров для индустрии туризма. www.kadry.ru
38 www.wikipedia.org
39 www.edu-cip.kz
40 www.turizm.ru

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТУРИСТІК САЛА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ ТАРИХЫ ... ... ... ... 5
1.1 КСРО және Қазақстандағы туризм мамандарын даярлау
жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Шетелдегі туризм мамандарын даярлау жүйесіне сипаттама ... ... ..9
2 ТУРИСТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..17
2.1 Туризм мамандарын даярлау алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Жоғары оқу орындарының кредиттік білім жүйесіне өтуі ... ... .24
2.3 Туристік оқу үрдісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.4 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тұран университтері туристік
кадрларды даярлау жетекшілері ретінде ... ... ... ... ... ... ... .34
3 ТУРИСТІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
3.1 Туристік білім беру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...42
3.2 Қашықтан оқу жүйесінің енгізілу алғышарттары ... ... ... ... ... ...47
3.3 Туристік сала мамандарын даярлауды мемлекеттік қолдау ... ... .51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының экономикасында тәуелсіздік алған жылдардан бері көптеген түбегейлі өзгерістер болды. Қазіргі қалыптасқан жаңа экономикалық қатынастар барлық салаға жаңа көзқарастар қалыптастыру керектігін көрсетеді. Бұрынғы экономиканың басты салаларына айналған салалар өз орындарынан кетіп, жаңа табыс көздері ашылып жатыр. Солардың бірі туризм деп айтсақ болады.
Қазіргі күні туризм Қазақстан экономикасында ең тиімді дамушы салалардың бірі. Оны Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап өтті. Жаңарып жатқан туризм индустриясы көптеген мәселелер мен сұрақтарды шеше алатын мамандандырылған кадрларды талап етеді.
Қазіргі қоғам өміріндегі туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызының артуы мен туристік қызметтердің қалыптасуы мамандарды даярлау кезеңінің жетілдірілуін, яғни маманданған білімнің мазмұнын қайта қарап, мамандарды даярлаудың тиімді формаларын жасауды қажет етеді.
Бүгінгі туристік нарық туризм мамандарын даярлау жүйесіне өзгерістер енгізуді талап етеді, яғни маман туристік салада қажетті заманға сай технологияларды қолдана және пайдалана білуі керек. Және де тек ана тілінде ғана емес, шет тілде де кәсіби білімімен қатар коммуникацияны жетік меңгерген, мәдениеттілігін білуі қажет бола бастады. Бұл тек туристік нарық талабы ғана емес, студенттердің өздерінің де жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтары өзгерді, олар тек өз мамандықтарына ғана қатысты білімді игеріп қана қоймай, халықаралық талаптардың жоғары деңгейіне жауап бере алатындай және елдің ішкі туристік нарығында күннен күнге өзгеріп жатқан талаптарға сәйкес келе алумен қатар, заманға сай технологияларды, коммуникацияны меңгергісі келеді.
Қазақстанда туризм менеджерлерін даярлау 1992 жылдан бастау алса да, туристік саланың кадрмен қамтамасыз етілуі әзірге көңіл толарлық емес. Қазіргі күні мемлекеттік, жекеменшік және шетел университеттерінің филиалдарын қоса санағанда шамамен 19 жоғарғы оқу орны туризм саласына мамандар даярлайды [1]. Алайда олардың көбінің түлектерінің білім және дайындық деңгейі халықаралық талаптарға сай келмейді. Еліміздің алға қойған мақсаттарының бірі болашақта бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына ену болса , туризм бәсекелестікке төтеп бере алатын саланың бірі болуы тиіс. Ал ол бәсекеге қабілетті болуы үшін оның барлық жүйелері тиімді жұмыс істеуі қажет. Ол жүйенің бірі кадрлар мәселесі. Сондықтан да кадрларды даярлау жүйесіне сараптама жүргізген бұл дипломдық жұмыстың көтерген мәселесі өзекті болып келеді.
Осыған байланысты дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы туристік білім жүйесіне талдау жасау. Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттерді орындау қажет:
1. Қазақстан Республикасындағы туристік білім білімнің даму деңгейін сипаттау ;
2. Туристік білімнің қазіргі заманғы жағдайы мен болашағын сараптау;
3. Еліміздегі туристік кадрларды даярлау орталықтары ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Тұран университеттерінің даярлау ерекшеліктеріне сипаттама беру;
4. Туристік сала білімінің даму болашағы мен мәселелерін зерттеу;
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
1 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тұран университтері білім беру жүйелерін салыстырмалы түрде зерттеу;
2 Жаңа білім беру жүйесі қашықтан оқу жүйесінің енгізілуінің ерекшеліктеріне талдау жасау;
3 Жоғары оқу орындардың кредиттік білім жүйесіне өту үрдісін, оның ерекшеліктерін баяндау;
Дипломдық жұмысты жазу барысында әдеби, статистикалық, логикалық, тарихи, салыстырмалы тәсілдер қолданылды.
Жұмысты орындау барысында автор әдеби қайнар көздер мен статистика агенттігінің деректерін, мерзімді басылымдар, интернет жүйесінен алынған ақпараттар мен жеке бақылауларын қолданды.
1 ТУРИСТІК САЛА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ ТАРИХЫ
3.1 КСРО және Қазақстандағы туризм мамандарын даярлау
жүйесінің қалыптасуы
Кеңес одағының жоғарғы оқу орындарында туризм мамандығы бойынша білім беру 50-жылдары алға қойылды. Сол кезде педагогикалық институттардың дене шынықтыру факультетінің студенттеріне туризм мамандығын міндетті пән ретінде алғаш рет енгізді. Содан кейінгі отыз жыл бойында туризм негіздерін үйрету барысында болашақ дене шынықтыру ұстаздары үшін оқу бағдарламасы бірнеше рет өзгерді. 70 жылдардың соңында туризмге жергілікті бағдарлау пәні қосылды, кейінірек КСРО ағарту министрлігі туризм және спорттық бағдарлау пәнін енгізді.
Жалпы 130 сағатқа тең уақытта студенттер туризм техникасын, спорттық бағдарлаудың дайындық ерекшеліктерін, мектеп оқушыларымен бірге ұйымдастырылатын туристік жорықтар тәсілін, топография негіздерін, туризм мен спорттық бағдарлау бойынша жарыстар ұйымдастыруды, өлкетану жұмыстарын игеріп шығулары керек болды. Студенттердің теориялық білімдері сегіз күнге созылған I-дәрежелі оқу-жаттығу жорығы кезінде практикалық біліммен нығаятын. Нәтижесінде дене шынықтыру факультетінің түлектері мектептер мен мектептен тыс білім беру орындарында туризм мен спорттық бағдарлау бойынша педагогикалық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге дайын болып шығатын.
Туризм мен спорттық бағдарлауды өзінің спорттық шыңдалуының бір түрі ретінде таңдағандар үшін үшінші немесе төртінші курста осы пәндерден факультатив сабақтар ұйымдастырылатын. Факультатив барысында студенттер II- спорттық разряд пен туризм инструкторы дәрежесін алу үшін нормативтер тапсыруы қажет еді.
60 жылдардың басында педагогикалық институттардың тәжірибесін дене шынықтыру институттары қайталады. Олардың педагогикалық факультеттерін оқу жоспарына туризм пәні енгізілді. Оның жоспары бойынша болашақ дене шынықтыру мамандары туризмнің теориясымен танысып, 5 күнге созылған оқу жорығына қатысатын. Осылайша олар туристік жорықты ұйымдастыру мен жүргізудің алғашқы әдістерін үйреніп, туған өлкелері бойынша көпкүндік категориясыз жорықтар мен демалыс күнгі жорықтардың жетекшілері бола алатындай еді.
Дене шынықтыру институттарында туризмнің оқу пәні ретінде қалыптасуының тағы бір этапы спорттың өзге де түрлерімен қатар туризмнің өзіндік мамандық ретінде танылуымен байланысты. Бұл қадам С.М.Киров атындағы Әзірбайжан мемлекеттік дене шынықтыру институтында жасалды: педагогикалық факультетте Туризм және спорттық бағдарлау мамандығы ашылды.
1978 жылы жоғарғы туристік білімді алғаш алған түлектер туризм мен экскурсия бойынша кеңестер туристік клубтарына және Әзірбайжанның туристік базаларына жіберілді. Бұдан кейін КСРО-ның жоғарғы және орта білім Министрлігі дене шынықтыру инстуттарында Көпшіліктік сауықтыру-дене шынықтыру жұмысы мен туризм мамандығын енгізді.
Экскурсиялық ұйымдарға мамандар даярлау университеттерде қолға алынды. 1968 жылы Ростов мемлекеттік университетінің геология-география факультетінің география бөліміне сырттай оқу түрімен өлкетану және туристік-экскурсиялық іс-шараларды ұйымдастыру тәсілдері мамандығына студенттер қабылданды. 5 жылдан соң мамандықты стационарға енгізді, оған студенттер екәінші курстан соң қабылдана беретін.
Ростов университетінен басқа бұл мамандықты Белорусс, Киев, Симферополь, Тбилиси, Әзірбайжан, Ташкент университеттерінде енгізді. Аталған оқу орындарындағы экскурсия мамандарын даярлау бағдарламасында экскурсия, өлкетану, туристік және рекреациялық пәндер үйлестірілді. Экскурсияны жүргізу ерекшелігіне, экскурсовод жұмысының тәсілдерін үйретуге Ростов университетінде баса назар аударылды [2].
Өлкетану және туристік-экскурсиялық іс-шараларды ұйымдастыру мамандығының пәндер негізін Экскурсияны даярлау және жүргізу тәсілі экскурсиялық істің ұйымдастырылуына және экономикасына, КСРО жәәне шетелдердегі туристік-экскурсиялық іс-шаралардың ұйымдастырылуы және тарихы, туристік-экскурсиялық іс-шаралардың экономикалық негіздері, Мектептердегі табиғаттану экскурсияларын жүргізу тәсілдері сынды мамандандырылған курстар құрайтын.
Болашақ экскурсия маманын даярлауда өлкенің тарихымен, мұражай жұмысымен, өнер жәдігерлерімен таныстыратын пәндерге баса назар аударылатын, мысалы: Төменгі Дон тарихы , Төменгі Дон және Солтүстік Кавказ топонимикасы, экскурсияларда өнер туындылары мен сәулет ескерткіштерін пайдалану тәсілдері. Сонымен қатар студенттер Рекреациялық география, Рекреациялық зерттеулер тәсілдері сынды пәндерді оқитын.
Үшінші курстан кейін Ростов облысының экскурсия және саяхат бюроларына өндірістік практика ұйымдастырылатын, ал төртінші курстан соң елдің алдыңғы қатарлы экскурсия орталықтарына жіберілетін. Практикалық экскурсиялық жұмысқа студенттерді тарту үшін геология-география факультетінде экскурсия бюросын ашты, ал экскурсия және туризм бойынша Ростов кеңесінде мамандықтың таяныш бөлімі ұйымдастырылды.
Университетті аяқтау кезінде студенттер жоғары географиялық дипломмен бірге II- дәрежелі экскурсовод квалификациясын алып, туризм жөніндегі кеңес пен экскурсия бюроларына жұмысқа жіберілетін. Алайда, рекреациялық зерттеулер жүргізе алатын мүмкіндіктері, географиялық білімдері оларға демалыс орындарын жоспарлау және туризмді бағалау зерттеулерін жүргізетін орындарда да жұмыс істеуге мүмкіндік беретін.
ВЦСПС профсоюз қозғалысының Жоғарғы мектебінің санаторий-курорт және туристік-экскурсиялық ұйымдарға мамандар даярлау факультеті туристік-экскурсиялық ұйымдарға экономисттерді даярлайтын еді. 1977 жылы алғашқы 23 түлек туризм және экскурсия жөніндегі Кеңестің Орталық жүйесіне кіретін турбаза, қонақүй, пансионаттардың қаржылық жоспарлау бөлімдерінде жұмыс істей бастады. 1970 жылдардың аяғында-1980 жылдардың басында көптеген жоғарғы оқу орындарының қоғамдық мамандықтар факультетінде экскурсия жүргізу бөлімдері ашылды.
Қазіргі күні нарықтық экономика жағдайында туристік кадрларды даярлау жүйесінің қайта құру керек, сондықтан да бізге алыс-жақын шетелдердің тәжірибесін негізге алуымыз қажет. Алайда, шетелдің тәжірибесін өз еліңе әкеліп пайдалану, көп жағдайда теріс нәтиже әкелетіні де мәлім. Сондықтан да Қазақстан үшін тиімді болатын және сәйкес келетін тәжірибесін пайдалануға болатын шетелдік мамандандырылған оқу орындарының таңдау критерийі төмендегідей:
1 Тұрақты нарықтық экономика жағдайында дамыған туристік индустриясының болуы;
2 Туристік-рекреациялық ресурстардың ұқсастығы;
3 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында пайдаланылатын тіл;
4 Осы елдердің мамандандырылған оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, Қазақстанда олардың филиалдарын ашылуын қамтамасыз ету.
Аталған критерийлердің бірі болмаса біріне Ресей, Кипр, Франция елдері сәйкес келеді.
Ресей қазіргі күні де құрамына туристік кадрларды даярлайтын оқу орындары кіретін мықты туристік индустриясы бар ұлы держава болып табылады. Сараптамаларға сүйенсек, Ресейден өзге бұрынғы КСРО құрамындағы елдерге де тән туризм үшжақты бағытта дамуда:
1 Ресей азаматтарының алыс шетелдерге рекреациялық-танымдық саяхаттарын ұйымдастыру;
2 Шоп-туризм ұйымдастыру;
3 Саяхаттың белсенді түрлерін таңдау арқылы шетелдік туристерге турлар ұйымдастыру;
Қазақстандағы сынды Ресейдегі туристік фирмалардың көбісі аталған туристік қызмет түрлерінің барлығымен бір мезгілде айналыса береді. Және де Ресей туристік аймақ ретінде сәйкес қызмет түрлерімен айналысатын шетелдік фирмалардың қызығушылығын тудырады. 1995 жылы Санкт-Петербургте Интурист-95 халықаралық көрме-жәрмеңке өтті. Бұл көрме төртінші рет өткізіліп, оған қырықтан астам елден мыңдаған туристік фирмалар қатысты. Көрмеден басқа туристік қызметтер көрсету облысындағы жетістікке Интурист-95 бағдарламасы аясында өткен жәрмеңке, семинарлар, тәжірибемен алмасуды жатқызуға болады. Туристік бизнестің ерекшелігі бәсекелес туристік фирмалардың бір-бірімен клиент алмастыруда, қызмет көрсету тәжірибесімен алмасуда, мерзімдерімен, өзара жауапкершіліктермен тығыз байланысты болуы. Сондықтан да Интурфест сынды акцияларға барлық дәрежелі фирмалар қатысу керек.
КСРО-да ішкі туризм ВЦСПС-тің туризм мен экскурсия жөніндегі Кеңес құрамына кіретін ұйымдар іске асыратын, ал шетелдік туризмді ВКЛСМ Орталық Комитеті жанындағы Спутник жастар туризмі Бюросы ұйымдастыратын. КСРО тарағаннан кейін аталған екі ұйым ЦСТЭ-Интур Акционерлік қоғамына бірікті, ол ресей туристік индустриясының басым бөлігін қадағалайды. ЦСТЭ-Интур АҚ қарамағындағы ЦСТЭ квалификацияны көтеру институтында Ресей халықаралық туризм академиясы (РХТА) құрылды, ол Ресей туристік индустриясы мен шетелдік туризм мамандарын даярлайды.
РХТА-дағы туризм кадрларын даярлау жүйесі өзіндік, яғни ресейлік тәжірибемен шетел тәжірибесін ұштастырған. Сондықтан да Қазақстанға сәйкес келеді.
Ал Қазақстан Республикасындағы туристік жоғары білімнің қалыптасу кезеңі (сонымен бірге туризмнің де даму кезеңі) 5 негізгі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең (б.д.д. III мыңжылдық - 15 ғасыр). Бұл кезең екі бөлімнен тұрады. Б.д.д. III мыңжылдықтан XIII ғасыр аралығында прототуристік кадрларды даярлау ұйымдастырушыларды даярлау (қазіргі заманғы менеджерлер), керуендерді құрастырушы мен басқарушыларды (қазіргі гидтер) даярлау эмпирикалық деңгейде және жанұя-әулет негізінде жүзеге асатын. Дәл осы уақытта саяхатшылар күнтізбесіне арналған оқу құралдары шығарыла бастады. Мысалы, атақты ғалым философ, дәрігер Ибн Сина (980 - 1037 жж.) Канон врачебной науки атты кітап жазып шығарды, ондағы басты тараулардың бірі саяхатшылар күнтізбесіне арналған.
Екінші бөлім (XIII - XV ғғ.) жоғарғы дайындық мектебінің моңғол-тимурид кезеңімен сәйкес келеді. Бұл уақытта жоғары даярлық мектептерінде саяхатшыларды орналастыру, тамақтандыру орындарында - керуен сарайлар, сауда-қолөнершілер үйінде қызмет көрсету үшін мамандар даярлайтын болды.
Екінші кезеңде (XV ғ. - 1731 жыл), жоғары даярлық мектебінің дағдарысы кезінде Мекке, Медине, Түркістан қалаларына тәу етушілерді апаратын және діни орындар туралы ақпарат жинайтын мамандар даярлау қолға алынды.
Үшінші кезең (1731 - 1917 жж.), Қазақстанның Ресей империясының құрамына кірген уақытымен байланысты. Ол кезде өлкетанушылар даярлау қолға алынды, Верный қаласындағы Орыс тау қоғамының (ОТҚ) тау гидтерін даярлау бөлімі және жергілікті халықтың ОТҚ экспедицияларына қатысуымен жүзеге асырылды.
Төртінші кезең (1917 - 1991 жж.) - Кеңестік дәуірде Қазақстан туризмінің дамуы. Ол екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім Соғысқа дейінгі және кезіндегі Қазақстан туризмінің дамуы (1917 - 1945 жж.), ал екінші бөлім Соғыстан кейінгі Қазақстан туризмінің дамуы (1945 - 1991 жж.). бірінші бөлімде Қазақстан бойынша туристік маршруттардың жолсілтемелері шығып, мұғалімдер туристік дайындықтан өтті, Кеңес Әскерінің атты әскеріне нұсқаушылар даярланды. Екінші бөлімде тау туризмнің нұсқаушыларын даярлаудан Жалпы Кеңестік (ВЦСПС) және республикалық (Казсовпроф) жиылыстар ұйымдастырылып, жоғарғы оқу орындарында туризм нұсқаушыларын даярлайтын факультативтер ашылып, дене шынықтыру институттарында денешынықтыру және туризм мамандары даярлана батады. (алғашқы түлектер 1986 жылы шықты).
Бесінші кезең - Тәуелсіз Қазақстандағы туризм дамуы (1991 - бүгінге дейін) бұл кезең де екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде (1991-2004 жж.), туризмнің дағдарыс уақытындағы дамуы, 1992 жылдан бастап Қазақстан ЖОО 0611 Туризмді басқару мамандығы ашылды. 1998 жылдан бастап ЖОО 0902 - Туризм және спорт экономикасы, 0618 - Туризм және әлеуметтік-мәдени сервис, 0619 - Халықаралық туризм мамандықтары бойынша менеджерлер даярлана бастады. 2001 жылдан бері ЖОО менеджерлер даярлау 080100 - Туризм мамандығы бойынша жүзеге асырылады.
Екінші бөлімінде (2004 жылдан бүгінге дейін) туризмнің дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде менеджерлерді даярлау 050902 - Туризм мамандығы бойынша және кредиттік жүйе бойынша жүргізіледі.
1999 жылға дейін Қазақстан территориясында туризм мамандарын 23 оқу орны даярлайтын. Алғашқы туризм кафедрасыТұран университеті мен Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Университетінде ашылды [3].
1.2 Шетелдегі туризм мамандарын даярлау жүйесіне сипаттама
Франция дамыған туристік индустрия елі. Қымбат отельдері, қолайлы отельдері бар Лазурный жағалаумен (Ницца, Канн, Сен-Тропез) қатар Солтүстік теңіз, Прованста, оңтүстік-батыс жағалауда туризм өте жақсы дамыған. Туристерді жыл бойына Француз Альпілері, олардың курорттары жыл бойына қызықтырады. Қонақүй шаруашылығы мен туристік сервис өте жоғары деңгейде, сондықтан да олар көп табыс түсіреді.
Алайда, Франция бізге тек жақсы дамыған туристік инфрақұрылымы бар деп қана емес, сонымен қатар туристік білім беру жөнінен де қызықты. Францияның білім беру жүйесі икемді. Оқу соңында университет бүкіл әлем таныған ұлттық диплом немесе ішкі диплом (Франциядан басқа елдерде айтарлықтай маңызы жоқ) беріледі. Францияда білім алу тегін, мемлекет білім саласына үлкен көлемде қаржы бөліп отырады.
Францияда 70-ке жуық мемлекеттік университеттер мен 300-ге жуық жоғары мектептер мен зерттеу орталықтары бар. Олардың құрамына кезінде "институттар", "мектептер" мен "зертханалар" кірген, ал бүгінде Unites de Formation et de Recherche (U.F.R.) деп аталатын құрылымдық бөлімдер, яғни 800 факультет жатады.
Кішігірім университеттерге тәртіптің әртүрлі түрі мен бірінші оқу циклінің көптеген студенттер саны тән. Лилль, Тулуза, Лион, Экс-ан-Провай-са, Бордо, Гренобл секілді шет аймақтық ірі қалалардың университеттерінде мамандандыру жүйесі тар, онда екінші және үшінші цикл студенттері көбірек. Студенттердің төрттен бірі жиналған Парижде факультет, бағдарлама мен мамандандырудың кез-келген түрін кездестіруге болады.
Францияның жоғары білім беру жүйесі қабылдау әдісіне байланысты екі негізгі құрылымға бөлінеді:
-"Ориентация" жоғары оқу орны ретінде қарастырылатын университеттер
-"Мамандандыру" жоғары оқу орны ретінде қарастырылатын институттар мен жоғары мектептер"Grandes ecoles". Институттар мен жоғары мектептерде қабылдау конкурсы (емтиханы) немесе қабылдау комиссияға ұсынылған құжаттардан құралған іріктеу жүйесі қалыптасқан.
Ерекше беделді жоғары оқу орындары жоғары мемлекеттік әкімшілік, ірі кәсіпорындар мен оқытушылық салада мамандар даярлайтын Жоғары мектептер болып табылады (Grandes Ecoles). Жоғары мектептер кандидаттардың құжаттарын қарастырып, конкурстар мен іріктеу емтихандарын қатаң түрде өткізетін инженерлік-техникалық, педагогикалық және коммерциялық топтарға бөлінеді [4].
Францияда 3 деңгейлі білім беру жүйесі бар:
Бакалавриат. Бірінші цикл 2 жылға қарастырылған, соңында университеттік білім беру туралы ғылыми-техникалық немесе жалпы диплом алу мақсатында өткізілетін емтиханмен аяқталады. Көпшілігі осы сатыда тұрақтап қалады. Себебі, бұл құжат жақсы жұмыс табуға мүмкіндік береді.
Магистратура. Екінші цикл университетте алған екі жылдық білімді кеңейту мен тереңдетуге арналған. Бір жылдан кейін лиценциат дипломы, екі жылдан кейін магистр дипломы, үш жылдан кейін инженер дипломы беріледі. Дипломның үшеуі де ұлттық түрде танылған диплом болып есептеледі. Екінші циклға студенттер қабылдау бос орындарға байланысты кейде құжаттар конкурсы, кейде қабылдау тестінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Екінші циклдің кезеңдерінің барлығын біртіндеп мына түрде өтуге болады: лиценциат-магистр-инженер. Немесе бірден екіжылдық немесе үшжылдық курстарға түсуге болады.
Докторантура. Үшінші цикл таңдаған мамандықты тереңдетіп оқытуға арналған және мұнда студенттің бағдарламаға түсер алдында жасаған өзіндік ғылыми жұмыстары болуы керек. Осы кезеңді табысты аяқтағандарға арнайы жоғары білім (DESS) немесе тереңдетілген білім (DEA) туралы диплом беріледі.
Қазақстандағы туристік менеджерлерді даярлауда Карет француз институтының тәжірибесін пайдалануға болады, ол Парк Инолен Бордо Мериньякта орналасқан, 1990 жылдың қаңтарында құрылды. Карет 15 эксперт-кеңесшілерді біріктіреді, олардың әрқайсысының өзіндік біліктілігі бар. Кареттегі негізгі оқыту жүйесі мынадай: туристік мансапқа нақты потенциалды мүмкіндіктері бар тұлғаларды қызықтыру; мамандардың жаңа ағымын қалыптастыру, олар туризмді дамыту стратегиясын оқыған және пайдалана алатын, жаңа құрылымдарды игере алатын болып маманданады; сондай ақ техникаға, шет тілдерге, қабылдау тәсілдеріне, саудаға, басқару өнеріне, нарықтың жаңа сұраныстарына орай туристік өнімді көркейте білуге, туризмге қажетті жаңа ойлар мен жоспарлар зертханасы болуға үйретеді. Карет туризм Министрлігімен, еңбекпен қамту аймақтық басқармасымен, туристік сектордың аралас қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар мен жеке кәсіпорындармен (отель, мейрамхана, турагенттік, демалыс саябақтары) тығыз қарымқатынаста.
Карет туризмдегі басқарма және коммерциялық қызметшілерді даярлайды. Басқарма кадрларын даярлауға 8 ай немесе 1365 сағат кетеді, оның 312-сі кәсіпорындарда өтеді. Курс ВАС+5 білім дәрежелі кандидаттарға немесе маман ретіндегі тәжірибесі 5 жылдан кем емес тұлғаларға ұсынылады. Білім берудегі негізгі мақсат: туризм мамандарын зерттеуге үйрету, үздіксіз өзгерісте және үлкен қоғамда өз ісін табуға, туризм экономикасын да Еуропа нарығы сияқты уақытында жылжытуға, туристік маркетинг, экономика, қаржы, эксплтациялық басқару саласындағы қоршаған ортаның тәжірибесін пайдалануға үйрету. Курстан түлектер жоба директорлары, жеке, қоғамдық ұйымдар немесе аралас экономикалы туристік кәсіпорындардың директоры немесе оның орынбасары қызметін атқара алатын болып шығады.
Басқарма кадрларын даярлаудың оқу бағдарламасына төмендегідей пәндер енгізілген: кіріспе семинарлар (31сағ.), туристік индустрия (129сағ.), туристік фирманың микроэкономикасы (39сағ.), маркетинг стратегиясы (94 сағ.), сауда стратегиясы (109 сағ.), қаржы және эксплуатациялық басқару (203 сағ.), жобалау (62 сағ.), адам ресурстарын басқару (78 сағ.), жаңа технологиялар (70 сағ.), ағылшы тілі (70 сағ.), оқу бағдарламасының күнделігі, кәсіпорындардағы өндірістік практика (312 сағ.).
Туризмдегі коммерциялық қызметкерлерді 8 ай, 1287 сағат (оның ішінде 312 сағат өндірістік) беріледі. Курс ВАС+2 білім дәрежесі бар кандидаттарға және 2 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар тұлғаларға ұсынылады. Және де олардың жұмысы саудамен, зерттеулер жүргізе алатын, коммерциялық деңгейлермен қарым қатынас орната алатын болу керек. Сондай ақ екі шет тілін, әсіресе ағылшын тілін білу керек. Оқу мақсаты: туристік тауарларды ойлап тауып, ұсынуға және сатуға қабілетті, еуропа нарығы сияқты кез келген нарық жағдайына бейімделе алатындай, кәсіпорынға керекті табыс пен сатылым көлемін қамтамасыз ету арқылы тауарды өндіре алатын, сататын маман даярлау. Курсты аяқтаған соң түлектер туристік құрылымның, қонақүй, отель, туристік станциялар, агенттіктерде коммерциялық атташе қызметін атқара алатын болып шығады.
Коммерциялық қызметкерлерді даярлаудың оқу бағдарламасына кіріспе семинарлар, туризмнің ішкі ортасы мен ұйымдастырылуы, кәсіпорынды ұйымдастыру, маркетинг стратегиясы, сауда бөлгіштік стратегия, қаржылық басқару, адам ресурстарын басқару, жаңа технологиялар, ағылшын тілі, оқу кезеңінің журналы, кәсіпорындағы стажировка кіреді.
Кипр Жерорта теңізінің солтүстік шығыс жағалауында Еуропа, Азия, Африка құрлықтарының түйіскен жерінде орналасқан. Арал аса бай мәдени тарихи жәдігерлері жиналған дүниенің қызықты аудандарының бірі. Бұл жерде бірнеше уақыт бойы билік құрған ежелгі гректер, египеттіктер, римдіктер, крест жауынгерлері, византиялықтар, фракиялықтар және түріктер қазіргі келушілерді таң қалдыратын өзіндік іздерін қалдырған. Кипр алтын жағалаулы, жасыл орманды және табиғаттың өзге де сыйлары бар арал. Қоршаған ортасы әлемдегі еш ластанбаған, өндірістік елдердің зиянды әсерлерінен таза жерлердің бірі. Бұл жерде қылмыс жоқ деп айтса да болады. Арал туризммен қатар, халықаралық білімнің де орталығы саналады, сондықтан бұл жерге дүние жүзінен ғалымдар, студенттер келіп, халықаралық түсіністікті қалыптастырады.
1980 жылы салынған Интерколледж білім орны Кипрдің грек бөлігінде орналасқан. Тәуелсіз зерттеуші фирманың өткізген сұранысына сәйкес ол Кипрдегі ең беделді білім орны. Бұл оқу орны есігі бизнес, білім, туризм, гуманитарлы ғылымдардың саласында жоғарғы білімі жоқ тұлғалар үшін де ашық. Оқу тілі ағылшын.
Интерколледж студенттері әлемнің 30 елінен келеді, оның ішінде Ресей және Қазақстан бар. Студент қалашықтары (кампустар) Никосия, Лимассоле, Ларнак қалаларында орналасқан. Туризмнің қарқынды өсімі, көптеген отельдер мен мейрамханалар, дүкендер аталған қалаларды туризм мен қонақүй саласын зерттейтін студенттер үшін таптырмас орынға айналдырған.
Барлық талапкерлер колледжге түсу үшін өзімен бірге 12 жылдық білімін растайтын ресми сертификат және оның нәтижесі сыныптағы жарты студенттің балынан асу керек. Сондай ақ ағылшын тілінің TOEFL деңгейін білетіндігін растайтын құжат керек. Туризм бакалаврларын 4 жылдық мерзімде Отельдерді басқару және Туризм мен саяхаттарды басқару бөлімдерінде даярлайды.
Отельдерді басқару мамандығының оқу бағдарламасына төмендегідей пәндер кіреді: менеджментке кіріспе, бухгалтерлік есеп, микро және макроэкономика принциптері, қаржы, қоғамдық қатынастар, бизнестегі құқық, зерттеу жұмыстары, маркетинг, бизнестегі ойын жағдайлары, бизнестегі саясат, дипломды жоба, отельдер индустриясы, математикадағы білім, гуманитарлық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар факультативтері, саяхаттар мен шет тілдер факультативтері.
Отельдерді басқару мамандығын даярлау негізінен асханаларда және мейрамханаларда өтеді. Студенттер мейрамханада тамақты таңдау және даярлау сынды істерді шын мәнінде жауапкершілікті сезініп, сол арқылы үйренеді. Ал жазда Кипрдің алдыңғы қатарлы отельдеріне жұмысқа тұра алады.
Туризм мен саяхаттарды басқару мамандығының оқу бағдарламасына негізгі әуежолдар бойынша курс, саяхат және туризм, дүниежүзілік география, билеттерді сату және брондау, туристік агенттіктердегі практика, жергілікті туристік үлестер, туризм құрылымы, саяхатты ұйымдастыру, менеджментке кіріспе, маркетинг, хаттар практикасы, шет тілдер, компьютер, бизнес, гуманитарлық ғылымдар факультативтері кіреді.
Туристік саланың алдыңғы қатарлы мамандарын даярлайтын тағы бір мемлекет, Швейцария ертеден өзінің сапалы білімімен әйгілі. Оның мемлекеттік мектептері, жекеменшік мектеп-пансионаттары, қонақүй менеджменті мектептері, мемлекеттік университеттері әлемнің үздік білім орындары санатында. Жалпы, Швейцарияның барлық құрылымында жоғары сапалық басты роль ойнайды. Ол сапалық білім жүйесіне де қатысты. Швейцарияда білім беру жеке меншік мектептерде, әлемге танымал қонақүй шаруашылығы мектептерінде, университеттерде, колледждерде жүргізіледі. Қазіргі күні халқының 1,1 млннан астамын студенттер құрайды. Швейцарияның білім жүйесіне интернационалисттік пен космополитизм әсері зор. Осы елде алғашқылардың бірі болып, халықаралық мектептер, университеттер, халықаралық білім бағдарламалары (International Baccalaureate) пайда болды. Швейцарияның жоғарғы оқу орындары өзара жиналыстарда жиі кездесіп, студенттерді оқыту жүйесімен, оқу бағдарламаларымен тәжірибе алмасып тұрады.
Швейцария 23 үштілді кантондардан тұрады, сондықтан да білім жүйесі осы үштілді де оқыта алатындай болып құрылған. Тек осы елде ғана үштілді үйлестірген білім бағдарламаларын кездестіруге болады.
Швейцарияның білім жүйесіне келер болсақ, міндетті орта білім 9 жылдан тұрады. Оның 4-6 жылы (кантонға байланысты) бастауыш мектепте, ал 3-5 жылы орта мектепте өтеді. Осы 9 жылдық мектептің алдында төрт жасқа толған балалар орта мектепке дайындайтын 2 жылдық мектепте оқиды. Тоғыз жылдық мектептен кейін университетке түскісі келетіндер 4 жылдық гимназия типтес мектептерде білімін жалғастырады (гимназия, колледж, тағы басқалары). Оны бітіргеннен кейін орта маманданған білім туралы сертификатымен емтихансыз университетке түсе алады.
Швейцарияның 250 астам жекеменшік мектептерінде 100 астам ұлт өкілі оқиды.
Швейцария білім жүйесінің тарихы ертеден келеді. Көптеген мектептер Иоганна Песталоцци, Мария Монтесорри, Рудольф Штайнер сынды атақты мұғалімдердің оқыту тәсілдерімен құрылған. Швейцарияның франкотілді кантондарындағы мектептерде британ мектептеріндегідей білімі салмақты және күрделі, алайда ол мектептердегідей қатал емес. Бірінші орынға оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен шығармашылық мүмкіндіктері тұрады.
Швейцарияда жоғарғы білімді колледждер мен университеттер береді. Білім жүйесінде 120 колледж бар. Олар негізінен аз ғана мамандықтар санын ұсынып, сапалы білімді қамтамасыз етеді. Мұнда көбінесе бухгалтерлік есеп, хатшылық және қонақүй шаруашылығын оқытады. Бұл курс үш төрт жылға есептелген. Бір қызығы, университет түлектеріне қарағанда колледж түлектерінің арасында жұмыссыздық аз кездеседі, статистика мәліметтеріне қарағанда олардың арақатынасы 6,1% 7,6%. Колледжде швейцариялықтардың (14) білім алады.
Швейцарияда білім алғысы келетін Еуропа менеджерлерінің арасында беделді Institute for Management Development (IMD) Лозаннада орналасқан. Ол әлемнің алдыңғы қатарлы 15 бизнес мектебінің ішіне кіріп, Францияның INSEAD бизнес мектебінен кейінгі Еуропа бойынша екінші орынды алады. Бұл мектеп өндіріске бейімділігімен атақты, оның түлектерінің 68%-ы өз саласында жұмысқа орналасады. Осындай ерекшеліктерінің арқасында ол негізінен жасы ересек адамдарды қызықтырады (орташа 31 жас). Жылына 80 адам қабылдайды, бір орынға 8-10 адамнан келеді. IMD түлектерінің орташа жалақылары 130 мың $ болады, осындай көрсеткіштерімен Ескі дүниедегі барлық бәсекелестерінен басым түседі. Сабақ ағылшын тілінде жүреді, топпен жұмыс тәсілдеріне, жобалардың презентацияларын жасауға бейімделген.
Білім жүйесінде 12 университет бар, олардың барлығы мемлекеттік. Олар: Базель, Берн, Фрибург, Женева, Лозанна, Невшатель, Санкт - Галлен Люцерн, Лугано, Цюрих қалаларындағы және Лозаннадағы политехникалық университеттер. Елде өзге де жекеменшік университеттер бар, алайда швейцариялықтар оларға сенімсіздікпен қарап, дипломдарын мойындамайды.
Университеттеріндегі тіл орналасқан кантондарына байланысты болады, тек Фрибург университетінде ресми түрде екі тіл танылған.
Қазіргі уақытта Швейцария университеттерінде 90000 астам студент оқиды. Ең үлкен Цюрих университетінде 20000 студент бар. Ал Цюрихтің политехникалық университетінде 18000 студент білім алуда. Университеттердегі шетелдіктер саны 5-20% аралығында болады.
Университетте факультетіне байланысты 4-6 жыл оқиды. Оқу жылы екі семестрден тұрады. Бізге тән сессия уақыты Швейцарияда жоқ, тек қабылданғаннан кейін бір жылдан соң студент негізгі пәні бойынша емтихан тапсырып, сертификат алады, келесі дәл сол уақытта екінші басты емтиханын тапсырып, сертификатын алады. Сосын үш жыл терең білім алғаннан кейін лиценциат атағын немесе диплом алады. Бұл деңгей американдық магистр деңгейіне сәйкес келеді [6].
Сараптамашылардың есептеуі бойынша 2020 жылға қарай туризм дүниежүзіндегі ең ірі бизнеске айналады. Сондықтан да бұл сала мамандарына сұраныс жоғарыламақ.
Алғашқы қонақүй мектептері Швейцарияда ашылып, ол сол күйінде алдыңғы орынды әлі күнге дейін бермей келеді. Одан кейінгі орындарды Испания, Ирландия, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия алады Туризмдегі қонақүй шаруашылығы кез келген уақытта тиімді қаржы көзі болып саналатын. Отель қызметкерлері алтынға тең бағаланады. Туризм кадрларын даярлауда швейцарлықтардан ешкім асып түсе алмайды. Сондай оқу орындарының бірі IMI мектебі, ол Люцерн қаласында орналасқан. 1990 жылы ашылған, бүгін әр елден келген 200 астам студент оқиды. Мектептің басты ұраны - сапа және әрбір студентке деген жеке қарым қатынас [34].
1893 жылы Лозанна қаласындағы бір қонақүйдің Жак Чуми атты иесі елге келуші туристік ағымның ол кезден де көбейетінін сезіп, соған сәйкес қызмет көрсетуші персоналдың да қажеттілігі артатынын ойлап, оқу орнын ашты. Қазіргі күні бұл оқу орны Лозанна қонақүй менеджменті мектебі деп аталады және әлемдегі қонақүй менеджменті мамандарын даярлауда алдыңғы орынды алады. Ағылшын тілінде төрт жылдық білім ұсынады. Мектепте қазіргі күні 44 елден келген 800-астам студент оқиды. Бір семестр бағасы 9300 швейцария франкы.
Швейцариядағы білімі көбінесе қонақүй бизнесімен танымал. Себебі алғашқылардың бірі болып, Швейцария қонақүй саласындағы білім беру моделін ойластырып, оның мектептері мен колледждері үлгі саналады, дипломдары құрметтеледі. Сондықтан да Швейцарияда қонақүй бойынша білім алушылардың саны жыл санап көбеюде.
Швейцария білімінің ерекшеліктері:
1 Практика молдығы. Практика маманға оның болашақ жұмыс ортасын таныстырып, білімін тексеретін және жаңа таныстар табуға мүмкіндік береді.
2 Дипломның көпжақтылығы, яғни мейрамхана, әуекомпаниясы, казино, тау курорты және кеме круизінде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Швейцарияда SEG (Swiss Education Group) ассоциациясы жұмыс істейді, ол қоластына бірнеше оқу орындарын біріктіреді. Оның негізгі концепциясы - көшбасшылық, көрегенділік, әрқашан да даму және жақсару. Ол әрдайым өзгеріп, жаңа бағдарламалар енгізіп тұрады. 2004 жылы ассоциация құрамына 4 қонақүй саласындағы үздік қонақүй және туризм мектебі (HIM,SMU, IHTTI, SHMS) кірді. SEG міндеті - қонақүй және туризм саласындағы мансапқа жеткізу.
Швейцария білім орындарының бірі Hotel Institute Montreux (HIM). Ол 1984 жылы ашылған. Швейцарияның ескі ағылшын тіліндегі қонақүй саласында білім беретін оқу орындарының бірі. 2004 жылы SEG құрамына кірді. Сонымен қатар туризм саласындағы мамандар, мұғалімдер, студенттерді біріктіретін халықаралық ассоциацияларға, ұйымдарға және ASEH (Швейцарияның қонақүй мектептері ассоциациясы) аккредитацияланған мүшесі. Мұндай аккредитация тек сапалы білім бере алатын мектептерге беріледі. Бұл өзіндік сапа мен қызметтердің көрсеткіші.
HIM Женева көлі аймағында, Монтре қаласында, XIX ғимараты Еуропа отелінің ғимаратында орналасқан. Өткен ғасыр интерьері толықтай сақталған, олар оқу үрдісінің бөлінбес бөлшегі. Бірінші қабатында орналасқан француз мейрамханасында студенттер стажировкадан өтіп, керекті мәліметтерді алады. Ал студенттер жатақханасы бес минуттық жолдағы Мирамонте отелінде орналасқан. Асханаларында мұғалімдер қарауында студенттер өздері дайындап, болашақ мамандықтарына үйрене береді. Ал, мейрамханаларында үстелді рәсімдеудің қиын өнерін және қызмет көрсетуді үйренеді [5].
Жатақхананың астыңғы қабатының бір бөлігін демалыс бөлмелері және компьютер сыныбы орналасқан, онда қалаған адамның тәулік бойы интернетті пайдалануына болады. Өзге қабаттарында оқу бағдарламасы сынды нақты ойластырылған жатын бөлмелері бар. Nestle атты ең үлкен аудиториясында аспаздық туралы лекциялар оқылып, олар көрнекі құрал ретінде де көрсетіледі. 25 адамға есептелген әрбір сынып компьютер, видео, аудио құрылғылармен, туризм мен қонқүй шаруашылығына қажетті құралдармен жарақталған. Студенттерге оқу құралдарын мектеп өзі қамтамасыз етеді. Мектеп бағдарламалары:
2 жыл: Swiss Diploma - халықаралық отель менеджменті швейцариялық дипломы;
2,5 жыл: Swiss Higher Diploma - халықаралық отель менеджментінің жоғарғы швейцариялық дипломы;
3 жыл: American BBA Degree - Американдық іскерлік әкімшілік және курорттар мен қонақүйлерді басқару бакалавр диплом;
1 жыл: MBA алдыңғы қатарлы студенттер мен жұмыс тәжірибесі бар мамандарға арналған бағдарлама;
1 жыл: Swiss Postgraduate Diploma қонақүй менеджментіндегі диплом;
Әлемдегі танымал Ritz Carlton қонақүй жүйесін құрушы швейцариялық отельер Цезарь Ритц арқасында Ритц сөзі люкс және керемет сөздерімен синонимдес болды. Ол алғаш рет Клиент әрқашан да дұрыс! девизін енгізді. Қонақүй енді ғана дамып келе жатқанда Ритц клиентке қалай қарау керектігін, оның тілектерін алдын ала сезу, келесі жолы айтқызбай орындау, қызмет түрлерінің үздік көрсеткіштерін енгізді. Оның қонақүйлерінің үздік болуларының басты себебі де осында еді. Осындай ұстанымда 1982 жылы Cesar Ritz атында қонақүй менеджменті институты ашылды. Швейцарияның франкотілді бөлігі Вале кантонында, Альпі тауларының ортасында орналасқан. Қазір оның құрамында 2 мектеп бар.
Cesar Ritz бағдарламалары жоғары сапалығымен ерекшеленеді. Ол Швейцариядағы американ білімі мен швейцарияның дәстүрлі білімін үйлестірген алғашқы білім орны. Бірнеше ассоциациялармен аккредитацияланған:
oo Вале кантонының білім, мәдениет, спорт Министрілігімен;
oo ASEH ассоциациясымен;
oo Швейцарияның ілім орындарын тексеретін EduQua ассоциациясымен;
oo ДТҰ TedQual сертификатын алғашқы алғандардың бірі;
oo CoFRU университет білімі және зерттеулер кеңесімен;
Институттың Австралия мен Жаңа Зеландияда өкілдіктері бар. Оның білімінің жоғары бағаланатындығын Афины-2004, Турин-2006, Пекин-2008 Олимпиада ойындарындағы Швейцария үйіне қызмет көрсетуге институттың студенттері мен мамандарына Швейцария үкіметінің таңдап алғаны айтады. Қонақүйлердегі стажировка оқу бағдарламасының бөлінбес бөлшегі. Ал жыл сайын институт қабырғасында жұмыс жәрмеңкесі өтеді, онда студенттер болашақ мамандықтарының иелерімен, туристік фирмалармен, әуекомпанияларымен, мейрамхана, казино, круизді лайнерлер иелерімен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алады. Стажировка кезінде студент 2050 швейцар франкы көлемінде жалақы алады [7].
Жалпы қонақүй және туризмнен Швейцария білімі жоғары бағаланады, елде бұл салада сапалы білім беретін оқу орындары өте көп.
1 ТУРИСТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Туризм мамандарын даярлау алғышарттары
XX ғасыр аяғына таман туристік фирмалардың іс-әрекеттерінде тұрақты беталыс байқалды: бір жағынан менеджерлер мен қызметкерлердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлардың әсері байқалса, екінші жағынан факторлардың өзі күрделі және қарама-қайшы бола бастады. Бұл біріншіден кәсіпорын ішіндегі жағдайларға (ұйымдастырушылық мәдениет, кәсіпорын құрылымы, менеджерлердің алатын орны, кәсіпорынның өзін-өзі дамыту қажеттілігі), кәсіпорынның сыртқы қоршаған ортасына (күрделі нарықтық орта, тұтынушылармен байланыс, бәсекелестермен серіктестік қарым-қатынастар, фирмалардың әлеуметтенуіне деген қоғам сұранысы және тағы басқалары) байланысты.
Бұл өз кезегінде менеджерлердің біліктілігін қайта қарауды қажет етті, яғни жаңа тәсілдер, мысалы ыңғайлылық, инновацияға, серіктестікке, қызметкерлерді дамытуға деген қажеттілік. Менеджер қызметкерлерін тек басқарумен ғана емес, оларды үйретумен, кәсіпорынның барлық ресурстарын (адам ресурстарын да) тиімді қолдана білуімен айналысу керек. Және де жұмысының түрлі бағыттарын біріктіре білуі керек.
Қазіргі дамыған технологиялар мен қарым - қатынастар заманында туризм менеджері сипаты мынадай: негізгі экономикалық талдау әдістерінде және туристік кәсіпкерлік саласында шешімдер қабылдай алуға, туристік нарық жұмысы туралы, банкілік және салық жүйелерді, туристік сұрақтарда туристік жүйе мен сыртқы макроортамен өзара байланыста, (экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, ақпараттық, саяси, экологиялық) сенімді әрекеттестіктердің құбылыстарында, нақты өмір үрдістеріндегі нақты әрекеттестіктерде және құбылыстарда сенімді өзара байланыста; мемлекеттің экономикадағы негізгі функциялары мен ролін, туризм саласында әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыруды, туризмдегі, сонымен бірге жалпы нарықтық қатынастарды түсіну. Сондай ақ нарықты және жоспарлы экономика дамуының негізгі заңдарын, туристерді шет елден қабылдау және шет елге жөнелту ережелерін; әуе, теміржол, автомобиль және аралас саяхаттарын ұйымдастыру; туристік мекемелер әрекетін ұйымдастыру қағидалары; туристік мотивациясының психологиясын, әсіресе жастар мен қарттардын; туристік жарнаманың тиімділігін жоғарту әдістері. Сонымен қатар қоғамдық-саяси динамикасында әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды және үрдістерді талдауды, келешекке болжауларды құрастыру, өз көзқарасын дәлелдеп қорғау; табиғатты тануда және қазіргі қоғамдағы адамның психологиялық ғылыми және құқық сұрақтарын шешкенде ғылыми әдістемелерді қолдануды білуді, жұмысқа қабілетті адамдарды таңдау үшін олардың мінез-құлқын танып білу, маңызды істердің жоспарын жазбаша түрде әзірлеу, ұжым алдында сөз сөйлей білу аудиторияны дұрыстап ұйымдастыру яғни, адамдарды іске қызықтыра білу; сөйлей де, тыңдай да білу, серіктесті, қазір ұтымды болмаса да, болашақта оң нәтижеге жеткізетін шешімді қабылдауға көндіру, дағдысы болу керек; туристік әрекетін бизнес-жоспарлау; туристік құжаттарын құрастыру және жүргізу; туристік қызметті жоспарлау; білім беру; туристік ұжымның, топтың жұмысын ұйымдастыру; туризмдегі зерттеулік әрекеттерді ұйымдастыра алуы керек. Менеджерлерді даярлауда диспозициялы ерекшеліктерін (темперамент, мінез, интеллект) және жағдай факторларын (әлеуметтік ролін, қарымқатынастар мәдениеттілігін) анықтап алған жөн. Сондықтан да басқару біліктілігін таңдау тәсілдері өзекті, ол екі түрлі болуы мүмкін басқару қызметі негізінде немесе тұлғаның психологиялық мінездемесі негізінде адам ресурсын басқаруға болады.
Нақты біліктілік үлгісіне қарамастан басқару біліктілігінің потенциалды мүмкіндіктерін және концепцияларының шектеулігін анықтап алу керек.
Менеджердің іс-әрекеттерінің тиімділігі жеке мінездемесіне байланысты, ол басқару стилінде және шешімдер қабылдауында байқалады.
Менеджердің басқару тиімділігі жағдай факторларына да байланысты (Фидлер). Сондықтан да менеджерлерді тұлғаның тұрақты мінездемесі арқылы да, қандай да бір менеджердің жағдайды қолайлы өзгерте білу жеке қабілетін үйрену арқылы да оқыту керек.
Менеджерлерді дайындау барысында жеке және топтық бағдарламаларды да қарастырған жөн. Басты мәселелердің бірі менеджерлерді даярлаудың мақсатты болуы, мақсаттарға тек оқу формасы мен стилін нақты таңдаумен ғана жетеді.
Қазір дүниежүзінде оқытудың төрт стилі анықталған (авторлары Питер Хани және Алан Мамфорд). Олар: белсенділер, ойшылдар, теоретиктер, прагматиктер. Олардың әрқайсысының өзіндік мүмкіндігі, шектеулері, ерекшелігі және кемшілігі бар.
Белсенді жаңашыл, көзі ашық, әрдайым жаңалыққа жаны құмар. Ол үшін алдымен іс, сосын оның нәтижелерін ойлау тән. Қандай да бір іске деген қызығушылығы жоғала бастаса, бірден екіншісіне ауысады. Жаңа ойлар енгізу мен іске асыру ол үшін әрқашан да қызықты. Ол әрдайым қызметтестерінен көмек сұрап жүреді, дегенмен әрдайым көз алдында жүргенді ұнатады. Сондықтан да мұндай қызметкерге үнемі тапсырмалар беріп, алдын ала жоспарлауға үйрету керек.
Ойшыл. Ол жағдайды сырттан, жан-жақты қарап, тексергенді ұнатады. Өзінің тәжірибесін, болған оқиғаларды толық сараптап, соңғы шешімін неғұрлым кеш айтуға тырысады. Ол іске көшпес бұрын қадамдарының бәрін ойластырып, мүмкін шешімдерді қабылдап қояды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz